Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


– сабақ Сабақтың тақырыбы: Диссоциациялану дәрежесі



бет43/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
24 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Диссоциациялану дәрежесі
Сабақтың мақсаты: Күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі және оның белгіленуі туралы мағлұмат беруіп диссоциация дәрежесін анықтауға сан есептер шығару.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту

  1. Электролиттердің молекулалары толық диссоциациялана ма әлде жартылай диссоциациялана ма?

  2. Электролиттердің диссоциациялануы неге байланысты?

Тұз қышқылы сірке қышқылына қарағанда иондарға көбірек диссоциацияланады. «Диссоциациялану дәрежесі» ұғымы және α = — .... (мұндағы n – иондарға ыдыраған бөлшектер саны, N – еріген молекуланың жалпы саны) формуласының мәнін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы, 20С0-та тұз қышқылының концентрациясы с (НСl) = 0.9 моль/л болған жағдайда диссоциациялану дәрежесі:
α = 0,91 немесе 91%.
Натрий сульфатының ерітіндісінің мольдік концентрациясы 0,01 моль/л диссоциациялану дәрежесі 90% болса, ерітіндідегі иондардың концентрациясын есепте.
Шешуі: Na2SO4=2Na++SO42-
v, моль 1 2 1
Осыдан n(Na+)=2
n(SO42-)=1
Заттың молярлы концентрациясы дегеніміз ерітіндінің 1 литрінде еріген зат мөлшерімен анықталатын шама:
с=
с1(Na)=10-2*0,9*2=1,8*10-2 моль/л
с1(SO42-)=10-2*0,9*1=1,8*10-3 моль/л
Тапсырма. Оқулықты пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1.«Ерітіндіде сірке сірке қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,013% немесе 1,3%-ке тең» деген сөйлем нені білдіреді?
2.Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуладан:
а) 70;
ә) 5 молекула ионға ыдыраған жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең болады?
3. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі класына жататын электролиттерге 2 мысалдан келтіріңдер: а) күшті; ә) орташа; б) әлсіз.
4. Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуланың 70-і немесе 10-ы иондарға ыдыраған жағдайда, электролиттің диссоциациялану дәрежесі неге тең?
5. Диссоциациялану дәрежесі 0,31%-ке, 50%-ке, 25%-ке тең дегенді қалай түсінуге болады?
Диссоциациялану дәрежесінің электролиттің табиғатына тәуелділігін NaOH және KOH, HF және HCl электролиттерінің электрөткізгіштігін салыстыру мысалында қарастырамыз.
Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану дәрежесінің температураға тәуелділігін де көрсетуге болады. Бұл үшін құралдың жоғары жағындағы сымғ амперметрді қосамыз, ал электрөткізгіштікті сынайтын аспапты стақандағы қыздырылған (қайнатуға жеткізбей) және қыздырылмаған сірке қышқылының ерітіндісіне саламыз.
Күшті және әлсіз электролиттер туралы ұғым бекіту үшін оларменг бірге мынадай кестені толтыруға болады.
Сулы орта үшін электролиттердің жіктелуі.

Қосылыс кластары

Электролиттер

күшті

орташа

әлсіз

Қышқылдар

HI, HBr, H2SO4, HClO4, HNO3, HCl

H3PO4, H2SO3

H2CO3, HF, H2S, H2SiO3, HCN, CH3, COOH

Негіздер

1

-

NH4OH және ерімейтін негіздер

Тұздар

Еритін тұздар

-







α – 70 – 90%

α – 3 – 30%

α – 1 – 3%





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет