Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


Буферлік ерітінділердің әсер ету механизмі



бет39/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

Буферлік ерітінділердің әсер ету механизмі
Күшті қышқыл немесе сілті қосқанда буферлік жүйелердегі сутегі иондары концентрациясының өзгермеуі олардың негізгі қасиеті болып табылады. Күшті қышқыл қосқанда сутегі иондары буферлік жүйедегі протонның акцепторымен әрекеттеседі, соның нәтижесінде сутегі иондарының концентрациясы өзгермейді. Сілті қосқанда гидроксид-иондар буферлік жүйедегі протонның донорымен әрекеттеседі, сол себепті рН өзгермейді.Мысалы, негіздік буферлік жүйедегі бұл процесс былай жүреді :
а ) NH4OH
NH4CI + HCI
NH4OH + HCI = NH4CI + H2O
NH4OH + H+ + CI- = NH4+ + CI- + H2O
NH4OH + H+ = NH4+ + H2O
ә) NH4OH
NH4CI + NaOH
NH4CI + NaOH = NH4OH + NaCI
NH4+ + CI- + Na+ + OH- = NH4OH + Na+ + CI-
NH4+ + OH- = NH4OH
Қышқылдық буферлік жүйелердегі қорғаныс процесін былай көрсетуге болады, мысалы :
а ) CH3COOH
CH3COONa + HCI
СН3СООNa + HCI = CH3COOH + NaCI
CH3COO- + Na+ + H+ + CI- = CH3COOH + Na+ + CI-
CH3COO- + H+ = CH3COOH
Буферлік жүйе күшті қышқылды әлсіз қышқылға айналдырады, сол себепті рН онша өзгермейді.
ә) CH3COOH
CH3COOH + NaOH
СH3COOH + NaOH = CH3COONa + H2O
CH3COOH + Na+ + OH- = CH3COO- + Na+ + H2O
CH3COOH + OH- = CH3COO- + H2O
Буферлік жүйе ОН- -ионды суға айналдырады,сол себепті рН өзгермейді. Осылайша,кез келген буферлік жүйеге күшті қышқыл қосқанда буфыерлік ерітіндідегі протонның акцепторы,ал сілті қосқанда протонның доноры буферлік жуйені қорғайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет