Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Əлемдегі ең биік шың Эверестке



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата22.12.2016
өлшемі11,24 Mb.
#78
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Əлемдегі ең биік шың Эверестке (теңіз деңгейінен 8840 метр) 
тігілген  тұңғыш  ту  –  Ұлыбританиянікі.  Оны 1953 жылы  мамырдың 

303
29-да  Э.  Хиллари  мен  оның  көмекшісі  Н.  Тенцинг  көтерді.  Олар 
сол  сияқты  Непал  мен  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  туларын  да 
желбіретті.
Қазақстан туын ғарышқа шығарған – қазақтың екінші ғарыш-
кер ұшқышы Талғат Мұсабаев.
Қазақстан туы Эверестке 1995 жылы көтерілді.
Қазақстан  туын  дүниежүзілік  жарыста  тұңғыш  желбірет-
кен – көкшетаулық шаңғышы В. Смирнов. Ол 1996 жылы Лилле-
хаммерде өткен қысқы спорт Олимпиадасының чемпионы атанды.
Қазақстан туы БҰҰ сарайының алдындағы дүние жүзі елдері-
нің тулары қатарына 1992 жылы қосылды.
«Көк  қаршыға».  Шыңғыс  ханның  туы – тоғыз  шашақты  үшкіл 
ақ  мата.  Ол  тудың  сабына  үш  жерден  байланатын  болған.  Ала 
тудың ортасында бауырына шеңгеліне ілінген қара қарғаны қысып, 
қанатын жайып ұшып келе жатқан көк қаршығаның (тұйғын) су-
реті салынған.
Ақсақ Темір көрегеннің аспан көк туы. XIV ғасырда көтері-
ліп,  бір  жарым  ғасыр  бойы  желбіреген  жеңімпаз  тудың  түсі – 
шымқай көк.
Абылайдың  ақ  туы.  Ел  жадында  ерекше  сақталған  рəміздер-
дің бірі – Абылайдың ақ туы. Ол – бір түсті төрт бұрышты ақ мата. 
Шашақты бауы бар.
Тубегі.  Ерте  замандарда  осындай  ресми  атақ,  жоғары  мəрте-
белі  қызмет  болған.  Жоңғар  жаугершілігіне  қарсы  күрес  алдында 
бас  əмірші  болып – Əбілқайыр  хан,  ал  тубегілікке – бас  сардар 
Бөгенбай батыр сайланды. Мұндай шешім Ордабасындағы ұлы 
жиында қабылданатын. Тубегі тағайындау салты кейінге дейін жет-
ті. Мысалы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қаһармандарының 
бірі Амангелді батыр əскерінің тубегі – Қияқбай батыр.
Қандыадырда қалған ту. Қазақ даласында ұзақ сақталып, бү-
гінгі ұрпақтар қолына тиген көне тулар мен байрақтар туралы нақ-
ты деректер шамалы. Солардың бірі – Олжабай батыр байрағы 
жөніндегі  дерек.  Ол  батыр  мен  байға  қатыстының  бəріне  қырын 
қараған қытымыр заманның 1930 жылдары Сарыарқадағы Шідерті 
өзенінің бойындағы Қандыадыр деген жерде (Екібастұз маңында-
ғы  «Степной»  кеңшары)  көмілген  көрінеді. Өзінің  өсиеті  бойынша 
оған  ғұлама  ғалым  Əлкей  Хақанұлы  Марғұланның  шешесі  Нұрила 
марқұмның денесі оралып еді деседі батырдың бүгінгі ұрпақтары. 
Бұл туралы дерек таратушы – ғалымның келіні – туған інісі Адаштың 
əйелі Сəлиман Хақанкеліні Марғұлан.

304
Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры – Рақымжан Қошқарбаев. 
Оның есімі екінші дүниежүзілік соғыс тарихында фашизм орда-
сы – Рейхстагқа тұңғыш жеңіс туын желбіреткен жауынгер ретінде 
қалды.
Жаңа  рəсім.  Тəуелсіз  Қазақстан  Республикасының  астанасы-
ның  Алматыдан  Ақмолаға (1998 жылғы 6 маусымнан – Астана 
қаласы) көшірілуі тұсында бұрын-соңды болмаған жаңа рəсім дү-
ниеге  келді.  Ол – ұлы  көштің  Мемлекеттік  рəміздердің  эталон-
дық  үлгілерін  жеткізуден  басталуы.  Тұңғыш  рəсімнің  «туған  күні» – 
1997 жылғы 8 желтоқсан.
II
Ержүрек  қолбасшы  Шилінің  (қытайша  Шы  Лэ)  мөрі.  Қытай 
тарихшысы  Фан  Сюаньлин  «Цзинь  династиясының  тарихы»  де-
ген еңбегінде ержүрек қолбасшы Шилінің императорлық мөрі тура-
лы мағлұмат бар. Шилі батыр III ғасырда Қытайда билік жүргізген. 
Оның  мөрі  төртбұрышты  қара  яшма  (кварцтың  бір  түрі)  асылтасы-
нан жасалған, тасбақа бейнелі тұтқасы болған.
Сақ  қолбасшының  ханзадалық  белгісі.  Есік  қорғанынан  та-
былған  «алтын  адамның»  саусақтарынан  екі  жүзік  табылған.  Бі-
рінде – рəміздік  белгі  бар.  Бұл  жүзік-мөрде  сəнді  бас  киім  киіп, 
қырын қарап тұрған адамның басы бейнеленген.
Түркі қағанының таңбасы. Көне түркі мемлекетінде қолда-
нылған билік нышанының бір белгісі Күлтегін (685–731 ж.ж.) қағанға 
орнатылған  ескерткіште  бедерленген.  Ол  биіктігі 3 метр 15 сан-
тиметр,  табанының  ұзындығы  мен  ені  тиісінше 1 метр 24 санти-
метр  жəне 41 сантиметр  болып  келетін  үшкір  пирамида  түріндегі 
стелланың бесбұрышты ұшар басының бір қырына таңбаланған.
«Адамзат билеушісінің мөрі». Шыңғыс ханның мөрі алқызыл 
түсті асыл яшмадан жасалған. Онда «Аспанда – Құдайтағала, жер-
де қаған құдіретті. Адамзат билеушісінін, мөрі» – деген сөздер бар.
«Қара  сақина».  Ақсақ  темір  көрегеннің  мөрінде  бірінің  үстіне 
бірі ұштағандап орналастырылған үш қара сақина бейнеленген. 
Бұл  белгі – туындағы  жəне  Самарқан  қаласының  елтаңбасында-
ғы негізгі нышан.
Еуропадағы алғашқы мөр 1136 жылы жасалды.
Көне  құжаттарда  аталған  тұңғыш  əулеттік  елтаңба – Анжуй 
графы  Жоффрейдің  қалқанында.  Бұл  оқиға 1127 жылы  болған. 
I Генрих 14 жасар өгей баласын рыцарь деп жариялау кезінде, оған 
алтыннан жасалған көк қалқан сыйлады.

305
Мон – XII ғасырда пайда болған Жапониядағы əулеттік елтаң-
балар осылай аталады.
Əйгілі  ағылшын  жазушысы  Уильям  Шекспирдің  əулеттік  ел-
таңбасында найзаның белгісі бар.
Арыстан – елтаңбаларда  ең  жиі  кездесетін  жануар  бейнесі. 
Еуропада ХІІ ғасырдан бері (1127 ж.) рəміздік рөл атқара бастады.
Бүркіт  бейнесі – мемлекеттердің,  империялардың  рəміздік  ны-
шаны  ретінде  өте  ертеден  əрі  жиі  қолданылады.  Ол 962 жылы 
Қасиетті  Рим  империясының, 1804 жылы  Франция  императоры 
Наполеонның, 1782 жылы АҚШ-тың елтаңбаларында пайда болды.
Лилия  бейнесі – елтаңбаларда  ең  жиі  қолданылатын  өсімдік 
тектес  нышан.  Аңыз  бойынша  Франкілердің  королі  Кловис 496 
жылы христиан дініне енген. Сонда оған, періште тазалық белгісі 
ретінде лилия сыйлаған деп саналады.
Роза  (Раушан)  елтаңбалық  белгі  ретінде  алғаш 1236 жылы 
қолданысқа  түсті.  Королева  Элеонора  Прованская  (күйеуі III Ген-
рих 1227–1272 жылдары  король  болды)  бұл  мақсатқа  «алтын  рау-
шан» бейнесін пайдаланды.
Америка  Құрама  Штаттарының  мемлекеттік  үлкен  мөрінің 
жобасын  жасау  туралы  шешім  тура  ел  тəуелсіздігі  жарияланған 
күні – 1776 жылғы 4 шілдеде қабылданды. Жоба əзірлеушілер ара-
сында Джон Адамс, Бенджамин Франклин, Томас Джефферсон да 
болды. Бірақ олардың ұсыныстары тым аллегориялық сипаты ба-
сым деген дəлелмен қабылданбай тасталды.
1782  жылы 20 маусымда  қабылданған  Үлкен  мөрге  Филадел-
фия штатының тұрғыны Уилльям Бартонның ұсынысы негіз болды.
Үлкен мөрдің қасбетінде (аверс) кеудесіне он үш (штаттар саны) 
ақ-қызыл жолақты қалқан қысқан бүркіт бейнесі бар. Ақ жəне қара 
жолақтар  арасын  байланыстырып  тұрған  көк  жолақтар  «Конгресте 
бөлінбейтін  біртұтас  болудың  нышаны»  деп  есептеледі.  Бүркіттің 
тырнақтары 13 жапырақ пен 13 оқ (соғыс болса – əзірміз деген бел-
гі) тізілген зəйтүн ағашы бұтағын бүріп алған. Бүркіттің тұмсығына 
Е  Рluribus Unum (көптің  бірі)  деген  ұлттық  девиз  жазылған  лента 
ілінген. Күн сəулелері мен бұлт көмкерген көгілдір фондағы он үш 
жұлдыз «Жаңа ұлт егемен мемлекеттер арасында өз орнын таба-
ды» деген ойды білдіреді.
Елтаңбаның  сол  жағында  (реверс)  пирамида  суреті  бар.  Ол – 
күш-жігер мен шыдамдылықтың белгісі. Пирамиданың жоғарғы жа-
ғында  Көреген  көз  (око  провидения)  бейнеленген.  Бетте  Аnnui 

306
Coeptis («Ол  біздің  ісімізді  қолдайды»)  жəне Novus Ordo Seclorum 
(«Мəңгілік жаңа тəртіп») деген жəне «1776 жыл» деген жазулар бар.
Пирамида  бейнесінің  пайдаланылуы  АҚШ-тың  негізін  салушы 
қайраткерлердің  өздерін  жаңа  Иерусалим  салған  Израиль  бала-
ларына теңеуімен байланыстырылады.
АҚШ-тың Үлкен мөрінің қарсыбетіндегі (реверс) белгі мем-
лекеттік  рəміз  ретінде  бір-ақ  рет  пайдаланылған  көрінеді.  Прези-
дент Рузвельттің шешімі бойынша (1935 жылғы 2 шілде) құны бір 
долларлық банкноттарға басылды. Бір долларлық АҚШ банкнотта-
рында қазір де сол сурет сақталған.
Қазақстандағы ресми бекітілген елтаңбалық рəмізі бар ал-
ғашқы  қала – Петропавл  (Қызылжар).  Қала  елтаңбасы 1842 жылы 
7 қыркүйекте Ресей патшасының жарлығымен бекітілген.
Авторлық құқық белгісі. Халықаралық құқық объектісі ретінде 
1955  жылдан  бері  пайдаланылып  келеді. © белгісі  ЮНЕСКО-ның 
1952  жылы  Женева  қаласында  қабылданған  Авторлық  құқылар 
правосы  жөніндегі  жалпыға  ортақ  конвенциясына  сəйкес  дүниеге 
келді. Мұндай белгісі бар шығарманы автордың рұқсатынсыз пай-
далануға болмайды.
III
Ең көне мемлекеттік əнұран – жапон жұртынікі. Ол «Кимигайо» 
деп аталады. Оның сөзі IX ғасырда жазылған.
Нидерланды əнұранының музыкасы дүние жүзіндегі ең көне 
рəміздік əуен деп есептеледі.
Қазақтың «Елім-ай» əні – əлемде теңдесі жоқ бөлек болмыс-
ты  ұлттық  гимн.  Əдеттегі  əнұрандарда  негізінен  мадақтау  сары-
ны басым жататын болса, бұл ел əнінің қуаты бүкіл халық басына 
түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қай-
та  елдік  пен  ерлікке  шақыратын  оптимистік  сезім  оятатын  қасиетін-
де жатыр.
Ең  ұзақ  əнұран  мəтіні  158  өлең  жолынан  тұрады.  Ол – Гре-
кияның  мемлекеттік  рəмізі. «Бостандық  əнұраны»  деп  аталады. 
1823 жылы жазылған. Авторы – ақын Диониенос Соломос.
Ең қысқа əнұран мəтіні – небəрі 4 жолдан тұрады. Ондай рə-
міздер  бірнешеу.  Жапония,  Иордания  жəне  Сан-Марино  əнұран-
дарының мəтіндері осындай.
Тек  əуенмен  өрнектелген,  сөзі  жоқ  мемлекеттік  əнұрандар 
да  бар.  Мұндай  рəміздер – он  бір.  Олардың  ішіндегі  ең  көнесі – 
Испаниянікі. Ол 1770 жылы дүниеге келген.

307
Құрманғазының  əйгілі  «Сарыарқа»  күйі  де  ғасырдан  астам 
уақыт  бойы  халқымыз  үшін  осындай  ұлттық  рəміз  міндетін  атқарып 
келеді.
Елұран.  Кезінде  қазақ  халқын  құраған  ру  тайпалардың  өз  ұран-
дары болғаны белгілі. Олар бір сөзден тұрады. Көбіне аруақты ата-
лар мен аналардың атына құрылған. Ал бар қазаққа бірдей ортақ 
елұран – «Алаш». Тағы бір ортақ ұран – «Аруақ» сөзі. Ұрандауды 
кейде аруақ шақыру дейді.
IV
Ұлттық ақшалар. Əр елдің ұлттық ақшасының (валютасының) өз 
атауы бар. Қазақстанда – теңге, Ресейде – рубль, Ұлыбританияда – 
фунт стерлинг, АҚШ пен Канадада – доллар, Қырғызстанда – сом, 
Германияда – марка,  Ирак  пен  Югославияда – динар,  Венгрияда – 
форинт,  Түрікменстанда – манат,  Францияда,  Белгияда,  Швейца-
рияда – франк, Швецияда, Норвегияда, Данияда, Исландияда, Че-
хияда – крона, т.б.
Тұңғыш теңгелер – ежелгі қазақ жерінде шығарылған алғашқы 
ақшалар арасында Мүбəрəк қожа сұлтандық еткен тұста Сығанақта 
жасалған  теңгелерде  бар.  Ол  екі  рет – 1327–1328 ж.ж.  жəне 1328–
1329 ж.ж. – ақша шығарған. Табылған темір теңгелерде «Əділ сұл-
тан – Мүбəрəк қожа. Тəңірім оның билік дəуренін ұзақ еткей» де-
ген  сөздер  бар. 1368–1369 жылдары  Сығанақта  Орыс  хан  да  өз 
ақшасын шығарған.
Ертедегі астаналар туралы белгілі бір дерек Сығанақ қала-
сына қатысты. Ғалымдардың жазуынша, 1446 жылы Əбілхайыр хан 
Сыр бойын Мауренахрдан тартып алып, өз астанасын Сығанаққа 
көшірген. Ол хандық таққа бүкіл Дешті-Қыпшақтағы 71 ру-тайпа 
басшыларының  тікелей  дауыс  беруі  арқылы 1428 жылы  сайланған 
болатын.
Қазақ  жеріндегі  көне  астаналар  қатарында  Суяб  (Түркі  қаған-
дығының  астанасы),  Баласағұн  (Қарахан  əулетінің  бірінші  аста-
насы), Қойлық (Қарлұқ хандығының астанасы), Жанкент (оғыздар-
дың  ордасы),  Түркістан  (Қазақ  хандығының  бас  ордасы)  т.б.  қала-
лары аталады.
XX  ғасырда  қазақ  елінің  астанасы  атанған  қалалар – Орын-
бор (1920–1925), Қызылорда (бұрынғы Ақмешіт – 1926–1929), Ал-
маты (1929–1997), Астана  (бұрынғы  Ақмола, 1997 жылдың 10 
желтоқсанынан бастап).

308
ГЛОССАРИЙ 
(рəмізтану: негізгі ұғымдар)
Аверс (қасбет) – Елтаңбатану (геральдика) ғылымында қолда-
нылатын  термин.  Мөрдің  негізгі  рəміздік  белгі  соғылатын  оң  жақ 
бетін осылай атайды.
Ақша (валюта) – мемлекеттің саяси-экономикалық тəуелсіздігі-
нің белгісі. Əдетте металдан (алтын, күміс, т.б.) соғылады, немесе 
мемлекеттік құнды қағаз түрінде басылып шығады.
Астана – ең  жоғары  мемлекеттік  билік  жүзеге  асырылатын 
орталықты  (қаланы)  білдіретін  саяси-географиялық  ұғым.  Астана 
атауы  елдің  ономастикалық  төлқұжаты  (мысалы,  Париж  десе  ой-
ға бірден Франция келеді) рəмізі саналады.
Əнұран – объектісін даралай отырып, соның төңірегінде қоғам-
дасуға  үндейтін  музыкалық  жəне  поэтикалық  құралдар  арқылы 
жасалатын көркем туынды. Негізінен мадақтау сарыны басым бо-
лады.
Белгі – адамның  ақыл-ойы  мен  жан-дүниесіне  əсер  ету  арқы-
лы  күрделілігі  əр  түрлі  деңгейдегі  ақпарат  бере  алатын  шартты 
ұғымдардың таңбаланған немесе бейнеленген көрінісі.
Елтаңба – əлеуметтік  даралау  жəне  меншіктеу  сипатындағы  құ-
былыстарға куəлік ететін заттық белгі.
Елтаңбалық (мемлекеттік) мөр – мемлекеттік елтаңба бейнелен-
ген  дөңгелек  немесе  төртбұрышты  құрал.  Заңдарды,  мемлекеттік 
маңызы бар басқа да құжаттарды ресімдеуге пайдаланылады.
Елұран – қоғамдық  деңгейде  қауымдасуға,  бірлескен  іс-қимыл-
ға  шақыратын  шартты  сөз.  Негізінен  сана-сезімге  психологиялық 
əсер ету жолымен жігерлендіруге, рухтандыруға бағытталған.
Ен (таңба) – астарында меншік нысанына қатысты ақпарат бар 
шартты белгі.
Елорда – жаңа сөз (неологизм). 1998 жылдан бастап астана 
деген мағынада қолданыла бастады.
Қолтаңба – адамның жазбаша таңба салу мəнеріне, іс-қимылы-
на жəне шығармашылығына тəн ерекшеліктерін даралайтын ұғым.
Мемлекеттік  əнұран – мемлекеттік  тəуелсіздік  пен  егемендік-
тің  музыкалық  немесе  музыкалық-поэтикалық  рəмізі.  Негізінен  əуен 
мен сөзден тұрады. Кейде тек музыкалық шығарма болуы да мүмкін.

309
Мемлекеттік елтаңба – мемлекеттік тəуелсіздік пен егемендік-
тің  заттық  айғағы.  Онда,  əдетте,  сурет  жəне  сəулет  өнері  мүм-
кіндіктерін  пайдалану  арқылы  елдің  төл  тарихи,  рухани  жəне  сая-
си  болмысынан  туындайтын  мемлекеттік  идеяны  беретін  шартты 
белгілер жүйесі бедерленеді.
Мемлекеттік награда – мемлекет алдында айрықша еңбек сі-
ңірген  адамдарды  марапаттауға  арналған  рəміз.  Əр  түрлі  метал-
дан (алтын, күміс, қола), құнды қағаздан жасалады. Отаншылдық 
рухта тəрбиелеуге қызмет етеді.
Мемлекеттік  рəміз – мемлекеттің  тəуелсіздігі  мен  егемендігін 
паш ете отырып, жоғары отаншылдық сезімге баулитын əлеумет-
тік-саяси белгі, сурет өнерін, сəулет өнерін музыка мен поэзияны 
пайдалану арқылы жасалатын көркем туынды.
Мемлекеттік  рəміздер  қоры – мемлекеттілік  идеясына  қызмет 
ететін рəміздер тобы. Оған мемлекеттің Əнұраны, Елтаңбасы мен 
Туы, т.б. енеді.
Мемлекеттік  тіл – Мемлекеттік  егемендік  белгісіне  жататын 
этнолингвистикалық  рəміз.  Ол  ресми  түрде,  əдетте  ел  Конститу-
циясында, айқындалып, бекітіледі.
Мемлекеттік  шекара – мемлекеттік  тəуелсіздік  пен  егемендік-
тің  негізгі  айғақтарының  бірі.  Құрлықта  мемлекеттік  елтаңба  бейне-
ленген  ала  бағандармен  белгіленеді.  Мемлекеттік  шекара  арнайы 
əскерлер күшімен қорғалады.
Мөр – мемлекеттің, ұйымның, кəсіпорынның, топтың немесе жеке 
адамның  заңды  тұлға  ретіндегі  құқына  куəлік  ететін  дөңгелек  неме-
се  төртбұрышты  құрал.  Рəміздік  сипаттағы  сурет  салынған  немесе 
сөз жазылған бейнесі, əдетте, əр түрлі құжаттарға басылады. Мөр 
авторлық  жауапкершілікті  мойынға  алудың,  сенім  көрсетудің  не-
месе міндеттеме алудың белгісі.
Нышан – заттың,  құбылыстың,  ұғымның  немесе  идеяның  түп-
төркініне,  мағыналық  негізіне,  болмысына  мегзейтін  шартты  ұғым, 
көркем бейне.
Ономастикалық рəміз – тұтастай елдің, немесе оның əр түрлі 
аумақтық  бөліністерінің  рухани  төлқұжаты,  тарихи  оқиғаға  айнал-
ған жерсу атаулары (мысалы, Сарыарқа, Маңғыстау, Жетісу, т.б.).
Рəміз – белгілі  бір  əлеуметтік-саяси  мəні  бар  идеяны  əр  түрлі 
нышандар жүйесі жəне сан алуан бейнелер арқылы астарлап жет-
кізетін заттық айғақ немесе көркем шығарма. Өзін-өзі даралау мен 

қауымдасуға қызмет етіп, адамның бойында қажетті сезім туғызу-
ға бағытталған арнаулы əсерлі ақпарат көзі.
Реверс  (қарсыбет) – Елтаңбатану  (геральдика)  ғылымында  қол-
данылатын термин. Мөрдің сол жақ бетін осылай атайды.
Таңба – астарында меншік нысанына қатысты ақпарат бар белгі.
Теңге – тəуелсіз қазақ елінің төл ақшасы (валютасы).
Ту – бір  түрлі  немесе  түрлі-түсті  төрт  бұрышты  мата.  Бетіне  əр 
түрлі белгілер салынуы да, салынбауы да мүмкін.
Тубегі – ежелгі  əскери  термин.  Ту  ұстайтын  адам  деген  ұғым-
ды  береді.  Əдетте  бұл  міндет  ең  белгілі  батырға  жүктелген.  Оны 
ханның өзі немесе алқалы жиында ел таңдаған.
Тужиек (кайма) – түсті матаның шетіндегі арнайы жолақша. 
Əдетте бөлек бояумен дараланады.
Тутаяқша  (древок) – түсті  мата  тартылатын  ағаштан  немесе 
металдан жасалған тірек.
Тутұғыр  (флагшток) – туды  тік  көтеріп  қоятын  арнайы  құрал. 
Əдетте металдан жасалады.
Ұлттық  бояу – тутану  (вексилология)  ғылымында  қолданыла-
тын термин. Белгілі бір ұлт өкілдері көп қолданып, кие тұтатын рең.
Ұран – адамдардың белгілі бір тобын ортақ əрекетке, іс-қимыл-
ға жұмылдыруға арналған шартты сөз (атау).
Шашақ (бахрома) – түсті матаны жиектеп көмкерген тоқыма 
əшекей.
Шекара – мемлекеттер арасындағы, аумақтық құрылымдар ара-
сындағы жер бөлінісін білдіретін ұғым.

311
ДЕРЕККӨЗ
1. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. А., 1990.
2. Айтмұратов Д. Тюркские этнонимы. Нукус. 1986.
3. Ақатай С. Көк асаба көтердім. «Анатілі» газеті, 1991 жылғы 2 мамыр.
4.  Ақберен.  ХVІІІ–ХХ  ғасырлардағы  қазақ  ақын-жазушыларының 
жинағы. (Құр. Қ. Сыдиқов). А., 1972.
5. Акишев К.А. Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. М., 1978.
6. Акишев К.А., Кушоев Г.А. Древняя культура саков и уйсуней до-
лины реки Или. А., 1963.
7. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. А., 1957
8. Арутюнян Ю.В. и др. Этносоциология. М., 1999.
9. Архаический ритуал в фольклорных и ранне литературных па-
мятниках. М., 1988.
10.  Асфендияров  С.  История  Казахстана  (С  древнейших  времен). 
«Санат», А., 1998.
11. Əбіласан Ə. Ешкі тұяқ қызыл ат. «Қазақ тілі мен əдебиеті», 1992 
жылғы 5–6 сандары.
12. Əбілғазы. Түрік шежіресі. А., 1992.
13. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Ка-
захстана и Семиречья. А., 1986.
14. Байрамов А., Каиргали Ш., Назарбаева А., Шаймерденов Е. Госу-
дарственные символы тюркоязычных стран. А , 1997.
15. Барг М.А. Эпохи и идеи. «Мысль», М., 1987.
16. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика (пер. с. франц.) 
М., «Прогресс», 1994.
17. Бартольд В.В. Общие работы по истории Средней Азий. Сочи-
нения, II (I) том М., 1963.
18.  Бартольд  В.В.  Работы  по  истории  и  филологии  тюркских  и 
монгольских народов. Сочинения, V том. М., 1968.
19. Бартоняк А. Златообильные микены. М., «Наука», 1991.
20. Батырлар жыры (І–ІІІтомдар). А., 1986–1987.
21. Бауер В. и др. Энциклопедия символов. М.: «Крон-Пресс», 1992.
22.  Бейсембиев  К.  Очерки  истории  общественно-политической  и 
философской мысли Казахстана. Дореволюционный период. 
А., 1976.
23. Бекмаханов Е. Казахстан в 20–40 годы XIX века. А., «Қазақ уни-
верситеті», 1992.
24. Белицкий М. Шумеры. М.: Вече, 2000.
25. Вайнберг Б.И. Этнография Турана в древности. VII в. до н.э. – 
VIII в. н.э. М.: Восточная литература, 1999.

312
26. Вамбери А. Путешествие по Средней Азии. М., 1967.
27. Вебер М. Избранное. Образ общества. М.: Юристъ, 1994.
28.  Восточный  Туркестан  в  древности  и  раннем  средневековье. 
М., 1988.
29.  Восточный  Туркестан  в  древности  и  раннем  средневековье: 
этнос, языки, религии. М. 1992.
30. Гачев Г. Национальные образы мира. М., 1988.
31. Геродот. История в 9-ти книгах. Л., 1972.
32. Государственные символы Казахской ССР. (К. Акаев). А., Казах-
стан, 1986.
33. Граков Б.Е. Скифы. М., 1971.
34. Грач А.Д. Древние кочевники в центре Азии. М., 1980.
35. Григорьян Б.Т. Философская антропология. М.: Мысль, 1982.
36. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. М., 1985.
37. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967.
38. Джанибеков У. Эхо. А.: «Өнер», 1990.
39.  Древние  обряды,  верования  и  культура  народов  Средней 
Азии /Историко-этнографические очерки. М., 1986.
40. Дулати М.X. Тарих-и-Рашиди. А.: «Санат», 1999.
41. Дюркгейм Э. Социология. М.: Канон, 1995.
42. Есмағамбетов К. Көне Қазақстанды көргендер. А., 1979.
43. Жəнібеков Ө. Уақыт керуені. А., 1992.
44. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А 1990.
45. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. А., 1975.
46. Записки о Бухарском ханстве (отчеты П.И. Демизона и И.В. Вит-
кевича). М., 1983.
47. Зеленин Д.К. Восточно-славянская этнография. М., 1991. 
48.  Зотов  О.В.  Китай  и  Восточный  Туркестан  в XV–XVII вв.  Меж-
государственные отношения. М. 1991. 
49. Иванов К.А. Флаги государств мира. М., 1971.
50. Ивин А.А. Введение в философию истории. М.: Владос, 1997.
51.  Искусство  стран  Востока.  Под.  ред.  доктора  исторических  наук 
Р. Василевского. М., 1986.
52. Ислам (энциклопедический словарь). М., 1991.
53. Исмагулов О. Этническая антропология Казахстана. А., 1982.
54. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. 
І-том. А., 1977.
55. Қабышұлы И. Керейлер керуені. МХР. Өлгий, 1978. 
56. Кадырбаев М.К. Памятники Тасмолинской культуры. А., 1966.
57. Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет