Мэнли П. Холл
«Күнбейнелі құдайлар» (Таңбалы тас) ер адам шапанының жон
арқасында – солярлік белгі
143
тулы төрелер қайда жүрсе де Оннан тұқымы саналған. Барақ
төре де ақ тулы. Көк ту ұстаған Болат хан да – Орыс хан
ұрпақтарынан.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының бір түс-
ті болуы кездейсоқ емес. Ол – еліміздің мемлекеттік бір
тұтастығы идеясының көрінісі.
«Көк» сөзі көне түркі тілінде шығыс деген жағрапиялық
ұғымды білдіреді. (Солтүстік – қара, оңтүстік – ақ, батыс –
сары немесе қызыл арқылы өрнектеледі). Бұл ретте Мем-
лекеттік тудың түсінен белгілі бір нақты ақпарат та алуға
болады. Ол геральдика тілінде Қазақстанның жер шарының
күн шығысында орналасқандығына, тамыры тереңде жат-
қан Шығыс мəдениетінің өкілі екендігіне мегзейді.
Байрақ бетіне əр түрлі нышандардың суретін салу бұрын-
нан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейне-
сі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала
бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрішсі бо-
лып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол астарлы
айшықтар. Олармен бірге халқымыздың тарихи зердесі де
қайта оянғандай.
Күн образы – байлық пен берекенің белгісі. Оның графика-
лық бейнеленуі (шеңбер) өміршеңдік нышаны деп саналады.
Қазақстан аумағында сонау сақ-скиф (б.з.д. VII–IV ғ.ғ.) дə-
уірлерінде салынған күн жəне күн сəулелері бейнеленген тас
жазулар (петроглифтер) табылған тарихи жерлер аз емес.
Ғаламдық тіршілік көзі – Күнге табыну алдымен Шығыста
дүниеге келген. Көне аңыз-əпсаналарда күн мен айға қа-
тысты желілер жиі кездеседі. Күн – көшпелілер өркениетіне
тəн дүниетанымның темірқазығы іспеттес.
Адам – өзі бір əлем. Қоршаған табиғат – оның тіршілік
ұясы. VII ғасырда дүниеге келген көне жазба ескерткіштерінің
бірі «Күлтегін» (үлкен жазу) жырында:
Биікте көк тəңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Естемі қаған отырған.
144
Отырып, түркі халқының ел-жұртын
Қалыптастырған, иелік еткен, –
деген жолдар бар.
Көшпелілер ғарышы көк аспан мен қара жер арасындағы
бүкіл тіршілікті қамтиды. Көк аспанның өзі тəңірі тектес бол-
са, аспандағы ең айқын белгілер – күн, ай, жұлдыздар сол
көк тəңірі бойындағы киелі шамшырақтар. Бəрі де қасиетті
оттан жаралған. Сондықтан да келін түскенде, отқа май құю,
бесікті отпен аластау, елге келген елшіні, жауға аттанар ба-
тырды алас отының арасынан өткізу, от шашпау, жер ошақ
аттамау сияқты наным-сенімдер киелі саналады. Су да киелі.
Ауырған адам сумен ұшықталады. Су оюына, əдетте, киелі
көк түс таңдалады.
Жаратылғаннан табиғат тілін терең ұғынып, оның төл ту-
масына, одақтасына айналған, одан өмірлік күш алып үйрен-
ген көшпелі айналасындағы əлеммен айрықша қарым-қаты-
нас жасайды. Ол үшін бара-бара Күн табыну объектісінен
гөрі тіршілік ету барысындағы əріптес тылсым күшке көбірек
ұқсайды. Одан рақым күтеді. Күн нұры жердегі тіршіліктің
көктеп, гүлдеуіне тікелей əсер етеді. Оның адам баласының
дүниеəуи мақсат-мүддесінің орындалуына да игі ықпалы бар.
Сондықтан «Көгімде күнім сөнбесін!» деп тілейді көшпелі.
Күн – көшпелінің ең ұлы ұстазы да. Ол өзінің өмір сүру си-
патын, тіршілік тынысын соған қарап үйлестіреді. «Мəңгілік
қозғалыста болу!». Міне, оның Күннен үйрене жүріп, көңіл-
ге түйген басты тағылымы осы. Бар өмір салтын соған ба-
ғындырып, тіршілік кешеді.
Көгілдір аспан аясында мəңгілік сапар шеккен ұлы Күн
бейнесі – көшпелі үшін нағыз өмір символы. Сондықтан да
ол жерде өзі жасаған өнер тілінде Күн құрсаулы шеңбермен
Күн бейнесі – мемлекеттік туларда жиі кездесетін
нышан. Олардың ішіндегі ең атақтысы – Жапонияның
«Күн дөңгелегі». Рəміз – елдің «Нихон Коку» – «Күншы-
ғыс елі» деген атының нышандық белгісі. Тайвань туын-
да – ақ күн, Филиппин туында – сегіз сəулелі күн, Уругвай
туында – адамның бет-бейнесіне ұқсас «Мамыр күні»
суреттері бар.
145
мəңгілік тіршілікті бейнелейді. Б.з.д. VII–IV ғасырларда тас-
қа қашалған суреттерде бастары жан-жағына сəуле шашқан
күн бейнелі мүсіндер жиі кездеседі. Ондай суреттер Сібір
мен Алтайдан бастап Орта Азияға дейін табылған жазба
ескерткіштердің қай-қайсында да бар. Көне қытай иерогли-
фіндегі аспан атауын білдіретін қарыптың суреті де дөңгелек.
Ол – баянды бақыттың, бірліктің, дамып-жетілудің белгісі.
Адам мəңгілік емес. Оның жер бетіне келіп-кетуі де өлшеу-
лі. Өлшем – уақыт. Көшпелі үшін ол да күннің қозғалысымен
байланысты. Күннің шығуы мен батуының арасы бір өлшем.
Ол сан мəрте қайталана отырып, апталар мен айларға, жыл-
дар мен ғасырларға айналады. «Талтүс», «Сəске», «Ымырт»,
«Күн арқан бойы көтерілгенде», «Күнібұрын», «Күнұзақ» де-
ген сияқты толып жатқан өлшем ұғымдары тағы бар. Əйтеуір,
бүкіл уақыт атты ұғымның негізінде күн қозғалысын сарсы-
ла бақылаудың табы жатыр. Басқасын былай қойғанда, адам
баласының ең бақытты шағы – «күні туды», дүниеден өтуі –
«күні бітті» деген ұғымдармен беріледі.
Көшпелі дүниенің төрт бұрышын да күн қозғалысына қарап
бағдарлайды. Күн ұясынан көтерілер тұс – Күншығыс, қонар
жағы – Күнбатыс. Тура Күншығысқа қарап тұрып, екі қолын
екі жаққа созады да, Оңтүстігі мен Солтүстігін айқындайды.
Осының бəрін біле тұра туымызға күн бейнесі қайдан кел-
ген деу артық болар еді, əрине. Оның үстіне əлемдік рəміздік
жүйеде Күн исі шығыс елдерінің төл белгісі болып саналаты-
ны тағы бар. Геральдика заңы бойынша, күн бейнесі байлық
пен берекенің нышаны болып есептеледі.
Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы
үшін қанатты қыран – дала бүркітінің де орны бөлек. Тарих-
шы Рашид-ад-диннің куəлік етуіне қарағанда, Оғыз хан ұлыс
үлестірген кезде үлесіне ұшы-қиыры жоқ киелі кең дала ти-
ген үшінші ұлына елтаңба ретінде қанатты қыран бейнесін
ұсынған екен. Нышандық мəніне келер болсақ, бүркіт бейне-
сі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді.
Далалықтар үшін ол еркіндік белгісі, биік армандарға қол
созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған алыс армандарға
қиялап қанат қағу нышаны. Сонымен бірге жолына кесе-
көлденең тұрып, аяқтан шалғысы келетіндерді топшысымен
146
қағып, ерен қайрат көрсете алатын құс. Туымыздағы бүркіт
бейнесі тəуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің
əлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, талассыз жетуін
тілеген игі ниеттен туғаны анық.
Қыран бүркіт бейнесінің нышандық мəні əдетте билік,
көрегендік пен кеңдік, күш-қайрат ұғымдары арқылы айқын-
далады. Бұрынғы əлемдік тəжірибеде рəміздерде бүркіт бей-
несін бедерлеу кезінде оның сұсы мен айбынын, жыртқыш-
тық белгілерін ерек танытуға ұмтылыс басым болатын.
Қазақстан Туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік ше-
шім тапты. Біріншіден – бейбіт, салмақты мінез сипаты се-
зіледі. Екіншіден – ол күн астында тұр. Қанатында Проме-
тей алауын, бақыт нұрын алып келе жатқандай əдемі əсер
қалдырады. Үшіншіден – қозғалыс үстінде бейнеленген. Ас-
қақ арман, асыл мақсатқа құлаш ұрып келе жатқандай. Рə-
міздік тұрғыдан алғанда бақыт пен берекеге, өркениет биік-
теріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.
Қазақы дүниетанымда қыран құсқа байланысты еркіндік, ас-
қақтық, тəкəппарлық, қайрат-жігер, биік мұрат, кең пейілділік
пен жан тазалығы тəрізді ғажайып ұғымдар ойға оралады.
Қазақ тілінде қыран бүркіт лексикасы пайдаланылып жа-
салған ер адамдардың есімдері (Бүркітбай, Бүркітбек, т.б.)
жан сүйінішін білдіретін өзгеше орамдар («Ой, қыраным-ай»,
«Шіркін, қыранша сілтеді», «Қырандай қиянға қанат қаққан»
т.б.) жиі кездеседі. Қыран бейнесі халық ауыз əдебиетінде,
аңыздар мен əпсаналарда, ежелгі эпостарда, сурет өнерін-
де, əнде, ұлттық ойындарда, биде жан-жақты көрініс тапқан.
Қанатын керіп қияға серпілген қыран бейнесі ежелгі түркі-
лердің ержүрек қолбасшысы Күлтегін ескерткішінде (732 ж.)
де бар. Бұл жерде ол жай көркемдік құрал ретінде емес, би-
лік нышаны ретінде пайдаланылған.
Қыран бүркіт – мемлекеттік рəміздерде аса жиі кез-
десетін рəміздік образ. Батылдық, сенім, жеңіс, асқақтық
пен билік белгісіне саналады. Қанатын жайып салған
суреті тəңірден шабыт құйылып, рухани қуат беру ны-
шаны болып есептеледі.
147
Мемлекеттік туды даралап тұрған тағы бір белгі – оның
сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті («Қошқар мүйіз»)
жолақ. Бұл өрнек сонау сақ дəуірінен белгілі. Сəулет өнері
туындыларында қазір де қолданылады.
Сəулетші Т. Бəсенов Тараз қаласы төңірегіндегі əйгілі
Айша бибі кесенесін (XI–XII ғ.ғ.) Қазақстан сəулет өнерінің
ең негізгі ою-өрнек қазыналары жинақталған мұражай деп
атаған.
Əр алуан ою-өрнек түрлері мен оларды пайдаланып жа-
салған композициялар Қарғалы қорғанында (б.з.д. II ғ. – б.з.
II ғ.) жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған алтын
таяқшаларда, Теңдіктегі патшазада қорғанынан табылған ал-
тын алқаларда кездеседі.
Ұлттық ою-өрнек – халқымыздың қолданбалы өнерінің
ең ұлы жетістіктерінің бірі. Ол – қазақ мəдениетінің ең бір
төлтума түрі. Мамандардың пікірінше, онда көшпелілердің
көркемдік танымы барынша жарқын көрініс тапқан. Бүгінгі
күнге дейін жеткен ою-өрнектер талай ұрпақтың ақыл-ойы
мен шеберлігінің, талай ғасырларға созылған үздіксіз ізде-
нісінің жемісі. Зерттеушілер тарих сонарындағы ертелі-кеш
болып жатқан сан алуан əлеуметтік-экономикалық жəне сая-
си өзгерістердің бұл шеруге тосқауыл бола алмағанын там-
сана жазады. Дəстүр бұзылмаған, Ұлттық ою-өрнектер со-
нысымен ерекше бағалы.
Ұлттық ою-өрнектің қазақ халқының өмірінде алатын орны
айрықша. Ол – оның бүкіл тіршілігінің ажырамас серігі. Киіз
үйі де, төрдегі кілемі мен төсектегі көрпесі де. текеметі мен
басқұры да, басындағы сəукелесі мен беліндегі кемер белбеуі
де, қайырма жаға қамқа тоны мен қыпша бел қынама көйлегі
де, биқасап етігі мен күміс қаптырмасы да, алтын алқасы
мен асыл жүзігі, басқа да əр түрлі əшекей бұйымдары – бəрі-
бəрі сан алуан ою-өрнекпен нақышталған. Қару-жарағы, ер-
тұрманы, ат-əбзелінде де, қобызы мен домбырасында да
сондай бедер өріліп салынған.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері – халықтың эстетикалық
іңкəрлігіне сəйкес өзгеше көркемдік танымның бір көрінісі.
Айырықша түр, сызықтар мен ырғақтардың үйлесіміне, əр
алуан бояулардың таңғажайып түрлену сиқырына негізделген
148
ШЫҒЫС ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ
ПАЙДА БОЛУЫ
149
ҚАЗАҚЫ ОЮ-ӨРНЕК ТҮРЛЕРІ
ЖАНУАР ТЕКТЕС ӨСІМДІК ТЕКТЕС ҒАРЫШТЫҚ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ
МҮЙІЗ АҒАШ ШЕҢБЕР СҮЙІР
ҚОС МҮЙІЗ ЖАПЫРАҚ ШИМАЙ ИРЕК
ҚЫҢЫР МҮЙІЗ ҮШ ЖАПЫРАҚ ТӨРТҚҰЛАҚ ТӨРТҮШКІЛ
ҚАЗМОЙЫН ӨТКІЗБЕ ШҰҒЫЛА БАЛДАҚ
ТАБАН ШИЫРШЫҚ ЖҰЛДЫЗ ҚАРМАҚ
ӨРКЕШ ГҮЛ АЙШЫҚ ТҰМАРША
ӨРМЕКШІ ЖАУҚАЗЫН БІТПЕС ШЫНЖАРА
150
Қираған жұртта қалқиған қызыл қызғалдақ,
Суырып алдым саңылауынан сені көненің.
Теннисон
аса күрделі құбылыс ретінде олар адамның ішкі жан дүние-
сін айқара ашады. Ал өнерге тəн шарттылық астарында
өмірдің өзінен алынған нақтылық көрініс беріп жатады. Ол –
көшпелілер əлемінің, дархан дала рухының тынысы.
Қазақ ою-өрнектерінің пішімі мен түр-түсі, бүкіл болмысы
халықтың өмірге деген көзқарасын, өршіл рухын, поэтикалық
танымын танытады. Өнерге тəн шарттылық астарында өмір-
дің өзінен алынған нақтылық көрініс беріп жатады. Ол –
көшпелілер əлемінің, дарқан дала рухының көрінісі. Сондық-
тан да олар басқаша емес, «қошқар мүйіз», «түйетабан»,
«құс қанаты», «ағаш», «тұмарша», «қаз мойын», «өркеш»,
«өрмекші», «жауқазын», «шеңбер», «айшық», т.т. деп атала-
ды. Жалпы мамандар қазақ ою-өрнектерін негізінен төрт та-
қырыптық желіге топтастырады: жануарлар əлеміне қатыс-
ты, өсімдіктер мен ғарыш тақырыбына арналған, геометрия-
лық кескін-пішіндер.
Эстетикалық талап тұрғысынан келгенде ұлттық ою-өр-
нектеріміздің ең бір ұрымтал, ұтар тұсы – теңбе-теңдік шар-
тына сай өрілуі. Құбылыстарды даралап жинақтаудың ең ке-
мел тəсілі болып есептелетін бұл принцип көшпелілердің
кеңістікті бағдарлау ерекшеліктеріне өте-мөте сай келеді.
Соның нəтижесінде бояуы қалың, өрнегі көп болмаса да,
қазақы кілемдер аса əрлі əрі айшықты көрінеді. Əлдебір
құпиясы бар сиқырлы сұлулығымен тəнті етеді. Бұл басқа
халықтар өнерінде жоқ, болмысы бөлек əсемдік. Тек əрбір
өрнектің өз мəн-мағынасына сай мөлшерде ғана бояу əріп
пайдалану арқылы жасалатын сұлулық бұл!
Алтынмен айшықталып, көз жауын алардай əдемі зер-
ленген рəміздік жеке белгілердің бояуы Мемлекеттік тудың
шымқай зерен көк реңімен əдемі үйлесім тапқан.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
153
Р
есми анықтамаға сəйкес «Қазақстан Республикасы-
ның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясын-
да шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тəрізді бөлігі) бей-
неленген, шаңырақты айнала күн сəулесіндей тарап уықтар
шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр.
Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар».
Жасалу əдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық
əсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықтай айыр-
машылықтар бар. Егер туда дүниеге көзқарастың жазық ке-
ңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, елтаңба
табиғаты, əдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты
сəулеттік (архитектуралық) композиция мен пошымға (фор-
маға) қатысты ұғымдарға сəйкес айқындалады.
Əлемдік тəжірибеде сыртқы түр-пішіні əр алуан елтаң-
балар кездеседі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасының пішіні – дөңгелек, оның барлық белгілері бір
шеңбер ішіне орналастырылған. Рəмізтануда кең тараған
кескін əлемге алғаш шығыстағы көшпелілер өркениетінің
өнер туындысы ретінде тараған. Мəн-мағыналық жоралғы-
сы: тіршілік белгісі, өмір нышаны. Əдетте жас жұбайлардың
үйлену тойына шақыру қағаздарының сыртында өзара ай-
қасқан қос шеңбердің суреті салынуының, тіпті бір-бірімен
дөңгелек сақина алмасуының сырын да осындай танымдық
ұғымдардан іздеген жөн. Белгілі ғалым Г. Фелькерзам көш-
пелілердің дөңгелек шеңберге деген ықыласы бөлек екенін
тап басып таныған.
Елтаңбаның басты белгі-нышаны – рəміздің негізгі көркем-
дік-идеялық жүгін арқалап тұрған шаңырақ образы. Шебер-
лікпен шендестірілген түндік аспан күмбезіндегі асыл шырақ
Отаншылдық дегеніміз – сезім біткеннің ішіндегі ең
асылы.
Д. Лихачев
154
Күн бейнесін көз алдымызға əкелсе, уықтар – одан тарап
жатқан алтын сəулелердей əсер қалдырады. Қисыны табы-
лып, керегелердің көрінісі де берілген.
Əр бөлшегі əсем айшықталған шаңырақ дүние космосы-
ның кішкене көшірмесіндей əсер қалдырады. Қазақстандық-
тардың ортақ шаңырақтағы тату-тəтті тірлігі, ортақ Отан тағ-
дырына деген жауапкершілік идеялары – шаңырақ обра-
зына қатысты туындайтын ойлар мен əсерлердің бір пара-
сы. Табылған көркемдік шешім жарасымдылығымен əрі жа-
ңашылдығымен назар аудартады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫНЫҢ
СЫЗБА БЕЙНЕСІ
0.2 d 0.07 d 0.07 d
0.05 d 5° 5°
0.9 d
Елтаңбаның ортасы
Шаңырақтың ортасы
Елтаңбаның өзегі
Шаңырақтың өзегі
0.25 d
0.04 d
0.31 d
0.05 d
0.05 d
65°
95°
d
R
0.012 d 0.04 d
0.06 d
0.07 d 0.18 d
0.04 d 0.05 d 0.06 d
155
ЖАНДАРБЕК МƏЛІБЕКҰЛЫ МƏЛІБЕКОВ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының
авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сəулетші.
1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауда-
нының Екпінді ауылында дүниеге келді. Ташкент политех-
никалық институтының сəулет өнері факультетін бітір-
ген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау инс-
титутының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі,
жобалар жөніндегі бас сəулетші.
Əндіжан қаласындағы əуежай, Ташкенттегі Үкімет қо-
нақ үйі, Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандтағы об-
лыстық əкімшілік үйі, драма театры мен орталық кітап-
хана ғимараттарын, Ангрен, Ферғана жəне Самарқанд қа-
лаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын
жобалауға қатысқан.
156
Көшпелілер мəдениетінде шаңырақтың пайда болуы ата-
бабаларымыздың қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктері-
не жəне соған орай ойлау жүйесінде орныққан ұғымдармен
тығыз байланысты. Ол сырттай аспан күмбезіне қалай ұқ-
саса, оның адамдардың ішкі жандүниесінде тіршіліктің аса
маңызды заттық құралы ретінде сəулеленуі де сондай ақиқат.
Шаңырақ – отбасының, одан да асыра алғанда бүкіл адам-
зат ұясының нышаны.
Шаңырақ көтеруге негізделген киіз үй – Ұлы далада со-
нау қола дəуірден (б.з.д. III ғ.) бастап тіршілік кеше бастаған
адамдардың өмір салтына байланысты дүниеге келген тама-
ша төлтума жүйе көрінісі. Ол əлемдік сəулет өнерінің теңдесі
жоқ үлгісі ретінде ертеде-ақ мойындалған. Оның əр бөлшегі
өзінің нақты тұрмыстық қызметтерге қатысты мақсатының
Табиғатпен тамыры бір көшпелілер үшін киіз үйде тұру
таңсық емес, қажеттілік еді.
Л. Гумилев
157
сыртында басқа да бірқатар маңызды міндеттерге (қоғамдық-
əлеуметтік, діни-əлеуметтік, діни-ғұрыптық, т.б.) қызмет ете-
ді. Ол тұрғындардың рухани қажеттіліктерін де өтей алады.
Киіз үй – көшпелілер мəдениетінің сыйы. Ол туралы Геро-
дот, Гиппократ, Сыма Цян мен Страбон, В. Рубрук пен Ибн-
Баттута, Ибн-Рузбихан мен А. Вамбери тамсана жазған бо-
латын. Оларды киіз үйдің қолайлылығы мен жайлылығы,
далалықтардың тұрмыс-тіршілігіне өте-мөте ыңғайлылығы,
жасалуы мен құрылуының жеңілдігі қызықтырады. Сонымен
бірге олардың бəрі бір ауыздан аса күрделі міндеттің қара-
пайым шешімін соншалықты дəл тапқан өнер иелеріне тəн-
тілік білдіреді.
Тан дəуірінің жазбаларында көшпелілердің киіз үйі VII ға-
сырдағы Қытай тұрғын үйлерінен əлдеқайда артық болған-
дығы туралы деректер сақталған. Қытай билеушілері мен бек-
задалары оны айырықша сəн-салтанат жəне абырой белгісі
ретінде пайдаланған.
Қытай əдебиетіндегі «алтын» дəуір атанған сол Тан ке-
зеңінің аса даңқты ақыны Бо Цзюй-и (772–846 жж.) жыры
соған дəлел. Ол – ұлы суреткер ғана емес, ұлы философ əрі
белгілі саяси қайраткер атанған адам.
Бо Цзюй-идің дүниетанымы қытай поэзиясын, қытайдың
қоғамдық көркем ойын жаңа белеске көтерді деп саналады.
Оның орыстың атақты ақыны Н. Гумилев аударған «Көгілдір
киіз үй» атты өлеңі мынау:
Шерсть собрали с тысячи овец,
Сотни две сковали мне колец.
Круглый остов из прибрежных ив
Прочен, свеж, удобен и красив.
В северной прозрачной синеве,
Воин юрту ставил на траве,
А теперь, как голубая мгла,
Вместе с ним она на юг пришла.
158
ШОТ-АМАН ЫДЫРЫСҰЛЫ УƏЛИХАН
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының
авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген сəулетші, Республика
Мемлекеттік сыйлығының иегері. Белгілі қоғам қайраткері.
1932 жылы Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қа-
зақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылын-
да туған. Мəскеу архитектуралық институтын бітірді. «Қа-
зақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері,
Алматы қаласының бас сəулетшісінің орынбасары, Қазақ-
стан Сəулетшілер одағы басқармасының төрағасы бол-
ды. Республикалық тарихи жəне мəдениет ескерткіште-
рін қорғау қоғамының төрағасы.
Негізгі шығармашылық жұмыстары: Алматыдағы Шоқан
Уəлиханов (1969), Əліби Жангелдин (1975), Тоқаш Бокин
(1977) ескерткіштері, «Динамо» стадионы құрылысының
(шығармашылық топ құрамында) жобалары.
Алматыдағы Тəуелсіздік монументі авторлар тобының
жетекшісі (1998).
159
Юрту вихрь не может покачнуть,
От дождя ее твердеет грудь.
Нет в ней ни застенков, ни углов,
Но внутри уютно и тепло.
Удалившись от степей и гор,
Юрта прибрела ко мне во двор.
Тень ее прекрасна под луной,
А зимой она всегда со мной.
Войлок против инея – стена,
Не страшна и снега пелена.
Там меха атласные лежат,
Прикрывая струн певучих ряд.
Там певец садится в стороне,
Там плясунья пляшет при огне.
В юрту мне милей войти, чем в дом,
Пьяный – сплю на войлоке сухом.
Очага багряные огни
Весело сплетаются в тени,
Угольки таят в себе жару
Точно орхидеи поутру.
Медленно над сумерком пустым
Тянется ночной священный дым,
Тает тушь замерзшая, и вот
Стих, как водопад весной, течет.
Даже к пологу из орхидей
Не увлечь из этих юрт людей.
Тем, кто в шалашах из тростника,
Мягкая зима и та горька.
Юрте позавидует монах,
И школяр, запутанный в долгах.
160
В юрте я приму своих гостей,
Юрту сберегу я для детей.
Князь свои дворцы покрыл резьбой –
Что они пред юртой голубой!
Я вельможным княжеским родам
Юрту за дворцы их не отдам.
Бұл өлеңнің бірнеше шумағын А. Егеубаев қазақшалаған.
Ол мынау:
Жүнін қырқып мың-мың қойдың мыңғырған,
Арқан есті аумайтұғын шынжырдан.
Мəжнүн талдан иген берік шаңырақ,
Көзді арбайды күн сəулесі жамырап.
Киіз үйді шайқай алмас дауыл да,
Қатаяды жонын төсеп жауынға.
Бұрышы жоқ, қалтарыс жоқ, ыңғайлы,
Жып-жылы ұя, берекелі, тым жайлы...
Киіз – қамал, ақ қырауға ораған,
Ала алмайды қарлы боран бораған.
Асыл тері түгі жалт-жұлт ашылып,
Жатыр сазды пернелерді жасырып...
Киіз үйдің адамдары қусаң да,
Жоламайды төрге жұпар жусанды.
Қамыс күрке ішіндегі пенделер,
Жайлы қыста-ақ сең соққандай сенделер.
Бұл ұзақ жыр түркі киіз үйлері Қытайға қазіргі Қазақстан
жері арқылы жеткенін аңғартады. «Ол бізге оңтүстіктен кел-
ді», «тау мен даладан бізге жетіп» деген сияқты өлең жол-
дары соған мегзейді.
Бұл ода – киіз үй образын поэтикалық жəне философиялық
тұрғыдан танудың жақсы үлгілерінің бірі. Кезінде географ
161
Оскар Пешель мен Бронислав Залесский де киіз үйге өнер
туындысы ретінде жоғары баға берген.
Киіз үй жасау өнері б.з.д. бірінші ғасырдан белгілі. Олар-
дың көне нұсқалары туралы деректерді қола дəуірінің андро-
нов мəдениетіне тəн қазба ескерткіштерінен кездестіреміз.
Орталық Қазақстандағы Бұғылы тоғайындағы, Солтүстік Қа-
зақстандағы Шағалалы өзені бойындағы қазба жұмыстары-
ның нəтижелері де оған анық дəлел.
Тарихи деректерге қарағанда қазіргі киіз үйлердің алғаш-
қы көрінісіне айналған əрі бір дəуірлерде онымен қатар бой
түзеген тұрғынжайлар доңғалақты күймелер еді. Г. Рубрук
XIII ғасырдың орта кезіндегі талдан тоқылып, киізбен жабыл-
ған күйме үйлер туралы жазды. Оларды жиырмадан астам
өгіздер тартатын болған.
Дешті Қыпшақ даласына XV ғасырда сапар шеккен Ибн
Баттута да терезе қойылған төрт доңғалақты көшпелі үй –
арбалар туралы көп бағалы деректер қалдырды.
Ағылшын саяхатшысы А. Дженкинсон жазбаларында осы-
ған ұқсас деректер кездеседі. Ол XVI ғасырдың ортасында
Маңғыстау, Атырау өңірлерінде болған. XVI ғасырда өмір сүр-
ген Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани «Бұхар қонағының
жазбалары» («Михманнаме – и Бухара») деген кітапта киіз
үйдің ағаштан жасалған уығын, киіз жабуын, жұқа теріден не-
месе шыныдан жасалған терезелерін суреттеген. Бұл көш-
пелі үйлер қазақтың халық эпостарында, мысалы, «Қыз
Жібек» жырында жырланатын күймелерге ұқсайды. Тарихи
деректерде бірнеше мыңдаған киіз үйлерден тұратын көш-
пелі қалалар болғандығы туралы жазылады.
Қазақы киіз үй – киіз үйлердің түркілік типіне жатады жəне
моңғол киіз үйлеріне қарағанда еңселілеу келеді. Бұл да-
уыл, қатты жаңбыр мен қалың қарға төтеп беруге қолайлы.
Шығыстанушы С. Руденконың пікіріне қарағанда мұндай
Мінездегі, мəнердегі, стилдегі əдемілік дегеніміз – қара-
пайымдылық.
Достарыңызбен бөлісу: |