X. Ортега и Гассет
201
елдік егемендігімізге қайыра қол жеткен қазіргі кезең біздің
жаңа тарихымыздың бастауы болуы керек.
Осынау игі ниетпен берік сенімге негіз болған тарихи жол-
дың басы – 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік
туралы декларацияның қабылдануы (Қазір бұл күн жалпы-
ұлттық мерекеге айналды). Мемлекеттік тəуелсіздігіміз, сол
сияқты, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіз-
дігі» туралы заңда (1991 жылғы 16 желтоқсан) жəне Қазақ-
стан Республикасының Конституциясында заңдастырылған.
Егемен ел атанған тəуелсіз Қазақстан Республикасының
Конституциясы:
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,
өзімізді еркіндік, теңдік жəне татулық мұраттарына берілген
бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей
отырып,
қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауап-
кершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,
осы Конституцияны қабылдаймыз», – деген терең мағы-
налы сөздермен басталады.
Ата Заңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зия-
лы, құқықтық жəне əлеуметтік сипаттағы мемлекет екендігі
атап көрсетілген. Мемлекет үшін ең жоғары құндылық адам,
оның өмірі, құқы мен еркіндігі болып табылады. Негізгі қағи-
даттар қатарына республикадағы қоғамдық келісім мен сая-
си тұрақтылықты сақтау, бүкіл халықтың игілігіне бағыттал-
ған экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қазақстандық
патриотизм, мемлекет өміріндегі аса маңызды мəселелерді
демократиялық жолмен шешу бар.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқаруға негіз-
делген унитарлық мемлекет. Егемендік елдің бүкіл ауқымына
бірдей тарайды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, оған
202
ЖАЗУ БЕЛГІЛЕРІ МЕН НЫШАНДАРЫ
Алғашқы
пиктограммалар
Кейінгі
жазулардағы
пиктограммалар
Көне Вавилон
белгілері
Ассирия
белгілері
Мəні
Балық
Есек
Өгіз
Күн
Дəн
Бақша
Құс
Бумеранг лақтыру,
ұрып түсіру
Жер жырту
Тұру, жүру
203
ƏЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨНЕ ЖАЗУЛАРЫ
Скнайлық
Ханааней-
Финикийлік
Ежелгі
Грек
Кейінгі
Грек
Латын
Ағылшын
204
ешкімнің қол сұқпауын жəне оның бірде-бір пұшпағы бөл-
шектенбеуін қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік биліктің бір-
ден-бір қайнар көзі – халық. Республикада идеологиялық
жəне саяси əр алуандылыққа жол ашық.
Жас егемен мемлекетіміз құрылысының басты бағыттары,
міне, осындай. Олар ізгілік пен демократияға қатысты ең биік
талаптарға жауап беретін құндылықтар. Біздің аңсарлары-
мыз бен алғашқы қадамдарымыз əлемдік қауымдастық тара-
пынан қолдау тапты. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының,
Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Кеңесінің, Ха-
лықаралық валюта қорының, бірқатар əлемдік жəне Еуро-
палық банктердің, сол сияқты көптеген басқа да беделді ха-
лықаралық ұйымдардың тең құқылы мүшесі. Жүзден аса ел-
мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. АҚШ, Ұлы-
британия, Германия, Франция, Ресей жəне Жапония сияқты
ірі мемлекеттермен, басқа да елдермен өзара тиімді байла-
ныс жасалуда.
Тарихи тəжірибе мемлекет тағдырының ең бір күрделі
тұстарында ұлттық лидерге қаншалықты зор рөл жүкте-
летіндігіне куə. Жаңа тарихымыздың бастауы – Президент
Н. Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Ол – барлық өз-
герістердің тізгінін ұстаған тұлға. Ел басшылығының ауыр
жүгін 1989 жылдан бері (1991 жылы 1 желтоқсанда Бүкіл-
халықтық сайлау нəтижесінде жаңа тəуелсіз Қазақстан мем-
лекетінің тұңғыш Президенті болып сайланды) көтеріп келе
жатқан Елбасы қалыптасқан жағдайға сəйкес нақты əрі бо-
лашаққа батыл бағыт алған жүйелі саясат ұстанып, оны те-
геурінді түрде жүзеге асырып келеді. Асау толқындар жаға-
ға ұрған буырқанған бейтаныс теңіз айдынында аңсардағы
алыс жағалауға кемеңді тура жургізу жеңіл емес, əрине.
Сарапшылар Қазақстан лидерінің Азияға да, Еуропаға да
барша əлемге ашық саясат жүргізіп отырғандығын бөле-жара
Жер-су аты – елдің халықтың ақындық аңсары арқылы
безендірілуі. Олар халықтың мінез-құлқы, тарихы, қалау-
құмары мен тұрмыстық ерекшеліктері туралы сыр шертеді.
К. Паустовский
205
ЕУРАЗИЯДАҒЫ ЖАҢА ТƏУЕЛСІЗ
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕЛТАҢБАЛАРЫ
Əзірбайжан
Республикасының
елтаңбасы
Өзбекстан
Республикасының
елтаңбасы
Қырғыз
Республикасының
елтаңбасы
Түрікменстанның
елтаңбасы
атайды. Өйткені өз мүддеңді жоғары қоя отырып, өзгелер-
мен өзара тиімді қарым-қатынас жасай білу – мемлекетара-
лық байланыстағы басты қағидаттардың бірі. Қазақстан бас-
шысының бірлік пен жасампаздыққа баса көңіл бөлуі еліміз-
де жəне одан сырт жерлерде де кең қолдау тауып отыр.
Мемлекет басшысы қызметінің өзгеше рəміздік сипаты бар.
Мысалы, американдықтар өз Президентін ең жоғары əкімші-
лік қызметтің иесі ретінде ғана емес, сонымен бірге жалпы
мемлекеттік идея символы ретінде құрметтейді. АҚШ-та жыл
сайын ұлттық мереке ретінде тойланатын «Президенттер
күні» мейрамы да бар. Қазақстан Республикасының «Қазақ-
стан Республикасының Президенті туралы» заңның алғашқы
бабында: «Республика Президенті халық пен мемлекеттік
өкімет бірлігінің, Конституцияның, адами жəне адамзаттық
құқылар мен еркіндіктердің мызғымайтындығының символы
əрі кепілі», – деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының
рəміздік астарында аса ауқымды мəн-мағыналар жатыр.
Оның ел өмірінде ерекше орын алуының сырын да осындай
терең қатпарлардан іздеу керек.
Мемлекеттік елтаңбада пайдаланылған негізгі бояу – ал-
тын түсті рең. Рəмізтану дəстүрі бойынша алтын – байлық-
тың, əділдік пен кеңдіктің белгісі. Графикалық түрде көп нүк-
темен белгіленеді.
Елтаңбада көгілдір түс те бар. Ол алтын түсті реңмен
əдемі жарасым тапқан.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының ма-
ғыналық жəне көркемдік-эстетикалық болмыс-бітімі, сол сияқ-
ты, оны жасаудағы жоғары кəсіби шеберлік білгір мамандар
тарапынан жақсы баға алып жүр.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ƏНҰРАНЫ
209
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ƏНҰРАНЫ
Музыкасын жазған: Шəмші Қалдаяқов
210
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ƏНҰРАНЫ
Өлеңін жазғандар: Жұмекен Нəжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн аспаны,
Алтын дəн даласы.
Ерліктің дастаны
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой.
Қ а й ы р м а с ы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең-байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тəуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты
Мəңгілік досындай
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қ а й ы р м а с ы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
211
212
НҰРСҰЛТАН ƏБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Əнұранының (мə-
тіні) авторы, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Халықара-
лық инженерлік академияның жəне Ресей əлеуметтік ғы-
лымдар академиясының академигі, «Алтын Қыран» ордені-
нің, дүние жүзінің көптеген елдерінің жоғары мемлекеттік
наградаларының, бірқатар халықаралық жəне отандық қо-
ғамдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтары-
ның иегері.
1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы
Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепро-
дзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлур-
гиялық зауыты жанындағы Жоғары техникалық оқу орнын-
да (ВТУЗ) оқып, инженер-металлург мамандығын алған.
Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бас-
тап, кəсіпорын, қала жəне облыс деңгейінде басшылық жұ-
мыстар істеді. Қазақ КСР-ның Үкімет басшысы жəне елба-
сы жоғары лауазымды қызметтерін атқарды.
1991 жылдан – Қазақстан Республикасының Президенті.
Ғылыми жəне əдеби шығармашылық жұмыстармен айна-
лысады. «Қазақстан экономикасы: ақиқат жəне қалыптасу
мүмкіндіктері» (1984), «Əділеттің ақ жолы» (1991), «Ға-
сырлар тоғысында» (1996), «Тарих толқынында» (1999),
«Сындарлы он жыл» (2001), «Еуразия жүрегінде» (2005) жəне
басқа кітаптардың авторы. Ел ішінде кең тараған «Елім
менің», «Үш қоңыр», «Жерім менің» атты патриоттық
əндердің өлеңін жазған.
Шығармалары əлемнің көптеген халықтары тілдерінде
жарық көрді.
214
ЖҰМЕКЕН САБЫРҰЛЫ НƏЖІМЕДЕНОВ
(1935–1983)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Əнұранының (мə-
тіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сый-
лығының иегері.
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ
ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы
Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары фа-
культетінде жəне Мəскеудегі М. Горький атындағы Əде-
биет институты жанындағы Жоғары əдеби курстарда
оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде,
Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі
Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс
істеген.
Шығармалары: «Балауса» (1961), «Сыбызғы сыры» (1962),
«Өз көзіммен» (1964), «Жоқ, ұмытуға болмайды» (1965),
«Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мен туған
күн» (1972), «Мезгіл əуендері» (1968), «Ұлым, саған айтам»
(1970), «Қызғалдақ жайлы баллада» (1971), «Ақ шағыл»
(1973), «Кішкентай» (1975), «Даңқ пен дақпырт» (1977),
«Темірқазық» (1981), «Менің топырағым» (1985) кітапта-
ры, үш томдық шығармалар жинағы (1996).
215
ШƏМШІ (ЖƏМШИД)
ҚАЛДАЯҚҰЛЫ (ƏНƏПИЯҰЛЫ) ҚАЛДАЯҚОВ
(1930–1992)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Əнұранының му-
зыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстанның халық
əртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы
Шəуілдір ауылында дүниеге келген. Қапыланбек малдəрігер-
лік техникумында, Хамза Ниязи атындағы Ташкент музы-
калық училищесінде жəне Құрманғазы атындағы Алматы
Мемлекеттік консерваториясының композиция факульте-
тінде оқыған.
1950 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналыс-
ты. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор үш жүзге
жуық əн шығарды. Олардың арасында «Бақыт құшағында»,
«Бəрінен де сен сұлу», «Қайықта», «Ана туралы жыр», «Ақ
сұңқарым», «Ақ маңдайлым», «Көгілдір Көкше», «Сыр сұлуы»,
«Ақ ерке – ақ Жайық», «Əнім сен едің», «Ақ бантик», «Ке-
шікпей келем деп ең», «Қайдасың», «Сыған серенадасы»
жəне басқа халық арасында кең тараған музыкалық туын-
дылар бар.
Композитор шығармалары «Əндер» (1967), «Бақыт құша-
ғында» (1971), «Шəмшінің əндері» (1983), «Шəмші əлемі» (2000),
«Шəмші» (2002) атты жеке жинақтарда жарық көрді.
216
М
енің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу
қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айт-
қанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда əлдебір жарқын
сəуле жалт еткендей əсерге бөленесің.
Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған хал-
қың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз
жайлы ойлар жадыңа оралады. Одан өміршеңдік пен өр-
лікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды
азаматтық рух сезіледі.
Менің Қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді бау-
райтын аса əсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның
тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен жəне ер-
теңімен тəңірлік байланыстылығың, табиғи біртұтастығың
еске түседі.
Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тəкап-
пар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сар жазирасындай
шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың
əбілхаят тұнық суымен тазарғандай өзіңді сергек сезінесің.
Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тас-
ты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен
жарысқан сəйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін, қыран
қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шың-
нан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқ-
тамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.
Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар
халықтың жүрек сөзі. Барша əлемге ашық, бар дүниесін тек
қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сый-
лайтын, «көрші хақы – тəңірі хақы» деп есептейтін, аузын
ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан
тебіренісі.
«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның са-
дағасы» деген ізгі де асқақ афоризмді өмірлік кредосына
айналдырған, «Еңкейгенге еңкей – ол атаңның құлы емес,
шалқайғанға шалқай – ол құдайдың ұлы емес» дейтін тə-
каппар да текті елдің серті бар онда.
Менің Қазақстаным! Бұл – азаматтық позиция, елжанды-
лық философиясы. Оны Қазақстанның халық жазушысы, Мем-
лекеттік сыйлықтың лауреаты, тəуелсіз еліміздің 1992 жылы
217
қабылданған тұңғыш əнұранының авторы Қадыр Мырза Əлі-
нің «Ел жəне мен» деген өлеңімен өрнектесе де болар еді:
Осы жерде тəңірменен теңелгем,
Осы жерде қуанышқа кенелгем.
Атомды да ажыратып аларсың,
Алайда сен бөле алмайсың мені елден!
Желтоқсанда аппақ қырау құрсанған,
Жаздыгүні жаңбырдан соң бусанған.
Бөле алмайсың мені мына даладан –
Бөле алмайсың ақ селеуден,
Жусаннан!
Қуат алып шуағынан,
Суынан,
Туған жердің теңізіне жуынам.
Бөле алмайсың гербісінен мені елдің,
Бөле алмайсың желбіреген туынан!
Алақанда əлдилеген Отаным,
Көмейімді күйдіреді от-əнім!
Бұл елге мен парыздар бір перзентпін –
Қазақ деген бозінгенге ботамын! –
дейді ақын.
Өлеңде азаматтық «мен» мен мемлекеттік «мен» арасын-
дағы қоғамдық-əлеуметтік байланыс терең ашылған. Осын-
дай көңіл күй мен осындай адал сезім ғана нағыз шынайы
елжандылыққа, мемлекетшілдік мəрттікке һəм парасатты
патриотизмге негіз, берік тірек бола алады. Жалынды жыр
жолдарында отаншылдық дегеніміз – тек сүйіспеншілік қана
емес, жоғары жауапкершілік, парыз екендігі де жақсы көрініс
тапқан.
Менің Қазақстаным! Бұл – отандастық формуласы. Кең-
байтақ елімізде қатар ғұмыр кешіп жатқан жүздеген ұлт
өкілдерінің бірлігі мен ынтымақтастығының қайнар көзі Қа-
зақстанды ортақ шаңырақ, ортақ ұямыз деп сезінуде жатқа-
ны белгілі. Оны өмірдің өзі дəлелдеп келеді.
218
Тек ел деп соққан жүректер ғана елдіктің туын бірлесе
көтеріп, ортақ мақсатқа бауырласа жұмылатынын қазақстан-
дықтар жақсы біледі. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген
өміршең мақал халқымыздың тағдыр мұхитына түскен та-
лайлы кемесінің желкенін жықпауға себепкер болып келе
жатқан арғықазақ конституциясының ең жарқын тағлымы бо-
луы да кездейсоқ емес.
Осы орайда тағы да поэзияға жүгініп, Мемлекеттік сый-
лықтың лауреаты, ақын Иранбек Оразбаевтың «Тəуелсіздік»
деп аталатын өлеңіне назар аударған жөн:
Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ
Тəуелсіздік төріңде.
Асқар тау да – сенікі,
Бақша-бау да – сенікі.
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да – сенікі.
Өзіңдікі – туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Бұл жерде отаншылдық рухының мемлекеттік тəуелсіздік
идеясымен ұштастығы ұшқыр да ұтқыр айтылған. Еңсеңді
көтеріп, елдік болмысыңды («өзіңнің өзің екеніңді») сезіну
үшін бодандық шідерін үзіп, бостандық туын көтерудің қан-
шалықты маңызды екендігі ойға орынды өзек етілген.
«Өзіңнің өзің екеніңді» сезіну ғана «өздік» табиғатыңды
құрметтеуге, «өздік өзгешеліктеріңді» мақтан етуге жəне «өз-
генің өздік өзегіне» ілтипат танытуға мүмкіндік береді. Бұл –
осы заманғы əлеуметтанушылар тілімен айтқанда, мемле-
кеттік жəне ұлттық сəйкестік ұғымдарының астарында жат-
қан іргетас идея.
219
Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, сəйкестік (идентичность)
дегеніміз – ең алдымен, жеке адамның немесе белгілі бір
топтың (қоғамның, мемлекеттің) өзі туралы өз санасында
қалыптасқан пікірі мен пайымы, даралық өлшемі, əрі сол
ерекшеліктің тек «өзіне» тəн қасиет екендігін оның «өзінің»
танып-білуі мен терең сезінуі.
«Сəйкестік жаңа туған нəресте бойынан да табылады, –
дейді С. Хантингтон, –өйткені оның да өз аты, жынысы, ата-
анасы, азаматтығы болады... Өзін қоршаған ортамен қарым-
қатынасы үзілгенше ешкім де бұлтақтай алмайтын бір ақиқат
бар: ол – өзіңді өзгелермен қарым-қатынас нəтижесінде ай-
қындау арқылы байқаған ұқсастықтар жəне айырмашылық-
тарға сəйкестендіруден басқа жол жоқ екендігі».
«Менің Қазақстаным» деген ұғым – осы сəйкестіктің көрі-
нісі, мемлекет (Қазақстан) пен оның азаматы («мен») ара-
сындағы қоғамдық келісімнің психологиялық деңгейде ор-
нығып, бірегей рухани болмысқа айналуының айқын айғағы,
яғни ел азаматының өз ықыласымен, өзінің жүрек қалауымен
өз тағдырын өз Отанының тағдырымен байланыстыруының
бір белгісі.
Осы ұғымның Қазақстан Республикасының жаңа əнұра-
нының өзегіне, мағыналық лейтмотивіне айналуы тосын құ-
былыс емес, тəуелсіздік идеясының логикалық арнасында
жатқан саяси-əлеуметтік əрекет. Еркіндікке қолы жеткен еге-
мен елдің қоғамдық санасындағы сілкініс тəуелсіздік рəмізі
табиғатын айқындауға себепкер болуы – заңды саяси-əлеу-
меттік құбылыс. Ұлттық рəміз ұлт жанының жалауына айна-
лудан басқа жолы да жоқ.
Əдетте əнұранды тек салтанатты əуен, мадақ жыр деп
қана қабылдаушылар аз кездеспейді. Бұл – қате пікір.
Əдетте əнұранды тек көпшілік болып, қосылып айтар
жеңіл, көңілді əуен, тез жатталар тəтті жыр деп қана қа-
былдайтындар да баршылық. Бұл да қате пікір.
Əнұран – ел жүрегінің соғысы, ел тілегінің тоғысы. Оны
ел рухы ел төріне көтерген жалпының жан жалауы десе де
болады.
220
Əдетте əнұранды əнұран ететін – халықтың өз тағдыры-
на деген жауапкершілігі. Дəлірек айтқанда, əуен мен мəтін
болмысында ерекше музыкалық-поэтикалық эмблема тілін-
де елдің ең асыл арманы, ең биік мұраты, ең ауыр көз жасы
мен ең батыл сенімі көрініс табуы.
2006 жылдың 6 қаңтарында ел Парламенті Сенаты мен
Мəжілісінің бірлескен отырысында «Қазақстан Республика-
сының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық
Заңының жобасы қаралды. Онда Үкіметтің ұсынысы бойынша
Мемлекеттік əнұранның əуені мен мəтінін жаңарту көзделді.
Екі жарым сағатқа созылған екі оқылым талқылауы түскі
13 сағат 35 минутта аяқталды. Дауыс беруге қатысқан 69
Мəжіліс депутаты мен 38 сенатордың бəрі жобаны жақтап
дауыс берді. Елбасы Заңға келесі күні қол қойды. Жаңа əн-
ұран баспасөзде жарияланған күнінен – 10 қаңтардан бастап
күшіне енді.
Жаңа рəміз кезекті сайлаудағы жеңісінен кейін Н.Ə. На-
зарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызме-
тіне кірісу құрметіне арналған салтанатты ресми рəсім кезін-
де – 11 қаңтарда, Астанадағы Ақордада алғаш рет орындал-
ды. Тəуелсіз Қазақстанның жаңа əнұранының тұсаукесері-
не əлемнің 70 елінен келген мəртебелі қонақтар куə болды.
Олардың арасында президенттер мен премьерлер, министр-
лер мен дипломаттар, халықаралық ұйымдардың басшыла-
ры мен өкілдері болды.
Жаңа əнұран елге бұрыннан таныс «Менің Қазақстаным»
əнінің негізінде дүниеге келді. «Қазақ вальсінің королі» атан-
ған сазгер Шəмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нəжімеденов
шығармасының мəтініне енгізілген өзгерістер талайлы туын-
дының ресми гимн болып бекуіне жол ашты.
Таңдап алынған жиырма жолдағы елу тоғыз сөздің жиыр-
ма бесі өзгеріске ұшырады. Сөйтіп, Қазақстан Республика-
сы Мемлекеттік Əнұранының мəтіні былай болып шықты (өз-
гертіліп, жаңадан қосылған сөздер курсивпен беріліп отыр):
221
Алтын күн аспаны,
Алтын дəн даласы.
Ерліктің дастаны
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой.
Қ а й ы р м а с ы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең-байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тəуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты
Мəңгілік досындай
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Депутаттарға бұл мəтіннің орыс тіліндегі ресми жолма-
жол аудармасы да таратылды:
В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности
Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.
П р и п е в:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
222
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.
У меня простор неоглядный,
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга,
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.
Əнұран мəтіні баспасөзде шығысымен республикалық
«Экспресс К» газетінде (20 қаңтар, 2006 жыл) қостанайлық
Александр Павловскийдің тəржімасы жарияланды. Көпшілік
ықыласының бір белгісі болып табылатын нұсқа былайша
өрнектеліпті:
В небе солнце горит, ярко светит оно,
А в раздольной степи золотое зерно.
Из седой старины наша слава идет.
Горд, силен и могуч мой казахский народ.
П р и п е в:
Моя страна, мой народ родной,
Я цветок, я взращен тобой.
Звонкая песнь на твоих устах – я.
Казахстан – Отчизна, Родина моя.
Неоглядный простор и дорога вперед.
Независим сплоченный единый народ.
Как извечных друзей, новых дней времена
Повстречала счастливая наша страна.
Осы орайда Мемлекеттік əнұранның музыкалык жəне поэ-
тикалық редакцияларының эталондық нұсқалары туралы ой
өрбіте кеткен жөн. Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік елтаң-
баның эталондық нұсқалары тəрізді олар да ресми бекітіліп,
223
заңмен қорғалады жəне Қазақстан Республикасы Президенті-
нің резиденциясында сақталады. Эталондық нұсқаларға сəй-
кестікті қатаң сақтау – əнұран орындалған немесе жария-
ланған кезде талап етілетін ең негізгі шарт.
Сондықтан да қай аударма болса да (мейлі жолма-жол
тəржіма, мейлі əдеби тəржіма болсын) ресми гимн мəтінінің
бір нұсқасы (орнын басар нұсқасы) бола алмайды. Олар тек
түсіндірмелік сипатқа ғана ие. Əнұран мəтінін жариялаған
кезде түрлі плакат ретінде ресми пайдаланған жағдайларда
(мектептерде, мекемелерде, кəсіпорындар мен ұйымдарда)
тəржіма мəтіндерін эталондық нұсқамен қатар қоюға, ілуге
жол берілмеуге тиіс. Бұл – əлемдік геральдика тəжірибесінің
талабы.
Парламентке ұсынылған құжаттарда Ж. Нəжімеденов өле-
ңіне енгізілген өзгерістердің авторы көрсетілмеген еді. Бұл ту-
ралы талқылау басталар алдында қойылған сауалға Мəжіліс
төрағасы О. Мұхамеджанов жауап берді. Ол депутаттарды
Елбасының Парламентке жолдаған хатымен таныстырды.
Онда: «Тəуелсіздік алғаннан кейін қабылданған қазіргі
қолданыстағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Əн-
ұраны осы жылдар ішінде барлық қазақстандықтардың жү-
регінде жатталып қалды деу қиын. Еліміздің қай түкпіріне бар-
сам да, кəрі де, жас та əнұрандық мəртебесі болмаса да, аса
көрнекті композиторымыз Шəмші Қалдаяқов пен талантты
ақынымыз Жұмекен Нəжімеденовтың сөзіне жазылған «Ме-
нің Қазақстанымды» əнұран есебінде шырқағанының талай
рет куəсі болдым. Бұл – мен ғана емес, қазақстандықтардың
сан буыны əлдеқашан білетін шындық. Осы уақытқа дейін
бейресми əнұран қызметін атқарып келген бұл əнге ресми
мəртебе беретін күн жетті деп есептеймін. Осы орайда əн
мəтініне қатысты да өз пікірімді ортаға салмақпын. Бұл əннің
мəтіні Қазақстан тыңын игерушілер құрметіне жазылғаны
ешкімге құпия емес. Сол себепті мəтінді əнұран ретінде
қабылдау үшін оған бірқатар өзгерістер енгізу керек деп
есептеймін. Біріншіден, əнұранда ғасырлар бойы тəуелсіздік
үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс. Екіншіден, мə-
224
тінде сол ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз – жеріміздің
кең байтақтығы орын алуы керек. Үшіншіден, еліміз бен
жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына
жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқаны жөн. Ең бас-
тысы, біздің тəуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса
көрсетілуі керек. Осы талаптарға жауап беретін өзгерістер
түскенде ғана «Менің Қазақстанымның» музыкалық редак-
циясын сақтай отырып, əнұран ретінде Қазақстан Республи-
касы Парламентіне ұсынуға əбден болады деп есептеймін.
Елбасы есебінде ғана емес, Қазақстанның азаматы ретінде
де мен осы əннің сөзіне жоғарыдағы талаптарға жауап бе-
ретін тиісті өзгерістер түсіріп, мəтіннің жаңа нұсқасын назар-
ларыңызға ұсынып отырмын. Авторлығына еш таласым жоқ.
Мен үшін биіктерге беттеген туған елімнің əлі талай буы-
ны асқақтата шырқайтын Қазақстанның бүгінгі келбетіне сай
əнұран қабылданса болғаны», – делінген.
Осыдан кейін жобаны талқылау кезінде əнұран автор-
лары қатарына Қазақстан Республикасынының Президенті
Н.Ə. Назарбаевты қосып, оның авторлық құқын ресми бекі-
ту жөнінде депутаттар мəселе көтерді (С. Ибрагимов, В. Не-
хорошев, М. Трошихин, Ж. Жексембинов). Əділет министрі
З. Балиева мəселенің заңдық тұрғыдан дұрыс қойылып отыр-
ғанын, ақын мұрагерлерінің оған ресми келісім бергендіктерін
назарға салды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депута-
ты, ақын М. Шаханов талқылауға белсене қатысып: «Жалпы,
мен бұл мəселеге Президенттің араласқанын бүгін ғана біліп
отырмын. Кеше мен осы тексті, осы өзгертулерді қолдадым.
Өте бір сəтімен жасалған. Ал бұрынғы мəтінімен қалдырсақ,
ол гимн болмайды», – деген кесімді пікір білдірді. Қалған
депутаттар пікірі де осыған орайласып, Парламент əнұран
мəтінінің авторлары Ж. Нəжімеденов пен Н. Назарбаев еке-
нін айғақтайтын шешім қабылдады.
Жаңа əнұран қабылдау туралы ұсыныстың уақыт тала-
бына орай жасалған қадам екендігі туралы парламентте де,
бұқаралық ақпарат құралдарында да аз ашылған жоқ. Үкімет
атынан сөз алған Қазақстан Республикасының сол кездегі
225
Мəдениет, ақпарат жəне спорт министрі Е. Қосыбаев, Парла-
мент палаталары атынан қосымша баяндама жасаған депу-
таттар Б. Тілеухан мен Қ. Сұлтанов 1992 жылы қабылданған
əнұранның өз міндетін атқарғанын, енді замана рухына сай
жаңа гимн қабылдау қажеттігі туындап отырғанын дəлелдей-
тін ойларын ортаға салды.
Алғашқы əнұранды «ұйқастырылған саяси манифест» деп
айдарлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаты, жазушы Ə. Кекілбаев: «Гимн өлі, жансыз жанр
емес. Өзгереді, дамиды», – дей келіп, жаңа əнұранның си-
патына қатысты жанрды «демократияландырудың бір көрі-
нісі» деген пікір қосты.
Жаңа əнұран жобасының жаттауға, айтуға жеңілдігіне кө-
бірек назар аударған басқа депутаттардың сөзі де осыған
сайды. Алғашқы əнұранның əуені бұрынғы кеңестік дəуірде
туғанын алға тартушылар да болды.
«Менің Қазақстаным» əні жарты ғасыр бойы елмен бірге
жасап, елмен бірге мұңайып, елмен бірге қуанып келеді. Əр
шаңырақтың, ел шаттығының жалауына айналды.
Ақын Темірхан Медетбекше толғасаңыз: ««Менің Қазақста-
нымды» айтқан кезде жатқан жалың көтеріліп, аққан қаның
тасып, бойыңа ерен қуат пен қайрат еніп, əрі-беріден кейін
аруақтанып, арқаланып кететінің сөзсіз. Рухты əн. Ол əн
шырқалған кезде тегеурініңе тегеурін, жігеріңе жігер қосы-
лып бара жатады. Бүкіл жан-жүйеңе алабұртқан өр рух лақ
етіп төгіліп, өрттей ыстық сезім лап етіп тұтанып шыға келе-
ді» («Егемен Қазақстан», 2006 жылғы 10 қаңтар).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депута-
ты, əнші Бекболат Тілеухан сөзімен айтсаңыз: «Əнұранды
тыңдағанда құйқаң шымырлап, бойыңды рух кернеуі шарт.
Ол айтылғанда егілуің керек, еңселенуің керек, шаттанған
жөн, шамырқанған лəзім. Жеңіс тұғырында түлеген қыран-
ның, етігімен су кешкен ұланның аузына түсе кетуі керек.
Толқыған топтың, шаттанған көптің көкейіне орала кеткіш
ардақты болуы шарт. Осы талабымызға лайық қандай əн бар
десек, сөз жоқ ол – Шəмшінің «Менің Қазақстанымы»».
226
Өз «өмірбаяны» бар, қалың жұртшылық жүрегіне жол тап-
қан туынды негізінде əнұран жасау – əлемдік тəжірибеде бар
құбылыс. Мысалы, 1730 жылы жазылған «Ракоци-марш» бір
ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін барып қана (1845 ж.)
Венгр елінің ұлттық гимніне айналды. Өңдеген композитор
Ф. Эркель. Ал Ю. Выбицкийдің «Италиядағы поляк легион-
дарының маршы» – «Домбровский маршы» 1797 жылы дү-
ниеге келген болатын. Осы əйгілі əннің əуені мен сөзінің
ізімен 1833 жылы «Хорватия əлі өлген жоқ» атты хорват
елінің ұлттық əнұраны жазылды. Авторы Л. Гай.
Ағылшынның «Құдайым, сақтай гөр корольді» гимнінің
тарихы да қызық. Оның əуені Францияда дүниеге келген.
Ол Француз королі Людвиг XIV сырқаттанып тұрғанда «Құ-
дайым корольді құтқарды ғой» деген өлеңге сарай компози-
торы итальяндық Аюлли жазған музыка көрінеді. Кейінірек
Англияға жетіп, композитор Керейдің өңдеген нұсқасы бо-
йынша Ұлыбританияның Мемлекеттік əнұранына айналған.
1931 жылы 3 наурызда президент Г. Гувер АҚШ-тың Мем-
лекеттік гимні туралы актіге қол қойды. Оның негізі – одан бір
ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған балтиморлық заңгер
Ф. Кидің «Мак-Генри фортын қорғау» деген патриоттық өле-
ңі еді. Ол бұған дейін Англияда аты шығып, əйгіленген-ді.
Лондондағы анакреондар ұйымының дастарқан басында айты-
латын «Жұмақтағы анакреон» əнінің (авторлары Р. Томлисон
мен Дж. Смит) əуенімен айтылатын.
АҚШ-та алғаш гимн əуенінің əйгілі болуы 1793 жылы Нью-
Йорк газеттерінің бірінде оған пародия жазылуына байла-
нысты. Сөйтіп, XVIII ғасырдағы ағылшынның дастарқан басы-
лық əуені мен XIX ғасырдағы американдық əуесқой ақынның
өлеңі XX ғасырда АҚШ-тың ресми əнұранына айналған.
Мұның өзі көпшілікке бұрыннан таныс туындыны негізге
алу мемлекеттік рəміздің халықтық сипатын күшейтіп, ел ара-
сында кең таралуына мүмкіндік беретіндігін аңғартса керек.
Бұрыннан келе жатқан əуен мен сөздің ресми нышанға ай-
налуы – елді шығарманы өздері бірге туындатқандай əсер-
ге бөлейді. Сөйтіп, белгілі авторлардың жеке қолтаңбасы қа-
лың көпшіліктің ортақ казынасына айналады.
227
«Менің Қазақстаным» əнін оның авторлары əнұранға ар-
нап жазған да емес, əнұран байқауына өз қолдарымен ұсын-
ған да емес. Дүниеден ерте озған саңлақтардың артындағы
жоқшысы да, бағалаушысы да халықтың өзі.
Ол 1992 жылғы əнұран бəйгесіне де ұсынылған болатын.
Белгілі жазушы, бірнеше əн жинақтарының құрастырушысы,
баспа басшысы Хайдолла Тілемісов 1992 жылғы 10 қаңтар-
да комиссия атына жолдаған хатында: ««Қайнар» баспасы
қаламгерлерінің пікірінше біздің болашақ əнұранымыз хал-
қымыздың еркіндік, тəуелсіздік жолындағы ізгі ниетін, ұлты-
мыздың ұлылығын, мəрттігін, қайсарлығын, ағайын алдын-
дағы арлылығы мен адалдығын, алтын бесік – туған өлке-
міздің ырыс пен құт, бақыт пен тыныштық мекені екендігін
паш ететін, туған елді, кіндік кесіп, өскен жерді аялап сүюге,
оның атақ-даңқын арттыруға үндейтін асқақ жыр болғаны
абзал. Осы талаптар тұрғысынан біз, мысалы, Қазақстан
Республикасының Əнұраны етіп «Менің Қазақстаным» атты
əнді алуды ұсынған болар едік», – деп жазды.
Бірақ ол жолы бұл ұсыныс «марш жанрында жазылған
туындыны гимн бəйгесіне қосуға болмайды» деген дəлелмен
қайтарылған болатын. Десе де, халық жүрегінің қалауы ай-
ныған жоқ. «Менің Қазақстаным» əні бұрынғысынша мектеп-
тер мен балабақшаларда, спорт сайыстарының, салтанат-
ты жиындардың төрінде, саяси науқандардың бел ортасын-
да жарқырап көріне берді.
Сол ілтипат пен ықылас енді оны ресми рəміз тұғырына
апарып қондырып отыр. Лайым ғұмыры ұзақ болғай!
Рəмізтану тарихында Мемлекеттік əнұрандардың белгілі
бір атауға ие болуы аз кездеспейді. Ол да əнұранның қоғам-
дық санада орнығуына, көпшілік жадында жылдам жатта-
лып, берік сақталуына игі ықпал етеді. Осы орайда Қазақ-
стан Республикасының жаңа Мемлекеттік Əнұранының аты
«Менің Қазақстаным» болуы керек, əрине. Бұл – оның негі-
зін ескергенде де, бөлек болмысы мен терең мағынасына
қарағанда да лайықты һəм заңды.
Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Əнұраны –
бойға зор патриоттық сезім ұялататын асқақ та сыршыл əуен.
228
Онда ел деп соққан жүректердің дүрсілі бар. Оның өн бойы-
нан өміршең оптимистік рух лебі еседі. Музыкалық таби-
ғатының марш жанрына жақындығы дауыс ырғағының екпі-
нін арттырып, оған ерекше өршілдік қуат беріп тұр.
Əнұран мəтіні – өлең өрнектерімен өрілген отаншылдық
манифесі іспеттес. Оны поэзия тілінде жасалған елжанды-
лық портреті десе де болады. Əрқайсысы сегіз жолдан тұ-
ратын екі шумақ пен төрт жолдық кайырмада туған жерге,
елге деген махаббат сезімі мен Отан алдындағы перзенттік
парыз жайлы парасатты пайым кең көрініс тапқан. Одан өзі-
нің туған елі үшін, оның ұлы мұраттары жолында «гүлі бо-
лып егілуге, жыры болып төгілуге» əзір азаматтық позиция
айқын сезіледі. Ел азаматтарын «кең-байтақ жеріне», «бірлігі
жарасқан тəуелсіз еліне» деген мақтаныш сезімге бөлейді.
Ежелден «намысын бермеген» халықтың бүгінгі-ертеңгі ұл-
қыздарының аузына «Біздің ел бақытты, біздің ел осындай!»
деген салмақты сөздер салады.
Жаңа əнұран – елімізде мемлекеттік жəне саяси тəуелсіз-
дік идеяларының жүзеге асу процесі барған сайын тереңдей
түсіп келе жатқандығының бір белгісі. Азаматтардың мемле-
кеттік сəйкестігі (государственная самоидентификация) дең-
гейінің өсе түскендігінің айғағы. Сонымен бірге ұлттық сана-
сезімнің əлеуметтік процестерге əсерінің жəне қазақ ұлты
төңірегінде топтасқан барша отандастарымыздың ортақшыл-
дық ниетінің артқанын білдіреді.
Əуені мен өлеңі бір мүддеге қызмет етіп тұрған еліміздің
жаңа музыкалық-поэтикалық эмблемасы, ең алдымен, аза-
маттық асқақ рухтың жаршысы ретінде құнды. Шын мəнінде,
қалғығанды оятып, мойығанды жұбататын, тізерлегенді тік
тұрғызып, ұрандағанды атқа қондыратындай əсерлі де ай-
барлы. Ізгі мақсаттар жолында елдікке, бірлікке шақырады.
Ертеңіне үкілі үмітпен қарап, болашаққа батыл сеніммен қа-
дам басқан барша қазақстандықтардың кəделеп-қастерлейтін
рухани қазынасы деуге лайық.
229
М
емлекеттік əнұран – елдің музыкалық-поэтикалық
эмблемасы, əдеби-сазды төлқұжаты. Ол халық жү-
регінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сəлемхат іспет-
тес. Оның сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұ-
тас шығарманың құрамдас қос қанаты тəрізді.
Өнер туындысының маңызды саяси-əлеуметтік міндет ат-
қаруының астарында айырықша сыр бар. Ол өнердің адам
жанына əсер етіп, оның іс-қимылы мен ой-аңсарына тікелей
ықпал ету қасиетімен байланысты.
Саз бен сөз арқылы өмірдің бүкіл бояуын, тағдырдың
барлық мағыналық-əсерлік болмысын танытуға болады. Олар
адам баласының ішкі дүниесін, жан ауаны мен асқақ аңсарын
жайып салып, жеткізудің ең құдіретті құралдары саналады.
Музыка мен поэзия əлеміне енген адам тылсым табиғат
ырғағын тап басып, керемет күйге бөленеді. Ал ырғақ болса
табиғи жəне əлеуметтік болмыстарды біріктіру арқылы адам
жанында бүкіл тіршілікке деген ортақтас-тық сезім оятады.
Музыка мен поэзияға тəн ішкі үндестік, табиғи жарасым
(гармония) тіршілікке сұлулық əрін беретін керемет қасиет-
ке жатады. Олардың адам жүрегінің қақпасын ашар құпия
кілті де осы.
Əн мен күй Ұлы дала көшпелілерінің де табиғатпен тіл-
десу, сырласу мен мұңдасу құралы болған. Олардың түсі-
нігінде бүкіл дүние əн салады. Сайын дала да, саумал көл
де, тəкаппар тау шыңдары да, асау толқын мен ақ селеу, са-
мал жел мен сансыз жұлдыздар да өзінше күй ұқтырады.
Мұңаяды, қуанады. Айнала толған əн болса, өз тыныс-тір-
шілігіңді одан қалай бөліп аларсың?
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |