Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том



жүктеу 8.18 Kb.

бет10/16
Дата22.12.2016
өлшемі8.18 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Жұлдыз  бейнесі  ұлттық  тулардың  төрттен  бірінен 
астамында  кездеседі.  Олардың  саны  көп  ретте  елдегі 
аумақтық  бөліністердің  санына  қарай  айқындалады. 
Марокко  туындағы  бесбұрышты  «Сүлеймен  жұлдызы-
ның» бұрыштары рух, ауа, от, су жəне жер нышаны деп 
есептеледі.  Израилдің  алты  бұрышты  «Давид  жұлдызы» 
бейнеленген туы діни мəнімен танымал.

184
қарағайдай пəленшекесі» деп жатамыз кейде. «Ал содан не 
мүйіз шықты?» деп келетін сөз орамдары да жеткілікті.
«Өтеген батыр» жырында бас кейіпкердің айырықша ны-
шаны ретінде «Қасара біткен қос мүйіз батырлықтың белгісі 
ед» деген жолдар бар.
Мүйіз түріндегі заттар мен бейнелер ертеде əскери байрақ 
тутұғырының  ұшар  басында,  діни  əдет-ғұрыптарды  атқару 
кезінде  кең  пайдаланылған.  Тəңір  құты  ретінде,  көбею  мен 
жолы  болудың  нышаны  ретінде  оның  орны  жоғарыда  деп 
есептеледі.
Мемлекеттік  елтаңбада  қос  бірдей  ай  мүйізді  əпсаналық 
арғымақтар бейнеленген. Олар киелі шаңырақты қос қапта-
лынан орап, пəле-жаладан, қауіп-қатерден қызғыштай қорып 
тұрғандай  əсер  қалдырады.  Ортақ  үйіміз – қасиетті  Ота-
нымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді. Тəуелсіз 
Алдын ала белгі ретінде құпияланбай тұрып, əлеуметтік 
тұқым қуалаушылық арнасына ештеңе де түспейді.
М. Петров
Бесбұрышты жұлдыз бейнелі 
жапсырмалар

185
елімізді көздің қарашығындай қастерлеп, сол жолда жан са-
ла  қызмет  ету – қиялдағы  қанатты  пырақтар  бейнесінің  ас-
тарында жатқан басты лейтмотивтердің бірі.
Мемлекеттік  елтаңбада  бес  бұрышты  жұлдыз  бар.  Ол 
тəуелсіз  мемлекетіміздің  құшағы  бес  құрлыққа  бірдей  айқара 
ашық, əлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай 
отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға мегзейді.
Адамзат  баласы  жұлдызды  билік  белгісі,  өмірлік  бағыт-
бағдарды  айқындайтын  жарық  сəуле,  асқақтық  пен  мəңгілікке 
құштарлық  символы  ретінде  өте  ерте  замандардан  бері  пай-
даланып келеді. Жұлдыз сөзі қолданылып жасалған гераль-
дикалық  (рəміздік)  девиздер  қаншама.  Мысалы, «Аd astra 
(Жұлдыздарға  жол), «Аstra peti» (Жұлдызды  биіктерге  ұм-
тылу), «Fige ocd astra» (Сенім  арқылы  жүлдыздарға  жету), 
«Реr, аsреrа аd astra» (Бұрылыс-бұлаңдарды басып, жұл-
дыздарға қол созу). Бесбұрышты жұлдыз суреті көне түркі 
мəдениеті мұраларында (мысалы, Күлтегін ескерткішінде) 
кездеседі.
Қазақ  тілінде  «сəті  түсу», «жолы  болу», «бақыт»  деген 
ұғымдарды  беретін  қанатты  ойлардың  көбі  «жұлдыз»  сөзін 
пайдалану арқылы өрнектеледі. «Айың тусын оңыңнан, жұл-
дызың  тусын  солыңнан», «Бағың  ашылып,  жұлдызың  жар-
қырай берсін», «Жұлдызы жанған адам» деген сөз тіркес-
тері соның айқын дəлелі.
Жұлдыз кеңестік ресейдің рəміздік жүйесінің төл белгі-
лері қатарына жатпайды. Оны алғаш дворяндар іш тартқан. 
А.С. Пушкин олардың демократиялық аңсарын 1818 жылы 
жазылған «Чаадаевқа» деген өлеңінде:
Сенгейсің, жолдас, жанады əлі,
Жұлдызы жауһар бақыттың,
Оянып Ресей ұйқыдан... – 
деген əйгілі жыр жолдарымен білдіргені белгілі.
Бесбұрышты жұлдыз РКФСР-дің əскери омырау белгісі ре-
тінде  əскери  істер  жөніндегі  Халық  комиссарының  шешімі-
мен 1918 жылғы 19 сəуірде бекітілді. Бас киімге де тағылатын 
болды. 1918 жылдың 7 мамырына дейін оны əскери емес, 

186
жай адамдар да пайдаланды. Тек əскери істер жөніндегі Ха-
лық  комиссарының  арнаулы  бұйрығы  шыққан  соң  ғана  жай 
адамдар тақпайтын болды. Бұйрықта белгіленген тəртіпті 
орындамағандар əскери трибунал алдында жауап беретін 
болады деген қатаң талап қойылған еді.
Бесбұрышты  жұлдыз  Ресейдің  мемлекеттік  елтаңбасын-
да  да  бірден  пайда  болған  жоқ. 1920 жылғы 20 шілдеде 
мақұлданған  жобада  ол  жоқ  еді.  Ал  алғаш  рет  Латвияның 
мемлекеттік елтаңбасында қолданылды. Ол шешім 1919 жыл-
ғы 13–15 қаңтарда  Ригада  өткен  Жұмысшылар,  жері  жоқтар 
жəне əскери атқыштар депутаттары Кеңесінің I съезінде қа-
былданған Республика Конституциясында бекітілді. Бесбұрыш-
ты жұлдыз латыш атқыштарының əскери белгісіне айналды.
Жанында  жарты  ай  бейнесі  бар  бесбұрышты  жұлдыз 
1920 жылы Хорезм жəне Бұхар Халық Республикаларының 
алғашқы елтаңбаларында көрініс тапты.
ХVІІ–ХVІІІ  ғасырларда  бес,  алты  жəне  сегіз  бұрышты  жұл-
дыздар патшалық Ресейдің бірқатар қалалық, уездік жəне 
облыстық  елтаңбалық  белгілерінде  бейнеленді.  Олардың 
арасында  Семей  қаласының (1851 жылғы 13 қарашада  бе-
кітілген)  жəне  Семей  облысының (1878 жылғы 5 шілдеде 
бекітілген) ресми рəміздері бар. Олардың сипаттамаларын-
да «...күміс ай мен бес бұрышты жұлдыз» деп аталған.
«Жұлдыз»  жəне  «бес»  ұғымында  терең  нышандық  байла-
ныс  бар  екендігі  назар  аударарлық.  Біздің  заманымыздан 
бес мың жыл бұрын мысырлықтар ғарыш ұғымын беретін бес 
санын  жұлдыз  суретімен  көрсететін  болған.  Бес  саны  ақиқат, 
əділдік  жəне  əділет  құдайы  Маат  қолында  деп  есептелетін 
тағдыр  ұғымын  да  берген.  Бес – ақиқат  пен  əділеттің  ең 
жоғарғы өлшемі. Білімді бес баллдық жүйемен бағалау дəс-
түрі осыдан шыққан.
Бесбұрышты жұлдыз белгісі пифогорлықтар ілімінде өз-
геше  орын  алады.  Олар 5 (пентада)  жұп (2) жəне  тақ (3) 
сандардың одағы ретінде рухтың заттық табиғаттан биіктігін 
бейнелейді деп есептейді. Бес саны – табиғаттың символы. 
Өйткені,  оның  өзін  өзіне  көбейтер  болсаң (5x5=25), жерге 
себілген дəн тəрізді қайтадан өзін тудырады. Оны тепе-теңдік 

187
саны деп те атайды. Өйткені, кемел сан – 10-ды тең екі бөлік-
ке  бөледі.  Адам  үшін  ең  жоғары  құндылық  денсаулық  деп 
білген пифагорлықтардың бір-біріне хат жазған кезде алғаш 
қағазға  түсіретін  белгісі  осы 5 саны  болған.  Ол  амандасу 
рəсімін, «сау-саламат болыңыз» деген ұғымды білдіретін еді.
Символизм  канондары  бойынша  бесбұрышты  жұлдыз  ға-
рыштық  бейнеге,  адам  формуласына  жатады.  Ертеде  оны 
тұмар  ретінде  абыздар  ғана  пайдаланған.  Оның  суреті  жа-
мандық  біткеннен  қорғайтын  кие  саналған.  Бесбұрышты  жұл-
дыздың  мұндай  қасиеті  Гетенің  «Фауст»  поэмасында  пайда-
ланылған.  Онда  Мефистофель  бесбұрышты  жұлдыз  суреті 
салынған есіктен қорқатыны жөнінде сюжеттік желі бар.
Бесбұрышты жұлдыз – таңмен бірге туатын Шолпан жұл-
дызының белгісі.
Таң  жұлдызы  қашанда  ізгі  армандардың  жүзеге  асуына 
жол ашып, игі мұраттарға жөн сілтейтін аспан шырағы ретін-
де адамдар санасында айырықша қастерлі орын иеленді.
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасында 
терезесі тең тəуелсіз мемлекет құру, адамзат көшіндегі осы 
заманғы  дамыған  елдер  қатарына  қосылу  жөніндегі  ізгі  ниет-
тің  жəне  осы  жолда  барлық  бес  құрлық  мемлекеттерімен, 
халықтарымен  ашық  қарым-қатынас  жасауға  деген  ұмтылыс-
тың белгісі.
Ел аты мемлекеттің лингвистикалық жəне этно-мəдени 
рəмізі  болып  саналады. «Қазақстан» (қазақ – этнос  атауы, 
стан – парсы  тілінде  ел  ұғымын  білдіретін  сөз) – мемлекет 
атауы ретінде ежелден қолданылып келе жатқан термин. Мы-
салы, араб тарихшысы Зайд-ад-дин Уасифи «Таңғажайып 
оқиғалар» («Бидаи аль-Вакаи») деген үлкен еңбегінде 1516–
1517  жылдар  шамасындағы  бір  оқиғаны  суреттей  отырып, 
шайбанидтер  ханы  қазақтарға  қарсы  жорыққа  əзірлік  үстін-
де  Қазығұрт  тауының  етегінде  əскер  жиып,  Сайрам  бойы-
нан  «Қазақстанға  қарай»  тартты  деп  жазады.  Византия  им-
ператоры  Константин  Порфирородный (X ғ.)  Кубаньның  шы-
ғыс жағын мекендеп отырған елді «Казахия» деп атайды. 
«Закхиядан  əрі  Панагия,  Панагиядан  əрі  Казахия,  ал  одан 
əрі  аландар  отаны»  деп  жазады  ол. «Тан  əулетінің  тарихы» 

188
(VII ғ.) атты қытай жылнамасында: «Парсылар Шығыста то-
харлармен  жəне  қаңлылармен  шектеседі,  ал  олардан  əрі 
қиыр солтүстікке қарай түркі ұлысы – қасалар (қазақтардың 
көне  деректерде  қолданылған  атауларының  бірі)  тұрады» 
делінеді. Парсы тілінде жазылған «Əлем шекаралары» (982 
ж.)  деген  кітапта  «Аландар  елінде  қасақ  ұлысы  бар»  де-
ген  жолдар  кездеседі.  Шығыстың  ұлы  классигі  Фирдоусидің 
«Шахнама» дастанында «қазақ елі», «қазақ хандығы» Арал 
теңізінен  солтүстікке  қарай  көсіліп  жатқан  сайын  даланы 
мекендейтін  сайыпқыран  халқы  бар  аса  қуатты  əрі  саны 
мол  ел  деп  көрсетеді.  Дастанда  осынау  күшті  мемлекеттен 
Тұранның  сол  тұстағы  ең  құдіретті  патшалықтарының  бірі 
Иранның өзі сескенетіні де сездірілген. Жан-пуль – Стэнли, 
А.П. Чулошников сияқты тарихшылардың пікірі де осыған 
саяды.  Никон  жылнамасы  бойынша  Шыңғыс  хан  славян 
князьдіктеріне алғаш шабуыл жасағанда (1223 ж.) Кавказ 

189
тауы жағынан қазақ жерін басып өткен. Араб жиһангері жа-
зушы  Эль-Ауфидің  «Таңдаулы  əңгімелер  мен  аңыздар  жи-
нағы»  атты  кітабында: «Алтайда  қарлықтар  тұрады...  Олар 
тоғыз  ұлысқа  бөлінеді,  ішінде  үш  «шіңгіл»  жəне  үш  «қазақ» 
ұлысы бар» деген дерек аталады. 1582 жылы араб тарихшы-
сы  Сейфи: «Қырғыздардың  қасындағы  көршілері – қазақтар. 
Олар – 200 000 отбасы. Өздері – мұсылмандар, Имам Ағзам 
(Абу  Ханифа)  жолын  ұстайды», – деп  жазады  (Қараңыз: 
В.В. Бартольд. Очерк истории Семиречья, 96-бет).
Қазіргі  Қазақстан  аумағында  ерте  дəуірлерден  бері  та-
лай  мемлекеттік  құрылымдар  дүниеге  келген.  Олардың  құ-
рамында  бүгінгі  қазақтардың  ата-бабалары  болып  табыла-
тын əр түрлі тайпалар мен рулардың да болғаны анық.
Қазақ этносының атымен аталған мемлекеттік құрылым 
1466  жылы  тарих  сахнасына  шықты.  Ол – Қазақ  хандығы 
(Қазақ ордасы) деп аталды. Негізін салған – қазақ хандары 
Керей мен Жəнібек. Қазақ хандығы XVIII ғасырға дейін өмір 
сүрді.  Кейін  қазақ  жері  Ресейге  қосылды. XX ғасырдың  ба-
сында, 1917 жылдың ақпанында, «Алашорда» атты мемле-
кет  құруға  əрекет  жасалды.1920  жылы 26 тамызда  РКФСР 
құрамына  сол  кездегі  Семей,  Ақмола,  Торғай,  Орал  губер-
ниялары жəне Астрахан губерниясының қазақтар тұратын 
бөлігі енген Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1924 жылға дейін Қазақ-
станның қазіргі жер аумағының біраз бөлігі Түркістан АКСР-нің 
құрамына енді). 4 қазанда Астана атанған Орынборда КАКСР 
Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, республикалық жоғары бас-
шылық  органдар  сайланды.  ҚАКСР  ОАК  төрағалығына – 
С.М.  Меңдешев,  ҚАКСР  ХКК  төрағалығына  В.А.  Радус-Зень-
кович  өтті.  Ол 1925 жылғы 19 сəуірде  Қазақ  АКСР-і  атанып, 
1936 жылғы 5 желтоқсанда Қазақ КСР-і болып қайта құрыл-
ды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда  жаңа  егеменді  қазақ  мем-
лекеті  Қазақстан  Республикасы  (Қазақстан)  деген  ресми  атау 
алғаны жоғарыда айтылды.
Орыс тілінде «казах», «Казахстан» деп айту-жазу тəжіри-
бесі 1936 жылдан басталды. Тиісті Үкімет қаулысы шыққан-
ға  дейін  «казак», «Казакстан»  үлгісі  пайдаланылып  келген 
болатын.

190
1936  жылдың  ақпан  айында  Қазақ  автономиялық  Кеңес-
тік  Социалистік  Республикасының  (Қазақ  АКСР)  Орталық 
Атқару Комитеті мен Халық комиссарлар Кеңесі қабылдаған 
бұл  құжат  «Қазақ»  сөзінің  орысша  айтылуы  мен  жазбаша 
таңбалануы  туралы»  деп  аталады.  Қазақ  АКСР  Орталық 
Атқару  Комитеті  төрағасының  орынбасары  Əліби  Жангел-
дин  Қазақ  АКСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы 
Ораз  Исаев  қол  қойған  қаулының  бірінші  бабында: «Қазақ-
ты»  орысша  барынша  дұрыс  айту  үшін  осы  сөздің  қазақша 
айтылуына  жəне  жазбаша  таңбалануында  «казак»  сөзінің 
соңғы  əрпі  «х»  əрпімен  алмастырылсын,  осыған  байланыс-
ты «казак» емес «казах» деп, «Казакстан» емес «Казахстан» 
деп жазылатын болсын», – дейді.
1997 жылы ел атауының ағылшын тіліндегі ресми транс-
крипциясы бекітілді («Кazakhstan»).
В. Гинзбург пен Н. Залкиндтің «Антропология жəне этно-
графиялық музей» жинағының XVI томында (1955 ж.): «Қазақ 
халқының  антропологиялық  типі  Оңтүстік  Сібірдің  өте  ер-
теден  келе  жатқан  халықтарының  негізінде  Орталық  Азия-
дан,  Оңтүстік-Шығыс  Сібірден  келіп  қосылған  жұрттармен 
бірігіп, VІІ–VІІІ ғасырлардан ХІІ–ХІV ғасырларға дейін өз ал-
дына  жеке  антропологиялық  тип  болып  қалыптасқан»  де-
ген  ғылыми  қорытынды  жасалады.  М.  Ақынжанов  «Қазақтың 
тегі  туралы»  деген  кітабында  «Қазақ  халқының  халық  болып 
құрыла  бастауы  əрісі  Түркеш  ұлыстық  одағы (704–766 ж.ж.), 
Қанатты барыс. 
Құрбандық шалу 
үстелінің бір бөлшегі. 
V–III ғ.ғ.

191
берісі оның орнына өрісін кеңейте жасалған Қарлұқ ұлыс-
тық одағы (766–940 ж.ж.) кезінен басталады» деп есептейді. 
Еуразия  төріндегі  Ұлы  дала  төсінде  тамырын  тереңге  жайып, 
тірлік  кешкен  қазақ  этносының  қалыптасуына  қатысты  осы 
мерзім  Қазақстан  тарихына  арналған  басқа  ірі  зерттеулерде 
де  аталады.  А.  Вамбери  қазақтар  «физиологиясы,  тілі  мен 
əдет-ғұрпы  жөнінен  өзінің  ежелгі  тегіне  ең  жақын»  ұлт  деп 
саналатынын ашық жазған.
Ал  осы  заманғы  Тайвань  ғалымы  Чжен  Кун  Фу: «Қазақ 
халқы – табиғи  орта  жағдайында  сақталып  қана  қоймай, 
оның  үстіне  сол  табиғи  ортаны  осы  күнге  дейін  қаймағын 
бұзбай  сақтай  алған  əлемдегі  аз  ғана  ұлттардың  бірі.  Ха-
лықтың өткеніне көз жіберсеңіз, қазақтар мыңдаған жылдар 
бойы осы кең далада барлық ресурстарды ақылмен пайда-
ланып,  өмір  сүргеніне  анық  көз  жеткізесіз.  Олар  қоршаған 
ортаны  қиратуға  немесе  өзгертуге  ұмтылмаған,  сондықтан 
да əлеммен əдемі жарасым тапқан. Сондықтан да олар қазір 
Ұлы  даланың  бірден-бір  қожасы  ретінде  өздерінің  тəуелсіз 
мемлекетін – Қазақстан Республикасын құрып отыр» дейді.
Расында да, біздің мемлекетіміздің тарихы сонау өткен 
ықылым  замандардан  бастау  алады.  Ол  Ұлы  дала  тағды-
рымен тығыз байланысты.
Ол – доңғалақты, киіз үйді, жебе мен темір дулығаны ой-
лап  табу  тарихы.  Оның  даңқы  аты  аңызға  айналған  скиф 
ғұламасы  Анахарсис  жəне  Аристотельден  кейінгі  екінші  ұс-
таз  атанған  Шығыстың  ұлы – энциклопедист  ғалымы  əл-
Алтын қаптырма. 
Есік қорғаны. 
Б.з.д. V–І V ғ.

192
Фараби есімдерімен, кезінде бүкіл дүниеге мəшһүр Алек-
сандрия  кітапханасымен  бақ  таластырған  ғажайып  Отырар 
кітапханасымен  шыққан.  Ол – ұлы  қолбасшылар  Мөде  мен 
Аттила, əйгілі əйел патша Томирис, Мысыр мамлюктерінің кө-
семі  Бейбарыс  есімдерімен,  олардың  Кир  патша  мен  Алек-
сандр  Македонский  жауынгерлерін  жерге  қаратқан  жеңісте-
рімен даңқты ғаламат əскери өнер тарихы.
Ол – алты  ғасыр  бойы (VІ–ХІІ  ғ.ғ.)  əлемнің  Шығысы  мен 
Батысының  бірден-бір  алтын  көпірі  болған,  аймақтың  эко-
номикалық  дамуының  бірден-бір  көзі  қызметін  атқарған  əрі 
жалпы əлем экономикасының жағдайына тікелей əсер еткен 
Ұлы Жібек жолының тарихы.
Ол – Талас  жəне  Орхон-Енисей  ескерткіштерінде,  Жетісу-
дан  табылған  «Алтын  адам»  көмбесінде  ізі  қалған  көне 
түркі  жазуы  жəне  төлтума  өнердің  тарихы.  Оның  бойында 
таңғажайып  музыка  мəдениеті  мен  əдебиет  тарихының  та-
мыры бүлкілдейді.
Бағзы бабалар қолданған жазулар мен жасаған көне əде-
биет туралы дерек Қытай саясатшысы Чжан Цянь жазбала-
рында кездеседі. Ол б.з.д. 140–127 жылдары барлығын қос-
қанда  он  үш  жылдай  уақыт  қазіргі  қазақ  халқының  құра-
мындағы  үйсін,  қаңлы  жəне  басқа  тайпалардың  ортасында 
өмір сүрген. Өз еңбегінде олардың төл жазуы бар деп ха-
барлайды.
Қытай  саяхатшысы  көрсеткен  өңірлерде  жүргізілген  ар-
хеологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде 15 ескерткіш  тас 
Қырлы шың жақта қарайып, 
Мүсін тұр басын күн сүйген. 
Шеберде болар бар «айып», 
Қаракөз қызды шын сүйген. 
Қыз-бейне содан қашаған, 
Сыр түйіп ерін, жанарға. 
Тіл бітсе кенет, о, жасаған, 
Қыпшақша əнге салар ма?
С. Марков

193
табылған. Оларды ғалымдар «Талас руникалық жазуы ес-
керткіштері» деп атады. 1896 жылы В.А. Каллаур тауып ал-
ған  «Талас  тасы»  деп  аталатын  көш  жəдігер V–VII ғ.ғ.  дү-
ниесі  ретінде  тіркелген. 1963 жылы  аталмыш  дəуір  жазба 
мəдениетінің  тағы  бір  үлгісі  Түркістан  қаласы  маңындағы  Ар-
тық  (Архук)  қалашығының  орнынан  қазып  алынған  тас  ес-
керткіштен  танылып,  оқылды.  Оны  зерттеген  белгілі  тілші-
ғалымдар Ғ. Мұсабаев пен А. Айдаров.
Қазақ  даласында  орта  ғасырларда  дүниеге  келген  мəде-
ниет  үлгілерінің  кейбір  нұсқаларын  əлем  кітапханаларынан, 
мысалы Париждегі Ұлттық кітапхана жəне Армениядағы «Ма-
тенадаран» кітапханасы сирек кездесетін жазбалар қорынан 
кездестіруге болады.
Көне  түркі  тілінде  мемлекет,  тайпалық  одақ  жəне  ұлыс 
ұғымдары «ел» деген сөзбен өрнектелгеніне назар аударған 
жөн.  Орхон-Енисей  ескерткіштерінде (VІІ–ХІІ  ғ.ғ.)  осылай  тас-
қа қашалған. Қазір де осылай жазып, осылай сөйлейміз. Тек 
қазақтарда  ғана  емес,  тувалықтарда  да,  қырғыздарда  да, 
хакастарда  да,  шорларда  да,  алтайлықтарда  да,  басқа  да 
бірқатар  түркі  тектес  халықтарда  да  солай.  Ту,  шекара  жəне 
елші сөздерінің тағдыры да осындай.
Сол сияқты қаған (Киев княздері Владимир жəне оның ба-
ласы Ярослав Мудрый өздерін қаған атаған), хан, орда, төре, 
ер, батыр, шеру, ұрыс, ұлыс, оқ, қылыш, т.б. сөздері де осы 
заманға шейін айтарлықтай көп өзгеріске ұшырай қоймаған.
Ғалымдардың ортақ пікірі бойынша, қазақ тілі əлемдегі 
түркі тілдері арасындағы ең көнеден бастау алған жəне бас-
қа тілдердің ықпалына көп түспеген, сол сияқты өте бай əрі 
сұлу  тілдердің  бірі.  Ғалымдар  Қазақстан  аумағында  сонау 
VI  ғасырда  төл  əліпбиі  бар  көне  түркі  жазуы  пайдаланылған 
деп есептейді.
Х–ХІ  ғ.ғ.  араб  жазуына  көшу  жүзеге  асырылған.  Бұл  əліп-
би XX ғасырдың 20–30 жылдарына  дейін  пайдаланылды. 
Сонан  кейін  біраз  уақыт  жеңілдетілген  араб  жəне  латын 
əліпбилері  қолданылды.  Қазіргі  қазақ  əліпбиі  орыс  жазуы 

194
мен  фонетикасының  негізінде  жасалған, 1940 жылдан  бері 
қолданылып келеді.
Қаратау  жоталарында,  Есіл  өзенінің  жоғарғы  сағасында, 
Сарысу бойында, Балқаш көлінің маңында жəне Маңғыстау-
да  тауда  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстары  Қа-
зақстан  аумағында  адамдар  тас  дəуірінде  тіршілік  етіп,  от-
пен,  садақпен,  жебемен,  балтамен,  дəн  уатқышпен  пайда-
ланылғанын дəлелдейді.
Неолит дəуірінде тоқымашылық, құмыра жасау жəне кен 
қазу жұмыстарының қарапайым түрлері өмірге келген. Ал 
қола дəуірі – бұл полиметалдар мен еңбек құралдарын иге-
ру, қару-жарақ жəне сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа заттар-
дан  жасалған  əшекей  бұйымдар  қолдану  кезеңі.  Жезқазған 
жəне Зырян, Атасу жəне Қалба, Нарын, Степняк жəне Ақжол 
маңында  барлығы  жүзге  жуық  көне  кеніш  жəне  металл  құю 
Көшпелілердің көне байрақтары

Қимақ
-қыпшақт
ар
 е
лінің
 карт
асы
. X 
ғ. (
Əл
-Идрисидің
 «
Əле
м
 шекара
лары
» 
кіт
абынан
, XI 
ғ.)

196
шеберханаларының орындары табылды. Өндірілген кен жə-
не  қорытылған  металл  төл  қажеттіліктерге  ғана  емес  бас-
қалармен айырбас құралы ретінде де пайдаланылған.
Өткен  дəуірдің  соңына  қарай  жəне  жаңа  жыл  санауы-
мыздың  басында  еліміздің  оңтүстігінде  жоғары  дəрежеде 
дамыған мал шаруашылығымен қатар суармалы егіншілік 
те  өрбіді.  Отырықшылық  жəне  егіншілік  аймақтары  барған 
сайын кеңейе түсті. Малды жеке меншікке айналдыру үрдісі 
орнықты.
Экономикадағы  өзгерістер  рухани  мəдениеттің  дамуына, 
қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінің жетілуіне негіз болды.
Ұлы  дала  төсінде  өткен  өмірді  халықтың  тарихи  зерде-
сінде қайта оятуға археологиялық қазба жұмыстардың нəти-
желерімен қатар белгілі жазба мұралар да көмектеседі. Олар – 
«Авеста», «Шахнама»,  көне  түркі  жазбалары  ескерткіштері, 
Рашид-ад-диннің, Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбектері, 
көне  қытай,  моңғол,  Византия  жəне  орыс  жылнамалары.  Те-
рең  білім  көздеріне  сол  сияқты  «тарихтың  атасы»  атанған 
Геродоттың  (б.з.д. V ғ.)  Полибидің  (б.з.д.  ІV–ІІІ  ғ.ғ.), «Қытай 
тарихының атасы» Сыма Цянь (б.з.д. I ғ.), Гомер, Константин 
Багрянородный,  Плано  Карпини,  Марко  Поло,  Г.  Рубрук, 
А. Вамбери, Өтеміс қажы, Фазылаллах ибн Рузбихан Исфа-
хани,  əл-Фараби,  Абылғазы,  Махмуд  Қашқари,  Қадырғали 
Жалаири  шығармалары  жатады.  Оған  қоса  аса  ауқымды 
бірақ  аз  зерттелген,  тарихнама  айналымына  əлі  аз  енгізіл-
ген араб жəне парсы тілдеріндегі əдебиеттер бар.
Халқымыздың  өткені  туралы  «Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу», 
«Қыз Жібек», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», 
«Қырымның  қырық  батыры»  циклы  жəне  басқа  эпикалық 
туындылар көп сыр шертеді.
Өкінішке орай, біздің халқымыз бен қоғамымыздың толық 
əрі ғылыми жүйеленген тарихы əлі жазылған жоқ. Нағыз та-
рихымыз тек XX ғасырдан бастау алады, қандай да болсын 
дара  болмыс-бітіміміз  туралы  сөз  етуге  хақымыз  жоқ  деген 
көзқарас бел алған кезеңді бастан өткергенімізге де көп бола 
қойған жоқ.

197
Ағаш  тамырсыз  болмайтыны  тəрізді  халық  та  тарихсыз 
болуы  мүмкін  емес.  Ертеңнен  үміті  барлардың  əлі-ақ  көңіл 
көзі  ашылары  сөзсіз.  Ұмытшақтық  та  өтер.  Мəңгүрттік  емес, 
жақсы  зерде  ғана  адамның  бойына  сенім  ұялатып,  келе-
шекті  айқын  сезінуге  көмектеседі,  жақсылық  жасау  мен  жа-
сампаздыққа  ұмтылдырады.  Тарихты  танып-білу  өз  болмы-
сыңды  тану  үшін  жəне  тарихыңның  бүкіл  адамзат  тарихы-
ның бір бөлшегі əрі басқа халықтардың тарихымен тамырлас 
екенін сезіну үшін қажет.
Қазақстан  тарихына  қатысты  түпнұсқа  материалдарды 
жүйелеуге  ниеттеніп,  қыруар  игі  қадамдар  жасаған  ғалым-
дардың  арасында  А.Н.  Левшин,  В.В.  Бартольд,  А.Н.  Бичу-
рин,  В.В,  Радлов,  Л.Н.  Гумилев,  Н.И.  Карамзин,  Н.А.  Арис-
тов,  С.Е.  Малов,  В.В.  Вельяминов-Зернов,  А.Н.  Бернштам, 
В.М. Массон, Г.Е. Грум-Гржимайло, В.В. Григорьев, Н.Г. По-
танин, С.Г. Кляшторный т.б. бар. Осы бағыттағы Ш. Уəлиха-
нов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпеев, М. Тынышбаев, Е. Бекма-
ханов, С. Аманжолов, Ə. Қоңыратбаев, Ə. Марғұлан, М. Қо-
зыбаев,  М.  Ақынжанов,  Т.И.  Сұлтанов,  т.б.  еңбектері  зор.  Ха-
лықтың  тарихи  болмысын  танып-білуге  бағытталған  бұра-
лаңды  жолдың  ірі  белестері  ретінде  Қазақстанның  он  екі 
томдық  энциклопедиясын  жəне  «Қазақ  ССР-ның  көне  за-
мандардан  осы  кезге  дейінгі  тарихы»  атты  бес  томдық  ака-
демиялық басылымды атауға болады.
Тарихты  оқып-үйрену  арқылы  ұлттық  сана-сезімді  ояту – 
жан-жақты  процесс.  Осы  арада  деректерді  тарихи  көркем-
дік таным арқылы қорытып, жүйелеудің маңызы зор. Мұн-
дай  қаракет бізде I. Есенберлин. М. Мағауин, Ə. Кекілбаев, 
М. Симашко, О. Сүлейменов, Қ. Мырзалиев, Ж. Молдағалиев, 
Д. Досжанов, Б. Жандарбеков сияқты белгілі ақын-жазушы-
лардың  есімімен  байланысты.  Соңғы  кезде  тарихи  білімді 
көпшілік  қолды  əдебиетке  айналдырушылар  пайда  бол-
ды.  Бұл  олардың  адамдардың  өздерінің  өткенін  білуге  де-
ген  қажеттілігінің  өсуіне  жəне  авторлардың  тарихи  ақтаң-
дақтарды  толтыруға  деген  талпыныстарының  əсерінен  өріс 
алған құбылыс. Төл тарихымызды қазіргіден кеңірек əрі те-
рең  зерттеу  далалық  өркениет  жағдайында  қалыптасқан 

198
адамзат  тəжірибесінің  болмыс-бітімін  барынша  айқындап  бе-
рері  сөзсіз.  Əлемдік  тарихнамада  сақтар  (б.з.д. VІІ–VІ  ғ.ғ.), 
массагеттер.  үйсіндер  (б.з.д.  ІV–ІІІ  ғ.ғ.)  қаңлылар  (б.з.д.  ІІ–
І  ғ.ғ.),  сарматтар  (б.з.д. I ғ.),  аландар (I ғ.)  жəне  ғұндар (III ғ.), 
жалайырлар,  дулаттар,  арғындар  мен  алшындар  əр  түрлі 
мемлекеттік құрылымдар құрғаны белгілі.
Ғұн  империясы  ыдырағаннан  кейін  тарих  сахнасына  Түркі 
қағанаты (VІ–VІІІ ғ.) шықты. Астанасы Шу өзенінің бойында-
ғы  Суяб  қаласы  болған  Батыс  түркі  қағанатының  құрамына 
көптеген  қазақ  тайпалары  (жалайыр,  арғын,  алшын,  қоңырат, 
найман  т.б.)  енді.  Оның  жер  көлемі  Ғұн  империясынікінен 
əлдеқайда артық еді. Түркі қағанатының орнын Түргеш (VIII ғ. 
40 жылдары), Қарлұқ (766–940 ж.ж.) қағанаттары басты. Кейін 
Қараханидтер  мемлекеті  (Х–ХІ  ғ.ғ.)  дүниеге  келді.  Астана-
сы – көне Тараз. ІХ–Х ғ.ғ. Орталық Қазақстан мен Сырдария 
өзенінің төменгі ағысы тұсындағы жерлер тарихта оғұз аты-
мен танымал түркі тілдес тайпалар одағының құрамына енді. 
Бұл  мемлекеттің  астанасы – қазіргі  Қызылорда  облысының 
жеріндегі ежелгі Янгикент қаласы. Оғұздардың батыстағы 
көршілері  Еділ,  Жайық  бойындағы  печенегтер  болатын.  Сол-
түстік пен Солтүстік шығыста қимақ (VІІ–ІХ ғ.ғ.), керей, най-
ман (ІХ–Х ғ.ғ.), қыпшақ мемлекеттері құрылды.
1218  жылы  аймаққа  Шыңғыс  хан  əскерлері  басып  кірді. 
Одан кейінгі тарих парақтары Алтын Орданың оның Шығыс 
қанаты – Көк  Орда  (астанасы – Сырдария  өзенінің  бойын-
дағы Сығанақ қаласы) жылнамасымен тығыз байланысты.
1456  жылы  Қазақ  Ордасы  (Қазақ  хандығы)  құрылды.  Оған 
негіз  болған  оқиғалар – Шыңғыс  əулеттері  арасындағы  би-
лікке  талас,  Ақсақ  Темірдің  Алтын  Орданы  күйретуі,  Өзбек 
ұлысындағы Əбілқайыр хан билігінің əлсіреуі. Дер кезінде 
жасалған  сəтті  қадам  Керей  мен  Жəнібек  хандардың  қазақ 
мемлекеттігінің  негізін  қалауына  мүмкіндік  берді.  Кейін  қазіргі 
Қазақстанның  аумағын  түгел  қамтыған  жаңа  мемлекеттік  құ-
рылыс жүйесі, сот ісі мен дипломатиясы қалыптасты.
Дала  көшпелілерінің  Қасым  ханның  «Бес  жарғысы»,  Тəу-
ке  ханның  «Жеті  жарғысы»  аталған  төл  конституциялары 
болғаны  белгілі.  Оларда  қоғамдық,  діни,  халықтық  салт-дəс-
түрлер терең көрініс тапқан.

199
Қазақ  хандығының  жеке  мемлекет  ретінде  өмір  сүруі  төл-
тума мəдениеті, əдебиет пен өнерді сақтап, одан əрі дамы-
туға  жəне  Еуразияның  күрделі  тарихи  бұралаңдарында  ұлт 
ретінде сақталуға мүмкіндік берді. Қазақ Ордасының аста-
насы  мұсылман  əлемінде  Меккеден  кейінгі  танымал  киелі 
орындардың бірі – Түркістан қаласы.
Əлем тарихын зерттеуші ғалымдар адамзаттың даму жо-
лын үш кезеңге бөледі. Олар: 1) антикалық – орта ғасырлық 
кезең  (б.з.д. III ғ. – XV ғ.); 2) жаңа  тарих  (ХV–ХХ  ғ.ғ.)  жəне 
3)  қазіргі  тарих  (ол 1914–1918 ж.ж.  алғашқы  дүниежүзілік 
соғыс  кезінен  басталады).  Екінші  кезеңде  əлемдік  рынок 
қалыптасқан. Осы кезеңде құрылған Қазақ хандығының тағ-
дыры  көрші  мемлекеттер  халықтары  тағдырымен  тығыз  бай-
ланысып  жатыр.  Жоңғариямен  арадағы  көп  жылдық  соғыс 
ақырында  жеңіспен  аяқталды.  Еуразия  арасындағы  көшпе-
лілердің соңғы мемлекеті Қазақ Ордасы болып қалды.
Қос  өкпесінен  бірдей  Қытай  мен  Ресей  империялары  қыс-
қан,  оның  үстіне  Орта  Азияның  басқа  да  мемлекеттерімен 
бəсекеге  түскен  күрделі  жағдайда  өмір  сүру  оңай  болған 
жоқ.  Бірақ  Абылай  хан (1711–1781 ж.ж.)  тəрізді  көреген  де 
батыл  саясатшылардың  арқасында  қазақ  елінің  тəуелсіздігі 
сақталып тұрды. Ол өз саясатын Қытай мен Ресей мүдделе-
рі  арасында  шебер  үйлестіріп,  түрлі  тығырықтан  шығар  жол 
таба білді.
Дегенмен мұндай жағдайда ұзақ сенімді тірлік кешу қиын 
еді.  Күшті  одақтас  таңдау  қажеттігі  туды.  Əбілқайыр  хан, 
Жəнібек  тархан  жəне  басқа  мемлекет  қайраткерлері  осын-
дай саясат ұстанды.
Таңдау  Ресейге  түсті.  Өкінішке  орай,  тең  мүдделі  одақ 
туралы ой жүзеге аспады. Күшті əлсізбен санасуды жөн са-
наған жоқ. Қамқорлығы үшін мемлекеттік егемендікпен, ел тə-
уелсіздігімен  қош  айтысуға  тура  келді.  Тарихымыздың  Ресей 
құрамындағы жаңа кезеңі басталды.
Ресей  империясы  жаңа  бодандарымен  қарым-қатынасты 
Қазақстан аумағында əскери бекіністер салудан бастады. 
1880–1890  жылдары  аймақты  бүкіл  ресейлік  экономикалық 
жүйеге қосу жөнінде шешуші қадамдар жасалды. Патша үкі-
меті  Қазақ  даласына  Ресей,  Украина  жəне  Белоруссия  шаруа-

200
ларын  көшіріп,  қоныстандыру  туралы  шешім  қабылдады.  Ке-
йін  де  бірнеше  мəрте  қайталанған  мұндай  ірі  көші-қон  про-
цестері  қазақ  ұлтының  өз  жерінде  азшылыққа  айналуына 
əкеп соқты.
Ресей  халықтарымен  жəне  басқа  көршілермен  бір  мем-
лекеттік жүйеде өмірі сүрген көп жылдық ортақ тағдыр туралы 
бір жақты пікір айту қиын. Бұл жағдайдың бүкіл теріс əсерін 
алға тарта отырып, күш-жігер біріктіру аса күрделі жағдайдың 
өзінде  этнос  ретінде  жəне  бірегей  қауымдастық  ретінде 
сақталып  қалуға  мүмкіндік  бергенін  де  жоққа  шығармау  ке-
рек.  Аймақтың  экономикасы,  мəдениет  пен  өнер  дамытыл-
ды. Негізгі бағдар, əрине, еуропалық өркениетке көбірек ба-
ғытталды.
Халқымыз тарих сынынан еңсесі биік, ертеңіне деген зор 
сеніммен  шықты.  Өміршеңдік  күшін,  пассионарлық  қасиетін 
(Л. Гумилев) жоғалтқан жоқ.
Тəуелсіздікті  аңсап-армандаудың  өзі  жаңалық  біткенді  қа-
былдау  сезімін  күшейтіп  күш-жігерді  айырықша  шыңдайтын 
тəрізді.  Жаңа  болмыс-бітім  қалыптасады.  Бұл  ретте  көп 
ұлттылықта біздің қоғамымыз үшін оң əсерлі құбылысқа жа-
тады.  Ортақ  мақсатқа  орайлы  бағытталған  көп  қырлы  күш-
жігердің  тиімділігі  аз  емес.  Əр  түрлі  мүдделерді  өзара  үй-
лестіру  жөніндегі  қажеттілік  жан-жақты  ойластырылып,  өл-
шеп-екшеленген шешімдер қабылдауға деген мүдделілікті 
күшейте  түседі.  Алуан-алуан  пікірлер  мен  көзқарастардың 
еркін  бəсекесі  кез  келген  қоғамның  қозғаушы  күші  екені 
белгілі.
Əлемдік  даму  тарихының  теоретиктері  қоғамның  ырғақ-
ты  дамуын  ақиқат  ретінде  тану  қажет  деп  есептейді.  Қазақ 
мемлекеттілігінің  даму  жолында  да  белсенді  жəне  бəсең 
кезеңдер аралас келіп отырған. Жоғалтқанымызды тауып, 
Өмір дегеніміз – қоршаған ақиқат əлеммен 
аралас-құралас болу.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал