Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата22.12.2016
өлшемі11,24 Mb.
#78
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Асанқайғы (XV ғ.)

230
Көшпелілердің  дəстүрлі  мəдениеті  осының  айғағы.  Қазақ 
үшін  шілдехана  (адам  баласының  дүниеге  келу  сəтіне  əлеу-
меттік астар беру), тұсаукесер (сəбидің жер бетінде тұңғыш 
қадам  жасау  оқиғасына  бөлекше  мəн  беру),  тоқымқағар  (жас 
баланың əлемге аяқ басуы – тұңғыш рет туған ауылдан тыс 
сапар  шегуіне  оның  əлемге  алғаш  шығуы  ретінде  айырық-
ша  назар  аудару),  некеқияр  мен  беташар  (жаңа  шаңырақ 
көтерілуіне орай адам өмірінің жаңа кезеңі басталғандығын 
айғақтау), мүшел (адам өміріндегі физиологиялық жəне əлеу-
меттік-психологиялық кезеңдік өзгерістерге назар аудару), 
жарапазан (қоғамда қалыптасқан əлеуметтік нормаларға же-
ке  көзқарасты  білдіру)  тəрізді  елеулі  оқиғалардың  ешбірін  де 
əн  мен  күйсіз,  қуанышты-қайғылы  сөз  бен  сазсыз  елестету 
мүмкін емес.
Поэзия мен музыка дəс-
түрлі  мəдениеттің,  рəсім 
мен  ұлттық  əдет-ғұрып-
тардың  архитектоникасына 
кəміл  кірігіп  кетеді.  Ұлы 
Абайдың  «Туғанда  дүние 
есігін  ашады,  өлең,  өлең-
мен жер қойнына кірер де-
нең» деген қанатты сөзде-
рі де осыған мегзейді.
Бұл – тек  ақындық  əсер 
емес.  Тұтас  бір  филосо-
фия.  Көшпелі  өмір  салты-
ның  көрінісі.  Далалықтар 
тіршілігінің ұлы шындығы.
Сəби шыр етіп жерге түс-
кеннен-ақ  ана  əлдиімен  оя-
нып, шілдехана жырымен 
құндақталады.  Одан  кейін-
гі  өмірі  де  əнмен  əдіптеліп, 
жырмен  жұпталып  жатады. 
Əрі  қай  жол-жораның  бол-
сын  өзіне  лайық  музыкалық 

231
қалып-қайнары  бар.  Өнер  тудырушы  одан  аспайды.  Небір 
ғажайып  сұлу  сазды  соған  құйып,  соған  небір  терең  мағына 
қотарады.  Тек  тіні  бірге.  Сондықтан  да  əр  түрлі  əрі  таныс, 
əрі бейтаныс біртуар өмір саздары жүрекке жетіп, ұрпақтан 
ұрпаққа ауысып, өзінше күн кеше береді.
Сөз бен саз сезім бөлісу, жан сырын ортаға салып, түрлі 
көңіл-күй  ауандарына  ортақтасу  қасиеттерімен  қатар  əркім-
нің көңілі қалаған жеке əлемін жасау мүмкіндіктеріне ие.
Ертеде  өнерпаздарға  əлдебір  айрықша  қасиеті,  киесі  бар 
адамдар  ретінде  қараған.  Ерекше  қастер  тұтқан.  Əн  шыға-
рып,  жыр  жазуға  қабілетті  адамдардың,  сол  сияқты  музы-
калық аспаптарда ойнап, жұрт алдында жақсы сөйлей ала-
тын адамдардың абыройы жоғары болған.
Сол тəрізді музыка мен сөзге де тым ерекше мəн беріліп, 
олар  киелі  құбылыс  ретінде  қабылданды.  Ғарыштық  мағы-
надағы  ұғым,  өмір  тылсымына  саналды.  Шабытты  сөз  бен 
шалқар  саз  сырттан  берілетін  кереметтер  деген  көзқарас 
орын алды.
Сөз  бен  сазға  қатысты  сақталған  дəстүрлі  дүниетаным 
іздерін  мынадай  сөз  орамдарынан  да  байқауға  болады. 
Мысалы,  əдетте  «ай  туды», «ұл  туды», «көктем  туды»  де-
ген  сияқты  «əн  туды»  дейміз.  Немесе  «күн  шықты», «шөп 
шықты», «жаз шықты» деген мағынада «күй шығару» дейміз.
Туындыны дүниеге əкелу құбылысы «шығару» (сочинять) 
сөзі арқылы беріледі. Соған орай «жанынан шығару» (импрови-
зация – тура  жан-жүректен  бірдеңені  суырып  алғандай)  жəне 
«ойдан шығару» (придумать – жадыңнан немесе ойдың іші-
нен бірдеңені тартып, суырып алғандай) деген ұғымдар бар.
Ұлттық  ойлау  жүйесі  халықтың  сөйлеу  өнерінде  зат-
тық  тұрғыда  көрініс  тапқан.  Халықтың  сөйлеу  өнерінің 
бірнеше қатпары бар: төменгі қабат – тіл, келесі қабат – 
ауыз əдебиеті. фольклор, жоғарғы қабат – əдебиет, жазу.
Г. Гачев

232
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
МЕМЛЕКЕТТІК ТҰҢҒЫШ ƏНҰРАНЫ
Музыкасын жазғандар: М. Төлебаев, 
Е. Брусиловский, Л. Хамиди 
Салтанатты, шалқыта

233

234
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
МЕМЛЕКЕТТІК ТҰҢҒЫШ ƏНҰРАНЫ
Сөзін жазғандар: Мұзафар Əлімбаев, Қадыр Мырза Əлі, 
Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дəрібаева
Жаралған намыстан қаһарман халықпыз, 
Азаттық жолында жалындап жаныппыз. 
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен 
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.
Қ а й ы р м а с ы:
Еркіндік қыраны, шарықта, 
Елдікке шақырып тірлікте! 
Алыптың қуаты – халықта, 
Халықтың қуаты – бірлікте!
Ардақтап анасын, құрметтеп данасын, 
Бауырға басқанбыз баршаның баласын. 
Татулық, достықтың киелі бесігі – 
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!
Қ а й ы р м а с ы:
Еркіндік қыраны, шарықта, 
Елдікке шақырып тірлікте! 
Алыптың қуаты – халықта, 
Халықтың қуаты – бірлікте!
Талайды өткердік, өткенге салауат, 
Келешек ғажайып, келешек ғаламат! 
Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз, 
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!
Қ а й ы р м а с ы:
Еркіндік қыраны, шарықта, 
Елдікке шақырып тірлікте! 
Алыптың қуаты – халықта, 
Халықтың қуаты – бірлікте!

235
МҰҚАН ТӨЛЕБАЙҰЛЫ ТӨЛЕБАЕВ
(1913–1960)
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  əнұранының  (əні) 
авторы, көрнекті композитор, Қазақстанға еңбегі сіңген 
өнер қайраткері, Республика Мемлекеттік сыйлығының 
иегері.
1913  жылы  Талдықорған  облысының  (қазіргі  Алматы  об-
лысы)  Бөрлітөбе  ауданындағы  Қарашаған  ауылында  дүние-
ге  келген.  Мəскеу  консерваториясын  бітірген.  Көп  жылдар 
бойы  Алматы  консерваториясында  ұстаздық  етіп,  про-
фессор. Қазақстан Композиторлар одағын басқарды.
Қазақ  саз  өнеріндегі  кəсіби  жанрлардың  негізін  қалаушы. 
Музыка мамандары оны «Қазақтың Глинкасы» деп бағала-
ған. Тұңғыш қазақ романсын жазған.
Негізгі шығармалары: «Амангелді» (Е. Брусиловскиймен 
бірге), «Біржан – Сара» опералары, «Қазақстан» симфо-
ниялық  поэмасы.  Елуден  астам  əндер  мен  романстар  жаз-
ды. 100-ден астам халық əнін жинап, нотаға түсірді.

236
ЕВГЕНИЙ ГРИГОРЬЕВИЧ БРУСИЛОВСКИЙ
(1905–1981)
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  əнұранының  (əні) 
авторы,  көрнекті  композитор,  Қазақстанға  еңбегі  сіңген 
өнер қайраткері, Республика Мемлекеттік сыйлығының 
иегері.
1905  жылы  Ресейде  дүниеге  келген.  Алматы  консерва-
ториясында  ұстаздық  етті,  профессор.  Қазақстан  Ком-
позиторлар одағын басқарды.
Қазақ музыка өнеріндегі кəсіби жанрлардың негізін са-
луға  жəне  ұлттық  өнер  қайраткерлерін  тəрбиелеуге  көп 
еңбек сіңірген.
Негізгі  шығармалары: «Қыз  Жібек», «Жалбыр», «Ер  Тар-
ғын», «Гвардия,  алға», «Дударай»  опералары, «Құрманғазы» 
симфониялық поэмасы.

237
Сол сияқты «жүректен шықпаған жүрекке жетпейді» (құд-
ды сөз бір жерден шығып, екінші жерге баратын құдірет тə-
різді) деген қанатты сөз де бар. «Сөз табылды» дейміз. Ол 
кəдімгі бір жасырып қоятын зат сияқты.
Сазгер  мен  ақын  туындыларының  «шығарылуы»  қазақ  тілін-
дегі  «жел  тұрды», «самал  соқты», «жаңбыр  жауды», «жақ-
сылық жасады» деген тұрғыдағы мағыналық ұғымдардың жа-
салу  жолдарын  еске  салады  жəне  ұлттық  дүниетанымдағы 
шығармашылыққа киелі құбылыс ретінде қарау көзқарасына 
куəлік етеді.
Сөз бен саздың адамзат санасындағы киелік тегі мен ерек-
ше  əсерлілігі  жеке  адамдардың  ішкі  рухани-сезімдік  қуатын 
белгілі бір мақсаттарға жұмылдыруға, ал əр түрлі қоғамдық 
құрылымдарда тиісті саяси-əлеуметтік ахуал қалыптастыру-
да ертеден бері пайдаланылып келеді.
Ру-тайпалардың  əуендік  жеке  белгісіне  айналған  ұрандар-
дың,  əскери  марштардың,  мемлекеттік  əнұрандардың  саяси-
əлеуметтік рəміздерге айналу сырын да осыдан іздеген жөн.
«Қазақ  халқының  «ұран»  дейтін  сөздері  бар.  Бұл  «ор-
нат»  деген  сөзден  алынған.  Қыздыру,  жиналу,  қайрат  беру 
мағынасында айтылады, – деп жазады тарихшы Құрбанғали 
Халидұлы, – əр рудың өзіне тəн ұраны болады. Төре ұраны – 
«арқар».  Бұл  «уақор»  сөзінен  алынған.  Мағынасы  араб  ті-
лінде намысын, арын қорғау деген түсінікті береді».
Мемлекеттік əнұранға да елдің намысының туы, арының 
айнасы,  жоғары  отаншылдық  рухының  көрінісі  ретінде  қа-
раған жөн. Соған лайық əн мен сөз табу қай халықтың да ар-
маны болса керек.
Ұлы  композитор  Мұқан  Төлебаевтың  Евгений  Брусилов-
ский  жəне  Латиф  Хамидимен  тізе  қосып  отырып  шығарған 
əйгілі  əуені  қазақ  елінің  əнтұмары  міндетін 1944 жылдан 
бері  атқарып  келеді.  Ғаламдық  қан  төгістегі  жақын  қалған 
жеңіс рухы, соған орай көтерілген халқымыздың ұлттық ру-
хы өлмес өнер туындысының дүниеге келуіне тікелей ықпал 
еткен тəрізді...

238
ЛАТИФ АБДУЛХАЕВИЧ ХАМИДИ 
(1906–1983)
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  əнұранының  (əні) 
авторы,  көрнекті  композитор,  Қазақстанға  еңбегі  сіңген 
өнер қайраткері, Республика Мемлекеттік сыйлығының 
иегері.
1906  жылы  Ресейдің  бұрынғы  Қазан  губерниясының  Свияж 
уезіне қарасты Құшман болысындағы Буалы ауылында дү-
ниеге  келген.  Өзбекстанның  Қаттақорған  қаласындағы  му-
зыкалық  техникумды,  кейін  Мəскеу  консерваториясын  бі-
тірген. Қазақ Мемлекеттік драма театрының дирижері əрі 
музыкалық  жетекшісі,  Ұлттық  халық  аспаптары  оркест-
рінің дирижері, Мемлекеттік хор капелласының дирижері 
əрі  жетекшісі,  Алматы  мемлекеттік  консерваториясының 
жəне музыка училищесінің профессоры болды.
Негізгі  шығармалары: «Абай», «Төлеген  Тоқтаров» (еке-
уі де А.Қ. Жұбановпен бірге жазылған) опералары, вальс 
жанрындағы  алғашқы  əндер («Тұңғыш  вальс» – 1922 жыл, 
сөзі – М.  Жəлелдікі, «Қазақ  вальсі» – сөзі  С.  Мұқановтікі). 
250-дей халық əнін жинап, нотаға түсірген.

239
Ол  бұрынғы  одақтас  республикалар  əнұрандары  арасын-
да  да  бөлек  бітімімен  дараланатын.  Құдіретті  əуен  нақыш-
тарынан  қазақтың  досқа  ашық  құшағы,  дарқан  мінезі  мен 
ер көңілі сезіліп, айдын көл, асқар тауға жан берген салқын 
самалының лебі еседі. Музыка – халықтың жан дауысы де-
сек,  əсем  əнұраннан  халқымыздың  ұлттық  мінезі,  асыл  аң-
сары айқын сезіледі.
Мамандар Мемлекеттік əнұран əуенінің музыкалық жа-
расымын,  жанға  жайлы  əсерлілігін  жəне  өзгеше  оптимистік 
рухтағы  өршілдігін  бөле-жара  атайды.  Мысалы,  белгілі  му-
зыка білгірі Н. Кетегенованың пікірінше, ол «қазақтың асқақ 
та  мағыналы  дəстүрлі  халықтық  лиро-эпикалық  интонация-
ларын бойына жиған туынды, сонымен бірге онда музыкаға 
қайрат  пен  салтанаттылық  сипат  беретін  осы  заманғы  жаңа 
əуендер – динамикалық кварталық серпіндер де бар».
Жалпы  əнұранның  музыкалық  сыңары  өнер  тілінде – ды-
быс  пен  ырғаққа  негізделген  өзгеше  тілде  халықтың  мінезі 
мен  рухын  жақсы  жеткізеді.  Салтанатты  да  асқақ  əуен  ұзақ 
уақыт бойы өзінің өміршеңдігін сақтап келеді.
Алуан əуеннің арасында жаңылыспай таныр, бойымызға 
ата-баба  қанымен  қоса  дарыған  нақыш-сазымен  жүректер-
ге  жол  тапқан  өнер  туындысы  екені  тəуелсіздік  рəміздеріне 
жарияланған байқауда тағы бір рет дəлелденді.
Өзгеге, көңілім, тоярсың, 
Өлеңді қайтіп қоярсың? 
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
 
 
          Абай
Туған дала əуендері шалқиды, 
Қалған ұйып түнгі тылсым тыныштық. 
Аузын ашып отыр тыңдап əр күйді, 
Қазақ біткен, жас-кəрісі ұлыстың. 
Жан тербейді жеті атадан жеткен сыр, 
Жатыр тарих астарында дыбыстың.
Б. Қанапиянов

240
МҰЗАФАР ƏЛІМБАЙҰЛЫ ƏЛІМБАЕВ
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  əнұранының  (мə-
тіні)  авторы,  көрнекті  ақын,  Қазақстанның  халық  жазушы-
сы, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1923 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданын-
дағы Маралды ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекет-
тік  университетін  бітірген.  Екінші  дүниежүзілік  соғысқа  қа-
тысқан. «Қазақ əдебиеті» газетінде, «Пионер», «Балдыр-
ған» (1958–1986) журналдарында жұмыс істеген.
Көптеген жыр жинақтары мен əн мəтіндерінің авторы.
Ақын жырлары əлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

241
ҚАДЫР ҒИНАЯТҰЛЫ МЫРЗА ƏЛІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік əнұранының (мə-
тіні)  авторы,  көрнекті  ақын,  Қазақстанның  халық  жазушы-
сы, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1935 жылы Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге 
келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Бал-
дырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы», «Балауса» 
баспаларында жұмыс істеген.
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты 
болып сайланған.
Көптеген жыр жинақтары, сценарийлер мен əн мəтінде-
рінің авторы.
Ақын жырлары əлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

242
Ол бəйгеге музыка мамандарының, баспасөз бетінде жа-
рияланған жұртшылық пікірлерінің негізінде қосылған-ды. Нұр-
ғиса Тілендиев, Ғазиза Жұбанова, Анатолий Молодов жəне бас-
қа танымал композиторлар оны жоғары бағалады. Соған орай 
көпшіліктің үміті ақталып, əннің бағы тағы жанды. Əсем саз, ас-
қақ əуен тəуелсіз Қазақстанның əнтұмары болып жарияланды.
Əнұран əуенінің өзіндік болмысы тамыры тереңде жатқан 
ұлттық  музыка  мəдениеті  ерекшеліктерімен  тығыз  байланыс-
ты. Бірқатар ғалымдар қазақтың қобызы мен домбырасын 
əлемге кең тараған барлық шекті жəне қылды аспаптардың 
атасы санайды. «Қазақтың қобызы тəрізді құралдар, – деп жа-
зады  əлемге  мəшһүр  музыкатанушы,  академик  В.  Виногра-
дов, – осы заманғы виоленчельдер, скрипкалар мен альттер-
дің  арғы  аталары  болуы  əбден  мүмкін» («О  музыкальной  ар-
хеологии». // «Советская музыка» журналы, 1971, №5).
Сазды шығармаларды жанрға бөлу, дəлірек айтқанда, же-
ке  орындалатын  жəне  аспапты  музыка  деп  айырып  айдар-
лау, қазақ жерінде VІ– VІІІ ғасырларда дүниеге келген. Орта 
ғасырларда  музыка  теориясын  жасаған  жауһар  ой  алыпта-
ры  да  аз  болмаған.  Əйгілі  əл-Фараби – сол  жарық  жұлдыз-
дардың бірі.
Əйгілі  жерлесіміздің  «Музыка  туралы  үлкен  трактат» («Ки-
таб  аль-музыки  аль-Кабир»)  атты  шығармасы  музыкатану 
əлеміндегі  аса  бағалы  классикалық  туынды  саналады.  Онда 
жалпы музыка теориясының ең алғашқы негіздері қаланған. 
Музыка тарихын зерттеуші араб ғалымы Г. Фармер бұл ретте: 
Ерлік, елдік. бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бəрін не бардың... 
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
М. Жұмабаев
Маған бүкіл қазақ даласы əн салып 
тұрғандай көрінеді.
Г. Потанин

243
ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИҰЛЫ МОЛДАҒАЛИЕВ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік əнұранының (мə-
тіні)  авторы,  көрнекті  ақын,  Қазақстанның  халық  жазушы-
сы, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1935 жылы Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданын-
дағы  «Жарсу  ауылында  дүниеге  келген.  Қазақ  мемлекеттік 
университетін бітірген. «Жазушы» баспасында, «Жалын» 
журналында жұмыс істеген. «Балдырған» журналының бас 
редакторы.
Көптеген жыр жинақтары мен əн мəтіндерінің авторы.
Ақын жырлары əлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

244
«Барлық ғылымдар саласында əл-Фараби «Екінші ұстаз». Ал 
музыка  саласын  алатын  болсақ,  онда  əл-Фараби  бір  өзі  ғана 
Бас король болып табылады» – деп жазған. (Қараңыз: А. Ма-
шанов.  Əл-Фараби  жəне  Абай.  Алматы, «Қазақстан», 1994, 
57-бет),
Қорқыт (VІ–VІІ ғ.ғ.), əл-Фараби (IX ғ.), Кетбұғы (XIII ғ.), Сы-
пыра жырау (XIV ғ.), Асанқайғы, Қазтуған (XV ғ.), Бұқар жы-
рау,  Нысан  абыз (XVIII ғ.),  Құрманғазы,  Біржан  сал (XIX ғ.) – 
осы бір ұлы есімдерді қатар ой елегінен өткізудің өзі қазіргі 
қазақ  саз  өнерінің  сонау  ықылым  замандардан  бері  қарай-
ғы  жарасты  жалғастық  жолын  жақсы  аңғартса  керек.  Ғалым-
дар  қазақтың  халық  музыкасының  даму  жолын  бес  кезеңге 
бөледі.
Халық  музыкасын  зерттеуші  А.В.  Затаевич  қазақ  даласын 
«музыка  мұхитына»  теңейді.  Оған  нақты  дəлелі – «Қазақ 
халқының  мың  əні» (1925 ж.)  жəне  «Қазақтың 500 əні  мен 
күйі» (1931 ж.) атты іргелі еңбектері.
Оның еңбегі «музыкалық фольклор жинаудағы əлемдік 
рекорд» (Р. Роллан) деп бағаланды. Шынында да, бар бол-
ғаны 5–6 жыл  ішінде  негізінен  Орынборда  тұрып,  Семейге 
қысқа  сапарлармен  қатынай  жүріп  ғалымның 2000-ға  жуық 
əн  мен  аспапты  пьесалар  жазып  алуы – əлемдік  этнография 
мен фольклористика тарихындағы теңдессіз құбылыс. Ол 
сонымен бірге «ең алдымен, қазақ халқының музыкалық бай-
лығының рекордтық көрсеткішінің айғағы» (А. Сейдімбеков).
Қазақ  халқының  музыкалық  байлығына  осы  салада  қол-
даныста жүрген терминдердің молдығы да бір дəлелдеуге 
болады.  Ғалым  С.  Жансейітованың  зерттеулеріне  қараған-
да қазір қазақ музыкасына қатысты пайдаланылатын тер-
миндердің  ұзын  саны 7000-нан  асатын  көрінеді.  Бұл,  əрине, 
музыкалық төлтумалықтың да жақсы көрсеткіші.
Мамандардың  есептеуінше,  қазір 6000-нан  астам  күй  бел-
гілі.  Əдетте  үлкен  күйлер 6 минутқа  дейін  созылады.  Бұл, 
ғажайып  аспапты  шығармалардың  образдық  амплитудасы 
да аса кең: жүректі тербеген сиқырлы жан сезімінен – те-
рең  ойлы  философиялық  толғаныстарға  дейін,  қарапайым 
би  ырғақтарынан – қалың  көпшілік  қатысатын  алапат  адам 

245
ЖАДЫРА ДƏРІБАЙҚЫЗЫ ДƏРІБАЕВА
Қазақстан  Респубпикасы  Мемлекеттік  əнұранның  (мə-
тіні) авторы, қазақ жəне орыс тілдерінде қатар жазатын 
ақын.
1948  жылы  Қызылорда  облысының  Тереңөзек  кентінде 
дүниеге келген. М. Мəметова атындағы Қызылорда педа-
гогикалық  училищесін,  Мəскеудегі  М.  Горький  атындағы  əде-
биет  институтын  жəне  А.  Пуначарский  атындағы  театр 
жəне  өнер  институтын  бітірген.  Қазақстан  Жазушылар 
одағында, «Қазақстан  əйелдері»  журналының  редакциясын-
да жұмыс істеді.
«Гүлжайна» (1978), «Мейір» (1988) жəне  басқа  жыр  жи-
нақтарының авторы.

246
қимылдарының  аса  қуатты  сазды  сүреңіне  дейін,  алуан 
əрлі дыбыс түрлерінен – тым нəзік көңіл күй ауандарын ай-
шықтауға  дейін  қамтиды.  Эпикалық  қуатымен  жəне  орасан 
зор  монументальдық  тұлғалылығымен  тəнті  ететін  күйлер 
қаншама.
Бұл  жерде  домбыра,  қобыз,  сыбызғы,  дауылпаз,  ысқырық, 
қамыссырнай,  қоссырнай,  бұғышақ.  мүйіз,  керней,  шертер, 
жетіген, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, шың, кепшін, асатаяқ 
жəне  басқа  көне  аспаптарды  қазіргі  оркестрлерден  де  көріп, 
тамашалауға  болады.  Олардың  бірқатары – ұрмалы,  енді 
бір  қатары – үрмелі  аспаптарға,  үшіншілері – ұрмалы-шулы, 
төртіншілері – шекті аспаптарға жатады.
Ұлттық  аспаптардың  сирек  кездесетін  түрлерін  зерттеуге, 
қайтадан  қалпына  келтіріп  осы  заманғы  жағдайға  икемдеу-
ге  музыкатанушы  Б.  Сарыбаев  көп  еңбек  сіңірді.  Ол  тамаша 
көне  аспаптар  коллекциясын  жинады  жəне  бірнеше  халық 
оркестрін құрды.
Қазақ музыка мəдениетін зерттеушілер оның таңғажайып 
өзгешелігіне, сұлулығына жəне мағыналық тереңдігіне баса 
назар аударады. Мысалы, академик Б. Асафьев бұл ретте: 
«Ақиқаттың  аса  дəл  адами  көркем  жаңғырығы  ретінде  қа-
зақтың  бай  əуені  (мелодикасы)  əрдайым  барынша  өмірмен 
үндес, көңілді əрі нақты (дəйім тіршілікпен тіндестігі тұрғысы-
нан  алғанда)  болып  келетіндігіне  қарамастан,  халықтың  ой-
санасындағы  құбылыстарды  терең  философиялық  синтез-
ден өткізіп, аса адами аңсарларға орай жинақтаған құдіретті 
дүниелер  ретінде  əсер  етеді»  деп  жазады.  Ол  сол  сияқты 
ұлттық музыка өнерінің «жоғары əдептілік ауанын» («эстети-
ческая  высокая  настроенность»)  да  айырықша  атайды («О 
Негізінде  адамның  сөйлеу  ырғағы  жатқан  ерекше  ды-
быстармен өрнектелген эмоциялық көңіл ауаны мен сезім-
ге  құндақталған  идея – музыкалық  образдың  табиғаты, 
міне, осындай.
Ю. Борев

247
ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ
Тастауық                     Мүйіз сырнай                Ұран
(Шаттауық)
Шаңқобыздың               Сазсырнай                     Шаңқобыздар
қорабы
Қоңырау                        Асатаяқ

248
казахской  народной  музыке» // Музыкальная  культура  Казах-
стана. Алматы, 1995).
Ғалымдар қазақ композиторларының, əсіресе, XVIII–XIX ға-
сырларда  өмір  сүрген  өнерпаздардың  жан-жақтылығын  ерек-
ше құбылыс ретінде атап көрсетеді. Олардың көпшілігі саз-
гер  əрі  орындаушы  ғана  емес,  оның  үстіне  ақын,  тамаша 
əңгімеші, ескі салт-дəстүрлердің білгірі, өткен тарихтан да, өз 
заманының  жағдайынан  да  терең  хабардар  білікті  əңгімеші 
болып келеді. Сегіз Сері, Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы, 
Мұқит, Сүйінбай, Үкілі Ыбырай, Кенен, Ғазиз, Абай, Жамбыл, 
Мəди, Иманжүсіп, Балуан Шолақ. т.б. – міне, осындай ерек-
ше тұлғалар. Осындай жан-жақтылық айрықша ардақталған 
тұста  қазақ  мəдениетінің  ең  бір  көрнекті  көрінісі – сал-серілік 
дəстүр дүниеге келді.
Қазақтың  ұлы  ханы  Абылай  да  музыка  шығарған.  Оның 
он  шақты  күйі  осы  заманға  дейін  жетті.  Солардың  бірі,  мыса-
лы, «Жетімторы»  деп  аталады,  ханның  жақын  серігі  Жантай 
батырға арналған.
Қазақ  музыка  мəдениеті – өз  қазанында  ғана  қайнаған 
тұйық  жүйе  емес.  Ол,  əлемдік  мəдениеттің  бір  бөлшегі  ре-
тінде,  ешқашан  да  сыртқы  əсерге  жон  арқасын  беріп,  жат 
мінез  танытпаған. XIX ғасырдың  аяғы – XX ғасырдың  ба-
сында  əлемдік  саз  өнерінің  білгірі  К.  Квитько  бұл  жөнінде: 
«Қазақтардың  музыкасы  ғажап  бай  əрі  алуан  түрлі  болып 
келеді,  ол – өте  алдыңғы  қатарлы  музыка,  оның  бойында, 
тікелей  ауыс-күйіс  тым  аз  болғанымен,  жаңа  батысеуропа-
лық  музыкамен  (Батыс  Еуропа  қалаларында  дамыған  кəсіби 
музыкамен – Е.Ш.) үндестіктер көп» деген пікір қалдырған.
Сезімдік  жəне  мағыналық  бастаулардың,  нақты-
лық  пен  дерексіздіктің  қосылуы  арқылы  əдеби  ойлау-
дың негізгі тəсілі ретінде нышандау пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет