Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата22.12.2016
өлшемі11,24 Mb.
#78
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

А. Яковлев

36
белгілерінің  ресми  пайдалану  тəртібі  туралы»  Жарлығында 
айқындалған.
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы – көгілдір 
түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен түс-
тес)  тікбұрыш  нысанындағы  жақтары  үштің  екісіне  сəйкес 
келетін  кездеме.  Тікбұрыштың  ортасында  қанатты  барысқа 
мінген,  оң  қолы  жоғары  көтерілген  сақ  дəуірі  жас  көсемінің 
тұлғасы  бедерленген  алтын  шеңбер  бар.  Барысқа  мінген 
адамның қолында білезік, мойнында гривна мен тұмар, ба-
сында ұшы сүйірленген қалпақ бар. Барысқа мінген адам мен 
барыстың бейнелері алтын түстес. Одан төменіректе қарлы 
тау шыңдарының бейнесі келтірілген.
Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Бай-
рақтың сабы қошқар мүйіз түріндегі суретті қола кескіндеме-
мен тұйықталған, оған төгілмелі шашақ бекітілген.
Байрақтың  сабында  Қазақстан  Республикасы  Президен-
тінің тегі, аты мен əкесінің аты (мемлекеттік тілде) жəне оның 
Ежелгі қазақ жерінде шығарылған алғашқы ақшалар 
арасында Мүбəрəк қожа сұлтандық еткен тұста Сығанақта 
жасалған  теңгелер  де  бар.  Ол  екі  рет – 1327–1328 ж.ж. 
жəне 1328–1329 ж.ж. – ақша шығарған. Табылған темір 
теңгелерде «Əділ сұлтан – Мүбəрəк қожа. Тəңірім оның 
билік  дəуренін  ұзақ  еткей»  деген  сездер  бар. 1368–1369 
жылдары Сығанақта Орыс хан да өз ақшасын шығарған. 
Өз  ақшаларын  айналымға  енгізу  олардың  Алтын  орда 
хандарынан  тəуелсіздігінің  бір  бөлгісі  еді.  Жалпы  арғы-
бергі тарихта егемен билеушілердің ғана төл рəміздері, 
айрықша елдік белгілері болған.
Əр  елдің  ұлттық  ақшасының  (валютасының)  өз  атауы 
бар. Қазақстанда – теңге, Ресейде – рубль, Ұлыбритания-
да – фунт стерлинг, АҚШ пен Канадада – доллар, Қыр-
ғызстанда – сом,  Германияда – марка,  Ирак  пен  Юго-
славияда – динар,  Венгрияда – форинт,  Түрікменстанда – 
манат,  Францияда,  Белгияда,  Швейцарияда – франк, 
Швецияда,  Норвегияда,  Данияда,  Исландияда,  Чехияда – 
крона, т.б.

37
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі (ХІІ–ХІV ғ.ғ.) – діни рəміз
Қола дəуірде Шығыста пышақ, күрек, қоңырау, кей-
бір  музыкалық  аспаптар  айырбас  құралы  ретінде  пай-
даланылған. Кейін олардың орнына ортасында шаршы 
тесіктері бар дөңгелек қола мəнеттер жүретін болды.

38
сайланған  уақытын  көрсететін  даталар  өрнектеліп  жазылған 
күміс темірше бекітіледі.
Ресми қолдану тəртібіне сəйкес байрақ Республика аста-
насындағы Мемлекет басшысы тұратын Резиденцияда, Рес-
публика  Президенті  болған  уақытта  басқа  резиденциялар 
үстінде,  Республика  Президентінің  көлік  құралдарында  ор-
натылады. Мемлекет басшысы қатысқан салтанатты жəне 
басқа  да  рəсімдер  кезінде  елдің  Мемлекеттік  туы  немесе 
Президент  байрағы  тігіліп  қойылады.  Байрақ  эталоны  Қазақ-
стан Республикасы астанасындағы Елбасы Резиденциясын-
да сақталады.
Мемлекеттегі  ең  жоғары  лауазым  иесінің  келесі  айырым 
белгісі – Республика  Президентінің  омыраубелгісі.  Ол  мем-
лекеттік мерекелер құрметіне, əскери парадтар, шет мем-
лекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардың  ресми  адамдарын 
қабылдау,  Республика  Президенті  атынан  өткізілетін  ресми 
қабылдаулар,  Парламент  сессиясын  ашу,  мемлекеттік  награ-
даларды  тапсыру  кезінде,  сондай-ақ  Республика  Президенті 
салтанатты кеште немесе концертте құрметті қонақ болған не 
қатысқан,  ресми  телевизиялық  сұхбат  берген  кезде,  шетелдік 
сапарлар  уақытында  қабылдаушы  тараптың  хаттамасына 
сəйкес тағылуы мүмкін.
Рəмізтану  ғылымында  рəміздер  қоры  деген  ұғым  бар. 
Оған  егемен  елдің  барлық  ресми  белгілері  енеді.  Олардың 
қатарында  елтаңба,  əнұран,  ту  жəне  мемлекет  басшысының 
Қос  өзен  бойындағы  мемлекеттерде  б.з.д.  ІV–ІІІ  ғ.ғ. 
дөңгелек жəне тік бұрышты мыс қаңылтырлар ақша ор-
нына жүрді.
Қазіргі  Судан  аумағындағы  көне  мыс  кеніштерінің 
қалдықтарынан  табылған  жүзік,  құйма  алқалар  біздің 
заманымызға дейінгі III ғасырда жасалған. Бұл Африка 
ақшалары Ирландияда табылған қола дəуір жүзіктеріне 
ұқсайды.

39
байрағымен бірге ұлттық ақша (валюта), мемлекеттік награ-
далар,  шекара,  мемлекет  астанасы  бар.  Мемлекеттік  тілді 
де осы қатарға жатқызуға əбден болады.
Қазақстанның ұлттық ақшасының туған күні – 1993 жылғы 
15  қараша.  Егемен  еліміздің  экономикалық  тəуелсіздігінің 
тұңғыш заттық айғағының (атрибутының) аты – теңге. Ол сол 
1993  жылғы 15 қараша  күні  жергілікті  уақыт  бойынша 8-00 
сағаттан  бастап,  бүкіл  ел  аумағында  айналымда  жүретін 
жалғыз  заңды  айырбас  құралына  айналды.  Бір  теңге 100 
тиыннан тұрады. Қолда ұсталатын ақша біткен қағаз ақша 
(банкнот) жəне күміс ақша (монета) ретінде ғана айналысқа 
түседі. 1993 жылғы 12 қарашада  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасының  ұлттық  валютасын  айналымға  енгізу  ту-
ралы»  Жарлыққа  сəйкес  теңгені  Қазақстан  Республикасы 
аумағында  меншік  түріне  қарамастан  барлық  нақты  жəне 
заңды  тұлғалар  үшін  төлем  құралы  ретінде  пайдалану,  сол 
сияқты  банкілерде  теңгелерді  пайдаланып  салым  салу  мен 
есеп ашуға ешбір шек қойылмайды.
Төл ақшамыздың дүниеге келуі аса маңызды тарихи оқиға 
екендігі  ескеріліп,  кейінірек, 1997 жылы,  қабылданған  шешім 
бойынша, 15 қараша – теңгенің туған күні болып жариялан-
ды.  Сөйтіп,  ұлттық  валютамыздың  күні  ресми  түрде  қаржы 
саласы қызметкерлерінің кəсіби мерекесіне айналды.
Ирландиядан табылған 
қола дəуір жүзіктері (а, ə) 
мен осы заманғы Батыс 
Африкада кездесетін мыс 
«маниллалар» (б, в).

40
Ұлттық валюта дизайнын жасауға белгілі мамандар тобы 
тартылды.  Олардың  арасында  Тимур  Сүлейменов,  Меңдібай 
Əлин, Хайролла Ғабжалелов, Ағымсал Дүзелханов, Досбол 
Қасымов, Еркін Жамалбаев жəне басқалар бар. Олар жаңа 
ақша  айналымға  енерден  екі  жыл  бұрын  іске  кіріскен  бо-
латын.  Əрбір  банкнот  пен  мəнет  дизайнының 8–9 жобасы 
жасалды.  Ең  жақсыларын  арнаулы  мемлекеттік  комиссия 
бағалап, іріктеді. Содан кейін барып Қазақстан ақшасын бе-
зендірушілердің  бір  тобы  Лондондағы  «Харрисон  санс»  фир-
масының  тəжірибесімен  танысты.  Көп  ізденістер  мен  қыруар 
күш-жігердің  арқасында  тұңғыш  төл  валютамызды  жасау 
жұмысы  барынша  қысқа  мерзім  ішінде  атқарылды.  Жаңа 
ақшаның  көркемдік  безендірілуі  де,  арнайы  технология  бо-
йынша  қорғалуы  да  күткендегіден  əлдеқайда  жоғары  болып 
шықты. Ағылшын, француз, жапон мамандарының жоғары ба-
ғасына ие болды. Мысалы, 500 теңгелік қағаз ақшадағы əрбір 
Еуропадағы алғашқы айырбас құралдары – таланттар – 
б.з.д. III ғ. пайда болды. Криттегі Кносс сарайын қазған кезде 
табылған салмағы 25 кг. талант созылған бұқа терісіне 
ұқсайды.
Африкадағы Мономотана мемлекеті астанасының ор-
нында қазба жұмыстарын жүргізген кезде «Ханда» мысынан 
айқыш (крест) құятын қалыптар табылды. Ол Конго жəне 
Замбези бассейндерінде XVIII ғ. соңына дейін қарапайым 
айырбас құралының орнына жүрген.
Мыс талант. Б.з.д. XIV ғ.
Ханда. VI ғ.

41
Қоладан,  мыстан  жəне  күмістен  мəнет  соққанға  дейін 
ақша  орнына  металл  (құйма,  соқпа,  кесік,  қазанша,  сақина, 
т.б.) ғана емес, мал да пайдаланылған.
Б.з.д. 594 ж.  афиналық  архонт  Солон  күмістің  бұқаға 
шаққандағы  құнын  шығарды.  Сондықтан  грек  қала-мем-
лекеттері мен Ежелгі Рим тетрадрахмаларында бұқа су-
реті салынатын болған.
Тарихтағы  тұңғыш  күміс  мəнеттер  Эгина  грек  мем-
лекет-аралының дидрахмалары деп есептеледі. Олар – 
салмағы 12 грамдық  күміс  құйма  болып  келеді,  ортасында 
тасбақа бейнесі бедерленген.
Дидрахма (статер). Эгиндер
Мыс мəнеттер (сурет) 
VІІ–VІІI ғ.ғ.
Мыс мəнеттер (VІ–VІІІ ғ.ғ.)
Алтын Орда дирхемі

42
кескін 250 микронға  тең.  Бұл  мамандардың  пікірі  бойынша 
оны қолдан жасауға мүмкін еместігінің бір айғағы көрінеді.
Банкноттарды  көркем  безендіру  кезінде  белгілі  тарихи 
тұлғалардың (əл-Фараби, Абай, Абылай хан, Əбілқайыр хан, 
Ш. Уəлиханов, Құрманғазы, Сүйінбай) портреттері, Алатау 
мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің 
бейнесі,  Маңғыстаудан  табылған  тастағы  таңбалар  пайда-
ланылды.  Теңге  дизайнерлерінің  бірі – Прага  сəулет  инс-
титутының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың же-
ңімпазы X. Ғабжалеловтің  пікірінше,  ақшада  айтулы  алаш 
азаматтарының  бейнесін  берудің  бірнеше  себебі  бар.  Бі-
ріншіден,  қосымша  күрделі  бедер-бейнелер  банкноттарды 
қолдан  жасаудан  қорғайды,  екіншіден – төл  тарихи  тұлғала-
рымыздың  суреттері  біздің  жас  мемлекетіміздің  өз  тарихы 
мен  болмысын  танытады  жəне  қазақ  ақшаларын  əлемдегі 
басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.
Бір  теңгелік  қағаз  ақша  көк  түсті.  Оң  жағында  Шығыстың 
ұлы ойшылы, сан қырлы энциклопедист ғалым, Отырар қа-
ласында  дүниеге  келген  ғұлама  əл-Фарабидің  суреті  салы-
нып,  аты,  дүниеге  келген  жəне  дүниеден  өткен  жылдары 
жазылған.  Суреттен  сəл  солға  қарай,  төменіректе  қазақтың 
ұлттық  ою-өрнегі  айшықталған.  Оң  бұрышта  өрнекті  сурет 
тұр.  Ақшаның  екінші  жағының  бояуы  алқызыл  түсті.  Бұл  бет-
тің ортасында əр түрлі геометриялық пішіндер мен əл-Фараби 
формуласы кескінделген.
Үш  теңгелік  қағаз  ақша  күлгін  жасыл  түсті.  Оң  жағын-
да жер жаннаты Жетісудан шыққан саңлақ ақын Сүйінбай 
Аронұлының суреті бар. Өмірбаяндық деректер қоңыр-жа-
сыл  түсті  бояумен  тігінен  орналастырылған.  Ақын  суретінің 
астындағы сол бұрышта ұлттық өрнек бедерленген. Ақшаның 
Орталық Азияда ортағасырларда пайдаланылған мəнет-
терде  түрлі  эмблемалар,  əулеттік  белгілер,  жылқы, 5 жəне 
айыртаңбалы  (төре  таңба)  белгілер,  арыстанға  ұқсайтын 
жартылай фантастикалық жануарлар бейнеленген.

43
екінші  жағының  бояуы – жасыл,  ортасында  əйгілі  Алатау 
аясындағы əсем табиғаттың тамаша көрінісі бар.
Бес  теңгелік  қағаз  ақша  қоңыр  түсті.  Оң  жағында  халық 
композиторы,  ұлы  күйші  Құрманғазы  Сағырбайұлының  суре-
ті  салынған.  Өмірбаяндық  деректер  тігінен  қоңыр  бояумен 
бедерленген. Суреттің төменгі сол жағында – ұлттық ою, ал 
сол  жақ  бұрыштағы  номиналдың  астында  өрнекті  сурет  бей-
неленген. Екінші беті сарғыш қызыл бояулы, ортасында Қожа 
Ахмет Йасауи кесенесінің бір көрінісі орналастырылған.
Он теңгелік, жиырма теңгелік, елу теңгелік, жүз теңгелік 
қағаз  ақшалардың  көлемі 69x144 мм.  Ортасында  номинал 
мəтіні мен сандық белгісі орналастырылған. Төменгі сол бұ-
рышта  номиналдың  сандық  белгісі  қайталанады,  ал  оның 
үстінде – өрнек  бедерленген.  Қазақстан  Республикасының 
ұлттық  банкі  төрағасының  қолы  ақшаның  төменгі  жағындағы 
орта тұста таңбаланған.
Жоғарыда  оң  жақта – ұлттық  ою  орналасқан,  сол  жақта – 
тігінен ақшаның сериясы мен нөмірі қара түсті бояумен бе-
рілген.
Бұл  қағаз  ақшалардың  бəрінің  де  келесі  бетінде  оң  жақ-
та – Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленіп, ақ-
шыл фонда: «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудалана-
ды» деген жазу жазылып қойылған. Ашық ақ түс субелгімен 
ерекшеленген. Үш жақта қазақ оюы бар. Оң жақтағы ақтаң-
дақта төменгі бұрыштағы өрнектің астарында тиісті номи-
налдың өз таңбалары орналастырылған. Құпияланған тұста 
тиісті номиналдың сандық белгісі мен мəтіні қатар қойылған.
Он теңгелік қағаз ақша қоңырқай жасыл түсті. Оң жағына 
қазақтың  ұлы  ағартушы-ғалымы  Шоқан  Уəлихановтың  суреті 
салынған.  Өмірбаяндық  деректер  тігінен  орналастырылған. 
Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған ескерткіш мəнеттер

44
Суреттің төменгі сол жағында «Қазақстан Ұлттық банкі» де-
ген  мəтін  мен  ғалымның  субелгі  (водяной  знак)  суреті  бар. 
Ақшаның  келесі  бетінің  жасыл  бояуы  қанықтау,  ол  əйгілі 
Оқжетпес тауының бейнесімен безендірілген.
Жиырма  теңгелік  қағаз  ақшада  қарақоңыр  түс  басым. 
Оң жағында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаев 
бейнесі  бар.  Өмірбаяндық  деректер  тігінен  қара  бояумен 
берілген.  Портреттің  төменгі  сол  жағында  бедерлі  өрнек  са-
лынған,  сол  жағында – «Қазақстан  Ұлттық  банкі»  деген  қо-
ңыр бояулы мəтін мен Абайдың субелгі суреті орналасқан.
Төменгі  сол  жақ  бұрышта «20» саны,  ал  оның  астында 
өрнекті белгі бедерленген.
Ақшаның  келесі  беті  қоңыр  бояулы.  Ортасында  Абай 
Құнанбаев поэзиясындағы аса бір тартымды жырланған та-
қырыптық  желілердің  бірі  аңшылыққа  орай  ойластырылып 
берілген қыран салушы бүркітші бейнесі назар аударады.
Елу теңгелік қағаз ақшаның қасбеті (аверс) ашық қоңыр 
түсті,  оң  жағына  Əбілқайыр  ханның  суреті  салынып,  өмір-
баяндық деректері жазылған. Сол жағында «Қазақстан Ұлт-
тық  банкі»  деген  мəтін,  төменгі  сол  бұрышта  жəне  жоғарғы 
оң жақта «50» саны қайталанған. Əбілқайыр ханның субелгі 
портреті сол жаққа берілген.
Қоңыр  бояулы  келесі  бетте  Қазақстанның  ежелгі  өнерінен 
хабар  беретін  тарихи  ескерткіштердегі  суреттерден  көшіріп 
салынған бейнелер бедерленген. Олар еліміздің батысында 
Маңғыстауда табылған жартастағы жазуларға жатады.
Жүз  теңгелік  ақшада  күлгін  түс  басым.  Қасбеттің  сол 
жағындағы  ақтаңдақта  тігінен  жазылған  «Қазақстан  Ұлттық 
банкі» деген мəтін бар. Жазу көк бояумен өрнектелген.
«100»  саны  сол  жақтағы  төменгі  бұрышқа  жəне  оң  жақ 
жоғарыға орналастырылған. Банкноттың оң қапталында 
Абылай  ханның  портреті  мен  өмірбаяндық  деректері  бар. 
Өмірбаяндық  дерек  жазбалары  көк  бояулы.  Хан  бейнесі-
нен  төменірек  сол  жақ  тұста  өрнек  салынған.  Сол  жақта – 
Абылай ханның субелгі суреті.
Ақшаның келесі бетінде алқызыл түс айшықтылау көрінеді. 
Ортасында Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің суреті салынған.

45
Екі жүз теңгелік ақша (көлемі 69x144 миллиметр) құрамын-
да күлгін көк жəне қызыл бояулы арнаулы талшықтары бар 
ақ  қағаздан  жасалған.  Қасбетінде  алқызыл-қоңырқай  рең 
басым,  сол  жақта  қоңырқай-қызыл  түсті  «Қазақстан  Ұлттық 
банкі» деген жазу бар. «200» саны сол жақтағы төменгі бұ-
рышта тұр. Осы таңба мен номинал мəтіні банкнот ортасын-
да  да  бар,  ал  олардың  астында  «Қазақстан  Ұлттық  банкі» 
деген мəтін, Ұлттық банк төрағасының қолы қойылған жəне 
ақшаның шығарылған жылы бейнеленген.
Теңгенің  оң  жағында  əл-Фараби  портреті  орналастырыл-
ған,  төменіректе  оның  аты-жөні  жəне  өмір  сүрген  жылдары 
қоңыр  бояумен  өрнектелген.  Оң  жақ  төменгі  бөлікте  тұтас 
басу  əдісімен  қазақ  оюы  жасалған.  Сол  жақтағы  түрлі-түсті 
бөлікте  қарамен  жазылған  қосқарыпты  серия  белгісі  мен  же-
ті таңбалы ретсан көрсетілген. Қарыптар бір қатарда. Өзара 
арақашықтары  да  біркелкі.  Портреттің  оң  жағында  да  тіке-
сінен  қойылған  қызыл  түсті  қосқарыпты  серия  белгісімен  жеті 
таңбалы ретсан айшықталған.
Ақшаның  келесі  бетінде  сарғыш  көк  түс  басым.  Сол  жа-
ғында Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің суреті салынған.
Арнайы талшықтары бар, ақ қағаздан жасалған бес жүз 
теңгелік  банкноттың  (көлемі 69x144 миллиметр  бағалы  қа-
ғаздың)  қасбетінде  аспанкөк  зерлі  көгілдір  түс  басым.  Сол 
жақ тұсында қаракөк бояумен «Қазақстан Ұлттық банкі» деген 
жазу жазылған. Сол жақ төменгі бұрышта «500» саны, одан 
төменіректе  «Қазақстан  Ұлттық  банкі»  деген  жазу,  ұлттық 

46
банк  төрағасының  қолы  қойылған  жəне  ақша  шығарылған 
жыл саны орналастырылған.
Банкноттың  оң  жағында  əл-Фарабидің  суреті  салынған, 
астында  қара  бояумен  оның  аты-жөні  мен  өмір  сүрген  жыл-
дары көрсетілген. Суреттен төменірек оң жақта – өрнек, ал 
тігінен – қызыл  бояумен  салынған  қос  қарыпты  сериялы 
жеті таңбалы ретсан бедерленген.
Сол  жақта – əл-Фарабидің  бір  қырын  тұрған  субелгі  суре-
ті. Сол жақ жоғарыдағы ақтаңдаққа айшық салынып, «Банк-
ноттарды  қолдан  жасау  заңмен  қудаланады»  деген  жазу 
жазылған.  Жоғарыда  да,  төменде  де  тұтас  басу  əдісімен 
қазақтың  ұлттық  оюы  өрнектелген.  Сол  жақтағы  түрлі-түсті 
бөлікте  қара  бояумен  қос  қарыпты  сериялы  жеті  таңбалы 
ретсан көлбей тартылған.
Ақшаның  келесі  беті  қызғылт  көк  түсті.  Сол  жақта – Қожа 
Ахмет  Йасауи  кесенесі.  Ортада – орыс  тіліндегі  номинал  мə-
тіні  мен «500» саны,  оның  астында – «Национальный  банк 
Казахстана» деген сөздер. Оң жақ жоғарыда «Подделка банк-
нот преследуется по закону» деп жазылған. Оң жақ төменгі 
бұрышта – «500» саны.
Мың  теңгелік  ақша (69х144  мм)  арнаулы  қаракөк  талшық-
ты  ақ  қағаздан  жасалған.  Қасбетінде  қызыл-жасыл  түсті 
бояу басым. Сол жақта тігінен «Қазақстан Ұлттық банкі» де-
ген жазу орналасқан. Сол жақтағы төменгі бұрышта «1000» 
саны бар. Банкноттың орта тұсында «Мың теңге» деген но-
минал  мəтіні  мен  оның  сандық  белгісі («1000»), ал  оның 
астында  «Қазақстан  Ұлттық  банкі»  жазуы,  Ұлттық  банк  төра-
ғасының  қолы  мен  ақша  шығарылған  жыл  айшықталған.  Оң 
жақта – виньет  орам  əдіптелген  əл-Фараби  суреті,  астында – 
Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген түрлі мем-
лекеттік  құрылымдардың  астаналары  болған  кене  қа-
лалар:  Суяб  (Түркі  қағанаты),  Баласағұн  (Қарахандар 
мемлекеті),  Қойлық  (Қарлық  хандығы),  Жаңакент 
(Янгикент, Оғыз мемлекеті), Сығанақ (Алтын Орда) жə-
не Түркістан (Қазақ хандығы).

47
жасыл  бояумен  ғалымның  аты  мен  өмір  сүрген  жылдары 
көрсетілген.  Суреттің  сол  жағында  тігінен  металл  тектес  шеті 
батып  бара  жатқандай  кейіптегі  лента  бейнеленген.  Ол  күн 
көзіне қарағанда тұтас қара сызық болып көрінеді. Жоғары-
да да, төменде де суретті сұлбалы торшалар үстінен ойыл-
ған оюлар өтеді. Портреттен төменірек оң жақтағы бөлікте 
де ойылған ою бар.
Банкноттың  сол  жағында – əл-Фарабидің  қырынан  тұр-
ған  субелгі  суреті.  Ақтаңдақта – елтаңба  бейнесі.  Ортада – 
номинал  мəтіні  мен «1000» белгісі  (түссіз  бояу).  Сол  жақ 
жоғарыдағы ақтаңдақта – бедер суреті.
Жоғарысы  мен  төменінде  үздіксіз  басу  əдісімен  ұлттық 
ою  өрнектелген.  Сол  жақтағы  түрлі-түсті  бөлікте  қара  бояу-
мен  қосқарыпты  сериялы  жеті  таңбалы  ретсан  жазылған. 
Сол  жақ  жоғарыда  жасыл  бояумен  «Банкноттарды  қолдан 
жасау заңмен қудаланады» деген қазақша мəтін бар.
Ақшаның екінші бетінің реңінде жасыл-қызыл зер басым. 
Сол  жағында – Қожа  Ахмет  Йасауи  кесенесі.  Ортасында 
жасыл-көк-қызыл  түспен  орыс  тілінде  «Тысяча  тенге»  деген 
мəтін мен «1000» саны жазылып қойылған.
Оң  жақтың  жоғарысында  екі  жолға  көк  бояумен  орыс  ті-
лінде «Подделка банкнот преследуется по закону» деп көр-
сетілген.  Жоғарысы  мен  төменінде  сурет  сұлбалы  торшада 
ойылған  ою  жолағы  тартылған.  Оң  жақтағы  төменгі  бұрышта 
қызыл көк түсті «1000» номинал белгісі бар.
Металл  мəнеттердің  номиналдары – 2 тиын, 5 тиын, 10 
тиын, 20 тиын жəне 50 тиын болып дараланады.
Олардың қасбетіндегі шеңберде сегіз бұрышты өрнек бе-
дерленген. Ол ортадағы мəнет номиналын орап тұр.
Номинал  көлемін  айқындайтын  сан  астында  «тиын»  деп 
жазылып қойылған. Бедердің төменгі бөлігінде ақшаның со-

48
ғылған  жылы  көрсетілген.  Бедердің  алты  қырында  бірдей 
ұлттық оюға негізделген безендіру элементтері айшықтал-
ған. Бейне, жазулар, бедерлер мен ою-өрнектер шығыңқы.
Қарсыбеттің  (реверс)  ортаңғы  бөлігінде  Мемлекеттік  ел-
таңба  суреті  салынған,  ал  шеңбер  шетін  айналдыра  «Қазақ-
стан Республикасы» деген жазу өрілген.
Банкноттың  бүйірбетінде  (гурт)  ешқандай  кескіндеме  не-
месе жазу жоқ. Тегіс. Тиындар латуннан жасалған.
Екі  жəне  бес  тиындық  мəнеттердің  диаметрі – 17,27 мил-
лиметр, қалыңдығы – 1,3 миллиметр. Сəйкес өлшемдер ме-
талл  ақшаларда  олардың  номиналдарының  құнына  қарай: 
ақша құны артқан сайын өсе береді.
Он  тиындық  мəнеттің  диаметрі 19,5 миллиметр  тең  болса, 
қалыңдығының өлшемі – 1,6 миллиметр.
Құны жиырма тиынға тең мəнеттің диаметрі – 21,87 мил-
лиметр, ал ені болса – 1,6 миллиметр.
Құны елу тиын мəнеттің диаметрі – 25,0 миллиметр, ал 
ені болса, 2,0 миллиметр,
Ұлттық  Банк  қазақтың  ұлы  ақыны,  ғұлама  ойшыл  Абай 
Құнанбаевтың  туғанына 150 жыл  толуына  орай (1995 ж.)  бес 
сыйтеңге – жүз теңгелік ескерткіш күміс ақша шығарды.
Қасбетте  Абайдың  бір  қырын  тұрған  бейнесі  бедерленген 
(шығыңқы). Оның оң жағы мен сол жағында ұлы ақынның 
өмір сүрген жылдары (1845–1904) көрсетілген. Жоғарғы жақ-
та  радиус  бойынша  «Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы»  деген 
жазу  таңбаланған.  Төменде – Абай  шығармалары  негізінде 
жасалған көпбейнелі композиция.
Қарсыбетте Абай дүниетанымына қатысты бес негізгі ка-
нонды білдіретін шығыңқы суреттер орналастырылған. Олар – 
тіршіліктің қайнар бұлағын көз алдыңа əкелетін ана мен бала 
бейнелері, сенім мен білім негізі болып саналатын медресе, 

49
мəңгілік  махаббат  символы – алтыбақан,  мақсаткерлік  ны-
шаны – бүркітші бейнесі, бойына даналық тұнған, адам өмі-
рінің  асқақ  тəжіндей  қасиетті  ақсақал  (киіз  үй  алдында)  об-
раздары.
Сыйтеңгелердің  төменгі  бөліктерінде «100» деген  номи-
нал белгі соғылған. Жиек шеңбердегі шығыңқы орам ішінде 
«теңге», «1995», «Казахстан»  деген  жазулар  бар,  аралары 
əшекейлі бедерлермен бөлінген.
Мəнеттердің  шетін  баса  моншақты  орам  мен  шығыңқы 
кант бедерленген.
Сыйтеңгелердің салмағы 24 грамдық бағалы металға тең, 
құйма өлшемі – 925. Пішіні – диаметрі 37 миллиметр дөңге-
лек. Бүйірбеті тегіс келген ешқандай, иірім мен жазу жоқ.
Сыйтеңгелер айырықша жоғары «пруф» таңбалы сапамен 
жасалған. Əрқайсының таралымы – 10 мың данадан. Қазақ-
стан  аумағында  да,  шетелде  де  құны  жөнінен  алғанда  бір-
дей коллекциялық баға бойынша сатуға арналған.
Сыйтеңгелер арнайы кəделік (сувенир) қобдишаларға са-
лынады,  Ұлттық  банктің  қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілде-
ріндегі куəлік белгісімен (сертификат) қамтамасыз етілген.
Бір,  үш,  бес,  он  жəне  жиырма  теңгелік  металл  ақшалар-
дың түсі ақ болып келеді.
Бір, үш жəне бес теңгелік мəнеттердің қасбетінде шеңбер 
сызық  ішіне  тоғыстырылған,  алты  қырлы  бедерлер  бейне-
ленген.  Олар  ақша  номиналдарының  сандық  белгілерінің 
жиектері ретінде жасалған. Номиналдың сол жағында – ақ-
шаның  жасалып  шығарылған  жылы  көрсетіліп,  оң  жақ  тө-
менінде  «теңге»  деген  арнайы  жазу  бəдізделген.  Шеңберді 
бастыра  үш  қатар  орама  дөңгелек  зер  айшықтары  өткізілген. 
Мəнеттердің бүйірбеті тегіс келеді. Онда иірім, жазу жоқ.
Бір  теңгелік  металл  ақшаның  қарсыбетінде  əпсаналық 
образ ретінде пайдаланылған арқардың басының суреті тұр. 
Оң  жақта  шеңберді  айналдыра  «Қазақстан  Республикасы» 
деп  жазылған.  Теңгенің  диаметрі – 17,27 миллиметр,  қалың-
дығы – 1,3 миллиметр.
Үш  теңгелік  мəнет  қасбетінің  ортасында  əйгілі  көкбөрі  об-
разы, төменінде – спиральдің, ал жоғарысында – қолдың 

50
рəміздік  сұлбалары  бейнеленген.  Шеңберді  дөңгелете  «Қа-
зақстан Республикасы» деп жазылған, сөз арасына ақша-
ның  шығарылған  жылы  тіркелген.  Диаметрі – 19,56 милли-
метр, қалыңдығы – 1,6 миллиметр.
Бес  теңгелік  мəнет  қасбетінің  ортасында  барыс  суреті  са-
лынып,  шеңберді  айналдыра  «Қазақстан  Республикасы»  деп 
жазылған.  Сөз  арасында  ақшаның  шыққан  жылы  тіркелген. 
Диаметрі – 21,87 миллиметр, қалыңдығы – 1,7 миллиметр.
Он  теңгелік  металл  ақшаның  қасбетінде  Қазақстан  Рес-
публикасының елтаңбасы бейнеленіп, астына «10 теңге» де-
ген  жазу  екі  жолға  таратылып  түсірілген.  Номиналдың  оңы 
мен  солына  ұлттық  ою-өрнек  үлгісі  өрілген.  Қарсыбеттің  ор-
тасында  əпсаналық  құс  образы  ойылған.  Жоғарысында – 
спиральдің  рəміздік  сұлбасы.  Шеңберді  айналдыра  «Қазақ-
стан  Республикасы»  деп  жазылған,  сөз  арасында  ақшаның 
шыққан жылы тіркелген. Бүйірбеті тегіс, иірім мен жазу жоқ. 
Диаметрі – 25 миллиметр, қалыңдығы – 2 миллиметр.
Жиырма  теңгелік  металл  ақшаның  жоғарғы  жағында  Қа-
зақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленіп, астына «20 
теңге»  деген  жазу  екі  жолға  таратылып  түсірілген.  Оның  оңы 
мен  солында  ұлттық  ою-өрнек  бейнеленген.  Шеңберді  ай-
налдыра «Қазақстан Ұлттық банкі» деп жазылған. Қарсыбет-
тің  ортасында  əл-Фараби  суреті  салынған.  Шеңберді  дөң-
гелете  «Қазақстан  Республикасы»  деген  ел  аты  бедерленген. 
Сөз  арасында  ақшаның  шығарылған  жылы  тіркелген.  Бүйір-
бетте он иірім бөлік бар. Мəнет диаметрі 31 миллиметр, қа-
лыңдығы 2 миллиметр.
Ұлттық  банк 1995 жылғы 18 қазаннан  бастап  БҰҰ-ның  (Бі-
ріккен  Ұлттар  Ұйымы) 50 жылдығына  арналған  жиырма 
Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығы құрметіне 
шығарылған ескерткіш мəнет

51
теңгелік  ескерткіш  сыйтеңге  айналымға  шығарды.  Қасбетінің 
жоғарғы  жағында  Қазақстан  Республикасының  елтаңбасы 
бейнеленген,  астында «20 теңге»  деп  жазылған.  Номинал-
дың  оң-солы  бірдей  безендірілген.  Шеңберді  айналдыра  «Қа-
зақстан  Ұлттық  банкі»  деп  жазылып  қойылған.  Бейне  мен 
жазу шығыңқы.
Ақшаның  қасбетінің  орта  шеніне  БҰҰ-ның 50 жылдығының 
эмблемасы  салынған.  Оның  оң  жағында «1945–1995» деген 
таңба  бар.  Эмблеманың  төменгі  жағын  айналдыра  ағылшын, 
қазақ тілдерінде «United Nations. Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп 
жазылған. Сурет пен жазу шығыңқы.
Бүйірбетте  «жиырма  теңге»  деген  жазу  жазылған.  Сөз 
арасы «Қ. Ұ. Б. « (Қазақстан Ұлттық банкі – Е. Ш.) бас əріп-
терімен  (аббревиатура)  жəне  қос  үшбұрышпен  бөлінген.  Ақ-
ша  диаметрі – 31 мм,  қалыңдығы – 2 мм.  Ақ  мыс-никель 
қортпасынан жасалған.
Қазақстанның  егемендігі  мен  тəуелсіздігі 1929 жылдан 
бері астана атанып келген Алматы қаласында жарияланды. 
1994 жылы Республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Респуб-
ликасының  астанасын  көшіру  туралы»  қаулы  қабылдады, 
Ол  үш  тармақтан  тұрды.  Алғашқы  тармағында: «Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың мемлекет 
астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысы мақұл-
дансын» делінді, ал қалған екі тармағында жыл аяғына дейін 
Алматы қаласының елтаңбасы

52
Астана – Қазақстанның жаңа елордасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет