Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


М. Поляков Музыка – танымның ең жоғары түрі



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата22.12.2016
өлшемі11,24 Mb.
#78
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

М. Поляков
Музыка – танымның ең жоғары түрі.
 
 
 
 
О. Шпенглер

249
Мемлекеттік  əнұранның  өнбойына  өрілген  дəстүрлі  му-
зыка нақыштары мен осы заманғы əуен бояулары туралы сөз 
еткенде,  ең  алдымен,  өнердің  осындай  өзгеше  терең  астары 
ойға оралады.
Басқа  халықтардағыдай  қазақтардың  да  ерекше  музы-
калық  рəміздерге,  ұлттық  гимнге  айналып  кеткен  əуендері 
бар  екені,  солардың  бірі – «Елім-ай»  əні  екені  өткен  тарау-
ларда  айтылды.  Осыған  байланысты  мынадай  бір  қызық  де-
рек келтіре кетуге болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Ғылым  академиясының  корреспондент-мүшесі  музыкатану-
шы Б. Ерзаковичтің пікірінше «Елім-ай» əнінің қазақ өнері та-
рихының  аса  бағалы  мұрасына  жататын VIII–IX ғ.ғ.  жазыл-
ған  «Соdех  Сumаnісus»  əуеніне  ұқсас  жерлері  бар.  Хорға  ар-
налған жеке дауысты көне канондық шығарманың бірінші бө-
лігін  «Елім-ай»  əнінің  музыкасымен  салыстыра  талдау  «диа-
тоникалық  ырғақтардың  ұқсастығын,  оларда  субдоминантық 
сфераға қарай жайлап, бірте-бірте əуездік қозғалыс жасау 
Жамбыл. 
Ə. Қастеев. Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік өнер 
мұражайы

250
əдісінің  басым  қолданылуы,  сөйтіп  оның  шегіне  жеткеннен 
кейін  тоникаға  қайта  оралу (1, 2, 3 тактілер)  қатар  кезде-
сетіндігін  көрсетеді.  Оның  үстіне  хоралдың  құман  (қыпшақ) 
əуенінде қазіргі қазақ мелосына тəн басқа да элементтер 
кездеседі.  Олар – бəсең  квинта  мен  асқақ  кварта  өлшем-
дері арасындағы интервалдардың кейбір түрлері, аккордты-
айқындамалық  дыбыстар  бойымен  əуендік  қозғалыс,  ладты-
тональдік  ауысулар» («Казахстанская  правда»  газеті, 1996 
жылғы 15 қараша).
Тағы бір қызық дерек. Осыдан біраз жыл бұрын баспасөз-
де  Пекин  мұрағатында  Бұқар  жыраудың 36 шығармасының 
қолжазбасы табылғаны туралы хабарланды. Солардың ара-
сынан  халықтық  əнұранға  айналған  «Елім-ай»  əнінің  халық 
мəтіні  жəне  оның  авторы  Қожаберген  Толыбайұлының  осы 
аттас поэмасы (1723 ж.) табылған.
«Елім-ай» əні 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары кезінде 
Шəмші  Қалдаяқовтың  «Менің  Қазақстаным»  əнімен  қатар 
шырқалды.
«Менің Қазақстаным» əнінің сөзін ақын Жұмекен Нəжіме-
денов  жазған.  Елдің  сүйікті  əуеніне  айналған  бұл  шығарма 
дүниеге  келген 1959 жылы  композитор  да,  ақын  да  кон-
серваторияның  төртінші  курс  студенттері  еді.  Əнді  алғаш 
радиода  Жамал  Омарова  орындаған,  кейін  Ришат  Абдул-
лин мен Сара Тыныштықұлова айтты. Əннің толық мəтіні тө-
мендегідей:
Алтын күн аспаны, 
Алтын дəн даласы. 
Думанды бастады, 
Далама қарашы. 
Ұлттық  қасиет  адам  бойына  идеал  мен  мəңгілік  сезім-
дерін  дарытады  жəне  мұны  аса  бір  нəзік  əрі  иланымды 
жасайды.
Г. Гачев

251
Кең екен жер деген, 
Жерге дəн шықты ғой. 
Дəн егіп, терлеген, 
Қазағым мықты ғой.
Қ а й ы р м а с ы:
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін. 
Жырың болып төгілемін, елім. 
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Айнала қарасам, 
Асықты жүрегім. 
Заманға жарасып. 
Жарасып тұр елім. 
Біздің ел орденді, 
Көтерді туларын. 
Желмен ол тербелді, 
Тербеле жырладым.
Қ а й ы р м а с ы:
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін. 
Жырың болып төгілемін, елім. 
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Сағымды далам бар, 
Сабырлы көлім бар. 
Қараңдар, жарандар, 
Осындай елім бар! 
Қарсы алған уақытты, 
Ежелгі досындай 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел – осындай.
Халық  күйі  «Ел  айырылған»  мен  ұлы  сазгер  Құрманғазы 
Сағырбайұлының «Сарыарқасы» да – халықтық əнұран ре-
тінде қабылданып жүрген шығармалар.

252
Əнұранның  қосқұрамды  біртұтас  табиғаты  əуен  мен  сөз-
дің  айырықша  үйлесімін  талап  етеді.  Тек  музыкалық  жəне 
поэтикалық тұрғыдан ғана емес. Олар ең алдымен, рухы мен 
мінезі тұрғысынан туыстасып жатуы керек. Олардың əрқайсы 
тек өзіне ғана тəн көркемдік құралдары, жан түкпіріне жетіп, 
жүрек  көзін  ашу  мүмкіндіктері  арқылы  əнұран  тəрізді  ерекше 
əлеуметтік  феномен  алдына  қойылатын  ортақ  міндетті  ше-
шуге қызмет етеді.
Əнұран сөзі туралы XX ғасырдағы көрнекті қазақ ақында-
рының бірі Ə. Тəжібаев: «Əнұран – сөзбен тоқылған ел туы» 
деген анықтама берген.
Сөз реті келгенде айта кетуге болады, Ə. Тəжібаев – Қазақ 
КСР  əнұраны  авторлары  санатында  болған  ғой.  Осы  орай-
да ақын республикалық «Ана тілі» газетіне (1991 жылғы 19 
желтоқсан)  берген  сұхбатында: «Небəрі  үш  шумақ  өлеңді  үш 
адам  бірігіп  жаздық  қой.  Оның  тең  жартысы,  өздеріңе  мəлім, 
«орыс – ұлы халық, біздің ағамыз, соның арқасында ғана 
күн  көріп  жүрміз»  дегендей  жолдардан  құралған.  Енді  одан 
біздің мүддемізге жағымды сөз бар деп, егеменді ел болуға 
ұмтылған  ұлтымызға  зəредей  пайдасын  тигізеді  деп  айта  ал-
маймын.  Сорлылау  кезімізде,  əлі  өзіміздің  тізгінімізді  өз 
қолымызға  алмаған,  алатынымызға  көзіміз  жетпеген  шақта 
құлшылықты мойындап жазған əлсіз, мүсəпір нəрсе ғой ол», – 
деп  еске  алады.  Одан  əрі  тілші  сұрағына  жауап  беріп  оты-
рып,  комиссия: «гимн  əуенінің  құлаққа  жағымды  естілуін 
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ел данасы. 
Тілге – жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Абай
Еріннен бұрын, кім білген 
Жаралған шығар сыбырың. 
Ағашсыз жерде күмбірлеп 
Жапырақ тартқан шығырын.
О. Мандельштам

253
қадағалап, тексіне кəдімгі саяси құжат ретінде қарады», – деп 
ой түйеді.
Сөз  жоқ,  əнұран  сөзі  халық  жүрегінде  айырықша  қастер-
лі орын алады. Сондықтан да жүректен шығып, жүрекке же-
тетін əсерлі əрі мағынасы терең салмақты сөздерді табу оңай 
емес.  Тақырып  жағынан  өткенді,  бүгін  мен  ертеңді  бірдей  бір 
уақыт  кеңістігіне  сыйғызып  мемлекет  қызмет  етуге  тиісті  ең 
ізгі  идеяларды  жүйелі  əрі  жан  толқыта  жеткізу  керек.  Отан-
ға  деген  махаббат  пен  адалдық  сезімі,  ортақ  тағдырдың 
болашағына  деген  жауапкершілік  мағыналық – концептуал-
дық тұрғыда да көрініс табуы қажет. Сөз – рəміз, сөз – ант-
ты  дүниеге  əкелу  үшін  тарихи  ақиқатты  сезіну  аздық  етеді 
даналық  пен  көрегендік  керек.  Ең  бастысы,  хас  шебердің 
шабыты қажет.
Алашорда  атты  əскерлерінің  маршын  қазақ  халқының  ар-
дагер  ұлдары  Жүсіпбек  Аймауытов  пен  Міржақып  Дулатов 
жазғаны белгілі. Онда мынадай жолдар бар:
«Арғы атам – ер түрік, 
Біз – қазақ еліміз. 

254
Самал тау, шалқар көл, 
Сарыарқа жеріміз.
Сай-сайлап, мал айдап, 
Сайрандап ен жайлап, 
Арқаның ерке өскен 
Еркесі – серіміз.
Ер түрік ежелден, 
Оқ тескен етіміз. 
Қайтпаған еш жаудан, 
Қайтпаған бетіміз.
Біздерге сөз бе екен, 
Жауыңның көп-азы. 
Өлсек, хақ шаһит біз 
Өлтірсек, біз – Ғазы.
Жау шауып, 
Сау қайтсақ, боламыз. 
Қазақтың шын ұлы 
Қаһарман сабазы.
Сол кезде:
Қазағым, қақтықпа, қамалма, 
Ел болар қамыңды амалда. 
Шықты күн, кетті түн 
Сал жанды, сал малды, аянба, – 
деген  бостандық  сүйгіш,  еркіндік  аңсаған  жырлар  ел  ара-
сында əнге қосылып айтылып жүрді.
(Бұл өлеңдерді өткен ғасырдың алпысыншы жылдары өз 
əкем Шаймерден Сəрсенбіұлы да айтып отыратын).
Сөз ойды, образды, белгілі бір идеяларды немесе əр түр-
лі  ақпараттарды  жеткізу  құралы  ғана  емес,  ол – соларды  жа-
сайтын құрал. Сондықтан да халық: «Өнер алды – қызыл тіл» 
дейді.

255
Сөз əсіресе, өлең сөз, ақыл-ой мен жүрекке ерекше əсер 
етеді. Оны əр түрлі афоризмдерден де аңғаруға болады. Мы-
салы,  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп  келе  жатқан  «Айтылған  сөз – 
атылған  оқ», «Таяқ  еттен  өтеді,  сөз  сүйектен  өтеді»  деген 
халық  даналығы  бар.  Сол  сияқты  «Бас  кеспек  болса  да,  тіл 
кеспек жоқ» немесе «Ердің екі сөйлегені өлгені» деп жатады. 
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген жақсы мəтел де бар.
Сөз  құдіретіне  деген  айырықша  қастерлі  көзқарас  тəуелсіз 
еліміздің  тұңғыш  ресми  əнұранының  мəтініне  жарияланған 
байқау  үстінде  де  айқын  аңғарылды.  Жолданған  жобалар-
да əр түрлі идеялар ортаға салынып, сан алуан поэтикалық 
қолтаңбалар көрініс берді.
Тарының қауызындай үш-төрт шумаққа өлең жасаудың 
таза поэтикалық құралдарымен əдіптелген ауқымды ой, те-
рең мағына сыйғызу оңай шаруа емес.
Бəйге  шарттары  жарияланар  тұста  осы  орайда  болашақ 
авторларға  қалай  көмектесуте  болады,  алдын  ала  бағыт-
бағдар сілтеген жөн бе деген ойлар да туды. Бірақ қасиетті 
іске дайын қалып ұсына қою қиын дегенге тоқтадық. Расын-
да да, тарихи зерде ұрпақтан ұрпаққа ұластырған халықтық 
таным  тағлымы, «əнұран  жыры»  деген  қасиетті  ұғымдар 
ақын  миының  мың  градустық  домнасының  от-жалынынан 
қайнап  шыққанда  қандай  қорытпаға  айналарын  қалай  бол-
жап білерсің?! Ел тұмарына айналар асыл сөз, жүрегіміздің 
ең  бір  нəзік  қылын  тербелтер  төл  жырымызға  айналатын 
аруақты өлең жазу, ең алдымен, бəйгеге түскен жүйріктің, хас 
таланттың  өзіне  түсер  салмақ  болса  керек.  Сөйтіп,  елдігіміз-
ге тəн ерлік бұл жолы ақындардан күтілді.
Сөз – қайғы-қуанышқа толы тамырлар іспеттес.
Э. Фромм
Отанға  деген  махаббат – жақсылық  атаулының 
бастауы.
Цицерон

256
Жан-жақты сыннан сүрінбей өтіп, маңдайы жарқырап кел-
ген жыр-жоба дүлдүл ақындарымыз: Мұзафар Əлімбаев, Қа-
дыр  Мырза  Əлі,  Тұманбай  Молдағалиев,  жас  ақын  Жадыра 
Дəрібаева бірігіп жазған мəтін болып шыққаны белгілі. Ол – 
ел Парламентінің сессиясында бекітілді.
Озып  шыққан  творчестволық  топтың  сыры  неде  болуы 
мүмкін? Тегінде, алдымен, құрамының сəтті іріктелуінде бол-
са  керек.  Авторлардың  ортақ  творчестволық  қуатында  жо-
ғары  поэтикалық  шеберлік,  зор  шығармашылық  жəне  өмір-
лік  тəжірибе  айырықша  орын  алады.  Авторлардың  үшеуі – 
Қазақстанның  халық  жазушысы  жəне  əрқайсысы 300–400 əн 
мəтіндерін жазған. Олардың арасында Мəскеудің əдебиет 
институтын  бітірген,  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  қатар  жыр 
жазып  жүрген  жас  ақынның  болуы  да  ұсынылған  жобаға  жа-
ңашылдық рең беруге əсер еткендей.
Əнұран үш шумақ пен қайырмадан тұрады. Олар – біртұ-
тас шығарманың құрамдас бөліктері əрі маңызды құрылым-
дық элементтері.

257
Мемлекеттік  əнұранның  мазмұндық-идеялық  мəні  туралы 
сұраққа  жауап  бергенде,  оның  авторларының  бірі  М.  Əлім-
баев былай дейді: «Біздің ойымыз бойынша бірінші шумақ-
та  Қазақстанның  ерлікке  толы  өткені  туралы  тақырып,  ал 
екінші  шумақта – көптеген  халықтардың  тағдырын  бір  ар-
наға  тоғыстырған  республикаға  айналған  қазіргі  Қазақстан 
тақырыбы  қамтылды.  Үшінші  шумақта  келешекке  көзқарас 
жөнінде  сөз  болады.  Қайырмада  біз  Қазақстан  халқының  бір-
лігі,  қоғамдағы  тұрақтылық  пен  келісімді  көздің  қарашығын-
дай сақтау қажеттілігі туралы айтқымыз келді».
Əнұран мəтінінің идеялық-мағыналық астары жөнінде əр 
шумақтағы ең басты лексикалық бірліктерді – сөздер мен 
жолдарды  іріктеп  алып,  саралау  арқылы  да  көп  жайға  қануға 
болады. XVIII ғасырда  дүниеге  келген  халықтық  гимн  «Елім-
ай» əнінде «қайғы» «өз жасы», «бастан ұшқан бақ» тектес 
ұғымдар көп.
Қаратаудың басынан
   
 
 
көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ
   
 
 
бос келеді. 
Ел-жұртыңнан айырылған
   
 
 
жаман екен, 
Егіліп екі көзден жас келеді,
Мына заман қай заман,
   
 
 
қысқан заман 
Басымыздан бақ-дəурен
   
 
 
ұшқан заман. 
Көк аспаннан топырақ,
   
 
 
шаң борайды 
Күні суық қаңтардан,
   
 
 
қыстан жаман.
Хош-аман бол, Қаратау –
   
 
 
ел өлкесі, 
Жердің кетер ел ауса
   
 
 
берекесі. 

258
Ханзададай, ханшадай өскен
   
 
 
ұл-қыз, 
Қайсы жұрттың болар-ау
   
 
 
келекесі.
Қазақ  КСР-інің  əнұраны  «Біз  қазақ  ежелден  еркіндік  аң-
саған» деген жолдардан, ал тəуелсіз Қазақстан Республика-
сының  жаңа  əнұраны  «Қаһарман  халықпыз  жаралған  намы-
стан»  деп  басталады.  Мұның  бəрінде  де  ел  өміріндегі,  ха-
лық тағдырындағы рухани һəм əлеуметтік-саяси өзгерістер-
дің табы бар.
Мемлекеттік  əнұран  табиғатын  айқындайтын  негізгі  лек-
сикалық бірліктер арасында: «Намыс», «Азаттық», «Тағдыр-
дың тезі», «Аман-сау қалыппыз», «Татулық – достықтың киелі 
мекені», «Келешек – ғажайып» деген сөздер мен сөз орам-
дарын  айырықша  атау  керек.  Ал  «Алыптың  қуаты – халық-
та,  халықтың  қуаты – бірлікте»  деген  жолдар  қазір  қанатты 
сөзге айналып үлгерді.
Əнұранға  қатысты  философия  ғылымдарының  докторы 
Б. Қасеновтің пікірін («Мысль» журналы, 1995 жыл) келтіре 
кетуге болады. Ол əнұран мəтінін бойына «идеялар комп-
лексін»  жиған  мəдени  құбылыс  ретінде  қарастырады.  Ға-
лымның  пікірінше,  əнұран  мəтінінің  ғылыми-саяси  идеясы – 
қазақ  халқының  бостандық  жолындағы  жанқиярлық  күресі 
жөніндегі ойларға, əлеуметтік-философиялық жəне қоғамдық-
психологиялық  идеясы – елдің  еркіндігі  жолындағы  күрес-
тің  басты  тұлғасы  адам  деген  ұғымды  беретін  ойларға,  ал 
Сен оған біздің əндерді айт, 
Тыңдасын жаны жадырап, 
Оған да тұрса таңғалмай 
Жусан бер – жетсін аңырап.
К. Майков
Тіл – таным бəйтерегі.
Г. Гачев

259
адамгершілік-эстетикалық  идеясы – қазақ  халқын  «жаралған 
намыстан қаһарман халық» деп сипаттайтын ойларға негіз-
делген. Əнұран мəтінінің ұлттық-патриоттық жəне тəрбиелік 
астары  да  айшықты: «Еркіндік  қыраны,  шарықта», «Алыптың 
қуаты – халықта», «Халықтың қуаты – бірлікте» деген ұран-
дар – бүкіл  тақырыптық  желінің  өзегіне  айналған.  Əнұран 
еркіндікке, елдік пен бірлікке шақырады.
Жоғарғы Кеңесте əнұран мəтінінің үздік жобасына жария-
ланған байқауда көзге түскен үш жоба қаралып, дауысқа са-
лынған болатын. Ең көп дауыс алған жобадан кейінгі өлең-
нің біреуі мынау:
Азаттық айбыны кеудесін кернеген, 
Ақ бесік, Ай, Күні арманын тербеген, 
Антынан айнымас, салтынан жаңылмас, 
Халықпыз намысын ешкімге бермеген.
Қ а й ы р м а с ы:
Жаратқан жар болсын баршаға, 
Көк байрақ құламас біз барда, 
Жеріміз кең байтақ болса да, 
Орын жоқ бірлікті бұзғанға.
Əділет – ұраны, ту етер теңдікті, 
Даладан алғанбыз дархандық, кеңдікті, 
Тағдырлас ұлттарға тамырлас бауырмыз, 
Танытар əлемге ерлік пен елдікті.
Қ а й ы р м а с ы:
Нұр жаусын Заманға, жасасын Жер-Ана, 
Ар-иман жолында жанымыз садаға. 
Аяулы ұлы Отан, ана тіл, бостандық, 
Мəңгілік аманат атадан – балаға.
Бұл  жобаның  иелері – белгілі  ақындар  Нұрлан  Оразалин, 
Иранбек Оразбаев, Несіпбек Айтұлы, Есенғали Раушанов.

260
Ал тағы бір жобаның иесі – əдебиетші, Қазақ КСР-і əнұра-
ны мəтінінің авторы Қайым Мұхаметханов. Ол өлең мынадай:
Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған, 
Азаттық жолында ар үшін қиған жан. 
Сан ғасыр бунаған бұғауды талқандап, 
Ерікті ел болдық, жарқырап атты таң.
Қ а й ы р м а с ы:
Қазағым самғаған ғарышқа, 
Бостандық, береке – ұраны. 
Қашанда құлашты кең таста. 
Алаштың ер жүрек ұланы!
Іргелі мемлекет – біз қазақ еліміз, 
Достық пен бірлікте жайнайды жеріміз. 
Əділет, адалдық ақ жолдан таймаймыз, 
Кең пейіл қазақтың жасампаз еріміз.
Қ а й ы р м а с ы:
Ұлы ата-бабаның адалмыз салтына, 
Атағы жер жарған айбынды даңқына. 
Жығылмас көк туын күн сүйген мəңгіге, 
Бар əлем тілектес қазақтың халқына.
Əнұран қашан да дəуір рухынан туады. Халықтың тағды-
рымен байланысты ойларды кəделеп, халықтың жүрегін би-
леген  ортақ  сезімдерге  негізделеді.  Қазақстан  Республика-
сының тұңғыш əнұранының мəтіні де – оны өмірге əкелген та-
рихи кезеңнің туындысы.
Мемлекеттік  əнұран – өзгеше  рухани  туымыз.  Бағзы  ба-
балар ақылды – сары, денені – қызыл, ал рухты – көк түспен 
бейнелейді екен. Бұл ретте мемлекеттік тудың көк шулан реңі 
де ерекше мағынаға ие болады. Ал əнұранда халқымыздың 
бостандық  сүйгіш  көңілі,  тарихи  тамырының  тереңдігі  жəне 
болашаққа деген үміті көрініс тапқан. Ол бізді көне де киелі 
қазақ  жерінде,  бейбітшілік  пен  береке,  татулық  пен  ізгілік 
мəңгі салтанат құра беруі жолында бірігуге шақырады.

ЭПИЛОГ ОРНЫНА

263
Е
нді  елдік  нышандарға  ерекше  ілтипат  танытып,  құрмет 
көрсету  қаһында  арнайы  лебіз  білдіре  кетсек.  Онсыз 
мемлекеттік рəміздер туралы əңгіме толық болмайды.
Мемлекеттік рəміздерді құрметтеу – адамзат өркениеті-
мен  бірге  қалыптасып,  бірге  дамып  келе  жатқан  қоғамдық-
саяси құбылыстардың бірі. Адам жанының нəзік қылын шер-
тіп, айырықша аңсарларын қозғайтын əсері болғандықтан, 
адамдардың  түр-түсі  мен  тегіне,  қоғамда  алатын  орны  мен 
жас  шамасына,  тіпті  қашанда  құбылмалы  келетін  саяси  ұс-
танымдарға  да  қарамастан  ешкімге  жаттығы  жоқ,  көпке  ор-
тақ феномен.
Өз мемлекетінің туы желбіреп, əнұранының əуені тербел-
генде  немесе  сөзімен  қоса  шырқалғанда  селт  етпейтін  жү-
рек  жоқ.  Əсіресе,  туған  жерден  жырақта  жүрген  кездерде. 
1992  жылы  Барселонада  өткен  дүниежүзілік  жазғы  олим-
пиадалық  ойындарға  Қазақстан  делегациясы  тұңғыш  рет  тə-
уелсіз  Отанымыздың  өзгелермен  терезесі  тең  өкілі  ретінде 
қатысты.  Тағдыр  жазып,  сəті  түсіп,  сол  жолы  əлем  əлі  көз-
айым  бола  қоймаған  көкшулан  туымыз,  көненің  көзіндей, 
көшпелілер болмысының өзіндей көк байрағымыз спорттағы 
саңлақтарымыздың  қолында  желбіреді. «Қазақстанның  күн 
қонған көгілдір туын көкке қадай көтеріп, Олимпиаданың ашы-
лу  шеруінің  бел  ортасында  келе  жатқан  Дəулетті  (Д.  Тұр-
лыханов – осы  сайыста  классикалық  күрестен  қола  жүлде-
гер  атанған  қаһарман  жігітіміз – Е.Ш.)  көргенде, – деп  жа-
зады  сол  жолы  алыстан  ақжолтай  хабарлар  беріп  тұрған 
қазақ  журналисі  Ермұрат  Бапи,  спорт  фототілшісі  Дендер-
бай  аға  бір  суретін  түсіруге  үш  фотоаппараттан  бес  плен-
ка  жұмсап  үлгерді.  Ал, «Спорт»  газеті  редакторының  орын-
басары  Қыдырбек  Рысбекұлы  қуаныштан  көзіне  жас  алып, 
Өмірін рухымен нұрландырған жанның бойынан өзгеше 
шуақ төгіліп тұрады.
Саади

264
Елбасы Н. Назарбаевтың Олимпиада чемпионы В. Смирновты 
Қ
абылдау кезі

265
жылап жіберді. Əлемнің сонау бір қиян түкпірінде, кілең бір 
марқасқалар  жиылған  айтулы  ортада  отандастарымызды 
өзгеше  мақтаныш  сезіміне  бөлеп,  тебіренткен  ғажайып  кө-
рініске  баға  жетер  ме?  Оның  сыртында  тəуелсіз  мемлеке-
тіміздің төл рəмізін басқалармен қатар тік көтеріп, дөңгелен-
ген дүниенің дүрмін деген небір дүлдүл елдерімен иық тіре-
се шеру тарту бақыты тұр ғой.
Нақ  осындай  күй  кешіп,  тебірену  бақытын  сезінген  тағы 
бір  қазақты  білеміз.  Ол – дəм-тұзын  шеттен  жазып,  əр  түр-
лі  жағдайда  шекара  асып,  сыртта  жүрген  үш  миллион  қан-
дасымыздың  бірі,  түркиялық  бизнесмен  Мансұр  Тайжы  мыр-
за.  Сол 1992 жылы  ол  Алматыда  өткен  «Азия  дауысы» 
байқауына  екі  жүз  жалауша  тігіп  алып  келіп,  таратты. «Тə-
уелсіз  еліме  деген  ыстық  махаббатымды  жеткізудің  бұдан 
артық  жолын  білмедім,  бауырлар.  Өз  басым  халқымыздың 
бойтұмарындай  қыран  қанатты  көгілдір  туымызды  қастерлеу 
қазақты қасиеттеу деп ойлаймын», – деп сыр бөлісті теледи-
дар арқылы сөйлеген сəтінде.
Сол  жылы 28 қыркүйек  пен 4 қазан  аралығында  Дүние 
жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Сонда ұйымдас-
тырушылар  қатарында  құрылтай  шараларына  белсене  қаты-
са  жүріп,  шеттегі  ағайындардың  өздері  алғаш  рет  аяқ  басып, 
бірінші рет көріп тұрған атамекен, асыл жұртына деген жүрек 
түкпіріндегі  ғажайып  махаббатын  сезініп  сан  толқығанымыз 
бар.  Қонақтардың  алғашқы  үлкен  тобын  Үкімет  Премьер-
Министрінің орынбасары, елім деген еркөңіл азамат ағамыз 
Мырзатай  Жолдасбеков  бастап, 24 қыркүйек  күнгі  таңғы 
9-да  Алматы  əуежайында  қарсы  алдық.  Айтып  тауыса  ал-
мас  əсер...  Суреттеуге  тіл  жетпес  сезім...  Ыстық  қауышулар... 
Қуаныштан құйылған көз жасы... Өз алдына шаңырақ көтеріп, 
ел  болған,  жеке  ту  желбіретіп,  төл  елтаңбасын  төрге  ілген 
Қазақ  мемлекетінің  қазіргісіне  шүкірлік  айтып,  ертеңіне  баян-
ды  болашақ  тілеген  жүрекжарды  сөздер...  Əсіресе,  ұшақ  та-
балдырығынан  түсе  сала  ақ  сақалын  бойлай  аққан  көз  жа-
сын тия алмай еңкілдеп келіп, етпетінен түсіп, туған жердің 
тасын  сүйген  қария  жəне  қонақтардың  үлкен-кішісінің  бəрінің 
қолында  бірдей  биікке  көтерілген  кішкентай  жалаушалар  əлі 

266
күнге көз алдымызда тұр. Құдды көз жазып қалған елдің Ұлы 
Отанына, атажұртына: «ағайын, мен – өзіңнің бауырыңмын» 
деп  қасиетті  белгілерді  куəлікке  тартып  тұрғанындай.  Ата-
мекенінің топырақ-тасын аймалаған аймаңдай асыл ағамыз 
туған  жердің  құдірет,  қадірін  сезіндірсе,  біртуғандық  елшісіне 
айналған  көгілдір  жалаушалар  мемлекеттік  рəміздердің  қа-
дір-қасиетін  керім  ұқтырады.  Саңылауы  бар  санаға  бұдан 
артық не сəуле керек, шіркін.
Иə, сөз жоқ, туға тағзым – елге, жерге, тарихқа тағзым. Ту-
ға құрмет – елге,  жерге,  тарихқа  деген  құрмет.  Бұл  елтаңба 
мен  əнұранға  да  қатысты.  Өйткені,  олар – біздің  елдік  бел-
гілеріміз,  олар – мемлекеттігіміздің  құты  мен  қасиеті.  Ал  елін 
шын сүйетін адал азамат өз Отанының бойтұмар белгілерін 
де қасиеттер болар.
Қазақстан туы 
Килиманджаро шыңында 
(Африка, Е. Ильинский)

267
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рəміздерін  құр-
меттеу  маңызды  конституциялық  нормалар  қатарына  жата-
ды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері ту-
ралы»  Жарлықта: «Қазақстан  Республикасы  азаматтары, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жүрген 
адамдар  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  туын, 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы  мен  Қа-
зақстан  Республикасының  Мемлекеттік  гимнін  қастерлеуге 
міндетті»  деп  көрсетілген.  Мемлекеттік  рəміздерді  тұрақты 
түрде насихаттап отыру, азаматтардың бойында оларға де-
ген  құрмет  сезімін  қалыптастыру  жөнінде  шаралар  жүргізу 
Республика  Үкіметіне,  облыстардың,  республикалық  маңызы 
бар қалалар мен астана əкімдеріне заң бойынша жүктелген.
Мемлекеттік  рəміздерге  айрықша  құрмет  көрсету – халық-
аралық  қарым-қатынас  практикасында  тарихи  қалыптасқан 
жəне  ресми  орнықтырылып  келе  жатқан  тəртіп.  Ол – мем-
лекет  басшыларының  ресми  сапарларын  реттейтін  арнайы 
хаттама  бойынша  ерекше  қадағаланатын  нормалардың  бірі. 
Мысалы, мемлекет басшысын қарсы алу жəне шығарып са-
лу  кезінде  ел  əнұраны  орындалады.  Дипломаттар  кез  кел-
ген  елмен  таныстығын  ең  алдымен  сол  мемлекеттің  ресми 
рəміздерін  танып-білуден  бастайды.  Бұл  елтану  əліппесіне 
жатады.
Мемлекеттік рəміздерге көзқарастан сол елге деген ықы-
лас пен пейіл дəрежесі аңғарылады. Бұл ретте орын алған 
кез келген ресми немқұрайдылық пен кемсітушілік елді құр-
меттемеу деп бағаланып, кейде мемлекетаралық қарым-қа-
тынастарға  салқынын  тигізеді,  тіпті  белгілі  бір  шиеленістерге 
апарып соғуы мүмкін.
Мұндай көзқарас рəміздердің ұлттық сана-сезім мен аза-
маттық сəйкестік туралы ұғымдарда айрықша орын алатын-
дығына  негізделген.  Талай  ұрпақтар  елтаңба  көтеріп,  жел-
біреген ту ұстап, асқақ əндер шырқап аса ұлы ерліктер жа-
сағанына  тарих  куə.  Ержүрек  саяхатшылар  мен  теңізшілер 
өздері  ашқан  жаңа  жерлерде  елінің  рəмізін  қадап,  белгі  қал-
дырып  отырған.  Ұлттық  тулар  астында  Отанының  еркіндігі 
мен  бостандығы  үшін  жан  аямай  күрескен  патриоттар  қо-

268
лында  да  қашан  да  ұлттық  тулар  желбірейді.  Əлемнің  көп-
теген  халықтары  өздерінің  мемлекеттік  рəміздерін  иелену 
құқығына  қол  жеткізу  үшін  небір  ғаламат  қиындықтарды  бас-
тан өткерді.
Мемлекеттік  рəміздерге  құрметпен  қарау  жөніндегі  ұлт-
тық рəсімдердің сипаты мен деңгейі əр елде əр түрлі көрініс 
тапқан. Оған əрқайсының төл менталитеті мен саяси мəде-
ниеті тікелей ықпал ететіні байқалады. Дамудың жоғарғы са-
тысына  көтерілген,  демократиялық  жолмен  өркендеп  келе 
жатқан  əрі  идеологиялық  мойынтұрық  не  екенін  білмейтін 
АҚШ-та  Мемлекеттік  туға  ізет  таныту – жалпыхалықтық  құн-
дылық  бағдары,  жоғары  отаншылдық  көрінісі  жəне  мемле-
кеттік  мүдделерге  адалдық  танытудың  бір  көрінісі  деп  есеп-
теледі. Швецияда жылма-жыл ұлттық мереке ретінде ата-
лып жүрген Мемлекеттік ту күні бар.
Əрине,  қастерлеп,  қасиеттеу  үшін  алдымен  мемлекеттік 
рəміздер  туралы  терең  түсінік  болуға  тиісті.  Əсіресе  жас  ұр-
Елбасы Н. Назарбаев Олимпиада (Сидней–2000) жеңімпаздарын 
құттықтауда

269
пақ оны жақсы білгені жөн. Мектептерде, жоғары оқу орын-
дарында арнайы пəндік курс ретінде, білікті əдіскер маман-
дар  мен  білгір  ғалымдар  жасап,  бекітілген  бағдарламаларға 
сəйкес оқытылуы керек. Мұның өзі жастардың туған халқы, 
туған  елі  туралы  түсініктерін  тереңдетіп,  отаншылдық  се-
зімдерін  күшейте  түседі. «Біз  тəуелсіздікке  аңсап,  зарығып 
жеттік.  Енді  сол  тəуелсіздіктің  қасиетті  белгілерін  де  ерекше 
қадірлеуіміз,  қастерлеуіміз  керек.  Əрбір  азамат  Қазақстанның 
туын,  елтаңбасын,  əнұранын  тұмардай  қасиет  тұтуы  қажет. 
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» (Н.Ə. Назарбаев).
Қазақстанда қазір қоғамдық сана деңгейінде мемлекеттік 
рəміздер  образын  əркімнің  өз  қабылдауы  арқылы  бойға  сі-
ңіру  жəне  оларды  ел  азаматтарының  жеке  рухани  құндылық-
тарына  айналдыру  процесі  жүріп  жатыр.  Бұл – ел  егемен-
дігі,  мемлекеттік  тəуелсіздіктің  орнығу  тарихында  оның  ны-
шандарын ресми белгілеу олардың адамдар санасында ор-
нығуынан  бұрын  жүзеге  асқан  кезде  болатын  қалыпты  қа-
жеттілік, заңды құбылыс.
Олимпиада жеңімпаздары Ю. Мельниченко, А. Парыгин, В. Жиров 
Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауында

270
Мемлекеттік  рəміздердің  жалпыұлттық  деңгейде  мойын-
далуы,  ел  азаматтарының  сана-сезімінде  барынша  терең 
сəулеленуі – оларға  деген  құрмет  сезімін  қамтамасыз  етудің 
бірден-бір  кепілі.  Тек  сондай  əлеуметтік  негіз  ғана  ресми 
рəміздерді  жəне  оларға  байланысты  əр  алуан  идеяларды 
тиімді  пайдалану  практикасына  қатысты  ұлттық  дəстүрлер 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Əр  адамның  ой-санасы  арқылы  өтіп,  жан-жүрегімен  қа-
былданған  азаматтық  позициясына  айналған  мемлекеттік  рə-
міздерді қастерлеу көзқарасы жоғары патриотизмнің, Отанға 
деген  сүйіспеншіліктің  жəне  ел  мүддесін  өзге  мүдделердің 
бəрінен жоғары қоюға баулудың өзегі болып табылады.
Осындай жағдайды орнықтыру жəне соған сəйкес белгілі 
бір  əрекеттік-сезімдік  императивтер  тəрбиелеу  үшін  ел  рə-
міздерін жақсы білудің орны өзгеше. Ресми рəміздер қашан 
да  адамдар  санасында  мемлекеттілік  идеясын  жəне  соған 
сəйкес  құндылық  бағдарларын  қалыптастыруға,  өркениетті-
лік пен мəдениеттілік рухын орнықтыруға тікелей əсер етіп 
келгенін жəне бұдан əрі де солай бола беретінін ешқашан да 
естен шығармаған жөн.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Əр адамда өз анасынан басқа да,
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дəстүр, салт-санасы – тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Жəне туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр əрі қасіретті болса да.
... Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет