Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата22.12.2016
өлшемі11,24 Mb.
#78
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

ҮМІТІН ЕЛДІҢ АРҚАЛАП, 
АРМАННАН ТУҒАН РƏМІЗДЕР

122

123
Т
арих дегеніміз уақыттық ұғым ғана емес. Оның мəні – 
мазмұндық құрылымы оқиғалық сипатқа ие.
Республиканың жаңа мемлекеттік рəміздерін қабылдау – 
XX  ғасырдың  соңында  Отанымыздың  саяси  егемендік  алу 
тарихы үшін осы тұрғыда мəні зор оқиға.
Олар  мəдениет  тіліндегі  астарлы  ұғымдардың  маңызды 
элементтері ретінде халқымыздың тарихында жаңа кезең 
басталғандығын  жария  етіп,  рухани  төл  бастауларға  жəне 
өзіндік даму жолына берік бетбұрыс жасалғандығын білдіреді.
Мемлекеттік  рəміздердің  əрқайсы – өзінше  бір  төлтума 
туынды. Олар жеке-жеке алғанда əр түрлі мəдени құбылыс-
тардың көрінісі болғанымен, жалпы алғанда сол сан алуан-
дығымен  сындарлы  біртұтас  болмыс-бітімге  ие.  Оларды  жа-
салу  жолдарына  қатысты  ортақ  ұстанымдар  мен  қызметте-
ріне қатысты ортақ идея біріктіріп тұр.
Алдымен ортақ ұстанымдар туралы. Олар – үшеу, бəрі де 
рəмізтану канондарына толық жауап береді. Бірінші – тари-
хи ұстаным (принцип), немесе уақыт желісін үзбей, сақтау. 
Екінші – заманауилік ұстаным немесе рəміздік образдардың 
Қазақстанның  бүгінгі  қоғамдық  ахуалына,  төлтума  мента-
литетіне сəйкестігі. Үшінші – болашаққа ашықтық ұстанымы 
(принцип  перспективности).  Ал  мемлекеттік  рəміздердің  бəрі 
бірдей қызмет етуге тиісті ортақ идея болса, ол – Қазақстан-
да  басқа  да  халықтармен  бірге  ортақ  игілік  үшін  демократия-
лық  қоғам  жəне  құқықтық  мемлекет  құруға  берік  бел  буған 
қазақ  ұлтының  мемлекеттік  егемендік  идеясы.  Ол  этникалық 
ұйтқысы  қазақ  ұлты  болып  табылатын  туған  Отанымыздың 
көпұлтты  халқының  өз  еркіне  сəйкес  айқындалған  жəне  Рес-
публиканың мемлекеттік егемендігі туралы декларация мен 
Ата заңда айқын көрініс тапқан.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. 
Ол – Қазақстан.
Н. Назарбаев

124

125
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде Мемлекеттік 
ту мен Мемлекеттік елтаңба жобаларын талқылау. Алматы, 
1992 жылғы 4 маусым

126
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде мемлекеттік 
рəміздер туралы мəселе қаралып жатқан сəт
Мінеки, Тəуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы

127
Мемлекеттік  рəміздер  жасауға  қатысты  ресми  ұйымдас-
тыру шаралары қолға алынғанға шейін баспасөз бетінде қызу 
пікірталас  өрбігені  белгілі.  Бұл  ретте,  əсіресе,  республикалық 
«Ана тілі» апталығы (редакторы Ж. Бейсенбайұлы) айырық-
ша  белсенділік  танытты.  Пікірталасқа  қатысушы  мəдениет-
танушылар, суретшілер, тарихшылар, жазушылар мен жур-
налистер,  қалың  оқырман  əр  алуан  тұжырымдама  ұсынып, 
түрлі жобалар жолдады. Өзгеше ой жарысында төл рухани 
бастауларға, тарихқа, мемлекеттік құрылысқа, дін мен ділге 
таным  мен  талғамға,  еліміздің  бүгінгі  болмысы  мен  ертеңгі 
даму  келешегіне  қатысты  көптеген,  тіпті  кейде  мүлдем  ке-
реғар, дəлелдер назарға ұсынылды.
Ресми  байқау  жабық  түрде  жəне  бірнеше  кезеңмен  өткі-
зілді, бір жылдан астам уақытқа созылды. Сөз реті келгенде 
айта  кету  керек,  Мемлекеттік  рəміздерді  өзгертуге  қатысты 
мəселе  алғаш  рет  ресми  түрде  ел  егемендігі  жариялана  са-
лынысымен-ақ, 1990 жылы көтерілген еді. Жоғарғы Кеңес 
Төралқасы  əнұранның  бұрынғы  музыкасын  қалдыру  жөнін-
де шешім қабылдап, мəтінін қайта жазу мақсатында байқау 
жариялау  үшін  арнаулы  комиссия  құрды.  Бірақ  ол  күніне  қы-
рық  құбылғандай  əсер  қалдыратын  саяси  ахуалдарға  байла-
нысты  жалтақтық  танытып,  істі  сөзбұйдаға  салып  жібергені, 
кейін,  тіпті,  мүлдем  ұмытып  кеткені  байқалады. 1992 жылы 
Жоғарғы  Кеңес  Төралқасы  қоғамдық  пікірлерді  ескере  оты-
рып,  бұл  мəселеге  қайта  оралды  жəне  жаңа  шешімдер  қа-
былдады.  Енді  үш  рəмізді  (ту,  елтаңба  жəне  əнұранның  əні 
мен  сөзін  қоса)  бірдей  тəуелсіздік  талаптарына  орай  қайта 
мүлдем жаңадан жасау мəселесі күн тəртібіне қойылды.
Мемлекеттік  рəміздер  жобаларын  жасау  жөніндегі  байқау 
шын  мəнінде  орасан  зор  қоғамдық  сипат  алды.  Ол  тəуел-
сіздік  алған  алғашқы  жылдардағы  халықтың  ерекше  саяси 
белсенділігі  мен  жоғары  отаншылдық  сезімінің,  рухани  қанат-
танып,  түлеуінің  жарқын  көрінісіне  айналды.  Жас  шамасы 
да,  мамандығы  да  əр  түрлі  адамдар,  суретшілер  мен  сəу-
летшілер,  ақындар  мен  сазгерлер,  диқандар  мен  шахтерлер, 
малшылар  мен  құрылысшылар,  студенттер  мен  оқушылар, 
ғалымдар  мен  үй  шаруасындағы  əйелдер  өз  жүрек  қалау-

128
ларын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кейбіреулері өз 
жобаларын алыстан арнайы өз қолдарымен алып келіп, тап-
сырып  жатты.  Байқауға  қатысушылардың  жағрафиясы  да 
кең.  Қазақстанның  бірде-бір  өңірі,  бірде-бір  түкпірі  қалыс 
қалған  жоқ.  Шетелдегі  қандас  бауырларымыз  бен  бұрынғы 
отандастарымыз  арасынан  хат  жолдап,  тілек  білдіргендер 
де болды.
Қазақстандықтарды бұл жолы бір мақсатқа жұмылдырған – 
ортақ  Отанға  деген  сүйіспеншілік  пен  өз  тағдырын  тығыз 
Ж. Мəлібеков пен Ш. Ниязбеков өз жобалары қасында

129
байланыстырған  тəуелсіз  елдің  ресми  рəміздерін  жасау  ісі-
не атсалысуға деген құштарлық. Қоғамның барлық саласын 
қамтыған  энтузиазм  отандастарымыз  үшін  киелі  біріктіруші 
рəміздердің  қаншалықты  маңызды  екендігін  айқын  көрсетіп 
берді.
Ресми рəміздер туралы негізгі шешімді ел атынан жəне 
болашақ  ұрпақтар  алдындағы  жауапкершілікті  терең  сезіне 
отырып, парламенттің қабылдағанының да мəні бар. Халық 
сайлаған  қалаулылар  өз  ойындағыларын  бүкпесіз  білдіріп, 
өз пікірлері мен көзқарастарын батыл қорғай отырып, ортақ 
саяси нышандардың шын мəнінде бүкіл қоғамның өзара ке-
лісімге  негізделген  қалауына  айналуына  айтарлықтай  үлес 
қосты.  Депутаттардың  үштен  бірінен  астамы  тікелей  сөзса-
йысқа  шыққан  парламенттік  талқылаудың  мазмұнын  сол  тұс-
та қоғамда қалыптасқан əлеуметтік-саяси ахуалдың айнасы 
десе де болады.
1992 жылдың 4 маусымы мемлекеттік рəміздеріміздің ту-
ған  күні  ғана  емес,  мемлекеттік  идеяның  ең  басты  прин-
циптерінің  бірі – қоғамдағы  келісім  мен  сенімді  сақтай  оты-
рып, прогреске қол жеткізу идеясының өміршеңдігін тағы бір 
дəлелдеген  күн  болды. 6 маусым  күні  тəуелсіздік  рəміздері 
туралы тұңғыш заңдар ресми күшіне енді. Сөйтіп, төл мем-
лекеттік рəміздер жүйесін қалыптастыру мен дамыту проце-
сінің негізі қаланды.
Еліміздің жаңа ресми рəміздері ізгілік, өзара ынтымақ пен 
келісім  тəрізді  аса  маңызды  жалпыадамзаттық  құндылық-
тарға  негізделген.  Олардың  өнбойында  өрнектелген  образ-
дарда қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен тəуелсіздігі 
идеялары анық та айшықты көрініс тапқан. Мемлекеттік рə-
міздердің ортақ образдық өзегі – өзін-өзі жетілдіру жəне да-
му рухы, негізгі мағыналық қазынасы – əрқайсымыздың жə-
не  баршамыздың  ортақ  күш-жігерімізді  Отан  даңқын  артты-
руға, оның ерікті елдің еркін азаматтарының өмірі мен бақы-
ты үшін гүлдене беруіне жұмсауға шақыру.
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  (БҰҰ)  тутұғырында  желбіреген 
қыран қанатты көкшулан туымыз əлемге осылай деп жар са-
лады.  Басқа  мемлекеттік  рəміздеріміз  де,  ең  алдымен,  осын-
дай ойларға шақыратын ресми төлқұжаттар.

130
Көңілі ояу жандарға Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік ел-
таңбаның  əр  деталі,  Мемлекеттік  əнұранның  əрбір  саздық 
иірімі мен əр жолы өзінше сыр шертеді. Олар туралы көбірек 
жəне  тереңірек  біле  түскен  сайын,  мəні  мен  мағынасын  да 
кеңірек əрі нақтырақ ұға түсесің.
Ал  мұның  өзі – мемлекеттік  мəні  бар,  мемлекет  үшін  де 
маңызды  мəселе.  Өйткені,  мемлекеттің  тағдыры  оның  аза-
маттарының тілегі мен саналы іс-қимылына, олардың шы-
найы отаншылдық сезіміне де байланысты екені ақиқат.
Біз жалғыз өзіміз тыныш өмір сүре алмайтынымызды 
сезіндік:  біздің  жайлы  тұрмысымыз  өзімізден  алыс  жатқан 
басқа елдерге де байланысты.
Ф. Рузвельт

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

133
Р
есми бекітілген анықтамаға сəйкес: «Қазақстан Респуб-
ликасының  Мемлекеттік  туы – ортасында  шұғылалы 
күн,  оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран  бейнеленген  тік 
бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық 
өрнек  нақышталған  тік  жолақ  көктеп  өтеді.  Күн,  шұғыла, 
қыран  жəне  өрнек  бейнелері  алтын  түстес.  Тудың  ені  мен 
ұзындығының арақатынасы – 1:2».
Түркі  тектес  халықтар  арасында  кең  тараған  «ту»  сөзі 
сонау VI ғ.  бері  белгілі.  Мағыналық  өзгеріске  ұшырамаған. 
Онымен  қатар  қолданылып  жүрген  «жалау»  деген  сөз  де 
ертеден белгілі.
Осы орайда С.И. Ожеговтің белгілі «Орыс тілінің сөздігі» 
жинағында айқын анықтамалар кездестіруге болады. Онда: 
«Ту  дегеніміз  ағаш  сапқа  байланған  белгілі  бір  түске  боял-
ған  жалпақ  мата,  белгілі  бір  ұйымға,  мемлекетке  тəн  неме-
се  тəн  етіп  белгілеп  берілген  болуы  мүмкін», – деп  көрсетіл-
ген. Ал «жалау дегеніміз – ағаш-сапқа немесе жіпке тартыл-
ған  эмблемасы  бар  түсті  мата».  Əлемдегі  беделді  анықта-
малық басылымдардың бірі саналатын Вейсбер сөздігінде 
де жалауға «əдетте тік бұрышты болып келетін бір түсті не-
месе түрлі-түсті, ұлттың, оның бірлігінің символы ретінде пай-
даланылатын  мата  бөлшегі»  деген  анықтама  берілген.  Көне 
түрік  сөздіктерінде  байрақ  сөзі  орыстың  «боевой  стяг»  де-
ген терминімен тұрғылас мəнге ие.
Қазақ  тіліндегі  жаңа  рəміздік  терминдер  жүйесінде  «ту» 
сөзі  «жалауға»  қарағанда  белсенді  қолданылатын  болды. 
Кеңестік  дəуірдегі  «Мемлекеттік  жалау»  ұғымы  қазір  «Мем-
лекеттік ту» деген терминге ауыстырылып, қолданылып жүр.
Отан – жаратылыспен, қанмен, табиғатпен, жер-мен 
байланысын жан-тəніңмен сезіп тұратын қоғамдық жəне 
рухани біртұтас болмыс. Отан құрамы адам болмысының 
құрамымен бірдей: рух пен тəннен тұрады.
Г. Гачев

134
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫНЫҢ 
СЫЗБА БЕЙНЕСІ
Бет жағы
Сырт жағы

135
А – ені  
d
1
 = А : 2.22  
В = А:5  
L
1
 = А : 1.96
Б – ұзындығы  
d
2
 = А : 3  
В
1
 = В : 2  
L
2
 = А : 28.6
А : Б = 1 : 2  
d
3
 = А : 3.2  
Е = А: 18  
L
3
 = А : 80
Г
1
, Г
2
 = А : 8,3  
d
4
 = А : 50  
N = А : 1.54  
L
4
 = A : 44.4
L
1
d
1
d
4
d
2
d
3
R
1
L
3
L
2
L
4
Г
2
N
Б
Е
А
В
2
В
Рəміз  де – жаңа  термин.  Ол  мемлекеттің  ресми  белгіле-
рін  білдіретін  термин  ретінде  орнығып  келеді.  Ал  «нышан» 
сөзінің  жалпылық  сипаты  басым. «Атрибут»  терминінің  қа-
зақы баламасы əлі дəл табыла қоймағандай. «Знакты» белгі 
сөзімен беру бұрыннан бар.
Көнеден қалыптасқан рəміздік дəстүрі бойынша тудың не-
гізгі белгісі оның реңі болып саналады. Бұл ретте Коломбьер, 
Варенн, Ансельм сияқты тутанушылардың еңбектерінен көп 
деректер табуға болады. Олар əр бояуға өзінше мəн бер-
ген.  Орта  ғасырда  Урстиц,  Кнакониус,  Зибмахер,  Спильман 
сияқты  ғалымдардың  жазбалары  негізінде  жасалған  бірқа-
тар кестелер кең пайдаланылған.
Ең көп таралған пайымдаулар бойынша, қызыл түс ерлік 
таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру жəне шу шығару де-
ген  ұғымдарды  береді.  Ал  ақ  түс – бейбіт  ниет,  жауға  қар-
сыласпай берілу, қара түс – қайғыру, жоқтау жəне қарсылық 
білдіру  белгісі  деп  саналады.  Түстердің  діни  мағыналары 

136
да бар. Ақ түсті – христиандар, жасылды – мұсылмандар, 
сарғыш қызылды буддаға табынушылар қасиет тұтады.
Əр  халықтың,  əрбір  ұлттың  жанына  жақын,  айрықша  қас-
терлейтін  өз  бояуы,  өз  реңі  болады.  Осыған  орай  ұлттық 
бояу  деген  ұғым  қалыптасқан.  Оның  терең  танымдық  мəні, 
қолдану  үрдісі  жəне  əріден  бастау  алатын  төл  тарихы  бар. 
Əдетте, ұлттық өнер туындыларында, ою-өрнектерде, киім-
кешектерде,  тұрмыстық  заттарда  жиі  қолданылады.  Ұлттық 
бояу сол халықтың табиғи болмыс-бітімі мен мінез-құлқы-
нан  да  хабар  беріп  тұрады  деп  есептеледі.  Мысалы,  Ис-
пания  туларындағы  өрекпіген  қызыл-сары  бояулар  испан 
халқының  қызу  қанды  мінезіне  үйлесер  болса,  Финляндия 
туларындағы ақшыл, көгілдір түс фин халқының бойындағы 
салқынқандылық пен сабырлылықты сездіретін көрінеді. Ха-
лықтың  ұлттық  сана-сезімінің  оянуы  мен  өсуі  ұлттық  бояу-
ға деген ынта-ықыласты арттыра түседі.
Табиғи құбылыстардың да өз түстері бар деп есептеледі. 
Қызыл – оттың, жылу мен қанның, жасыл – шөптің, өсімдік-
тің, қара – жердің, суықтың, қараңғылықтың, ақ – судың бел-
гісі  болып  саналса,  зеңгір  көк – аспанның,  ауа  мен  құрлық-
тың нышаны саналады.
Мемлекеттік  туымыздың  аспан  текті  зеңгір  көк  түсті  бо-
луы  кездейсоқ  емес.  Əйгілі  Ансельм  кестесі  бойынша  ол – 
адалдықтың,  кіршіксіз  тазалық  пен  пəктіктің  нышаны.  Көк  түс 
ынтымақ  пен  бірлік  идеясын  аңғартады,  бейбітшілік,  тұрақ-
Рəміздік  реңді  де  табиғат  айқындайды.  Мысалы,  эква-
тордағы Африка халықтары үшін жақсылықты, аңсар-мұ-
ратты, ақиқатты – ақ, жамандық, қарабайырлық. жалған-
дықты – қара  түспен  беретін  үнді-арий  дəстүрлерін  қа-
былдау қиын. Сондықтан «қаны қарайған қаскөйлік» деген 
тіркес оларға «жақсы жамандық» дегендей, ал Отеллоның 
«Мен – қарамын» деген трагедиялық жан айқайы, өзін-өзі 
мақтаған асқақ сөздей əсер етеді.
Г. Гачев

137
тылық  пен  береке-байлық  белгісі  болып  саналатын  ашық 
аспанға мегзейді.
Аспанкөк  түс – қазақтың  ұлттық  бояуының  реңі.  Ұлттың 
менталитеті,  танымы,  мəдениеті  мен  бұл  түске  деген  айы-
рықша ілтипаты осы ойға жетелейді.
Табиғат – көшпелілердің  өмір  сүру  ортасы  ғана  емес, 
бүкіл  тіршілігінің  ажырамас  бөлігі.  Табиғаттың  төл  баласы 
қазақ  та  айналасының  бəріне  көгілдір  арман  көз  əйнегімен 
қарайтындай.  Ашық  аспан,  көк  тіреген  биік  таулар,  мөлдір 
сулар,  көкжиекпен  астасқан  көкмайса  қырлар – бəрі  де  бір 
ғана  ғажайып  тəңірлік  түс  зеңгір  көк  реңмен  жан  баурайды. 
Тіпті,  кейде  жасыл  түстің  өзі  көктей  көршеді.  Жасыл  шөп 
деудің орнына көк шөп дейміз. Құс төресі ару аққудың өзінің 
көгілдірін іздейміз. Тегін бе? Əрине, жоқ. Жан жылуы, адам-
дар арасындағы қарым-қатынастағы ашықтық пен адалдық, 
жақсылыққа  сену  тəрізді  ұлттың  менталитетін  құрайтын  қа-
сиеттер  де  аспан  көк  түске  байланысты  образдар  бойына 
қапысыз сіңірілген.
Ұлтты бейнелейтін рəміз ретінде оның туының бояуын 
пайдаланса жетіп жатыр.
Ж. Сегела
Мемлекеттік ту түсінің (бояуының) автор 
Ш.О. Ниязбеков қол қойған үлгісі

138
ШƏКЕН ОҢЛАСЫНҰЛЫ НИЯЗБЕКОВ
(1938–2014)
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  туының  авто-
ры, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері. Қазақстан 
дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.
1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді. 
В.И. Мухин атындағы Ленинград жоғары көркемөнер өнеркə-
сіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Негізгі шығармашылық жұмыстары: Тараз қаласындағы 
Ш.  Уəлиханов  атындағы  кинотеатрдың  кешенді  дизайны 
(1979, А. Симоновпен, В. Кузьминмен бірге), «Волоколам ба-
ғытында. Генерал-майор И. Панфилов пен қолбасы Б. Мо-
мышұлы  ескерткіші (1985)», «Көбік  шашқан», «Кісен  аш-
қан», «Шоқан  Уəлиханов», «Мұхтар  Əуезов». «Сырым  Да-
тов», «Жамбыл», «Ана болу бақыты», т.б. көркем полот-
нолар. Алматы қаласы елтаңбасының авторы.
Чехословакияда  өткен  Халықаралық  байқаудың  алтын 
медалін (1961) жəне  Санкт-Петербургте  өткен  плакат-
тар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.

139
Сенің өмір торыңа табиғат түсіп қалыпты, 
Көлеңкең – ағаш, жалаңаштап аспан-омырауын. 
Құм болып сарнап, жел болып желпіп ойнайды, 
Айтқаныңның бəрі артыңнан дем алып жатыр ентігіп.
П. Элюар
Қазақ  тілінде  «көгеру», «көк  шықты», «көкке  ауыз  ілікті», 
«көсегесі көгергір», «көкке шырқау», «көк тіреу» деген тəрізді 
көп  ұялас  сөздер  мен  сөз  тіркестері  бар.  Соның  бəрі,  са-
йып келгенде, өмір сүру, жаңарып-жасару, мұратқа жету де-
ген  ұғымдармен  төркіндес.  Табиғат  оянып,  тіршілік  біткенге 
жан бітетін жыл мезгілі де «көктем» деп аталады.
Зеңгір  көк  түстің  ұғым  ретінде  ауқымы  кең,  халықтың  та-
ным-түйсігінде айрықша орын алатынын əр түрлі жер-су атау-
ларынан  да  байқауға  болады.  Туған  жеріміздің  ең  бір  шы-
райлы,  сұлу  өңірінің  аты  «Көкшетау»  болса,  ең  үлкен  көліміз 
Балқашты бұрын «Көкше теңіз» деген.
«Көксеңгір», «Көккесене»  атаулары  тағы  бар.  Қай-қайсы 
да халық жүрегіне етене жақын.
Түркі халқы тарихта «көктің» тəңірлік түс ретінде айырық-
ша  саяси-əлеуметтік  мəртебе  иеленген  кезеңді  де  бастан  өт-
керген. Мысалы, Түркі қағанатында (VI ғ.) бектер көк шатыр 
тігіп,  көк  түсті  киім  киген.  Қағанат  жұрты  «көк  түркілер»  атан-
ды. «Аспан  түркілері», «тəңірлік  түркілер»  деген  мағынаны 
білдіреді.
Ата-бабаларымыз  көтерген  бөрілі  байрақ  атауы – «Көк 
асаба». Олар жай бөрі емес, «көк бөріні» кие тұтқан. Аспан 
түстес асыл ту астында қайырсыз қас дұшпанның қабырға-
сын  қақыратып,  кең-байтақ  атамекенінің  əр  сүйемін  көлде-
нең  көк  аттыдан  қызғыштай  қорыған  қайсарлығымен  айдай 
əлемге  танылды.  Тарихта  көшпелілер  мəдениеті  деген  ат-
пен белгілі бітімі бөлек өркениетті орнықтырды.
Ал  осынау  исі  түркі  жұртының  кіндік  мекені,  отаны – өзі-
міздің  Қазақ  елі.  Ғалымдардың  пайымдауынша,  қазақ  хал-
қы – түркілерге  тəн  қасиеттерді  бойына  ең  көп  сіңіріп,  сақ-
тап  қалған  халық.  Бұл  ерекшелік  тілімізден  айқын  сезіле-
ді. Қазіргі Еуропа түркілері, оның ішінде Түркиядағылар да, 

140
қазақ жерін өздерінің төркіні, баба жұрты санап, арнайы ке-
ліп,  топырағын  сүйіп  қайтуды  армандайды.  Бұл  туралы  тə-
уелсіз  мемлекетімізге  тұңғыш  келген  сапарында  Түркия  Пре-
зиденті Тұрғыт Өзал да ағынан жарылғаны есімізде.
Дəстүрлі  діни  наным-сенім  тұрғысынан  алғанда,  көк  түс – 
тəңірлік  түс.  Ерте  замандарда  тотемдік  мəні  болған.  Тəңір-
лер  мекені  деп  есептелген  аспан  аясын  беретін  ұғым  тіліміз-
де  «көк»  деген  сөз  болуы  кездейсоқ  емес.  Сол  сияқты,  əйгілі 
«Оғыз-наме»  жырындағы  Айқаған  атты  анадан  туған  ғажап 
бір көркем ұлдың келбеті: 
Сол баланың жүзі көгілдір, 
Аузы оттай қызыл еді,
Көзі – алқызыл, шашы, қасы 
Қап-қара болатын, – 
Əмір Темір керегеннің аспан көк туы ғасырдан астам 
желбіреді.  Рəміздің  ортасында  даңқты  қолбасшының 
жеке мөрінің суреті бар. Көк түркі қағандығының (552–
743 ж.ж.), Хазар қағандығының (651–983 ж.ж.), Ұлы селжұқ 
қағандығының (1040–1157 ж.ж.)  тулары  да  көк  түсті 
болған.
Солярлік белгі. 
Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесі

141
деп  суреттелуінде  де  мəн  жатыр.  Мұндағы  «көгілдір»  жай 
ғана бояу түсін бермейді. Айрықша мағынаға ие болып тұр. 
Сол жырда қыз сұлулығы да былай жырланады: 
Көзі оның аспаннан да мөлдір көк 
Шашы оның толқынындай өзеннің, 
Тістері оның бейне маржан секілді...
«Аспаннан бір көк нұр түсті», «Көк жалды арлан қасқыр», 
«Көк бөрі» деген тіркестердегі «көк» сөзінің тотемдік мəні бар.
«Көк»  сөзі  қазақ  тілінде  ғана  емес,  бүкіл  түркі  тектес 
тілдердегі  басты  лингвистикалық  бірліктердің  біріне  жата-
ды.  Ол  өте  көне  жəне  əлі  күнге  өзінің  ең  байырғы,  аспан-
ды Тəңірінің мекені деп кие тұтқан тотемдік мəнін жоғалтқан 
жоқ. Қазақ тілінде аспан ұғымын «көк» деген сөз де береді.
Аспан  көк  түсті  тулар  мен  байрақтарды  (көк  асаба)  та-
рихтың  түрлі  кезеңдерінде  Түркі  қағандығы (552–630, 682–
743  ж.ж.),  Хазар  қағандығы (651–983 ж.ж.),  Ұлы  Селжұқ 
қағандығы (1040–1157 ж.ж.),  Ақсақ  Темір  мемлекеті (1368–
1501 ж.ж.), Қазақ Ордасының кейбір хандары мен батырла-
ры  көтеріп  шыққан.  Шағын  көгілдір  жолақ  Қазақ  КСР  жала-
уында да бар болатын.
Далалық ел билеушілер мен батырлар əр түсті тулар кө-
тергені  белгілі.  Олардың  арасында  ақ  тулар  да,  көк  (кейде 
жасыл деп атаған) тулар да, қызыл тулар да, тіпті, солардың 
үш  түрлі  бояуларының  қосындысынан  құралған  шұбар  ала 
тулар да болған.
Қазақ  өмірінің  көркем  энциклопедиясына  айналған  «Абай» 
романында  Бөжейді  дүниеден  аттандыру  кезінде  осы  салт 
қалай  қолданылғаны  егжей-тегжейлі  суреттелген.  Бөжейдің 
денесін өз үйінен шығарып, қаралы отау ретінде арнайы ал-
дырылған сегіз қанатты ақ үйге енгізген соң, оң жақ белдеуге 
қара тігіледі. «Бұл жұмыс өліктің артын күтудің бір серті еді, – 
деп  жазады  М.  Əуезов. – Қара  дегені – ұзын  найзаның  ба-
сына  тігілген  ту.  Егер  Бөжей  жай  қара  қазақ  емес,  төреден 
шыққан  болса,  сол  төрелердің  өзді-өзі  тұқымының  туларын 
тігер еді. Ақ тулы, көк тулы, ала тулы деген төрелердің тұқым-
тұқымы,  жік-жігі  осындайда  көрінетін.  Ал  қарадан  кісі  өлсе, 

142
тудың  түсі  өліктің  жасына  қарай  болады.  Сүйіндік  жас  кісі 
өлсе туы қызыл болатынын, кəрі өлсе ақ болатынын айтып 
келді  де: «Бөжейдей  орта  жасты  кісінің  қаралы  туы – бір  жа-
ғы ақ, бір жағы қызыл болу керек» дегенді айтқан».
Араб, парсы, түркі жəне қытай жазбаларына сүйене оты-
рып,  тарихи  желі  түзген  Құрбанғали  Халидұлының  əйгілі 
«Тауарих  хамсасында»  төрелерді  қызыл  тулы,  көк  тулы,  ақ 
тулы, ала тулы деп бөледі.
Алғаш  қызыл  ту  ұстаған  Орыс  хан  болған.  Ақ  ту  негізінен 
Шағатай  əулетінен  тараған  билеушілердің  еншісінде  сана-
лады. Көк тумен дараланған – Үгедей ұрпақтары.
Күйік  (Гуюк)  ханды  таққа  отырғызу  салтанатының  куəсі 
болған  Плано-Карпини: «Алғашқы  күні – империяның  ба-
тыс (қыпшақ) бөлігінің ала туы, екінші күні – шығыс бөлігінің 
(Қытай)  қызыл  туы,  ал  орталық  (Моңғолия)  үшін – қара  көк 
ту тігілді» деп жазады.
Бірақ бұл орайда қатып қалған дəстүр болмаған. Мысалы, 
қызыл  тулы  деп  есептелетін  Орыс  ханның  ұрпақтарының  бірі 
Оннан батыр өзінше дербес ақ ту көтерген. Содан барып ақ 
Адамдар нышандар арқылы тілдің мүмкіндігі жетпей-
тін əлденелерді бір-біріне хабарлау жолдарын іздеген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет