Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата22.12.2016
өлшемі11,24 Mb.
#78
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Құрманғазының  əй-
гілі «Сарыарқа» күйі де 
ғасырдан  астам  уақыт 
бойы  халқымыз  үшін 
осындай ұлттық рəміз 
міндетін атқарып келеді.
немесе өзін-өзі сақтап қалу мен өзін-өзі жетілдіруге, қорша-
ған  ортаны  өзгертуге  қатысты  небір  қиын  түйіндерді  шешу-
ге мүмкіндік бергеніне тарих куə. Қазақ киіз үйі де қарапайым 
бірақ  оның  адам  баласы  ойлап  тапқан  тұрғын  жайлардың 
ішіндегі ең бір теңдессізі екендігіне əлем тарихы тəнті.
Ғалымдар  сан  ғасырлар  бойы  жасалып,  екшеленген  да-
лалық  өркениеттің  материалдық  мəдениетінің  қарапайымды-
лығы  мен  ең  алдымен  тұрмысқа  қолайлылығының  сыртын-
да  терең  ойластырылғандық  жəне  табиғатпен  үндестік,  сол 
сияқты сыннан өткен сарабдал өміршеңдік сияқты қасиеттер 
тұр. Мұның өзі бəлкім, адамзаттың қазіргі даму жолының аль-
тернативасының əлдебір өскіндері болуы да əбден ықтимал.
Тарихтың  өзі  куəлік  етіп  отырғандай,  таңба  біздің  дамуы-
мыздың  белгілі  бір  кезеңінде  мемлекеттік  белгінің  тиісті  этни-
калық-нышандық  қызметін  атқарды.  Ол  осы  заманғы  класси-
калық елтаңба үлгісіндегі тұңғыш төл мемлекеттік рəмізіміз-
дің басталуына жатады.
Осы орайда XX ғасырдың басында Алаш мемлекетін құ-
руға  талпынған  ардақтарымыздың  төл  рəміз  іздеген  кездегі 
ойларын атай кеткен жөн. Сол тұста (1918 ж.) А. Байтұрсынов 
шығарған «Қазақ» газеті редакциялық «Орда гербі (таңбасы)» 
деген байқауға шақырған мақалада,: «Əр мемлекеттің, əр 
Сырдария облысының елтаңбасы

108
губерния һəм облыстың өзінің арнаулы гербі бар.Таңбасына 
қарай  қай  елдің  аты  екенін  тануға  болады,  гербіне  қарай  қай 
мемлекеттің  нəрсесі  екенін  білуге  болады.  Елдің  ру  таңба-
сында қандай мағына болса, гербте де сондай мағына бар» 
деп жазды. «Алаш мемлекетіне Орда деп ат қойылған соң гер-
бінде  орда  суреті  болуы  лайықтығында  дау  болмаса  керек, – 
деп жазады одан əрі газет. – ... Ойы, қолы шебер азаматтар 
Алаш  гербінің  қалай  еткенде  ұнамды  болу  жағын  ойласып, 
герб жобасын жасап, көптің яки айырықша комиссияның сы-
нына  салса  екен.  Əрі  əдемілік,  əрі  мағыналық  жағынан  ең 
ұнамдысы таңдалынып алынар еді». («Қазақ газеті» (құраст. 
Ү. Сұбханбердина, С. Дəуітов, Қ. Сахов). Алматы, «Қазақ энцик-
лопедиясы», 1998, 423-бет). (Осы мақалада эмблема деген 
рəміздің терминге қазақша «ишарат» деген балама қолдан-
ғанын айта кетуге болады). Келтірілген үзінді – таңбалар мен 
мемлекеттік рəміздер арасындағы тығыз байланыстылықты 
дəлелдей  түсетін  ой-дерек.  Одан  Қазақстан  Республикасы-
ның  тұңғыш  мемлекеттік  елтаңбасында  ел  азаттығын  арман-
дап, сол жолға жанын бəйгеге тіккен арыстарымыз арманы-
ның ізі жатқандығының, ой сабақтастығын сезінесің.
Əлеуметтік-саяси  бірігу  жəне  мəдени-этникалық  дарала-
ну  мақсаттарына  əуендік  рəміздер  де  (ішінде  музыкалық-
поэтикалық шығармалар да бар) қызмет етеді.
Олардың  ең  əйгілілері  халықтың  санасына  сіңіп,  тарихи 
зердесіне  ұялаған.  Сөйтіп,  ұлттық  немесе  мемлекеттік  рəміз-
дер  деңгейіне  көтерілген.  Оларға  мəтін  жазылып,  көптеген 
ұрпақтардың  жанына  жақын,  жүрегін  тербейтін  туындыларға 
айналып  отырған.  Олар,  əдетте,  халықтың,  елдің  өміріндегі 
ең бір маңызды, тағдырлық мəні бар оқиғалар кезінде дүние-
ге келеді. Жаңадан мемлекет уық шаншып, кереге көтерген 
кездерде  туындайды.  Мұндай  шығармалар  барлық  халықтар-
да бар жəне аса қастерлі. Мұндай əн-күйлер қазақта да бар.
Қазақ  халқының  ұлттық  гимніне  айналған  əйгілі  тарихи 
туындылардың  бірі – «Елім-ай»  əні.  Оның  авторы – XVIII ға-
сырда өмір сүрген белгілі тарихи тұлға – қаһарман қолбасшы, 
өнегелі  өнер  иесі  Қожаберген  Толыбайұлы (1663–1756 ж.ж.). 
Əн елді жау шапқан 1723 жылғы əйгілі «Ақтабан шұбырынды, 
алқакөл  сұлама»  оқиғасы  кезінде,  халықтың  басына  түскен 

109
ауыртпалық пен азапқа деген жан күйзелісінен шыққан. Жү-
рек сыздатады. Бейжай тыңдау мүмкін емес. Бірақ əннің са-
зында  да,  сөзінде  де  пессимизмнен  гөрі  өміршеңдік  пафос 
басым. Əн ел болып жиылып, жат жұрттық езгіге қарсы қай-
рат көрсетуге шақырады. Туған жерге деген сүйіспеншілік 
сезімін күшейтіп, жоңғар басқыншыларына қарсы бүкілха-
лықтық ыза мен кек рухын оятуға бағытталған.
Жоғары  отаншылдық  сезімдермен  астасып  жатқан  руха-
ни қуат – ұлы күйші Құрманғазының əйгілі «Сарыарқасының» 
да  ерек  табиғатын  даралайтын  қасиеттердің  бірі.  Шəмші 
Қалдаяқовтың 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде елінің 
еркіндігі  мен  ар-намысының  жоқтаушысы  болған  жас  ұлан-
дардың  жан  дауасына  айналған  «Менің  Қазақстаным»  əні 
(сөзі  Ж.  Нəжімеденовтікі)  де  өзінің  аса  кең  таралуы  мен  ел 
сүйіспеншілігіне  бөленуі  жөнінде  қазақ  топырағында  халық-
тық гимн деңгейіне көтерілген ерек туынды.
Белгілі  этнограф,  ұлт  аспаптарын  жинаушы  А.  Эхгорн 
«урра»  деген  көне  аспаптың  атын  қазақтың  «ұран»  сөзінен 
шыққан  деген  пікір  айтады.  Ғалым  бұл  сөздің  ерекше  сал-
танатқа  байланысты  жəне  аң  аулауға  шығар  кезде,  сол  сияқ-
ты  əскери  жорыққа  аттанарда  үрмелі  аспаптарда  бірнеше 
рет қысқа қайырыммен қайталанатын əуенді білдіретіндігіне 
назар  аударады.  Ұран  салу  жиналу,  қайраттану  жəне  айбат 
шегу  деген  мағыналарда  ертеден  қолданылып  келеді.  Ел  ру-
хын  көтеру,  басын  қосу  жəне  жауға  қарсы  шабу  қажет  бол-
ғанда  халық  қасиеттейтін  ардақты  көсем,  аруақты  батыр, 
беделді  би  бабаның  атын  атап  ұран  салған.  Əр  рудың  өз 
ұраны  бар.  Бар  қазақтікі – алаш.  Ол  басқа  түркі  тектес  ха-
лықтарға да ортақ саналады.
Гимн термині грек тілінен аударғанда бағдарламалық си-
паттағы өлеңге жазылған салтанатты əуен деген ұғымды біл-
діреді. Оның əлімсақтан əйгілі нұсқалары əдетте үш бөлімді 
құрылымға  негізделеді:  құдайтағалаға  құлшылық  ету,  ол  ту-
ралы  миф  жəне  рақым  күтіп  жалбарыну.  Ғалымдар  осындай 
алғашқы  гимндер  Ежелгі  Мысыр  мен  Месопотамияда  пай-
да  болды  деп  есептейді.  Ал  құдайлар  құрметіне  киелі  əндер 
(қазіргі əнұрандар бастауы) жазу ол кезде ең беделділердің 
ғана  еншісіне  тиген.  Гимн  шығарудың  өз  тəртібі  болған.  Грек 

110
құдайларына  арналған  əндердің  өзі  олардың  қадір-қасиетіне 
қарай  əр  түрлі  өлшемнен  тұратын.  Мысалы,  Аполлонға – 
пеан,  Диониске – дифирамба,  т.б.  Б.з.д. VII–V ғ.ғ.  көп  дауыс-
ты  хордың  сүйемелдеуімен  орындалатын  гимн  əуендеріне 
Алкей,  Алкмен,  Стесихор  сияқты  сөз  жазған.  Гимн  жанрында 
өлең жазғандардың бірі – Гомер.
Қытайлар гимнді «го-ге» – мемлекет өлеңі, мемлекет əні 
деп аударса, арабтар оған отан өлеңі, отан əні деген мағы-
на береді.
Орта ғасырдағы əр түрлі діни-əлеуметтік қозғалыстар та-
биғаты  мұнан  басқа  сипаттағы  гимндердің  дүниеге  келуіне 
себепкер болды. Олардың арасында XV ғ. гусит əндері, XVI ғ. 
неміс əні «Stabat Mater» т.б. бар.
Классикалық  тұрғыдағы  гимн  ұғымына  толық  жауап  бе-
ретін тұңғыш туындылар XVIII–XIX ғ.ғ. пайда болған, Мыса-
лы, 1730 жылы  «Рокоци-марш»  дүниеге  келді.  Жарты  ға-
сырдан соң (1845 ж.) оның Ф. Эркел өңдеген нұсқасы венгр-
дің ұлттық гимніне айналды. 1797 жылы композитор Ю. Вы-
бицкий  «Италиядағы  поляк  легиондарының  əнін» («Домбров-
ский  мазуркасы»)  шығарды.  Осы  туындының  əуені  мен  сө-
зінің  əсерімен  Л.  Гай 1833 жылы  «Хорватия  əлі  тірі»  атты 
гимн  жазды.  Іле-шала  чехтар  мен  словактардың  музыкалық 
рəміздері. «Қайдасың,  Отаным» (1834 ж.)  мен  «Над  татрами 
зарницы»,  сол  сияқты  «Германия,  Германия  артық  бəрінен», 
«Құдайым, сақтай гөр корольді» (Англия), «Құдайым, сақтай 
гөр патшаны» (Ресей), ал Францияда Ф. Госсектің «Азаттық 
гимні», Л. Керубинидің «Бауырмалдық гимні» жəне Руже де 
Лильдің «Марсельезасы» жазылды.
Ағылшынның  «Құдайым,  сақтай  гөр  корольді»  гимнінің  та-
рихы қызық. Оның əуені Францияда дүниеге келді. XIV Лю-
довик  қатты  науқастан  жазылған  кезде  «Құдайым  корольді 
құтқарды  ғой»  деген  өлеңге  сарай  сазгері  итальяндық  Аюл-
ли  арнайы  əуен  жазды.  Кейін  бұл  əн  Англияға  жетеді  де, 
оның  композитор  Керей  өңдеген  нұсқасы  Ұлыбританияның 
мемлекеттік əнұранына айналады.
АҚШ  əнұранын 1931 жылдың 3 наурызында  президент 
Г.  Гувер  бекіткен.  Ал  оған  негіз  болған  балтиморлық  заңгер 

111
Ф.  Кидің  «Мак-Генри  бекінісін  қорғау»  деген  өлеңі  одан  бір 
ғасырдан астам уақыт бұрын өмірге келген болатын. Ол бе-
кіністі қорғаушылардың ағылшын əскерлерінің əуе шабуылы-
на  қарсы  көрсетілген  жанқиярлық  ерлігінің  əсерімен,  соған 
орай  ел  мерейін  көтерген  отаншылдық  сезімнен  туған  еді. 
Бірақ жыр өз отанынан гөрі Англияда тез тарап, кең танымал 
болып кетті. Оны Р. Томлисон мен Дж. Смиттің «Жұмақтағы 
анакреон»  деген  əуеніне  салып  айтатын  болды.  Бұл  Лон-
дондағы  анакреонтистер  қоғамының  дастархан  үстінде  айта-
тын  аса  кең  тараған  музыкасы  еді.  Болашақ  гимннің  Аме-
рикаға  танылуына 1723 жылы  Нью-Йорк  газеттерінің  бірін-
де оған патриоттық пародия жазылуы себеп болды. Сөйтіп, 
ағылшынның дастархан басындағы əні мен Ф. Ки өлеңінің 
үндесуі АҚШ гимнін өмірге əкелді деуге болады.
Кеңес дəуіріндегі ресми рəміздердің қай-қайсында да он-
даған жылдар бойы күштеп танылған партиялық-таптық көз-
қарас табы айқын сезіледі. Қазақ КСР елтаңбасы мен жа-
лауы,  сайып  келгенде,  одақтық  рəміздердің  көшірмесі  бол-
са,  əнұран  сөзі  сол  кезеңнің  астам  идеологиялық  таптаурын 
тұжырымдарымен өрнектелді.
Ол тұста ұлттық рəміздер тарихы да зерттелген жоқ. Рулық 
таңбалар  немесе  батырлардың  əскери  байрақтары  туралы 
сөз  ету  ескілік  кертартпалыққа  жатқызылды.  Оларды  білу 
мен зерттеу қауіпті болатын. Ақын Абзал Бөкенов жазғандай:
Бəрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді,
Ту болмады дегенге?! 
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі əнші халықта
Кім айта алар
Болмаған, – деп, – Əнұран?!
Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

112
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен-таңба?! – 
деген  тарихи  шындық  тəуелсіздік  алғанға  дейін  бодандық-
тың  қайыс  қамыт  белбеуімен  буындырылып,  табанға  басы-
лып, тұншықтырылып келді.
1923  жылға  дейін  Кеңес  Үкіметі  Ресей  (РСФСР)  жала-
уын  мемлекеттік  белгі  ретінде  пайдаланды.  Ол 1918 жылғы 
10  шілдеде V Бүкілресейлік  Кеңестер  съезінде  қабылданған 
болатын. Сауда, теңіз жəне əскери жалауларының бірыңғай 
үлгісі  бекітілді.  Ол – сол  жақ  жоғарысында  алтын  қаріптер-
мен  «РСФСР»  немесе  «Российская  Социалистическая  Фе-
деративная  Советская  Республика»  деген  жазуы  бар  (қызыл, 
алқызыл) түсті мата.
Жалпы  қызыл  ту  Батыс  Еуропада XVI ғасырда  Герма-
ниядағы азамат соғысы кезінде дүниеге келген деп есептеле-
ді. Жұлдыз Қызыл Армияның нышаны ретінде дүниеге кел-
се,  орақ  пен  балғаны  кім  ойлап  тапқанын  дəл  басып  айту 
қиын. 1918 жылдың  көктемінде  жалау,  елтаңба,  мөр  мен 
ақша жобасына жарияланған бəйгенің шартында: «компози-
ция құрылымында жұмысшы жəне шаруа республикасының 
белгісі ретінде еңбек құралдары – (мысалы: орақ пен балға) 
өрнектелуі қажет» деп атап көрсетілді.
Мемлекеттік  тудың  алғашқы  ресми  бейнесін  суретші 
С.В. Чехонин салды.
1922 жылы рəмізтанушы К. Дунин – Торховский тудағы жа-
зуды  жұмысшы-шаруалардың  Кеңес  үкіметінің  таптық  сипа-
тын көрсететін белгілермен, яғни, орақ пен балға бейнелері-
мен  алмастыру  жөнінде  ұсыныс  жасады.  Бұл  ұсыныс  алғаш-
қы  Конституцияны  жасау  кезінде  КСРО  туы  туралы  мəселе 
көтерілген  кезде  ескерілді.  КСРО  Конституциясының 71-ба-
бында: «Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағының  туы 
қызыл  немесе  алқызыл  матадан  жасалады.  Оның  жоғары 
жақ  бұрышында  тутұғырға  таяу,  алтын  орақ  пен  балғаның 
жəне  олардың  үстінде  алтынмен  көмкерілген  бесбұрышты 
қызыл  жұлдыздың  суреті  салынған.  Тудың  ені  мен  ұзынды-
ғының  арақатынасы – 1:2. 1936 жылғы  Конституцияны  тал-
қылау  кезінде  бұл  үлгіні  өзгерту  жөнінде  бірқатар  ұсыныстар 

113
жасалды.  Мысалы,  туға  «Барлық  елдердің,  пролетарлары, 
бірігіңдер!»  деген  ұран  жазу,  орақ  пен  балға  белгісін  жаңа 
соқа, трактор, бу құбырлары бейнелерімен алмастыру жəне 
тағы басқа пікірлер айтылды. Бірақ бəрі бұрынғы қалпында 
қалды.  Тек  тудың  реңі  нақтыланды.  Бұрынғы  қызыл  неме-
се  алқызылдың  орнына  тек  қызыл  түсті  деген  анықтама 
қалдырылды.
Жетпіс  жылдан  астам  уақыт  бойы  желбіреген  қызыл  ту-
дың  мемлекеттік  нышанға  айналуы  ресми  түрде 1918 жыл-
дың 13 сəуірінен басталады. Жұмысшы-солдат, шаруалар 
мен  қазақтар  депутаттары  Кеңестерінің  Бүкілодақтық  Орта-
лық  Атқару  Комитеті  дəл  сол  күні  арнаулы  декрет  қабыл-
дап, «Ресей  Республикасының  жалауы  болып  «Ресей  Социа-
листік  Федеративтік  Кеңес  Республикасы»  деген  жазуы  бар 
қызыл ту белгіленеді» деп жариялады. 1918 жылғы 10 шіл-
деде қабылданған алғашқы Конституцияда да солай деп көр-
сетілген.  Алты  жылдан  кейін 1924 жылы,  КСРО-ның  тұңғыш 
Конституциясы қабылданып, онда ортақ мемлекеттік нышан 
ретінде  жоғарғы  жағында  өзара  айқасқан  алтын  түсті  орақ 
пен  балға  белгісі  жəне  бес  тармақты  қызыл  жұлдыз  суреті 
салынған  қызыл  немесе  алқызыл  мата  пайдаланылады  деп 
заңдастырылды.
Кеңестік  кезеңдегі  алғашқы  Ресей  елтаңбасы  мемлекет-
тік мөр жасау кезінде дүниеге келді. Оған Қызыл Армияның 
эмблемасы негіз болды. 1918 жылғы РСФСР Конституция-
сының 89-бабында: «Ресей  Социалистік  Федеративтік  Кеңес 
Республикасының  елтаңбасы  қызыл  фонда  жəне  күн  шұғы-
ласына  малынған  алтын  орақ  пен  балғадан  тұрады.  Олар-
РКФСР туы (1918 ж.)
КСРО туы (1924–1991 ж.ж.)

114
ды көмкерген масақ бауында мынандай жазулар жазылған: 
а) Ресей Социалистік Федеративтік кеңес республикасы жə-
не б) Барлық елдердің, пролетарлары бірігіңдер», – деп жа-
зылған.
Елтаңба  жобасының  авторы – график  суретші  А.Н.  Лео. 
Елтаңба  жасауға  сол  сияқты  сəулетші  Н.А.  Андреев  те  тар-
тылды. Ол елтаңба суретінің кейбір тұстарын нақтылап берді.
1922  жылы  КСРО  құруға  байланысты  одақтық  елтаңба  ту-
ралы мəселе күн тəртібіне қойылды.
1924 жылғы 31 қаңтарда жобаның соңғы нұсқасы қаралып 
бекітілді. Оған РКФСР суретшілері В.И. Корзун мен И.И. Ду-
басов  ұсыныстары  негіз  болды.  Оның  ресейлік  елтаңбадан 
айырмашылығы тек жаңадан бес бұрышты жұлдыз қосылды 
жəне  алты  тілде  (одақтас  республикалар  санына  қарай – 
орысша,  украинше,  белорусша,  грузинше,  армянша  жəне  тү-
рік-татарша). «Барлық  елдердің,  пролетарлары,  бірігіңдер!» 
деген ұранның қайталануы.
Осындай  одақтық  елтаңба  негізінен  КСРО  құлағанша  сақ-
талды. Оған əр кезде (1941 жылғы мамыр, 1946 жылғы мау-
сым, 1956 жылғы қыркүйек) енгізілген өзгерістер онша елеу-
лі  бола  қойған  жоқ. 1936 жылы  Одақ  субъектілерінің  саны-
ның көбеюіне орай елтаңбадағы ұран сөз 11 тілде қайтала-
натын  болды.  Латын  жазуынан  орысшаға  көшуге  байланыс-
ты жəне аудармалардағы мəтіндерді нақтылауға орай 1941 
жəне 1946 жылдары да ұрансөздерде сəл өзгертулер жа-
салды.  Ал 1956 жылы  ұрансөз  мəтіні  лентаға  айшықталды 
жəне енді 15 тілде қайталанатын болды.
Кеңестер  Одағы  алғашында  гимн  ретінде 1871 жылы 
маусымда дүниеге келген «Интернационалды» (сөзін жаз-
ған  Э.  Потье,  музыкасын  жазған  П.  Дегейтер)  пайдаланды. 
КСРО-ның  «Ерікті  республикалардың  мызғымас  одағы»  атты 
Белгі болмысты игеріп, адамның өзін өзгертуге бағыт-
талған қызмет үшін жасалады. Өнерде белгі – ойдың нақты-
сезімдік негізінің жалаңаштануы.
Ю. Борев

115
жаңа гимні (сөзін жазған С.А. Михалков жəне Эль-Регистан, 
музыкасын  жазған  А.Б.  Александров)  Халық  Комиссарлар 
Кеңесінің  қаулысымен 1943 жылдың  желтоқсанында  бекітілді 
жəне 1943 жылдың 31 желтоқсанынан 1944 жылдың 1 қаң-
тарына қараған түнде Бүкіл Одақтық радио арқылы тұңғыш 
рет орындалып таратылды.
Кеңестер  Одағының  мемлекеттік  рəміздері  ең  алдымен 
тоталитарлық  идеологияның  нышандық  белгісі  еді.  Оларды 
жасаған  кезде  сабақтастық  жəне  тарихилық  сипаттарға  қа-
тысты маңызды рəміздік ұстындар тек таптық тұрғыдан ғана 
назарға  алынды.  Одақтық  белгілерге  негіз  болған  РКФСР 
рəміздерінің  өзі  ресейлік  төл  рəміздердің  даму  жолы  мен 
орыс мəдениетіне қатысы шамалы болатын.
Сондықтан да КСРО тарағаннан кейін Ресей бұрынғы одақ-
тас  республикалардың  арасында  бірінші  болып  мемлекеттік 
рəміздерін алмастырды. Сөйтіп Ресейге орыс халқының ру-
хына жақын ежелгі ақ-көк-қызыл түсті ту мен екібасты бүркіт 
бейнелі  елтаңба  қайтып  оралды,  М.  Глинканың  патриоттық 
əн  əуені  əнұранға  айналды.  Осылайша  ресейліктердің  сана-
сезімінде  төл  мемлекеттілік  бастауларына  қарай  маңызды 
қадам жасалды.

116
Кеңестік  кезеңде  дүниенің  бəрін  бір  жіпке  тізіп,  бір  ине-
ден өткізіп орталықтандыру принципі мен идеологиялық ай-
даршылдық одақтас республикалар рəміздерінің де болмы-
сы-бітімін айқындаған бірден-бір өлшемге айналды. Мəскеулік 
үлгілерді  көшіріп  алудан  басқа  жол  жоқ  еді.  Дегені  болып 
тұрған əміршіл-əкімшіл өктем жүйе сөз жүзінде ғана дербес 
саналған  республикалардың  елдік  белгілерді  де  бір  қолдан 
шығарып, үйелмелі-сүйелмелі етіп жасап беріп отырған. Мы-
салы, əнұран сөздері авторлары əр түрлі болғанымен, рухы 
ғана емес, əрпімен де бір-бірінен аумай қалғаны, бірі-біріне 
егіз  қозыдай  ұқсастығы  сондай,  еріксіз  жоғарыдан  жарлық 
түсіріліп, көзге көрінбейтін бір дирижер басшылық жасаған-
ау деген ой келеді.
Ортақ үлгі анық-ақ көзге ұрады: бірінші шумағында – əн-
ұран қай республиканікі болса сол халықтың бостандық алуы-
на  Лениннің  сіңірген  еңбегі  ерекше  аталады;  екінші  шумақ-
та – аға  халық – ұлы  орыс  халқына  айырықша  алғыс  сезім 
білдіреді:  үшінші  шумақта – «дана  партия,  біздің  ұлы  көсе-
міміз» (1945 жылғы нұсқаларда – «данышпан Сталин, біздің 
сүйікті көсеміміз») мадақталады. Қайырмада – «Кеңестер 
Одағы жасасын» деген тақырыптағы ода шырқалады.
Оны  бұрынғы  мемлекеттік  рəміздер  арасында  қазақ  то-
пырағында  дүниеге  келген  жалғыз  белгі  болып  саналатын 
Қазақстан  əнұранынан  да  айқын  аңғаруға  болады.  Ол  да 
жоғарыда аталған қалыппен жасалып:
«Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң».
«Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына».
«Еңбекте, майданда жеткізген жеңіске,
Данышпан партия – сүйікті кемеңгер», – 
деген  сияқты  бос  мақтан,  лепірме,  елұран  табиғатына  жат 
жарамсақтық, құлдықұрушылық сарынға құрылды. Мұндай 
жарамсақ жыр бұрынғы Кеңес Одағының құрамына кірген ре-
спубликалардан  басқа  ешбір  елдің  əнұранында  бұрын-соң-
ды кездескен емес.

117
Республика  тулары  мен  елтаңбаларында  кездесетін  ша-
малы ауытқулар (өзгешеліктер деудің өзі қиын) да ортақ та-
лаптарға сəйкес, шағын бояулы жолақтар немесе жергілікті 
экономикалық  немесе  географиялық  жағдайға  үйлес  деталь-
дар болып келеді.
Қазақстан рəмізтануындағы кеңестік кезеңін сипаттайтын 
жайлар, міне, осындай. Бүкілодақтық Орталық Атқару Коми-
теті (БОАК – ВЦИК) мен РКФСР (РСФСР) Халық Комиссар-
лар  Кеңесінің  (ХКК – СНК) 1920 жылғы 26 тамыздағы  дек-
ретіне  сəйкес  Ресей  (РКФСР)  құрамында  Қазақ  АССР-І  құ-
рылғаны белгілі. Жаңа республика ресми рəміздері ретінде 
РКФСР  Мемлекеттік  туы  мен  Мемлекеттік  елтаңбасын  пай-
даланды. Тек республика атына байланысты бас əріптер таң-
баланып, «Пролетарий  всех  стран,  соединяйтесь»  деген 
ұран  сөздің  қазақшасы  қосылды.  Рəміздердің  сипаттамасын-
да  да  айырмашылық  жоқ. «Тудағы  қызыл  түс  біздің  еліміз-
дің  жұмысшы  тобының  коммунистік  партия  басшылығымен 
Ұлы  октябрь  социалистік  революциясындағы  жеңісінің,  ал 
орақ  пен  балға – жұмысшылар  мен  шаруалар  одағын  бей-
нелейді, бесбұрышты жұлдыз – еңбекшілердің өз құқылары 
үшін  күресіндегі  халықаралық  ықтымақтастығының  белгісі» 
делінген.
1936  жылы 5 желтоқсанда  КСРО  Конституциясы  қабыл-
данған кезде бірнеше автономиялық республика, оның ішін-
де  ҚазАКСР-ы  да  бар,  одақтас  республикаға  айналды. 1937 
жылғы 26 наурызда  Кеңестердің  Бүкіл  қазақстандық  Төтенше 
X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын қабылдады. Оған Рес-
публика туы мен елтаңбасы туралы арнайы баптар енгізілді.
Басқа одақтас республикалардағыдай, Қазақ КСР-інде де 
1936  жылы  латын  қарыптарымен  жəне  орыс  тілінде  респуб-
Тəуелсіздік мəселесі басқарудың түрін ғана емес, рухын 
да өзгертуде жатыр.
X. Марти
Рух тарихынан басқа тарих жоқ.
 
 
 
      С.-Д. Перс

118
лика аты жазылған орақ-балғалы қызыл жалау көтерілді. Екі 
жылдан  соң,  латын  қарыптары  өшіріліп,  тек  орысша  қарып 
қалды.  Отан  соғысынан  кейін  республика  туларына  аз-кем 
өзгеріс  енгізілді.  Мысалы,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі 1953 
жылы 24 қаңтарда  бекіткен  жаңа  жобада  шағын  көгілдір 
жолақ  пайда  болды.  Бірақ  енгізілген  өзгерістің  рəміздік  мəнін 
түсіндіретін  ешбір  ресми  дерек  болған  жоқ.  Сондықтан  да 
болар, кейін əркім өзінше «Қазақ КСР-інің жалауындағы кө-
гілдір  жолақ – күн  нұрына  малынған  ашық  аспанның  белгі-
сі»  деген  сияқты  жорамалдар  жазды.  Бір  назар  аударар  жай, 
əдетте, Мемлекеттік ту деген ұғым КСРО-ның жалауына ға-
на байланысты айтылатын.
Бидай  масақтарымен  көмкерілген  орақ-балғалы,  қызыл 
жұлдызды елтаңбаның пайда болу тарихы да осы тақылеттес. 
Онда қазақша жазылып, орыс тіліндегі нұсқаларын қайтала-
ған  «Барлық  елдердің  пролетарлары,  бірігіңдер!», «ҚКСР» 
деген  қазақша  қарыптардан  басқа  республика  ерекшелігіне 
мегзейтін тұлдыр жоқ.
1978 жылғы Конституцияда Қазақ КСР-інің туы, елтаңба-
сы, əнұраны туралы арнайы нормалар заңдастырылды.
Ту көлденеңінен қиюластырылған үш түрлі түсті жолақтан 
тұрады,  жоғарысында  қызыл  түс  тудың  енінің  үштен  екісін 
алады; төменгісінде де қызыл түс тудың енінің тоғыздан екі 
бөлігін  алады;  орталарында  көгілдір  (лазурный)  түс  тудың 
енінің тоғыздан бір бөлігін алады. Матаның жоғары қызыл 
Қазақ КСР-інің туы
Қазақ КСР-інің елтаңбасы

119
түсті  бөлігінде  тутұғырдан  бастап  есептегенде  тудың  енінің 
төрттен бір бөлігіне тең аралықта алтын орақ пен балға бей-
неленген.  Олардың  үстінде  алтынмен  жиектелген  бесбұрыш-
ты қызыл жүлдыз орналасқан. Тудың ені мен ұзындығының 
арақатынасы 1:2. Елтаңбада қызыл түсті фонда күн арайы-
на бөленіп, алтын масақтармен көмкерілген орақ пен балға 
бейнеленген.  Масақтардың  суретін  орай  салынған  лента  бау-
ларында қазақ жəне орыс тілдерінде «Барлық елдердің про-
летарлары,  бірігіңдер!»  деген  жазу  бар.  Елтаңбаның  жоғарғы 
жағында бесбұрышты жұлдыз ал төменгі жағында – «ҚССР 
жəне «КССР» деген таңбалар бар.
Қазақ  КСР-інің  əнұраны 1944–1945 жылдары  жазылды. 
Бұрын республикада жеке ресми музыкалық рəміз жоқ бола-
тын. 1944 жылы 25 ақпанда Қазақстан КП(б) ОК Бюросының 
қаулысымен  «ұлт  тіліндегі  мемлекеттің  гимн  жобасын  жа-
сау  жөніндегі  ұйымдастыру-дайындық  жұмыстарымен»  шұ-
ғылданатын комиссия құрылды. Əнұран жазуға көптеген ақын-
дар, жазушылар мен композиторлар қатысты. Жарияланған 
байқаудың қорытындысы бойынша 10 сазгерге (Б. Байқада-
мов, Б.Г. Ерзакович, М.Н. Иванов-Сокольский, С. Кəрімбаев, 
Қ. Мусин, т.б.), 34 ақын мен жазушыға (М. Əуезов, С. Бегалин, 
М. Жансаева, Қ. Жармағанбетов, Т. Жароков, Қ. Жұмалиев, 
Ғ. Малдыбаев, Ғ. Орманов, Ж. Саин, Қ. Сатыбалдин, Ж. Сыз-
дықов, А. Тоқмағамбетов, М. Хəкімжанова, Қ. Шаңғытбаев, т.б.) 
алғыс жарияланды.
Байқауда М. Төлебаев, Е.Г. Брусиловский, Л.Н. Хамиди шы-
ғарған əуен мен Қ. Мұхаметханов, Ə. Тəжібаев, Ғ. Мүсірепов 
жазған  мəтін (62 жоба  ішінен)  үздік  деп  танылды.  Бұл  екі 
шығармашылық  топта  композитор  М.  Төлебаев  пен  əдебиет-
танушы  Қ.  Мұхаметханов  жетекші  рөл  атқарды.  Əнұран – ке-
ңестік кезеңдегі авторларының аты-жөні белгілі жалғыз рес-
ми рəміз. Одақтық үлгілерге сəйкес жасалған ту мен елтаң-
баға  енгізілген  шағын  өзгерістердің  иесі  белгісіз.  Тегінде  бұл 
маңызды деп саналмаған болу керек. Əнұран бекіту жөнін-
дегі  республика  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының  жарлығы – 
1978  жылғы 20 сəуірде,  ал  оның  ережесі 1985 жылғы 5 мау-
сымда шықты.

120
Ұлттық  рəміздердің  кеңестік  кезеңі  келмеске  кетті.  Бірақ 
оны  жоққа  шығаруға  болмайды.  Ол  ресми  белгілер – сол 
дəуірдегі  қоғамдық  дамудың,  мемлекеттіліктің,  саяси,  əлеу-
меттік-экономикалық жəне рухани еркіндіктің деңгейіне сəй-
кес  тиісті  тарихи  болмыстың  көрінісі.  Бірнеше  ұрпақ  өкілдері 
сол  образдардан  өздерінің  аңсарларын,  мақсат-мүдделерін 
тауып,  тіршілік  кешті.  Сол  образдар  олардың  өмір  салт-са-
насына еніп, діліне айналды.
Осының бəріне түсіністікпен қарай отырып, кеңестік дəуір 
рəміздері  енді  біздің  өткеніміз  ғана  екенін  де  терең  ұғынып, 
қабылдағанымыз жөн.
Тарихи тамыры тереңде жатқан жəне халықтың өз рухы-
нан  туған  рəміздер  ғана  халықпен  бірге  жасайды.  Мемлекет-
тік  ресми  рəміздердің  де  өз  қисынына  (логикасына)  сəйкес 
өрілетін,  сонымен  бірге  халықтың  тыныс-тіршілігімен  өзек-
тес өз тағдыры болады.
Ұлттық нышандардың болмыс-бітімін, тарихын айқындай-
тын, ең алдымен, ұлт тағдыры. Ал олар, өз кезегінде, мем-
лекеттік идеяның қалыптасуына, қоғамдық сана мен өркениет 
рухани белгілі бір дəрежеде ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет