Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата22.12.2016
өлшемі11,24 Mb.
#78
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

У. Шекспир

70
егемен  ел  рəміздерінің  тұсаукесер  салтанатында  Президент 
Н.Ə.  Назарбаев, – бұл – республиканың  демократиялық  жə-
не  құқықтық  мемлекет  құруға,  жеке  адам  еркіндігіне,  этни-
калық  тұрғыдан  əр  текті  халқымыздың  бірлігін  сақтау  прин-
циптеріне негізделген жаңа қоғам құруға берік бетбұрыс жа-
сағандығымыздың белгісі».
Елбасы  бұл  сөзді  замандастарына  арнады.  Бірақ  ол  біз-
дің қоғамымызда XXI ғасыр қарсаңында жүзеге асқан тəуел-
сіздік рəміздерін қабылдау оқиғасының тарихи маңызын ке-
лешек ұрпақтар терең сезінуі үшін де қызмет етері анық. Ақи-
қаттан асқан куəлік жоқ.
Қазақстанның  ресми  рəміздерінің  жаңа  жүйесінің  негізі 
осылай  қаланды.  Егемен  еліміздің  жаңа  рəміздік  өмірбая-
нының – төл  елдік  белгілерінің  қалыптасу  жолының  басы 
осылай басталды.
Жаңа елорда – Астана қаласының бір жылдығын мерекелеу

ҒАСЫРЛАР ҚОЛТАҢБАСЫ 
НЕМЕСЕ 
РƏМІЗДІК ТАНЫМ 
БАСПАЛДАҚТАРЫ

72
ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ ЕЛДЕР ТУЛАРЫ
Шығыс Ғұн 
қағандығы 
(375–454)
Авар қағандығы 
(565–803)
Қарахандар 
мемлекеті 
(940–1040)
Хорезм 
мемлекеті 
(1157–1231)
Ұлы Могол 
империясы 
(1526–1858)
Ұлы Ғұн 
қағандығы 
(б.з.д. 216–204)
Ақ Ғұн қағандығы 
(420–562)
Хазар қағандығы 
(651–983)
Ғазнауи 
мемлекеті 
(963–1183) 
Алтын Орда 
мемлекеті 
(1236–1502)
Батыс Ғұн 
қағандығы 
(48–216)
Көктүркілер 
қағандығы 
(552–743)
Ұйғыр мемлекеті 
(744–1355)
Селжұқ 
қағандығы 
(1040–1157)
Ақсақ Темір 
мемлекеті 
(1368–1501)

73
М
емлекеттік рəміздердің табиғи болмысы ерек қоғамдық 
құбылыс ретіндегі тарихы бағзыдан бастау алады. 
Олардың тіршілік кеңістігіне шығуы, бірегей əлеуметтік-сая-
си  қажеттілік  ретінде  қалыптасуы  мен  өміршеңдігінің  сыры 
адамзат өмірінде алатын орнында, ақпараттық жəне мəдени 
қызметінде жатса керек. Ал мазмұндық-мағыналық құрылы-
мы  уақыт,  кеңістік,  қарым-қатынастың  əр  түрлі  əдістері  мен 
түрлері тəрізді өлшемдерге орай айқындалады. Мемлекеттік 
нышандарды əр қилы этникалық мəдени орта өкілдерінің бə-
ріне немесе басым көпшілігіне таныс əрі түсінікті ерекше діл 
(код) десе де болады. Болмысында əр халықтың өзіне ғана 
тəн  маңызды  əлеуметтік-саяси  жəне  мағлұматтық  идеялар 
жатуымен  ерекшеленеді.  Төл  психологиялық  ерекшеліктер 
мен ұлттық дəстүрлер де тиісінше ықпал етеді.
Біз  күн  сайын  кездескенде  «Ассалаумағалайкөм,  аға», 
«Сəлеметсіз  бе,  қарындас», «Қайырлы  күн,  замандас»  деп 
Əрине, адам біткеннің бəрі де білгісі келеді.
Аристотель
«Бөрілі байрақ». Осылай аталатын ежелгі гундар мен 
түркілер көтерген көне байрақтар үш бөліктен тұрған. 
Олар – ту, найза, жəне оның ұшындағы ту байлар темір. 
Ту  (туг) – терісімен  қоса  кесіп  алынған  жылқының  құй-
рығы  болса,  найзаның  ұшар  басына  алтыннан  немөсе 
жезден,  болмаса  мыс  тақтайшаға  бөрінің  (қасқырдың) 
бейнесін  салатын  болған.  Бөрі  бейнесінің  таңдалуы 
оның  тотемдік  қызметіне  жəне  оны  ержүректілік  бел-
гісі ретінде қабылдауға байланысты. Елбасылар мен 
қолбасшылар өз төңіректеріндегі ең сенімді адамдарды 
(нөкері,  жеке  қорғаушысы,  т.б.)  да  «бөрі»  деп  атаған. 
«Бөрілі байрақ» атты байырғы ту қазақ рулары арасында 
шапыраштыларда сақталған. Сүйінбай Аронұлының:
Қарасай – менің ұраным, 
Бөрілі басты – байрағым. 
Байрағымды көтерсем, 
Қозып кетер қайдағым, 
деп шалқыта жырлайтыны содан.

74
амандасып, қолдарымызды қысамыз немесе құшақтасып қа-
уышамыз. Бірақ осы бір əрқайсымыз үшін əбден үйреншікті 
болып кеткен, бəрімізге бірдей ұғынықты жақсылық, игі ниет 
пен  ізгі  пейілді,  денсаулық  тілейтін  дəстүрдің  адамдардың 
бір-бірімен  қарым  қатынасында  қолданылатын  мəдени-ны-
шандық белгілерге жататынын біле бермейміз. Əлімсақтан 
бері  қолданылып  келе  жатқан  бұл  нышандық  ұғымдар  ен-
ді  бір  халықтарда  басқа  мағына  беруі  де  мүмкін.  Мысалы, 
еуропалықтардың  қол  беру  əдетін  орынсыз  қолдану  жапон-
дықтар мен қытайлықтар үшін онша қолайлы бола қоймауы 
ғажап емес. Ал бір кездері эскимостар сүйісудің орнына, мұ-
рындарының ұшын тигізіп, беттеседі екен. Ертеректе қазақ-
тар  да  бір-бірімен  ашық  сүйісіп  жатуды  ұят  санаған.  Əсіресе, 
ер адамдар арасында мүлдем жөнсіз, ерсі қылық көрінетін. 
Ғашықтар  ғана  сырт  көзден  тасада,  оңаша  өбісіп,  құмарла-
натын  болған.  Əкелері  балаларының  бетінен  сүймей,  маңда-
йынан ғана иіскеген. Мұның бəрі инабаттылыққа, далалық 
дəстүр  мен  мəдениеттің  көрінісіне  жатады.  Тағы  бір  қызық 
дерек болгарларға қатысты. Оларда мақұлдағандықтарын 
білдіру  үшін  бастарын  шайқап,  келіспегендіктерінің  белгісі  ре-
тінде бас изейтін əдет бар екен. Мұның бəрі, ғалымдардың 
айтатынындай,  рəміздердің  сигнификативті  (білдіруші,  мəн-
мағына  танушы)  сипатынан  хабар  береді.  Рəміздердің  негі-
зіне  айналған  нышандардың  да,  əдет-ғұрыптар  мен  мағлұ-
маттық, эмоциялық жəне басқа арнайы астарлар жиынты-
ғынан тұратын төл болмысы болатындығын білдіреді.
Рəміздер нақты субъектілерге (адам, ұлт, мемлекет, əр 
алуан  қауымдастықтар,  т.б.)  қатысты  сипаты,  мазмұны  мен 
мəні тұрғысынан таптырмайтын мағлұмат көзі ретінде өзара 
қарым-қатынас мақсаттарына ғана қызмет етіп қоймайды, 
сонымен бірге сол субъектілердің өз ерекшеліктері мен қай-
таланбас дара болмысын, өз «менін» (мемлекеттік рəміздер-
ге  қатысты – «мен – мемлекет»)  терең  сезініп-білуіне  жəне 
оларды басқалардың алдында паш етуіне мүмкіндік береді. 
Яғни,  егер  өмір  дегеніміз  өз  «меніңді»  таныту  деген  фило-
софиялық  пайымдауға  жүгінсек,  рəміздердің  мəдени-нышан-
дық қызметтің бір түрі ретінде тарих бұралаңдарында жоға-
лып  кетпей,  осы  күнге  дейін  жетуі  əрі  олардың  адамдар 

75
арасындағы жеке қарым-қатынастан бастап, халықаралық 
қатынастар саласындағы ресми рəсімдерге дейінгі ауқымды 
аяны қамтитын кеңістікте қазір де кең қолданылып жүру сы-
рын аңғаруға болады.
Ең ежелгі нышандар – тотемдік (кие) белгілер. Олар біз-
дің дəуірімізден көп бұрын, адамзат дамуының алакөбе ша-
ғында  дүниеге  келді.  Əлем  халықтары  арасында  кең  та-
раған.  Ғалымдар  бұл  құбылысты  архаикалық  дүниетаным 
ерекшеліктері  арқылы  түсіндіреді.  Адам  баласының  өмірі 
əдетте  екі  өлшемде:  жеке  (профаникалық)  жəне  ұжымдық 
(сакральдық)  деңгейде  өтеді  деп  есептеледі.  Ұжым  (тайпа, 
ру)  мүшесі  ретінде  ол  өзінің  жеке  түйсік-түсінігімен  қатар 
ұжымдық ұғымдарға да, сол сияқты бірлесе өмір сүру тəртібі 
мен  нормаларына  да  мойын  ұсынуға  тиіс.  Ал  олар  сакраль-
дық зерде жəне социумды қолдау мұраттарына негізделеді, 
соған орай, ең алдымен, дін мен дəстүрде көрініс табады.
Киелердің (тотемдердің) материалдық (заттай) көрінісі, əдет-
те  əр  түрлі  жануарлар  мен  аң-құстардың  суреттері  немесе 
заттай  (материалдық)  бейнелері  болып  келеді.  Олар  əр  қи-
лы əдет-ғұрыптарда пайдаланылып, рулық қауымдастықтың, 
тайпаның  іштей  топтасуына  қызмет  еткен  (Н.А.  Аристов). 
«Тотемизм, – деп  жазады  этнограф  С.А.  Токарев, – адамзат 
ру-тайпалары  мен  əр  түрлі  жануарлардың  табиғаттан  тыс 
туыстығы бір, алғашқылар кейінгілерден өрбіген жəне сана-
дан тыс (магиялық) құдіретті тінмен өзара байланысқан де-
генге илану, сену».
Қоғамда  ақсақалдар,  ру  басылары  мен  діни  лидерлер 
пайда  болуына  байланысты  айырым  белгілер  дүниеге  кел-
ді.  Алғашқы  билік  нышандарына  жататын  бұл  эмблемалар-
дың қызметін бір уыс шөп, жапырақ немесе қауырсын қанат, 
ерекше  бас  киімдер,  бейне-белгілер  бедерленген  найзалар 
мен  бақандар,  əшекейлі  асатаяқтар  пайдаланылды.  Григорий 
Турский жылнамасында (613 ж.) мынадай бір ортағасырлық 
рəсім  туралы  айтылған.  Король  Гунтхрамн  өз  жеріне  иелік 
ету  қақысын  король  Хильдебертке  тапсыру  белгісі  ретінде 
оған  найзасын  ұсынып  тұрып: «Бұл  менің  саған  өзімнің  бүкіл 
корольдігімді  мұра  етіп  тапсыруымның  нышаны  болсын», – 

76
Мысыр өлкелерінің əскери белгілері. Б.з.д. IV ғ.
Ту ұстаған салт атты. Таңбалы тас

77
дейді. Жылнамашы Дитмар неміс императоры Генрих 1004 
жылы  Бавар  герцогтігін  Генрих  Люксембургскийге  беру  ке-
зінде оған найзасын тапсырғанын мысалға келтіреді. Ал им-
ператор  Фридрих  Оттан  Фрейзингенский (XII ғ.)  өлке,  жер 
беру  ту  тапсыру  арқылы  жүзеге  асатын  рəсім  барына  куə-
лік етеді. Көшпелілер тарихында Майқы би, Шыңғыс хан, Əз 
Жəнібек хан, Тəуке хан өз ұлыстарының туы мен таңбасын 
белгілеп,  ұранын  айқындады  деген  аңыздар  бар.  Хальфин 
деген  тарихшының 1822 жылы  Қазанда  жарық  көргені  «Шың-
ғыс  хан  мен  Ақсақ  темірдің  өмірі»  деген  жылнамасында: 
«Шыңғыс хан... Қоңырат би оғлы Сенкелеге «Сенің ағашың – 
алма  ағашы,  құсың – сұңқар,  ұраның – қоңырат,  таңбаң  ай 
болсын» депті, деген жолдар кездеседі.
Мұндай үрдіс көне Қытай патшалары мен көрші далалық 
елдер билеушілері арасындағы қарым-қатынаста да орын 
алған. Н.Я. Бичуриннің айтуынша, біздің заманымыздың ба-
сында Жаркенттен бір ер жүрек қолбасшы шығып, 29 жылы 
өзін бүкіл Қашғарияның билеушісі деп жариялайды. Бұл ту-
ралы  ол  Қытайдың  Хань  императорына  хабарлайды.  Жиыр-
ма  екі  жылдан  соң  император  оны  мойындап,  өз  тарапы-
нан қалыптасқан дəстүр бойынша, жаңа билеушінің төл рə-
міздерін белгілеп береді. Ол Жаркент князіне мөр, алтын 
тəж, күйме мен ту тапсырады.
Қазақ арасында ерлігімен ерекше аты шығып, ру-тайпа 
тізгініне  ие  болған  жас  батырлардың  туын  хан  белгілейтін 
дəстүр болған.
Ел  билеушілердің  жəне  басқа  да  беделді  адамдардың 
жеке  айырым  белгілері  (кейіндері  «штандарт – «байрақ» 
деп аталған) қазіргі тулардың бір түрі ретінде дамыды. Көне 
замандардан  жеткен  ежелгі  тарихи  жазбаларда  Шығыс  би-
леушілерінің  (Камбис,  Ксеркс,  Дарий  (б.з.д. VI–V ғ.ғ.)  жеке 
рəміздері  туралы  деректер  кездеседі.  Тарихшы  Филострат 
бірқатар  парсы  патшаларының,  мысалы  əйгілі  Кир  патша 
(б.з.д. VI ғ.) жеке рəміздік белгі ретінде алтын қыран бейне-
«Бөрілі байрақты» салт аттылар бейнесі Алматы облы-
сының көне ескерткіштерінде жиі кездеседі.

78
сін  пайдаланғандығын  жазады.  Рим  диктаторларының,  кон-
сулдарының  жəне  басқа  жоғары  лауазым  иелерінің  фас-
цийлері  кəдімгі  будаланған  шыбық  шилері  болатын.  Олар-
дың мағыналық ишарасы «Күш – бірлікте» дегенге саяды.
Əр  түрлі  байрақ-тулардың  көлемдері  де  əр  түрлі  болып 
келетін.  Ең  ірілері  императорлар,  корольдер  мен  патшалар 
үлесіне тиді. Мысалы, Ұлы Карлдың (IX ғ.) аса зор туын ар-
найы  өгіз  жеккен  арбаға  тиеп,  алып  жүреді  екен.  Ортаға-
сырларда император – 6, король – 5, принц пен герцог – 4, 
маркиз, виконт, барон – 3 футтық байрақтар көтерген.
Алғашқы  байрақтардың  басым  көпшілігі – алқызыл  жəне 
қызыл түсті. Кейінірек көптүстілері пайда болды. Монархия-
лық жүйенің орнығуы байрақтар мен тулар, олардың түсте-
ріне қатысты қалыптасқан дəстүрлерге де өзгерістер əкелді. 
Жеке  рəміздер  де  мұраға  қалдырылатын  болды.  Əр  əулет-
тің  өз  рəміздік  бояуы  айқындалып,  бекітілді.  Мысалы,  əйгілі 
Бурбондар  əулетінің  төл  бояуы  ақ  жəне  сары  түсті  болып 
Гундердің əскери байрағы. 
М.В. Гореликтің жаңғыртпасы 
(Мəскеу)
Шыңғыс хан əулетінің туы. 
XIII ғ.

79
қалыптасты. Соған орай бурбон байрақтары жібек пен пар-
шадан тігіліп, алтынмен апталды, күміспен қапталды. Оның 
үстіне асыл заттармен əшекейленетін.
XVI–XVII ғасырларда король туын, елтаңба суретімен бе-
зендіру  əдісі  дүниеге  келді.  Көбіне  ақ  матаға,  басқа  түстер-
мен  өрнектелетін.  Бұл  ақ  бояудың  Еуропада  монархиялық 
түс,  монархиялық  рəмізге  айналуына  əсер  етті.  Франция, 
Англия,  Испания,  Португалия,  Сицилия  корольдерінің  тула-
ры ақ түсті болды.
Бірақ ақ түс жоғарғы билік нышаны ретінде одан көп бұ-
рын  Азияда  пайда  болған  еді.  Көне  Қытайда  Чжоу  династия-
сы (б.з.д. XII ғ.) кезінде ақ, ала тулар көтерілді. Шығыс гунн 
(375–454  ж.ж.)  жəне  Ақ  гунн (420–362 ж.ж.)  қағанаттарының, 
сол  сияқты  Алтын  орда (1236–1502 ж.ж.)  мемлекетінің  ту-
лары тап осы түспен дараланды.
Монғолдың  «Құпия  шежіресі»  мен  «Алтын  шежіресінде» 
сипатталған Шыңғыс ханның туы да – ақ.
Қазақ  хандары  мен  сұлтандарының  біразында  да  ақ  ту 
болған.  Мысалы, «Абылайдың  ақ  туы»  кең  таралған  əдеби 
образға айналды. «Қамбар батыр» жырында: 
Қараман шықты қаладан, 
Кернейлері бапылдап, 
Байрақты тулар жалпылдап, – 
деп жырланады. Жауға аттаныс сəтін білдіретін бұл көрініс-
тегі  ту  көтеру  рəсімінің  жорықтық  сипаты  айтпаса  да  түсінікті 
Шыңғыс  ханның  туы – тоғыз  шашақты  үшкіл  ақ  мата. 
Ол  тудың  сабына  үш  жерден  байланатын  болған.  Ала 
тудың  ортасында  бауырына  шеңгеліне  ілінген  қара 
қарғаны қысып, қанатын жайып ұшып келе жатқан көк 
қаршығаның  (тұйғын)  суреті  салынған.  Көк  қаршыға 
хан  əулетін  желеп-жебеуші  киелі  құс  саналады.  Бабасы 
Бодуаншар  қиын  кездерде  құс  салып  жан  сақтады  деген 
аңыз  бар.  Тудың  сабының  ұшында  үш  бұрышты  арнайы 
темір  қондырғы  болған.  Ал  туды  жерге  тұрғызып  қою 
үшін  жеті  тармақты  жылжымалы  тіреуіштер  пайдала-
нылған.

80
болса керек. Махамбет те: «Желп-желп еткен ала ту жиы-
рып  алар  күн  қайда;  Жасаулы  найза  қолға  алып,  жау  тоқ-
татар күн қайда!» деп толғайды.
Мөде,  Бумын  жəне  Елтеріс,  Жəнібек  пен  Керей,  Қасым 
мен  Есім  хан,  Тəуекел  мен  Тəуке,  Əбілқайыр  мен  Абылай 
сынды  ел  билеушілеріміздің,  қол  бастаған  баһадүрлеріміз-
дің  қай-қайсының  да  өз  байрағы  болғаны  тарихтан  мəлім. 
Көне белгілердің бастауы халықтық танымға негізделген то-
темдік белгілерде жатыр. Мысалы, «көк асаба» аталған көне 
байрақ  түсін  исі  түркі  халықтарының  түп  аталары  кие  тұтқан. 
Ол  көк  аспан  белгісіне  баланған.  Түркілердің  тағы  бір  та-
бынары – көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналды.
Көне  орыс  байрақтарының  арғы  атасы  кəдімгі  басына 
ағаш байланған ұзын ағаш не темір бақандар болып келетін. 
Кейінірек  үшбұрышты  түрлі-түсті  мата  қиындылары  пай-
даланылды.  Көбіне  мата  тура  бақанның  өзіне  емес,  шағын 
көлденең  құралға  бекітілетін.  Бақанның  ұшар  басындағы 
деталь өткірше (острожек) деп аталған.
Ежелгі  Русьте  князь  байрақтары  жеке  рəміздік  белгілер 
ретінде пайда болды.
«Игорь полкі туралы сөзде»: Олег княздің қызыл байрағы 
(«чрьлен  стяг»)  туралы  дерек  бар.  Мəскеу  қару-жарақ  па-
латасында  Иван  Грозный (1560 ж.),  Алексей  Михаилович 
Романов  патшалық  еткен  кезде  ту  тігу  мен  жасау  аса  жо-
ғары  шеберлік  деңгейіне  жетті  деп  жазады.  Жылнамалар-
да  сол  сияқты  орыстың  ту  жасау  жүйесін  тəртіпке  келтіріп, 
жүйелеуде I Петрдің айрықша рөлі атап көрсетілген.
I  Петр  патшаның  рəміздерге  деген  ықыласы  ерекше  бол-
ғандығын  мына  бір  деректер  де  дəлелдей  түседі.  Оның  өзі 
жасап,  суретін  салған  жəне  сипаттамасын  өз  қолымен  жаз-
ған  ту  жобалары  сақталған.  Ол 1700 жылы  Амстердамда 
шығып,  тоғыз  жылдан  кейін  орыс  тіліне  аударылған  Карл 
Альярдтың  «Тулар  туралы  кітабын»  тікелей  өзі  қарап,  өң-
деген.  Кітапқа  «Мəскеу  патшасының»  үш  туы  енгізіліп,  ал-
ғаш рет жарияланды.
Ресей  рəміздерінде  əулие-əмбиелер,  айқыштар  мен  таң-
балар  (личные  гербы)  кең  таралған. XVI ғ.  байрақтарына 
құдай  мен  құдай-ана  бейнелері,  əулие  Жеңімпаз  Георгий 

81
бейнесі  кестеленетін. III Василийдің  ақ  туында  күнді  қасымен 
тоқтатып тұрған Иисус Навиннің бейнесі, ал Иван Грозныйдың 
туында – ортасында  Құтқарушы  Христос  бейнеленген  қа-
ракөк  (темно-голубой)  дөңгелек  пен  ат  үстіндегі  əулие  Ми-
хаил  бейнеленген  ақ  дөңгелек  орналастырылған.  Ең  кең 
тараған дəстүрлі эмблема Нерукотворный Спас бейнесі бол-
ды. Алексей Михаилович Романов пен I Петрдің туларында 
екі  басты  бүркіт  суреті  салынды.  Кейін  Ресейдің  мемлекет-
тік  рəмізіне  айналған  бұл  екі  басты  бүркіт  бейнесі  Русьте 
алғаш III Иванның тұсында пайда болды. Тарихшылардың пі-
кірінше,  ол  басында  Рим  империясы  елтаңбасының  негізгі 
элементі болған. Рим империясы құлаған кезде оның орнын 
басқан  Византия  бұрынғы  рəмізді  сақтап  қалды. «1497 жылы 
III  Иван  София  атымен  көбірек  танымал  Византия  патшайы-
мы Зоя Пассологпен некеге тұрды, – деп жазады тутанушы 
К.А.  Иванов, – Мəскеудің  ұлы  князьдері  христиан  дініндегі 
Византияның  қарамағына  енгендей  болды  да,  сыйлық  ре-
тінде екі басты бүркіт рəмізді Византия тағын иеленді. Осы-
лайша екі басты бүркіт Ресей елтаңбасына айналды».
Тағы  бір  қызғылықты  дерек. 1833–1834 жылдары  Ресей-
де  елшілердің  жеке  рəміздік  белгілері  пайда  болды.  Олар 
Төтенше  елшінің  жəне  Бас  консулдың  тулары  деп  аталды. 
Олардың түсінде ұлттық тудың реңдері пайдаланылды.
Мемлекеттік рəміздерге байланысты орыс тіліндегі тер-
миндердің  қалыптасуының  да  өз  тарихы  бар.  Бұл  орайда 
алғаш қолданылған сөз, тегінде, «стяг» (байрақ) болса керек. 
«Знамя» («знамение – аян беру» дегеннен) (ту) XV ғасыр де-
Император байрағы. 
Ресей

82
ректерінде  көбірек  кездеседі. XVII ғасырда, «хоругв»  жəне 
«прапор»  сөздері  сияқты, «стяг»  сөзі  де  сирек  ұшырасады, 
жаңа «флаг» (жалау) сөзі пайда болады.
Жеке билік белгілері қазір де дəстүрден шыққан жоқ. Ко-
роль  байрақтары  сияқты,  Президент  байрақтары,  Үкімет  бас-
шыларының,  дипломаттардың,  əуе-теңіз  флоттары  қолбас-
шыларының, т.б. жалаушалары кездеседі.
Башмақ бейнелі ту. 
Германия. XV ғ.
Масуд сұлтанның туы. 
XVI ғ.
Байрақтар. XIV ғ.

83
Мемлекеттік  рəміздер  тарихында  əскери  белгілердің  да-
му жолы айырықша орын алады. Ежелгі құл иеленуші мем-
лекеттердің де өз эмблемасы болған.
Олар туралы деректер көптеген қазбалардан, көне ескерт-
кіштерден  мəлім.  Гомер  Троя  шайқасына  (б.з.д. XII ғасыр) 
қатысқан  əскерлердің  қалқандарындағы  белгілер  туралы 
баяндаса,  Эсхил  (б.з.д. V ғасырда)  жауға  қарсы  соғыс  ашқан 
жауынгерлердің  қалқандарындағы  нышандарды  жырлайды. 
Олардың  замандастары  геттер  мен  сарматтар  (б.з.д. V ғ.) 
ұрыс  алаңына  басында  жел  үрлейтін  сарнауық  айдаһар  сұл-
балары бар темір бақандар ұстап шығатын болған. Көне түр-
кілер де солай еткен. Мұндағы мақсат əскердің рухын кө-
теріп,  жаудың  үрейін  алу  еді.  Мысырлықтар  өз  фараондары 
мен  құдайлары  бейнеленген  белгілерін  кие  тұтса,  ассирия-
лықтар  жұлқынған  буйвол  бейнелі  темір  бақандарды  ес  кө-
ретін. Гректер өз полистерінің ортасына қанатты Пегас, Рим 
əскерлері  бүркіт,  қасқыр,  аю  жəне  жылқы  бейнелері  бедер-
ленген байрақтар ұстап шығатын.
Египеттіктер – өз фараондары мен құдайларының сурет-
тері  салынған,  ал  ассириялықтар  жүгіріп  келе  жатқан  буйвол 
бейнелі бақандарды ту көтерді. Минотавр, бұқа, тасбақа, үкі 
суреттері салынған рəміздер пайдаланды, ал эфиоптардың 
тутаяқшаларында алтын шарлар мен айқыштар бедерленді.
Тулардың  эволюциялық  даму  үрдісі  олардың  мағыналық 
құрылымдарындағы  қоғамда  атқаратын  қызметтік  өзгеріс-
терге  байланысты.  Қазіргі  мемлекеттік  рəміздер  деңгейіне 
көтерілуі – бірнеше  ғасырлық  жол.  Елді  оның  билеушісінің 
байрағы  арқылы  танитын  кезеңдер  болды.  Мемлекеттік  рə-
міз орнына əскери ту немесе теңіз əскерлерінің жалауы жүр-
ген кез де бар. «Еркін қалалар» атанған қала-мемлекеттердің 
тулары да мемлекеттілік, автономия жəне тəуелсіздік идея-
ларына қызмет етті.
Даму  үстінде  мемлекеттік  рəміздер  қорының  жүйесі  же-
тіле  түсті.  Оған  арнаулы  ғылыми  мамандық  ретінде  өмірге 
келген  тутану  (вексилология)  игі  ықпал  етті.  Бұл  ілім  атауы 
б.з.д. 105 жылы  консул  Марий  рим  əскерлері  үшін  бекітіп 

84
берген  вексиллюм – бақанға  бекітілген  көлденең  тутаяқшаға 
байланған  төртбұрышты  матадан  жасалған  туға  байланысты 
шыққан болатын.
Осыған  сəйкес  ғылымның  бұл  саласында  еңбек  етіп  жүр-
ген  ғалымдарды  вексилологтер – тутанушылар  деп  атайды. 
Мадрид  қаласының  ұлттық  кітапханасында  белгісіз  фран-
цуз монахының «Таным кітабы» (1345–1350 ж.ж.) деген ең-
бегі  сақталған.  Онда  Еуропа,  Азия  мен  Африка  елдеріне 
саяхат  жолжазбалары  арасында  жүзден  астам  тулар  мен 
елтаңбалардың  түрлі-түсті  суреттері  берілген.  Париждің  ұлт-
тық  кітапханасында  сақтаулы  тұрған «V Карл  атласы»  де-
ген еңбек те баға жетпес асыл мұраға жатады. XI ғ. бастап 
осындай альбомдардан басқа тулардың суреттері салынған 
кестесі  бар  кітаптар  мен  құралдар  шығарыла  бастады.  Кейін 
осындай істермен əр түрлі елдердің мемлекеттік органдары 
арнайы шұғылданатын болды. Мысалы, Ресейде «Байрақтар, 
тулар мен вымпелдер альбомы» жинағын Бас гидрография 
орталығы басып шығарды. Мұның бəрі тутану тұрғысындағы 
Тубегі. Ерте замандарда осындай ресми атақ, жоғары 
мəртебелі  қызмет  болған.  Жоңғар  жаугершілігіне  қарсы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет