күрес алдында бас əмірші болып – Əбілқайыр хан, ал ту-
бегілікке – бас сардар Бөгенбай батыр сайланды. Мұндай
шешім Ордабасындағы ұлы жиында қабылданатын. Ту-
бегі тағайындау салты кейінге дейін жетті. Мысалы,
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қаһармандарының
бірі Амангелді батыр əскерінің тубегі – Қияқбай батыр.
Князь Святослав
Всеволодовичтің байрағы.
1184 г.
Аса мейірбан Спас байрағы.
1154 ж.
85
білім көкжиегін кеңейтуге ғана емес, мемлекеттік рəміздер
жүйесін орнықтыру мен жетілдіруге де айтарлықтай əсер етті.
Қазір дүние жүзінің барлық мемлекеттерінде ұлт туы бас-
ты ресми рəміз рөлін атқарады. Оның сипаттамасы, əдетте,
Конституцияда немесе басқа заңдарда белгіленіп, бекітіле-
ді. Туға тағзым етіп, ту құрметіне от-шашу ату дəстүрге ай-
налған. Шет мемлекет шекарасына енген кемелердің тұм-
сығына екі елдің туларын қатар көтеру салт. Ту қашанда
тутұғырдың төбесіне дейін көтерілуі керек. Туды қисайту –
аза тұтудың, тудың жығылуы – жеңілудің белгісі саналады.
Халықаралық деңгейдегі əр алуан конференциялар мен
басқа ресми шаралар өткізген кезде, спорт жарыстарының
жеңімпаздарын марапаттаған кезде жиын немесе шараға
қатысушы елдердің, спорт сайыстары жеңімпаздары Отаны-
ның туын көтеру, əнұранын ойнау əдетке айналған. Норве-
гияның Лиллехамер қаласында 1994 жылы өткен Бүкілəлем-
дік қысқы спорт ойындарында көкшетаулық шаңғышы Вла-
димир Смирновтың тамаша жеңісі құрметіне осындай жа-
рыстарда алғаш рет Қазақстанның көкшулан туы көтеріліп,
əнұраны орындалды. Бұған миллиондаған жанкүйерлердің
бойын мақтаныш сезімі кернегені анық.
Елтаңбаларды зерттеумен ғылымда геральдика (елтаңба-
тану) мамандығының өкілдері – гералдистер (елтаңбатану-
шылар) шұғылданады. Бұл тақырыпта XVI ғ. арнайы кітаптар
шыққаны туралы мағлұмат кездеседі. Ал ғылыми саланың
негізін қалаушы француз Менестрэ болып есептеледі. Ол
1650 жылы елтаңбатану мəселелеріне арналған тұңғыш ір-
гелі еңбек жазып, шығарған. Тарихта сол сияқты Коломбиер,
Варенн жəне Ансельм сияқты бірнеше атақты рəмізтанушы-
лардың ғылыми жазбалары зор құрметпен аталады.
Тарих – халықтың киелі кітабы, оның тұрмысы мен
қызметінің айнасы һəм ата-бабаларының ұрпақтарына
арнаған өсиеті болуға тиіс.
Н. Карамзин
86
Елтаңба жасау – өзінің өзгеше принциптері мен əдісте-
рі айтарлықтай қатаң да күрделі тəртіптері бар өнер. Ел-
таңбаны сипаттап, түсіндіру процесін француз тілінде жа-
салған арнайы терминмен «блазирование» деп атайды. Со-
нау көне дəуірлерден осы кезге дейін жеткен елтаңба сипат-
тамаларының арасында Немврод, Геркулес жəне Семира-
мида елтаңбаларының суреттемелері бар.
Елтаңбатану тəртібі бойынша екі металл – алтын мен
күміс, бес түрлі бояу (эмаль – финифт) – қызыл, көгілдір,
алқызыл, жасыл, көк реңдер негізгі рəміздік белгілерге жа-
тады. Елтаңба қалқан, айқыш, жəне т.б. бөліктерден тұрады.
Елтаңбалық композицияда əр түрлі суреттер пайдаланыла-
ды. Ертеде күш-қуат пен қайратты, айлакерлікті көрсететін
жəне жауының құтын қашырардай əсерлі бейнелер көп қол-
данылғаны байқалады. Олар – найза, қылыш, жебе сурет-
тері жəне арыстан, қабылан, қасқыр, аю, айдаһар, т.б. бей-
нелері. Көне елтаңбаларда сол сияқты басқа да түрлі ны-
шандар кездеседі.
Елтаңбаларда пайдаланылатын белгі-бедерлердің, бей-
нелердің бəрінің де астарлы мағынасы болады. Мысалы,
арыстан – күш-жігердің, батылдықтың, кеңдік пен дарқандық-
тың, ерліктің жəне биліктің, аю – сақтықтың, бұқа – күштің
піл – адалдықтың, əтеш – сайыс пен күрестің, жылан – мəңгі-
лік пен даналықтың, балық – сергектік пен сақтықтың белгісі
саналады. Өсімдіктер əлемінде пальма – ұзақ ғұмырдың,
жеңістің, лилия – өмірдің, қайта тірілудің белгісін білдіреді.
Ресейлік бірлесу туы
Ресейдің сауда (1705–1917 жж.)
һəм Мемлекеттік туы
(1883–1917 жж. жəне 1991 ж.)
87
Геометриялық кескіндер ішінде дөңгелек (шар) – жердің,
əлемнің, шеңбер – шексіздіктің, текше (куб) – мəңгіліктің ны-
шандарына жатады. Айта кету керек, мұндай əр түрлі жүйе-
лер бар. Мамандар кейде бір рəміздік белгінің өзіне əртүр-
лі мағына беру мүмкін. Оған ұлттық таным ерекшеліктері
жəне заман болмысындағы өзгешеліктер тікелей əсер ететін-
дігі байқалады.
Елтаңба билік нышаны ретінде тулардың, жалаулардың,
мөрлердің жəне ақшаның құрамдас бөлшектері ретінде де
пайдаланылады. «Герб» деген терминнің шығу тегін маман-
дар немістің «erbe» – мұра, поляктің «һеrb» – эмблема, бел-
гі деген сөздерімен байланыстырады. Əуелде корольдердің,
билік иелерінің атадан балаға мирас етіп қалдырған же-
рінің, басқа да меншік түрлерінің айырым белгісі ретінде
қолданылған.
Қазақтың «таңба» сөзінің мəні де соған ұқсас. М. Қашғари
сөздігінде (XI ғ.): ел билеушілердің ерекше белгілері деген
мағынада «Хақан не басқа билеушілердің таңбасы» деген
анықтама бар. «Таңба» сөзін орыс князьдері де «герб» деген
мағынада қолданғаны белгілі. Бірінші Петр патшаның əке-
сі Алексей Михайлович Романов қол қойған грамоталарда
Курляндия губерниясындағы
Фридрихштадт қаласының
грифон бейнелі елтаңбасы
Ресей империясының
елтаңбасы
88
«герб салығы» деген ұғымды білдіретін «тамговый сбор»
тіркесі кездеседі. Ғалымдардың пікірінше, орыс тілінде осы
уақытқа шейін кең қолданылатын «таможня» сөзі «таңба
бажы» дегеннен шыққан.
Қытай тарихшысы Фан Сюаньлин «Цзинь династиясының
тарихы» атты еңбегінде үйсін тайпасынан шыққан ер жүрек
қолбасшы Шы Лэнің III ғасырда бүкіл Қытайға билігін жүргі-
зіп тұрған кездегі императорлық мөрі туралы кең мағлұмат
береді. Ол ғажайып асыл тас – қара яшмадан (кварцтың бір
түрі) жасалған. Көлемі – төртбұрышты (4 пунь мен 7 фень).
Ұстайтын тұтқасы – тасбақа пошымды. Аса бағалы асылтас –
оның қолындағы биліктің ерекше қасиетті, маңыздылығын
білдірсе, оның түсі – тіршіліктің негізі болып табылатын бес
стихияның бірі – судың белгісі, ал тасбақа – сол киелі күштің
иесі болып саналған. Төртбұрыш қабырғаларының өлшемде-
рі де тегін алынбаған. Жеті саны – жеті аспан шырағын (Күн,
Ай, Шолпан, Меркурий, Марс, Юпитер жəне Сатурн) бейне-
лесе, төрт саны – дүниенің төрт бұрышы деген ұғым береді.
Астарында аспан денелерінің (құдайлардың) мейірімі түс-
кен император төл стихиясы күш алып тұрған сəтте шарта-
рапқа бірдей сөзін өткізіп, билігін жүргізе бередіге саятын
емеуірін жатыр.
Əйгілі «алтын шежіреде» Шыңғыс хан Найман мемлекетін
құлатқаннан кейін Таян ханның мөр сақтаушысы – Тататун-
ганы сарай маңында ұстап, өнерін пайдаланғаны жазылған.
Найман ханының жеке билік белгісін қойнына жасырып, жы-
лысып бара жатқан Тататунгадан Бати:
– Басқаның бəрі бізге тізе бүгіп жатқанда, сен қайда қа-
шып барасың? Мынаны қайда апарасың? – деп сұрайды.
– Мен өз қызметіме өлгенімше адал болайын деп едім.
Бұл таңбаны мəртебелі иесіне табыс етуді ойлағанмын. Үл-
гірмедім.
– Ол неге керек?
– Ием осы таңбаны маған көздің қарашығындай сақтатып,
кірген-шыққан қағазға бастыртушы еді. Жақсы адамды жат
жерге жіберерде сенім көрсету белгісі ретінде пайдаланылады.
89
ЕЛТАҢБА ҚАЛҚАНДАРЫ
Қалқан бөлшектері
1 – жарма; 2 – қиық; 3 – оң көлбеу; 4 – төрт бөлікті
(жарма жəне қиық) қалқан; 5 – төрт бөлікті (екі
жағынан қиылған) қалқан; 6 – жапырақша (төрт
негізгі бөліктің тоғысуы) қалқан; 7 – жартылай қиық
жəне жарма қалқан; 8 – айырылған (оң жақ сол
көлбеумен жарты жарма) қалқан; 9 – жарма жəне
бірінші бөліктегі оң көлбеу: 10 – тісті жарма; 11 –
жалын бейнелі көлбеу: 12 – ұлу бейнелі қиық
Бағалы геральдикалық бейнелер
13 – маңдай: 14 – буын: 15 – толық маңдай (маң-
дайдың маңдайшамен – ұшарбаспен ұштасуы):
16 – буыншалы – табалдырықты толық маңдай;
17 – белдік: 18 – бағана; 19 – сол тартпабау:
20 – шеврон жаңқа; 21 – балдақ (маңдай мен ба-
ғананың тоғысуы); 22 – рəміздік айшық (бағана
мен белдіктің түйісуі): 23 – Андреев айқышы (екі
тартпабаудың қосындысы): 24 – айыр айқыш (екі
жарты тартпабау мен бағананың қосындысы)
М аңызы шамалы геральдикалық
бейнелер
25 – сыртқы тужиек; 26 – ішкі тужиек; 27 – шаршы;
28 – шахмат қалқан (шаршылармен толтырылған):
29 – еркін оң жақ; 30 – сол жақ үшкіл; 31 – үшкір;
32 – үшкір бөлшекті қалқан; 33 – үшкір қатарлармен
көмкерілген қалқан; 34 – үш тақтай; 35 – тігісті
қабырғалы қалқан (тақтайшалармен жабылған);
36 – үш тілікті қалқан; 37 – ромб; 38 – ұршық; 39 –
ұршықтар мен көлбеу қиылған қалқан; 40 – турнир
жаға; 41 – шеңбер; 42 – қалқан қиық
Геральдикалық емес елтаңбалық бейнелер
43 – арыстан: 44 – леопард, 45 – геральдикалық лилия:
46 – лилия; 47 – мүйізбас (единорог); 48 – феникс.
Қалқандардың пішіндері мен реңі
1 – көне алтын (варяг алтыны): 2 – неміс күмісі; 3 –
неміс қызылы: 4 – ағылшын көгілдірі; 5 – ағылшындық
жасыл: 6 – италияндық алқызыл; 7 – испан қарасы:
8 – византиялық горностай «құндызы»; 9 – қисық бұ-
рышты қарсы горностай «құндызы»; 10 – төртбұрыш-
ты тиін «құндызы»; 11 – поляк қарсы тиін «құндызы»:
12 – француз қабыршақтысы
90
Аңыз бойынша, Шыңғыс хан дүниеге келгенде оң қолына
яшма асыл тасынан жасалған айдаһарлар патшалығының
мөрін уыстап жатқан екен деген сөз бар.
Қазақ таңбаларының үлгілері қола дəуірдегі Беғазы-Дəн-
дібай мəдениеті қазбаларынан табылған. Мысалы, əйгілі
этнограф-тарихшы Ə. Марғүлан осы кезеңнің мəдени ескерт-
кіштері арасынан бағаналы руының таңбасына ұқсас белгі
көргенін жазады.
Бір ғажабы, таңба ұғымы көптеген түркі халықтарына ор-
тақ екені байқалады. Мысалы, қырғызша «тамға – жыл-
қының санына күйдіріп басатын таңба, белгі; қарақалпақша
«тамға» немесе «таңба» – қазақшадағыдай мағынада; əзір-
байжанша «дамға» – таңба, белгі; өзбекше жəне башқұртша
«тамға» – таңба, белгі, мөр. 1882–1892 жылдары Н.Ф. Кос-
танов түркі халықтарына тəн үш мыңға жуық таңба үлгілерін
жинапты.
Белгілі түркітанушы ғалым В.В. Радлов бұл ұғымның ма-
ғынасын «белгі», «ру таңбасы», «мөр» деген сөздермен аша-
ды. Өте ертедегі тасқа қашалып жазылған əдебиет нұсқа-
ларындағы мəні де осы пікірдің дұрыстығын дəлелдейді.
А. Дж. Эмре мен А.Н. Кононов сияқты ғалымдар «таңба»
сөзінің түбірі «там» – күйдіру, өртеу, жағу деген етістік деп
есептейді. Бұл қисынға келетін тəрізді. Қырғыз тілінде «там»
тұтану, от алу деген ойларды береді. Ол қазақ тілінде де
«тұтан», «жан» деген сөздердің синонимі. Ел арасында:
«Сексеуіл оты тамғанша, сексендегі шал өлер, тамуына
таз өлер, қызуына қыз өлер», – деген сөз бар. Отты тұтату,
жағуға қатысты пайдаланылатын тамызу, тамызық сияқты
сөздердің де түбірі «там». Малға таңба қару əдісімен, күйді-
ріп басылады. Бұдан тамға сөзінің мағыналық төркіні «там»
болғанын, -ға етістікке жалғанғанда есім тудыратын -қа (са-
лыстыр: тұт-қа, жаң-қа) тəрізді сөз тудырушы жұрнақ екенін
байқаймыз. Ал тамғаның таңбаға айналуы тіл ғылымында
кең белгілі метатезалық құбылыс.
Таңба – əдетте малға, көбіне жылқының санына күйдіріп
басылатын айшық екенін жоғарыда айттық. Бірақ мəселе
оның тек қана айырым белгісі емес екендігінде жатыр. Ол –
малдың иесі болып табылатын рудың, тайпаның елдік ны-
91
Ежелгі украин елтаңбалары
Бүркіт, жылан жəне кактус
бейнелері мексика мəнеттерінде
қазір де бейнеленеді
Британ корольдерінің елтаңбасы. Рəміздегі қалқанды сол
жағынан ағылшын арыстаны, ал оң жағынан – шотланд
мүйізбасы (единорог) тіреп тұр
Көне құжаттарда аталған тұңғыш əулеттік елтаңба –
Анжуй графы Жоффрейдің қалқанында. Бұл оқиға 1127
жылы болған. I Генрих 14 жасар өгей баласын рыцарь
деп жариялау кезінде оған алтыннан жасалған көк қал-
қан сыйлады.
92
шаны, меншіктік айғақ міндетін атқарады. Ал мөр ретінде би-
лік белгісі сипатында көрінетіні белгілі. Ел тұтқасын ұстаған,
оның мемлекеттік істерін жүргізіп отырған бедел иесінің би-
ліктік нышаны деп қарасақ та, бір қауымдастыққа біріккен
елдің ортақ меншігінің айырым белгісі деп қарасақ та, ой
төркіні тереңде жатқанын аңғару қиын емес. Таңба, мөрлер-
ге бүгінгі елтаңбаларымыздың тарихи бастауында тұрған
мəдени-этникалық мұралар тұрғысында қарайтынымыз да
содан.
Таңбалық нышандар, əдетте, тайпаның, рудың бүтін ел
құрамындағы халықтардың қасиет тұтқан наным-сенімдері-
мен, арман-аңсарларымен астасып жатқан киелі белгілер-
ден тұрады.
Шəкəрім шежіресінде түркі халықтарының таңбала-ры ту-
ралы деректер V ғасырлардан белгілі екендігі айтылады.
Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Мы-
салы, тік сыңар сызық немесе дара əліп – қаңлылардың, тік
қос сызық, немесе қос əліп – қыпшақтардың, көлбеу немесе
тік айқасып қиысқан қос сызық немесе айқыш – керейлер-
дің, бұрыш белгі – наймандардың, дөңгелек – дулаттардың,
қос дөңгелек немесе көз – арғындардың, босаға – қоңы-
раттардың, садақ – адайлардың, құлақты дөңгелек – албан-
дардың, қос құлақты дөңгелек – суандардың, үш құлақты
дөңгелек – ботбайлардың, қос құлақты жəне тік қосылған
сызықтар тіркескен дөңгелек – сиқымдардың ру-тайпалық
таңбалары саналады.
Олардың əр түрлі бейне-пішіндері тастағы жазуларда, сан
алуан материалдық мəдениет үлгілерінде, археологиялық
Шыңғыс ханның мөрі алқызыл түсті асыл яшмадан
жасалған. Онда «Аспанда – Құдайтағала, жерде қаған құ-
діретті. Адамзат билеушісінің мөрі» – деген сөздер бар.
Ақсақ Темір көрегеннің мөрінде бірінің үстіне бірі үш-
тағандап орналастырылған үш қара сақина бейнеленген. Бұл
белгі – оның туындағы жəне Самарқан қаласының елтаң-
басындағы негізгі нышан.
Еуропадағы алғашқы мөр 1136 жылы жасалды.
93
қазбалар кезінде табылған көне мөрлер мен металл ақ-
шаларда жиі ұшырасады.
Қазақ тайпалары мен руларының төл таңбалары бейне-
ленген ғылымға белгілі алғашқы теңгелер VІ–VІІІ ғасырлар
шамасында дүниеге келген, деп есептеледі. Отырар, Тараз
жəне басқа бірқатар көне қалалардың өз ақша сарайлары
болған.
«Теңге», «ақша» атаулары қайдан шыққан? Орыстың
В. Вакуров деген зерттеушісі «деньги» сөзі XII ғасырда түркі
тілінен алынған, ондағы бір кездері айырбас құралы болған
аң (белка) атауы «тин», «тиін» сөздерімен төркіндес дейді.
Əрине, «теңге» атауының түркі тіліндегі сөз екені даусыз.
«Деньги» де содан шыққан. Сондықтан «теңге» атауының
түп тегі мен мағынасын да сол түркі тілдерінен іздеу керек.
«Теңгенің» түбірі, «тең», «теңдеу» болуы да ықтимал. Сау-
да-саттық үстінде балама (эквивалент) ретінде пайдалана-
тыны да соған мегзейді.
«Ақша» атауының қайдан шыққаны туралы да орағытып
айтылған пікірлер басым. Біздің пайымдауымызша, бұл жер-
де лингвистикалық талдауға жүгінсек – бұлтартпас дəлел
табамыз. Түбірі «ақ» сөзі, ал «ша» – сөз түрлендіруші (бұл
жерде түбір сөзге «сияқты», «секілді», «соған ұқсас» деген
мағыналық рең қосу арқылы жаңа сөз тудырып тұр) жұрнақ.
Яғни, жаңа сөз түсі ақ нəрсеге ұқсас айырбас құралы (күміс
теңгеге ұқсайтын қағаз ақша) деген мағынаны білдіреді жəне
Қазақ ру-тайпаларының таңбалары
Таңба – тайпалық елтаңба, ол қазір шекара бағандарына
салынатын Мемлекеттік елтаңба тəрізді тайпа жерлері
шекараларындағы тастарға қашалып салынып отырған.
О. Сүлейменов
94
даму процесіне түсіп, жалпылық сипатта абстракциялана ке-
ле, ұлттық валюта атауына айналған.
«Тиын», «құн» деген экономикалық терминдердің шығу
тегі де ақша қызметіне байланысты. Алғашқысы сауда-сат-
тық кезінде айырбас өлшемі болған тиін терісін, ал екіншісі –
құндыз немесе сусар (куница) терісін пайдалануға орай дү-
ниеге келген.
Қазақтың ежелгі ру таңбалары əр түрлі геометриялық пі-
шіндерді еске салады. Өкінішке орай, таңбалардың мəні мен
мағынасын, терең тарихи тамырларын жəне халқымыздың
этникалық болмысымен байланыстыра терең зерделеген ір-
гелі ғылыми зерттеулер жоқ. Олардың басты ерекшеліктері –
нақтылық пен қарапайымдылық. Кезінде əмбебап этносаяси
нышан ретінде пайдаланылған, əскери байрақтар мен ту-
лардың маңызды элементтері қатарына жатады (Қазақтың
əскери байрақтары негізінен «елтаңбалық тулар» тобынан).
Таңбалар қол орнына жүретін мөр ретінде де пайдаланылып
келген.
Қазақ халқының көшбасшылары ұлт болып ұйысудың ұлы
белгісі ретінде Ұлытау бойында өздерінің ру таңбаларын тас-
қа қашап қалдырған. «Таңбалы тас» деп аталатын Қарағанды
Рюриктер
мəнеттеріндегі
белгілер
Кушан
патшаларының
белгілері
Шыңғыс хан
ұрпақтарының
белгілері –
төре таңба
Түркі қағанының таңбасы. Көне түркі мемлекетінде
қолданылған билік нышанының бір белгісі Күлтегін (685–
731 ж.ж.) қағанға орнатылған ескерткіште бедерленген. Ол
биіктігі 3 метр 15 сантиметр, табанының ұзындығы мен
ені тиісінше 1 метр 24 сантиметр жəне 41 сантиметр бо-
лып келетін үшкір пирамида түріндегі стелланың бесбұ-
рышты ұшар басының бір қырына таңбаланған.
95
облысындағы Қызылжар станциясынан 10 шақырымда жат-
қан бұл жер қастерлі ұлттық рəмізге (жағрапиялық) жатады.
Соған орай бүкіл əлем қазақтарының тізе бүгіп, тəу ететін
киелі өңірлерінің бірі. 1992 жылы Дүние жүзі қазақтарының
тұңғыш құрылтайына əлемнің əр түкпірінен арнайы ат басын
тіреп келген қандас бауырларымыз атажұртпен қауышуды
осы Ұлытауға тəу етуден бастады. Сол жолы «Таңбалы тас»
маңында ескерткіш қою туралы ой тасталды. Бұл таңба Қа-
зақстанның саяси тарихында айтарлықтай орын алғанды-
ғының белгісі екендігін тағы бір дəлелдей түседі. Ол сол
сияқты, тайпаға, руға, отбасына, жеке адамға тиесілі меншік
белгісі ретінде қоғамдық-əлеуметтік қатынастарды дамытуға
жəне экономикалық қатынастарды жетілдіруге де ықпал ет-
кені белгілі.
Елтаңбалардың қарапайым формалардан күрделі құбылыс-
қа дейін көтерілген эволюциялық даму, жетілу жолы бірнеше
Абылайхан (1711–1781)
Абылай ханның мөрі
96
кезеңнен тұрады. Біз бұл ретте, қолда бар деректерге сүйене
отырып, алты кезеңді немесе алты деңгейді бөліп атауды
жөн деп есептейміз. Біріншісі – алғашқы əлеуметтік айырым
белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында
өте ертеден белгілі əрі осы күнге дейін үзілмей жеткен малға
ен салу дəстүрі, сөз жоқ, осы деңгейдегі құбылыс. Екіншісі –
рəміздік таңбалардың қолданысқа түсуімен дараланады. Да-
лалық мəдениетте өзгеше орын алатын рулық таңбалар осы
деңгейге жатады. Үшіншісі – мөрлердің, төртіншісі – əулеттік
елтаңбалардың, ал бесіншісі – қалалар мен аумақтық бөлі-
ністер елтаңбаларының пайда болуымен, ал алтыншы, ең
жоғары деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбалар-
дың шығуымен дараланады.
Қазақстанда қалалық елтаңбалар XIX ғасырда пайда бол-
ды. Бұл кезде қазақ жері Ресей мемлекетінің қол астында
еді. Сондықтан əулеттік, қалалық жəне аумақтық бөліністер
Көшпелілердің тұйық оюлы мөрі.
1339 ж.
Патшалық Ресейдегі
Елшілік билік (Посольский
приказ) бастығының мөрі
Дала билеушілерінің белгілері.
XIX ғ.
97
елтаңбалары жүйесін дамыту жөнінде патшалық əкімшілік
қолға алған қадамдардың шет жағасы Қазақстанға да жетті.
Бұл саладағы жұмыстардың бəріне 1722 жылы құрылған
Сенат жанындағы Геральдмейстерлік кеңсе басшылық жа-
сап отырды.
Ресейдегі əулеттік, қалалық жəне аумақтық бөліністер ел-
таңбаларының дамуына Батыс Еуропа ықпалы зор болды.
Өйткені, Батыс Еуропа елдерінде бұл іс орта ғасырларда-ақ
дамып кетсе, Ресейге тек XVII ғасырдың соңғы он жылды-
ғында ғана қолға алынған.
Ресейде көбіне төменгі жағы үшкірлеу келген төрт бұрыш-
ты қалқан (француз үлгісі) суреті пайдаланылғаны байқала-
ды. Ал тəждердің князь, граф, барон жəне дворян мəртебе-
леріне сəйкес түрлері бар.
Əулеттік елтаңбаларға қатысты негізгі үш шарт болған. Бі-
ріншісі – əулеттің тегі жəне елге сіңген еңбегі туралы дерек-
тер толық дəлелденген немесе, ресми түрде танылған болуға
тиіс; екіншісі – рəмізтану шарттарына толық сай келуге тиіс;
Өзгені таны – өз рухыңды таныр жол ол да,
Өзіңді таны – дөңгелер əлем жанарда.
А. Чижевский
Шоқан Уəлиханов
бабаларының мөрі
98
үшіншісі – елтаңба міндетті түрде өкілетті билік орындарын-
да бекітіліп, ресми тіркелуі тиіс. Осы талаптар орындалған
жағдайда ғана əулеттік елтаңбаның суретін сарайдың төбе-
сіне, қақпаға, зират басындағы ескерткішке, күйменің есігіне,
ыдысқа, жазу қағаздарына, кітаптарға, жүзіктерге салуға рұқ-
сат етілген. Мұндай рəміздер белгілі бір əулеттің қоғамда
алатын орны мен дəрежесін ресми бекітіп, соған сəйкес құр-
метпен жəне жеңілдіктермен пайдалану құқығын жария ету
құралы еді.
Патшалық Ресейде əулеттік, қалалық жəне аумақтық бөлі-
ністер елтаңбаларының суреттері мен сипаттамаларын жи-
нап, кітап етіп шығарып тұру жолға қойылды. Мұндай алғаш-
қы жинақ 1686–1687 жылдары жарияланды. I Павел патша-
ның нұсқауы бойынша, 1797 жылы Ресей империясы дворян
əулеттерінің жалпы елтаңбалығын (гербовник) шығару қолға
алынған. XX ғасырдың басына дейін осындай 20 том кітап
жарияланды. Оларда бес мыңнан астам елтаңба жинақтал-
ған. 3–4 мыңы ресми бекітілмегендіктен, бұл жинақтарға ен-
бей қалған деп есептеледі. Жалпы Ресейдегі барлық дво-
рян əулеттерінің бестен бірінің ғана ресми хатталған əулет-
тік елтаңбалары болған екен.
Елтаңбалар патша жарлығымен заңдастырылып отырған.
1649–1900 жылдар аралығында шыққан заңдар жинағында
Қазақстан қалаларының ертедегі елтаңбалары туралы де-
ректер кездеседі.
Бұл жерде қалалық жəне аумақтық құрылымдар елтаң-
баларының пайда болу жағдайынан кеңірек мағлұмат беру
үшін Қазақстан Ресейге қарағаннан кейін, бұрынғы ел билеу
жүйесі өзгеріске түскенін еске сала кеткен жөн. Басқарудың
жаңа мемлекеттік-əкімшілік жүйесі қалыптаса бастады. ХІХ
ғасырдың басында қазақ жерінде үш түрлі жүйе пайда бол-
ды. Шығыс бөлігінде – «Сібір ведомствосы», батысында –
«Орынбор ведомствосы», оларға қоса 1801 жылы бес мың
түтін ел Жайық асып кеткеннен кейін Бөкей ордасы (1812 жыл-
дан бастап Бөкей хандығы деп аталды) құрылды. Дəстүрлі
басқару жүргізу жүйесін мүлдем мансұқтау мақсатында хан-
дық билік жойылды (Орта жүзде – 1822 жылдан. Кіші жүзде –
1824 жылдан жəне Бөкей ордасында – 1845 жылдан бастап.
99
ҚАЛАЛАР ЕЛТАҢБАЛАРЫ
ДВОРЯН ЕЛТАҢБАЛАРЫ
Владимир Астрахань Ярославль Вятка Смоленск Қазан
Париж Лондон Варшава Берлин Флоренция
Граф Платовтар Барон Штиглиц Гончаровтар
Итальян князьдері
граф Суворов-
Рымникскийлер
Доленга (лоляк) Дрейлинг (ағылш.) Грандидье (франц.) Фон Бок ан дем
Зюдденбах (нем.)
100
Соңғысы бұл тұста «Ішкі орда» деп атала бастады). Бұл өз-
герістер «Сібір қырғыздары туралы жарғы» (1822), «Сібір
қырғыздарын оңаша басқару тəртібі» (1838), «Семей облы-
сын басқару тəртібі» (1854), «Орынбор қырғыздарын басқару
тəртібі» (1844), «Сырдария бойы қырғыздарын басқару ту-
ралы нұсқау» (1855–1856), «Алатау округін басқару тəртібі»
(1862), «Далалық өлкелерді басқарудың уақытша тəртібі
(1867), «Далалық облыстарды басқару тəртібі» (1891) жəне
басқа да құжаттарға сай жүзеге асырылды.
1867–1868 жəне 1886–1891 жылдарда өткізілген рефор-
малардың нəтижесінде жаңа басқару жүйесі бір ретке кел-
тірілді. Алты облыс құрылды. Олар: Семей (құрамында Се-
мей, Өскемен, Зайсан, Павлодар уездері бар), Ақмола (құ-
рамында Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы уездері бар),
Торғай (құрамында Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері
бар), Орал (құрамында Орал, Гурьев, Лбещинск, Темір уезде-
рі бар), Семиреченский – (Жетісу – құрамында Лепсі, Қапал,
Жаркент, Верный уездері бар) жəне Сырдария (құрамында
Əулиеата, Шелек, Қазалы жəне Перовск уездері бар). Ал
Маңғыстау уезі Закаспий облысының, Ішкі орда – Астрахань
губерниясының құрамына енгізілді.
Ресейдің құрамындағы облыстар мен қалалардың барлы-
ғының елтаңбалары тəртіп бойынша жасалып, рəсімделіп
отырған. Ресей империясының Заңдар жинағында қазақ же-
ріне қатысты алты облыстың (Ақмола, Семей, Жетісу (Се-
миреченская деп жазылған), Сырдария, Торғай, Орал) жəне
бес қаланың Верный (Алматы), Петропавл, Семей, Торғай,
Орал) рəміздерінің суреттері мен сипаттамалары берілген.
Бұған қоса 16 уездік жəне округтік қаланың (Ақмола, Ақтө-
бе, Əулиеата (Тараз), Гурьев (Ақтау), Жаркент (Панфилов),
Ырғыз (Чергизь, Қазалы, Қарқаралы, Көкшетау, Қапал, Қос-
танай, Лепсі, Павлодар, Перовск (Қызылорда), Өскемен, Шым-
кент) елтаңбалары бар екендігі белгілі. Бірақ олар Ресей им-
периясының Заңдар жинағына енгізілмеген.
Бұл елтаңбалардың арасындағы ең алғаш жасалғаны һəм
принципті ерекшелігі бары – Қызылжар (Петропавл) қаласы-
ның елтаңбасы. Ол 1842 жылғы 7 қыркүйекте бекітілген. Бұл
101
тұста Қызылжар – Тобыл губерниясының Ақмола облысында-
ғы уезд орталықтарының бірі еді. Сондықтан əдеттегідей көл-
денеңнен тең бөлінген қалқанның (щит)жоғарғы бөлігін То-
был губерниясының жаңа елтаңбасының суреті алып жатыр.
Ол – көктүсті кеңістікке салынған алтын пирамиданың
бейнесі, жан-жағына тулар қойылған. Елтаңбаның басқалар-
дікінен түбегейлі ерекшелігі де тап осында жатыр. Кейінгілер-
де мұндай бөлініс жоқ. Елтаңбаның негізгі бейнесінің айна-
ласын патша тəжімен, алтын түсті пальма жапырақтарымен
жəне Александр лентасымен көркемдеу дəстүрге енді.
Петропавл (Қызылжар) қаласы елтаңбасының өзіне тəн
бөлігінде – үстіне жүк тиелген түйе жетектеп, жар жағалап
келе жатқан қолында таяғы бар, басына бөрік киген қазақ
(азиат) бейнеленген. Мұнда қала орналасқан жердің ерек-
шелігі, оның ежелгі тұрғындары жəне олардың кəсібі дəл кө-
рініс тапқан.
(Түпнұсқадағы толық мəтінді сол қалпында бергенді жөн
көреміз: «Щитъ разделенъ на две половины: в верхней
гербь Тобольскій, а в нижней в серебряном поле на горе вер-
блюдъ, навьюченный двумя тюками на перевесъ и ведомый
за веревку Азіиатцемъ»).
Жалпы, мұқият зер салып, зерттеген жағдайда қалалар
мен аумақтық бөліністер елтаңбаларынан ел мен жер та-
рихына қатысты тың деректер жинауға болады. Осы орайда
1785 жылғы 17 наурызда бекітілген Омбы қаласының елтаң-
басы назар аударарлық. Ол кезде қала – Тобыл наместни-
чествосына қарайтын Ақмола облысының орталығы. Тең бө-
лінген темір қалқанның жоғарғы жағында, əлі өзгермеген дəс-
түр бойынша, Тобыл наместничествосының жаңа елтаңба-
сының суреті салынса, төменгі жағында – тек шекаралық
белгі бейнеленген. Ол Омбы қаласының қазақтарға қарсы ең
басты қамал екендігін білдіреді.
(Түпнұсқадағы толық мəтінде: «Въ верхней части щита
гербъ Тобольскій. В нижней в серебряном поле часть укре-
пленной из кирпича линии, потому что по Сибирской ли-
нии есть он главная Крепость против киргизов (казахов –
Е. Ш.)).
102
Верный (Алматы), Орал, Семей жəне Торғай қалаларының
елтаңбалары 1878 жылғы 1 шілдедегі патша жарлығымен
қабылданған. Төртеуінің де сыртқы нысаны ұқсас. Жоғарғы
жағынан – патша тəжімен, айнала – алтын түсті емен жа-
пырақтарымен жəне Александр лентасымен көмкерілген.
Негізгі белгілері – əр алуан, əрине.
Жетісу (Семиреченский) облысының орталығы болған Ал-
маты (Верный) қаласының елтаңбасының бас жағындағы
үштен бір бөлігіне Ресей мемлекеттігінің негізгі рəмізі – екі
басты бүркіт бейнесі орналастырылған, ал қалған үштен екі
бөлігін төңкерілген, яғни төмен қаратылған жарты ай суреті
алып жатыр. Мұнда Ресей мұсылмандары тұрады дегенді
білдіреді. Бұл – саяси сипаты басым елтаңбалар қатарына
жататын рəміз.
(Түпнұсқадағы толық мəтінде: «В червленном щите золо-
той опрокинутый полумесяцъ. Глава щита золотая, усе-
янная Россійскими Государственными орлами. Щитъ увен-
чанъ древнею Царскою короною и окруженъ золотыми ду-
бовыми листьями, соединенными Александровскою лен-
тою»).
Орал қаласының елтаңбасында жергілікті жердің геогра-
фиялық жағдайы, онда тұратын тұрғылықты жұрт, олардың
Қызылжар (Петропавл)
қаласының елтаңбасы
Тобыл қаласының елтаңбасы
103
ұлты, діні мен негізгі кəсібі туралы деректер беретін бейне-
лер салынған. Олар – қатар үш тау, олардың төбесіндегі ал-
тын булава (ортада), тұғырының ұшарбасында ай бейнелі
алтын түсті қылқұйрық тулар, толқын қуған күміс балық су-
реттері. Бəрінің астарында – елтаңбаның негізгі түсін, реңін
айқындайтын жасыл бояу.
(Түпнүсқадағы толық мəтінде: «Въ зеленом щите три се-
ребрянные горы, на которыхъ поставлены на средней зо-
лотая булава, а на крайнихъ, золотые же бунчуки, на кото-
рыхъ таковые же полумесяцы, концами вверхь, увенчанные
золотыми же остріиями отъ копья. Въ лазуревой волноо-
бразной оконечности щиты, серебряная рыба. Щитъ увен-
чанъ древнею Царскою короною и окружен золотыми дубо-
выми листьями соединенными Александровскою лентою»).
Торғай қаласының елтаңбасы қарапайымдылығымен, нақ-
тылығымен көзге түседі. Екі белгі бар: теріс қаратылып са-
лынған жылқының екі басы жəне солардың ортасында, өзара
көлбеу айқастырылып, тік қойылған қос найза. Жүйрік мініп,
жауын жеңіп, ен далада еркін өмір сүрген халқымыздың ру-
хына жақын рəміз.
(Түпнұсқадағы толық мəтін: «Въ червленном щите два зо-
лотых косвенно накрестъ положенная копья, сопровождае-
Верный қаласы мен Жетісу
облысының елтаңбасы
Омбы қаласының елтаңбасы
104
мые, по бокам, таковыми же противопоставленными, ото-
рванными конскими головами с лазуревыми глазами и язы-
ками. Щитъ увенчан древнею Царскою короною и окружен
золотыми дубовыми листьями соединенными Алексан-
дровскою лентою»).
Семей қаласының рəмізі де осы сипатты. Тек онда негіз-
гі белгілер ретінде түйе, шалқалаған ай жəне бес бұрышты
жұлдыз суреттері алынған.
(Түпнұсқадағы толық мəтін: «В лазуревом поле золотой,
съ червленными глазами и уздами верблюдъ, сопровож-
даемый во главе щита, серебряною о пяти лучахъ, под та-
ковымъ же полумесяцемъ, рогами вверх, звездою. Щить
увенчань древнею, Царскою короною и окруженъ золоты-
ми дубовыми листьями, соединенными Александровскою
лентою»).
Бір назар аударатын жағдай – Верный (Алматы), Семей,
Торғай жəне Орал қалаларының елтаңбалары тиісінше Же-
тісу (Семиреченский), Семей, Торғай жəне Орал облыста-
рының елтаңбаларымен бірдей болған. Осыған қарап Ақмола
(қазір Астана) қаласының елтаңбасы да Ақмола облысыні-
кіне ұқсас болуға тиіс деуге болады. Бірақ ол Ресей импе-
риясының Заңдар жинағына енбегендігін жоғарыда айттық.
Орал қаласы мен Орал
облысының елтаңбасы
Торғай қаласы мен Торғай
облысының елтаңбасы
105
Ақмола облысының елтаңбасы облыс орталығы Омбы
қаласынікіне мүлдем ұқсамайды. Жасыл түсті, ортасына қос
мұнарасы бар күмбезді күміс ескерткіштің жəне тік жарты
айдың суреттері салынған. Ақмола атауының «Белая мо-
гила» деген аудармасына орай ойластырылғаны «мен мұн-
далап-ақ» тұр. Негізгі бейненің, қорған (крепость) емес күм-
безді ескерткіш екені елтаңбаның түпнұсқа мəтіндегі сипат-
тамада да айқын айтылған.
(Түпнұсқадағы толық мəтін: «Въ зеленом щите, серебря-
ный памятникъ, с двумя остроконечными башнями и купо-
ломъ въ середине, сопровождаемый въ главе щита, золо-
тымъ полумесяцъ. Щить украшенъ древнею Царскою коро-
ною и окруженъ золотыми дубовыми листьями, соединен-
ными Александровскою лентою»).
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның оңтүстік
өңірінің көп бөлігі Сырдария облысының құрамында болға-
ны белгілі. Мысалы, өз елтаңбалары болған Əулиеата (қазір
Тараз), Қазалы, Қапал, Перовск (Қызылорда) жəне Шымкент
қалалары уезд, округ орталықтары ретінде осы Сырдария
облысына қарайтын.
Сырдария облысының елтаңбасында төл табиғат нəші,
табиғи құнар (колорит) көбірек орын алатыны байқалады.
Негізгі сурет – өзеннің екі жағын бойлата орналастырылған
Семей облысының елтаңбасы
Ақмола облысының елтаңбасы
106
қос жүзім жапырағы. «Сулы жер – нулы» деген мағынаны
беруге саятындай. Əрі қысқа, əрі айтары жеткілікті образ.
Қасиетті Сыр бойы мен жер жəннəті Жетісу өңіріндегі ел
өмірінің өзегі нəр мен жеміске негізделіп жасалған.
(Түпнұсқадағы толық мəтін: «Въ золотом щите лазуре-
вый волнобразный пояс, сопровождаемый, вверху и внизу
двумя зелеными, опрокинутыми виноградными листьями,
Щить увенчан древнею Царскою короною и окружен золоты-
ми дубовыми листьями, соединенными Александровскою
лентою»).
Кезінде қазақ жерінің едəуір бөлігі құрамына кірген Орын-
бор губерниясының елтаңбасында да (1856 жылғы 8 желтоқ-
санда бекітілген) жарты ай мен Жайық өзені бейнеленген.
(Түпнұсқадағы толық мəтін: «Въ червленном щите, два
накрест положенных, золотых стремени, украшенных Им-
ператорским Российским орлом, сопровождаемых сверху
золотым же Греко-российским крестом, а снизу золотым
же опрокинутым полумесяцем. Въ серебряной главе щита
лазуревая куница. Щить увенчан императорскою короною
и окруженъ золотыми дубовыми листьями, соединенными
Александровскою лентою»).
Кейінірек Қазақстан астанасы болған Орынбор қаласының
елтаңбасы губерниялық рəмізге ұқсамайды жəне одан көп
бұрын – 1782 жылғы 6 маусымда бекітілген.
Оның негізгі белгісі – қасиетті кең дала жəне сол даланың
төсінде тулап ағып жатқан жайсаң өзен.
(Түпнұсқадағы толық мəтін: «Золотое поле, разрезанное
на полы, голубою извитою полосою, показующею протека-
ющую путь реку Урал; в верхней части щита выходящий
двоеглавый Императорский орел, в нижней части голубой
Андреевский крест в знак верности сего города»).
Қазақ таңбалары мен еуропалық үлгідегі елтаңбалардың
арасында көп айырмашылық бар екені белгілі. Ол олардың
түріне де, құрылымына да қатысты. Бұл өзгешелікті дала-
лық өркениет пен Еуразия көшпелілері мəдениетінің төл бол-
мысының даралығына байланысты деген байлам жасау
орынды. Көшпелілердің ойлау жүйесіндегі, өмір салтындағы
жəне іс-қимылындағы прагматизм тіршілік көлденең тартқан
107
Достарыңызбен бөлісу: |