Еркишева жазира сабыровна


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 
1. Математиканы оқыту процесінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастыру құралы ретінде мәтінді есептердің орны мен маңыздылығы
классификациясы, «функционалдық сауаттылық», «қаржылық сауаттылық» 
ұғымдарының мәні нақтыланды. 
2. Математиканы оқытуда оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастырудың әдістемелік жүйесі, яғни құрылымдық компоненттердің 
мазмұндық негіздері айқындалды. 
3. Орта мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға 
бағытталған сыныптар бойынша қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді 
есептер және оларды шығаруды оқытып-үйрету әдістемесі жасалды. 
Зерттеудің теориялық маңыздылығы 
математиканы оқыту процесінде 
экономикамен пәнаралық байланыстарының жүзеге асырылуы негізінде 
оқушыларды қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді шығаруға 
үйрету арқылы қаржылық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі 
(мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері, формалары мен құралдары) жасалынуынан 
тұрады. Сонымен қатар, мектеп математика курсында әр сыныптар бойынша 
қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді шығарудың тиімді 
тәсілдері ұсынылған. 
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 
диссертацияда тұжырымдалған 
теориялық қағидаларды және математиканы оқыту процесінде оқушыларды 
қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді шығаруға оқытып-үйрету 
мен оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды 
математика 
мұғалімдері 
өздерінің 
іс-тәжірибелерінде 
оқушылардың 
функционалдық және қаржылық сауаттылықтарын қалыптастыру үшін тиімді 
пайдалана алады. Зерттеу жұмыстары барысында алынған нәтижелерді жалпы 
білім беретін мектепте математиканы оқыту мазмұны мен әдістемесін 
жетілдіруде, сонымен қатар оқушылардың ғылыми жобалық жұмыстарында 
пайдалануға болады. 
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 
1. Жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту процесіндегі жүйелі-
әрекеттік тәсіл негізінде тұжырымдалған «функционалдық сауаттылық», 
«қаржылық сауаттылық» ұғымдарының сипаттамалары, мәтінді есептердің орны 
мен маңыздылығы, классификациясы. 


11 
2. Орта мектеп математика курсында оқушыларға қаржылық-экономикалық 
мазмұнды есептерді шығаруды оқытып-үйретудің әдістемелік негіздері, 
пәнаралық байланыстар негізінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің құрылымы мен мазмұны. 
3. Математиканы оқыту процесінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастыруға бағытталған мәтінді есептерді шығаруға оқытып-үйретудің 
әдістемесі және педагогикалық эксперимент нәтижелері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет