Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған



бет13/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық практика каз (1)

7. Практиканы ұйымдастыру

Білім алушыларды практикаға бағыттау университет пен өндірістердің (практика базалары) арасында бекітілген келісім-шартқа сәйкес жүзеге асырылады.


Білім алушыларды практика орындары бойынша тарату, практиканың бастапқы және аяқталу мерзімін бекіту, университет бұйрығы бойынша белгіленген практика жетекшілері бекітіледі.
Практиканың оқу-әдістемелік жетекшісі кафедрада жүзеге асырылады.
Тікелей практикалық жетекшілік университеттен белгіленген жетекшілері – университеттің ректорының бұйрығымен бекітілген кафедраның біліктілігі жоғары оқытушылары және кәсіпорынның басшыларымен бекітілген өндірістік жетекшілерімен – жоғары квалификациялы мамандар арқылы жүзеге асады.
Дипломалды практикасы дипломдық жобаның жетекшілерінің кеңесімен орындалады.
Білім алушылар практика кезінде кәсіпорындағы, ұйымдағы, басқармадағы бекітілген ішкі тәртіптерге бағынуға, еңбек режиміндегі жағдайда жұмыс істеуі шарт және тікелей бастықтың рұқсатынсыз жұмыстан кетуіне құқығы жоқ. Білім алушы-практикант жұмыстың орындалуына және оның нәтижелеріне штаттағы жұмысшылармен бірдей жауапты болады.
Практика уақыты келесі негізгі мақсаттарымен және бөліктерімен орындалады:

  • кәсіпорынмен, өндірістік процестердің технологиясымен, басқарма жүйесімен, жеке қызмет функцияларымен, техника қауіпсіздігі жағдайымен танысу;

  • жеке тапсырмаларды орындау (өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша тапсырмаларды бір мезгілде орындау);

  • практика есебін рәсімдеу.

Практиканың жалпы оқу-әдістемелік нұсқауы кафедрада орындалады. Білім алушылардың практика кезінде жетекшілік сапасына кафедра меңгерушісі жауапты. Ал практиканы жүргізу сапасына оқытушылар, яғни практика жетекшісі жауапты.


8. Есепті қорғау

Практиканы бағалау білім алушының ұсынылған есебі негізінде және өндірістік жетекшінің шешімі бойынша қойылады. Есеп мөр басылуымен расталуы қажет.


Білім алушы есепті құру барысында практиканың бағдарламасына сәйкес орындайды және оның орындалуында мақсаты мен міндеті көрсетілуі қажет.
Практика бойынша есептік құжаттардың нәтижелерін қорғауды транскриптке енгізілетін баллды-рейтингті және әріптік жүйеде бағалайды.
Білім алушы уақытында белгілі себептермен практиканы өтпеген жағдайда оқуды үзбей кафедраның бекіткен мерзімімен ақысыз өтуіне болады.
білім алушының практиканың бағдарламасы бойынша тапсырманы орындамаған және уақытында есеп беруге келмеген жағдайларында академиялық қарыздар болып есептелінеді.
Практикалық академиялық қарыздарын жою ақылы негізде арнайы кафедрада жасалынған кесте бойынша жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет