Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған


Кәсіпорында бекітілген жетекшілердің міндеттері



бет15/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық практика каз (1)

10. Кәсіпорында бекітілген жетекшілердің міндеттері


Кәсіпорыннан практика жетекшілеріне жүктелген жалпы міндеттер:

  • практика бағдарламасымен танысуы;

  • білім алушылардан техника қауіпсіздігі ережелерін алуын тексеруі;

  • әрбір білім алушымен техника қауіпсіздігі ережелерін жүргізуі;

  • кәсіпорынның ішкі тәртіптерімен, материалдар мен құжаттарды ретімен алуымен және әртүрлі объекттермен білім алушыларды таныстыруы;

  • кеңес беру уақытын, күнін белгілеуі;

  • теориялық сабақтарды өткізуге қатысуы тиіс.

Практика жетекшісінің міндеті:

  • білім алушыларға бағдарламаға сәйкес жеке тапсырмасын орындауға көмектесе отырып үзбей бақылауы қажет;

  • білім алушылардың жұмыс орнында болуын есепке ала отырып мезгілімен тексеруі қажет;

  • білім алушы-практиканттар тікелей жұмыстарды қай жерде орындайтынын білуі қажет;

  • білім алушыларға жазбаша түрде мінездеме беру.



11. Практика өту барысында білім алушы-практиканттың міндеттері

Білім алушы практиканы өту алдында кіріспе дәрісін тыңдап, жетекшіден жолдама алуы қажет. Кәсіпорынға келген соң білім алушы университеттен кадрларды дайындау бөліміне бағыттау жолдамасын (күнделік) жеке тапсырмасымен бірге көрсетеді. Кәсіпорындағы кадрларды дайындау бөлімінде белгіленген жетекшісімен және онымен практиканың өту жоспарымен танысып келіседі. Білім алушы ішкі еңбек тәртібімен танысуға, оны қатаң сақтауға міндетті. Білім алушы жұмыс орнымен, техника қауіпсіздігін және еңбекті қорғау ережелерімен, сонымен қатар өрт қауіпсіздігімен танысуы қажет.


Білім алушының практиканы өту барысындағы міндеті:

  • қарастырылған практика бағдарламасында барлық тапсырмаларды орындау;

  • өнертапқыштық және рационализаторлық қызметтерге қатысу;

  • кәсіпорын ұжымының қоғамдық жұмысына белсенді қатысу;

  • орындалған жұмыстарға және олардың нәтижелеріне штаттық жұмысшылармен бірдей тең жауапкершілікте болу.

Практика аяқталғаннан кейін бір апта ішінде білім алушы есептік құжаттарды, күнделікті, практика бағдарламасымен орындалған тапсырмалар бойынша есепті көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет