Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған


Кафедрада бекітілген жетекшілердің міндеттері



бет14/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық практика каз (1)

9. Кафедрада бекітілген жетекшілердің міндеттері

Практикаға тікелей университеттен бекітілген жетекшілер – университет ректорының бұйрығымен бекітілген кафедраның білікті мамандары тағайындалады.


Кафедрадан бекітілген жетекшісінің міндеттері:

  • кәсіпорын базалары мен білім алушының жеке тапсырмасын және олардың практика кезіндегі жағдайын белгілеп келісімге келуі;

  • топ білім алушылармен кездесіп практиканың мерзімімен, бағдарламасымен таныстырып, практиканы өту барысындағы өндірістегі қойылатын талаптарды, ерекшеліктерді мәлімет ету және топтың жиналатын орны мен уақытын белгілеу;

  • білім алушыларды жұмыс орындарына таратып, олардың жұмыстарын бақылау;

  • теориялық сабақтарды, кеңестерді және өндірістік экскурсияны ұйымдастыру, практиканттарға ҒЗЖ орындауға және есепті (отчет) құруға әдістемелік көмектер беру;

  • білім алушылардың практикаға шығу алдында ұйым шараларын өткізуді (медициналық тексеру, іс-шара өткізу тәртібі, техника қауіпсіздігі, әдістемелік нұсқаулар) қамтамасыз ету;

  • мекемеде білім алушы-практиканттардың келуіне қажетті дайындықтарды ұйымдастыру үшін кәсіпорындағы практика басталғанға дейін келіп жету;

  • білім алушылардың кәсіпорынмен, мекемемен қамтамасыз етілуімен және олардың қалыпты еңбек жағдайын бақылап отыру;

  • білім алушылармен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқаулармен өткізуді, сонымен қатар ішкі тәртіп ережелерін орындауды бақылау;

  • білім алушылардың практикалық есептерін қарау, жұмыстарына пікір айту және кафедра меңгерушісіне ескертулері мен білім алушылардың практикалық дайындығын жетілдіру бойынша ұсыныстары мен практика туралы жазбаша есепті тапсыру;

  • барлық жұмысты кәсіпорында бекітілген жетекшілермен байланыста жүргізу.

Практиканы өту кестесі кәсіпорындағы кадрларды дайындау бөлімі бастығымен бірге келісілуі қажет. Теориялық сабақтарды және практика кезіндегі экскурсияны жүргізу жоспарымен, кәсіпорында белгіленген жетекшілердің тізімін құру, білім алушыларды жұмыс орындарына тарату, практиканы жүргізетін кәсіпорын бойынша бұйрық жобасын құруда көмек көрсету келісілуі керек. Практика жетекшілерін бағдарламамен, білім алушыларды жұмыс орындарымен алмастыру кестесімен таныстыру және жеке тапсырманың мазмұнын үйлестіру. Білім алушыларды келісілген практиканы өту кестесімен, жұмыс орындарымен және кәсіпорында бекітілген жетекшісін таныстырып көрсету. Барлық білім алушыларға жеке тапсырмаларын беру. Кәсіпорыннан бекітілген жетекшілерге теориялық сабақтарды, экскурсияларды және басқа іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге көмек беру. Практика бағдарламасын және есеп құру үшін жеке тапсырмаларды орындау, материалдарды жинақтауда білім алушыларға жүйелік көмек көрсету. Практиканың өтуі туралы, жарақаттанған жағдай болса, өрескел тәртіп бұзушылық болған жағдайда тез арада кафедраға мәліметтер беріліп отырылуы тиіс. Практика бойынша есепті қорғауды ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет