1.1 Практиканы жүргізуді ұйымдастыру
Практика оқу үрдісі сияқты болашақ маманды тәжірибелік іскерлікке дайындайтын жауапты этаптың бірі.
Практиканың негізгі мақсаты – білім алушының кәсіпорынның өндірістік жағдайында тәжірибелік ептілігін және алған теориялық білімін базада болашақ кәсіби іскерлігін ұштастыруымен байланыстыра әртүрлі міндеттерімен орындау негізін қалыптастыру.
Практика кәсіпорын шартымен бөлек өндірістік мақсатта әрбір білім алушының өзінше орындау ретінде құрылады.
6В05320 - «Химия», 6В05340 – «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама, 6В07270 – Фармацевтік өндіріс технологиясы ББ бойынша бірнеше практика түрлері жүргізіледі.
оқу – (I курс),
өндірістік I– (II курс),
өндірістік II – (IIІ курс),
дипломалды – (IV курс),
Оқу практикасының нақты мазмұны мен уақыты кафедрада шешіліп, бекітілген оқу жоспарымен және бағдарламамен анықталады.
Білім алушылардың практикасының барлық түрін өткізу ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдану нәтижесіндегі қаржылық, еңбектік, материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудағы өндірістерде, ұйымдарда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында жүзеге асырылады.
Практика өту барысында алдын ала қамтылатындар:
- кафедра оқытушылары мен кәсіпорын мамандарының дәрістер оқуы;
-экономикалық, ұйымдық, басқармалық, өндіріс технологиялары жөніндегі маңызды сұрақтарға кеңес және сұхбат жүргізу;
-жұмыс орындарында дублер-лаборанттар, дублер-операторлар ретінде жұмыс және т.б.;
-білім алушылармен «Химия және фармацевтикалық инженерия» кафедрасының жеке тапсырмаларын орындауда теориялық білімді тереңдету және жетілдіру, курстық және дипломдық жұмыстарда орындалған тапсырмаларын пайдалану, ұйымдастыру жұмыстарынан тәжірибе алу, өндірістік мақсатты шешуде бастама мен іскерлік тәсілді дамыту.
Оқу практикасы мамандандырылған маман дайындаудың ең алғашқы және негізгі бөлігі болып табылады. Ол жоғары оқу орнына мемлекет тарапынан қойылған мақсат ретінде саналады. Практика білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін кафедрада келісілген, белгіленген практика базаларында өтеді.
Практиканы кәсіпорындарда ұйымдастыру және өткізу туралы базалары орындарында, сонымен қатар алдыңғы қатарлы химиялық өнеркәсіпте, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында өткізіледі. Практика барысында білім алушылар аталған мекемелердің жалпы активті жұмыс бағдарламасымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысады. Білім алушылар жоспарланған жұмыс тәртібі бойынша көрсетілген мекемелерде топ білім алушылары өндірістік мекеме жұмыстарымен қатар алдағы СҒЗЖ және диплом жұмыстарының эксперименттік мәліметтерін жинақтайды.
Білім алушылар алдын ала келесі міндеттерді орындайды:
жеке келісім шарттарын түзу;
бұйрық бойынша практикадан өту мерзімі мен обьектісін анықтау;
жетекшілерімен танысу;
практика күнделігін толтыру (кафедрада толтырылатын бөлімдерін);
практика базасына бару, жоспар түзу;
практиканы жоспар бойынша өту;
мәліметтер жинақтау;
практика есебін жасау, беру;
практика күнделігін толтыру (мекемеден толтырылатын бөлімдерін);
практика мінездемесін алу;
кафедра мәжілісінде бекітілген комиссия мүшелері құрамына практика есебін баяндау;
практика есебі мен күнделігін кафедрадағы жауаптыға өткізу.
Барлық практика бойынша оқу-әдістемелік ұсыныстарды кафедра жүргізеді.
Практикадан өту нәтижесінде білім алушылар келесі құзіреттілікке ие
көз қарасы болуы тиіс:
өзінің кәсіби қызметінде нормативтік және құқықтық құжаттарды іздеу, талдау және пайдалану;
практика базасында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары бойынша талдау әдістерін қолдана отырып сараптама жасау;
өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамытудағы көзқарасын қалыптастыру.
білуі тиіс:
химиялық технологияның, криминалистика және фармацевтикалық технологияның әртүрлі салаларының алдыңғы қатарлы жай күйін, ондағы шығарылатын өнімдер жайлы білу;
химиялық, криминалистикалық, өнеркәсіптік салалардағы теориялық және қолданбалы мәселелердің негізін шешу;
химиялық, фармацевтикалық салаларының даму перспективасын;
химия, криминалистика және фармацевтикалық технология саласындағы эксперимент нәтижелерін талдау әдістері мен әдістемелерін, жүргізу және өңдеу әдістерін таңдау мақсатында экспериментті жоспарлау әдістемесін білу.
істей білу:
химиялық өнімдерге қоғамның қажеттілігін анықтау;
кәсіби потенциалды жүзеге асыру;
физика-химиялық талдауларды жүргізуге химиялық құрал- жабдықтарды, зертханалық қондырғыларды дұрыс қолдануға машықтану;
ғылыми негізде практикалық іс-әрекетті жүргізуді ұйымдастыру;
дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияларды (мамандандырылған мерзімді басылымдар, Интернет желісінде іздеу және т.б.) пайдалана отырып, жетекші ұсынған зерттеу тақырыбы мен тапсырмасы бойынша ғылыми әдебиеттерді мақсатты түрде жинақтау және талдау жүргізе білу, белгілі әдістемелер бойынша эксперимент дайындауды және жүргізуді жүзеге асыру, эксперимент нәтижелерін өңдеу, орындалған жұмыс туралы есеп дайындау.
дағдылары болу тиіс:
өзінің кәсіби қызметінде нормативтік және құқықтық құжаттарды іздеу, талдау және пайдалану дағдылары;
физика-химиялық талдаулардың әдістерін және әдістемелерін, криминалистикалық және сот сараптамалық әдістерін жүргізуге;
Достарыңызбен бөлісу: |