Психолого-педагогикалық зерттеудің мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі бала дамуының жастық және жеке типологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Психолого-педагогикалық зерттеудің міндеттері:
Дамудың негізгі бағыттарының қалыптасу деңгейін анықтау (танымдық және нәтижеге бағытталған іс-әрекеттің алғышарттары, сөйлеу және заттық-ойын іс-әрекеті, ұсақ моторика мен өзіне-өзі қызмет ету дағдылары).
Дамудың негізгі бағыттарына сапалы сипаттама беру (даму дәрежесі).
Түзете-дамыту жұмысының негізгі бағыттарын құру.
Баланың даму қарқынын бақылау және жеке түзете-дамыту бағдарламасының тиімділігін тексеру.
Психолого-педагогикалық зерттеу барысында келесі әдістерді қолдануға болады: бала мінез-құлқын бақылау, ата-аналарға арналған сауалнамалар мен тікелей психолого-педагогикалық зерттеу әдістері. Алайда, түзете-дамыту жұмыс барысында әр балаға сай әдісті таңдап, оның жұмыс барысындағы тиімділігін бақылау педагогтың міндеті болып табылады. Жұмыс барысында баланың жеке типологиялық ерекшеліктеріне байланысты әдістемелік құралдар дұрыс таңдалып, олардың әр алуан болғаны, әрі бірін-бірі толықтырып тұрғаны дұрыс.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері
Бақылау әдісі. Диагностикалық зерттеу барысында ресмиленген және ресми емес әдістерді қатар қолдану қажет. Олардың біріне бақылау әдісін жатқызуға болады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде баықалау әдісі тиімді. Бала мінезін бақылаумен ата-ана да, педагогта айналыса алады. Даму барысында тежелістері бар балаларды мінез-құлқын бақылау олардың ауытқуларының ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Баланың даму деңгейін нақты анықтау үшін оның күнделікті үйреншікті мінез-құлқы туралы мағлұмат қажет. Яғни баланың мінез-құлық ерекшеліктері мен жеке тұлғалық құндылықтары анықталады. Мұндай толық ақпаратты күнделікті тұрмыс жағдайында, ойын немесе серуендеу кезінде алуға болады. Мағлұматты педагог ата-анамен әңгімелесу барысында ала алады. Алдын ала ата-анаға үйде бала мінез-құлқын бақылау тапсырмасы беріледі. Мысалы, анасы серуендеу кезінде баланың басқа балалармен қарым-қатынас ерекшеліктерін, жаңа орта адамдар мен жағдайаттарға баланың реакциясын біле алады.
Педагог баланың мінез-құлқын бақылау бойынша арқылы өңделген жүйе дамудың реттегіш және эмоциональдық-аффективті сала ерекшеліктерін, танымдық нәтижеге бағытталған іс-әрекеттердің алғышарттарын және қарым-қатынас дағдыларын анықтай алады. Зерттеу жүйесі мына блоктардан тұрады: тексерілетін көрсеткіштер, көрсеткіш сипаты және ескертулер. Төменде ерте жастағы бала мінез-құлқын бақылауға арналған сұлба үлгісі берілген.