Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы



бет18/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Негізгі әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

  2. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости Казахстана. А., 1996.

  3. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Казахстанская правда. 1997, 10 октября.

  4. Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.

  5. Сәбден О., Қошанов А.К., Құсайынов Б.Д. және т.б. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, бағалау критерийлері мен арттыру жолдары. Монография. А., 2008.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. А., 1998.

  2. Кшибеков Д.К. Национальная идея. А., 2007.

  3. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

  4. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.

  5. Сәбден О., Тоқсанбай С.Р. Қаржы-экономика сөздігі. А., 2008.



28. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.
Дәріс жоспары:
1. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ( І;ІІ;ІІІ) және онда шешімін тапқан мәселелер.
2. ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
3. Қазақстан Республикасындағы демографиялық, тілдік,миграциялық үрдістер.
4. ҚР ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы.
5. Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру.
6. Қазақстан Республикасының рухани дамуы.
Алматы қаласында 1992 жылғы 28.09-04.10 аралығында өткен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына барлығы – 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан келген өкілдер – 800 ден астам кісі қатысты.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы нәтижесінде әлемдегі қазақтар мен тығыз қарым – қатынас жасайтын, оның мұң – мұқтажын жоқтайтын қауымдастық өмірге келді. 2002 жылдың 23-24 қазан аралығында Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайына әлемнің 33 елінен барлығы 470 адам келді.Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайы 2005 жылы 28.09-02.10 аралығында еліміздің жаңа ордасында өтті. Құрылтайға әлемнің 32 елінен 300 – ден аса қандастарымыз келді.
1991 жылдан бастап қоғамдық ұйымдардың қызметі «Қазақ КСР- індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заңмен реттелді. 1989 жылдың бас кезі–1991 жылдың тамызы аралығы «Невада–Семей» қозғалысының, «Мемориал», «Әділет», «Желтоқсан», «Қазақ тілі» қоғамдарының «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағының құрылуы;1994 жылға дейін Қазақстанда мынандай партиялар мен қозғалыстар болды. Партиялар: Қазақстан социалистік партиясы,Қазақстан Республикалық партиясы,Қазақстан Халық Конгресі партиясы,Қазақстан коммунистік партиясы,Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы.
Қозғалыстар:«Невада-Семей,»«Азат»,«Қазақстан жұмысшы қозғалысы»,«Лад» республикалық славян қозғалысы.
1995 жылдан бастап елімізде жаңадан құрылған саяси партиялар пайда болды.
Сонымен бірге 1999 жылы елімізде «Отан», партиясы сияқты жаңа партиялар да пайда болып, саяси процесстерге белсене араласуда. Бұлардың қатарын 2002 жылы наурыз айында құрылған «Ақ жол», 2003 жылы желтоқсан айында құрылған «Асар» партиялары толықтырды
.2002 жылғы 15 шілдеде «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы қабылданды.
Қазақтардың саны 1989-1999 жылдардағы санақ арасындағы он жылда 1 488 мың адамға көбейді, ал олардың халықтың құрамындағы үлесі 1989 жылғы қырық пайыздың орнына 1999 жылы елу үш пайызды құрады.
2009 республикада қазақ тілінде 536 газет, орыс тілінде 602 газет, басқа тілдерде 41 газет, қазақ тілінде 360 журнал, орыс тілінде 397 журнал, басқа тілдерде 70 журнал шығады.11 тілде газеттер мен журналдар шығады, ТВ және радиобағдарламалар таратылып тұрады. Негізгі тілдерден (қазақ және орыс) басқа БАҚ украин, поляк, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дүнген және басқа тілдерде шығады. Этникалық азшылықтардың БАҚ-ы үкіметтен қаржылық қолдау алады.
1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың тоқсан пайызы бізің мемлектіміздің жаңа Ата заңын жақтап дауыс берді.
2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конститутциялық заң қабылданды. Елде сот құқықтық реформаны одан әрі дамыту мақсат етті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 150 жылдығы дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз молая түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет