Центральная Азия: диалог цивилизаций в ХХІ в. // Материалы международной конференции. А., 2003.
27. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Дәріс жоспары: 1. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық. Оларды жою шаралары.
2. БҰҰ даму Бағдарламасы, адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының интексі.
3 Экономикалық өнеркәсіп, аграрлық және финанс – банк секторларын дамытудың келешегі.
4. ҚР Тексако-Мобил, Би ЛИ Амоко, Шелл, Шеврон, т.б. АҚШ-тың ТНК, Батыс Европаның, Оңтүстік Шығыс Азияның, Таяу Шығыстың бірқатар компанияларының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты, соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Мәселен 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.200 пайызға дейін өскен.
Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді.
Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуға негіз қаланды.