Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы



бет19/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Негізгі әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

  2. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости Казахстана. А., 1996.

  3. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан жолы. Астана, 2006

  4. Сәбден О., Қошанов А.К., Құсайынов Б.Д. және т.б. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, бағалау критерийлері мен арттыру жолдары. Монография. А., 2008.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. А., 1998.

  2. Кшибеков Д.К. Национальная идея. А., 2007.

  3. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

  4. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.




29. Дәріс тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта.
Дәріс жоспары:
1. Егеменді Қазақстанның БҰҰ-на қабылдануы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.
2. ҚР Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (СВМДА) (1992 ж.).
3. Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИЕСЕФ, ЭКОСОС, МБР, МВФ, ОБСЕ т.б. халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.
4. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және Н.Ә.Назарбаевтың “Әлемнің эпицентрі”, “Қазақстан жолы” атты еңбегі.
1.Егеменді Қазақстанның БҰҰ-на қабылдануы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.
1992 жылғы 25 қаңтарды тарихи күн деп атауға болады,бұл күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің атына БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бутрос Галиден жеделхат келіп түсті, онда 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өзінің отырысында Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылдау жөнінде Бас Ассамблеяға кепілдеме берілген хабарды хабарланған-ды.Бас Хатшы жеке өзінің құттықтауын айтып,Қаіупсіздік кеңесінің президенті Кеңестің мүшелерінің атынан мәлімдеме табыс етті. Қауіпсіздік кеңесінің шешімі мәлімдемеде тарихи оқиға ретінде бағаланды. Қазақстан БҰҰ Жарғысында баяндалған міндеттемелерді орындауға қабіллетті және орындағысы келетін бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде осынау халықаралық ұйым қызметінің барлық салаларына белсенді де сыңдарлы зор үлес қосады,сондай-ақ оның Жарғысының мақсаттары мен принциптерін қатаң сақтайды деген сенім білдірілді.
1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы өзінің мәні жөнінен аса маңызды тарихи құжат болған 46/224 қарарымен БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды.
2. ҚР Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (СВМДА) (1992 ж.).
Азиядағы өзара ic-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы идеяны туңғыш рет Қазақстан Республикасы­ның Президент Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы қазанда болған 47-сессиясында ұсынды.
1993 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде Азия елдері сыртқы істер министрлері сарапшыларының кездесулері өткізілді. АӨСШК-нің базалық құжаттарының, жобаларын — «АӨСШК pәсімінің ережелерін», «АӨСШК принциптерінің декларациясын», «АӨСШК кұрылымдары мен институттарын» әзірлеу үшін Арнаулы жұмыс тобы (АЖТ) кұрылды,АӨСШ К-нің. сыртқы саяси ведомстволары басшылары орынбасарларының екі кеңесі өткізілді.
1999 жылғы қыркуйскте АӨСШК-гс мүше мемлекеттердің сыртқы icтep министрлерінің Алматы қаласында өткен 1-кездесуі және оның барысында АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейтін принцип декларациясына қол қою, Казақстан Республикасы­ның Президенті Н.Ә. Назарбаев Азиядағы кауіпсіздік пен ынтымақтас­тыктың көп жақты тетігін құру жөніндегі бастамасын ұсынған сәттен бас­тап, Қазақстан дипломатиясының аса ipi жетістігіне айналды.
2002 жылғы 3—5 маусымда Алматы қаласында АӨСШК-нің тұңғыш саммиті өткізілді, оған Қазақстан, Рессй, Қытай, Пәкістан,Түркия, Мон­ғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан президенттері, Әзірбайжан мен Ундістанның премьер-мииистрлері, Иранның, Египеттің, Палестина мен Израильдің уәккілетті ресми тұлғалары, АКШ, Индоне­зия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина жене Корея Республикасы бақылаушы-мемлекеттерінің өкілдері, сондай-ақ EҚЫҰ, БҰҰ және АМЛ-ның (Араб мемлекеттері лигасы) бақылаушы-ұйымдарыныцң басшылығы қатысты.
Азия өңірінде, соның ішінде АСЕАН-ның кауіпсіздік меселелері жөніндегі Өңірлік форумы (АӨФ) шеңберінде сенім шараларын әзірлеуге тырысушылық орын алуда. АӨФ-те сенім шараларын icкe асыру кезең-кезеңмен және жекелеген шағын өңір шеңберінде жоспарланып отыр. АӨФ-тен өзгеше АӨСШК үрдісі букіл Азия ауқымында жан-жақты ic-қимыл жасауға бағытталған.
Kaзipri кезде АӨСШК-нің Әзірбайжан, Ауғанстан, Египет, Изра­иль, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тежікстан, Таиланд, Туркия, Өзбекстан мүше -мемлекеттері Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Украина, АКШ, Вьетнам бақылаушы-мемлекеттері болып табылады, ал БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ бақылаушы ұйымдарға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет