Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы


Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС, МБР, МВФ, ЕҚЫҰ т.б. халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастығы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі



бет20/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ тарихы БЕТ

3. Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС, МБР, МВФ, ЕҚЫҰ т.б. халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастығы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.
Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығы ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылғы мамырда мүше болды. 1997 жылы республика ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің мүшелігіне өтті. 1997 жылы Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінен Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.
Қазақстанның ЮНЕСКО-мен белсенді ынтымақтастығына және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасуына мән бере отырып Қазақстан Республикасының, Сыртқы icтep министрлігі жанынан Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО icтepi жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылды, ол осы халықаралық ұйыммен өзара қатынастардың басым бағыттарын айқындайды.
Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (1995 жыл) және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өкілдігін ашу туралы Келісім шеңберінде Қазақстан мен ЮНЕСКО белсенді ынтымақтастық орнатты.
Ынтымақтастық екі жақты қатынастарды нығайтуға жәрдемдескен бірқатар маңызды сапарлар жасалды. Мәселен, 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майор Қазақстанга келді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде ресми сапармен болды. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Коичиро Мацуура 1999 жылғы маусымда және 2001 жылғы тамызда Қазақстанға келді.
ЮНЕСКО кұзыретінің барлық салалардағы ынтымақтастықты cepпінді дамыту Ұйым бас директорының 2001 жылы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өкілдігіне Орталық Азиядағы өңірдік өкілдік мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдауына ceптігін тигізді. Өз кезегінде, Қазақстан ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің мәртебесін дербес дипломатиялық миссия деңгейіне дейін көтерді.
ЕҚЫҰ бүгінгі таңда кауіпсіздік және жанжалдарды болдырмау меселелерімен айналысушы казіргі өңірлік ұйымдардың ішіндегі ең ipi ұйым деп заңды түрде есептеледі ЕҚЫҰ-ға Еуропа континентінің, Кавказ сыртындағы, Орта Азияның және Солтүстік Американың елдері кіреді. Ұйым Жерорта теңізі мен Азия мемлекеттерінің қатарынан өз әріптестерімен тығыз ынтымақтасып отыр. Сөйтіп ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокқа дейін географиялық кеңістіктегі еуроатлантикалық және еуроазиялық қоғамдастықты 6ipiктіреді.
ЕҚЫҰ-ның негізгі принципі - EҚЫҰ кызметінің негізгі үш өлшемінің, «себеттер» дейтіндердің, атап айтқанда, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық себеттердің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ететін кауіпсіздікке кең ауқымды және жан-жақты көзқарас. Адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономика және қоршаған ортаны сақтау саласындағы ынтымақтастық бейбітшілік пен тұрактылықтың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қаралады.
Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ жанжалдардың ертерек алдын алудың және оларды реттеудің, сондай-ақ еуразиялық кеңістікте жанжалдан кейінгі сауықтырудың басты құралы ретінде әрекеттеуші бірегей және бірден-6ip жалпы еуропалық ұйым болып табылады.
2010 жылдың басынан Қазақстан ЕҚЫҰ-ға Төрағалық ете бастады. Қолданыстағы ережелерге орай ЕҚЫҰ-ның Төрағасы Мемлекеттік хатшы –Қазақстан Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев болды. Қазақстан, Прибалтиканы қоса алғанда, посткеңестік елдердің ішінде әлемнің демократиялық дамыған елдері негізін қалаған осынау беделді халықаралық ұйымды басқару құрметіне ие болған бірінші ел. Бұл оқиға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз, экономикалық жағының қуатты және демократиялық мемелекет орнату жөніндегі аса көрнекті жетістіктерін, біздің еліміздің тек өңірде ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін әлемдік қауымдастықтың әділ танып білуінің нәтижесі еді.
2010 жылғы 14 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің Венада өткен отырысына қатысушыларға Үндеу жолдады. Өзінің бейнеүндеуінде Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ қызметіне негізгі көзқарастарды баяндады, Қазақстанның Ұйым төрағасы қызметіндегі мұрат-мақсаты мен басым бағыттарын жариялады. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның төрағалығы сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік сияқты принциптерге негізделетінін атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет