Байланысты: Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ тарихы БЕТ
2. Қазақстан – 2050 Стартегиялық бағдарламасы. «Қазақстан дамуының 2030 жылға дейін стратегиясынан» кейін басталған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы жағдайға талдау жасауға және елдің ішкі-сыртқы саясатының келешегіне арналды. Бірқатар реттерде, кейбір міндеттердің көкейкестілігін ескере отырып, нақты басым бағыттыр бөліп көрсетілді. Тиісінше мұның бәрі Жолдаулардың өзінің атауларында көрініс тапты:
1997ж- «Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»;
1998ж- «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру экономикалық және саяси реформа»;
1999ж- «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі»;
2000ж- «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға»;
2001ж- «Елдегі жағдай және ішкі және 2002жылғы сыртқы саясаттың негізігі бағыттары туралы»;
2002ж- «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003жылғы негізігі бағыттары туралы»;
2003ж- «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004жылға арналған негізгі бағыттар»;
2004ж- «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!»;
2005ж- «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»;
2006ж- «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50елдің қатарыа кіру стратегиясы»;
2007ж- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»(1бөлім); «Қазақстан-2030» стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңі. Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт»(2бөлім);
2008ж- «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»;
2009ж- «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»;
2010ж -«Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері».