Қосымшаәдебиеттер Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1917 гг. А., 1965.
История Казахстана: белые пятна.-Алма-Ата, 1991.
Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. –Алматы, 1994.
19. Дәріс тақырыбы:Ресейдің 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси әсері. Дәріс жоспары: 1. Ресей мен Қазақстандағы 1917 жылы ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы.
2. Қазақ интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.
3. ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы жеңіске жетті. ІІ Николай патша тақтан құлатылды. Патша тақтан құлатылғаннан кейін елде қос үкімет орнады. Оның бірі жұмысшы – солдат депутаттарының Кеңесі болса, екіншісі – уақытша үкімет .
1917 жылғы сәуір айында Түркістан өлкесін басқару үшін Түркістан комитеті құрылды. Бұл комитетінің құрамына қазақтардан Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов кірді. Ә.Бөкейханов сонымен бірге Торғай облысының комиссары болды.
Елдегі революциялық қозғалыстың өсуіне байланысты ұйымдардың кейбіреулері большевиктер жағына шықса, кейбіреулері “Алаш” партиясын қолдап, автономия идеясын жақтады.Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ.
ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
Қазақстанда XIXғ аяғы XX ғ басында оқу ағарту ісі таптық сипатта болды. Ұлт мектептер туралы 1870 ж «Ресейде мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң қабылданды.Онда ағарту жүйесі 3 санатқа бөлінді:
1) әлі аз орыстанғандар үшін
2) орыстары көп жерлерде тұратындар үшін
3) жеткілікті дәрежеде орыстанғандар үшін
Мұхаметжан Сералин 1910 ж 10 қаңтарда Троицкде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының 1-ші нөмерін шығарды. Ұйымдастырушысы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929).
Қазақ газеті - 1913 жылдың ақпанынан 1918 жылдық қаңтарына дейін 3000 дана таралыммен 265 номері жарық көрді.
ХХ ғ басында музыка мәдениеті жан-жақты дамыды. Қазақ музикасын дамытуға үлес қосқандар: Тілепбергенов, Дина Нұрпеисова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинова ,Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаев т.б.
Естайдың « Майдақоңыры» Динаның «Көңіл ашары» мен «Әскерге алу күйлері шықты. Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні сүйіспеншіліктің өзіндік Әнұранына айналды, Мұхиттың, Абай мен Жаяу Мұса әндері европалық музыка мәдениеті элеметтеріне бай екенімен ерекшеленді.
Ауыз әдебиеті алыбы Жамбыл патша отаршылдарының қол шоқпарына айналған шонжарларды халық алдында әшкереледі .Нұрпейіс Байғанин халық арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқасын насихаттады. ХХ ғасыр басы қазақ ұлттық мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріле бастаған кезеңі.