Тақырып 9. ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы. Дәріс жоспары: 1. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
3. Қазақ зиялылырының 1916 жылғы көтеріліс тұсындағы қызметі. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы.
Бірінші дүние жүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуына байланысты, Қазақстан Ресей империясының отары болғандықтан соғыстың бар ауыртпалығы қазақ халқының басына түсті.
Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет есебіне деп еріксіз алынды.
Соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар салынды.
Бір ғана Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. 1916 жылғы көтерілістің ірі орталы тарының бірі Торғай облысы болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды.
Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды. Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды.
Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді.
Негізгі әдебиеттер: Алексеенко И.В. Население дореволюционного Казахстана. А., 1981.
Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. М., 1960.
Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.
Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С.Ф., Жакишева С.А., Романов Ю.И. А., 1996.
Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.
Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в XVIII-XX вв. А., 1981.