15
Қарастырылып отырған мәселенің нысанын, пәнін, мақсаттары мен
міндеттерін шешуде зерттеу әдістерінің кешенін қолдана алды; инновациялық
технологиялық шешімдерді ұйымдастырып, нәтижелі жұмыстар жүргізді;
«Білім берудегі менеджмент» пәнінен дәріс және семинар сабақтарын өткізді
және аталған пән бойынша бакалавриат деңгейінде білім алушылар үшін оқу
құралын дайындап, баспадан шығарды.
Диссертант «6В01101 – Педагогика және психология» мамандығының
білім беру бағдарламасының үйлестірушісі әрі құрастырушысы, сонымен бірге
ғылыми педагогикалық бағыт бойынша «7M01105 - Педагогика. Білім берудегі
менеджмент» оқу бағдарламасының құрастырушысы, «7M04134 - Білім
берудегі менеджмент» кәсіби бағыты бойынша магистратурада білім беру
бағдарламасының үйлестірушісі болып табылады.
Зерттеу жарияланымы мен мақұлдануы.
Диссертацияның негізгі ережелері, теориялық және практикалық
нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды,
әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру
менеджменті кафедрасынының отырысында қаралып, бекітілді.
Зерттеу жұмысының басты нәтижелері 10 ғылыми мақалада жарияланды:
Scopus мәліметтер базасында Acta Paedagogica Vilnensia 2019 (Литва),
Pedagogika 2019 (Литва), International Journal for Research in Vocational
Education 2021 (Бремен, Германия) 3 мақала, Прага қаласында өткізілетін
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 3 мақала, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті (БҒСБК) ұсынған тізімге енетін Қазақстанның ғылымы мен
өмірі - 2017ж., Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршы «Педагогикалық
ғылымдар» сериясы.
2018ж., 2019ж. журналдарда 3 мақала, студенттерге,
магистранттарға және оқытушыларға арналған «Білім берудегі менеджмент»
оқу құралында жарияланған.
Достарыңызбен бөлісу: