Есенова камчат аугажыевна


Мәселенің ғылымда қарастырылу деңгейі



Pdf көрінісі
бет6/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Мәселенің ғылымда қарастырылу деңгейі
Салыстырмалы педагогика еліміз тәуелсіздік алғанннан кейін ғана 
дамыған ғылым саласы. Оның негізін педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор А.Қ. Құсайынов салды. 1996 жылы Қазақстанда салыстырмалы 
педагогика бойынша алғашқы ғылыми жұмыс «Германия мен Қазақстанда 
білім беруді дамыту (салыстырмалы педагогикалық сипаттамалары)» 
тақырыбында осы жолдардың авторымен жазылған болатын [6]. Шет 
мемлекеттердегі білім беру жүйелерінің педагогикалық тәжірибелері жайлы 
мәселелер Г.Д.Урастаева, Н.Анарбек [7], салыстырмалы педагогиканың әдістері 
мен әдіснамасы А.Қ.Құсайынов, М.Т Есеева [8], Ы.А.Наби [9], мемлекеттер 
арасындағы білім беру мәселелері мен кадр дайындау мәселелерін 
салыстырмалы талдау Б.Р.Құлбекова [10], салыстырмалы педагогиканың басқа 
да мәселелері т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді.
Ресейлік компаративистер Т.Н.Щербакова [11], А.Н.Джуринский [12], 
Б.Л.Вульфсон [13], З.А.Малькова [14], В.А.Капранов [15], С.В. Иванова [16],
зерттеулері ғылыми-зерттеу барысында салыстырмалы педагогиканың 
әдіснамалық мәселелері мен жалпы ғылымилық ережелерін анықтауға 
мүмкіндік берді.
Қазақстандағы танымал саясаттанушылар Р.А. Нуртазина Жаһандану 
жағдайындағы Қазақстанның білім беру саясатын [17], А.А. Нұрмағамбетов 
Трансформация 
жағдайындағы 
ЖОО 
саясаты 
мәселесін 
[18],
А.Қ. Құсайынов, А.Ә.Булатбаева [19], А.К. Мынбаева [20] әлемдік білім беру 
саясаттарын салыстырмалы түрде зерттеді. 
Қазақстанда білім беру менеджерлерін дайындау мәселесі жоғары оқу 
орындарындағы білімді басқару Г.А. Ахметова, З.А. Исаева [21], Н.А. Асанов 
[22], менеджменттегі білім берудегі ерекшеліктері Т.А. Қалиева [23],



О.Я. Сүлейменова [24], К.С. Успанов [25], гимназиядағы білімді, ғылыми-
әдістемелік жұмыстарды басқару А.К. Рысбекова [26], С.М. Бахишева [27], 
білім беру менеджерлерін дайындаудың ғылыми –педагогикалық негіздері
А.А. Саипов [28], Т.М. Баймолдаев [29], білім беру ұйымдары басшыларының 
басқару құзыреттілігін арттыру Р.Ш. Абитаева [30], педагогикалық 
менеджмент, педагогикалық процесстерді басқару, білім берудегі менеджмент 
З. Кенесарина [31], Н.С. Әлқожаева [32], Қ.Ж. Ағанина [33], С.С. Семченко 
[34], А.Н. Мұхтарова [35], К.Ш. Молдасан [36], Э.Т. Баярыстанова [37],
З.М. Садвакасова [38], қазіргі мектептегі тұтас педагогикалық процесстегі 
инновациялық басқаруды дамыту Н.Д. Хмель [39], Г.Қ. Байжикенова [40], 
біліктілікті арттыру мәселелері А.А. Жайтапова [41], білім беруді моделдеу 
мәселелері Р.К. Тұрысжанова [42] және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде 
қарастырылған. 
 
Жаңа білім саласы–басқару қызметінің психологиялық заңдылықтарын, 
менеджердің басқарушылық қасиеттеріне қойылатын талаптарды қарастыратын 
басқару психологиясы қалыптасты.
XX ғ. 90-жылдары В.И. Зверева [43], М.М. Поташник [44], П.И. Третьяков 
[45] және тағы басқа ғалымдар білім берудегі менеджмент тұжырымдамасын 
әзірледі, ал ғылыми жұмыстарды саралауда мектепті басқарудың жаңа 
бағыттарын ұйымдастыру А.М. Моисеев [46], О.М. Моисеева [47],
О.Г. Хомерики [48], А.В. Лоренсов [49] еңбектерінде мектептерді дамытудың 
инновациялық үдерістерін басқару әдіснамасы, басшы кадрлардың біліктілігін 
арттыру мәселелері Е.П. Тонконогая [50] еңбектерінде негізделді. Ресей 
Федерациясындағы қазіргі кезеңдегі білім беру менеджерінің теориялық-
әдіснамалық негіздері білім беру жүйесінің даму тенденциялары мен 
стратегиялары С.Ю. Трапицын [51], еңбектерінде қарастырылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D010300 – 
«Педагогика и психология» мамандығы бойынша эксперименттік бағдарлама 
негізінде А.С. Сатывалдиева қорғаған алғашқы PhD докторлық диссертация 
Жоғары оқу орындарындағы сапаны басқару тиімділігі мәселелеріне арналды 
[52]. Г.Е.Утюповның Қазақстан мен Германиядағы педагогикалық кадрларды 
дайындаудың даму жүйесі [53], З.У. Ельбаеваның Қазақстан және Оңтүстік 
Корея мемлекеттеріндегі мектептік саясаттың дамуының салыстармалы 
аспектілері [54], С.Асқарқызының университет жағдайында әлеуметтік 
педагогикалық менеджерлерін даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері 
[55], Ж.Е.Абдыхалыкованың АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі 
студенттерге 
академиялық 
қолдау 
көрсетудің 
ерекшеліктері 
[56], 
А.Жунусбекованың болашақ бастауыш класс мұғалімдерін басқарушылық 
қызметке 
даярлау 
[57], 
Д.Сәдірбекованың 
болашақ 
педагогтардың 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру [58], Д. Ертарғынқызының жоғары 
мектепте болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби идеалын қалыптастыру 
мәселелері [59] және басқа да зерттеушілердің еңбектері PhD докторлық 
диссертацияда өздерінің жалғасын тауып отыр.



Алайда сипатталған жұмыстарда білім беруді басқару субъектілерін 
дайындаудың әртүрлі аспектілері қарастырылғанымен, қазіргі уақытта 
университеттерде 
білім 
беру 
менеджерлерін 
дайындаудың 
тұтас 
тұжырымдамасы дайындалып, оның бағдарламалық және оқу-әдістемелік 
қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмеген. 
Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін салыстырмалы талдау 
мәселелерін зерттеудің өзектілігі келесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет