Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет7/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75
қайшылықтар
мен сәйкессіздіктер 
жағдайымен анықталады: 
– басқаруды арнайы мамандық ретінде қарастыру және лауазымға 
тағайындалғанға дейін менеджерлер үшін кәсіби басқаруды оқыту жүйесінің 
толық негізделмеуі;
– білім беру менеджерлеріне арналған оқыту жүйесін жетілдіру қажеттілігі 
және осы саладағы қолжетімді салыстырмалы ақпараттың аздығы; 
– білім беру менеджерлерін кәсіби дайындау жүйесін құруға әлеуметтік 
қажеттілік және оны жобалау мен басқару бойынша жүйелі салыстырмалы 
ғылыми зерттеулердің жеткіліксіздігі. 
Анықталған қайшылықтар негізінде зерттеу бағыттары белгіленіп
Қазақстан мен Литвадағы білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінің 
ерекшеліктері мен даму бағыттарын анықтау қажеттігі, елімізде білім беру 
менеджерлерін кәсіби дайындаудың сапасын жақсартып, олардың беделін 
көтеру жолдарын қарастыру қажеттігі негізделіп, осы мақсатта ғылыми 
практикалық тұрғыда нақты іс-шаралар жасау қажеттігі айқындалды.
Білім беру менеджерлерін дайындау мәселесінің өзектілігін және оларды 
оқыту үдерісінде халықаралық тәжірибенің озық үлгілерін жинақтап, пайдалану 
қажеттігін ескере отырып, диссертациялық зерттеу тақырыбы
: «Білім беру 
менеджерлерін дайындау жүйесі (салыстырмалы талдау)»
деп алынды. 
Зерттеу жұмысының мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамаларға 
сәйкестігі.
Зерттеу өзара байланысты «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
заң, «Педагог мәртебесі туралы» заң, білім берудің барлық деңгейінің 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, «Педагогтің кәсіби 
стандарты» және т.б. мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамаларға сәйкес 
негізделді.
Зерттеу нысаны 
– Қазақстан мен Литвада білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесі (салыстырмалы талдау). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет