Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет5/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
.
 
Білім беру саласы аса күрделі жүйе, 
оның сан салалы қырлары бар. Соның аса маңызды салаларының бірі – білім 
беру жүйесін басқару. «Қазақстандық университеттер мәні бойынша 
интернационалды, ал оқытылатын білім сипатында әмбебап бола бастады. 
Алынған білімнің сапасы оның тұрақты дамуы мен «Қазақстан - 2050» 
Стратегиясын жүзеге асыруға үлес қосатын қабілетті білім беру менеджерлерін 
дайындау қажеттігін көрсетіп отыр» [1].
Қазақстан Республикасының Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-
2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беруді басқару 
мен қаржыландыру жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін дамыту қажеттігі 
айтылған. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін облыстық білім беру 
басқармаларына тікелей бағындыру жүйесі іске асырылып, оның тиімділігін 
арттыру мақсатында, «Жаңа қалыптағы басшы» және «Техникалық және 
кәсіптік білім көшбасшыларының корпусы» бағдарламалары жұмыс жасай 
бастады. Сонымен бірге білім беру ұйымдары басшыларының қызметін бағалау 
жүйесі әзірленіп, енгізілетін болады. Жоғары білім беру жүйесін дамыту – 
еліміздің мемлекеттік саясатының басты ұстанымдарының бірі болып қала 
бермек. Себебі жоғары білім беру сапасы елдің замануи үрдісте дамуының 
және Қазақстан мемлекетін жаңартуды жалғастыруды қамтамасыз етудің басты 
кепілі болып табылады [2].
Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы білім 
беру стандарттарында білім алушылардың кәсіби біліктілігіне, іскерлік 
дағдыларын меңгерулеріне және олардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға баса 
назар аударған [3]. Бұл ұсыныстар біздің зерттеуіміздің нысанында да 
көрсетілген.
Кеңестік үкімет құлағанға дейін өте ұқсас, тіпті бірдей білім беру жүйелері 
болған елдер егемендік алғаннан кейін өз даму жолдарын таңдады. 
Модернизация теориясына сәйкес «дамымаған» постсоциалистік елдер 
өздерінің «дамыған» батыстық әріптестерін қуып жету мақсатын қойды. Бұл 
дұрыс мақсат болды.
Еліміздің білім беру жүйесі де өз даму траекториясын белгілеп, оны іске 
асыру негізінде Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде халықаралық 
деңгейде мойындалған білім беру жүйелерінің біріне айнала білді. 
Тәуелсіздік жылдарында адами ресурстардың сапасын көтеруге, жеке 
адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған Білім берудің ұлттық моделі мен оның нормативтік құқықтық 
базасы қалыптастырылды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы», 
«Жоғары білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары 
туралы», 
«Ғылыми 
және 
ғылыми-техникалық 
қызмет 
нәтижелерін 
коммерцияландыру туралы», «Ғылым туралы», «Кәсіби стандарт», «Педагог 
мәртебесі туралы» ж.б. Заңдар қабылданды [4]. 



Көптеген дамыған елдерде білім беру менеджерлерін дайындау ісіне жіті 
көңіл бөлінеді, арнайы оқу орындары да бар [5]. Елімізде бұл жұмыстар 
тәуелсіздік алған жылдардан бері іске асырылып келеді, әйтсе де оны жетілдіру 
мақсатында әлі де болса көптеген жұмыстар атқару керек. Бұл диссертациялық 
жұмыс осы мәселеге қатысты жазылған ғылыми еңбек болып табылады.
Посткеңестік мемлекеттердің бірі, қазіргі таңда Евроодаққа мүше болған, 
саяси реформаларды тиімді жүзеге асыра білген, соның ішінде білім беру 
саласын дамытуда да жақсы нәтижелерге қол жеткізген ел – Литва. 
Литва Халықаралық PISA және басқа да зерттеулерге қатысып, білім 
сапасын көтеруде жақсы нәтижелерге жетіп, әлемдік деңгейде дамыған 
елдердің қатарынан көріне білді. Жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру 
сапалары да көтерілді. Оның басты себептерінің бірі бұл елде білім беру 
менеджерлерін дайындауға жіті көңіл бөлінді. Әлемдік зерттеулер білім 
сапасын көтерудің басты кепілінің бірі – ғылыми негізде ұйымдастырылып, 
іске асырылған басқару жүйесінің болуы екені дәлелдеп отыр.
Сондықтан Литва елінің білім беру менеджерлерін дайындау үрдісін
салыстырмалы түрде зерттеп-зерделеу – білім беру саласын дамыту мақсатында 
атқарылуы қажетті маңызды зерттеулердің бірі болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет