Зерттеудің жетекші идеясы: Қазақстан мен Литваның білім беру
менеджерлерін дайындау жүйелерін салыстырмалы талдау негізінде,
Қазақстанда білім беру менеджерлерін дайындаудың озық ғылыми-
педагогикалық теорияға негізделген жаңа бағдарламасын дайындап,
тәжірибеге енгізу арқылы білім берудің басшы мамандарын дайындау
сапасын
көтеру.
Зерттеудің деректану базасы: 1
білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін дамытудағы үрдістерді
анықтауға мүмкіндік берген Қазақстан және Литвадағы білім беру мәселелеріне
арналған бірегей деректер;
2
Еуропа елдеріндегі жоғары білім берудегі интеграциялық үдерістерді
дамыту бойынша талдамалық материалдар (конференция материалдары, білім
беру саласындағы салыстырмалы зерттеулер);
3
2017-2018 және 2018-2019 оқу жылдарындағы Литва мемлекеті
Вильнюс университетіндегі ғылыми тағылымдама нәтижелері;
4
Қазақстан мен Литва мемлекеттерінің білім беру саласын реттейтін
заңнамалық актілер мен құжаттар;
5
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан) мен
Вильнюс университетіндегі (Литва) білім беру менеджерлері дайындаудың
мазмұны мен құрылымын ашатын білім беру бағдарламалары, ақпараттық-білім
беру материалдары;
6
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан) мен
Вильнюс университетінің (Литва) интернет-ресурстары.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Зерттеуде жүйелілік, мәдени,
құзыреттілік, аксиологиялық тұғырлардың әдіснамасы қолданылды. Сонымен
бірге философия, әлеуметтану, экономика, педагогика, психология,
компаративистика, басқару туралы теориялық қағидалар басшылыққа алынды:
– білім беруді басқару теориясы, педагогикалық және басшылық
кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру, білім берудегі менеджмент
теориялары.
– салыстырмалы зерттеулер теориясы мен әдістемесіне негзделді.