Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет8/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Зерттеу пәні –
жоғары білім беру мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру жүйесінде білім беру менеджерлерін дайындау үдерісі. 
Зерттеудің мақсаты:
Қазақстан мен Литванының маман
дайындау 
жүйесін салыстырмалы талдау негізінде, еліміздегі білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесін жетілдіруді ғылыми-практикалық негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер 
Қазақстанның білім беру саласында 
басқарушы мамандарды дайындау жүйесіне салыстырмалы талдау негізінде 
жасалынған білім беру менеджерлерін дайындаудың құрылымдық-үдерістік 


10 
моделі енгізілсе, 
онда
дайындау сапасы көтеріледі, 
өйткені
оның тиімділігі 
ғылыми-практикалық негізделген және оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз 
етілген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуді қарастырады. 
Зерттеу міндеттері: 
1)
«білім беру менеджменті» және «білім беру менеджері» ұғымдарына
ғылыми шолу жасап, өзіндік анықтама беру; 
2)
білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін жетілдіруге қажетті 
әдіснамалық тұғырларды негіздеу;
3)
салыстырмалы талдаудың негізінде білім беру менеджерлерін 
дайындаудың құрылымдық-үдерістік модельдерін әзірлеу; 
4)
Қазақстан мен Литвадағы білім беру менеджерлерін дайындау 
бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасау; 
5)
«Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасын жетілдіріп 
қолданысқа енгізу;
6)
жоғары оқу орнының білім беру үдерісінде білім беру менеджерлерін 
дайындаудың жетілдірген жүйесінің табысты қызмет жасауын қамтамасыз 
ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарды жасап, жүзеге асыру. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы 
1) Білім беру беру саласын басқару мәселелерін қарастырған бұл қызметке 
арнайы мамандар дайындау отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, 
«Менеджмент», 
«Педагогикалық 
менеджмент» 
ұғымдарына 
берілген 
анықтамаларға ғылыми шолу жасалынып, «білім беру менеджменті» және
«білім беру менеджері» ұғымдарына авторлық анықтама берілді;
2) білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін жетілдіруге қажетті 
жүйелік, аксиологиялық, құзыреттілік және мәдени әдіснамалық тұғырлар 
негізделді;
3) Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін салыстырмалы талдаудың 
теориясы мен практикасы негізінде болашақ менеджерлерді дайындауда 
ұйымдастырушылық-педагогикалық, 
мазмұндық-әрекеттік, 
жобалық-
әдістемелік және нәтижелік-рефлексивтік компоненттерді қамтитын білім беру 
менеджерлерін дайындаудың құрылымдық-үдерістік моделі әзірленді;
4) Қазақстан мен Литва тәжірибесін салыстырмалы зерттеу негізінде 
мемлекеттік құжаттарға, білім беру менеджерлерін дайындау жүйесіне, білім 
беру бағдарламаларына, оқу жоспарына, біліктілік сипаттамасына талдау 
жасалды; 
5) ізденушілік эксперимент және эксперттік сауалнамалар негізінде 
7М01105 - Педагогика. Білім берудегі менеджмент білім беру бағдарламасы 
жетілдіріліп, жаңа бағдарлама дайындалып, ҚР БҒМ Жоғары білім беруді 
басқарудың ортақ жүйесінде сараптамадан өтіп, білім беру жүйесінде 
қолданысқа енгізілді.
6) жоғары оқу орнының білім беру үдерісінде білім беру менеджерлерін 
дайындаудың жетілдірілген жүйесінің табысты қызмет жасауын қамтамасыз 
ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары жасалып, жүзеге 
асырылды. 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет