1
БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІН
САЛЫСТЫРМАЛЫ
ТАЛДАУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1
Салыстырмалы талдау нысаны
басқару іс-әрекеті
Жаһандану мен интеграцияның қайта айналмайтын үдерістері болып
жатқан кезде, білім беруді басқару мәселесі, заманауи талаптарға сай келетін ең
тиімді басқару жүйелерін анықтау, басқа елдердегі білім беру менеджментіне
салыстырмалы талдау деректерін түсінуді талап ететін зерттеудің негізгі
бағыты болмақ.
Салыстырмалы зерттеу үдерісінде салыстыру жағдайының ұтымдылығын
арттыру үшін бірдей көрсеткіштердің, жүйеге тәуелді және тәуелсіз
факторлардың, ерекшелігінің себебі анықталады. Оның өзінің жалпыланған
формасында салыстырмалы зерттеу жүргізу келесідей негізгі кезеңдерді
кіріктіреді:
–
салыстыру нысандарын таңдау;
–
сәйкестік деңгейі мен салыстырылушы көрсеткіштер ауқымын анықтау;
–
нысандар жайлы ақпараттарды жинау мен өңдеу, көрсеткіштерді сәйкес
түрге алып келу;
–
көрсеткіштерді, жеткен нәтижелер бағасын талдау мен салыстыру,
көрсеткіштер ауқымын анықтаушы факторлар бойынша келіспеушіліктер
себебін анықтау;
–
талдау
нәтижесін
жалпылау,
салыстырылушы
нысандарда
ұтымдылықты жоғарылату бойынша қосымша мен қорытындылар;
–
ұсыныстарды
жүзеге
асырудан
және
олардың
жалпылама
көрсеткіштерге ықпал ету деңгейінен әсерін есептеу.
Жалпы, салыстырмалы талдау мазмұны зерттеудің нысаны және
мақсатымен анықталады, ал салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыру әдісінің
өзі оның кілттік функциясы болып табылатын табысты болжамды орындауды
жүзеге асыруға, яғни, көріністер мен үдерістерді болжау, даму болашағы
тұрғысынан, болашақ элементіндегі өткен және қазіргі құрамдас элементтердің
проекциясы тұрғысынан қарастыруға бағытталған. Болашақтың көрінісін
кеңейте отырып, табысты болжам стратегиялық басқару міндеттерін шешу
үшін болашақ жайлы ақпаратты басқару жүйесін қамтамасыз етеді [19, с. 9].
Шетелдегі білім мен тәрбие беру теориялары, педагогикалық тәжірибеге
салыстырмалы талдау жасау өз елімізде оңтайлы білім жүйесін жасап,
жетілдіруге үлгі бола алады. Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде білім
берудің теориясы мен практикасын дамытуда халықаралық тәжірибені
салыстырмалы жоспармен объективті зерттеуге міндеттелген. Отандық
салыстырмалы педагогиканың міндеттері еліміздің мектептері мен отандық
педагогиканы дамытуды жетілдірудің жолдарын әрі қарай іздестірудің
алғышарттары ретінде шетелдердегі білім мен тәрбие беру саласында болып
жатқан үдерістерді зерттеп, педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің оң
және теріс тараптарын анықтау. Сонымен бірге салыстырмалы педагогиканың
19
нақты анықталған зерттеу тақырыбы–әлемнің түрлі елдерінің сан алуан білім
беру жүйелері [60].
«Салыстырмалы педагогика» терминін алғаш рет француз ғалымы М.А.
Жюльен 1817 яғни, осыдан 200 жыл бұрын «Салыстырмалы педагогика
бойынша жұмыстарға алдын ала ескертпе жазбалар» кітапшаларында енгізген.
Кітапшада Франция мен Швейцарияның мектеп-педагогикалық тәжірибесіне
талдау жасалған. Марк Антуан Жюльен «салыстырмалы педагогика» терминін
төмендегідей түсіндірген:
–
білім мен тәрбие түрлерін салыстырмалы түрде зерттеумен
айналысатын мекемелердің тәжірибелік қызметі;
–
педагогикалық теория–түрлі елдердегі педагогикалық тәжірибеге
жасалған салыстырмалы зерттеу нәтижесі.
Салыстырмалы педагогика білім берудегі басымдықтарды дұрыс тануға,
олардың дамуын болжап, бағыттауға мүмкіндік береді. Ол білім берудегі
заманауи мәселелерді тұтас көрсетіп, оларды шешу жолдарын да көрсетеді.
Білім беру жүйелеріне сараптама жасау арқылы білім беру мекемесіне әсерін
тигізетін түрлі факторлардың динамикасын түсініп қана қоймай, сонымен бірге
өз еліндегі білім беру жүйесіне сыни көзқарастың қалыптасуына да жағдай
туғызады [61].
XX ғ. салыстырмалы педагогиканың дамуына әлеуметтік ғылымдардың
(философия, тарих, әлеуметтану, психология,т.б.) теориясы мен тұжырымдасы
ықпал етті. Кез келген елдің білім беру жүйесі егер бойына шетелдік үздік
жетістіктерді сіңірсе, отандық жүйенің тамырын сақтап, дамытып отырса, өз
елінің әлеуметтік, экономикалық, саяси болашағына үлкен үлес қосатыны
мойындалады. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеуге конвергенция теориясы
айтарлықтай әсер етті. Әлемнің түрлі елдері, оның ішінде орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған білім беру жүйелері бар елдердің даму
тәжірибесін салыстырып, зерттеген ғалымдар алдағы онжылдықтарда білім
беру жүйелерінің жанасуы болады деген қорытынды жасады. Бұл пікірдің
дұрыс екендігін өмірдің өзі дәлелдеуде [61, с. 21].
Салыстырмалы педагогика саласында Б.Л. Вульфсон, А.Н. Джуринский,
Н.Д. Никандров (Ресей), Ф. Альтбах, М. Эскштейн (АҚШ), Ю. Шрайвер
(Германия), К.А. Торрес (Аргентина), М. Кроссли, Н. Грант (Ұлыбритания),
С. Сузуки, С. Каванобе (Жапония), Гу Мингуан (Қытай) және т.б.) жаңа
көшбасшылар мен атаулар пайда болды. У.И. Бражник (Ресей), М. Брэй
(Гонконг), Д. Паломба (Италия), М. Перейра (Испания), Т. Уинтер-Янсен
(Дания), Ч. Майорек (Польша), Д. Валь Руст (Франция), А. Құсайынов
(Қазақстан), Н. Капранова (Белоруссия), Чжоу Сяомань (Қытай), И. Гондо,
Ю. Савано, Т. Эндо, X. Одзима (Жапония) және т.б. ғалымдармен белгілі [62].
Ағылшын тілді елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Канада және
т.б.) «салыстырмалы педагогика» терминінен бөлек, «салыстырмалы білім»
термині де бекітілді.
Халықаралық білім энциклопедиясында (2010) салыстырмалы білім
халықаралық білім беру мәселелерін зерттеу үшін тарихи, философиялық және
20
әлеуметтік ғылымдардың теориясы мен тәсілдерін қолданатын білім саласы
ретінде сипатталады [63].
Германияда екі термин: «Тәрбие туралы салыстырмалы ғылым»
(Vergleichende Erziehungswissenschaft) және «Салыстырмалы педагогика»
(Vergleichende Padagogik) ұғымдары таралған.
Францияда ұзақ уақыт «салыстырмалы педагогика» (рedagogie comparee)
басым болды. Алайда өткен ғасырдың 80-жылдарынан бері еуропалық басқа
елдер секілді Франция да ақырындап, жетекші англосаксондық зерттеушілердің
пікірлеріне сәйкес, «салыстырмалы білім» (education comparee) терминіне
ауысуда. Францияның Салыстырмалы білім беру және тәжірибе алмасу
қауымдастығының президенті Даниель Гру (D. Groux) былай нақтылайды:
«Басқа пәндермен бірлесе салыстырмалы білім халықаралық және ұлттық білім
берудегі шынайы жағдайды оның жаһандық мәнмәтінінде салыстыру тәсілімен
танымдық мақсатта, сондай-ақ өзекті мәселелерді түсінудің прагматикалық
міндеттеріне сәйкес, білім берудегі қазіргі жағдайды жақсарту үшін салыстыру
әдісін қолдана отырып, зерттеуге ұмтылады» [64].
Л. Поршенің айтуынша, француз зерттеушілері салыстырмалы
педагогикалық зерттеулер әдіснамасына қатысты абай болу қажеттігіне ерекше
көңіл аударады. «Салыстырмалы білім бойынша жұмыс (қажетті, таптырмас
және өте жедел) микрожағдай бойынша микрозерттеуден үлкен масштабтағы
жобаларға дейін түрленіп, түрлі көзқарастағы көптеген қызметкерлердің
қатысуын талап етеді. Алайда барлық зерттеуге қатысты жалғыз талап–бұл
әдіснамалық қатаңдық пен ғылыми тәсілдің қажеттілігі» [65].
М. Брэй мен Р. Томастың ойларынша, «салыстырмалы білім бір адамның
немесе топтың басқа адамға немесе топқа қатынас, білім беруіне қатысты екі
немесе одан да көп ұқсастық немесе айырмашылықты зерттейтін барлық
зерттеуге қарайды» [66].
Х. Ноа мен М. Экштейн пікірінше: «Салыстырмалы білім – бұл
әлеуметтік және педагогикалық зерттеулердің кросс-ұлттық деңгейдегі
қиылысу саласы. Салыстырмалы білімде кросс-ұлттық деректер қоғам мен
білім беру, оқыту нәтижелері мен білім практикасының өзара байланысы
туралы идеяны растау үшін қолданылады» [67].
Салыстырмалы педагогика бойынша посткеңестік ғылыми мектепті
Б.Л. Вулъфсон, З.А. Малькова, А.Н. Джуринский, Н.Д. Никандров және т.б.
құрады. Олар ғылым мен оқу пәні ретінде қазіргі ресейлік салыстырмалы
педагогиканың әдістемелік негіздерін қалады. Ресейлік зерттеушілердің
жұмыстары
салыстырмалы
педагогикалық
талдаудың
концептуалдық
негіздеріне арналған: Б. Холмз, Б.Л. Вульфсон, А.Н. Джуринский, В.М.Митина,
З.А. Малькова, Н.М. Воскресенская, А.М. Столяренко және т.б. Қазіргі
ресейлік зерттеушілердің арасында салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді
анықтайтын бірде-бір термин жоқ. Кейбір ғалымдар батыстық елдерге
еліктемей, «салыстырмалы педагогика» терминін сақтап қалу керек деп
санайды. Басқалары «салыстырмалы білім» терминіне ауысты. Ал енді
біреулері «педагогикалық компаративистика» терминін қолдануда.
21
А.Н. Джуринский «салыстырмалы педагогика» терминін сақтап қалу
қажеттігін айтады. Әзірге салыстырмалы педагогика өзіне артқан үміттен көп
алыста» [62, с. 23]. А.Н. Джуринскийдің пікірінше, салыстырмалы педагогика
бүгін мен ертеңіне ғана көз тастап қоймай, ресейлік мектеп пен педагогикалық
ойлардың өткенін де көріп отырады. Бұл педагогикалық компаративистикаға
жоғары сапалы ғылыми нәтижелерге қол жеткізіп, осылайша, ғылыми
ілімдердің жетілуіне мүмкіндік береді. Салыстырмалы педагогика басым бөлігі
ресейлік педагогика мен мектеп болып табылатын жаңа замандағы білім мен
тәрбие беруді зерттейді. Педагогикалық үдерістер ресейлік және әлемдік білім
беру жүйесіндегі бірізді және маңызды педагогикалық құбылыстарды ескере
отырып
салыстырмалы
түрде
зерттеледі.
Ресей
мектептері
мен
педагогикасының ерекшеліктерімен қатар, білім мен тәрбие берудегі жаһандық,
әмбебап тәсілдер де зерттеледі. Педагогикалық компаративистика шетелдік
тәжірибені отандық білім мен тәрбие берудегі басымдықтар мен призма
арқылы өткізіп қарастырады. Бұндай тәсілдің жанама, я болмаса, жасырын
болса да болмауы, салыстырмалы педагогика үшін сарыуызы жоқ
жұмыртқаның болмауы секілді, нонсенс [62, б. 631].
А.Н. Джуринский салыстырмалы педагогикадағы зерттеулер нәтижесі
бойынша:
–
мектеп-педагогикалық тәжірибені пайдалану мүмкіндігін анықтайтын;
–
шетелдік тәжірибеге көшудің тиімділігін; халықаралық тәжірибе
есебінен байитын инновацияларды зерттейтін түрлерге бөледі;
–
салыстырмалы педагогикалық зерттеулер құрылымы бойынша үш
негізгі түрге бөлінді;
–
моно (бір шет ел);
–
бинарлық (екі ел, көбінесе өз елі мен шетел);
–
мульти (бірнеше ел) болып бөлінеді [62, б. 18].
Біз зерттеу жұмысымызда бинарлық құрылымды таңдап Қазақстан мен
Литва мемлекеттеріндегі білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін талдауды
жөн көрдік.
Хрестоматияда салыстырмалы педагогика әлемнің түрлі елдерінде және
аймақтарындағы педагогикалық теория мен практиканың даму заңдылықтары
мен үрдістерін, олардың жалпыға бірдей қатынасын, ұлттық және аймақтық
ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттейтін педагогикалық ғылым саласы
ретінде қарастырылады; сондай-ақ шетелдік тәжірибелерді пайдалана отырып,
ұлттық білім беру жүйелерін өзара байытудың түрлері мен әдістерін
анықтайды [68].
Б.Л. Вульфсонның ойынша, салыстыру арқылы бір нысанға зерттеу
жасалатын болжамдардың негізділігін тексеруге, ескірген таптаурыннан
арылуға, өзгеріске ұшырамайтын бағалауды қайта қарастыруға мүмкіндік
береді және жаңа ғылыми ілімдерге жол ашады. Ғалымның пікірінше, ұлттық
педагогикалық мәдениеттердің өзара әрекеттесуіне жасалған талдау қашан да
ашық немесе жасырын түрде салыстыру рәсімдеріне негізделген.
Салыстырмалы педагогика қызметтерінің бірі – мәдениеттердің ерекшелік
22
белгісін анықтау. Өйткені ұлттық ерекшеліктің мәнділігі соншалық, тіпті білім
мен педагогиканың дамуындағы ортақ үрдістер әр елде қайталанбас өзіндік
қалыпта көрінеді [69].
С.В. Иванова «бүгінде салыстырмалы педагогикаға ең алдымен қазіргі
геосаяси үрдістерді талқылай және есепке ала отырып, олардың әлемдік білім
беру кеңістігіне және ұлттық білім беру жүйелеріне әсерін анықтай келе,
аралық және трансдициплинарлық деңгейге шығу маңызды» деп жазады [16,
б.73].
И.А. Тагунова мен Т.Д. Шапошникова әлемдік білім беру кеңістігі
негізінде желілік даму қағидасы болуы тиіс өзгеше теориялық және әдістемелік
тәсіл
негізінде
зерттеуді
ұсынады.
Олардың
пікірінше,
заманауи
компаративистиканың басым міндеттерінің ішінде ерекшеленетіндер:
–
зерттеулерде салыстырмалы талдау процесін жүргізуге теориялық және
әдістемелік тәсілдер, салыстырмалы педагогикада зерттеу әдістері, ортақ
халықаралық зерттеулерді ұйымдастырып, өткізу жолдарын жасау;
–
интернационализация, интеграция, трансұлттану, жаһандану мен
ұлттандыру процестерін дамытуды, олардың өзара байланыстары мен
айырмашылықтарын, маңызды көріністері мен трансформациясын анықтап,
оқшаулау;
–
ұлттандыру арқылы білім берудің даму факторларын, оның даму
тарихын, құрылымын, ұйымның түрі мен ұлттандыру кеңістігіндегі мазмұнын
анықтау;
–
әлемдегі білім берудің даму үдерістерін модельдеу [70].
Білім жүйесіндегі салыстырмалы сипаттама отандық ғалымдар
А.Қ. Құсайынов, А.А. Булатбаева, К.С. Мусин, А. Қалиева, З.У. Кенесарин,
Ш. Каланова, Н. Белканов, Н. Анарбек және т.б. зерттеу тақырыбына айналды.
Отандық
педагогикада
«салыстырмалы
педагогика»
терминіне
артықшылық беріледі. Салыстырмалы педагогика, басқаша айтқанда,
компаративистка (лат. comparatives – салыстырмалы) – халықаралық
педагогикалық тәжірибені зерттеумен, сондай-ақ сол тәжірибенің оңдысын
қолдану жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыратын заманауи педагогиканың
бір саласы [71].
Қазақстанның стратегиялық міндеті алдағы жылдарда әлемнің 50
бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына ену болып табылады. Бұл елдердің
қатарына кіру Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісі бойынша
жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі негізінде анықталады. Жаһандық
бәсекеге қабілеттілік индексінің он көрсеткішінің екеуі елдегі білім беру
саласының даму деңгейі мен сапасына қатысты. Осыған байланысты білім беру
сапасына қойылған талаптар бойынша елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету мемлекеттің маңызды міндетіне жатады. Осындай ауқымды міндеттерді
орындау үшін әлемнің жетекші елдерінің білім беру саласындағы үрдістерді,
отандық білім беру үрдісінің даму тенденцияларымен байланыстыра талдау
қажет.
23
Бұл міндетті педагогикалық ғылымдағы салыстырмалы педагогика
бағыты шеше алады. Салыстырмалы педагогика білім берудегі басымдықтарды
анықтап, бағыттап, олардың дамуына болжам жасауға мүмкіндік береді. Ол
білім берудегі заманауи мәселелерді тұтас көріп, оларды шешу жолдарын
көрсетеді. Білім беру жүйелеріне талдау жасау арқылы ұйымға әсер ететін түрлі
факторлардың динамикасын түсініп қана қоймай, сондай-ақ өз еліндегі білім
беру
жүйесіне
сыни
көзқарас
қалыптастыруға
мүмкіндік
береді.
Салыстырмалы педагогиканы білу–педагогикалық мәдениетті байытып, басқа
құндылықтар мен білім жүйесіне толеранттылық пен ділді дамыта түседі [72].
Еліміздегі салыстырмалы педагогикада шет мемлекеттердегі білім беру
жүйелерінің педагогикалық тәжірибелері жайлы мәселелер – А.Қ. Құсайынов,
Г.К. Нұрғалиева, Қ.С. Мусин, Ы.А. Наби, Г.Д. Урастаева, З. Кенесарина,
М.Т. Есеева, Р.К. Тұрысжанова, Б.А. Жетпісбаева, Н. Анарбек, Б.Р. Құлбекова,
А. Қалиева, О.Я. Сүлейменова және т.б. ғалымдардың еңбектерінің зерттеу
аясы. Қазақстанның компаративист-ғалымдары салыстырмалы білім беру
қоғамдарының Бүкіләлемдік кеңесі әлемнің оннан астам елдерінде өткізген XIII
және XIV конгрестерге, салыстырмалы білім беру Қоғамының Сараево мен
Анкарада өткізген халықаралық конференцияларына қатысты. Қазақстанның
салыстырмалы педагогикасы әрқашан шетелдегі педагогикалық тәжірибе мен
ғылым жетістіктерді бақылап, үздіктерін қолдануға ұмтылады.
Бұның маңыздылығы бірқатар жайттармен анықталады.
1.
Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болуға
тырысқан кезде, педагогикалық жұмыстың халықаралық тәжірибесіне деген
қызығушылығымыз арта түседі.
2.
Түрлі елдердің педагогикалық тәжірибесінде ортақ, интернационалды
(ұлттық сақтала отырып), ескерусіз қалдыруға болмайтын айқын халықаралық
үрдіс жүруде.
3.
Жаһандану жағдайында мемлекетіміздің полимәдениетті ерекшелігін
ескере отырып, әлемдік өлшемшарттар мен білім деңгейіне әрдайым бағытталу
қажеттілігі [71, б. 26].
Біздің ойымызша, салыстырмалы зерттеулер үшін қызықты объект
ретінде постсоциалистік кезеңдегі білім берудегі басқару болып табылады.
Білім берудегі басқарудың ұқсас жүйесі болған елдер басқарудың заманауи
теориясы үшін оңтайлы сынақ алаңы бола алады. Модернизация теориясына
сәйкес, «әлсіз дамыған» постсоциалистік елдер өздерінің батыстық «озық»
әріптестерін қуып жетуі тиіс болған. Батыстық кеңесшілер насихаттайтын
реформалардың ерекшеліктеріне қарамастан, білім беруді басқарудың түрлі
траекториялары байқалады. Конвергенцияның орнына дивергенция дамудың
басым үрдісі болып табылатын тәрізді. Айырмашылық әдісіне сәйкес,
модернизация процестері мен экономикалық өзгерістерге қарамастан, елдер өз
мәдени ерекшеліктерін сақтап қана қоймай, сондай-ақ тамырына бойлап,
жергілікті мәдениеті мен құндылықтарына, ерекшеліктеріне қайта оралуда.
Өтпелі кезеңнің басында зерттеушілер екі бәсекелес – «Батыстан
алынған» және «тамырға қайта бойлау» үрдістерін бақылады. Нәтижесінде
24
кейбір елдерде соңғысы басымдық алды. Бұл тек халықтың мәдени таңдауы
ғана емес, бұл өзгеріс экономикалық мәнмәтінмен де анықталады. Кейбір елдер
жаһандық нарық талабына сай экономикалық әлеуетін дамыта бастады, ал
кейбіреулері табиғи ресурстарын экспорттауға негізделді, өйткені жоспарлы
экономиканы нарыққа айналдырудағы «шок терапиясы» тым радикалды болды.
Түрлі стратегиялық таңдаулар нәтижесінде елдер, ең аз дегенде, үш түрлі
топқа бөлінді:
1.
Еуропалық одаққа мүше-мемлекеттер (ЕО): (Австрия, Бельгия,
Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия,
Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды,
Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция,
Хорватия, Чехия, Швеция және Эстония.
2.
Аймақтық және ЕО мүшелігінен бұлыңғыр үмітті, саяси тұрғыда
бөлінген елдер (Грузия, Молдова, Украина).
3.
Білім беруді реформалауда өз жолын іздейтін елдер [4, б. 6].
ЕО мүшелікті жаңа алған мемлекеттер білім беруді басқару саласында
жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, реформалар жүргізуде тәжірибелі болып
саналады. Литва ЕО мүше-мемлекеттер тізімінде, сондықтан біз салыстырмалы
жағдайда осы мемлекеттегі білім менеджментінің даму үрдісін зерттеуге бел
будық.
Қазақстан Республикасы жаһандық күштердің әсерін сезініп, сонда да
дамудағы өзіндік жолын табуға тырысып отырған топтағы ел.
Еуропалық одақтың білім саясатының тікелей ықпалындағы аймаққа
кірмейтіндер Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан және Орталық Азия елдері
болып табылады.
Осылайша, ұлттық білім беру жүйесін реформалау және оның әлемдік
білім беру кеңістігіне уақытылы әрі лайықты интеграциялау үшін әлемнің
жетекші елдерінің тәжірибесін зерттеп, олардың қолдануға болатын оң
элементтерін анықтап алу маңызды.
Басқару – ғылым мен өнерді біріктіретін тарихи күрделі процесс. Бүгінде
сыртқы орта, ұйымдарда болсын жедел, күтпеген өзгерістер болып жатады.
Сондықтан соңғы жылдары әртүрлі сала мамандарының басқару ғылымы мен
тәжірибесіне қызығушылықтары артты. Басқару іс-әрекеті әлеуметтану,
психология, педагогика, кибернетика, биология, экономика негіздері сынды т.б.
көптеген пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Басқару мәселелерінің
аса маңыздылығы бүкіл әлемде сезіліп келеді, өйткені өздігінен дамып жатқан
және басқарылмайтын әлеуметтік процестер қоғамның тұрақтылығына қауіп
төндіреді Батыста басқару революциясы бірнеше ондаған жылдар бойы
жалғасуда. Бұл жағдай әр саладағы басқаруға қатысты, сонымен бірге нақты
жағдайларда білім беру менеджментіндегі мәселелерді шешуге ықпалын
тигізеді. Сол себептен де оларды шешуде түрлі елдерге салыстырмалы талдау
жасау – педагог-компаративистердің маңызды міндеттерінің бірі болып
табылады [73].
25
Басқару теориясын зерттеушілер (Ф. Тейлор, А. Файоль, А. Чандлер және
т.б.) осы саладағы ғылыми мектептер мен ағымдар өкілдері қалыптастырған
басқару ұстанымдарына сүйеніп басқару ісін жаңа деңгейде дамытуда.
Осылардың ішінде ресейлік ғалымдар басқарудың жалпы мәселелері туралы
теориялық зерттеулерді (В.Г. Афанасьев, Д.М. Гвишиани, О.А. Дейнеко,
Ю.А. Васильев, Ю.А. Конаржевский, В.И. Попович, Р.Х. Шакуров,
А.Н. Хузиахметов және т.б.) табысты жүргізді. Жалпы орта білім беру
мектептерін басқару мәселелерін зерттеген (Е.С. Березняк, В.И. Бондарь,
Ю.В. Васильев, Т.С. Кабаченко, Ю.А. Конаржевский және т.б.) ғалымдар
жүйелі басқарудың зерттеушілік, ұстанымдық әдістерін ұсынады.
Білім беру жүйесін басқарудың мәні мен ерекшелігі отандық
зерттеушілердің (Г.З. Әділғазинов, К.Д. Қарақұлов, Н.А. Лебедева,
Г.Л. Лұқпанов, Ж.Б. Өмірбекова, Н.Д. Хмель, Г.Т. Хайруллин, К.А. Жүсіпов
және т.б.) жұмыстарында ашылған.
Көптеген ғалымдар әдістемелердегі жетістіктерді білім беру жүйесіндегі
(В.С Лазарев, И.В. Исаев, М.М. Поташник., А.М. Моисеев, А.Н. Мищенко,
Е.Н. Шиянов, Г.А. Уманов, А.А. Арыстанова және т.б.) басқаруда қолдану
жолдарын қарастырады. Басқару іс-әрекетінің психологиялық диагностикасын
(В.И. Лебедев, П.Н. Осипов, В.Ш. Раппорт, В.Г. Туренко, Р.Х. Шакуров және
т.б.) зерттеді.
«Басқару» ұғымы ағылшын тіліндегі «менеджмент» («management» –
басқару) ұғымына ұқсас. Бұл ұғым басқару теориясында, сондай-ақ білім
менеджментінде негізгі болып табылады.
Р. Гриффиннің «Менеджмент» оқулығында менеджмент саласындағы
дәстүрлі түсініктермен қатар жаңа ұғымдар мен тұжырымдар қамтылған.
Менеджер жұмысына тікелей әсер ететін факторлар, менеджмент саласының
жаһандық сипаты, менеджменттің әр саласындағы цифрлық технологиялар
туралы теориялар, әр буындағы менеджерлердің қызметтері, ұйымның әр
саласындағы басқару үлгілері берілген [74].
Теориялық
дереккөздерде,
эмпирикалық
зерттеулерде,
ғылыми
әдебиеттерінде басқаруды анықтаудың бірнеше тәсілі көрсетіледі. Басқару –
функциясына адамдарды басқару, немесе бақылауды, билікті, дәрежені,
мәртебені, рөлді қамтитын әлеуметтік иерархия түріндегі қатынастар жүйесі
кіретін қызмет түрі ретінде қарастырылады. Өзара әрекеттесу түріндегі басқару
ұғымы кең таралған көзқарас болып табылады: бақылау (жалпы және
жекеленген), өкілеттіктерді бөлу, басқару стилі, бәсекелестік, насихаттау,
көшбасшылық, қайшылықтар [75].
Әлеуметтануда басқару – ресурстар, күш-жігер мен уақытты минималды
жұмсау арқылы максималды нәтижеге жетуге ықпал ететін мақсатты,
жоспарлы, үйлесуші және саналы ұйымдастырылған үрдіс. Басқаша айтқанда,
басқару – құрылымды бірыңғайлау және оның өмір сүру заңдылықтары мен
жүйенің дамуына сай тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету [75, б.16].
Дәстүрлі басқару функциялары жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және
бақылау болып табылады. Нақты, менеджер белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу
26
жоспарын құруы, адамдар мен ресурстарды ұйымдастыруы, персоналды
басқаруы, нәтижелерді салыстыруы тиіс күтілетін нәтижелер және түзету
шараларын қабылдау қажеттігін Р.Желвис зерттеулерінде көрініс табады [76].
Басқарудағы психологиялық-педагогикалық тәсілдің ерекшелігі – басшы-
бағынушы қарым-қатынасындағы белгілі бір әлеуметтік топтардың қызметтері,
мүдделері,
мінез-құлықтары
және
өзара
әрекеттесуі
жағынан
қарастыратындығында болып табылады
З.А. Исаева
Достарыңызбен бөлісу: |