Негізгі патогендік факторлары: капсула,эндотоксин, IV типтік пилилері, сыртқы мембрананың нәруыздары,агрессиялық ферменттері. Капсула-табиғаты полисахаридті, жасуша ішілік персистенциялануға әсер етіп, жасушалардың фагоцитарлық белсенділігін бейтараптандырады. Фимбриялар мұрын-жұтқыншақ жасушаларына менингкоктардың адгезиялануын қамтамасыз етеді.Сыртқы мембрананың нәруыздары -жасушалық қабаттың беткейлеріндегі көптеген нәруыздардың кешені.Науқастың жасушаларына менингококтың бекітілуіне қатысады, менингококтың жасуша ішіне енуіне әсер етеді,зат алмасу процестеріне қатысады.Колонизациялануына микробтық антогонизм факторлары ықпал етеді: бактериоциндер,оксидаза және каталаза.Менингококтардың эндотоксиндері липополисахаридті кешеннен тұрады, олар цитокиндердің синтезделуіне әсер етеді,адамдардың гликолопидтеріне ұқсастығы бар (антигендік мимикрия),леталды қасиеті (өлім) болады.Гиалуронидазалар тарату факторлары, нейраминидаза және фибринолизин инвазиялық факторлар,оксидазалар және супероксиддисмутазалар микробтық антагонизм факторлары.Менингококтар қанға түссе, инфекцияның жайылма түрі дамиды: менингококкоми,менингит,эндокардит, артрит,пневмония.Бұл инфекцияларды емдеу үшін бензилпенициллин,ампициллин,оксацилллин қолданады. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша алдын алу мақсатында менингококтардың А,С топтарына қарсы полисахаридті вакцинаны қолданады. Профилактикалық шара ретінде науқаспен жанасқан мектеп жасына дейінгі балаларға антименингококты иммундыглобулин енгізеді.
Есеп № 3.
Есеп. Аурудың 2-ші күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 34 жастағы науқас К. келіп түсті, жиі нәжісте қан мен шырыш аралас іш өту, тенезма, іштің ауыруы, құсу, температура 37.5°С. Науқасты тексеру негізінде диагноз қойылды: бактериялық дизентерия. Дәрігер науқастан материалды алып бактериологиялық зертханаға жіберді.