Бактериоскопиялық – жұтқыншақтың артқы қабатынан алынатын шырышты қан жағындыдан микроскопты пайдалана отырып менингококкты анықтайды.
Қосымша:Қатал аэробтар.Нәруыз қосылған қоректік орталарда өседі.Түссіз, домалақ колониялар түзеді. 37 °С температурада өседі, 5% Co2, бар жағдайда өсуін күшейтеді.Капсулалық полисахаридтік антигендері бойынша 13 серотоптарға бөлінеді. Адамдарда ауру қоздыруға себепкер бола алатын ең маңызды топтары — A, B, C, D және X, Y, Z, W-135, 29F.Менингококтардың табиғи резервуары адамдардың мұрын-жұтқыншақ шырышты қабаты, эпителиоциттер.Сыртқы ортада ұзақ сақтала алмайды, құрғатудың,жоғары температураның әсерінен жылдам өледі. Дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал.