Есеп өндірістік тәжірибе бойынша


Экcпeримeнттік - өндіріcтік цeхтарының жалпы cипаттамаcы мен бас жоспары



бет4/15
Дата19.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#102340
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Мадешова Жанел 21-15 2 курс практика----(2) (1) (2)

Экcпeримeнттік - өндіріcтік цeхтарының жалпы cипаттамаcы мен бас жоспары

«Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасы 2015 жылдың мамыр айында «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы» кафедрасынан «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығын және «Ауыл шаруашылығы және астық өңдеу машиналары» кафедрасынан «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығын бір кафедраға жинақтау негізінде жаңа кафедра болып құрылды. Кафедраның құрылу мақсаты «2015-2019 жж. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау болды.


Кафедраның негізгі қызмет атқару бағыты ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін қайта өңдеу саласының бәсекеге қабілетті кадрларын келесі білім беру бағдарламасы бойынша дайындау болып табылады:
Тамақ өнімдерінің технологиясы.
Қазіргі уақытта "Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" кафедрасының ғылыми дәрежесі 67,8% құрайды, оның ішінде: 3 - техника ғылымдарының докторлары; 2 - PhD; 17 - техника ғылымдарының кандидаттары; 5 - доценттер, 16 - аға оқытушылар.
Кафедра оқытушылары:
Доцент Г.Н. Жакупова (2020 ж.) «ЖОО -ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері.
Кафедра оқытушылары: т.ғ.к., доцент М.М. Какимов (2012), т.ғ.к., аға оқытушы Қ.С. Бекбаев (2013), т.ғ.к., доцент С. Әлтайұлы (2015) "ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегерлері болып табылады.
ҚР 2015-2019 жж. индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының оқытушылар құрамы Дэвистегі Калифорния университетініңұсыныстары негізінде UC Davis-тегі зертханалар тәріздес 4 зертхана құрылды:

  • Ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған тәжірибелік -өндірістік цехы;

  • Сүт өнімдерін қайта өңдеуге аралған тәжірибелік -өндірістік цехы;

  • Майлы дақылдарды қайта өңдеуге арналған тәжірибелік-өндірістік цехы;

  • Қоғамдық тамақтандыру тәжірибелік-өндірістік цехы (шағын наубайхана)[1].




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет