Есеп өндірістік тәжірибе бойынша


Сүт өнімдерін өңдейтін тәжірибелі - өндірістік цехы



бет6/15
Дата19.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#102340
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Мадешова Жанел 21-15 2 курс практика----(2) (1) (2)

1.2 Сүт өнімдерін өңдейтін тәжірибелі - өндірістік цехы

Меңгеруші - Амирханов Шыңғыс Амиржанұлы, "Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары" кафедрасы докторанты.


Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары:

  • Сүт сары суын пайдалану технологияларын жасау;

  • Бие сүті негізінде инновациялық өнім жасау.

Мақсаты мен тапсырмалары
Негізгі мақсат білім беру сапасын арттыру және университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін коммерциялауға және өндіріске енгізуге жағдай жасау болып табылады.
Негізгі тапсырмалар:

  • Сүт өндірісінің заманауи технологияларын пайдаланудың тәжірибелік біліктілігін жетілдіру мақсатында «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ» студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының зертханалық-тәжірибелік сабақтарын өткізу;

  • Ғылыми жобалар жазу және техника, технология салаларындағы қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары бойынша конкурстарға, сонымен қатар халықаралық жобаларға қатысу;

  • Республикалық, халықаралық бағдарламалар жобаларын жүзеге асыру үшін кафедра мен сәйкес ғылыми ұйымдардың ғалымдары және магистранттар мен докторанттардан шығармашылық ұжымдар қалыптастыру;

  • Сүт өнімдерін өндіруге арналған жаңа машиналар, құрылғылар, жабдықтар, технологиялық процесстерді, технологияларды, автоматтандырылған басқару жүйелерін қолдану;

  • Сүт өнімдерін өндіру технологиясы бойынша ірі ғылыми-техникалық мәселелерді шешу мақсатында сүт өндіру кәсіпорындарымен қарым-қатынастар, перспективті ғылыми-техникалық форумдарды дамыту;

  • Кадрлық потенциалды нығайту мақсатында магистратура және докторантура түлектері арасынан перспективті ғылыми қызметкерлерді іздестіру және тарту;

  • Республикалық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары және шетелдік ғылыми орталықтар арасындағы интеграцияны қамтамасыз ету;

  • Шет елдік оқу орындары және фирмаларымен қарым-қатынасты кеңейту;

  • СӨӨТӨС ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін басқа да инвестиция көздерін қарастыру, сонымен қатар қожалық субъектілерімен келісім-шарттар жасау;

  • Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын өндіріске енгізу[3].




Сурет - 2 - Сүт өңдеу цехының схемасы

Сүт өңдеу цехының бөлмелерінің атауы:



  1. Өндірістік цех

  2. Тұрмыстық бөлме

  3. Санитарлық бөлме

  4. Дайын өнім шығару экспедициясы

  5. Дайын өнім қоймасы

  6. Компрессорлық бөлме

  7. Рассолға салатын ірімшікті жетілдіру бөлмесі

  8. Ашыту бөлмесі

  9. Зертханалық бөлме

  10. Бройлер бөлмесі








Қондырғы атаулары

Дана

1.

Флагті насос

1

2.

Ауыстырмалы картридждер жиынтығы бар, сүтті толық тазалау сүзгісі

2

3.

ТМУ-250, ұзақ пастерлеуге арналған ванна, суытуға/қыздыруға арналған қарама-қарсы ағынды, «шахматты» жейделі, 250 л.

2

4.

Сүтті сорғы, 1500 л/сағ

1

5.

Екі деңгейлі алаңда орналасатын сеператор 500 л/сағ,

1

6.

ТМУ-50, ұзақ пастерлеуге арналған ванна, суытуға арналған қарама-қарсы ағынды, «шахматты» жейделі, 50 л, қаймақ пен кілегейге арналған

1

7.

Бұрандалы сорғы

1

8.

Пресс-арба, 100 л

1

9.

Ірімшікке арналған сөре

1

10.

ТМУ ванналарын қыздыруға арналған бойлер жүйесі (үш ваннаға)

1

11.

ТМУ ванналарын басқаруға арналған, 6 өнімге дейін технологиялық үрдістерге бағдарламалық жасақталған, қолмен басқаруға ауысуға мүмкіндік беретін, басқару шкафы.

1

12.

Жартылай автоматтандырылған Пюр-Пак буып түю жабдығы 350 мөлшер/сағ.

1

13.

Вакуумды қаптағыш

1

14.

Ашыту жабдығы 3*10 л

1

15.

Мұздатылған су генераторы ГЛВ-3000 далада пайдалануға арналған

1

16.

Компрессор

1

17.

Тоңазыту агрегаты

1

18.

Үстел 1200×600×800

2

19.

Қызметкерлердің қол жууға арналған раковинасы

1

20.

Үш ұяшықты жуу жабдығы

1

21.

Су жылытқыш

2

22.

Душ кабинасы

1

23.

2 есікті киім шкафы

4

24.

Кондициялау сплит-жүйесі

2

25.

Май шайқау жабдығы, 80л

1

26.

Диспергатор

1

27.

Фризер 60 л/сағ-қа дейін

1

28.

Ірімшік балқыту жабдығы

1

29.

Ірімшікке арналған пресс

1

30.

Тұздау бассейні, 100л

1

31.

Ірімшікті жетілдіруге арналған камера, 1120 л

1

32.

6 кг дейінгі салмағы бар үстел 1500×600×800

1

33.

Зертханалық жиынтық (сүт сапасының анализаторы, рН-метр, электронды термометр және т. б.)

1

34.

Шынықтыру камерасы (шокты)

1

35.

Мұздату камерасы

1

36.

Ірімшікті кептіруге арналған сөре

1

37.

Ашытқыларға арналған тоңазытқыш

1

38.

Зертханалық жабдықтары бар үстел 900×600×800

1

39.

Бір секциялы жуу бөлімі

1

40.

Термостатты камерасы

1



1.3 Майлы дақылдарды қайта өңдеуге арналған тәжірибелік - өндірістік цехы

Меңгеруші - Сатаева Жұлдыз Исаковна pHD, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы.


Негізгі мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: білім беру қызметінің сапасын жоғарылату, өсімдік майын өндіру, университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізу және коммерцияландыруға ықпал беру.
Міндеттері:

  • Өсімдік майы өндірісін жүргізу;

  • Студенттердің практикалық дағдыларын, кәсіби құзыреттерін дамыту;

  • Майлы дақылдарды өңдеу және өсімдік майларын өндіру технологиясы бойынша қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми жобалар мен конкурстарға және халықаралық жобаларға қатысу;

  • Республикамыздың және Халықаралық бағдарламалар аясындағы жобаларды іске асыру мақсатында магистранттар мен докторанттарды жұмылдыра отырып, ғылыми мекемелер мен кафедралардағы жетекші ғалымдардан құралған шығармашылық топтар қалыптастыру;

  • Ғылыми зерттеу әдістемелерімен бағдарламаларын қалыптастыру және тақырыптарды жауапты тұлғалардың іс жүзінде орындауын бақылау;

  • Кадрлардың потенциалын нығайту мақсатында магистратура мен докторантураның үздік түлектерін жұмысқа тарту;

  • Республикамыздың ғылыми мекемелерімен, жоғарғы оқу орындарымен және шетел ғылыми орталықтарымен қалыптасқан қарым-қатынастың өркендеуін қамтамасыз ету;

  • Ең мықты деп танылған ғылыми жетістіктер мен ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу барысында қолдануды насихаттау;

  • Аяқталған ҒЗ жұмыстарын өндіріске енгізу[4].




Сурет - 3 Өсімдік майын өндіру цехының схемасы

Өсімдік майын өндіру цехының қондырғылары:



  • Қуырғыш

  • Май шығаратын пресс

  • Вакуумдық сүзгі

  • Гидратацияға арналған сыйымдылық

  • Бейтараптандыруға арналған сыйымдылық

  • Ағартуға арналған сыйымдылық

  • Дезодоризацияға арналған сыйымдылық

  • Бу генераторы

  • Бөтелкеге май құю

  • Жабу

Майлы дақылдардың және өсімдік майының сапасын талдау үшін зертханалық аспаптар:



  • Кептіру шкафы

  • Муфта пеші

  • Колориметр

  • Су моншасы

  • рН көрсеткіші

  • Ұсақтағыш

  • Техникалық таразылар

  • Дистиллятор

  • Магниттік араластырғыш




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет