Жау қуған ызаланып Шерден батыр,
Соғысты талай-талай көрген батыр.
Жолменен оза шапқан Шерден батыр,
Сүйектiң дәл үстiне келе жатыр.
Сүйекке өте берiп көзi түстi,
Жолдағы көргеннен соң мұндай iстi.
Аттың басын бұрып, айғай салып,
Бұл жерге тамам қалмақ жиылысты.
Барлығы түзге отырды, аттан түсiп,
«Жау жаңа кетiптi,—деп,—тамақ iшiп»
Бүшiрге: «Ат үстiнде бал аш»,—дейдi,
Баршасы ортаға алып жиылысып.
Осы шал жауырын алып сөйлеп тұрып,
Тұрғандай сiлкiнедi жыны қысып.
1940
1950
1960
264
264
265
МыРҚы БАТыР
—Япырым-ай, мына жерде жатқандай ғой,
Талабын iздеп жүрген тапқандай ғой.
Қайталық, тiлiмдi алсаң, осы арадан,
Қатарлап тiзiп қойып атқандай ғой.
Шықса да тап осы жер жер астынан,
Қылышпен мойнымызды шапқандай ғой.
Кiдiрмей жөнелейiк осы арадан
Қанымыз судай болып аққандай ғой.
Бүшiрдiң қорқып басы қимылдаған,
—Япыр-ау,тез кетсек,—деп, қымыңдаған.
Аяқтап Бүшiр сөзiн бiтiргенше,
Садақтың оғы шықты зырылдаған.
Бiреуi бiреуменен қақтығады,
Мырқының атылған оқ бiлегiмен.
Бет бұрып, мойнын сүзiп қарағанша,
Шерденнiң өтiп кеттi жүрегiнен.
Шерденмен қабаттасып тұрғандардың
Тағы өттi сол оқ барып бiреуiнен.
Өкiрiп құлап жерге Шерден түстi,
Көрсеттi қалмақтарға мұндай iстi.
Қалмаққа оқты қардай боратады,
Оғының бiреуiнен бiрi күштi.
Көңiлiне Мырқы Алланы жад етедi,
Тартқанда бәйенегi сарт етедi.
Қалмақтың оны жерге түскен кезде
Бүшірге бір оқ барып сап етеді.
Оқ тиді Бүшір шалдың өкпесіне,
Өкпеден қояр ма күш өтпесiне.
Бөркi оқ тигенде Бүшiр шалдың
Атының барып түстi бөксесiне.
Әулие көрiпкелгiш Бүшiр шалды,
Өшiккен қанды саусақ ептесiн бе?
Қалмақтың он минутта жиырмасы өлсе,
Қалғаны қайта қашып кетпесiн бе?
1970
1980
1990
2000
266
ТАРИХИ ЖыРлАР
266
267
Құтылды тоғыз қалмақ қайта қашып,
Бейшара ажалы жоқ асып-сасып.
Бүшiрге Мырқы тұрып келiп едi,
Өлгелi жатыр екен жанталасып.
Мырқы басын жаны ашып сүйеп едi,
Өлгелi жатыр екен жанталасып.
Жаны ашып Мырқы басын көтергенде,
Қарады шал Мырқыға көзiн ашып.
—Қарағым, менiң түбiм—қазақ, дедi,
Ажалға ауып тидi садақ, дейдi.
Бетiмдi менiң, балам, жасыра кет,
Тiлегiмдi тiлейтұғын сол-ақ,—дейдi.
Сонан соң «сүйiншi» деп қол сермедi,
Айтуға онан артық тiл келмедi.
Сөзiне Мырқы шалдың құлақ салды,
Қызыл көз сөз аңдар ма қолы қанды.
Мырқыдан екi көзiн айырмастан,
Қыбырлап аузы-басы бердi жанды.
«Мына шал,—Мырқы ойлады,—тегiн емес,
Менiң де шалды атқаным жеңiл емес.
Қол сермеп, Құбыла жаққа ымба қағып,
Сүйiншi сұрағаны мұнысы нес?
Және де «аман-аман» деп айтады,
«Сүйiншi» деген сөздi көп айтады.
Бiр жерде әлде Бишам тiрi ме екен,
Осы шал осы сөздi неге айтады?».
Шерденге сонда Мырқы келiп жетiп,
Ақтарды iшiн жарып, басын кесiп.
Бүшiрдi өңгерiп алып келiп,
Тiлестiң өткелiне кеттi көмiп.
«Бишам да осы арада жатыр ма екен?»
Көңiлiне зарланады қиял келiп.
Томпайған топырақты құшақтайды:
«Бауырым осы ма,—деп,—жанға серiк».
2010
2020
2030
266
266
267
МыРҚы БАТыР
Аралап қалмақтардың өлiктерiн,
Қайтадан бұл жұмысты тұрды көрiп.
Босатып Қорлығаның қол-аяғын,
Шердендi көрсетедi алып келiп.
—Бейшара, ғашық жарың мұндай бопты,
Басылсын ғашықтығың көңiлiң сенiп,—
Дедi де, атқа қарап жүрiп кеттi.
—Пайдалан керегiңдi ала келiп.
Кеш батып қалған екен, күн кешкiрiп,
Тұрған жоқ iстi Құдай ойластырып.
Болғанда намаздыгер жүрiп кеттi,
Артына Қорлығаны мiнгестiрiп.
Сонымен Көксерекке алды мiнiп,
Сүмiрейiп Қорлыға да барады жүрiп.
Айрылып жалғыз бауыры Бишасынан,
Мырқының әлi тұр ма көңiлi тынып.
Қалыпты алданумен күн кешкiрiп,
Тұрған жоқ iстi Құдай үйлестiрiп.
Жұмысын бұл жердегi бiтiрген соң,
Жөнелдi Қорлығаны мiнгестiрiп.
Жөнелдi соныменен Мырқы батыр,
Қарамай алды-артына келе жатыр.
Аралап Майқұрақты келе жатса,
Аты үркiп жөнеледi апыр-топыр.
Қарғыды Көксерек ат құстай ұшып,
Қорлыға қалған екен жерге түсiп.
Тұлпары үрiккен екен содан қашып,
Жатыпты бiр жолбарыс аузын ашып.
«Не бар?» деп арт жағына жалт қараса,
Жолбарыс Қорлығаны жатыр басып.
Тақымынан айбалтаны жұлып алды,
Атының басын бұрып қайта барды.
Жолбарыс та Мырқыдан қауiп етiп,
Гүрiлдеп, шабайын деп ыңғайланды.
2040
2050
2060
268
ТАРИХИ ЖыРлАР
268
269
Шеңгелдеп Қорлығаны басып тұрды,
Ат үркiп жоламастан қашып тұрды.
Ат үркiп жоламайтын болғаннан соң,
Түстi де Мырқы атынан жаяу жүрдi.
Мырқыға бұл жолбарыс тағы шапты,
Мырқы да айбалтасын ыңғайлапты.
Жолбарыс қарғып жақын келiп едi,
Бiр салып алмадай-ақ домалатты.
Қорлыға орнынан түрегелiп,
Мырқыға ырза болды мұны көрiп.
Дәл сермеп күштi қолы айбалтаны,
Алғанын ажыратып көңiлi сүйiп.
Бiр көзi Қорлығаның қанап қапты,
Барыстың тырнағының ұшы тиiп.
Көзiнiң тұра келдi ағып қаны,
Мырқының бұған тұр ма ашып жаны.
Тағы да мiнгестiрiп жүрiп кеттi,
Олжаның осы болып қолда бары.
Қорлыға қанын сүртiп келе жатыр,
Айрылған тырнақ тиiп оң қабағы.
Жөнелдi бұлар тағы осы жайдан,
Мшке шейiн қыр басынан,
Бошанның төбе болды қарағаны.
Бошан бай зар жылайды, тамақ iшпей,
Төбеден кешке шейiн ойға түспей.
«Құдай-а, тiлегiмдi бере көр» деп,
Түн бойы тiке тұрды тiзе бүкпей.
Малыңнан жау шапқанда жанды айырған,
Баланың ата айрылған таласынан.
Тiлегiн Бошан сөйтiп тiлей берсiн,
Сөйлейiн ендi бiраз жалайырдан.
Жалайыр Сүрен батыр жетi ай болды,
Жоғалып көптен берi кетiп едi.
2070
2080
2090
2110
268
268
269
МыРҚы БАТыР
Қызылда жалайырдың бiр кiсiсi,
Болған ба Айдарлыда бiр жұмысы.
Жұртымен Бошан байдың келе жатса,
Көредi сайда жатқан өлген кiсi.
Қарады айландырып көрген кiсi,
Сүренге бейiмдейдi бар белгiсiн.
Қылыш, жабдық, баршасы Сүрендiкi,
Бөлiнiп бөлек жатыр бел-бөксесi.
Басымен тұтас жатыр жота сырты,
Шашы мен жидiп қапты сақал-мұрты.
Байқастап жер көлемiн қарағанда,
Бошанның көктемдегi көшкен жұрты.
Ол кiсi сол арадан қайтып келдi,
Көргенiн бастан-аяқ айтып келдi.
Сүреннiң ағасы едi Сұртай деген,
Халыққа «жиылсын» деп тәртiп бердi.
Шақыртты Қабылан мен Сүйiнбектi,
«Жалайыр атқа мiнген жиыл» дептi.
«Бошаннан барып құнын аламыз» деп,
Жиылып үш жүз кiсi туын тiктi.
Үйiне хабар қылды «барамыз, деп,
Сүреннiң барып құнын аламыз, деп.
Шынына келсе келдi, шынын айтып,
Келмесе, кiсi өлтiрiп, шабамыз,—деп.
Келдi де Құдайқұлды қамап алды,
Ерiксiз ұстап алып, сойды малды.
—Сүрендi өлтiрiпсiң, құнын бер,—деп,
Бошанға Сұртай батыр кiсi салды.
Бошанның сондай болған халiн көрiп,
Қайтадан барған кiсi айтып барды.
Бошанның жұмысы жоқ мұныменен,
Iсi жоқ даудың салмақ түрiменен.
Кiрмейдi ешбiр жауап құлағына,
Өзiнiң әуре болып күнiменен.
2120
2130
2140
270
ТАРИХИ ЖыРлАР
270
271
Бошанды жалайыр кеп қамап жатыр,
Ерiксiз сойған малын санап жатыр.
Үстiне жығылғанның жұдырықтап,
Қасқырдай айландырып талап жатыр.
Сүреннiң құны соған бiтетiндей,
Кездескен қойшыларды сабап жатыр.
Күн-түнi Бошан отыр жылауменен,
Құдайдан iстiң артын сұрауменен.
Айрылып баласының баршасынан,
Қайғырып шыбын жанын қинауменен.
Тұрады кешке шейiн қыр басында,
Бар қайғы дүниедегi бiр басында.
Айрылып балапанның баршасынан,
Салған соң Құдай басқа тұрмасын ба.
Бошан бай бұған ақыл таба алмаған,
Жан-жаққа екi көзi алаңдаған.
Бесiнде Сұршағылдың кезеңiнде,
Бiр нәрсе бұлдырайды қараңдаған.
Қобыға асып түстi кезеңменен,
Бұлғақтап жүрiсi бар тежелдеген.
Жүрiсi Көксеректiң жүрiсiндей
Кiсiдей көрiнедi қозы өңгерген.
Таныды Мырқы екенiн келе жатқан,
Өңгерген нәрсесi бар түзден тапқан.
Екенiн анық Мырқы таныған соң,
Жүгiрдi қатын-бала әр тараптан.
Жиылып қатын-бала ортаға алып,
Қорлыға өңгергенi таниды анық.
«Бишасы ендi мұның қай жақта?» деп,
Қарайды арт жағына көзiн салып.
Тастай сап Қорлығаны аттан түстi,
Биша жоқ болғаннан соң зәресi ұшты.
2150
2160
2170
270
270
271
МыРҚы БАТыР
—Апатай, Бишатайдан айрылдым,—деп,
Құшақтап шешесiнiң мойнын құшты.
Шешесi мына сөздi естiген соң,
Айрылып ақылынан талып түстi.
Өкiрiп Бошан келдi ойбай салып,
Бошан шашты иiскедi қолына алып.
Шашты алып ата-анасы кезек-кезек,
Адасып ақылынан түсер талып.
Бұлардың осы көрген қайғысына
Жаны ашып жылап жатыр тамам халық.
Шуласып жылап жатыр азан-қазан,
Кiм келсе соған түсер ақырзаман.
У-шу боп ауыл жылап жатыр едi,
Кезеңнен шыға келдi жалғыз адам.
Кезеңнен шыға келдi жалғыз атты,
Асығыс жүрiсi бар тым-ақ қатты.
Көре сап шулап жатқан халайықты,
Атының басын iрiкпей тiке тартты.
ынтығып жетiп келiп сәлем бердi,
Жылаған кемпiр менен шалды көрдi.
Атынан қарғып түсiп күлiмдесiп,
Мырқымен жылап тұрған шалға келдi.
—Бәрiң де жыламаңдар, сүйiншi!—деп,
Еңкейiп Бошан байға қолын бердi.
Мырқының: «Сүйiншi!»—деп бөркiн алды,
Халайық бұл жұмысқа аң-таң қалды.
«Жылама, Биша тiрi!» деген сөзге,
Халықтың бiрi нанбай, бiрi нанды.
Тоқтатып жылағанын тамашалап,
Жiгiттi жұрттың бәрi ортаға алды.
—Қане, батыр, сөйлешi, жөнiңдi айтып,—
Жiгiттiң сөзiне жұрт құлақ салды.
—Жылама,—жiгiт айтты,—Биша тiрi,
Келедi аман-есен бүгiн күнi.
2180
2190
2200
2210
272
ТАРИХИ ЖыРлАР
272
273
Дегенге «Жыламаңдар, Бишаң аман»,
Жiгiттiң көрiнiп тұр сөзi жылы.
Қорықпаңдар, жыламаңдар, Бишаң аман,
Қуанып келе жатыр кейiн таман.
Көп көрiп қорлық-зарлық, машақатты,
Басынан өткен екен қиын заман.
Денi сау келе жатыр аман-есен,
«Қуантып барғын,—дедi,—әке-шешем».
Наныңдар менiң айтқан бұл сөзiме,
Қазiр-ақ мәлiм болар жалған десең.
Келедi аман-есен құлындарың,
Қанжармен кескен екен тұлымдарын.
Басының екi-үш жерде жарасы бар,
Көрмедiм онан басқа шығындарын.
Қолына жау қалмақтың түскен екен,
Ашумен кесiп апты бұрымдарын.
Бiр шал себеп болып қашып шығып,
Бiр жерде бiз кеп көрдiк жығылғанын.
Ол кезде қыздың халi тiптi жаман,
Басынан өткен екен сондай заман.
Деп сөзiн аяқтатып бiтiргенше,
Кезеңнен шыға келдi төрт-бес адам.
Алты адам келе жатыр шығыс жақтан,
Мiнiптi бәрi сұлу жүйрiк аттан.
Алдында Шора батыр Сұржелекпен,
Iшiнде бiреуi бар басын тартқан.
Жiгiттей қаруланған пешпен киiп,
Астында арғымақ ат мойнын иiп.
Батырдай жаудан қайтқан порымы бар,
Басына жара болған найза тиiп.
Биша екен iшiндегi басын тартқан,
Жеделдеп ұзаңқырап келдi жүрiп.
2220
2230
2240
272
272
273
МыРҚы БАТыР
Таниды Биша екенiн жанның бәрi,
Жабырлап жүгiредi жас пен кәрi.
Екенiн анық Биша таныған соң,
Аяғын ата-анасы баса алмады.
Орнынан қарғып тұрып Мырқы батыр,
Көтерiп алады аттан апыр-топыр.
Құшақтап бiр-бiрiнiң мойнынан,
Көрiсiп екi бауыр жылап жатыр.
Аузынан балапандай сүйiседi,
Көргеннiң тұла бойы иiседi.
Көзiнiң ыстық жасы жерге тамып,
Беттерi беттерiне тиiседi.
«Бишам-ау!», «Ағам!» деген дауыстарға
Жүрегi халайықтың күйiседi.
Домалап көздерiнiң ыстық жасы,
Сағынған қорлық көрiп ғарiп басы.
Екеуiн ажыратуға көзi қимай,
Айналып жүгiрiп жүр ата-анасы.
Айтуға «қойыңдар» деп шамасы жоқ,
Үймелеп жиылған жұрт айналасы.
Бошан бай жүгiрiп жүр асып-сасып,
Бiле алмай не қыларын, көңiлi тасып.
Бишаны Мырқыжан да берер емес,
Құшақтап бауырына отыр басып.
Қызы отыр құшақтасып ағасымен,
Атасы айланып жүр анасымен.
Таласып Бошан, кемпiр басын иiскеп,
Екеуiн құшақтайды қабатымен.
Айланып баласына жанасады,
Көрiп тұр жиылған көп тамашаны.
Итерiп бiрiн-бiрi Бошан, кемпiр,
Омыраулап баласына таласады.
18-205*
2250
2260
2270
274
ТАРИХИ ЖыРлАР
274
275
Итерiп бiрiн-бiрi «әрi тұр» деп,
Бетiне баласының қарасады.
Таласып шал-кемпiрдiң ұрысқаны,
Тамаша өз-өзiнше жарасады.
Меймандар сөйлескен жоқ тiлге келiп,
Бiреуiн жылап жатыр, бiрi көрiп.
Мырқыны Бишаменен ажыратты,
Орнынан Шора батыр түрегелiп.
Айтады «Сабыр қыл!» деп Бошан байға,
Тәуба қып, сабыр етiп, отыр жайға.
Құдайым iстiң артын бергеннен соң,
Қуаныш шүкiр ет,—деп,—бiр Құдайға.
Құдайым бергеннен соң iстiң артын,
Басады жылап-сықтап бiраз қарқын.
Естiген жұрт көңiлi құса болды,
—Қылыңыз бұған шүкiр, Бошан қартым!
Басылды тегi барлық желiгiмiз,
Тiрiлдi тәуба етiп өлiгiмiз.
Құдайдан әуес етiп тiлеп едiң,
Саламат, аман келдi өрiсiңiз.
Ол дағы тiрi болса, келiп қалар
Зорлықпен жауға кеткен келiніңiз.
Мырқы мен бiздер де аман кеп отырмыз,
Мұрагер тiлеп алған серiгiңiз.
«Жылатқанды жұбатар Құдай» деген,
Шат болды қайғы басқан көңiлiңiз.
Қуаныш үйге кiрiп, той етелiк,
Мырқы ғой жасағанға сенiмiмiз.
Дедi де жұрт орнынан түрегелiп,
Халықтың бiрi жылап, бiрi күлiп.
Бошан бай бозайғырды ұстап алып,
Шалады ай тұяқты алып келiп.
2280
2290
2300
274
274
275
МыРҚы БАТыР
Меймандар Бишасымен үйге кiрдi,
Тағамдар дайындады неше түрлi.
Сойылып айтұяқ пен садақалар,
Қызмет қып қатын-бала зыр жүгiрдi.
Қорлыға бұл жұмыстың бәрiн сезiп,
Iсiнiң оңбағанын ендi бiлдi.
Қуанды бұл жұмысқа жанның бәрi
Шат болып көңiлденiп жас пен кәрi.
Бәрi де халайықтың болды шадымен,
Бошанның табылған соң балалары.
Отырды жанның бәрi қуанысып,
Болады қуанышпен тамақ iшiп.
Бошан бай тамақ iшiп болғаннан соң,
Айтады жалайырды жатқан қысып.
Бұл сөздi Мырқы, Шора тыңдап отыр,
Тұрған жоқ жалайырдан зәресi ұшып.
Айтады жалайырдың қамағанын,
Ауылға жиылып кеп талағанын.
Ерiксiз жайлаудағы малды сойып,
Малшыны ұстап алып сабағанын.
Айтады сүйтiп даудың қағынғанын,
Бақыттың терiс айналып жаңылғанын.
Көктемде көшкен жұрттың сай жағынан
Сүреннiң өлiгiнiң табылғанын.
—Сүрендi Мырқы өлтiрдi, құнын бер,—деп,
Жалайыр үлкен дауға салынғанын.
Сүреннiң Сұртай келiп құнын даулап,
Бауыры үшiн өкпесiнiң қабынғанын.
Айтады Жалайырдың келгендiгiн,
Құн даулап, елге келiп төнгендiгiн.
Тоқтатып халайыққа ақыл айтқан,
Айтады Қабылан бидiң жөндемдiгiн.
Айтпай-ақ Мырқы, Шора бiле қойды,
Сүреннiң қалай болып өлгендiгiн.
2310
2320
2330
2340
276
ТАРИХИ ЖыРлАР
276
277
Ашылды айтпағанмен iстiң түбi,
Көрiндi үлкейетiн даудың түбi.
Айтпай-ақ өз аузымен мойнына алып,
Белгiлi Қорлығаның бүккен сыры.
Қорлыға шеттегi үйде байлаулы тұр,
Мұнда жоқ бұрынғы күй, бұрынғы түр.
Төленiң қалай болып өлгендiгi,
Жұртқа анық айтпаса да, ашылды сыр.
Үш жерден бiр әңгiме қозғалады,
Халайық, мына сөзге мойныңды бұр.
Бiр кiсi жалайырдан елшi келдi,
Халықтың шаттанысқан түрiн көрдi.
Баяу ел дауының жайын айтып,
Алдында халайықтың сөйледi ендi.
—Бәрi аман, Шора, Мырқы кептi, дейдi,
Бiзбенен сөйлесуге келсiн, дейдi.
«Бiтiрiп елдiң дауын қоялық» деп,
Мен едiм Қабылан бидiң жiбергенi.
Бұл өзi жұмыс емес танысатын,
Қан қызыл жамандыққа барысатын.
Еркiне тентектердi қоя берсе,
Қалғанша бiрi тiрi шабысатын.
Баяғы Санылар мен Қауарыптай
Қырқысып өлгенiнше қалысатын.
Алладан болған қаза болған шығар.
Кек сақтап жұмыс емес қарысатын,
Бәрiмiз Бақтиярдың баласымыз.
Ту ұстап жұмыс емес жарысатын,
Бошан бай, Мырқы, Шора—бәрi келсiн,
Төбейдiң төрт ұлына хабар берсiн.
Жоялық iштегi кек, жамандықты
Бiрлесiп қазақ халқы жайға жүрсiн.
2350
2360
2370
276
276
277
МыРҚы БАТыР
Қалмақ тұр көтерiлiп күнде шауып,
Заманның не боларын Құдай бiлсiн!
Бошан бай мына сөздi дұрыс, дедi,
Қабылан би сөз айтпайды бұрыс, дедi.
Алланың тағдырына шарасы жоқ,
Пендесi ете алмайды бiр iс, дедi.
Тағдыры бәрі Хақтың iстеп тұрған,
Тағдырсыз болған емес бiр iс, дедi.
Шоражаным, таста да қан қызуды,
Халықтың бiрлiгiне кiрiс, дедi.
Қайтарды «Төрт күннен соң барамыз, деп,
Хабарды төңiрекке саламыз, деп.
Шуға да хабар айтып жiбергемiз,
Ерлердi естi, басты аламыз, деп.
Халайық демiн алып жата тұрсын,
Бұл даудан қашық болмас арамыз көп».
Уәде қып келген кiсi кеттi қайтып,
Жiбердi Қабыландыға сәлем айтып.
Баласы Бақтиярдың Шудан бергi,
Олар да келген екен шеру тартып.
Iшiнде келiп жатқан найман екен.
Iштерi Кебекбайға қызу тартып.
—ұлды-қызды дегеннiң бәрi бала,—
Деседi,—Кiмнiң жаны кiмнен артық?
Қорлыға Кебекбайдың жалғызы едi,
Қор бопты өз-өзiнен Құдай атып.
Бұлар кеп түсiп жатыр Бошан байға,
Қанады сұрастырып болған жайға.
Босатып Қорлығаны қоя бердi,
Кетедi, деп, мұнан қашып ендi қайда.
Бiр-екi күн болса да бос отырсын,
Өлтiрмей мұны халық қоймас жайға.
Егер де өлмейтұғын ақыл тапса,
2380
2390
2400
278
ТАРИХИ ЖыРлАР
278
279
Қыларын қылып алсын осындайда.
«Қорыққаннан бiр қатынды байлады» деп,
Батырлар бетке салық мiн қылмай ма.
Жатпайды мұндай жұмыс тектi деуге,
Ерге ұят «қыз қорлығы өттi» деуге.
Халықтың аузына алып айтуға ұят
«Қатынымен осы жiгiт кектi» деуге.
Дайын тұр халайықтың аузы ептелiп
«Шiркiннiң қатынға әлi кептi» деуге.
Алып келмей өлтiрiп тастап кетсем,
Жұрт дайын «бұл Мырқыға неттi?» деуге.
«Жiгiт болып артынан бара алмастан
Қатынын жауға тастап кеттi» деуге.
Сол үшiн босқа жүрсiн осы қатын,
Қасына жоламасын ешкiм жақын.
Отырсын бетiн сүртiп, ырза болып,
Шерденнiң қасына қой кескен басын.
Тағамнан және тағы тарықтырмай,
Әр түрлi дайындап бер, iшсiн асын.
Әйелдiң көрсеқызар шермендесi,
Төгедi көрiнгенге ықыласын.
Қатының дұшпаныңның зоры болса,
Онан сен қайтiп, сірә, құтыласың!
Құса боп өз-өзiнен өлiп кетсiн,
Обал жоқ өз қанына ұшырасын.
Ата-ана, ата-ене ақысынан,
Осындай сабыр қылсаң құтыласың.
Қорлыға босқа жүрдi кiрiп-шығып,
«Бетсiз» деп қатын-бала жүрдi күлiп.
Осы түн Қорлыға қашып кеттi,
Ерттеулi бiр қонақтың атын мiнiп.
Зырғытып түнiменен тынбай шауып,
Таңертең Қабыландыға келдi жүрiп.
Сұртайдың Қабыландымен алдына кеп,
2410
2420
2430
2440
278
278
279
МыРҚы БАТыР
Қорлыға сөйлеп жатыр тiке тұрып.
Уылжып жүз бұралып сөйлеп қатын,
Халайық тыңдай бердi құлақ тігіп.
Көп болды халайықтың тыңдағаны,
Айлана сөз тыңдауға Қорлығаны.
Бұралып бiр бүйiрiн таянып ап,
Бұл едi Қорлығаның жырлағаны.
Оқиға бастан кешкен шынын айтып,
Еңiреп тұрып сонда жылағаны.
—Қабыланды аға, құлақ сал,
Қазылы жұртқа ағасың,
Жеке туған дарасың,
Миуалы терек ағашым,
Әдiлдiкпен тең қара
Адамзаттың баласын.
Менiң айтқан сөзiме
Адамзат десең нанасың.
Өртеп жүрген бұзықпын
Жер мен көктiң арасын.
Қозғалмаса намысың,
ұмытсаң ердiң дабысын,
Қылмысты сұмырай келiп тұр,
Қылышыңмен шабасың.
Жаңылсам тiлден көремiн,
Ашыққа басты беремiн.
Сөйлеуге тiлiмдi
Басымды сүйреп саласың.
Мен ойласам жайымды,
От болып бәрiң жанасың.
Дауа етiп ешкiм жаза алмас
Мен секiлдi сорлының
Көңiлiндегi жарасын.
Жоқтайтұғын жан бар ма
Ардақты батыр кешегi
Дәулеттiң Сүрен баласын?!
Ол күнiм қайда жүр екен,
«Бар,—деп едi,—артымда
2450
2460
2470
280
ТАРИХИ ЖыРлАР
280
281
Сұртай деген қарашым».
Қу жүрегiм, қайтесiң,
Бүлiнiп неге жанасың?!
Өлмеген жаным тiрi тұр,
Қорлықтың көрiп жаласын.
Сұртай қарғам, бар болсаң,
Дұшпаның, мiне, мен келдiм,
Кегiңдi қайтiп аласың?
Сүрендi Мырқы өлтiрдi
Қайғының отын шалқытып,
Жүрекке басты шаласын.
«Мен де өлейiн» дедiм де,
Өле алмадым артынан,
Өлгенде қайда барасың!
Қарсыласып көруге
ұйықтап жатқан жерiнде
Келтiрмедi шамасын.
Қылмыстың бәрi бiзде тұр
Қайтiп бiр кектi аласың?
Жасырын намыс, жабық кек,
Мен де өлтiрдiм сонан соң
Бошанның кiшi баласын.
Сүрен менен Мырқының
Замандас жолы бiр едi.
Қорлыға мен Сүреннiң
Бiр едi жастан тiлегi.
Ерiксiз берiп ата-анам,
Қайғы болды жегенiм
Ас орнына үнемi.
Айтқан сертке жете алмай,
Көңiлiмiз жаман жүдедi.
Ғашықтық деген оңай ма,
Бiрiн-бiрi көруге
Жүр едi жанып жүрегi,
Амалым бар ма, қайтейiн,
Ебiн тауып өлтiрдi.
Өлтiруге қам қылып
Бұрыннан Мырқы жүр едi.
2480
2490
2500
2510
280
280
281
МыРҚы БАТыР
Есiл-дертiм Сүренде,
Мырқыны адам демедiм
Көңiлiмнiң болып күреңi.
Байқаусызда өлтiрдi
Қарсыласып алысса,
Кем бе едi содан бiлегi!
Сүйегiн жоқтап баруға,
Жесiрiн iздеп алуға
Сол секiлдi күнiмнiң
Бар ма екен артта тiрегi?!
Тiрегiн iздеп қаңғырып,
Өзi келдi жесiрi.
Бiз сорлыға бейiш жоқ,
Дозақтың ашық есiгi.
Сүренмен бiрге жүруге
Болмады Ақтың нәсiбi.
Менi өлтiрiп, отқа жақ
Мен секiлдi сайқалдың
Тағы да тидi кесiрi.
Елдiң бетiн көре алмай,
Сүреннен қалып жүргенше,
Кiрейiн десем жоқ екен
Қара жердiң тесiгi.
Талабына жетпеген
Сорлы болдым елдегi.
Ел аузына қарасам,
Кiнәнiң бәрi менде едi.
Өлтiргенi Сүрендi
Мырқынiкi жөн дедi.
Тышқандай құнсыз кететiн
Мырқыдан Сүрен кем бе едi?!
Сүреннiң қаны ойда жоқ,
Терiс боп тұр халыққа
Бошаннан бала өлгенi.
Кебекбайдың қызы—мен
Дәулеттiң ұлы Сүрен-дi.
Еркiне салса халықтың,
Өлген иттей көрмедi.
Достарыңызбен бөлісу: |