Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Сонда Сезен айтты:
—Сен—қазақтың жас баласы,
Таласымыз—Алатаудың саласы.
Алатауда нең бар еді,
Жетпеді ме, сірә, Арқаның даласы,
Мен—шүршіттің шын арыстан панасы.
Қашқан жауға қатын—ер.
«Бөрісімін» деп сөйлейді
Қазақтың биттей баласы.
170
180

42
42
43
ЖИДЕБАй  БАТыР
Көк сүңгімен түйрейін,
Бері таман жанашы,
Қаныңды ұрттап ішейін.
Бері таман жанашы, дегенде,
Жидебай батыр тап бергенде,
Көк сүңгіні сермегенде, 
Айбалтамен қатты қағып, сындырып, 
Сезен батырды өлтіріп, 
Сол сапар бәйге алатын сапары.
Енді  қашқан  жау  қашып,  түсіргенін  түсіріп,  ханға  келіп: 
«Қандайлық  олжа  түсті.  Мұны  кім  қашырды?  Сезенді 
кім  өлтірді»,  деген  сөз  қарастырылып,  әр  батыр:  «Мен 
қашырдым. Мен түсірдім»,—деген дау туып, Жиде бала: «Мен 
қашырдым»,—деп, бастан айтып, ханға кепті, таласыпты. Сон-
—деп, бастан айтып, ханға кепті, таласыпты. Сон-
деп, бастан айтып, ханға кепті, таласыпты. Сон-
да Бөгенбай, Қабанбай, Абылай үшеуіне Жиде былай депті:
—Ханның көркі—қараша
Аттанып келдік жоңғарға
Үш Алаштың баласы.
Сыймай жатқан көп шүршіт
Алатаудың саласы.
Көйлегімді ту қылдым,
Шүршіт қорқып, шу қылдым.
Достың жетім баласы,
Мақтау берсең, маған бер,
Қазақтың қорған данасы.
Әдіспенен қашырдым,
Алатаудан асырдым.
Қашқан жауға қатын—ер,
Пайдасын көрдің тәсілдің.
Басын кестім қолыммен
Сезен сынды асылдың.
Садақшы мен найзагер,
Айбатты батыр кемеңгер,
Бәйгесіне таласпа
Біз секілді жас ұлдың.
Қара бас туды хан беріп,
Жауды жүрдік меңгеріп.
190
200
210

44
ТАРИХИ  ЖыРлАР
44
45
Пайдакүнем болмаңыз,
Еңбегін жеп асылдың,—деді.
Сонда Бөгенбай мынаны айтты хан мен халыққа:
—Не деп талас қыласың,
Абыройлы балаға!
Қара бас туды хан бермес
Өтірік даукес жалаға.
Ханнан сыйды алғандар,
Жас еңбегін талғандар,
Өтірікпен қанама.
Жортуыл басы болады,
Жорықта жолы болады.
Оң тізеңді беріңіз
Осы Жиде балаға.
Билік құрып, жөн берер,
Халықты билеп меңгерер.
Хан, қараша, батырлар,
Алайық сыйлап араға.
Еңбек қылған осы жас,
Кетпесін ісің далаға,
—деп, хан қолбасы қойып, торғауыт Нарынқұмынан ауып, Уса, 
Серендерді жеңіп, Жидебай ақылымен әр жорықта бәйге алған 
екен.
220
233

44
44
45
Халық ақыны хат жазуға қалам алған,
Ешкiмнен өтпей тұрмас мына жалған.
Орта жүзде Сүйiндiк ұранды ел,
Олжабай қатарында батыр болған.
Мәшһүр Жүсiп жазыпты кiтабына, 
Үшбу сөз тарих болып бiзге қалған. 
Сақау ақын белгiлi асқан жырау 
Мазмұнын көрiп тұрып өлең қылған.
Халықтың қатарласқан заманында 
Тағылым алып сөйлейiн мен де содан. 
Әз Тәуке—ақылдының даналары,
Үш жүздiң бiрге жүрген балалары.
Сыр бойын мекен етiп Арқаменен,
Өсiптi сондай болып саналары.
«Сырдың суы—деген,—мың нұрдың суы»,
Қызығын көрген екен солар дағы.
«Жерi байдың елi бай» дегенi рас,
Жайылған жер-жаһанға әруағы.
Мекен қып Ертiс, Алтай, Алатауды,
Құлын жүрмес оралып бие бауға. 
Бiрлiгi бұл үш жүздiң сондай артық,
Бермеген ынтымақпен елiн жауға.
Жетiсу, Алматыны қатар жайлап,
Сыңсытып сары қымыз, бие байлап.
Орта жүз 
Олжабай батыр
10
20

46
ТАРИХИ  ЖыРлАР
46
47
Балдырған, бүлдiрген мен жүзiм, алма,
Түрлi ағаш бұтағында бұлбұл сайрап.
Ағаштың арасында қызғалдақтай,
Жарасып қыз-бозбала жатыр ойнап.
«Мал баққан шалдар көрiп қоя ма?» деп,
Қарайды жiгiт ғарiп бойлап-бойлап.
Ойнаған асыр салып құлын-тайлар,
Бiр тайпа ел, ол Асының тауын жайлар.
Асыдан қара торы шiлiк басып,
Шарыннан елi өтiп, қайтып айдар.
Iленiң ар жағында тауы шолақ,
Жерiне Қарашоқы болған қонақ.
Алтынемел, Түлкiлi, Күреңбел мен
Сарыноқай Шағанменен қайтқан орай.
Аралтөбе, Терiсаққан, Көксу басып,
Қапалды, Талдықорған жатқан қамап.
Малдысары, Кербұлақ, Қаратал мен,
Ешқандай ада болмас жердi санап.
Баласы орта жүздiң Сыр бойында,
Мал жұтар, жау шабар жоқ тiптi ойында.
Жаз жайлауы Арқа мен Баянауыл,
Сәнi артық талай жерден Қарқаралың.
Көкшетау
 
гүлi екен бозбаланың,
Кезеңнен аса соққан салқын самал,
Қызығын халық көрген ен даланың.
Көкшетау көк кезеңiн аса көшiп,
Көш тартқан арманы жоқ қыз баланың.
Есiл менен Ертiстiң арасында
Семiрген құр аттай боп құлын-тайың.
Қайдауыл—аққан өзен, жер анасы,
Айта берсем, таусылмас тамашасы.
Орта жүзде Сүйiндiк аты шыққан,
Ал, ендi ашылады сөз сарасы.
30
40
50

46
46
47
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Айдабол он үш жаста би болыпты.
Алтау екен өзiнде бар баласы.
Бәйбiшеден Жанқозы, Малқозы деп,
Кiшiсi—Кенжеқозы бiр данасы.
Тайкелтiр тоқалынан туған екен,
Бұларда үшеу екен—бiр анасы.
Кенжесi Кенжеқозы жастай өлген,
Айтылар сөз жүйесi солай келген.
Үйсiнде Қаратайдай ер болыпты,
Қызына Қаратайдың қалың берген.
Айдабол би болыпты сегiз қырлы,
Баласы өлiп болыпты, iшi кiрлi.
Тоқалдың баласына—Тайкелтiрге
«Әперем,—деп айтады,—осы қызды».
«Туғанымның жесiрiн бермеймiн» деп,
Жанқозы осылайша намыс қылды.
«Малқозының баласы Толыбайға—
Осыған әперем» деп ниет бұрды.
Құдаға көп рақмет, құлдық еттi,
Қасында азын-аулақ адам қалды,
Көп жолдасы өз елiне қайтып кеттi.
Айдабол сол сапарда қыстап қалды,
Толыбай қызды құшып рақаттанды.
Есебике деп айтады қыздың атын,
Қыз болғанда қызықты сондай сәндi.
Болғанда шашы—сүмбiл, тiсi—гауһар,
Көргенде балқытады шыбын жанды.
Толыбай қыстай жатып қызық көрдi,
Мақтаулы Қаратай ер бұл да сері-дi.
Елiнен шанышқылы бiр қыз әкеп,
Күңдiкке оны дағы жұмсап бердi.
Бөктiк деген қыз екен бұл да нұрлы,
Толыбайға некелеп тағы бердi.
60
70
80
90

48
ТАРИХИ  ЖыРлАР
48
49
Жаз шығып, ел жадырап, қары кетiп,
Айдабол ендi iздемек туған елдi.
Ойлады Айдабол би жақсы талап,
Ат мiндi жан басына еркiн балап.
Екi қыз қыстай ойнап күйеуiмен,
Болыпты қатарынан екiқабат.
Жаз шығып соныменен елге қайтты,
Қаратайға қанша еттi зияпатты
.
Арада бiрнеше күн жүргеннен соң,
Екi қыз қатарымен туа қапты.
—Екеуi де ұл болды тапқандарың,—
Айдабол қуанады тiптi қатты.
«Түзден пайда болды,—деп,—бұл балалар»,
Бiрiне Олжабай деп қойды атты.
Қаратайдың қызынан Олжабай-ды,
Есебике шешесi де асылзатты.
Бөктiктiң Шанышқылы—ата заты,
Кем емес еш адамнан салтанаты.
«Қоста жатып туды,—деп,—осы бала»,
Қошетер деп қойыпты оның атын.
Олжабай аман-есен жiгiт болса,
Қошетер болады деген қолғанаты.
Айдабол немересiн қолына алып,
Сондайлық түсiп тұрған ықыласы.
Баласын оқытыпты алдына алып,
Қарады порымына көзiн салып.
Жайнаған жай тасындай түрi бөлек,
Отырды Айдабол би түрiн танып.
—Бұл бала туған екен елге ырыс,
Бақытты ерге өтпейдi жауда қылыш.
Қайырлы, аман болса бұл шырағым,
Қап түбiнде жатпайтын асыл құрыш.
100
110
120

48
48
49
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Зұлым болса бұл бала, елдiң соры,
Арамдықпен байланар оның жолы.
Өзi бiлмес, бiлгеннiң тiлiн алмас,
Ондайды деп айтамыз «елдiң қоры».
Жасықтың көп нәрсеге сәндiгi жоқ,
Өлшеусiз деген екен бiлiм жөнi.
Балаға түстi сондай ықыласы,
ұлғайды артықша боп бар тұлғасы.
Қақпақтай жауырынды, орта бойлы,
Шүйделi, қайқы құлақ, қара қасы.
Сабырлы, кiшiпейiл, жанға жайлы,
Қатардан асып туған мәртебесi.
Он төртке жасы келдi сол уақытта,
Болуға ыңғайланды ел ағасы.
Сүйiндiк—Олжабайдың ата заты,
Жайылды жастайынан шаһараты.
Толыбайдың жастайынан мiнiп жүрген
Бар екен Тайкүреңдей жүйрiк аты.
Бәйгесiн орта жүздiң алып жүрген,
Жақсы ат деген болады ер қанаты.
Толыбай Тайкүреңдi жүрген бағып,
Бәйгенi ерегескен келедi алып.
Бiр түнде бұл Тайкүрең жауға түсiп,
Толыбай қалған екен жабырқанып.
Баласы Олжабайды сынамаққа
Отырды бiреуiндей сөзге салып.
—Қарағым, бұған қандай ақылың бар,
Қартайып әкең отыр жаяу қалып.
Жоқтаусыз жiбергенiң тұлпарыңды,
Iздеп шықсаң қайтедi батамды алып.
Бұл сөздi естiп тұрды Олжабай ер:
—Атажан, мақұл,—дедi,—батаңды бер.
Ажалды үйде-түзде ешкiм бiлмес,
Жалмайды жан иесiн сұм қара жер.
4-205*
130
140
150

50
ТАРИХИ  ЖыРлАР
50
51
Бақытыңа Құдай берген перзентiңмiн,
Талабым қалай екен, бiр сынап көр.
«Ел сырын би танымас елде» деген,
Бақыты ашылмас жiгiттiң шықпаса тер.
«Жатқанға жан жуымас» деген сөз бар,
Толқын ұрмас дарияны, соқпаса жел.
Әкесi бұл сөзiне ризаланып,
Ақ қошқар қойымызды айтып шалып.
Ағытты бата берiп көздiң жасын,
Кiсесiн мойынына тағы салып.
—Он сегiз мың ғаламды Жаратушы,
Баламды жамандықтан жүргiн қағып.
Қырық шiлтен, он екi имам, Ғайып Ерен,
Адасса, жар болыңыз, қолдан алып.
Бiр күнi сапар тартты бұл жас бала,
Қасында жолдасы жоқ, жеке дара.
—Бiр атты iздеймiн деп намыс үшiн,
Болам ба әлде қалай мен бiр нала!
—Балам, қайда барсаң, жолың болсын!
Айтамын сен келгенше Аққа сәна.
Он төртте Олжабайдың сонда жасы,
Құрбыдан артық туған мәртебесi.
Бiр атын Құлынкөк деп айтушы едi,
Ой желке, құлан жалды, келген машы
.
Құлынкөк—Олжабайдың арғымағы,
Басына бала жастан қонған бағы.
Қаламдай қия жонған екi құлақ,
Жалтырар екi көзi—жаққан шамы.
Қысқа бел, бауыры жазық, қабырғалы,
Түрiлген електей боп оның таңы.
Қол етi қоржындай боп бөлек тұрған,
Орақ бас, жай тасындай түстiң бәрi.
160
170
180

50
50
51
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Бата алып атасынан, кеттi жүрiп,
Сарыала қамшыменен садақ iлiп.
Үстiнде торлама көз сауыты бар,
Басына батыр және қалқан киiп.
Тайкөктi алған қырғыз батыры екен,
Хабары құлағына барған тиiп.
Арада бiрнеше күн сапар етiп,
Олжекең бiр тоғайға келдi жетiп.
«Бұл жерге бүгiн түнеп шығайын» деп,
Солайша аттан түстi көңiл етiп.
Тоғайда атын ұстап жатып қалды,
Тынығып бiразырақ демiн алды.
Жарым күн шамасында сол тоғайда,
Жалтырап бiр-екi от тұтанды.
Олжекем «бұл қалай?» деп отырғанда,
Жанған от барған сайын жақындады.
«Қатерлi iс екен,—деп,—мұның өзi»,
Қамшысын екi бүктеп қолына алды.
Басында от көрiнген тым алыста,
Бұл оттан пайда болды бiр арыстан.
Жақын кеп жатып қалды жер бауырлап,
Кез болған Олжабайға бұл бiр дұшпан.
Оттай боп жалтыраған екi көзi,
Батырдың бiр осындай келдi кезi.
Бiрiне-бiрi батпай түнiменен,
Жатты ғой о да байқап өзiн-өзi.
Арыстан таң атқан соң кеттi жүрiп,
Олжекем: «Бұл қалай?» деп қалды тұрып.
Бар екен Олжекемнiң жолбарысы,
Арыстан бата алмады соны бiлiп.
Таң атып, тамақ iшiп, мiнiп атын,
Амандыққа шүкiрлiк айтып батыр.
190
200
210
220

52
ТАРИХИ  ЖыРлАР
52
53
Ер Олжабай далада келе жатса,
Бiр жалғыз үй тұр екен, келдi жақын.
Ол үйден шыға келдi кемпiр ана,
Деп айтты: «Қайдан келдiң,—дейдi,—бала?
Ел-жұртыңды жау шауып, жалғыз қалып,
Деп айтты,—боп жүрсiңбе жеке дара!»
Батыр айтты: «Елiм аман, көңiлiм жаман,
Осындай бiр қасiрет бар-ды жана.
Жесiрлiк бiр атымды жауға алдырып,
Себеппен келiп тұрмын бұл араға».
Кемпiр айтты: «Ей, балам, ендi нандым,
Сырыңды iшiңдегi сен шығардың.
Жау қолына қойғанша жайтаңдатып,
Бар болса, жер жүзiнде тауып алғын.
«Ат—адамның қанаты» деген сөз бар,
Тiрi болса, қолға алып, пайдаланғын.
Жайнаған жай тасындай жас баласың,
Боларсың жұрт ағасы талайлардың».
Олжабай сөз сөйлейдi лебiз ашып:
—Анажан, сыр сұрастық ұшырасып.
Адамсыз көптi көрiп, көп жасаған,
Қарашы талығымды бiр бал ашып.
Балаға көңiл түсiп кемпiр ана:
«Мақұл» деп құмалақты қойды жайып.
Сөйлейдi құмалақта көргендiгiн:
—Туыпсың, әй, иә, балам, бақытың асып.
Бақытың зор, әй, иә, балам, дұшпаның қор,
Етпеген екенсiң ғой бұрында жол.
Бағана бiр топ адам кетiп едi,
Дұшпаның байқап қалдым екен ғой сол.
230
240
250

52
52
53
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Оңыңда қырық бiрдiң Қызыр сынды,
Бұл сапар, Құдай бiледi, болады жол.
Мен-дағы тiлеулеспiн, жолың болсын,
Қайыр қош, иә, шырағым, қош-аман бол!
Олжабай кемпiрменен амандасып,
Бұны естiп қабақат судай тасып:
Талас суын қыдырып Әулиеата,
Келiптi Тоқпақ, Пiспек бәрiн басып.
Атбасы тауын өрлеп, ыстықкөл мен,
Кезеңдi Әтеке келдi асып.
Аулына Әтекенiң келiп тұрса,
Тайкөк ат байлаулы тұр құп жарасып.
Олжабай атты көрiп iшi қайнап,
Садағын қолына алды ендi ыңғайланып.
Ауылға бейғам жатқан салды бұлiк,
Қолына алып жасыл туын «а, Құдайлап».
Қырғыздар бұл жұмыстан жаман сасып,
Бұлар да шығып жатыр тобын сайлап.
«Мың қарғаға бiр кесек» дегендейiн,
Ақыры қырғыздарды шықты айдап.
Әтеке өз көзiмен мұны көрдi,
Тоқтатып қырғыздарды, жауап бердi:
—Мұнымен ұрыспаңдар, тiлiмдi алсаң,
Бұл өзi күшiн сынап, жалғыз келдi.
Атын берiп, жөнiне қайтаралық,
Бiз-дағы бүлдiрмелiк бекер елдi.
Әтеке қорыққанынан Олжабайдан,
Құрметтi сөзiн айтып бұған ендi.
Әтеке сөз сөйлейдi Олжабайға:
—Иә, балам, кез боп қалдың осы жайға.
Талабың таудан үлкен, бақытың асқан,
Мен де жолдас болып ем бiрталайға.
Татулыққа, шырағым, дүние көп,
Таласпалық қырылып жалғыз тайға.
260
270
280

54
ТАРИХИ  ЖыРлАР
54
55
Достасып алысалық қолда барын,
Қоялық уағданы бiр Құдайға.
Олжекем осы сөзге ризаланып,
Дос еткен Әтiкенiң тiлiн алып.
Құрметтеп Олжабайды қанша қырғыз,
Батырдың ордасына түстi барып.
Достасып Әтеке мен ер Олжабай,
Жатыпты бiрнеше күн демiн алып.
Бiр тоғыз Тайкөк атқа және қосты,
Елiне қайтты батыр олжаланып.
Әтеке әрi досы, әрi аға,
Берiптi тоғыз кiсi жолдас жана.
Кейiнгi қолдан аман асып түсiп,
Барыпты аман-есен Тәшкен қала.
Қасында жолдасымен есендесiп,
Қайтарған қош айтысып сол арада.
Тәшкенде бiраз күндей сайран еттi,
Көрген жан Олжабайды қайран еттi.
Олжабай сол бетiмен төмен құлап,
Елiне Қарақалпақ келiп жеттi
Кез болып бiр қария осы жерде,
Жөн сұрап Олжабайдан жауап күттi.
—Руым орта жүзде Сырда жатқан,
Сүйiндiк—елiм, аты емес мақтан.
Қырғызда Әтекемен жекжат едiм
Бұл сапар жолым солай келе жатқан.
Ол адам сөз сөйлейдi жауап берiп:
—Иә, балам, сенi тұрмын тәуiр көрiп.
«Бiр жұрты ер жiгiттiң қайын» деген.
Бiр атты қайтпаймысың бiзге берiп.
Кел дағы жыл айналып, қызымды алғын
Уағдам тап осылай болсын берiк.
Олжабай оған айтты: «Сөзiме бақ,
290
300
310

54
54
55
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Қызыр қонған жiгiтке қонады бақ.
Бұл атты бере алмаймын бұл сапарда,
Осы ат болып едi бiзге аманат.
Қиянат аманатқа ете алмаймын,
Бұл сапар сiзге берiп кете алмаймын.
Аман болса кеп қалар тағы кезiм,
Мәнiсiн сұрасаңыз бiздiң жайдың».
Олжабай осы сөзбен жүре берген,
Аман-сау туып-өскен жерге келген.
Бөгенбай батыр кептi даңқын естiп,
Ерлiгiн Олжабайдың елi көрген.
Бөгенбай құтты болсын айта келдi,
Жас бала аралапты талай жердi.
«Үш жүзде Олжабайдан асар жан жоқ»,
Бөгенбай осылайша баға бердi.
Екi батыр дос болып құшақтасты,
Айбыны екi бағлан жұрттан асты.
Орта жүздiң ұраны жұрт ұйыған,
Ерген жас екеуiне судай тасты.
Олжабай Бөгенбайға қатты салмақ,
Бар едi сол заманда құба қалмақ.
Бiр жылы сол қалмақпен соғыс болып,
Сарысудың өзенiне түскен аңдап.
Олжекем шалқасынан ұйықтап жатса,
Барады бiр мезгiлде бой шымырлап.
«Олжабай шошыр ма екен жыланға» деп,
Бөгенбай қарап тұрды мұны барлап.
Бiр жылан үстiн басып, тiл шығарып,
Сол заман ауызына болды бармақ.
Олжабай бiлдi мұны хабарланып,
Енуге жылан келдi даярланып.
320
330
340

56
ТАРИХИ  ЖыРлАР
56
57
Аузына жылан басы енгенiнде,
Тiспен қырқып тастады басын алып.
Бөгенбай мынау iске қайран қалды,
Қасында Жанатайға айтты барып:
—Жанатай, саған сондай бiр iс болса,
Қалайша құтылар ең амал тауып?
Жанатай сөз сөйлейдi Бөгенбайға:
—Әруақ зор осы күнi Олжабайда.
Ондайлық қатер iске кез боп қалсам,
Етпеспiн қапелiмде оған айла.
Тәуке хан Құба қалмақ алған жеңiп,
Бiр-бiрiн қалмақ, қазақ тату көрiп.
Тәукенiң бұл күндерi жасы жетiп,
Қартайып кәрiлiкпен жатқан шөгiп.
Торғауыт қалмақ шығып сол заманда,
Қазақты күннен күнге кеттi жеңiп.
Абылай, Әбiлмәмбет заманында,
Қалмақтар жер шыбындай кеттi өрiп.
Қоңтайшы ол қалмақтың болған ханы,
Қазаққа сол уақытта тидi зары.
«Ақтабан, шұбырынды» заманында,
Қазақтың жауда кеттi көп мал-жаны.
Қоңтайшы бұл қазаққа зәрiн шашып,
Қазақ елi туған жерден босып-қашып.
Сырдың бойын қуалап қалың қалмақ,
Түркiстан, Ақмешiттi қалған басып.
Қазақтың ол заманда батырлары:
Қабанбай, Бөгенбай мен Олжабайы,
Сырымда Малайсары, Жанатаймен,
Өмiрлiк жолдас болған Жасыбайы.
«Дос болған ту ұстасып екi батыр»
Деп айтар Олжабай мен Бөгенбайды.
350
360
370
380

56
56
57
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Бөгенбай ол уақытта асқан батыр,
Болыпты өз елiне алтын шатыр.
Соғысып бiр жорықта Қоңтайшымен,
Қалмаққа салған екен заманақыр.
Қоңтайшы жеңiп жүрген одан бұрын,
Қазақта қастығы бар, ниет қырын.
Қалмақтың ортасына қырғын салып,
Алыпты Қоңтайшының екi қызын.
Қыз атын деп айтады: «лағба, лаба»,
ұқсаған екi сұлу күн мен айға.
Таңдауға түскенiнде екi қызды,
Бөгенбай былай деген Олжабайға.
—Олжабай, жасың кiшi, ақылың дана,
Бұл күнде олжа болды бұл қыз бала.
Қайсысын көңiлiң қалар, сiз алыңыз,
Олжа алғын қалауыңша бұл арада.
Олжабай Бөгенбайға ырзаланып,
лағбаны алған екен түрiн танып.
лаба қыз Бөгенбайға жар болыпты.
Өмiрдi өткiзiптi рахаттанып.
Солардан туған бала кейiн күнде
Жүрiптi «қалмақ» деген атақ алып.
Бөгенбай ол баланы алғаннан соң,
Дүниеге Саққұлақ деп бiр ұл келген.
Туыпты тағы бiр ұл Саққұлақтан,
Бөгенбай «Олжабай» деп атақ берген,
«Болсын,—деп,—Олжабайдай ел ұраны»,
Солайша Олжабайды артық көрген.
Баласы орта жүздiң арғын, найман,
Тәукеге заманында бақыт қонған.
Үш жүздiң балалары бiр қоныс боп
Барлығы Сырдың бойын мекен қылған.
390
400
410

58
ТАРИХИ  ЖыРлАР
58
59
Бас қосып арғын, найман бiр қоныста,
Олжекем орта жүзге ұран болған.
Сарысу, Арқа есiгi—Арғанаты,
Айдабол Төртуылды қоныс қылған.
Жайлауы—Нұра суы едi мұның,
Сала мен Домбыралы бетегелiм.
Моншақты Құланөтпес, Шiдертi өзен,
Сiлетi, Қарасеңгiр, Шалқар белiм.
Сапырып сары қымыз қаздай қалқып,
Шарықтап тамашамен жатқан елiм.
Батырдың Малайсары жөнi басқа,
Қайраты қайтпас, салса да қара тасқа.
«Өлген жерде өлелiк бәрiмiз» деп,
Бiр-бiрiн жау қолына тастамасқа.
Сол уақытта құба қалмақ Қалдан Шерiн
Қастасып қазақпенен мiнген атқа.
Зорлығы Қалдан Шерiн шектен асты,
Қырғындап қазақ елiн асып-тасты.
«Бұл қалмаққа бiр тыю салайын» деп,
Абылай хан батырлармен ақылдасты.
Сол уақытта батырлары Абылайдың
Уақ Баян батыр жауға айдын.
Балтакерей, Тұрсынбай, Бердiқожа,
Көкжарлы көкжал Барақ—бәрi дайын.
Сырымды Малайсары ескi батыр,
Барлығы басшы еткен Олжабайды.
Қаншалық көп ерлерiн ертiп алып,
Абылай Қалдан ханға қанат жайды.
Бұларсыз жауға Абылай аттанбайды,
Олар жоқта көңiлi шаттанбайды.
Елiне Қалдан Шерiн келiп түсiп,
Бiр жерден тауып алды жақсы жайды.
420
430
440

58
58
59
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Әскерiн түсiрiптi үшке бөлiп,
Үш түрлi үшеуiне атақ берiп.
Айтады: «Кезеуiлшi—бiрiншiсi,
Екiншi—тосқауылшы тәуiр, көрiп.
Үшiншiсi айтады салықшы»,—деп,
Олжабай жүредi екен соған ерiп.
Келгенiн Абылайдың Қалдан бiлдi,
Ой ойлап: «Соғыссам,—деп,—неше түрлi».
Жасанып жан-жағының бәрiн жиып,
Қазақпен қарсыласып бұлар тұрды.
Аттанып Абылайдың батырлары,
Екi жақ есебi жоқ қырылады.
«Қазақты бұл өнермен алмаспыз» деп,
Қалмақтар дарбазаның құлпын алды.
Кеш түсiп сол заманда уақыты болып,
Батырлар мекенiне қайта барды.
Қазақтың батырлары сондай мықты,
Ол күнi қанша қалмақ қырылыпты.
Абылай сонда тұрып батырларға
Бiр күнi «іс еткiн» деп бұйырыпты.
—Сөз тыңда,—деп айтады,—Малайсары,
Ел үшiн құрбан,—деген,—ердiң жаны.
Бердiқожа, Көкжарлы Көкжал Барақ,
Қақпаны қиратыңдар қаптап бәрiң.
Бұл iстi қабыл көрiп тамам батыр,
ұмтылды оқ жаудырып садақтардан.
Қалыпты Малайсары жараланып,
Белiнен оқ тиiптi қаны ағып.
Олжабай Малайсары халiн көрiп,
Отыр едi жолдасына қапаланып.
Сонымен өз қосына алып барып,
Қойыпты дәрi жағып, белiн таңып.
450
460
470

60
ТАРИХИ  ЖыРлАР
60
61
Атына екi жақтан қамшы ұрып,
Бiр қалмақ келдi дағы жалғыз шауып:
—Олжабай, қамал бұзған батыр деушi едi,
Қатындай қашып жүрсiң мұнда не қып?
Қалмақтың сөзiн естiп,
Олжабай атқа мiнедi.
«Әруақ, маған жар бол» деп,
Пiрiнен медет тiледi.
Тайкөктi тайдай ойнатып,
Тор көз сауыт жайнатып,
Қолына алды ыңғайлап
Алтынды садақ, жебенi.
Артық туған Олжабай
Абылайға келедi.
«Туды маған бергiн,—деп,—
Қайратымды көргiн» деп,
Қолында алмас беренi.
Бере салды Абылай,
Ешбiр жауап демептi.
Мылтықтан түтiн тұман боп,
Қақпаға жетiп келедi.
Абылайдың ақ туын
Қолына батыр алып тұр,
«Олжабайлап» оқ атып,
ұранын айтып салып тұр.
Барлық қазақ жабылып,
Өкпелерi қабынып,
Қалмақтарға оқ атып,
Қыран-топан салып тұр.
Қалмақ тұрған қалаға
Асырып атқан оқтары
Бұршақтайын жауып тұр.
Ақиқат сөз бұл өзi,
Iшiнде жоқ мақтаны.
Басқасымен жұмыс жоқ,
480
490
500
510

60
60
61
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Келе салып Олжабай,
Бүкiрмен шапты қақпаны.
Есi шығып қалмақтар,
Олжабайды атқаны.
Батыр туған Олжабай
Сонда дағы саспады.
Атқан оғы қалмақтың
Олжабайдың қолына
Тиiп, өтiп кетпедi.
«Қақпасын бұзып өтем,—деп,—
Мұратыма жетем» деп,
Қалмаққа сондай өшiктi.
Оқ тигенiн бiлген соң:
«Алды қалай болады,—деп,—
Туды маған бергiн» деп,
Тұрсынбай батыр жетiптi.
Мақұл көрiп Олжабай,
Тұрсынға туды берiптi.
Бiр қақпаға таласып,
Қақпаның бұзып бiр жағын,
Қалаға қазақ енiптi.
Қорған толған көп қалмақ,
Ашылып есiк қалған соң,
Шыбындай өрiп келiптi.
Қалмақ, қазақ қосылып,
Қызыл қаны жосылып,
Бiр зор қырғын көрiптi.
Аянбай соғыс еттi атпен шауып,
Оқ тиер деп асылында етпес қауіп.
Қылыштасса, қырылмай жан оңа ма,
Талай қалмақ қалыпты қырғын тауып.
Екi күн соғыс болды бiр күн тынбай.
Соғыста қарап тұрмас қылыш ұрмай.
Астында сары қасқа атқа садақ тиiп,
Сол жерде жаяу қалды хан Абылай.
520
530
540

62
ТАРИХИ  ЖыРлАР
62
63
Қалмақтар қаптап кетiп байлап алған,
Олжабай бiр жақ шетте абайламай.
Қалмақтар Абылайды кеттi алып,
Қазақтың басына бiр қайғы салып.
Олжабай Абылайынан айрылғанға
Қапа боп тұра алмады қатуланып.
Қара Ертiстiң бойында қалмақтарға
Сол күнi қырғын салды қайта барып.
Олжабай соғысады намыстанып,
Ақырып арыстандай ойран салып.
—Абылайдан айрылған қазаққа өлiм,
Қалайша ел-жұрт болмақ, онан қалып?!
Абылай қолға түстi қайран ерiм,
Ол кеткен соң сынады менiң белiм.
Жасымнан «Олжабай» деп атым шығып,
Қайтып көрем Арқаның ендi жерiн?!
Абылайдан аяған жан неге керек,
Не бүгiн Абылай азат, не бiзге өлiм.
Қайырылды Абылайдай ағасына,
Қайраттың түстi Олжабай сабасына.
Қақ жарып қалың қолды сол уақытта
Барыпты Қалдан Шерiн ордасына.
Оқ атып темiр қақпа бұзса дағы,
Қалмақтар жiбермедi арасына.
Олжабай жүрсе дағы қырғын салып,
Қалаға енгiзбептi мың сан халық.
Қалмақтың бiр батыры Шарыш деген
Бұрыннан атақ алған мағлұмданып.
ұрыста Олжабайға тура келiп,
Шабыста қайтқан екен байлап алып.
Шарышты ер Олжабай байлап алды,
Онан соң өз қосына қайтып барды.
550
560
570

62
62
63
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Қайғырып Қалдан хан да батырына,
Сонымен Олжабайға кiсi салды.
«Сәлем де Олжабайға, ердi берсiн,
Сөзiме достық айтқан шындап сенсiн.
Көнбесе бұл жауапқа батыр болса,
Жекпе-жек соғысамын, өзi келсiн.
Қорықса ұрысуға менiменен,
Кiсiмдi берсiн дағы кете берсiн».
Осылай келген кiсi айтып отыр:
—Бұл сөзге, ей, Олжабай, сен не дерсiң?
Олжабай күйiнедi мына сырға,
Сөйлейдi қаһарланып қалмақ сұмға:
—Қашатын қатын емен айтқан серттен,
Қалдан Шерiн қалауынша келсiн мұнда.
Ол қалмақ осы сөзбен кеттi қайтып,
Көргенiн Олжабайдан бердi айтып.
Қалдан да қаруланып, қатуланды,
Көрмеген дұшпанынан бетi қайтып.
Қалдан хан келдi сонда майдан жерге,
Дұшпанын ерегескен көзi көрдi.
Қалдан айтты: «Ей, Олжабай, қапы қалма,
Қолымнан сендейлердiң талайы өлдi».
Қалданның осы сөзiн ұғып тұрды,
Садақтың жез айылын һәм суырды.
Олжабай шауып келiп атқанында,
Мылтығын Қалдан ханның талқан қылды.
«Өмiрде мұндай атқыш бола ма?» деп,
Қалдан хан осылай бiр айтты сырды.
—Олжабай, кеше сенi көрiп едiм,
Ерлiгiңе шын баға берiп едiм.
Жан батпаған қақпаны бұзып-жарып,
Қатты ұрысып қалаға кетiп едiң.
580
590
600

64
ТАРИХИ  ЖыРлАР
64
65
Ойлап едiм: «Қақпа бұзған қандай қазақ?»
Сындырып мылтығымды, салдың азап.
Қан төгiскен қырғынды бiз қояйық,
Арамызда татулық жүрсiн ұзақ.
Ат бердi алтын жауып, бiр арғымақ,
Достасып болмақ қылды жақсы талап.
Дүниеде татулықпен тұрмақ болып,
Серттесiп, ақ мылтықтың аузын жалап.
Олжабай қайтып алды Абылайын,
Қалдан Шерiн бiлiптi батыр жайын.
Қалмақтың батырын да қайтып бердi,
ұзайтып басқа сөзбен не қылайын.
Олжабай олжалы боп қайтты елiне,
Жан көрiнбес батырдың бiр өзiне.
Жасыбай, бәсентиiн, таз руы,
Жас батыр бiрге жүрген өмiрiнде.
Осындай Олжабайға бақыт қонған,
Қошемет келiп жатыр оң мен солдан.
Атқан оқ Олжабайға тимеген соң,
Абылай «Қужарғақ» деп атын қойған.
«Бақыты асқанның басына таяқ тимес»,
Дұшпанға ерегескен салады ойран.
Олжабай өз елiне келгеннен соң,
Орта жүз «он сан» болып тойын қылған.
Орта жүздiң қуанып барлық елi,
Қадiрлеп алдырыпты Едiгенi.
Олжабай орта жүзге ұран болып,
Бастады осылайша әңгiменi.
Барлық ел қойдай шулап бата қылып,
Сары ала туды берiп белгiледi.
Олжабай, Бұқар жырау, Едiгемен,
Мұнан жоқ орта жүздiң өтер ерi.
610
620
630
640

64
64
65
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
«Ақтабан, шұбырынды...» заманында
Айтайын бiр хадиса әңгiменi.
«Ақтабан шұбырынды...» заманында,
Қазақтың қоныс таппай қалғанында.
«Қазаққа қоныс тапсам,—деп айтады
Олжабай,—шыбын жаным аманында».
Арқаның барлық жонын аралады,
Едiл мен Жайық, Ертiс аралары.
Есiл мен Алтай тауы, Арғанаты,
ұлытау, Сарысу мен шамалады.
Бұл жердiң қыры—киiк, ойы—балық,
Көргеннiң сүйсiнедi шыбын жаны.
Мың жылқы жатса дағы көрiнбейдi,
Жаз жайлау, қыс қыстауы, жалғыз сайы.
Күрең түс бетегеден ат жүрмейдi,
Көрiнген құр аттай боп құлын-тайы.
Аралап ер Олжабай бәрiн көрдi,
Тауына Баянаула тағы келдi.
Бетегеден ат жүрмес сондай шүйгiн,
Бұл жердi талай жерден тәуiр көрдi.
Көкшетау, Қарқаралы, Өлеңтiмен
Шiдертi ұзын аққан өзендерi.
Бес ата қоныс етiп осы жердi,
Жанқозы, Малқозы мен Қоңырбелдi.
Қыстауы болды сонда Баянтауы,
Қалмақ боп тұр қазақтың сонда жауы.
Жаз жайлауы Ерейменнiң сырт жағында,
Құланөтпес, Қушоқы деген тауы.
Сән-салтанат, сәулетi сондай артық,
Бетеге, қарақияқ көздiң жауы.
Көрiнбес жатқан жылқы шыққан шөптен,
Оралған бiр ыңғай боп бие бауы.
5-205*
650
660
670

66
ТАРИХИ  ЖыРлАР
66
67
Нұраның өзенi аққан саласында,
ұлытау, Ортатаудың арасында.
Өлеңтi, Шiдертiнiң өзендерi
Алакөл құйылады сабасына.
Сапырып сары қымыз сансыз жылқы,
Орта жүз орда болған баласына.
Сол уақта құба қалмақ қайта жау боп,
Бiр жанжал түскен екен арасына.
Әмiрсана қалмақ қашып өз елiнен,
Жүрiптi Абылайдың панасында.
Олжабай Қоңтайшының қызын алған,
Туысқан жақын екен о басында.
Әмiрсана жүрген екен қашып келiп,
«Олжабай—күйеуiм» деп, жақын көрiп.
Күңгiрлек кезеңiне қол қаптады,
Сол жерде барлық ел де тұрды бiлiп.
Iшiнен жетi кiсi бөлек шығып,
Аулына Олжабайдың келдi жүрiп.
Қалмақтар сөз сөйлейдi Олжабайға:
—Тыныштық сiз бен бiзге болар пайда.
Сұратты Әмiрсанды құба қалмақ,
Сонымен келiп тұрмыз осы жайға.
Достық етсең, бересiң Әмiрсанды,
Олжабай қай жақ пайда өзiң ойла.
Бермесең, тiрi болып кетер жан жоқ.
Бүгiннен соғысатын майдан сайла.
Олжекең бөгелген жоқ көп сөз ойлап,
Қызарып екi көзi оттай жайнап:
—Әмiрсана—жар түбiнде жетiм тоқты,
Қолымнан бере алмаймын оны байлап.
Осындай бiр-бiрiне қарсы келiп,
Батырдың ойларына түстi желiк.
Қалмақтар өз қосына қайтып барып,
Жау сұрын бiр-бiрiнiң анық көрiп.
680
690
700

66
66
67
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Сұрала туын алып ер Олжабай,
Шақыртты ел-жұртын, хабар берiп.
Атқа мiндi Олжабай,
Қолына жасыл ту алып,
Жауатын күндей сұрланып,
Түсi қашып қуарып,
Алмастай соққан ақ семсер,
Заһарға салып суарып.
Қырық жiгiт қырланып,
Жасыбай батыр ырғалып,
Асып туған Олжекең,
Алтынды садақ бәрi жай,
Тайкөк деген тұлпарға
Мiндi сонда оңданып.
Батыр туған Олжабай
Сиынып жаппар Құдайға,
Жай тасындай жайнатып,
Уаң
*
 тұлпарды ойнатып,
—Әмiрсанды бергiн,—деп,—
Қайратымды көргiн,—деп,
Шықты қалмақ бiр қырға.
Шiдертiнiң басында,
Күңгiрлектiң тасында,
Арыстандай ақырып,
Олжабай барды сонымен
Қалмақтардың қасына.
Садақтың алды астына,
Шоқпар ұрды басына,
Қарсыласты қалың қол,
Дұшпандық деген осы да.
Бiр-бiрiне қатыспай,
Ақты бiр қандар жосыла.
Бақыты зор Олжабай,
Сондайлық тұрса оқ жауып,
Тимейдi садақ басына.
710
720
730
740

68
ТАРИХИ  ЖыРлАР
68
69
Қамданып келген қалмақтар
Қайтар емес соғыстан,
Бұлт орнаған таудай боп,
Бiрiне-бiрi тоғысқан.
Өлгендердiң саны жоқ,
Қызыл қанға шомылып,
Тамаққа тойған сауысқан.
Ат бауырын қағыпты
Қалмақ, қазақ хандары.
Бiр-бiрiмен салысып,
Жараланған таңдары.
Он күндей ұдай ұрысып,
Аянбастан қырысып,
Көптiгiмен қалмақтың
Қазақтың кеттi сәндерi.
Жара түсiп тәнiне,
Өзi сенбей әлiне,
Қазақтың кеттi әлдерi.
Бұл қалмақты жеңе алмай,
Қызығын қашқан көре алмай.
Қанша қазақ қырылып,
Жолдасына сене алмай.
Жаратқанға жалынып
Жылады сонда Олжабай:
—Қор қылмағай дұшпанға-ай,
Жаратушы бiр Құдай.
Нағашым едiң үйсiнде,
Қуат бергiн, Қаратай.
Өмiрде бетiң қайтпаған
Жар бола гөр, Бөгенбай!
Орта жүзге ұран боп,
Абыройым кеттi ме,
Қамдана гөр, Жасыбай!
Қашпаған соң қалмақтар,
Олжабай батыр сасыпты.
Шақырып әруақ сиынып,
750
760
770

68
68
69
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Көзiнiң жасын шашыпты.
Әптиек айтып Олжабай,
Мінәжат Хақтан сұрады.
Тайкөктiң тартып тартпасын,
Толғап мойнын бұрады.
Жасыбайды қасына ап,
Ендi қырғын салады.
Шiдертiнiң басында
Қатты соғыс болады.
Олжабай тартты садақты,
Рүстемдей талапты.
Он бiр күндей шабылып,
Тайкөк деген тұлпары
Жолбарыстай жарапты.
Қашты қалмақ сол кезде,
Ойдағы тастап талапты.
Көш жолымен шұбырып,
Есепсiз қалмақ қырылып,
Баян тауын жанапты.
Қалмақ ендi бiр сайға
Садақты қардай боратты.
Атысты сайға тығылып,
Оқтан жатыр қырылып,
Өзен өрлеп шапқанда,
Қайқайып садақ тартқанда,
Қалмақтың тиiп бiр оғы
Жасыбай қалды жығылып.
Астындағы Қоянкөк,
Қайта тұрды, сүрiнiп.
Атының жалын құшақтап,
Кейiн қайтты Жасыбай
Пiрлерiне сиынып.
Жасыбайдан әл кеттi,
Жалғыз жүрiп Олжабай
Қалмақтарды дендептi.
Баян таудың iшiнен
Қуып шықты қалмақты,
780
790
800
810

70
ТАРИХИ  ЖыРлАР
70
71
Қашқан жаудың соңынан
Мылтық оғын зымыратты.
Қалың қазақ бiр сергiп
Қалмақтан иығын босатты.
Шiдертiнiң басынан
Қалмақ қашты құйылып.
Өлген қалды далада,
Қорым тастай үйiлiп.
Бiр сергiдi қазақтар,
Дүние тауып сүйiнiп.
«Қалмаққырған» атанды
Сондағы жүрген жерлерi.
Баянтаудың көлдерi,
Қоңыр салқын белдерi.
Қара Ертiстi қаптатып,
Қалмақты атқа таптатып
Бiр сын болды қалмаққа
Алтай таудың белдерi.
Олжалы болып ұранды ел,
Орта жүздiң ерлерi.
Алтай таудан әрi асып,
Артын бағып қарасып,
Елiне қайтып жөнелдi,
Қалмақтың сынып белдерi.
Қалмақты таудан асырып,
Дұшпанын елден қашырып,
Өлiгi қалды қалмақтың
Бiр адырды жасырып.
Оқ жыландай орғытып,
Тайкөк атты Олжекең
Тобылғыдай қатырып.
Орта жүздiң ұраны,
Олжабайдың әруағы
Жаһанға кеттi шашылып.
Олжекең елге келдi қайта айналып,
Ерлiгi орта жүзге болған қанық.
820
830
840
850

70
70
71
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Ел қорыған ерлерге өлшеу бар ма,
Жатыпты соныменен бiр дем алып.
Ал тағы бiр әңгiме басталады,
Халайық, тыңдаңыздар құлақ салып.
Құба қалмақ тұсында тыным бар ма,
Ерлердi қобалжытқан неше айналып.
Сақау ақын айтады екен бұл сөздердi,
Солардан жеткен мирас бiзге қалып.
Олжабай орта жүзде ту ұстаған,
Балапан тұйғын құстай құныстанған.
Қолының қоспасынан оқ тисе де,
Ту ұстаған жерiнен жылыспаған.
Осындай дәурен кешкен ер Олжабай.
Дұшпанын ерегескен ала берген.
Арқаның айдын шалқар даласында
Олжабай ойнай-күлiп қызық көрген.
Бiтiрiп дау-жанжалды жұрт iшiнде,
Қарамай жақындыққа төре берген.
«Олжабай есен болса, ел аман» деп,
Абылай осылайша оған сенген.
Олжабай болған едi шарапатты,
Ел-жұртына көрсеттi рахатты.
Жасанып отырады күндiз-түнi,
Күрмелеп байлап қояр Тайкөк атты.
Жағалап Ертiс бойын қалың қалмақ,
Арқада қазақтарды тағы шапты.
Әбiлмәмбет елiне қалмақтар кеп,
Бiр күнi байқаусызда қырғын тапты.
Бектерi келген сайын елдi шауып,
«Ел екен» деп етпептi биттей қауiп.
Сырын деген қалмақтың батыры бар,
Қазақтар қала берген қырғын тауып.
860
870
880

72
ТАРИХИ  ЖыРлАР
72
73
Ел болып ақылдасып, басты қосып,
Бiр күнi Олжабайға барған шауып.
Атқа мiндi Арқадан
Орта жүздiң баласы.
Қалмақтан келiп қалың қол,
Жыртылған соң жағасы.
Тоғыз күндей соғысып,
Келмеген соң шамасы:
«Олжабайға барсақ,—деп,—
Етекке басты салсақ,—деп,—
Келедi жұрттың ағасы.
Қалмақтан жеп таяқты,
Халқының кетiп мазасы.
Орта жүздiң ұран ед,
Толыбайдың баласы».
Қос атпенен шапқыншы
Олжабайға келiп тұр.
Жайын айтып басынан,
Көздiң жасын төгiп тұр.
—Бiзге қалмақ жау болып,
Жазаны жұртқа берiп тұр.
Тiлегенiң, Олжеке,
Орта жүздiң баласы.
Алдыңа келген туғанның
Арызын тыңдап қарашы.
Елiмiздi жау шауып,
Қызыл қанға бояды
Бұл Ертiстiң жағасын.
Сырын деген бiр қалмақ
Бүлдiрдi келiп жұртыңды.
Сарыарқаны шаңдатып,
Жылқыға салды қиқуды.
Күнде келiп шабады,
Бұзып тұр сүйтiп ұйқыңды.
Ажыратқан ажалдай
Қалмақ деген көп халық
Кетiрiп барады сиқымды.
890
900
910

72
72
73
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Олжекем бұл хабарды естiп қанды,
Орғытып Тайкөк атқа мiнiп алды.
 Өмiрлiк жан жолдасы қырық жiгiт,
«Дабыл» деген дауысын бiр шығарды.
«Жау шапты елiмiздi» дегеннен соң,
Сауытын дулығамен киiп алды.
«Затсыз қалмақ қайда,—деп,—ел шабатын»,
Олжекең Ертiстi өрлеп тұра салды.
Қалың найман соғысқан бұдан бұрын,
Жау алудың бiлмеген тiптi ебiн.
Қалмақтар өз бiлгенiн iстеп жатқан,
Қазақтар көрген жаудан күнде шығын.
Бәсентиiн Сырымбет Олжабайға
Баяндады қалмақтың iшкi сырын:
—Сырын деген батырға кез боп тұрмыз.
Қайратты бiр антұрған екен зұлым.
Мен бұған таппай тұрмын ешбiр айла,
Көрiнсем деп ойлап ем осындайда.
Қалмақтың көптiгi сол қарағайдай,
Бекiнiп бұл Ертiстi жатыр сайда.
Естiп бiлдi Олжекең
Қалың найман жауабын.
Дулығаның сыртынан
Баса кидi телпегiн.
«Қор етпе,—деп,—дұшпанға»,
Пiрден медет сұрады.
Белде қылыш найзамен,
Жез айыл берен садақ-ты.
Қырық жiгiт қырындап,
Етек-жеңiн түрiнiп,
Қалмаққа қойды ендi атты.
«Олжабай» деп ұрандап,
Ертiстiң бойын шаңдатты.
Қарсыласып қалмақпен,
Мылтық, садақ зырлатты.
920
930
940
950

74
ТАРИХИ  ЖыРлАР
74
75
Қалмақ деген зәнталақ
Қырық жiгiттi көрген соң,
Жиылды бұл да анталап.
Екi ғасыр қосылып,
Қызыл қанға жосылып,
Бiрiн-бiрi паршалап,
Қалмақ-қазақ екеуi
Араласып кетiптi.
Ажалдыға оқ тиiп,
Қазасы сол күнi жетiптi.
Тайкөкпенен Олжабай
Суда жүзген жайындай,
Қақ жарып iшiне өтiптi.
Мылтықтан түтiн тұман боп,
Бiрi—айдаһар, бiреуi—
Жылан болып кетiптi.
Шоқпарлары күрсiлдеп,
Ат тұяғы дүрсiлдеп,
Найза, қылыш үнi жоқ,
Жарқ-жұрқ етiптi.
Олжабай мен Сырынның
Бiр келмедi кездерi,
Қызыл қанға толыпты,
Батырлардың көздерi.
Сайдан ақты қызыл қан
Қалмақтың өлген жерлерi.
Кешке шейiн соғысып,
Бiрiн-бiрi жеңбедi.
Күн батқан соң соғыстан
Барлығы да тарады.
Барабанын қағады—
Жаудағының жауабы.
Өз қосына барған соң,
Қазақтарды санады.
Екi жүздей қазақтан
Отыз бопты сол күнi,
Соғыста өлiп қалғаны.
Қалмақтан ешбiр хабар жоқ,
960
970
980
990

74
74
75
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Тауып алып өлгенiн,
Апарып отқа жағады.
Түнiменен Олжабай
Қайғыланды қамығып,
Iшпептi тамақ терленiп,
Қалмақтың бетi қайтпады.
«Жеңбедiм,—деп,—не қылып?»
Сарғайып таң атқаннан, 
Қалмақ бейқам жатқанда
Жөнелдi ерiң шабынып.
Қарамады Олжабай
Қазақтың қалған қолына.
Тайкөкпен тау асып,
Бiр сайдың түстi жолына.
Қалмақтың артын айналып,
«Бiр түссем,—деп,—соңына»,
Ертiс суын жағалап,
Көп ағашты паналап,
Шықты сүйтiп оңына
Сары ала туын жайнатып,
Бiр кезеңнен Олжабай
Шыға келдi тұйғындай
Тайкөк атты ойнатып.
Шақырлап сулық шайнатып,
Шашақты найза қолға алып,
Жұлдыздай көзiн жайнатып,
Барабан соғып ұрысқа,
Шығамыз деп қалмақтар
Отырған асын қайнатып.
Олжабайлап ұрандап,
Қалмаққа тидi сонымен,
Садақ, мылтық зырлатып.
Жер астынан жау шығып,
Босатты қалмақ жосынын.
Сасқалақтап қалмақтар,
Етiгiн басына киедi,
Атқа терiс мiнедi.
«Қылышым» деп садағын,
Салбырата iледi.
1000
1010
1020
1030

76
ТАРИХИ  ЖыРлАР
76
77
Сабыры кеткен қалмаққа
Олжабай сүйтiп кiредi.
Асып туған Олжабай
Ойлады сонда айланы.
Шiренiп тартып садақты,
Елдi аузына қаратты.
Сансып жатқан қалмақты,
Жеке жүрiп жайғады,
Түске шейiн соғысып,
Қазақ та келдi болысып.
Қалмақтың кетiп сәндерi:
«Болмады,—деп,—жолымыз,
Олжабай болды сорымыз,
Қашып соғыс қылам» деп, 
Бұзылды қалмақ ойлары.
Бiр топ қарға iшiнде
Бүркiттейiн ойнады.
Бестау, Сырымтауынан
Қалмақты қуып асырды.
Бiр өзi көпке төтеп боп
Түсiрген соң жасылды.
Бiр кезеңнен асқанда
Қиялап жартас, шатқалды,
Сонда көрдi Олжабай
Сырын деген асылды.
Сырын менен Олжабай
Қарсыласып алысты,
Қарсы найза салысты.
Екеуi де атақты ер
Бiрдей ойлар намысты.
Бiр-бiрiнiң басына
Шоқпар жатыр ұрылып,
Бiр-бiр салып өтедi,
Қайта айналар бұрылып.
Олжабай шапты қылышпен,
Сырын ердiң сол кезде
1040
1050
1060

76
76
77
ОРТА  ЖҮЗ  ОлЖАБАй  БАТыР
Бiр қолы қалды жұлынып.
Қашты қалмақ сонан соң,
Атқа қамшы ұрылып.
Қия жол қалың шатқалда
ылдилап төмен шапқанда,
Жан аямай қашқанда,
Бiр тас қағып тiзесiн,
Қалды Сырын жығылып.
Құтылмасын бiлген соң,
Олжабайдан өтiнiп,
Қол қусырып Сырын ер
Құлдық еттi иiлiп.
—Жан сауға,—дедi,—батырым,
Бар емес пе ақылың?
Қолға түстiм қолыңмен
Байқайын iстiң ақырын.
Сол жерде Сырын ердi байлап алды,
Өзiнiң тұлпарына мықтап таңды.
Қырғыннан қалған қалмақ көп еңiреп,
Тоз-тоз боп елiне кетiп қалды.
Ер жiгiт ел-жұртының ырысы ғой,
Жаудан қорғап және де олжа салды.
Басқа да елде батыр толып жатыр,
Арада жер мен көктей парқы бар-ды.
Ерлiгiн Олжабайдың көзi көрiп,
Бәсентиiн Сырым батыр сөз шығарды.
Көп алғыс айтып едi Олжабайға:
—Бақытты бала туса, елге пайда.
Он күндей бiз соғыстық бұл қалмақпен,
Бiтпедiк олжаланып жалғыз тайға.
Олжабай екi күндей араласып,
Қалмақты қырып бiттi жалғыз сайда.
Нағашың Қаратайға тартыпсың-ау,
Ол ер де сұмдық едi осындайда.
1070
1080
1090
1100

78
ТАРИХИ  ЖыРлАР
78
79
Олжабай сөз сөйлейдi Сырымға:
—Оқ тимес ажалсызға жүрсе қайда.
Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз,
Сырым-ау, бұрынғының сөзi қайда?
Осыны Олжабай ер сыйға алғын
Сырыңды өз қолыма қайтып берiп,
Ашуды ойыңыздан һәм шығарғын.
Осылай Қалдан Шерiн хатты бердi,
Елшiсi Олжабайға бiр күн келдi.
Сөздiң жөнiн бастан-аяқ естiген соң,
Олжекең барлығын да қабыл көрдi.
Сырыңды байлауынан босатады,
«Бiз дағы барамыз» деп қоштасады.
Босанып Сырын батыр кеткеннен соң,
Қуанып ел-жұртына жол тартады.
Олжабай қырық жiгiтпен шықты жолға,
Бармақ боп, шақырған соң Қоңтажыға.
Қанша жан қарсы шығып қарсы алдынан,
Қалдан хан сый көрсеттi ер Олжаға.
Олжабай күйеу болып сонда жатты,
Өткiздi ойын-сауық салтанатты.
Той тарқап, тамашасы бiткеннен соң,
ұзатты Тименсайын перизатты.
Қырық қыз, қырық жiгiт пен тоқсан қара ат,
Тағы да тоқсан боз ат сыйға тартты.
Алты қанат ақ орда бiр үйменен
Олжабай қуанышпен елге қайтты.
1110
1120
1128

78
78
79
Сөйлейiн бiразырақ өткендерден,
Қазақтар Сыр бойында жүрген едi.
Қазақтан жиырма бір батыр шығып,
Хан көтердi Абылайды.
Абылай билеп тұрды дәл сол кезде,
Жауынгер болды қазақ көрер көзге.
Алмаққа Сарыарқаны даярланып,
Қырық батыр сол уақта жаһан кездi.
Соғысқа даярланды хан Абылай,
Қалмақтар Сарыарқаны бере ме жай!
Абылай батырларын жiбередi,
Қалмақтан тартып алмақ Сарыарқаны-ай.
Жөнелдi қырық батыр Сырдан өтiп,
Қалмақты қуалады дүркiретiп.
Қалмақтар қырық ерге шыдай алмай,
Орталық Ерейменге келдi жетiп.
Ол кезде қалмақ ханы Қалдан Шерен,
Бермеске о да ойлады тұрған жерiн.
Жинап ап барлық жайсаң батырларын
Айтады Қалдан Шерен iштiң шерiн.
Iнiсi Қалдан Шерен Сару батыр,
Жиналып батыр, билер келiп жатыр.
Қазақпен соғысуды ақылдасып,
Әрқайсысы өз бiлгенiн айтып жатыр.
Олжабай және 
қырық батыр
10
20

80
ТАРИХИ  ЖыРлАР
80
81
Айтады Қалдан Шерен: «Соғыспайық,
Қазақтар алып қойды Едiл-Жайық.
Екпiнi қазақтардың аса жаман,
Кетейiк Сарыарқадан бiздер тайып».
Әй, халқым, мен айтамын сендерге ақыл,
Қазақтың қырық ерi келдi жақын.
Келедi бойға сенiп бұл қазақтар,
Халқым-ау, айырамын мұның парқын.
Келедi бойға сенiп бұл қазақтар,
Ал, бiздiң оған қылған не жазық бар.
Мақсаты—Сарыарқаны бiзден алу,
Iшiнде Олжабайдай батыры бар.
ұрысты бiз қояйық қазақтармен,
Бiздiң де күшiмiз бар, немiз кем?
Қорқамын жалғыз жүрген қасқыр адам,
Жүредi сондай жалғыз бойға сенген.
Мiнгенi қазақтардың қара көк пе,
Соғысып, шамаң келмес, құр қан төкпе.
Онан да елшiменен бiтiсейiк,
Шыдатпас ер Олжабай жекпе-жекте.
Ал сонда, Сару батыр сөз сөйлейдi:
—Еш уақыт мұндай сөзге көнбен,—дейдi.
Олжабай—жалғыз басты о да адам
Онан мен де батыр кем бе?—дейдi.
Қартайдың туған ағам Қалдан Шерен,
Соғыспай бере алмаймын туған жерiм.
Қазақтың қырық ерiн жалғыз қырам,
Қазақтың қанша болса да көп әскерiн.
Соғысқа өзiм барам қолды бастап,
Алдымен Олжабайды алам ұстап.
Сегiз мың маған қазiр қол жина,—деп,
Ағасын Қалдан Шеренді тұрды қинап.
30
40
50

80
80
81
ОлЖАБАй  ЖӘНЕ  ҚыРыҚ  БАТыР
—Тiлiмдi ал осы жолы, iнiм Сару,
Күшiң де мол, бәрi де сай барлық қару.
Болсаң да қандай күштi, шамаң келмес,
Қол сермеп оқ жетпеске ойды бұру.
Тiлiмдi ал осы жолы, Сару, тоқта,
Бойға сен қарамайсың өзiң жоқта.
Боласың осы жолы өзiң жазым,
Сен босат Сарыарқаны, сөздi ұқ та.
Сол кезде Сару батыр ашуланды,
Сегiз мың өңкей батыр жинап алды.
Шат болып «Қазақтарды қырамыз» деп,
Тауына Шүршiтқырған бұлар барды.
Жиналды Шүршiтқырған қалмақ қолы,
Болжаусыз қазiргiнiң болмақ сөзi.
Көптiкке Сару батыр мақтанады,
Сарудың ажал айдап келген жолы.
Сол кезде қазақ қолы тауда едi,
Қалмақтың қалың қолын бұлар көрдi.
Көрген соң қара құрттай жер қайысқан,
Таңырқап қырық батыр қарап тұрды.
Алады қару-жарақ қазақ сайлап,
Әр батыр көп ойланды жанын ойлап.
Қан қашып, жүрек қорқып, сұп-сұр болып,
Қарайды тастан бұғып бойлап-бойлап.
Қырық ер таң қалады жауды көрiп,
Бiр-бiрiне жан қиятын болған серiк.
Соғысқа жүрек тайқып бата алмай тұр,
Бұл жолы қыла алмай тұр жауға ерлiк.
Бұл жолы бата алмады ерлер қазақ,
Жаулар көп, хан Абылай, бiздер аз-ақ,—
Деп айтып, көп батырлар шаба алмай тұр,
«Боламыз құр текке,—деп,—жауға мазақ».
6-205*
60
70
80

82
ТАРИХИ  ЖыРлАР
82
83
Олжабай iшi күйiп, ойлайды ойды,
Бiр ауыз жолдастарға сөздi қойды.
Қылкөктен жерге түсiп, айыл тартты,
Бекiнiп мықтап буып өзi бойды.
Абылай бiлдi ерлер қорыққанын,
Сұп-сұр боп, тартты iшке қызыл қанды.
—Тағдырдан адам қашып құтылмайды,
Қай адам ұстап қалар қолға жанды?
Ерлерiм, бұл тұрыста қандай мән бар,
Сiздерге болып тұр ма дүние аз?
Әрқайсың он мың жаудан қорықпайтынсың,
Аламыз осы жауға қорықпай бар.
Қорықпа жаудан, ерлерiм,
Жау болғанмен ерi кiм.
Баласы қазақ қамы үшiн
Әр жаққа қолды сермедiм.
Сендер ең менiң қуатым,
Дұшпандық сiздерге термедiм.
Беттемей жауға тұрсыздар,
Ондай iс бұрын көрмедiм.
Соғыспай жаумен қайтқаннан
Артық менiң өлгенiм.
Жалғыз да болсам барамын,
Тiзе ашпай бәрiң шабыңдар.
Көтерiңкi көңiлiм,
Айныса жүрек, жау алар,
Айнымай, жауға шабыңдар.
Сiздерге берген сенiмiм
Осы жауды алыңдар.
Ақ беттi жаудан қайтармай,
Сiздер ғой менiң сенгенiм,
Сарыарқаны алайық,
Қынына қылыш салайық.
Қазақтарға қоныс қылып,
Қалмаққа қырғын салайық.
Мынау жатқан көп жауға
90
100
110
120

82
82
83
ОлЖАБАй  ЖӘНЕ  ҚыРыҚ  БАТыР
Сүргiндi қазiр салайық.
Әр қазақтың қамы үшiн,
Қаһарман батыр ерлерiм,
Осы жауға барайық.
Атты сулап, айыл тартып,
Бес сөткелiк ұрысқа
Қажымай соған жарайық.
Осы жауды бiз алсақ,
Артына қалмақ қарамас.
Жан-тән тәттi, ерлерiм,
Бес сөткелiк бұл жауға
Болады соғыс аралас.
Не қып жаның шыдап тұр,
Малайсары, Олжабай,
Тұрғаны ерлер жарамас.
Жанға себеп бола ма
Ереймен тауы қоршаған,
Бола ма қорған қара тас?!
Шығар мезгiл таянды 
Ат пен ердiң өнерi.
Батыр жiгiт жау жүрек 
Жау болар ердiң құмары.
Бұл сөздi айтып Абылай,
Олжабайлап артына 
Айналып ерге қарайды.
Бұл сөздi естiп Олжабай атқа мiнедi,
Бола ма жауға шаппай бұларға ендi.
Желiгiп Қылкөгiне мiнiп алып,
Ағызып таудан төмен ол жөнелдi.
Биiк тау бастан шапты ол күн шалған,
Қалмаққа түс кезiнде келе жатыр,
Өз атын Олжабайлап етiп ұран,
Олжабай шауып кеттi елден бұрын.
Кiм бiлдi Олжабайдың сонда сырын.
Қалмады қырық батырдың бiрi шаппай,
Барлығы тiзе қосып келдi артынан.
130
140
150
160

84
ТАРИХИ  ЖыРлАР
84
85
Мiнгенi қырық батыр бәрi тұлпар,
Жазықта шауып, тауда бұлар жортар.
Салуға жауды ортаға келе жатыр,
Қырмаққа қалмақтарды өңкей сұңқар.
Қалмақтар көрдi шапқан қазақ қолын,
Сару да бiледi екен соғыс жолын.
Сегiз мың қолға Сару айқай салды:
Қайнат,—деп,—қазақтардың анық сорын.
Алдында Сару батыр қарап тұрған,
Қалмақтар салған екен тастан қорған.
Iшiнде мұндай соғысты шүршiт қырған,
Келедi тiзе қосып қырық көкжал
Қалмаққа салмақ үшiн қолмен ажал.
Күркiреп жауған бұлттай келе жатыр,
Түстерi жалғыз көздi нағыз батыр.
Келедi қарсы алдында ер Олжабай,
Сару да шапты көрiп оған қарай.
Екеуi кез келедi сол арада,
Екi ер тұра қалды көз аудармай.
Қырық ер «Абылайлап» қолға кiрдi,
Сары, Баян, Малайсары қырып жүрдi.
Абылай, Қаз дауысты Қазыбек пен
Қасқырдай қойға кiрген көттi түрдi.
Қуандық Қарашолақ, ол Қошқарбай,
Ақмырза, жүйрiк атты ол Бөгенбай.
Қалмаққа қырық бөрi араласты,
Қырып жүр қорған толған тұрымтайдай.
Қап-қара шаңдақ басты қара тұман,
Қырық ер салды қалмаққа ақырзаман.
Қара қан судай ақты сол соғыста
Айрылды ерлерiнен Абылай хан.
Соғысып көкжал ерлер тарап кеттi,
Олжабай, Сару ерден аңда кептi.
170
180
190

84
84
85
ОлЖАБАй  ЖӘНЕ  ҚыРыҚ  БАТыР
Бiр-бiрiн жеңiсе алмай ұрысып жүр,
Сой едi екеуi де жекпе-жекте.
Кигенi бұл екеуi болат сауыт,
Шақылдап қылыш шабар ауық-ауық.
Бiр мезгiл тартысса да жағынан,
Бiр-бiрiн жыға алмайды, табан ауып.
ұрысты бұл екеуi дәл үш күндей,
Дамылсыз ұрысып жүр бойды бермей.
Екеуi түсе қалып күрес соқты,
Төрт сөтке жағаласты көздi алмай.
Бiр мезгiл Олжабайдың халi кеттi,
Қасына Малайсары келiп жеттi.
—Аман ба, жан жолдасым Олжабай ер,
Қызыл қан өне бойым, мiнеки, тән.
Қалмақтың бiр ерiмен соғыспадым,
Олжабай, бұл Саруды өзiме бер.
Қырғаным үш-төрт күндей жаман-жәутiк
Жолдасым, бұл Саруды көрмейсiз бе?
Бiлмейтiн сақау қалмақ сол секiлдi
Қамшымен бiр-ақ ұрсаң, өледi тек.
Олжабай мұндай сөздi көрген жоқ-ты,
Сару да осал емес, ол да мықты.
Жинап ап барлық күшiн екi қолға,
Олжабай көтерiп ап жерге соқты.
Олжабай ол Саруды алып ұрды,
Қасында Малайсары қарап тұрды.
Мiнiп ап Сару батыр кеудесiне,
Сауытын Сару ердiң батыр түрдi.
Жармаққа оңтайланды ер Олжабай,
Суырып бүкiрдi алды оң қолына-ай.
Сол жерде Сару батыр сөз сөйлейдi,
Тiзерлеп басып жатты ол тұрғызбай.
200
210
220

86
ТАРИХИ  ЖыРлАР
86
87
—Олжабай, ендi менiң жоқ арманым,
Мен-дағы төрт күндей қармандым.
Тiлiн алмай Қалдан Шерен келiп едiм,
Төгiлдi осы арада менiң қаным.
Қинамай шыбын жанды тез өлтiрсең,
Олжабай, қуаты мол нағыз ерсiң.
Сәлем айт Қалдан Шерен өз ағама
Соғыспай Сарыарқаны саған берсiн.
Тұра ма қарап батыр ішiн жарды,
Ат-тоны, сауыт-сайман бәрiн алды.
Мiнiп ап Қылкөк атты ер Олжабай,
Соғысып жатқан жерге өзi барды.
Ат аяқ қызыл қаннан ала алмайды,
Бiр-бiрiн сонда қазақ танымайды.
Кетiптi бұрын бiрақ Малайсары,
Ортаға ап төрт мың қалмақ қамалайды.
Жете алмай Малайсары боз арғымақ,
Көп қалмақ Малайсарыны алған қамап.
«Олжабай жолдасым» деп шақырады,
Салып жүр жаяу соғыс «Абылайлап».
Көп қолға кiрiп кеттi ер Олжабай,
Дауысын естiген соң сабыр қылмай.
Жолдағы көп қалмақты басып-жаншып,
Мiнгiздi аман-есен ол атына-ай.
Сол жерде тiзе қосып соғыс салды,
Олжабай бүкiр қылыш қолына алды.
Шалғымен шапқан шөптей қырып жатыр,
«Абылай қайда екен» деп ойға алды.
Абылай Қазыбекпен о да келдi,
Олжабай аман екен, бұлар көрдi.
Сары, Баян, Жәнiбек те аман-есен
Тағы да бұл соғысқа келiп кiрдi.
230
240
250

86
86
87
ОлЖАБАй  ЖӘНЕ  ҚыРыҚ  БАТыР
Аралас соғысқа кiрген қызуы,
Тайкөктi мiндi Олжабай,
Бүкiрдi алып қолына.
Қалмаққа кiрдi ашынып,
Қарамайды жолына.
Арыстандай ақырып,
Абылайлап шақырып,
Төрт мың қалмақ түк қылмас,
Түспесiн құрған торына.
Қорғанға кiрдi Олжабай,
Ол жақ, бұ жақ ойнайды,
Алды-артына қайрылып,
Көз қызарып, домығып,
Соғысып жүр қылыш ұрғылай.
Қорғанға кiрген мезгiлде
Қалмақ қашты дүркiрей.
Қанатты тұлпар—Тайкөк ат
Қорықпастан шауып жүр
Жал-құйрығы зуылдай.
Дәл бес күн болды көрген жоқ,
Қызыл қаннан iздеп жүр
Iнiсiн-туысқаны Құлжабайды.
Келдi сонда Құлжабай,
Бiрге келдi Қошқарбай.
Қызығын көрiп батырдың,
Соққызды дабыл Абылай.
Дауысын танып дабылдың,
Жиналды сонда бiрi қалмай.
Қырқын да аман көрген соң,
Тайкөктен түстi Олжабай.
Амандасты сол жерде,
Алдына келiп Абылай.
Жетi мыңы өлiптi 
Кәрi-құртаң жамандар,
Қашып кеткен бiр мыңдай.
Қашып барып айтады
Қалдан Шерен ханына-ай.
260
270
280
290

88
ТАРИХИ  ЖыРлАР
88
89
Олжаға батты қазақтар,
Ерейменге үй тiктi.
Ойын-сауық, қызықпен
Жатты бiраз Абылай.
Қалдан Шереннің Саруды жоқтағаны.
—Амал бар ма, қайтемiн,
Iшiмдi, Сару, күйдiрдiң.
Тағдырға дауа болмайды,
Жылауменен қан жұтып,
Ағаңның бойын идiрдiң.
Бiр туысқан бауырым,
Еңiреп туған ер едiң.
Түбiме жеттi Сарыарқа,
Пайдасыз құрғыр қу жерiң.
Айтып едiм болмадың,
Қанша ойлап, толғандым.
Қорқып едiм қазақтан,
Сен едiң менiң қорғаным.
Олжабайдан басқамен
Қан майданда соғыссаң,
Бәрiн түгел қырар ең.
Олжабай екен ол күштi,
Әрi батыр, әрi естi.
Жамандауға жатпайды,
Егескен ердiң бiрi өлмек,
Өлмептi Сару ат үстi.
Талаптанып кiм шығар
Қазақпенен күресiп,
Олжабай, Абылайды құртпаққа.
«Жалғыз қызым берем,—деп,—құлдан туған»,
Сарудың құнын мен алсам,
Сонда қоям егестi.
Қыз алмақ боп батырлар,
Түстi қалмақ кеңеске.
Мың батыр шықты iздеуге,
Жасырын шықты бiр кеште.
300
310
320

88
88
89
ОлЖАБАй  ЖӘНЕ  ҚыРыҚ  БАТыР
Абылай көшiп, Қорықты Ащысуына орда тiктi,
Алуға Сарыарқаны болды үмiттi.
Олжабай қалмақтардың туын жықты,
Баянның арасында бiр асу бар,
Жалғыз жол тас пен ағаш арасы тар.
Қалмақтың бiр батыры бұғып жатып,
Сол жерде қаза тапты көп қазақтар.
Бiр күнi ер Олжабай шықты тауға,
«Табам,—деп,—дарақыны өзiм сауда.
Қалмақтың таудағы ерiн өлтiрем» деп,
Олжабай бұғып кеттi ол қарауға.
Олжабай қарағайды аралады,
Тас тастан, садақ қолда көп қарады.
Олжабай жатқан қалмақ бұрын көрiп,
Садақпен қос өкпеден тартып қалды.
Жығылды тас басынан қалмақ мұрттай,
Қарыштай оқ өтiп кеттi бiр қан жұқпай.
Қашады Баянтаудан қалмақ қолы,
Баянды тастап қашты түнде оқтай.
Бетiмен қалмақ қашты, болды босу,
«Бiр тосқан мың асқанға,—деген,—тосу».
Көтерiп қалмақ ерiн Баянды алып,
Ат қойды сол асуға Жасыбай асу.
Абылай Сабындыкөлге тiктi үйiн,
Баянды ап, барлық қазақ болды жиын.
Тауына Қалмаққырған қалмақ қашты,
Соғысқа қалмақтарға болды қиын.
Бiр күнi хан Абылай бұйрық бердi,
Қырық ер қалмақтарға қарсы жүрдi.
Тауына Қалмаққырған келген кезде
Қалмақтар қазақ қолын тағы көрдi.
330
340
350
360

90
ТАРИХИ  ЖыРлАР
90
91
Қалмақтың жиналыпты он мың қолы,
Қазақтың тағы болды анық жолы.
Батыр аял қыла ма ертең таңға,
Аралас соғыс болды, кiмнiң соры.
Көп қалмақ тастан қорған соққан екен,
Қалмаққа Қалмаққырған ойлап мекен.
Тарамай қазақ қолы кiрiп кеттi,
Қорғанды бұзды Олжабай қалмақ сенген.
Қорғанда болды үлкен қан төбелес,
Екi жақ соғыс салды, болып егес.
Қазақтан Дербiсәлi батыр өлдi,
Болды ғой екi жақ та көп қан төгiс.
Үш күндей соғыс сондай басылмады,
Басылу қайда соғыс асқындады.
Қан ақты қорған iшi тасқын судай,
Жер дағы аяп, түршiгiп тұрған сынды.
Бiр жақта Олжабай жүр қырып қалмақ,
Сары, Баян, Малайсары қырар таңдап.
Жәнiбек, Қазыбек те салып қырғын,
Бөгенбай бұ да қырды парлап-парлап.
Тұрысып күнде соғыс, беттi алды қазақ,
Батырлар бұл соғыста көрдi азап.
Қазақтан алты жүздей адам өлген,
Шығынын Абылай хан алды санап.
Қалмақтан өлген жанға сан жетпейдi,
Қалмақ та өз өлiгiн есептейдi.
Ор қазып екi жаққа көмдi өлiгiн
«Тоғыз мың сонда қалмақ өлген» дейдi.
Олжабай бұзды қамал, соққан қорған,
Сол жердi қазақ алып орнап тұрған.
Көп қырғын екi жақтан болғаннан соң
Ат қойған осы тауға Қалмаққырған.
370
380
392

90
90
91
—Айналайын, жан ана,
Рұқсат маған бер, ана.
Кеткен қолдың артынан
Мен де жетіп барайын.
Қалмақтан кекті алайын,
Қайтпасын менің талайым.
Жаратқан Ием жар болса,
Жауға ойран салайын.
Бір Құдайым жар болса,
Қалмақтан кекті алайын,
Көпке олжа салайын.
Осы жолдан тоқтатпа,
Қайтпасыншы талайым.
Артынан барып атама,
Араласып қалайын.
Сыртынан жүріп атамды
Жаудан қорғап қалайын.
Атаңа нағылет, ит қалмақ, 
Жетісудан айырды.
Қыз бен ұлың құл болды,
Табанында жүн болды.
Бұл ызасы қалмақтың
Өтірік емес, шын болды.
Енді, ана, кетемін
Атам кеткен ізімен,
Әлі-ақ қуып жетемін.
Райымбек батыр
10
20

92
ТАРИХИ  ЖыРлАР
92
93
Ал сонда баласының кететініне көзі жеткен соң, анасы ның 
батасын беріп тұрып айтқаны:
—Ей, балам, жай қолыңды,
Жәрдем болсын Құдайым.
Медет тілеп пірлерден,
Бір Құдайға жылайын.
Алла оңғарсын жолыңды,
Сенің үшін, ей, балам,
Мен құрбан деп жылайын.
Ғайып ерен қырық шілтен,
Адасса, жолға салып жүр,
Сыртынан қорғап бағып жүр.
Су атасы Сүлеймен,
Жаратқан Құдай жар болып,
Әруақтар бағып жүр.
Алла оңғарсын талабын,
Ашсын Құдай талайын.
Шын тіледі шырағым,
Не деп алып қалайын?!
Қалмақтан кекті алдырып,
Көңілдің бітір жарасын.
Құл етер күн болар ма,
Ит қалмақтың баласын.
Сескенбей жүр, шырағым,
Атаңа жетіп барасың.
Жолбарыс болсын жолдасың,
Пірлер сені қолдасын.
Ал  сонда  Райымбек  батыр  анасының  батасын  алып,  сауыт-
қалқанын  киіп,  жауға  керекті  құралдарын  толық  асынып, 
атасы Ханкелді бастап кеткен көп сарбаздардың артынан ізіне 
түсіп, Аллаға сыйынып, жолға түсті:
«Оңғар, Алла жолды!» деп,
Пірлеріне сыйынып,
Сауыт-сайман киініп,
30
40
50

92
92
93
РАйыМБЕК  БАТыР
Алла деп батыр жөнелді.
Кеткен қолдың соңымен,
Атасының жолымен,
Басына киген қалқаны
Жарастықты тонымен,
Бүкектетіп келеді,
Кейде аяңдап желеді.
Ойпаң жерден сырғытып,
Жарлау жерден қарғытып,
Аш бөрідей бүгіліп,
Сызып кетіп барады.
Астындағы Көкойнақ,
Бауырынан жарады.
Қолтығынан аққан тер
Тебінгіден сылпылдап.
Төрт тұяқтан шыққан от,
Шақпақ тастай жылтылдап.
Келе жатыр Көкойнақ
ұршық еті бұлтылдап.
Құдай берген балаға
Айласы көп сананы,
Тауыса алмай кетіп барады,
Алыс жатқан даланы.
Жүрген жолын байқады,
Кеткен қолдың шамалап.
Бір тоғайға кіреді,
Іле өлкесін сағалап.
Жолбарыс шықты алдынан,
Жүрер жолын қамалап.
Айдаһардай ақырды,
Құйрығын жерге сабалап.
Жолбарысты көрген соң,
Садағын қолға алады,
Толғап тартып қалады.
Батырдың тартқан садағы
Жолбарысқа жетеді,
Жүректен барып өтеді.
Сонда батыр қуанып,
60
70
80
90

94
ТАРИХИ  ЖыРлАР
94
95
Бас салып мұны өлтіріп,
Терісін сойып бітеудей,
Шөп жұлып тығып ішіне,
Тірі кейпіне келтіріп,
Мінгізіп ап артына,
Алға қарай кетеді.
Мұның аты жолбарыс,
Кейде жүні бір қарыс.
Бүкек-бүкек желеді,
Кейде шу деп жас батыр,
Кейде аяңдап келеді.
Алдына тұрған белеске,
Сыдырып шығып қараса,
Кеткен қолды көреді.
Қарасын елдің көрген соң,
Жетіп келді жас батыр
Кеткендердің қасына,
Жалаң құрал асына.
Сәлем беріп бұл тұрады
Үлкен-кіші жасына.
Алған киіп қалқанын,
Жарқыратып басына.
Алмас қылыш белінде,
Садағын алған асына.
Тақымына тұрмайды,
Көкойнағы секіріп.
Келген жерін байқаса,
Ілеге кеткен сең жүріп.
Жолын тауып өте алмай,
Сарбаздардың бәрі де
Жатқан екен бекініп.
Райымбек батыр бұл тұрды,
Іленің суын жағалап.
Түсуге суға ойланды,
Қанатын құстай сабалап.
Мінгескен жүр жолбарыс,
Жиналды халық қамалап.
«Қайдан мұны алдың?» деп,
100
110
120
130

94
94
95
РАйыМБЕК  БАТыР
Сұрады көп жұрт шамалап.
—Жолбарыс шығып алдымнан,
Арыстандай ақырды,
Атып алдым жүректен
Садағыммен батырды.
Жиналған  сарбаздар  Райымбек  батырды  көріп,  қасына 
келіп:
—Балам,  руың  қай  ел,  кімнің  баласысың?—деп  сұрады. 
Сонда Райымбек батыр тұрып: «Әкелер және құрбылар, сіздер 
менің кім екенімді қазір сұрамаңыздар. Мына сел жүріп жатқан 
суға  түсемін,  Алла  жол  берсе,  сіздерді  өткіземін.  Сонан  кейін 
танысалық.  Сіздер  маған  баталарыңызды  беріңіздер»,—деп 
бата сұрады. «Бала ыңғайлы екен, бата берелік» деп көпшілік 
шуылдап, батасын берді. Райымбек батыр көптің батасын алған 
соң  өз  атын  өзі  шақырып:  «Райымбек,  Райымбек!»  деп  тасып 
жатқан суға іркілместен түсіп, ар жаққа өтіп, ар жақты жағалап 
көріп, қайта бері өтіп келеді, қалың сарбаздарға айқай салды.
—Сіздер енді дем алып жатыңыздар. Маған қырық кісі, сек-
сен арқан беріңіздер және қолдарында айбалтасы болсын,—деді. 
Айтқанын  дайындай  берді.  Қырық  жігітке  қамыс,  тал  орды-
рып, оны құшақ жетпес етіп байлатып ұзындығын Іле суының 
еніне  жететіндей  етіп  дайындап:  «Бір  басынан  арқан  байлап 
мен  тақымыма  басып  ар  жаққа  өтемін,  сіздер  артқы  жағынан 
итеріп суға түсіріп, дем беріп айдаңдар»,—деп, өзі Көкойнақпен 
тақымына басып ала жөнелді. Аман-есен байланған қамыстың 
басын  ар  жаққа  алып  өтіп,  мықтап  бір  ағашқа  байлап,  қайта 
өтіп  келіп,  екінші  басын  байлап  қойды  да,  «дем  аламыз»  деп 
тамақтанып,  жатып  қалды.  Ертеңіне  қараса,  екі  ат  қатар 
өтетіндей күзер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет