Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Сонда да жер тастамай тазалап жүр,
Аралап тоғайларды талай-талай.
Алыста жау бар ма деп кездеседi,
Жүрiстi қыр жортып, тездетедi.
ұйытқып қыр арқылы келе жатса,
Бiр iзге жалаңаяқ кездеседi.
Тоқтады Шора батыр iздi көрiп,
Жиналды сол араға бәрi келiп.
Кiшiлеу жас баланың iзi жатыр,
Жүрiптi қисалақтап жортып желiп.
1330
1340
1350

246
246
247
МыРҚы  БАТыР
Жерiне тұрып қалған қан жұғыпты,
Қадамы бiреуiнен бiрi кемiп.
Iзiнiң қалпына қарағанда,
Қорлықты жан секiлдi жүрген көрiп.
Аяңдап ендi бұлар iзге түстi:
«Бейшара, көрiптi-ау,—деп,—қорлық iстi».
Iз бастап Биша жатқан жерге алып келдi,
Құданың құдiретi қандай күштi!
Iз келiп бiр үңгiрге кiрген екен,
Жабырлап жұрттың бәрi аттан түстi.
Үңгiрге аттан түсiп көзiн салды,
Еңбектеп арағырақ бiрi барды.
Сүйретiп барған кiсi берi тартып,
Бiреудi шалажансар алды тауып,
Басына өлтiрiптi қылыш шауып.
Жерiнен қанжар тиген қан көп ағып,
Қансырап жығылыпты ақылы ауып.
«Өзiнде бейшараның жан бар ма?» деп,
Тыңдады өкпесiне құлақ салып.
Қараса кеудесiнде жан бар екен,
Бала екен халi кетiп жатқан талып.
Көнектей бет-аузы кеткен iсiп,
Бала екен қорлық көрген күйге түсiп.
Шашы бар, тәнi ұқсайды қыз балаға,
Бұрымын құйқасымен алған кесiп.
Барбиып екi аяғы iсiп кеткен,
Табанын тауысыпты шөңге тесiп.
Айрылып адамзаттық порымынан,
Бейшара жатқан екен көрге түсiп.
Баланың көтерiп кеп жуды қанын,
Жұмсақтап тазалады барша тәнiн.
Аузына су тамызып, дәрi жағып,
Шараның iстеп жатыр қолда барын.
1360
1370
1380

248
ТАРИХИ  ЖыРлАР
248
249
Екенiн анық қазақ бiлген сайын
Қайнатты батырлардың жүрек қанын.
Кәпiрдiң жас балаға жаны ашымай,
Бұл iстi iстедi екен қандай зұлым!
Жағады жарасына қаздың майын,
Баланың анық қазақ бiлдi жайын.
«Осыны қалмақ қылып кеттi ғой» деп,
Көңiлiне батырлардың болды уайым.
Балаға ес кiредi елге келiп,
Шора отыр алдына алып тамақ берiп.
Екенi қандай бала мәлiм емес,
Бала ғой тұлып болып қалған өлiп.
Аузына азғаналап май салады,
Жұтады әрең зорға ернiн емiп.
Бағады сол арада үш күн жатып,
Сөйледi бала азырақ тiлге келiп.
Екенiн анық Биша таныған соң,
Батырлар кеткелi тұр жауға төнiп.
Қазақтың қаны қызып бауырласқа,
Бәрiнiң бара жатыр жүрегi ерiп.
Ол ерлер Биша түгiл, қазақ үшiн
Бәрi де шыққандар ғой басын берiп.
Халық үшiн қара бас құрбан еткен,
Мырқының қарындасы жанға серiк.
Аялап үш күннен соң алып жүрдi,
Ес жиып бала азырақ әлге келдi.
Арада бес күн жүрiп қыз жайымен,
Шораның ауылына алып келдi.
Алып келiп төсек салып жатқызады,
Бiр таймен айландырып қақтырады.
Шораның тоқсан төртте шешесi бар,
Бұл қызды сол кiсiге бақтырады.
1390
1400
1410
1420

248
248
249
МыРҚы  БАТыР
«Баланың жарасына жел тиер» деп,
Бетiне масатыны жаптырады.
Әр түрлi кемпiр қызға дәрi жасап,
Iсiгiн екi күнде сап қылады.
Бұл кемпiр жата берсiн қызды бағып,
Бұл сөздiң ендi ар жағын қыздыралық.
Сөйлейiк ендi бiраз сол жағынан,
Жүр екен қыздың бауыры Мырқы не қып.
Шора мен Мырқы батыр бөлiнгенде,
«Жау ма?» деп көз салады көрiнгенге.
Аямай жанын жаудан шапқан адам
Бас тартып, сiрә, жаудан жеңiлген бе!
Бұл да жүр көк тұлпармен зырғи тартып,
Батырлар жау жолында ерiнген бе!
Жортып жүр жердi жаудан тазартқалы,
Ерлердiң ар бола ма азаптары.
«Олжа алып қашқан жаудан қалам» деген
Кездестi Аққолтықтың қазақтары.
Айтады Бошанды жау шапқандығын,
Жау iздеп аңдып жүрiп соққандығын.
Бишаны Қорлыға мен байлап алып,
Елiне елу қалмақ қайтқандығын.
Айтады Бошанды ұрып жыққандығын,
Қазақты қалмақ шауып ұтқандығын.
«Ауылды байқаусызда шауып кеткен
Қалмақтың түсiн,—дедi,—дұшпандығын».
Бишаны байлап алып кеткендiгiн,
Бишаға бiр жамандық жеткендiгiн.
Бишаға байқаусызда арқан тастап,
Айтады өктемшiлiк еткендiгiн.
Мұны естiп Мырқы батыр ашуланды,
Шыдамай қорлығына оттай жанды.
1430
1440
1450

250
ТАРИХИ  ЖыРлАР
250
251
«Бауырың жауға кеттi» деген қу сөз
Қайнатып жарғалы тұр жүрек қанды.
Мырқының тiке тұрды төбе шашы
Дегенге «жауға кеттi бауырласы».
Дегенге «Биша сөйтiп қорлық көрдi»
Домалап тоқтамады көзден жасы.
Жап-жасыл екi көзi, түктi көрмей,
Азудай тiке тұрды екi қасы.
Астында көк тұлпары қатып жүрген,
Боялып қара терге батып жүрген.
Бес қару—ер қаруы бәрi де сай,
Кезi ғой белiн шешпей жатып жүрген.
Тұлпардың екi көзi тостағандай,
Жылқышы сауырына қой салғандай.
ыза боп екi көзi жалындап тұр,
Қысылып сөйлесуге дос таба алмай.
Қызарып екi көзi тұрды жайнап.
Бойында бес қаруы алған сайлап.
Бiр салып көк тұлпарды омырауға,
Жөнелдi жау соңынан жалғыз айдап.
Тұлпардың басын бұрды жауға қарап,
Жөнелдi алды-артына бiр қарамай.
Адамға бауыр деген қандай қиын,
Қоя ма жүрегiңдi тырмаламай!
Тұлпардың шақпақ етi бұлтылдайды,
ызылдап желдiң даусы сыңқылдайды.
Ақ көбiк тостағандай жерге түсiп,
Аққан тер тебiнгiде сылпылдайды.
Көк тұлпар қамшы ұрған соң құстай ұшты.
Санына ызалы қол тидi күштi,
... ... ...
*
Iлеге Көкаралдан келiп түстi.
*
 Бір сөйлем оқылмады.
1460
1470
1480

250
250
251
МыРҚы  БАТыР
Су тасып, ағып жатыр лайланып,
Төңкерiп астын-үстiн лайланып.
Келдi де жеңiлденiп түсе қалды,
Тұрған жоқ судан қорқып бiр айланып.
Көк тұлпар түскен жерден төмен ықты,
Жiгiттi қолдаған пiр қандай мықты!
Кеудесi көк тұлпардың батқан да жоқ
Ар жаққа аман-есен өте шықты.
Ар жаққа аман-есен өтiп алды,
Батыр ғой жаудан қайтпас кезi қанды.
Сәбилеп садағының оғын жөндеп,
Азырақ ат шалдырып, демiн алды.
Тұлпардың терiн үгiп, мiнiп алды,
Қиғаштап Жетiсуды тiке салды.
Тiк тұрған төбе шашы қап-қара боп,
Бiлмейдi алдындағы сай мен жарды.
Шығады Құландының бөктерiне,
Қамшы ұрып көк тұлпардың бөксесiне.
Құтырған арыстандай көзi алақтап,
Тiлестiң келе жатыр өткелiне.
Қып-қызыл екi көзi қанға толып,
Алты күн Мырқы сапар еткенiне.
Бишаның сол арада басын тiлiп,
Тоғыз күн жаудың көшiп кеткенiне.
Осы жер қара тоғай, қалың шiлiк,
Байқады жаудың жүрген iзiн бiлiп.
«Осы жермен кәпiрлер кетiптi» деп,
ызғытып келе жатыр iзбен жүрiп.
Көк тұлпар бiр заманда кетедi үркiп,
Кәдiмгi жiбергендей бiреу түртiп.
Қараса тал түбiнде бiр шаш жатыр
Бұрымын құйқасымен алған қырқып.
1490
1500
1510

252
ТАРИХИ  ЖыРлАР
252
253
Шiлiктiң көрдi шашты түбiндегi,
Денесi көрiсiмен дірiлдейдi.
Бишаның шашы екенiн таныған соң,
Есi ауып, iшi-бауыры елжірейді.
Ауытқып қолына алды шашты барып,
Аймалап иiскелейдi қолына алып.
Көзiнен от жалтылдап, басы айналып,
Сылқ етiп жығылыпты естен танып.
Көзiнiң домалаған ыстық жасы
Ерiксiз бара жатыр бетiн қарып.
Аузынан үрлегенде жалын шығып,
Отырды бiраз есiн жиып алып.
Аймалап қайта-қайта шашты сүйiп,
Иiскелеп қойынына қойды салып.
Шымырлап бар денесi, шаш тигенде,
Қара тер денесiнен кетедi ағып.
Көзiнен қызыл-жасыл оттар жанып,
Атына кете бердi мiнiп алып.
Сүмбеталдан, Елбiстен ар жаққа өтiп,
Бет қойды Аягөзге құмды жарып.
Тұлпары қара терге шомылған соң,
ұйытқып әрi-берi қашады алып.
Шашты алып иiскелейдi анда-санда
Жалаңаш қойнына қойған салып.
Елжiреп iшек-бауыры езiледi,
Көзiнiң ыстық жасы жерге тамып.
Құтырған жолбарыстай көзi алақтап,
Елсiзде бара жатыр жалғыз ғарiп.
Аяғы анда-санда жерге тиiп,
Тұлпардың iзi жатыр андызданып.
Мырқы сүйтiп зарлады айдалада,
Бошаннан үшеу туып жалғыз қалып.
1520
1530
1540

252
252
253
МыРҚы  БАТыР
Шаш болды жолдан алған бар хабары,
Алланың басқа салып арнағаны.
Шашты сүйiп, аймалап ат үстiнде
Мырқының мынау едi зарлағаны.
—Бiр Жаратқан Құдайым,
Көзiмнiң жасын қабыл ет.
Мiнәжат қылып жылайын,
Ақырын, Алла, бере көр.
Бұл iстiң артын сұрайын,
Шашыңды таптым, өзiң жоқ.
Бишатайым, сәулем-ау,
Бұған қайтiп шыдайын?!
Таба алмай жүрмiн қаңғырып,
Басымды қайда ұрайын?
Шашыңды кескен дұшпанды
Көрсетшi маған, сәулем-ау,
Бiреуiн қоймай қырайын.
Жаның тiрi бар болса,
Жау қолында тұрсаң да,
«Ала алмаймын сенi» деп,
Қылмаймын, сiрә, уайым.
Тасты бөлген садағым,
Басты бөлген садағым.
Жолыңа ағаң садаға,
Садағымды сынайын.
Атаңа нәлет қалмақты
Кездестiршi, Құдайым.
Сыбағамен сыйлайын,
Ағашың сенен садаға,
Бишатайым, сәулем-ау,
Жолыңа жанды қияйын.
Артымнан ерген қарғашым
Бишамды тiрi көрмесем,
Дүниеге қайтiп сияйын.
Кегiңдi жаудан алмасам,
Артыңнан iздеп бармасам,
Өзiме қанжар тығайын.
1550
1560
1570
1580

254
ТАРИХИ  ЖыРлАР
254
255
Жалғызымнан айрылып,
Несiне қорқып бұғайын?!
Жолыңа ағаң садаға,
Дүниенiң қызын ұрайын!
Артымнан ерген қарғашым,
Бишатайым, бауырым,
Нұрлы туған тәуiрiм,
Ағашың iздеп безiп жүр,
Қалмақтың таппай ауылын.
Еркелеп өскен қарғашым,
Шашыңды кесiп қанжармен,
Атаңа нәлет ит қалмақ
Қайғының сапты ауырын.
Жалбыратып шашыңды,
Артымнан ерген қуаныш,
Жас балапан, тауығым.
Тiрi болсам, табар ем,
Атаңа нәлет, ит қалмақ,
Өлтiрiп тастап кеттi ме,
Осы бiр қылар қауiбiм.
Жолда өлсе, арман жоқ,
Айтқанда сөздiң анығын,
Ағашың iздеп безiп жүр.
Қайда жүрсiң, Бишатай,
Айналайын, жарығым!
Екi көзi жалтаңдап,
Қандай жерде жүр екен,
Дұшпанның көрiп жәбiрiн?!
Жаратқан Патша Құдай-а,
Мұнша қорлық көрсетiп,
Артымнан ерген қарғаға
Бар едi қандай жазығым?!
Төлешiм өлдi ондай боп,
Биша өлсе мұндай боп,
Қайғының маған қағыпсың
Қақ төбемнен қазығын.
Жолыңа көкең байлады
Ендi қалған жердегi
1590
1600
1610
1620

254
254
255
МыРҚы  БАТыР
Өмiрiнiң барлығын.
Екi көзi жалтақтап,
Қандай жерде жүр екен,
Дүниенiң көрiп тарлығын?!
Әлде қалмақ кесiп ап,
лақтырып кеттi ме
Басының қалған қалдығын?!
Ендi қайда кетейiн,
Жаратқан Патша Құдай-а,
Бишамның тартып зарлығын?!
Жаратқан Патша Құдай-а,
Бiлдiрсеңшi пазылыңмен
Бишамның тiрi, барлығын.
Аман, тiрi көрсетiп,
Артымнан ерген қарғамды,
Десеңшi Алла «ал, құлым!».
Мен садаға кетейiн
Сөзiңнен деген «жан аға»,
«Ағашым» деген тiлiңнен
Мендей көке садаға!
Белiң шықпай бесiктен
Кездестiң мұндай жалаға.
Жұрт тыныш та, ел аман,
Ерекше қырғын келдi ме
Бошаннан туған балаға?
Кесiр сөздi айтпап ең
Кiшi iнi, үлкен ағаға.
Әдепсiздiк iс iстеп,
Алмап ең қарғыс жана да.
Бауырымнан айрылып,
Қанатымнан қайрылып,
Кездестiм мұндай жараға.
Көлденең бәле кездестi
Артымнан ерген қараға.
Қашып шығып қалмақтан
Әлде менiң қарағым,
Жүр ме екен қаңғып далада?
Қашып шығып, қаңғырып,
Жол таба алмай отыр ма
1630
1640
1650
1660

256
ТАРИХИ  ЖыРлАР
256
257
Бүркiттей түскен тасаға?
Өткiр туған бала едi,
Қанжар салып алдыма,
Ерегiсiп қалмақпен,
Қарамай ұрсып шамаға.
Сыры өзiме белгiлi,
Қорқып тiлiн тартпайды,
Ерегiсiп, әлде жау
Тартты ма екен дараға.
Ғайып ерен, қырық шiлтен,
Кәмiл пiрiм, қайдасың?
Пәле шапса ғарiпке,
Түспеймiсiң араға?
Бұл iс түстi басыма,
Жаратқан Патша Құдай-а,
Шықпай жаным қала ма?!
Мен садаға кетейiн,
Бишатай деген атыңнан!
Жалбыратып шашыңды
Ерiп едiң артымнан,
Жолыңа жаным құрбандық
Қайтпаймын айтқан антымнан!
Қорлықты әбден көрiпсiң
Жалғыздықтың зарпынан.
Бошаннан туған баланың
Айырдың бәрiн халықтан.
Ендi Бошан да айрылды-ау
Бұрынғы қызық салтынан.
Үшеу едiм басында,
Екеу өлiп, жалғыз қап,
Тана зарым тартылған.
ұрысайын десем, жауым жоқ,
Қайтайын десем, бауырым жоқ.
Айдалада шабынып,
Айрылдым ерлiк қарқыннан.
Жете алмай жауға келемiн,
Көксерек атым астымда
Көбiгi түсiп алқымнан.
Жеткiзе көр, Құдайым,
1670
1680
1690
1700

256
256
257
МыРҚы  БАТыР
«Бишамды аман көрсем,—деп,—
Жолына жанды берсем» деп,
Қу көңiлiм талпынған.
Мырқы батыр соны айтып,
Келе жатыр зар ұрып,
Қара терге шомылып.
Астындағы көк тұлпар
Қаңтардағы бурадай
Айдалада шабынып.
Тұлпардың тиген тұяғы
Ошақтай болып қазылып.
Таласып емшек емiскен,
Тай-құлындай тебiскен,
Қорлық көрген бауырын
Ашып жаны сағынып,
«Жолымды, Алла, оңғар» деп,
Жасағанға жалынып.
Төбе шашы тiк тұрып,
Құтырған қасқыр секiлдi,
Түйiлiп қабақ жабылып,
лаққан киiк секiлдi
Жан-жағына қарайды.
Қалмақтан көрген қорлыққа
Жүрегi шоқтай қарылып,
Бишасы сондай болғанға
Екi өкпесi қабынып,
Тас жүрегi жарылып.
Бауырының шашын кескенге
Қызып тұрған шоққа да
Өлгелi тұр қарылып.
Көзi түктi көрмейдi,
Қызыл-жасыл жалындап,
Күйiктiң буы жан ұрып.
Екi көзi алақтап,
Қап-қара боп түтiгiп,
Келедi сабаз сабылып.
Өстiп жүрген жiгiттiң
17-205*
1710
1720
1730
1740

258
ТАРИХИ  ЖыРлАР
258
259
Тiлегiн Алла берер ме,
Бауыры аман табылып?!
Келедi Мырқы сүйтiп көшкен бұлттай,
Бет қойып Аягөзге жүрдi сырттай.
Үстiне қара тастың шығып едi,
Үйтөбе көрiнедi жалғыз құрттай.
Жер болжап олай-бұлай қарап тұрды,
Байқастап жан-жағына мойын бұрды.
Жыртқыш аң, көшкен таудың үстiн басып,
Бет қойып Үйтөбеге тура жүрдi.
Кеш болып күн батуға жақындаған,
Сабылып тебiнгiсi сартылдаған.
Қыдырып Мыңшоратты келе жатса,
Бiр жерден түтiн шықты жалпылдаған.
Ойға бiр ақ үйдi қойған тiгiп,
От жақтан төрт-бес жерге түтiн шығып.
Олардың кiм екенiн байқағанынша
Күн батып ұясына кеттi кiрiп.
Әлгi үйге жақын келiп байқастап жүр,
«Алсам,—деп,—шапақ барда жөнiн бiлiп».
Әр жерде шiдерленген ат көрiндi
Атындай жортушының келген жүрiп.
«Күн батсын, не де болса, көрермiн» деп,
Бiр жерге аттан түстi, сабыр қылып.
Бiр жерге Көксеректi қойды байлап,
Қаруын ықтияттап алды сайлап.
Ағытып қылышының бәйенгiсiн,
Қанжарын тығып алды, өткiр қайрап.
Садағы оқ-жағымен жотасында,
Зорға отыр шыдай алмай көзi жайнап.
Ауылдың төңiрегi қалың қамыс,
Отырған жерi ауылдан емес алыс.
1750
1760
1770

258
258
259
МыРҚы  БАТыР
Жел соғып, оттың бәрiн үйге жаққан,
Сөйлескен шығып жатыр түрлi дыбыс.
Жиылып үлкен үйге жанның бәрi,
Күлiсiп етiп отыр қалжың-қағыс.
Орнынан тұрды Мырқы қаны тасып,
Аяңдап үйге келдi бiр-бiр басып.
Сол үйдiң оң жағынан келдi дағы,
Сығалап қарап тұрды жабықты ашып.
Қалмақтың еш нәрседен қауiпi жоқ,
Жиналып отыр екен дабырласып.
Құшақтап Қорлығаны Шерден отыр,
Бүшiр шал отыр екен жауырын ашып.
Бүшiрге күлiп Шерден: «Шалым, дейдi,
Жауырынды қолға дұрыс алың, дейдi.
Шақырып кәрi жынды шадымандыққа
Бүкпей айт түскеннiң бәрiн, дейдi.
Билердiң мына отырған бағы қандай,
Қылыңыз оны бiзге мәлiм, дейдi.
Билердiң бәрi батыр тастан қайтпас,
Қай түрлi болар екен ағым»,—дейдi.
Сөйлейдi Бүшiр сонда жауырын алып,
Сығалап отқа жақын көзiн салып.
Сығалап әрi-берi отырды да,
Сiлкiндi: «Не дейдi,—деп,—мына ғарiп?».
Батыр отыр: «Жауырыным, шын сөйле,—деп,
Сөзiңiз не де болса болсын анық».
—Сөйлейiн мына балдың сөйлегенiн,
Батырым, тыңдап отыр құлақ салып.
Сөйлеген мына балдың жағы жаман,
Жасырмай балдың сөзiн айтсам саған.
Басыңа жөпшеңдi қырсық жүрмес,
Ер едiң қатарыңнан артық бағаң.
Батырым, ескерусiз бола көрме,
Бассаң да мұнан былай жалғыз қадам.
1780
1790
1800

260
ТАРИХИ  ЖыРлАР
260
261
Түрiне мына балдың қарағанда,
Болып тұр бәрiмiзге дүние тамам.
ысқырған айдаһардай сұрша жiгiт
Деп тұр ғой «қазiр менен сенiң қазаң».
Оң жақтағы жабықтан сығалап тұр
Қасында жолдасы жоқ жалғыз адам.
Қанжарын қайрап алған жалаңдатып,
Қылышын бәйенгiсiз салаңдатып.
Одан ендi жан қалмас, батыреке,
Қабағы қалған екен жаман қатып.
Осындай балгер Бүшiр сөзiн айтып,
Қорқытты қалмақтарды алаңдатып.
Бүшiр шал балға түсiп отыр бiлiп,
Бүшiрге жұрт қарады мойнын бұрып.
Бүшiрдi кекетiп сонда Шерден,
Бiреуге: «Қара,—дедi,—тысқа шығып».
Тұрсын ба бұлар шығып қарағанша,
Тасалап Мырқы арырақ кеттi жүрiп.
Қарады шыққан кiсi әрi-берi,
Мырқының белгiлi емес жүрген жерi.
Әрi-берi жүрдi де қайтып келдi:
—Еш нәрсе, дәнеме жоқ көрiнбейдi.
Сол жағынан сығалады жабық ашып,
Әр түрлi қалжыңды айтып басқасы отыр.
Жауырынын Бүшiр отыр тағы да алып,
Бiреуі анау, бiреуi мынаны айтып.
Баршасы күлiп отыр жабырласып.
Кей адам шалдың сөзiн жаратпайды,
Сонда да «бал ашқын» деп азаптайды.
Кекетiп «көргенiңдi сөйлегiн» деп,
Түрткілеп Бүшiр шалды мазақтайды.
1810
1820
1830

260
260
261
МыРҚы  БАТыР
Бүшiр айтты: «Бұл көрген сағым едi,
Жасымнан үйренiскен бағым едi.
Күлсең де ажалыңның аулы жақын,
Жабыққа сол жақтағы тағы келдi.
Айтамын балға түсiп көрiнгенiн,
Бiреуiң тағы қара ерiнбегiн.
Күлсең де мазақ қылып айтқаным—сол,
Жетпейдi ертең түске өмiрлерiң».
Бiреуi тысқа шықты тағы қарап,
ызғытып Мырқы кеттi арағырақ.
Таба алмай қарап-қарап, қайтып барып,
Бүшiрдi күлiп жатыр қылып мазақ.
Айтады: «Бұл жерге ешкiм келмейдi, деп,
Бұл жерде адам елi жүрмейдi», деп.
Баршасы мазақ қылып күлiседi:
—Дәнеме, шал сандалды, бiлмейдi,—деп.
Ел тарап осыменен қалды жатып,
Мырқы отыр сол есiкке көзiн сатып.
Екенiн Биша қайда бiле алмастан,
Көңiлiне қайғы ойлайды жабырқатып.
«Жолықсам, тысқа шықса, Қорлығаға,
Бiр жауап алар едiм сырын тартып.
Бишаның айтар ма едi қайда екенiн,
Айтар-ақ қандай түрлi жайда екенiн.
Осындай әдiспенен қыла алмасам,
Iздеймiн қалмақтардың қай мекенiн?»
Дейдi де, сабыр қылып отырады,
«Не қылсам екен-ау,—деп,—осыларды.
Бишамнан ептеп жүрiп тiл алмасам,
Жас бала қанды көрiп шошынады.
Отырды сабыр қылып бiраз ғана,
Шердендi төсек салып жатқызған соң,
1840
1850
1860

262
ТАРИХИ  ЖыРлАР
262
263
Қорлыға тысқа шықты түңлiк жаба.
Дәретке ұзаңқырап келiп едi,
Қасына Мырқы барды тұра сала.
Селк етiп алға шықты, шошыса да.
Таныды Мырқы екенiн Қорлыға да.
Қорлыға айтты Мырқыға: «Келдiң неге?»
ыңғайлы көнер емес әңгiмеге.
—Қылышты жау кеткен соң боққа шапқын,
Сүмiрейiп жаңа кепсiң, жаман неме.
Ендi жақсы келгеннен келмегенiң,
Бетiм жоқ баратұғын елге менiң.
Тұр, қайтқын осы жерден, тiлiмдi алсаң,
Басыңа үлкен олжа өлмегенiң.
Достығым менiң саған, әлi де болса,
Шаптығып өлiп жатыр өрлегенiң.
Кетпестен, ендi осы жерде тұрсың не қып,
Жiберер Шерден бiлсе жерге қағып.
Батырға қарсы келiп, тiл тигiзiп,
Өлтiрген Бишаны да қанжар салып.
Батырға, әлiн бiлмей, тiл тигiзiп,
Өлтiрген көп iшiнде iшiн жарып.
Тез кеткiн, батыр ояу жатыр едi,
Басыңа жаның олжа сорлы ғарiп.
Таныды Қорлығаның бұл ниетiн,
Кiсiдей мүсәпiрсiп тiрi жетiм:
—Қайтейiн, қош-аман бол, ендеше,—деп,
Қимаған кiсiдей боп сүйдi бетiн.
—Тiлiңнен бiр сүйгiзшi, шерiм шықсын,
Жолдастық бар едi ғой қызметiм.
Қорлыға емезгiдi бұған нанып,
Мойнынан құшақтады жетiп барып.
Мырқыға тiлiн келiп шығарады,
—Тез кет,—деп,—сорлы байғұс,—сүйiп алып.
1870
1880
1890
1900

262
262
263
МыРҚы  БАТыР
Қорлыға құшақтады мойнын құшып,
Мырқының аузына тiлi түсiп.
Түбiнен тiлiн тартып тiстедi де,
Жөнелдi көтерiп ап белден қысып.
Көтерiп алып келдi ат қасына,
Бiр салды қамшыменен қақ басына.
Мырқыға Шерден қалып кездескен соң,
Ерiксiз ендi қатын жатпасын ба?
Мiнедi Көксерекке ендi жайлап,
Қатынның қол-аяғын мықтап байлап.
—Жау қуып өзi артымнан келедi» деп,
Өңгерiп кейiн қарай жолды айдап.
Түнiмен Мырқы жүрдi кейiн қарай,
Алады шапқан тұлпар жердi талай.
Шомылған қара терге Көксерек ат,
Бiр атқа екi кiсi емес оңай.
Байлаулы Қорлығаның қол-аяғы,
Боп қалды дем сағатта халi солай.
Зырғытқан түнi бойы Мырқы батыр,
Бiр қызық iстiң арты болады ақыр.
«Жау тосып осы арадан аламын» деп,
Бiр үлкен өзектiге келе жатыр.
Өзектен көлденең жол кесiп еткен,
Қисайып сайдың аузы кейiн кеткен.
Берiсi жолдың шыға тегiс жайпақ
Шердендi тоспақ болды осы беттен.
Тұлпарды жар астына қойды байлап,
Байлаулы Қорлыға отыр көзi жайнап.
Шерденмен күлiп-ойнап жүрген жазған,
Бұл iске тап болды ғой соры қайнап.
Бұл жердi Мырқы көрген кеше жүрiп,
Сол жерде тамақ iшкен, атып киiк.
1910
1920
1930

264
ТАРИХИ  ЖыРлАР
264
265
Отырып жол үстiнде тамақ iшiп,
Сүйегiн шала мүжiп қойған үйiп.
Ойлаған: «Осы жерге келедi деп,
Сүйектi үйiп қойған көредi деп,
Осы жерде жабырласып тұрған кезде,
Сол уақытта Құдай маған бередi деп.
Құдайым ажалының сәтiн салса,
Осы жерге келген қалмақ өледi» деп.
Түбiнде бiр жыраның өзi жатты:
«Асатын осы жер—жаудың кезеңi» деп.
Күн шығып найза бойы көтерiлген,
Мырқының көңiлi сергек кешегiден.
Көз салып Мырқы батыр қарап тұрса,
Шаң шықты Үйтөбенiң етегiнен.
Келедi отыз шақты қалмақ қаптап,
Шабады үздiк-создық тапырақтап.
Бәрiнiң ең алдында Шерден батыр,
Аттары болдырыпты қалтырақтап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет