Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Өлгенi құнсыз иттей-ақ,
2520
2530
2540
2550

282
ТАРИХИ  ЖыРлАР
282
283
Қалғанына тағы отыр
Өлiммен жаза бергелi.
Қорлыға мен Сүрендi
Ит қатарлы ойлайды,
Қожайын Мырқы төрдегi.
«Сүрен деген немене,
Мырқы деген батырдың
Бар,—дейдi,—жұртқа еңбегi».
Көресiң терiс болады
Жалайырдың құн сұрап,
Қанын жоқтап келгенi.
Сүрен бiр қоян құмдағы
Оқтан басқа құны жоқ,
Алтайдың Мырқы мергенi.
Қорлығаның кесiрi
Сүреннiң босқа өлгенi.
Қорлығаның қолында
Тұрғандай-ақ дап-дайын
Ажалдың тағдыр шөлмегi.
Осы жайды айтқалы,
Бiр шолып елдi қайтқалы,
Мен секiлдi бетсiздiң
Осы едi, жұртым, келгенi.
Естiдi мына сөздi жанның бәрi,
Жиналған қызуланды жас пен кәрi.
—Мырқыдан бәрiмiз де өлейiк,—деп,
Дәулеттiң түтеп кеттi балалары.
Бiтiмге ыңғайланған халықтарды
Қорлыға әзәзiл боп аралады.
Қайтпайтын бәрi дағы батыр едi
Сүреннiң алты-жетi ағалары.
«Төленi Сүрен үшiн өлтiрген» деп,
Мұны да қайтқан кек деп бағалады.
Қорлыға Сүрен үшiн қорлық көрген
Жанашыр жолдасы деп шамалады.
2560
2570
2580
2590

282
282
283
МыРҚы  БАТыР
Бұзылды жалайырдың алқаптары,
Намыс қып түтеп отыр саңлақтары.
«Қапыда, әттеген-ай, қалыпты-ау!» деп,
Тiстелдi талайының бармақтары.
—Қорлығамыз Сүреннiң тұғыры,—деп,
Әлпештеп Қорлығаны ардақтады.
«Бiтiм жоқ, шабысамыз ендi бiз» деп,
Жиналды жалайырдың жан-жақтары.
Қабылан би қарап отыр құлақ салып,
Барады көтерiлiп тамам халық.
Халықтың ниетiнiң бұзылғанын
Кемеңгер ақылменен отыр танып.
Мүлтiк жоқ Қорлығаның айтқанында
Ол iстiң өтiрiк жоқ, болғаны анық.
Сүрен өлiп жұртында жатқан қорлық
Тағы да бара жатыр iштi жарып.
Қорлыға жалайырдың жесiрi едi,
Байлықпен Бошан кеткен сатып алып.
Бошанды Кебекбаймен сыйлағаннан
Қабылан би қойып едi бiтiм алып.
«Жұртым-ау» деп Қорлыға жылаған соң,
Ойына түсiп отыр сонда барып.
«Жас күнiмде атасқан елiм ғой» деп,
ұмытпай жүрiптi-ау деп сорлы ғарiп.
Халайық гулеп кеттi дабырласып,
Сөзiнен бiреуiнiң бiреуi асып.
«Осы жұрт қай жағына соғады» деп,
Қабылан би сөйлемейдi бiр сөз ашып.
Қабылан би бiр жұмысты жақтырмаса,
Ешкiм жоқ кететұғын бұдан асып.
Халайық көтерiлiп кеткеннен соң,
Қабылан би ақырады отын басып.
Қабылан айтты халыққа: «Қылғын сабыр,
Жiгiттер басылыңдар мiнезi ауыр.
2600
2610
2620

284
ТАРИХИ  ЖыРлАР
284
285
Екi айғыр байтал үшiн ащы болып,
Ақыры бiр-бiрiне қылған зәбiр.
Төленiң он жастағы жазығы не,
Болып тұр Қорлығаның осы жерi ауыр.
Сөзден де, қайраттан да жеңiлемiз,
Бұл iстiң аяқ жағы болмас тәуiр.
Тоқтаңдар келсiн халық, сөйлесейiк,
Жолымен адамдықтың теңдесейiк.
Сөйлесiп, сөзге келсе, сөйлесейiк,
Түйедей кейiн тартса, көлбесейiк.
Егер де ынтымақпен бiрлiк қылса,
Қазақтың баласымыз селбесейiк».
Деп отыр Қабыланды би осыны айтып,
Халыққа болалық деп үлгi тартып.
—Ит аларда қорадан қой жоғалар,
Халықтың дұшпан көпте бiрлiгi артық.
Қалмақ, қырғыз қазақты күнде шауып,
Ерегiс заман өзi тұр ғой шалқып.
Қазақ өзi бiреуiн бiрi өлтiрiп,
Бастарын кесiп ап жүр домалатып.
Ерегiсiп қатын үшiн ерлер өлiп,
Бұл қазақ жұрт болады ендi қайтiп?!
Талқан қып бiр шетiнен шауып кетер,
Бiр жақтан қалмақ келсе шеру тартып.
Ел қамын, жұрттың жайын ойламаса,
Жiгiтке тiрілiктен өлген артық.
Қабылан би бұл жұмыстан қылды қауiп,
Сөздiң де сөйлеушi едi ығын тауып.
Дәулеттiң балалары желiгiп тұр
«Мырқымен айқассақ» деп көңiлi ауып.
Халайық осыны айтып отырғанда
Бiр адам қызыл танау келдi шауып.
Сөйледi келе салып аттан түсiп,
Өзiнiң кеткен екен зәресi ұшып.
2630
2640
2650
2660

284
284
285
МыРҚы  БАТыР
Қабынып екi өкпесi ентiгедi,
Кәдiмгi отырғандай жыны қысып.
—Қабеке, жеттiм,—дедi,—Құдай сақтап,
Әйтеуiр қашып жүрiп тапырақтап.
Жазығы Күреңбелдiң шаң боп кеткен,
Келедi жер-дүниенi әскер қаптап.
Найманды Шолақтағы қырғыз шапты,
Келедi қалмақ-қырғыз екi жақтап.
Қабанбай аз кiсiмен соғысып жүр,
Көп әскер кететұғын тарпып таптап.
Қазақты қалмақ, қырғыз шауып жатса,
Сендерге лайық па мұнда жатпақ?!
Шуға да шапқыншыны жiберейiк,
Егер де тез барудың ығын тапсақ.
Бiреуге Мырқы деген елшi салып,
Қалмақтар Қапшағайда жатыр тоқтап.
Төменгi Балғалыны алған шауып,
Бiр қатер мұсылманға болған қауiп.
Қыбырлап жердiң жүзi көрiнбейдi,
Дүниенi қаптап кеткен көп торғауыт.
Деседi: «Зиянсыз боп жөнелемiз,
Мырқыны тiрi байлап, берсе тауып».
Түк қоймай Балғалыны шауып алған,
Ертең кеп үйсiндерге түспек ауып.
Дейтұғын Байынжығал бiр батыр бар,
Көкпеңбек үстi-басы темiр сауыт.
Астында Көкжал деген тұлпары бар,
Торғыннан мiнедi екен жабу жауып.
Түк қалмай торғауыттан келсе керек,
Есебiн болар емес адам тауып».
Найманнан қашқан кiсi тағы келдi,
Олар да торғауытты тағы көрдi.
2670
2680
2690

286
ТАРИХИ  ЖыРлАР
286
287
«Түк қоймай суанды да шапты,—дептi,—
Бұл өзi алса керек талай жердi.
Үстiне жығылғанның жұдырық деп,
Қырғыз да таудан асып тағы келдi.
—Олжалап Аққасқыр кеп жатыр, дейдi,
Түргенде қызылбөрiк деген елдi.
Шапқанда Балғалыны торғауыт,
ұрандап деп шауыпты «Шерден өлдi».
Қабылан би халық иесi жiгiт едiң,
Табасың қандай ақыл бұған ендi?
Деп Жантай сөзiн айтып бiтiргенде,
Бiр-екi-үш қырдан асып кiсi келдi.
Қараса төрт торғауыт келе жатыр,
Көкпеңбек темiр киген кiлең батыр.
Қолына елшi туын ұстап алған,
«Елшiге өлiм болмас» деген ақыр.
Келдi де сәлемдесiп аттан түстi,
Адамдай жасқанбайды түбi күштi.
Алдында Қабылан бидiң сыбанылған,
Сөйледi торғауыт та болған iстi.
—Қазақтың сен бе Қабылан биi, дейдi,
Кiмiң бар сенен тағы iрi? дейдi.
Ханы кiм қазағыңның, билерi кiм,
Жасырмай айтқын маған мұны, дейдi.
Қорқып сен жасырғанмен, бiз табамыз,
Қалмайды бiр табылмай түбi, дейдi.
Түк қалмай торғауыттан атқа мiндiк
Қазақтың көкке ұшады күлi, дейдi.
Кеспекпiз Шерден үшiн екi мың бас,
Айтқанда сөздiң анық шыны, дейдi.
Батырдың бiр-екi мың басын кессек,
Бiтпекшi сонан кейiн құны, дейдi.
Шерденге қастық қылған Мырқы деген,
2700
2710
2720

286
286
287
МыРҚы  БАТыР
Тiрiдей керек бiзге өзi, дейдi.
Қылатын оған тағы iсiмiз бар,
Өлтiрiп бос қоймаймыз құры, дейдi.
Мырқыны бiзге байлап ап кеп берсе,
Қазақтың болады азат ұлы, дейдi.
Егер де осы айтқанды iстемесе,
Қалмақтың бүкiл қазақ құлы, дейдi.
Бұл үшiн Бұрқын бақшы ант етiлген,
Қазақтың қалмақшы емес түгi, дейдi.
Бұл сөздi батыр Сұртай отыр естiп,
Өкпесiн ашу қысып, қаны көпсiп.
Тiк тұрып төбе шашы, қаны қайнап,
Қалмақты бара жатыр көзi тесiп.
—Мә саған, Мырқы үшiн бергенiм, деп,
Бастарын бас салды да, алды кесiп.
Деушi едi «Елшiлердi өлтiрмейдi»,
Аяғы бұл болмыстың болды нешiк?
Ашумен Сұрмаралға алды мiнiп,
Найзасын, баста қалқан қолына iлiп.
Дәулеттiң бес қасқыры атқа мiндi,
—Қайда,—деп,—бiзге жауың?—кеттi жүрiп.
Жесiр дау, құн дау—бәрi жайға қалды,
Халыққа түскеннен соң мұндай бүлiк.
Бошанға Қабылан келдi үш кiсiмен
Қалсын деп iсiмiздiң жөнiн бiлiп.
Қабылан кеп Бошан байға айтты жайын
Кiсi едi тамызатын сөздiң майын.
Түсiнiп Шора, Мырқы бұл болмысқа,
Әртүрлi сарамжалды қылды дайын.
«Аш бақа, ала жылан халық едiң»
Бұл iстi Қабылан, Бошан қылды уайым.
Шудан да келген екен төрт жүз кiсi,
Батырлар, кемеңгерлер толған iшi.
Қалмақ, қырғыз қазақпен жауыққанын
Ерлердiң пайым қылып байқады iшi.
Егерде қазақ болып бiрлiк қылса,
2730
2740
2750
2760

288
ТАРИХИ  ЖыРлАР
288
289
Кем емес торғауыттан мұның күшi.
«Қазақтың баласына хабарла» деп,
Шаптырды қос атпенен сегiз кiсi.
Қырғызға Қабыландының өзi кеттi,
Жауапқа адам едi өзi ептi.
—Кәпiр кеп, мұсылманды бүйтiп жатса,
Демекшi дiн мұсылман саған неттi?
Бiрiксек мұсылман боп, бiрлiк қылып,
Алмақпыз кәпiрлерден сонда кектi.
Демекшi Аққасқырға тауып алып,
—Исламдық ыждиһатың қайда кеттi?
Қабылан би жалғыз кеттi қырғыз жаққа,
Қазаққа болған iстi сыр қылмаққа.
Негiзгi болашақтың түбiн айтып,
Ниетiн мұсылманның бiр қылмаққа.
Ниетiн торғауыттың түсiндiрiп,
Сүйегiн мұсылманның қыздырмаққа.
Қамданып бұл кеткен соң Мырқы, Шора,
Қасабай, Көшектер де мiндi атқа.
Ендi  бұлардың  асығыспен  бiр  күннiң  iшiнде  жиналған 
қаруы  бар  соғысқа  жарайтын  адамдары  небары  алты-ақ  жүз 
адам болды. Мұның iшiнде сенiмдi сауыты бар тоғыз батыр бар. 
Басқасы сыналмаған қара бақаншылар едi. Былай шыққан соң 
батырлар  ақылдасып,  Шораның  айтуымен  мынандай  ақылға 
келдi:  «Торғауыттың  келе  жатқан  бағыты—үш  беталыспен 
келе  жатқан  көрiнедi.  Кейiнгi  халық  хабарланып,  артымыз-
дан  келгенше  бiз  үш  бөлiнiп  торғауыттың  алдына  бөгет  болу-
ымыз  керек.  Сол  үшiн  мен  үш  жүз  кiсiмен  бiздiң  Балғалыны 
алып,  мәз  боп  жатқан  жағынан  килiгейiн.  Көшек  Маймақ, 
сендер  Қапшағай  жағынан  килiгiп,  берi  асырмаңдар.  Мырқы, 
сен  ысылған  жiгiтсiң,  мiнгенiң  тұлпар.  Жалғыз  өзiң  барып 
Қабанбайға  қосыл.  Қабанбай  мен  екеуi  найман  жағын  қорғай 
алатын  шығар»  деп,  бұлар  үшке  бөлiндi.  «Кейiнгi  келетiн 
әскердi жөнiн айтып саралап тұр» деп, Қасабай мен Бәймен ба-
тырды тастап кеттi. Ендiгi әңгiме Мырқыдан басталады.
2770
2780

288
288
289
МыРҚы  БАТыР
Жауға қарап ер Мырқы,
Бет алып ендi жөнелдi.
Жалғыз өзi жау iздеп,
Талайы көкке теңелдi.
Сүйегiнде бар болса,
Бар өнерiн көр ендi.
Жалқын басын, байтағын,
Сақтамақ халық көлемдi
Зуылдатып келедi.
Астындағы көк тұлпар
Көксерек деген дөнен-дi.
Ақ көбiгi бұрқырап,
Астындағы тұлпары
Көз жұмғанша асады
Көлденең жатқан белеңдi.
Бар өнерiн көрсетер
Уақыты болды кезеңдi.
Өте шықты қылт етiп
Шалшық су құрлы көрместен
Iле деген өзендi.
Бөктерлеп зытып келедi
Қарашоқы, Шеңгелдi,
Қоянкөз, Маржан дегендi.
Ашуланып келедi:
—Оярмын,—деп,—торғауыт,
Құдықтай қазып төбеңдi.
Батырлық, жастық—қос мастық
Желiктiрген желең-дi.
Дұшпаннан көрген қорлығың
Iшiңе тiкен шемен-дi.
Екi көзiн тас байлап
Намысы айдап келедi
Сол секiлдi берендi.
Жек көрмес, сiрә, Алла да
Жұрт үшiн қайғы жеген-дi.
Қоянкөздiң сыртында,
Көзiн салып қараса,
Қашқан елдi көредi.
Жалаң аяқ, жалаң бас,
19-205*
2790
2800
2810

290
ТАРИХИ  ЖыРлАР
290
291
Көздерiнен ағып жас,
Қазақтар қашып келедi.
Бұл қорлықты көрген соң,
Қаны қайнап батырға
Болмады жанның керегi.
Мырқының қашқан найман көрдi сұрын,
Көрмеген сұрша жiгiт бұдан бұрын.
«Қазақтың бiр жауынгер батыры» деп,
Қалдырмай айтып жатыр барлық сырын.
Қалмақтар Қабанбайды байлап алып,
Найманның кетiп тұрған есi қырын.
ұрысып алты күндей көп кiсiмен,
Талауға алып кеткен ұл мен қызын.
Қасқырдан қашып шыққан қойдай болып
Халайық келе жатыр ырым-жырым.
Баласы Мақтанбайдың үш бөлiнiп,
Тоз-тоз боп қашып жүрген аспан жерден.
Айрылып Түгелбай хан хандығынан,
Жұртқа бiр болып тұрған жаман ырым.
Көп болды халық бұған айналғаны,
Қабанбай тiреу едi наймандағы.
Қазаққа ұлы намыс болып отыр
Қалмаққа Қабанбайдың байланғаны.
Найманның қарсы тұрмай қашқандығы,
Мырқыға мәлiм болды бар жайлары,
Iшiнен кiреукесi басып киген,
Мырқының түгел-дi [қару]-саймандары.
Қабанбай қолға түстi дегеннен соң,
Басқасын жан екен деп ойланбады.
Қаптаған қара құрым қашқан халық,
... ... ...
*
Халықтың босқынына қарағанда,
*
 Бір сөйлем өшіріліп қалған. 
2820
2830
2840
2850

290
290
291
МыРҚы  БАТыР
Торғауыт қалың қолмен басқаны анық.
Жалаңаш, жаяу-жалпы жылаған ел,
Бiреудi болар емес бiреу танып.
Осындай жұрттың сорын көргеннен соң,
Мырқының бара жатыр iшi жанып.
Ел қайда, жау қай жақта екендiгiн
Ешкiмнен бiле алмай жүр әлi қанып.
Жау менен елдiң жөнiн түсiндiрiп,
Мырқыға айтып жатыр бiр шал барып.
Шал сөзiн түсiндiрiп айтып жатыр,
Тыңдап тұр Мырқы бұған құлақ салып.
Шал айтты: «Жаным, балам, сөзiм тыңда,
ұқсап тұр порымдарың батыр ұлға.
Дүниеге кәпiр қаптап келе жатса,
Сен не қып қодырайып жүрсiң мұнда?
Қазақты қалмақ қаптап қырып жатыр,
Дейтұғын Шұбар шырыш деген құмда.
Естiдiк «Қабанбайды байлады» деп,
Сонан соң қазақ қашып шықты қырға.
Қазақтың еркек кiндiк бәрi сонда,
Сен де бар, көп кешiгiп тұрма мұнда.
Қазақты ысылмаған қырып алмай,
Басшысы бол барып, балам, қалың қолға».
Дедi де, қолын жайып бата бердi:
—Иә, Құда, мұсылманды өзiң оңда.
Бетiне шал батасын қағып салып,
Бұрқырап Мырқы батыр түстi жолға.
Атына Мырқы батыр қамшы басты,
Тауынан Қызыласу келiп асты.
Бесiннен бiраз төмен түскен кезде
Соғысып жүргендерге араласты.
ұрысып жүр қазақ қашып, қалмақ қуып,
Қазақ та соғысып жүр белiн буып.
2860
2870
2880

292
ТАРИХИ  ЖыРлАР
292
293
Қыбырлап артқы жағы шаң боп кеткен,
Көрiндi көптiгiнiң түсi суық.
Қалмақтан жердiң жүзi көрiнбейдi,
Көпшiлiк көргенi осы өзi туып.
Ту тiгiп, екi жаққа майдан жасап,
ұрысып жатыр екен жеке шығып.
Қалмақтан Дуду деген бiреу шығып,
Барғанды тұрған екен қойдай қырып.
Қазақтан қандай палуан барса дағы,
Шоқпармен жығады екен бiр-ақ ұрып.
Қашпапты қандай батыр барса дағы,
Тұр екен бiр-бiр ұрып жерге жығып.
«Кәпiрдiң мына лағин қорлығы-ай!» деп,
Жүгiртiп Мырқы барды қаны қызып.
Сап етiп Көксерекпен жетiп барып,
Түсiрдi айбалтамен мойнын үзiп.
Майданда қалмақтарға айғай салды,
Мырқының мұнан әрi етi қызып.
—Қалмақтар, бiр-екеуiң тағы келшi,
Қылайын мұнан гөрi оны қызық.
«Дудуды өлтiрген бұл неткен жан?» деп,
Қалмақтар қарап тұрды көзiн сүзiп.
Мырқыдан торғауыттар жасқанады,
«Мынаның екен-ау,—деп,—түрi бұзық».
Майданда Көксеректi ойнатады,
Қалмаққа үлкен қайғы ойлатады.
«Дуду өлдi, бiздi де өлтiредi» деп,
Қалмақтың қорқып-ақ тұр бiр қатары.
«Осыны барып жайғап келiңiз» деп,
Қалмақтар шығарады Нарботаны.
Нарбота келе жатыр таудай биiк,
Дудудың өлгенiне iшi күйiп.
Ашумен кеуiп кеткен екi өкпесi,
Тырсылдап сауытына зорға сыйып.
2890
2900
2910

292
292
293
МыРҚы  БАТыР
Сауыты, дулығасы, қалқаны бар,
Көкпеңбек келе жатыр темiр киiп.
Садақтың бәйенегi шаңырақтай,
Келтiрген сұр мүйiзден зордан иiп.
Ерауыз астындағы қоңыр бедеу,
Құйрығын, жалын өрiп, қойған түйiп.
Қылышы үш құлаштай көрiнедi,
Кеткендей шөккен нарды бiр-ақ қиып.
Төңкерген тай қазандай бастары бар,
Қалыбы болар емес адам тиiп.
Жiңiшкелеу қарағай найзасы бар,
Қабағын келе жатыр қатты түйiп.
Жасқанбай одан Мырқы тұрды қарап,
Мұнда да қылыш, мылтық, қолда садақ.
Мырқыны көргеннен соң дәу Нарбота
Найзасын тап бередi жұлып алып.
Шабынып Нарботаны жын ұрады,
Найзамен неменемдi тындырады?
Үйренген әдiсi едi жас күнiнен,
Найзасын қағып қалып сындырады.
Айрылып қолындағы найзасынан,
Бұл жерде дәу Нарбота былжырады.
—Бiр шауып,—ашуланып,—тастайын, деп,
Қылышын кәпiр лағин суырады.
Қылады Мырқы айла мұны көрiп,
Сап етiп бұрылғанша қайтып келiп.
Қылышын ұстап жүрген ұңғыттың,
Қарынан айбалтамен кеттi берiп.
Жүзiмен айбалтаның ұрған екен,
Кетiптi қолдың қарын екi бөлiп.
—Қыларың мұнан басқа қалды ма?—деп,
ұстады жағасынан қайтып келiп.
2920
2930
2940
2950

294
ТАРИХИ  ЖыРлАР
294
295
Мырқыны о да ұстады жағасынан,
Тұрған жоқ бiр қол үшiн күшi кемiп.
Екеуi ат үстiнен жағаласып,
ұстасты бiрiн-бiрi күшпен керiп.
Екеуi жағаласып тартысқанда,
Аттары жата қалды жерге шөгiп.
Аттарын екеуi де тастай берiп,
Алысты жағаласа түрегелiп.
Орнынан қоңыр бедеу тұрмай қалды,
Тартқанда кеткен екен мойны үзiлiп.
Қайысып Көксерек ат зорға тұрды,
Мойынын iшiне алып, тiзе бүгiп.
Ғали мен Жанабiлдiң тартысындай,
Тамаша көргендерге болды қызық.
«Қайсысы екеуiнiң алады» деп,
Екi жақ қарап тұрды көзiн сүзiп.
Үйiрiп бiрiн-бiрi сiлтегенде,
Кетедi аяқтары жердi мыжып.
Алысты осы екеуi ет пiсiрiм,
Алмақ боп бiрiн-бiрi бойы қызып.
Бiр қолы Нарботаның кемшiл боп жүр,
Әйтпесе сiлтеуiнiң түрi бұзық.
Бас салып қанжарменен басын кестi,
Бiр кезде Мырқы батыр алып ұрып.
Бүркiттей қасқыр алған қылмаң қағып,
Атына Мырқы тұрды мiнiп алып.
Атына ызғытып тұр мiнiп алып,
Дос-дұшпан қайран қалды тұрған халық.
Сүйекке он торғауыт ат қояды,
Өлгенiн Нарботаның көре салып.
«Сүйегiн алдырмаймыз қалмақтың» деп,
ұрандап ат салдырды қазақ халық.
2960
2970
2980

294
294
295
МыРҚы  БАТыР
Қазақтың бұл қылығын көргеннен соң,
Қалмақты жын ұрып па қарап қалып?
Майданда қазақ, қалмақ араласып,
ұмтылды найза, мылтық, садақ алып.
Қалмақтың түгi қалмай келiп едi,
«Қазақты аламыз» деп талаптанып.
Өлiгiн Нарботаның алдырмады,
Алдымен бұрын жетiп қазақ барып.
Майданда араласты қазақ-қалмақ,
Жеңiсiп бiрiн-бiрi болады алмақ.
Кескен бас, өлгендердiң қисабы жоқ,
Қап-қара күннiң көзiн басты шаңлақ.
Бiр жағын бiрi қуып, қайта қашып,
Толқындай толықсып жүр алмақ-салмақ.
Көп екен батырлары жұрт болған соң,
Өлтiрдi бiрiн-бiрi қолын қандап.
Бiрi өлсе, бiрi артынан келiп жатыр,
Таусылмас қырылғанмен он сан қалмақ.
Қасқырдайын қойға тиген жалаң қағып,
Майданды Мырқы батыр жүрдi шарлап.
Ол жақтан Байынжығал, мұнан Мырқы,
Бiр жерде кездеседi екi саңлақ.
Екеуi тұра қалып жөн сұрасып,
Өздерi кiм екенiн бiлiстi аңлап.
Сөйледi Байынжығал сонда тұрып:
—Ей, құрбы, сөздi тыңда, мойын бұрып.
Бәрiмiз бiр тұқымдас бола тұрып,
Шабыспақ болып тұрмыз Құдай ұрып.
Мен жүрмiн қалмақтардың шотын шауып,
Тұрады әр нәрсенi Құдай қылып.
Сен болсаң анық Мырқы танысайық,
Сөйлесiп оңашарақ, жеке шығып.
«Бiр қастық жеке шықса қыла ма?» деп,
Көңiлiңiз ойламасын былай бiлiп.
Бiрiмiз бiрiмiзге оқ атармыз,
Сөйлеспей жөн сұрасып, сипай ұрып.
2990
3000
3010

296
ТАРИХИ  ЖыРлАР
296
297
Қан төкпес қаны бiрге қарсыласып,
Салмаса ажал айдап жүген-құрық.
Сөзiмдi сөйлескен соң «сендiм» дерсiң,
Иә, «аға», кiшi болсаң «iнiм» дерсiң.
Атамыз кешегi өлген Бүшір құсап
Өзiң-ақ өлiп кетсем кебiндейсiң.
Оңаша шығып алып алыссам да,
Қалыбың сен де менен жеңiлмейсiң?
Жүр, батыр, оқшау шығып сөйлесейiк,
Қорқатын бiр кiсiден көрiнбейсiң.
Соны айтып, Мырқыны ертiп шықты шетке,
Оңаша сөйлеспек боп бетпе-бетке.
Мырқы онан қорқатұғын қалыбы жоқ,
Болған соң «тәуекел» деп жекпе-жекке.
Екеуi былай шығып, аттан түсiп,
Сөйледi Байынжығал сөздi төте.
Деп айтты Байынжиғал қуыстанып:
—Қауiп қып отырмысың, батыреке,
Ал, батыр, мен сөйлейiн, құлағың сал,
Елi едi ер жiгiттiң құйрық пен жал.
Бауырыңды өлтiретiн салтың екен,
Ендеше мен де бауырың, қимылдап қал.
Сол менiң әкем едi Бүшір дейтiн
Өлтiрген өз қолыңмен дәу шұбар шал.
Алжыған бiз секiлдi азғындарды,
Егер сен жiгiт болсаң, жөнiне сал.
Бишаға қаны қызып жәрдем қылған,
Бүшірдің саған қандай жазығы бар?
Бүшірдің өлуiнiң жөнiн айтшы,
Сенiмен сөйлесуге едiм құмар.
Бүшірдің өлiгi жоқ табылмады,
Көңiлiм сол сырыңды айтсаң тынар.
Басы жоқ, iшiн жарған Шерден жатыр,
Қырыпсың көп қалмақты ұмар-жұмар.
Жасырмай, Мырқы батыр, шыныңды айтшы,
Осы жерде жөнi келдi ердi сынар.
3020
3030
3040
3050

296
296
297
МыРҚы  БАТыР
Әйтеуiр күшi келсе өлтiретiн
Жiгiттiң бiрiмiсiң қанға құмар.
Сенiспей сыр жасырып, бүгiп қалған
Жiгiттi ер Ғалидың әруағы ұрар.
Қас қылмай, қанымызға жай жүрелiк,
Егер де жiгiт болсаң сөзге тұрар.
Менiң кiм екенiмдi байқа әуелi,
Қазақтың жiгiт болсаң басын құрар.
Бас салып, әлi жетсе алатұғын,
Болмайды анық батыр көрсеқызар.
Жерiңнiң қайрат қылар жөнiн таппай,
Болғаның келiсе ме қазанбұзар.
Бас кессiн, бауыр кетсiн, әкесi өлсiн,
Жұмыстың ауырына ерлер шыдар.
Ал, батыр, мұныңды айтып, маған ұқтыр,
Әр iстi iстеп тұрған Құдай шығар.
Бұл сөзге Мырқы тұрды құлақ салып,
Жiгiттiң бар ниетiн байқады анық.
Жiгiттiң бұл ниетiн қарағанда,
Дұшпанға ұқсамайды мына қалып.
Бишаға Бүшiр шалдың болысқаны
Көңiлiне түсiп кеттi сонда барып.
Өлгенi қалмақтардың бәрi де рас,
Шерденнiң өзi кеткен iшiн жарып.
—Оқиға айтқаныңның бәрi де рас,
Бүшірді көмдiм,—дедi,—алып барып.
Бiлмеген у да iшедi, қаза шығар,
Сөйлесiп ол кiсiмен таныспадық.
Басына қайтып барып бата оқуға
Келмедi орайымыз шалыс қалып.
Мен емес ол кiсiге қаза болды,
Сен бұған қызбай-ақ қой намыстанып.
Сөйлесiп ол кiсiмен жөн сұрауға
Арамыз шаркез болды, алыс қалып.
Достасып тұр екеумiз құшақтасып,
Көңiлге мұндай iстi алыспалық.
«Дос кешер орын кектi» деген сөз бар,
Қастыққа мұнан былай барыспалық.
3060
3070
3080
3090

298
ТАРИХИ  ЖыРлАР
298
299
Екеуi құшақтасты сонда тұрып,
Қастаспай келiсуге уәде қылып.
Ақылға кiрiспекшi болды бұлар,
Екеуi бiр-бiрiне көңiлi тынып.
«Қазақтың қалмақпенен қан боп жатқан,
Соғысын тоқтатамыз қандай қылып?»
Айтады мына сөздi Байынжығал:
—Бiр ақыл ойлайық,—деп,—ендi бұған.
Далада хан Шерденнiң өлгендiгi,
Ойына қалмақтардың болған дықал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет