Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Жүретiн бiр-бiрiне арттан тая көшiп.
Найман да көп халықтан iргелi едi,
Қалмаққа найман таяу жүрген едi.
Бiр саяз Қапшағайдан өткен тауып,
Үйсiннiң Итжонда бiр бөлегi.
Кебекбай найман едi қоры бар,
Мiнәсар халық сүйерлiк қылығы бар.
Перзентi Кебекбайдың ұлдан-қыздан
Қолында айдай сұлу бiр қызы бар.
Ол қыздан дүниеде адам өтпес,
Басында инабаттың жұлдызы бар.
Қорлыға—Кебекбайдың жалғыз қызы,
Байқаусыз бетiнде бар зардың iзi.
Мөлдiреп қара көздi төмен салып,
Жадырап бiр күлмейдi ақша жүзi.
Маржандай отыз тiсi тiзiлiп тұр,
Аш белi құмырсқадай үзiлiп тұр.
Ақ тамақ, қызыл ерiн, ұзын кiрпiк,
Гауһардай көзi төмен сүзiлiп тұр.
Әнi бар Қорлығаның құмар тарқар,
Ерiксiз естiгеннiң ынтасы артар.
Қасынан көрген адам кетер емес,
Жүзiнiң сиқыры бар адам тартар.
Үйсiнде бiр бай болды, аты—Бошан,
Қызулы адам едi, көңiлi босаң.
Бұрынғы ескi қордан үзiлместен
Кiсi едi келе жатқан әлдеқашан.
Бар едi бұл кiсiнiң үш баласы,
Келмеген жамандықтың еш қарасы.
Болғанда бiреу жақсы, бiреу жаман,
Адамның айырма ғой шекарасы.
130
140
150

210
210
211
МыРҚы  БАТыР
Қадiрлi Бошан бай да Қызыр шалған,
Қадiрлi жiгiт едi, өзi бардан.
Алтындай бейшараның балалары,
Тәртiбi халайыққа үлгi болған.
Аты едi үлкенiнiң Мырқы деген,
Өзiнiң жүрушi едi ырқыменен.
Халық сыйлар шамасының келгенiнше,
Жыр тыңдап, жұмысы жоқ күлкiменен.
Сол кезде жиырмаға келген Мырқы,
Тебiндеп жаңа шыққан қара мұрты.
Кең көкiрек, орта бойлы, бұқа қабақ,
Жап-жалпақ мойны менен тұтас сырты.
«Бошанның бұрын туған баласы» деп,
Өзiн де жек көрмейдi елi-жұрты.
Баланы жұрт таң қалып қылады сөз,
Қызыл бет, қалың қабақ, тобылғы көз.
Найзагер, садақ тартқыш, өзi балуан,
Ат үстi соғысқа да амалы тез.
Астында көк тұлпары қатып жүрген,
Жастықтың қызығына батып жүрген.
Ол кезде қалмақ, қазақ жаугершiлiк
Кезi едi белдi шешпей жатып жүрген.
Малы көп, кемпiр—шеше, әкесi—шал,
Бiр туған бiр ұл, бiр қыз бауыры бар.
Он үште қарындасы Биша деген,
Қарасаң келбетiне бiр ұрымтал.
Он жаста кенже iнiсi Төлеу деген,
Сөйлесе, тiлi тәттi шекер мен бал.
Солардың оқиғасын сөйлемекпiн,
Бұл сөзге, көп жамағат, құлағың сал.
Мiндетi тыңдаушының қалды сiзде,
Аянба, қызыл тiлiм, қимылдап қал.
160
170
180

212
ТАРИХИ  ЖыРлАР
212
213
Ол кезде үйсiн түгел едi Шуда,
Жақсы адам Кебекбай шал едi бұ да.
Сөйлесiп Бошанбай мен Кебекбай шал,
Екеуi Құдай қосып болды құда.
Той қылып, малын берiп, қызын алды,
Дәметкен талай жiгiт құры қалды.
Мал берген қыз жайына қарасын ба,
Талайдың көңiлiне қайғы салды.
Осы қыз жүрушi едi Сүренменен,
О да бiр батыр едi бiлемдеген.
Кейде кез кеп, кейде кездеспейтiн,
Жастықтың қызығы да үнемдеген.
Жасынан осы қызға ғашық болып,
Жалайыр Сүрен дағы сүмеңдеген.
Басқаның қызығына түскеннен соң,
Жiгiттi түрте берер түлен деген.
Мырқыға келiншек боп түскеннен соң,
Әртүрлi той ырымын iстеген соң,
Жастыққа не айтарсың, амал бар ма,
Қан қызып, қызығына түскеннен соң.
Бiлдiрмей келiп-кетiп жүрушi едi,
Iшiне ғашық оты түскеннен соң.
Мырқы ойлар: «Келiп жүр-ау бұл Сүрен» деп,
Құлағын түрiңкiреп жүрдi елеңдеп.
Бiр күнi сырын тартып айтып едi,
Өзiн сөктi «Бұл пәлең неменең?» деп.
Ауылы Бошан байдың Сарытау құмда,
Талай ел онан басқа бар тау-құмда
Бошан бай осы жылы көктеп едi,
Мал семiз, орта жолдың дәл аузында.
Жайлаған Бошан байың көштi бiр күн,
Жайлайтын Өтегеннiң арғы сыртын.
Онан басқа талай ел көшiп жатыр,
Көшi өтiп, кетiп жатыр дүркiн-дүркiн.
190
200
210

212
212
213
МыРҚы  БАТыР
Шаң басып, көштiң алды малға толды,
Көш басты Қалбұлақтан шыққан жолды.
Айдарлы, Өтегеннiң арасына
Ауылы Бошан байдың келiп қонды.
Көлтаудың ауыл қонды жағасына,
Көлеңке мал жайылды панасына.
Су iшiп Айдарлыдан отырмаққа
Үй тiктi Қуыстыеменнiң арасына.
Итжонға Мырқы бүгiн жүрмек едi,
Ел жайын Итжондағы бiлмек едi.
Таласып қоныс алып жайлануға,
Елiнiң сол жерде едi бiр бөлiгi.
Кеш келiп ауыл сайға, кеше қонған,
Мал өрiп кетiп жатыр оң мен солға.
Мырқы атын байлап қойып «жүремiн» деп,
ұйқысын бөлiп жатып, ерте оянған.
Қызығы алған жардың басылмаған,
Таң атқан, жердiң жүзi ашылмаған.
Жылқыны айдап келiп, бие байлап,
Айнала құлын қуып тасырлаған.
Манаурап орнынан тұрды Мырқы,
Дабырлап кеткеннен соң үйдiң сырты.
Жаңа алған келiншегiн жастық дәуiр,
Түнiмен болған шығар ойын-күлкi.
Көрсеткен бiр күн iзiн, бiр күн жүзiн,
Дүние ғой қылмаңдаған қызыл түлкi.
Тұра сап асығыспен атын ерттеп,
Итжонға не қылса да, бүгiн жетпек.
Тұлпарын отауына байлап қойып,
Аяңдап үлкен үйге жүрдi беттеп.
Келдi де, үлкен үйден қымыз iштi,
Қорлыға бiрге келiп, саба пiстi.
Екеуi қол ұстасып қайта шығып,
220
230
240
250

214
ТАРИХИ  ЖыРлАР
214
215
Құшақтап бiр-бiрiнiң мойнын құшты.
Қорлыға аттандырды, Мырқы аттанып,
Аяңдап ендi Мырқы жолға түстi.
Қорлыға арт жағынан қарап тұрды,
Мырқы да неше артына мойын бұрды.
Сүйенiп ұзағанша қарап тұрып,
Қара үзiп кеткеннен соң, үйге кiрдi.
Қорлыға кiрiп-шығып үлкен үйге,
Бишаны ерттi ботаны iздесуге.
Шыққанша бұлар үйден, қоңыр бота
Тайраңдап кiрiп едi қалың шиге.
—Қамысқа бота барып кiрмесiн, деп,
Қамыста ит-құс болып жүрмесiн, деп.
Ботаны алып келiп ойға қойды,
Тастысай—үйдiң жаны, iргесi, деп.
Тастысай—Iргеқамыс жайдақ жерi,
Ботаға қамыс жақын тастан гөрi.
Тайраңдап аяқтарын шалыс басып,
Бақылдап ойнап жүрдi әрi-берi.
Қорлыға екi көзiн төмен тастап,
Отырды шынтағына тасты жастап.
Бар едi сұлулығы хор қызындай,
Тәкаппар адам едi мiнезi асқақ.
Бишаның гүл төгiлер қабағынан,
Көрiнер iшкен асы тамағынан.
Бес тасты қақпа тас қып ойнап отыр,
Халқыңның хабары жоқ амалынан.
Бұлардың күткен бақыты алдында тұр,
Бақыттың атқан жаңа таңында тұр.
Он үшке қыз Бишаның жасы толған,
Талпынып бала құстай бағымда тұр.
260
270
280

214
214
215
МыРҚы  БАТыР
Дүниеңмен бес тиындық жұмысы жоқ,
Көңiлi қызыл-жасыл сағымда тұр.
Биша отыр қолындағы тасты санап,
Үздiксiз Қорлыға отыр төмен қарап.
Бiр жағы тас, бiр жағы қалың қамыс,
Ботаның жүрген жерi үлкен алап.
ығыстап төмен қарап жайылды iнген,
Биша емес сұмдықтың жайын бiлген.
Қорлыға төмен қарап отыр едi,
Төменнен бiреу шықты атқа мiнген.
Қорлыға оны көрiп атып тұрды,
Ол дағы аттың басын берi бұрды.
Кәдiмгi бұрын таныс адамдардай,
Қорлыға тастан түсiп соған жүрдi.
Күлдi де бiр-бiрiмен амандасты,
Қойған-ды бiр-бiрiне ықыласты.
Бишаның бұларменен жұмысы жоқ,
Қолдағы ойнап отыр қақпа тасты.
Сөйлесiп әрi-берi тұрды дағы,
Екеуi беттен сүйiп ажырасты.
Биша ойлар: «Мұнысы кiм жүрген орап,
Ауылдың аға жоқта сыртын торып?»
Көңiлiне, бiлмесе де, сыймай отыр,
Бетiнен сүйiскенi айдай толып.
Аз ойлап, арамдықты қоя салды,
Дедi де: «Ел қыдырған бұл бiр қонақ».
Кеш батып, келдi ауылға ботаны айдап,
Отырды абыр-сабыр малды жайлап.
Қараңғы әр ауылда от жылтылдап,
Қазанда құрт, iрiмшiк жатыр қайнап.
Ел жата жаңбыр жауды, күн бұлттанып,
Жатқан соң елдiң бәрi тыныштанып.
290
300
310

216
ТАРИХИ  ЖыРлАР
216
217
Сай-сайдан сулар ағып, нөсер төгiп,
Жел соғып, боран болды, құрыстанып.
Жел соғып, дауылдап тұр, көрмей тыным,
Жортып жүр мал паналай үйдiң ығын.
Ит үрiп әрi-берi жүрдi дағы,
Жатады паналап кеп отын түбiн.
Боран пәсесi тартты, мал баяндап,
Соғады кейде қатты, кейде аяңдап.
Ел жатып, төсек салып жатқан кезде
Қорлыға үлкен үйге келдi аяңдап.
Әдептi мiнезi бар мұның тым-ақ,
Қайнысын енесiнен келдi сұрап.
Енесi: «Не қып тұрсың?»,—деген едi,
—Отауда ендi, апа, жатсын шырақ.
Қорқамын, күнде-күнде жатып жүрсiн,
Балаңыз келгенiнше жолаушылап.
Дедi де, Төленi ертiп алып барып,
Жатқызды төр алдына төсек салып.
Өзiнiң төсегiне өзi жатты,
Есiктi бостау қылып қойды таңып.
Жас Төле бала бүркiт көзi жанған,
Сүйгенде ата-ананың мейiрi қанған.
Шаршаған кешке шейiн ойнап-ойнап,
Төсекке жатысымен ұйықтап қалған.
Қорлыға ұйықтамайды бар бiр iсi,
Бардай-ақ көңiлiнде бiр жұмысы.
Дөңбекшiп ұйықтай алмай жатыр едi,
Есiктен келгендей болды бiр кiсi.
Қорлыға төсегiнен атып тұрды,
Қорлыға есiк ашты, үйге кiрдi.
Киiмiн үстiндегi шешiндiрiп,
Екеуi сыбырласып төрге жүрдi.
320
330
340

216
216
217
МыРҚы  БАТыР
Жiгiттiң сүйегiнен тесiп өткен,
Суық қол Қорлығаны тiтiреткен.
Сыбырлап, құшақтасып, беттен сүйiп,
Төсекке алып жүрдi бiр құрметпен.
Алып келiп төсегiне жатқызады,
Көрпесiн «мұздадым» деп жапқызады.
Артынан Қорлыға да бiрге кiрiп,
Құшағы бiр-бiрiне қақтығады.
Екеуi жата бердi осы күйде,
Қолына еркiн тиiп қызық дүние.
Iстеген бұл жiгiттiң жазығы осы,
Болмаса ұрлаған жоқ сынық ине.
Адасқан бiр жолаушы мiнбей салт ат,
Жолының жүретұғын бәрi батпақ.
Келедi желге қарап қарсы жүрiп,
Жығылып әрбiр жерге тайғанақтап.
Мырқы едi келе жатқан бұл жолаушы,
Асығып жар қойнына келiп жатпақ.
Қызығы адал жардың басылмаған,
Бардай-ақ сыбағасын қойған сақтап.
Ауылға кезең асып келдi жүрiп,
Алдынан көк төбетi шығады үрiп.
Пырдай боп жанның бәрi ұйықтап жатыр,
Жатқан жоқ бұл келгендi ешкiм бiлiп.
Артына отауының келiп түстi,
«Қорлығам бiле ме?» деп бiраз күттi.
Жым-жырт боп жұрттың бәрi ұйықтап жатыр,
Адам жоқ бұл хабарды бiлген тiптi.
Асығып үйге кiрдi атын байлап,
Есiктi өзi шештi қойған байлап.
Қараса төсегiнде бiреу жатыр,
Жарымен жаны сүйген күлiп-ойнап.
350
360
370

218
ТАРИХИ  ЖыРлАР
218
219
Қасына жақын келдi бiр-бiр басып,
Қалтырап тұла-бойы, қаны қашып.
Аузын аузына тиiстiрiп,
Қауiпсiз ұйықтап жатыр құшақтасып.
Сағынып түнi бойы келiп едi,
Жарының қызығы осы болған ғашық.
Бұл жұмыс қайнатып тұр ендi қанды,
Құтырған арыстандай көзi жанды.
Бұл қорлық, тiрi қорлық деген осы,
Мұндай iс күйдiрмей ме қан мен жанды!
Қанжарын белiндегi жұлып алды,
«Кiм болсаң, ол болғын» деп перiп қалды.
Басынан қақ жүректiң тиген екен,
Тырп етiп қыбырламай, бердi жанды.
Айланып жiгiтпенен жатқан шақта,
Қатынды шыға қашқан көзi шалды.
—Тозақы, қайда кетiп барасың?—деп,
Шашынан бұрап-бұрап ұстап алды.
Мырқыны шыдатпай тұр ашу кернеп,
Оны да өлтiрмекшi қанжар сермеп.
Мырқыға: «Ағатай»,—деп жалынады.
Оңай ма қапылыста жанын бермек.
Ойлады: «Жiгiттiң де құны жетер,
Бәрiн де қыра бермейiн құры бекер.
Екеуi қабат өлiп қалғаннан соң,
Бiр жанжал, ел егесiп, шығып кетер».
—Тозақы, қу жаныңа бердi ме тыным,
Дұрыс па жолдастыққа сенiң мұның?
Ертiп кеп төркiнiңдi, өлтiрермiн,
Мықтаса, елу байтал—сенiң құның,
Еңбегiн қанжарымның қылмай шығын.
380
390
400

218
218
219
МыРҚы  БАТыР
Дедi де атқа мiнiп жүрiп кеттi,
Бiлген жоқ ешбiр адам осы кептi.
Мырқы аттанып кеткен соң, әлгi қатын
Өлiктi бiр өзенге алып жеттi.
Қараңғы өзен бойы, қамыс-шалшық
Томардың түбiн қазды терең аршып.
Сүрендi сол араға көмдi дағы,
Томарды қалыбындай қойды шаншып.
Қорлыға дiрiлдеп жүр қорқып қатты,
Жығыла-сүрiне кеп атты тапты.
Шылбырын тiзгiнi мен мықтап түрiп,
Бiр салып сауырына жiбердi атты.
Ширыққан жауын жауып тiрсегi ат,
Тұрсын ба, өрiсiне тiке тартты.
Қорлыға толарсақтап үйге келiп,
Көңiлi жарым боп тұр, Сүрен өлiп.
Төленi төр алдында ұйықтап жатқан
Жатқызды төсегiне алып келiп.
Кетпеген жөргек иiсi мұрынынан,
Бала ғой анасына жүрген сенiп.
Жұлмалап жүрсе дағы, оянған жоқ,
Шайқалған жұмыртқа ғой бiр жас ұрық.
Сүреннiң орнына жатқызды да,
Жүректен қанжарменен кеттi перiп.
Былқылдап пiсiп тұрған қан жүректi
Кетiптi тиген қанжар екi бөлiп.
Құданың тура берген қазасы да,
Бейшара тағдыр жетiп кетедi өлiп.
Қорлыға үлкен үйге жетiп барып,
Баланы қанжарменен өзi жарып.
Есiгiн үлкен үйдiң жұлмалады,
Барды да «Атбұйрат» деп ойбай салып.
410
420
430
440

220
ТАРИХИ  ЖыРлАР
220
221
—Балаңыз үйге жаңа келдi ,—дейдi,
Бiлмеймiн, басқа адам деп ойлады ма?
Жүректен қанжарменен пердi,—дейдi,
Қайтейiн, жеткiншегiм, қайран шырақ
Қапылыста осылай боп өлдi,—дейдi.
«Тез барып, төркiнiңдi шақырып кел,
Сенi де өлтiремiн ендi»,—дейдi.
Мұны естiп, қорқып кеттi, ауыл шулап,
Зәре жоқ жүректерi аттай тулап.
Үйiне Қорлығаның жетiп келiп,
Шам жағып, қарап жатыр ауыл дулап.
Қып-қызыл үйдiң iшi қан боп кеткен,
Төле өлiп төсегiнде жатыр сұлап.
Баланы жұлмалады жетiп барып,
Берiлсiн өлген бала бұған не қып.
Ісiнiп аппақ болып жатыр бала,
Жүректен өлтiрiптi қанжар салып.
Баланың өлгендiгiн бiлгеннен соң,
Бишасы, ата-анасы кеттi талып.
Жиналды дыбысынан жанның бәрi,
Жиналып келiп қалды жас пен кәрi.
Баланы көтерiп ап шиге салып,
Қандарын шашыраған тазалады.
Сүрiнiп Қорлыға жүр естен танып,
Төленi құшақтайды жетiп барып.
—Жұртым-ау, бұл не деген сұмдық едi,
Бауырын да өлтiре ме адам жарып?
Өндiрiм, жеткiншегiм, қайран шырақ,
Өлейiн сенiң үшiн қайда барып?!
Көзiнiң бiр кез Бошан жасын тыйып,
Халқын өзi басты, сабыр қылып.
—Алланың өзi жазған мырадасын
Пендесi не қылмақшы, былай қылып?!
450
460
470

220
220
221
МыРҚы  БАТыР
Алланың, әрне болса, ырадасы,
Тұрады әр нәрсенi Құдай қылып.
Бошан бай халайыққа айтады сөз:
—Ашылмас, тағдыр жетiп, жұмылған көз.
Әлгi ит тағы сойқан сап жүрмесiн,—
Дедi де бiр жiгiттi шаптырды тез.
Бiр жiгiт қос атпенен кеттi шауып,
Шабады кезек мiнiп ауық-ауық.
Сұлутөбе үстiнде бара жатқан
Мырқыны қуып жетiп алды тауып.
Айтады iнiсiнiң өлгендiгiн,
Мырқыны сайтан кеулеп желгендiгiн.
Осындай арт жағында оқиға боп,
Айтады соныменен келгендiгiн.
Айтқан жоқ әдемiлеп сөздi сырлап,
Бұл сөздi Мырқы тоқтап тұрды тыңдап.
—Япыр-ай, сүйтiп Құдай ұрып па?—деп,
Мырқының тұла-бойы кеттi мұздап.
Жалғыз-ақ Мырқы сөзден осыны айтты,
Атының басын бұрып кейiн қайтты.
Бiр салып омырауға көк тұлпарды,
Бауырымен Сұлутөрдiң тiке тартты.
Зырғытып кейiн қайтты Мырқы батыр,
Қарамай алды-артына келе жатыр.
Ел-жұрты, халайыққа не демекшi,
Қысылып бiр заманда боздады ақыр.
Сонымен үйге келдi улап-шулап,
Жүрегi шуды естiп кеттi сулап.
Кезек талып түседi Биша екеуi,
Жүрегi бауыры үшiн аттай тулап.
Бiлмеймiн, қанды көрiп шошыған ба,
Қорлыға бас көтермей жатыр сұлап.
480
490
500

222
ТАРИХИ  ЖыРлАР
222
223
Жұрт келiп, көңiл айтып, жапырлады,
Қазаға ешбiр айла табылмады.
Басына Айдарлының мүрде қазып,
Баланы, жаназа оқып арулады.
Сонымен ел жайлауға көштi бiр күн,
Жайлау қып Өтегеннiң арғы сыртын.
Қорлыға созалақтап науқас болды,
Оқиға ұмыт болды бiртiн-бiртiн.
Жақында елге суық хабар жеттi.
Маңайға Торғауыттың қолы кептi.
Хабарды Мырқы сондай естiген соң,
Қол iздеп Мырқы Шудағы елге кеттi.
Қалмақ пен ежелден-ақ қазақ жау-ды,
Бiтпейтiн өмiрiнде ескi дауы.
Сыртында Сарытауқұмның Бошан отыр,
Қауiпсiз еш нәрседен жалғыз аулы.
Үш күн болған Мырқы Шуға кеткен,
Қол жиып бара салып, думан еткен.
Тегiс жинап алып қаруланып Қосмойын,
Жау тосып жүр Көкөзектен.
Топардан топ болып шықты қалмақ,
Сайланған қаруланып қазаққа арнап.
Қойнында Терiскендi қазақ та тұр,
Кездессе бiр-бiрiне, ойран салмақ.
Бастаған осы қолды Шерден батыр,
Жасынан талай соғыс көрген батыр.
Қазақтан қауiп қылып жасқанбайды,
Қолы көп, өз күшiне сенген батыр.
«Қазақты барып шауып келемiн» деп,
Қол жиып Аягөзден келген батыр.
«Қазаққа екi жерден тиемiз» деп,
Әскерiн екi сапқа бөлген батыр.
510
520
530

222
222
223
МыРҚы  БАТыР
«Тауқұмға бар» деп бөлген әскерлерi
Мырқының дәл үстiне келе жатыр.
Кездестi Құсмұрында қазақ, қалмақ,
Бiр-бiрiн жау екенiн бiледi аңдап.
Ат қойды бiр-бiрiне қарсы қарап,
Қап-қара Көкөзектi басты шаңдақ.
Қазақ жүз, олар төрт жүз-бес жүз болып,
Соғысқа кiрiседi қолын қандап.
Сыбанып бір жағынан Мырқы кiрдi,
Бiр жағын Шора батыр жайқап жүрдi.
Қырылған адам қанша мәлiм емес,
Төрт қалмақ бiр қазаққа қылыш ұрды.
Мырқы жүр көк тұлпармен зырылдатып,
Талайдың басын кестi шырылдатып.
Басқалар бiр ұрғанша, екi ұрды да,
Кетедi қиғаш тартып қырындатып.
Бояп жүр қызыл қанға найзаларын,
Басының ойлаған жоқ пайдаларын.
Соғысқа неше түрлi амалы тез,
Көрсеттi Мырқы батыр айлаларын.
Аздан соң ызылдатып садақ тартты,
Талайын қырғауылдай домалатты.
Мырқының садағынан елу өлiп,
Сонан соң қалмақтардың бетi қайтты.
Сонан соң қалмақ қашты, қазақ қуды,
Найзасын Мырқы, Шора қанға жуды.
Қоярға шыбын жанын жер таба алмай
Өзенде паналады қалың нуды.
Тоз-тоз боп, қалмақ қалмай қашып кеттi,
Қазақтың алапаты басып кеттi.
Бөлiнiп топ-топ болып қашқан қалмақ
Iледен бiрi қалмай ар жаққа өттi.
540
550
560
570

224
ТАРИХИ  ЖыРлАР
224
225
Бұл жерден бұлар бүйтiп жүре тұрсын,
Бошанның ауылынан тыңда кептi.
Бай Бошан Сарытауқұмда жалғыз ауыл,
Сабырлы адам едi мiнез ауыр.
«Жау кептi Кекер» деген лақап,
Халыққа болып кеттi ұлы дабыр.
Ешкiм жоқ, жалғыз ауыл, қатын-бала,
Ауылда еркек адам екеу ғана.
Жүредi төңiректi қарауылдап,
«Көрiнiп қалмасын,—деп,—кiсi қара».
Қаратiл шауып келiп хабар айтты:
—Келедi,—деп,—қалмақ шауып елу атты.
Сөздi айтып болғанынша, жау да келiп,
Соғыс боп қырғын-жырғын, ауыл шапты.
Ел шапты елу қалмақ келе сала,
Тұрсын ба жауды көрiп босқа қарап.
ұмтылды қатын-бала бақан ала,
Бошанның қылышынан алтауы өлдi.
Қалмақ шапқыласып белдi өрлеп,
Бошанды ұрып жығып байлап алып,
Қайратын жас баланың сонда көрдi.
Бошанды ұрып жығып байлап алды,
Соғыста ендi Биша жалғыз қалды.
Он төртiн жаяу жүрiп ұрып жықты,
Қалмақтар бұл қайратқа қайран қалды.
Қалмақтар ендi аз болса ендi қашпақ,
Жас Биша бақан алып жүр құлаштап.
Ерiксiз Бишаны да байлап алды,
Мойнына байқаусызда арқан тастап.
Не қылсын жалғыз Биша мұнша қолға,
Әл кеткен талай сойыл тиiп жонға.
580
590
600

224
224
225
МыРҚы  БАТыР
Бишаны Қорлығамен байлап алып,
Жау қайтып «тәуекел» деп түстi жолға.
Бошанды ұрып жығып тастап кеттi,
Жалғыз шал не қылады сонша көптi!
Бишаны Қорлығамен байлап алып,
Жау келiп Тозғанталдан ар жаққа өттi,
Ар жаққа аман-есен бұлар өттi,
Биша мен Қорлығаны алып кеттi.
Бiр қатын бiр қыз бенен олжасы бар,
Көп қолды Құландыда қуып жеттi.
Бастығы көп әскердiң Шерден ерге
Алып кеп қос сәруарды тарту еттi.
Шерден қуанады жаман қатты,
ырымдап жотасына жүктi қақты.
Оңаша қыз-қатынға шатыр берiп,
Алдына жiгiт қойып қатты бақты.
Өзi бiр олжасымен орда тiгiп,
Құрады ендi батыр салтанатты.
Аққұмақ, Майқұрақтың үстiн басып,
Електiң өткелiне тiке тартты.
Шерден ер орғытады оңды-солды,
Өткiздi тамашалап осы жолды.
Аяғын Жетiсудың қырқа жүрiп,
Електiң өткелiне келiп қонды.
«Осы жерге,—ойлап едi,—барайын деп,
Көрген соң ел шетiнiң маңайын деп.
Мөлдiр көз айтатұғын сұлу екен,
Бишаны сол арада алайын» деп.
Жүредi Қорлығамен ойнап-күлiп,
Биша жүр бұл хабардың бәрiн бiлiп.
Бишаға Қорлыға кеп бiр сөз айтты,
Жетелеп оңашаға алып шығып.
15-205*
610
620
630

226
ТАРИХИ  ЖыРлАР
226
227
Биша жүр күндiз-түнi жылауменен,
Құдайдан iстiң түбiн сұрауменен.
Ойына Қорлығаның кiрiп шықпас
«Бейшара қамкүн болып тұр-ау» деген.
Қорлыға айтты Бишаға: «Сөздi тыңда.
Жылайтын уайым қылып не бар мұнда?!
Әркiмдi бет алдынан жарылқасын,
Бiз ендi өтiп кеттiк зымнан зымға.
Бiз ендi қолға түскен бейшарамыз,
Жетпейдi жылағанмен сөзiң құнға.
Түсiнiксiз, жiгерi жоқ жаман ағаң
Сандалып жүрген шығар онда-мұнда.
Қазақтың қуған да жоқ бiрде-бiрi,
Қазаққа болғандай ма жаудың түрi.
Қайда жүр ағаң бiздi қуып келсе,
Хабарсыздан сегiз күн болды, мiне.
Ағаңның уағы болды келiп қайтар,
Ақылым сен секiлдi серiкке айтар.
Ендi жақсы келгеннен келмегенi,
Келгенмен Шерден ерден өлiп қайтар.
Отырмын ендi бұл күн бiр ой ойлап,
Тимекпiн бiр батырға белдi байлап.
Бiреуiн сен де өзiңе ыңғайлай бер,
Шердендi мен өзiме тұрмын сайлап.
Менде емес, ердiң көңлi өзiңде екен,
Сен тисең, қаламын мен сорым қайнап».
Жылады бұл сөздi естiп сорлы Биша,
Бауырға тең келер ме дүние жиса.
Бар сенген жолдасының айтқаны осы,
Әр iске шара бар ма Құдай қылса?
Деп айтты жылап Биша: «Жеңешежан,
Бұл сөздi айтып тұрсың не деп маған?!
640
650
660

226
226
227
МыРҚы  БАТыР
Шынымен ендi көрмей өлгенiм бе,
Бауырым, атам-анам, жалғыз ағам?!
Жолдасым қасымдағы сенсiң, жеңге,
Кiмiм бар сенетұғын сенен өзге?
Аға боп маған ақыл айтпақ түгiл,
Тұрсың ғой итергелi өзiң селге.
Табалық басқа бiр ой ақылдасып,
Қалмаққа бола ма екен қатын ғашық?!
Шерденнiң өзi түгiл жүзi құрсын,
Өлсем де бара алмаспын жақындасып.
Шерденге бiр күн түнде пышақ салып,
Кетермiн ығын тауып ақыр қашып.
Құтылсам аман-есен, құтылармын,
Өлермiн, құтылмасам, жанталасып.
Сенi мен аға орнына аға деп ем,
ұйықтасам жел жағыма пана деп ем.
Намысты адамзаттық ойламастан,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет