Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
Көкшетауқала; тау; Солтүстік Қазақстандағы қала аты. 
Көкшетау  қаласының  негізі  1824  жылы  қаланған.  Таудың 
Көкшетау аталуы жер табиғатына, оның сұлу көркі мен бедеріне 
байланысты, оның баурайының мәңгі жасыл, көгеріп, алыстан 
көкшіл болып көрінетіне қарай қойылғаны анық.
КөлтауҚостанай облысы, Арқалық аудандық әкімшілі гі-
не қарасты ауыл. Арқалық қаласынан оңтүстік батысқа қа рай 
30 км жерде орналасқан.
Қалмаққырған—Қазақстанның  әр  жерлерінде  кездесетін 
тарихи  жер  атаулары.  Жоңғар-қазақ  соғыстарында  қазақтар-
дың  ойрат  әскерлеріне  қарсы  тойтарыс  беріп,  жау  ойсырай 
жеңіл ген кейбір жерлер солай аталған. 
ҚапалАлматы облысының Ақсу ауданындағы елді ме кен. 
Кезінде  осы  аттас  ауданның  орталығы  болған.  Маңайына  тау-
лы, шипалы емдік судың мол қоры жинақталған. 
ҚапшағайАлматы  облысындағы  қала.  Алматы  қаласы-
нан солтүстікке қарай 70 км жерде. Іле өзенінің сол жақ жаға-
лауын да орналасқан.
ҚараталАлматы  облысындағы  өзен.  Ол  Балқаш  көліне 
құяды.  Өзеннің  атауына  орай  қойылған  ауыл,  аудан  аты  бар. 
Қараталға  Теректі,  Сарыбұлақ,  Көксу  өзендері  қосылады. 
Қаратал атты өзендер еліміздің өзге өңірлерінде де кездеседі.
ҚарқараАлматы  облысының  Райымбек  ауданындағы 
өзен, тау, жайлау, ауыл атауы. Биік тау етегінен Шырғанақты 

382
ТАРИХИ  ЖыРлАР
382
383
өзеніне  дейін  созылып  жатқан  кең  алқапты  және  сол  өзен 
жағасындағы  ауыл  атын  жергілікті  халық  Қарқара  атайды. 
Осы жер 1916 жылы Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс ошағы-
ның бірі болғаны тарихтан белгілі.
Қоянкөз—Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы ауыл. 
Құсмұрын—Қостанай  облысы,  Әулиеата  ауданындағы 
кент. 
Нарын—Қырғызстандағы  жер,  аймақ  атауы.  Нарын, 
Нарын қол атаулары қазақ жерінде де жиі ұшырайды.
ӨлеңтіПавлодар  облысының  бұрынғы  Екібастұз  ауда-
нындағы өзен. Осы аттас өзен Қазақстанның батыс өңірінде де 
бар.
Сабынды көл—Баянаула тауларындағы тұйық көл. Павло-
дар облысы, Баянауыл ауданының маңында орналасқан. 
СамарқанӨзбекстан Республикасындағы ежелгі қала. Об-
лыс орталығы. 
СарытауЖетісу  (Жоңғар)  Алатауының  солтүстігіне 
кіретін жекелеген тау жотасы. Алматы облысы, Ақсу ауданы-
ның аумағында орналасқан. 
СарысуҚарағанды,  Қызылорда  және  Жамбыл  облыс-
та  рының  жерімен  өтетін  өзен.  Кең  даланы  бойлай  ағады  да, 
Бетпақдала  шөлейтіне  сіңіп  кетеді.  Жоғарғы  және  төменгі 
ағыстары  шілдеден  қаңтарға  дейін  құрғап  қалады.  Негізінен 
ауыз суға, жер суландыруға қолданылады.
Сұлутөр—Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы ауыл. 
Сұрат (Сұрат тауы)—Жамбыл облысы, Мерке ауда нын-
дағы  ауыл.  Ауылдық  округінің  орталығы.  Ал  жырдағы  Сұрат 
тауы осы Сұрат ауылының жанындағы тау атауы болуы керек. 
Сырдария—Қазақстанның  Қызылорда  облысының  аума-
ғымен ағып өтетін өзен.
Сілетіөзен,  Ақмола  облысынан  басталып,  Солтүстік 
Қазақстан облысының Сілеті теңіз көліне құятын өзен мен көл 
аты.
ТаласҚырғызстаннан  өтіп,  қазақ  жеріне  келетін  өзен. 
Қырғыз  Алатауынан  бас  алып,  Талас  жазығы  арқылы  аққан 
өзен  Мойынқұм  құмына  сіңіп  кетеді.  Жазба  ескерткіштерде 
Талас  өзені  V  ғасырдан  белгілі.  Өзен  бойынан  қала  салы-
нып,  VI  ғасырдан  бастап  Тараз  деген  атпен  белгілі  болған. 
Зерттеушілер  Тараз  атауы  Талас  сөзінің  дыбыстық  тұрғыдан 

382
382
383
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
өзгерген  түрі  екенін  дәлелдеді.  Бұл  аттас  өзен  Алматы  об-
лысының Райымбек ауданында да бар.
Талғар—Алматы  облысындағы  қала.  Талғар  ауданының 
орталығы. Алматы қаласынан 25 км жерде орналасқан. 
Талдықорғанқала;  Алматы  облысының  орталығы.  Жер 
атының мән-мағынасы атаудың шығу тегін айқындап тұрғаны 
анық. 
Ташкент—қазіргі Өзбекстанның астанасы. Қазақ хандығы 
дәуірінде  Ташкент  қазақ  хандары  үшін  айрықша  геосаяси 
маңызы бар өңірлердің бірі болған. Тарихи деректер Ташкент-
тің  Тәуекел  және  Есім  хандар  тұсында  қазақ  билеушілері-
нің  ықпалында  болғанын  аңдатады.  ХVІІІ  ғасырдағы  жоңғар 
шапқыншылығы  кезінде  де  Ташкент  бірде  басқыншылар-
дың,  бірде  қазақ  халқының  қолына  өтіп  тұрған.  Ташкенттің 
ХVІІІ  ғасырда  қазақтардың  айтулы  ордаларының  бірі  болға-
нын ол жерде Төле бидің зираты бар екендігі де айғақтайды.
Теректі—Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Бәйдібек  ауда нын-
дағы  ауыл.  Боралдай  ауылдық  округінің  құрамында.  Аудан 
орталығы Шаян ауданынан оңтүстік шығысқа қарай 52 км. Бо-
ралдай өзенінің жағалауына орналасқан. 
Ұзынағаш—қала.  Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданының 
орталығы. 
Үржар—Шығыс  Қазақстан  облысы,  Үржар  ауданындағы 
ауыл.  Аудан  орталығы  (1928  жылдан).  Ауыл  Тарбағатай 
жотасының  батыс  сілемінің  оңтүстік  етегін  ала  Үржар  өзені 
бойында орналасқан. 17 мыңға жуық тұрғыны бар. 
Шаған1.  Батыс  Қазақстан  облысының  бұрынғы  Зе-
ленский  ауданындағы  өзен,  ауыл  атауы.  Үлкен  Шаған  ата-
лады.  2.  Семейдің  төменгі  жағындағы  Ертіске  құятын  өзен. 
3.  Мұғалжар тауының оңтүстігіндегі өзен аты. 4.  Сары Шаған 
—Іле  өзенінің  оң  жақ  құйылысындағы  өзен.  5.  Шағаноба—
Шығыс Қазақстандағы өзен атауы.
ШарынАлматы  облысының  ұйғыр  ауданына  қарасты 
өзен,  ауыл  атауы.  Шарын  өзені  Алатау  сілемдерінен  бастау 
алып,  Іле  өзеніне  қосылады.  Төменгі  ағысы  орман-тоғайлы, 
әлемде  сирек  кездесетін  жоталы  шатқалдар  арқылы  өтеді. 
Дүние жүзі  лік  Қызыл  кітапқа  енген  шетеннің  ерекше  түрі  де 
осында өседі.

384
ТАРИХИ  ЖыРлАР
384
385
Шу1.  Жамбыл облысы, Шу ауданындағы қала. Ірі темір-
жол станциясы. 2.  Жетісудағы сулы өзендердің бірі. 
Шәуешек—ҚХР-дың  Шыңжаң  ұйғыр  автономиялы  ауда-
нына  қарасты  Тарбағатай  аймағының  орталығы.  Шәуешек 
солтүстік-батыста Қазақстан Республикасымен шектеседі. 
Шыңжаң—Қытайдың  солтүстік  батысында  орналасқан 
аймақ.  Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Үндістан,  Ауған-
стан, Монғолия және Ресеймен шектеседі. 
ШідертіСолтүстік  Қазақстандағы  Шығанақ  көліне  құя-
тын өзен. Ертістің сол жағындағы өзендердің ең ұзыны әрі ірісі. 
ұзындығы—502 шақырым.
ІлеҚазақстан  (Алматы  облысы)  және  Қытай  жеріндегі 
өзен.  Шығыс  Тянь-Шаннан  басталып,  Балқаш  көліне  құяды. 
Басты салалары: Қаш, Қорғас (оң жақ), Шарын, Шелек, Талғар, 
Қаскелең, Күрті (сол жақ). 

384
384
385
РУ АТАУлАРы
Албан—Бәйдібектің  Домалақ  ана  (Нұрила)  есімді  кіші 
әйелінен  туған  Жарықшақтың  тұңғыш  ұлынан  тараған  тай-
па.  Атамекені—оңтүстік-шығыс  Жетісу.  Кейбір  ұрпақтары 
Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендейді.
Арғынқазақ  халқын  құраған  тайпалардың  бірі.  Шежіре 
бойынша,  Орта  жүздің  құрамына  енеді.  Ежелгі  қонысы—
Ертіс,  Нұра,  Есіл,  Торғай  өзендерінің  бойлары  мен  Балқаш 
көлінің  солтүстігіндегі  шөлейт  өлке.  Бұл  тайпаның  ежел-
ден  келе  жатқанын  Орхон  жазба  ескерткіштеріндегі,  Қытай 
жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерттеушісі 
Н.Аристовтардың  еңбектері  айғақтай  алады.  Қазақ  шежіре-
сінде арғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөліне-
ді.  Бәйбішеден  тарағандар  «бес  мейрам»  аталып,  қуандық, 
сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал), қаракесек деген 
аталарға  бөлінсе,  тоқалдан  тарағандар  «жеті  момын»  аталып 
қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, атығай, сарыжетім, 
шақшақ болып жіктеледі.
Атығайқазақ халқының құрамындағы ру, шежіре бойын-
ша, орта жүздегі арғын тайпасынан таратылады. Жеті Мо мын-
ның  бірі.  Он  екі  ата  атығай  (Дәуіт),  Атығай—қарауыл  деп  те 
аталады.  Шежірелерге  қарағанда,  Атығайдан—Құдайберді, 
Бәйім бет,  Баба,  Моныс,  Бабасын,  Бағыс,  Ақкиік,  Құлансу, 
Қойлы, Есеншаңырақ, Майлыбалта, Жауғаш аталары тарайды.
Бәсентинарғын  тайпасына  жататын  ру.  Арғын  тайпасы-
ның жеті момын тармағынан таратылады. 
Дулат—Бәйдібектің  кіші  әйелі  Домалақ  енеден  туған  ба-
ласы. Жарықшақтан тараған тайпа. Дулат өз ішінде—Сиқым, 
Жаныс, Ботбай, Шымыр болып бөлінеді.
Жайылмыс—Дулаттың Жаныс руынан тарайтын ата. Жа-
ныстан—Жанту,  одан—Жайылмыс,  Ақберді,  Өтеміс,  Құ жақ, 
Қожамберді, Құдайберді.
25-205*

386
ТАРИХИ  ЖыРлАР
Қаракесекарғыннан—Болатқожа;  Болатқожадан—Қара-
кесек; одан—Майқы, Бошан, Тапас болып жіктеледі.
Қарауыларғынның  Момын  деген  бәйбішесінен  Ақсопы, 
Қарасопы,  Сарысопы;  Қарасопыдан  Бәсентиін,  Қарауыл;  Қа-
рауылдан Түнғатар, Қадды, Бошпан болып тарайды.
ҚуандықАрғын  атадан  Қуандық,  Сүйіндік,  Бегендік, 
Шегендік;  Бегендіктен  Қозған,  Тәңірберді,  Сырық  деген  бала-
лар өрбиді.
НайманШ.Құдайбердіұлы  мен  М.Тынышбайұлының 
ше жі релеріне  қарағанда,  Орта  жүздегі  аса  ірі  тайпалар дың 
бірі. Найманнан терістамғалы, сарыжомарт, телегетай, сүгір-
ші сияқты үлкен рулар тарайды. 
Суан—Жарықшақтың  осы  атты  ортаншы  баласынан  өрбі-
ген тайпа. Суаннан—Байтүгел, Тақарыстан, Бағыс. 
СүйіндікАрғынның  Мейрам  деген  баласынан  тарайды. 
Сүйіндік  өз  ішінде  Қаржас,  Орманшы,  Құлболды,  Жанболды, 
Мәжік секілді аталарға бөлінеді.
ТазКіші  жүздің  12  ата  Байұлы  тайпасынан  тарайды. 
Байұлының үшінші әйелінен Беріш, Таз, Есентемір; Таздан Аб-
дал, Келдібай, Жастабан, Шарғы, Ақсерке, Жантай, Жақабай, 
Құнбас,  Асан,  Сырлыбай,  Байтемір,  Жолым,  Жиен  деген 
аталықтар бөлінеді.
ТөртуылНайманнан—Төлегетай;  Төлегетайдан  Қара-
керей, Төртуыл, Матай, Садыр болып жіктеліп кетеді.
Торғауыт—бұрын  ойраттар  құрамында  болған  этностық 
топ. Тәуекел хан кезінде қазақ хандығына бағынышты болған. 
1627 жылы батыс Еділ бойына қоныс аударған. Монғол Халық 
Республикасы  (Қобда  аймағы),  Қытай  Халық  Республикасы 
(Шыңжаң өлкесінде Ішкі Монғолияда) аймақтарында тұрады. 
Алтай тілдері тобындағы монғол тілдік құрамына жататын ой-
рат тілінде сөйлейді.
ҮйсінАқарыстан  (жоғарыда  аталған  шежірелер  бойын-
ша)—Ақарыстан  Жұмабай,  ұзынсақал  ыбырайым;  осылар-
дың  бірінен  Кейкі  би;  Кейкіден—Майқы  би;  одан—Бақтияр; 
Бақтиярдан—Үйсін,  Ойсыл.  Үйсін  өз  ішінде  Ақсақал  (Абақ), 
Жансақал (Тарақ) болып жіктеледі.

386
ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДы ЖыРлАУШы, 
АйТУШы һӘМ ЖИНАУШылАР ТУРАлы 
МӘлІМЕТ
Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақ1868 жылы Шыңжаң-Алтай 
аймағының  қазіргі  Көктоғай  ауданы,  Қайырлы  жайлауында 
дүниеге келген. Ол Алтайда, Шыңжаң өлкесінде және Моңғол 
жерінде «Ақыт ақын, Ақыт қажы» деген атпен белгілі болған. 
Ол  төрт  жасында  сауатын  ашып,  жеті  жасында  Бұхарадан 
жер  аударылып  келген  Бақбу  молдадан  араб,  парсы,  шағатай 
тілдерін  үйренеді.  Жастайынан  өлең  шығарып,  айтыстарға 
қатысып  жүрген  ол  өсе  келе  Фердоуси,  Низами,  Қожа  Хафиз, 
Науаи  сынды  шығыс  классиктерінің  еңбектерімен  танысқан. 
1907  жылы  қажылыққа  барғанда  сонда  біраз  уақыт  тұрақтап 
қалып,  араб  елдерінде  білімін  жетілдірген.  1910  жылы 
еліне  оралып,  мектеп,  медіресе  салдырып,  ағартушылықпен 
шұғылданған  және  мемлекеттік  істермен  айналысқан. 
1939  жылы  Шыңжаңдағы  өкімет  тарапынан  абақтыға  қама-
лып, 1940 жылы тамызда азаптап өлтірілген.
Соңғы  уақыттарда  Қытай  мен  Монғолияда  Ақыт  Үлім жі-
ұлының жинақтары жарыққа шықты. Оның 1917 жылға дейін 
Қазан  қаласында  жариялаған  кітаптары  ОҒК-нің  Қолжазба 
қорында сақтаулы.
Есболұлы  Тілеміс  (1860-1933)—Жамбыл  облысы,  Шу  ау-
даны,  Ақққайнар  деген  жерде  өмір  сүрген,  ақын  әрі  жыршы 
ретінде артына елеулі рухани мұра қалдырған өнер иесі. Ескі-
ше  сауаты  болған  ол  шығыстық  сюжеттерге  құрылған  «Зар-
құм», «Салсал», «Қаһарман», «Төрт жар», «Шахнаме», «Мың 
бір  түн»,  «Жүсіп—Зылиха»,  «Алтын  балық»  дастандарын, 
«Нәрік  ұлы  Шора  батыр»,  «Қыз  Жібек»  жырларын  ел  арасы-
на  таратқан.  Талай  рет  айтыстарға  да  қатысқан,  жөпелдемеде 
суырып салып өлең айтатын өнерлі ақын болған. Қасына әнші 

388
ТАРИХИ  ЖыРлАР
388
389
жігіттерді ертіп, қырғыз, өзбек жерлерін көп аралаған. Өтеген 
батырға төртінші атадан қосылады.
Ділібаев  Әбілқасым  (1914-1948)—фольклор  мұрасын  жи-
наушы.  Жамбыл  облысының  Қордай  ауданында  туып-өскен. 
Ол  жинаған  Өтеген  батыр  туралы  фольклорлық  және  әдеби 
туындылардың және тарихи мәліметтердің ғылыми құнды лы-
ғы  Н.С.Смирнова,  Е.ыс майылов  және  өзге  де  фольклор тану-
шы ғалымдардың тарапынан жоғары бағасын алды. Ә.Ділібаев 
өмірінің соңғы жылдарында Абай атындағы Қазақ педагогика 
институтында та рих пәнінің оқытушысы болған. 
Жабаев  Жамбыл  (1846-1945)—қазақтың  ХХ  ғасырдағы 
ұлы жырауы. Жамбыл атақты импровизатор ақын болғанының 
үстіне қазақтың көптеген жыр үлгілерін керемет шеберлікпен 
орындай отырып, бізге жеткізген жыршы ретінде қазақ өнерінде 
өшпес  із  қалдырған.  Оның  репертуарында  болған  «Көрұғлы», 
«Сұраншы», «Өтеген батыр» және өзге де жырлардың нұсқала-
ры қазақ эпосының інжу-маржандары санатына жатады. 
Жаяу  Мұса  Байжанұлы  (1835-1929)әнші,  ақын,  саз-
гер.  Қазіргі  Павлодар  облысы,  Баянауыл  ауданындағы  Далба 
тауының  етегінде  туып-өскен.  Ол  жасынан  қазақтың  ұлттық 
аспаптары  домбыра  мен  қобыздан  өзге  сырнай,  скрипка  ой-
наумен  машықтанған.  1854  жылы  Омбы  қаласындағы  орыс 
мектебіне түсіп, орысша сауаттанған. Ағайынды Мұса, Мұстафа 
Шормановтардың  жаласынан  1860  жылы  Тобылға  жер  ауда-
рылады.  Араға  екі  жыл  салып  өз  еркімен  әскерге  жіберіледі. 
Г.Черняев  отрядының  сапында  Шымкент,  Әулиата,  Верный 
жорығына  қатысады.  Кейін  өзінің  жазықсыздығын  дәлелдеу 
үшін  Санкт-Петербургке  барады,  онан  қолдау  таппай  латвия, 
Польшаны аралап, Қазанға аялдайды. Ақынның саналы өмірі 
әлеуметтік  теңсіздіке  қарсы  күреспен  өтеді.  Оның  әншілік, 
сазгерлік өнері халық музыкасымен тікелей байланысты бол ды. 
Жаяу Мұса—әнші, сазгерлігімен қоса, мысқыл өлеңдер жаз ған 
ақын. Қазақ қоғамының әлеуметтік істеріне белсене арала сып, 
ұлт мәдениетіне елеулі үлес қосты.
Жаяумусин Салық (1893-1969)—атақты әнші-сазгер, ақын 
Жаяу  Мұса  Байжанұлының  ұлы.  Павлодар  облысының  Баян-
ауыл  ауданында  туып-өсіп,  өмір  сүрген.  Салық  Жаяумусин 
өз  жанынан  өлең  шығарған  және  халықтың  рухани  мұрасы 
үлгілерін көп жинаған.

388
388
389
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Құлсариев Ертай (1886-1958)—жыршы, халықтың сөз мұ-
расын  жинаушы.  Алматы  облысының  Іле  ауданына  қарасты 
Әлі  аулында  туып-өскен.  1940  жылы  Қазақстан  Жазушылар 
Одағына мүше болып қабылданған. Өлеңдері түрлі жинақ, га-
зет,  журналдарда  жарияланған.  Ол  «Қисса  Жәмшид»,  «Мың 
бір түн», «Күлпан балуан» т.б. дастандар мен «Арқалық батыр», 
«Олжабай батыр» сияқты халықтың тарихи жырларын өзінше 
жырлап,  ел  арасына  таратты.  Сондай-ақ  ақынның  Жетісу 
өңірінің  фольклор  үлгілері  мен  ақындарының  шығармаларын 
жинаудағы еңбегі ерекше.
Марғұлан Әлкей—тарихшы әрі филолог ғалым, филология 
ғылымдарының докторы, академик. Қазақ халқының өткен та-
рихына  арналған  тарихи,  археологиялық  еңбектерімен  қатар, 
ол қазақ фольклоры мен әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеу ісіне 
де  өлшеусіз  үлес  қосты.  Оның  қазақ  фольклорына  арналған 
докторлық диссертациясы, ғылыми мақалалары, «Шоқан және 
Манас», «Ежелгі жыр, аңыздар» және басқа да еңбектері қазақ 
сөз өнері, этнографиясы жөнінде мол мағлұмат алуға мүмкіндік 
береді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)көрнекті қазақ ақыны, 
публицист,  фольклоршы,  этнограф,  ағартушы.  Қазіргі  Пав-
лодар  облысы,  Баянауыл  ауданындағы  Қызылтау  аймағында 
туып-өскен.  Ол  өзінің  бүкіл  саналы  өмірін,  қазақтың  халық 
әдебиетін,  этнографиясын  жинап,  жариялауға  арналған.  Сол 
мақсатта  Қазақстан  жері  мен  Орта  Азия  елдерін  аралауға  көп 
күш  жұмсады.  Соған  байланысты  белгілі  оқымыстылармен, 
ақындармен кездесіп, түрколог-академик В.В.Радловпен таны-
сады. Мәшһүр Жүсіптің Қазан төңкерісіне дейін шыққан қазақ 
газет-журналдарының  белсенді  авторларының  қатарындағы, 
фольклорлық материалдарды жариялаудағы еңбегі ұшан-теңіз. 
Сонымен  бірге,  ол  күллі  ғұмырын  халықты  сауаттандыруға 
жұмсады десек те болады.
Нұрлыбаев  Әшiм—қазақтың  белгілі  халық  ақындарының 
бiрi.  1889  жылы  қазiргi  Алматы  облысы,  Қарасай  ауданы, 
Октябрь  колхозы  орналасқан  жерде  дүниеге  келiп,  1963  жы-
лы  сонда  қайтыс  болған.  Ол  жасынан  ертегi,  аңыз,  қисса-
дастандарды  көп  бiлген.  ұлбай,  Нәзипа  тәрiздi  ақындармен 
айтысқан.  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан  жерлерін  ара-
лап  өнер  көрсетумен  бірге,  1907-1917  жылдарда  кiлең  әншi, 

390
ТАРИХИ  ЖыРлАР
ақындардан тұратын «Сегiз сал» тобын ұйымдастырған. «Мыр-
қы  батыр»,  «Күзбембет—Садыр»,  «Рауан  патша»  жырларын 
ел ге танытумен аты шыққан. Оның бiрқатар өлеңдерi «Перне-
дегi термелер» (1965) жинағында басылды.
Ә.Нұрлыбаев «Мырқы батыр» жырын өзiнен бұрын Байсейiт, 
Кәрiбоз көнекөз қарт шежірешілерден естіп, үйренген. 
ШАРТТы ҚыСҚАРТУлАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
/а/—араб
/к.с./—көнерген сөз
/қ/—қазақ
/қыт/—қытай 
/о/—орыс
/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі, көне түркі

390
ПАйДАлАНылҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде жарық 
көрген кітаптар
1.  Жидебай батыр. ОҒК: ҚҚ.Ш.364. 
2.  Орта жүз Олжабай батыр.—ӘӨИ: ҚҚ. Ш. 700. Жыр лау-
шысы—Ертай Құлсариев
3.  Райымбек  батыр.—ӘӨИ:  ҚҚ.  Ш.813.  Жырлаушысы—
Мөкен Болысов
4.  Өтеген батыр.—ОҒК: Ш.833.
5.  Мырқы  батыр.—ӘӨИ:ҚҚ.  Ш.337,  7-дәп.  Жырлаушы-
сы—Әшім Нұрлыбаев.
6.  Жәнібек  батыр.—ӘӨИ:ҚҚ.  Ш.330,  8-дәп.  Жыр лау шы-
сы—Ақыт Үлімжіұлы
 
Зерттеулер мен энциклопедиялар, 
фольклорлық жинақтар, сөздіктер
 
1.  Әуезов М. Әдебиет тарихы.—Алматы: Ана тілі, 1991.
2.  Қазақ  қолжазбаларының  ғылыми  сипаттамасы.  3-том. 
—Алматы: Ғылым, 1975. 
3.  Қазақ  фольклорының  типологиясы.—Алматы:  Ғылым, 
1981.
4.  Қазақ  фольклорының  тарихилығы.—Алматы:  Ғылым, 
1993.
5.  Қазақ  халық  әдебиеті:  Тарихи  жырлар.  Т.1.—Алматы: 
Білім, 1995.

392
ТАРИХИ  ЖыРлАР
6.  Қазақ  халық  әдебиеті:  Тарихи  жырлар.  Абылай  хан. 
І  том. Құраст.: А. Сейдімбек, Б. Әзібаева, М. Шафиғи. — Алма-
ты: Білім, 1995.—288 бет. 
7.  Қасқабасов  С.  Жаназық.  Таңдамалы.  —  Астана:  Аудар-
ма, 2002.
8.  Қоңыратбаев  Ә.  Қазақ  эпосы  және  оның  айтушылары. 
—Алматы, 1975.
9.  Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. — Алматы, 1985.
10.  Сағатжанұлы С. Қазақ батырларының деректемесі. 1-т. 
Үрімші: Шыңжаң халық баспасы, 2001.
11.  Сүйінбай. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1990.
12.  Уәлиханов Ш. Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.1. 
— Алматы, 1961. 
13.  Түркістан  халықаралық  энциклопедиясы.  —Алматы, 
2000.
14.  Шопанұлы Д. Жәдігер. —Алматы: «Информ-А», 2003. 
15.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993. 
16.  Арабско-русский  словарь.  Составитель  Х.  К.  Баранов
—М., 1968. 
17.  Древнетюркский словарь.—л., Наука, 1969.
18.  Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігі.  Құрастырушы-
лар:  Р.  Сыздық,  Н.  Уәлиұлы,  Қ.  Жаманбаева,  Қ.  Күдеринова
—Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
19.  Қазақ тілінің сөздігі. — Алматы, 1999.
20.  Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі.  Құрастырған 
І.  К.  Кеңесбаев. — Алматы, 1977.
21.  Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика
І-ІІ т. —М., 1970.
22.  Татарско-русский словарь. —М.: Советская энциклопе-
дия, 1966. 
23.  Турецко-русский  словарь.  —М.:  Русский  язык  медиа, 
2005.

392
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова продол-
жает  работу  по  подготовке  и  изданию  очередных  томов  Свода 
казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках 
Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное нас-
ледие»).
 Очередной 59-й том посвящается историческим эпосам. 
До  нынешнего  времени  образцы  исторического  эпоса  были 
опубликованы в шести томах настоящей серии, из них три тома 
охватывали фольклорные произведения на исторические сюже-
ты, бытовавшие среди казахской диаспоры, проживающей в 
Китайской  Народной  Республике.  Эти  образцы  духовного  на-
следия  являются  художественным  воплощением  героической 
борьбы казахов, кочевавших с древнейших времен в окрестнос-
тях  Алтайских,  Алатауских  гор  между  реками  Иртиш  и  Или, 
против иноземного нашествия в ХVІ-ХХ веках. А в остальных 
трех томах повествуется о борьбе казахского народа под предво-
дительством  ханов—Жанибека,  Есима,  Абылая,  Абылхаира  и 
других, старейшин жузов—Толе, Казыбек, Айтеке, батыров—
Оракты,  Олжаша,  Сатбека,  Богенбая,  Кабанбая,  Жанибека  в 
ХІV-ХVІІІ  веках  против  агрессии  Джунгарского  ханства,  Рос-
сийской империи и других государств.
В  данный  том  серии  «Бабалар  сөзі»  вошли  эпические  про-
изведения—«Ер  Жасыбай»,  «Жидебай  батыр»,  «Олжабай  ба-
тыр»,  «Райымбек  батыр»,  «Отеген  батыр»,  «Мыркы  батыр», 
«Жанибек батыр», главными героями которых являются извест-
ные батыры, организовавшие борьбу казахского народа против 
иноземных захватчиков в ХVІІІ веке. В основу этих образцов на-
родной литературы легли исторические предания о важнейших 

394
ТАРИХИ  ЖыРлАР
394
395
событиях истории нашего народа, которые сохранились путем 
передачи в устном виде из поколения в поколение. Некоторые 
из  этих  произведений  представлены  здесь  в  двух-трех  вариан-
тах. 
Многие образцы этих произведении публикуются впервые. 
В произведениях, вошедших в этот том, изображены все основ-
ные события истории казахского народа в ХVІІІ веке, начиная 
с  «лихого  бедствия»  (Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама) 
вплоть до «Пыльного похода» волжских калмыков в целях воз-
вращения  на  историческую  родину—Джунгарию,  а  в  одном 
из  вариантов  эпического  произведения—«Отеген  батыр»,  за-
писанного  с  исполнения  великого  певца  казахского  народа—
Жамбыла  Жабаева,  главный  герой  поэмы  ищет  для  своего  на-
рода землю обветованную. 
В  эпических  произведениях  «Ер  Жасыбай»,  «Жидебай  ба-
тыр»,  «Олжабай  батыр»,  «Жанибек  батыр»,  «Жорыкта»,  в 
одном из вариантов «Отеген батыра», записанного с исполнения 
акына Тлемиса Есболова, описываются события после «лихого 
бедствия», которые закончились победой казахских войск. 
Сюжетную основу эпического произведения «Мыркы батыр» 
составляют  последние  битвы  объединенных  вооруженных  сил 
казахского и кыргызского народов, которых возглавляли казах-
ские батыры—Мыркы, Кабанбай, Шора, кыргызские батыры—
Аккаскыр и другие. В вышеназванных произведениях истори-
ческого эпоса наряду с известными историческими личностями 
фигурируют многие видные деятели, имена которых невозмож-
но найти в письменных исторических источниках. Это одно из 
многочисленных преимуществ, которыми обладает устная исто-
риография степи, т.е. исторический фольклор кочевников вели-
кой степи, важным звеном которой является исторический эпос 
казахского народа.
Все произведения, которые вошли в этот свод, являются ре-
зультатами развития эпической традиции наших предков. В ка-
честве наглядного доказательства правильности такого вывода 
можно  привести  такие  типологические  мотивы,  как  мотив  чу-
десного  рождения,  героическое  детство  богатыря,  выбор  коня, 
образы дракона, Жезтырнака, духов-покровителей, мусульман-
ских святых, разнообразные приемы преувеличения, которые в 
большей или меньшей мере встречаются в произведениях, под-

394
394
395
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
готовленных к изданию. Несмотря на эти формульные мотивы, 
данные образцы исторического эпоса вызывают огромный инте-
рес со стороны исследователей, которые занимаются восстанов-
лением истории нашего государства.
Пятьдесят  девятый  том  серии  «Бабалар  сөзі»,  в  соответ-
ствии  с  основными  принципами  издания  этого  многотомни-
ка, снабжен научными приложениями. Научные приложения 
включают в себя сведения о публикуемых текстах; словарь гео-
графических названий, сведения об исторических и религиоз-
б исторических и религиоз-
 исторических и религиоз-
ных  деятелях,  сведения  о  сказителях  и  собирателях;  список 
использованной литературы; резюме на русском и английском 
языках. 
Объем тома—25 п.л. 

396
397
SummAry
The  staff  of  the  m.O.Auezov  Institute  of    literature  and  art  
continues  work  on  preparation  and  publishing    of  the  volumes 
of  the  Collection  of  Kazakh  folklore  «Babalar  sozi»    carried  out 
in  the  frame  of  the  State  Program    «madeni  mura»  («Cultural 
heritage»).
 Volume 59 is devoted to historical eposes.
Till  present  period  the  samples  of    historical  epos  have  been 
published in six volumes of  present series, from them three volumes 
include folklore works on  historical plots which have existed among 
the Kazakh diaspora  who live in the People’s republic of China. 
These  patterns  of  spiritual  heritage  are  the  artistic  realisation 
of  heroic  struggle  of  Kazakh  people  who  have  wandered  during   
ancient times in vicinities of Altay and Alatau mountains between 
the rivers Irtish and Ili and struggled against foreign  invasion in 
ХVІ-ХХ centuries. Other three volumes tell about the struggle of  
Kazakh  people  under  the  leadership  of  khans—Zhanibek,  Esim, 
Abylai,  Abylhair  and  others,  chiefs  of  zhuzes—Tole,  Kazybek, 
Aiteke and batyrs—Orakty, Olzhash, Satbek, Bogenbai, Kabanbai, 
Zhanibek  in  ХІV-ХVІІІ  centuries  against  aggression  of  Zhungar 
khanates, russian kingdom and other states.
This volume of the series «Babalar sozi» includes  epic works—
«Er  Zhasybai»,  «Zhidebai  batyr»,  «Olzhabai  batyr»,  «raimbek 
batyr»,  «Otegen  batyr»,  «myrky  batyr»,  «Zhanibek  batyr»  main 
heroes of which are the active participants and commanders of the 
struggle  of    Kazakh  people  for  independence    in  ХVІІІ    century. 
These patterns of national literature are based on historical legends 
about main events of the history of our people which have remained 

396
397
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
and were told orally from one generation to another. Some of these 
works are presented here in two-three versions.
most  patterns  of  these  works  are  published  for  the  first  time. 
In  the  works  which  are  included  into  this  collection,  all  main 
events of the history of  Kazakh people in ХVІІІ  century have been 
described,  beginning  with  «Big  disaster»  (Aktaban  shubirindi, 
Alkakol sulama) up to «Dusty trip» of Volga Kalmyks aimed at the 
returning back to the historical native land—Zungaria and in one 
of  the  versions  of  the  epic  work—«Otegen  batyr»  written  down 
from  the great singer of  Kazakh nation—Zhambyl Zhabaev, the 
main hero of a poem searches the promised land for his people.
In  epic  works  «Er  Zhasybai»,  «Zhidebai  batyr»,  «Olzhabai 
batyr»,  «Zhanibek  batyr»,  «Zhorykta»,  in  one  of  the  versions  of 
«Otegen batyr», written down from akyn Tlemis Esbolov, the  events 
which happened  after «Big  disaster» and ended with  victory of  
Kazakh armies have been described. 
Plot  basis  of  epic  work  «myrky  batyr»  is  based  on  last  fights 
of joined armies of Kazakh and Kyrgyz people which were headed 
by  Kazakh  batyrs—myrky,  Kabanbai,  Shora,  Kyrgyz  batyrs—
Akkaskyr  and  others.  many  outstanding  figures  whose  names 
cannot  be  found  in  written    historical  sources,  are  acting  in  the 
above mentioned works of  historical epos along with the well known 
historical persons. This is  one of numerous advantages which has 
the oral historiography of steppe, i.e. historical folklore of nomads 
of the great steppe which important link is the historical folklore of 
nomads of the Great steppe in which  the historical epos of  Kazakh 
people is the important unit.
All works  which were included into this Collection are the results 
of development of epic tradition of our ancestors. As a vivid  proof 
of correctness of such conclusion  the following  typological motives 
can be presented as a motive of  wonderful birth,  heroic childhood of 
bogatyr,  choice of a horse, images of  dragon, Zheztyrnak, spirits-
patrons,  moslem  sacred,  various  methods  of  exaggeration  which 
in certain extend exist in the works prepared for edition. Despite 
these  formular  motives,  these  patterns  of    historical  epos  cause 
huge interest from the researchers who are involved in restoration 
of the history of  our State.
According to the main principles of this multi volume edition 
volume fifty nine of a series «Babalar sozi» is supplied by scientific 

398
ТАРИХИ  ЖыРлАР
Annexes.  Scientific  annexes  include  data  on  published  texts; 
dictionary  of  geographic  names,  data  on  historical  and  religious 
figures,  data  on  storytellers  and  collectors;  list  of  the  used 
literature; summary in russian and English languages.  
Volume size—25 pp.

398
МАЗМұНы
Құрастырушылардан  ........................................................... 5
Мәтiндер
Ер Жасыбай  ..................................................................... 11
Жидебай батыр  ................................................................ 36
Орта жүз Олжабай батыр  .................................................. 45
Олжабай және қырық батыр  ............................................. 79
Райымбек батыр  ............................................................... 91
Райымбек  .......................................................................119
Ер Өтеген ........................................................................131
Жорықта  ........................................................................149
Өтеген батыр  ...................................................................153
Жәнібек батыр  ................................................................176
Мырқы батыр  .................................................................206
Ғылыми қосымшалар 
Томға енген мәтiндерге түсiнiктеме  ....................................351
Мәтiндерде кездесетiн тарихи және діни есiмдер  ..................368
Сөздiк  .............................................................................375
Жер-су атаулары  ..............................................................377
Ру атаулары  ....................................................................385
Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы
һәм жинаушылар туралы мәлiмет  ......................................387
Шартты қысқартулар  .......................................................390
Пайдаланылған әдебиеттер  ................................................391
Резюме  ...........................................................................393
Summary  .........................................................................396

Научное издание
БАБАлАР СӨЗІ
59 том
ИСТОРИЧЕСКИЕ  ЭПОСы
(на казахском языке)
Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства 
им. М.О. Ауэзова
Министерства образования и науки Республики Казахстан
Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова
Редакторы: Ұ.С. Тілегенова
Техникалық редакторы: Э. Заманбек
Компьютерге терген: Ж. Салтақова
Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы
ИБ № 2436
Теруге 02.02.10 жіберілді. Басуға 17.03.10 қол қойылды. Пішіні 60х90
1
/
16
.
Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 25,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №205*.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет