Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
 болып байланып қалған. Сарбаздарға хабарлап, 
барлығын  жиып  алып,  аман-есен  судан  өткізіп  алды.  Судан 
өткен соң жиылып тұрған сарбаздарға аттан түсіп, сәлем беріп 
тұрып, айқайлап өзін таныстырды:
—Менің  руым—албан,  оның  ішінде  алжан,  Ханкелдінің 
немересі,  Түкенің  баласымын,—деді.  Сонда  жиналған  халық 
Ханкелдіге айтты:
—Мынау менің немерем деп кешеден бері бірден айтпадың 
ба, қандай шыдамды едің,—деді. Ханкелді тұрып айтты:

96
ТАРИХИ  ЖыРлАР
96
97
—Мынау  менің  немерем  деп  мақтаныш  қылып  айтудың 
қажеті  жоқ.  Болар  бала  өзін  ерлігімен  танытсын.  Мен  бұл  ба-
ланы  жас  деп,  айтпай,  жылқы  ішіне  тастап  кетіп  едім.  Міне, 
артымыздан  қуып  жетіп,  өте  алмай,  қамалып  жатқан  бізді 
судан  өткізді.  Енді  бала  сіздердікі,—деді.  Сонда  топ  басы  ба-
тырлар  тұрып  айтты:  «Осы  соғысқа  Райымбек  басшылық  етсе 
дейміз»,—деп,  барлық  сарбаздар  бір  ауыздан  шуылдапты, 
тілегін қауым қабыл алыпты.
—Жалпы, жаумен соғысқанда ұран біреу-ақ болсын. Бәріміз 
Райымбектің  атын  шақырып  «Райымбек,  Райымбек!»  деп 
ұрысқа кірелік,—деді. Бұған да барлығы қосылып, солай бол-
сын десті. 
Сонда Райымбек батыр тұрып айтты: «Егер олай болса, сіздер 
шын  ықыластарыңызбен  баталарыңызды  беріңіздер»,—деді. 
Рыскелді батыр бастап барлығы шуылдап, батасын берді. Сонда 
Райымбек батыр тұрып айтты:
—Мен халқым үшін, осы батасын беріп тұрған сіздер үшін 
бұл соғыста қасықтай қаным қалғанша, аянбай ерлік етуге уәде 
берем,—деді.
—Алпыс  кісі  алып,  мына  Іле  жағалап  жатқан  қалың 
қалмақтан  мінуге  ат,  ішуге  азық  дайындаймын,—деп  Райым-
бек батыр жүріп кетті.
Алла деп батыр ұмтылды,
Қалмақтың көріп қарасын.
«Төрт түлік малын айдалық, 
Қалдырмастан танасын.
Дұшпаннан малды айырып,
Құрталық сөйтіп, шарасын».
Шеттен кіріп жылқысын 
Бір-бір бастан айдатты.
Қарсы келген қалмақтың,
Екі көзін жайнатты.
Райымбек батыр көк атты
Қалмаққа келіп ойнатты,
Заманақыр қалмаққа,
Осы жерде ойлатты.
Құлдықта жүрген қазақты
Бір-бір бастан босатты.
140
150

96
96
97
РАйыМБЕК  БАТыР
Мінгізіп оған жақсы атты,
Жетелетіп тағы алды,
Кісі басы қос атты.
Жылап жүрген қазақты
Келе сала босатты.
Іледегі қалмаққа
Тағалы тай қоймайды.
Айдап жүріп малдарын,
Райымбек терең ойлады.
Осыменен батырың
Қайта келді қосына,
Заманақыр орнады
Тексіз иттің басына.
Қалмақ шыдап келмеді
Райымбектің қасына. 
Найзасы бар қолында
Беліне қылыш асына.
Айдаған малды көрген соң,
Сарбаздары қазақтың
Жиылып келеді
Райымбектің қасына.
Райымбек сонда айтады:
—Қалмақ шауып сіздерді,
Кеткен малың осы ма?
Мен сиынып Құдайға,
Ақырзаман орнатам
Кәрісі мен жасына.
Жараулы атын ұстаңдар,
Кел, жиылып қасыма,
Алда жатыр көп жұмыс,
Ағалар, енді тасыма!
Ал, сонда, Қорын ханның жақсы атын бағатын Әжіке деген 
бай қалмақ бар екен. Іледегі малының амандығын білейін деп 
келсе, тағалы тай қоймай, қазақ сарбаздары шауып алып кет-
кен.  Бір  Әжікенің  малы  емес,  Іле  өлкесіндегі  қалмақтардың 
малын  тұтас  сипаған  және  бір  мұнша  адамның  өлігін  көреді. 
Әжіке мұны анықтап байқайын деп тоғай аралап келіп қараса, 
жер қайысып жатқан сарбаздарды көреді.
7-205*
160
170
180

98
ТАРИХИ  ЖыРлАР
98
99
—Бұл  қазақтар  қалай  келіп  кірді?—деп  қалмақтардан 
сұрады.  Қалмақтар  айтты:  «Райымбек  деген  жас  жігіт  бар, 
сиқыр  екенін,  шайтан  екенін  білмейміз.  Қарсы  шыққан  атты 
омырауымен  соғып  жығады.  Қылыш  шапқанда  көз  ілеспейді. 
Астындағы аты да сағым сияқты. Өзі ат үстінде жүріп ойнайды. 
Осындай бір пәле сияқты адам көрдік, өзі «Райымбек, Райым-
бек!» деп айқайлайды». 
Бұл қазақ сарбаздарын әбден көріп, Әжікенің Қорын ханға 
жылап айтқаны:
—Айналайын, ханымыз,
Қиналды біздің жанымыз.
Қазақтан келіп сарбаздар,
Талауға түсті малымыз.
Ішінде бар жас жігіт,
Ат ойнатып келеді,
ұшқан құстай атылып.
Тізесін бұл жіберді
Қалмақтарға батырып.
Жылқыдан түк қоймады,
ұрса, шалма түседі,
Асауға барып атылып.
Төрт түлік малды айдады,
Шеттен сойып жеп жатыр,
Сонда дағы тоймады.
Райымбек деген жас батыр
Нажағайдың отындай,
Жарқыратып қылышын,
Ауылға келіп ойнады.
Қолға түскен қалмақты
Домалатып байлады.
Астына мінген Көкойнақ
Тақымын қысып қойғанда,
ұшқан құстай кетеді,
Көзді жұмып, ашқанша,
Көз ұшына жетеді.
Бір мезгілде қарасаң,
Ат үстінде тік тұрып,
Соққандай жел өтеді.
190
200
210

98
98
99
РАйыМБЕК  БАТыР
Тік тұрып қылыш сілтесе,
Алмадай басты кеседі.
Жалғыз шауып келгенде,
Қанша кісі жабылса,
Қас қаққанша қоймайды.
Екі көзін қарасаң,
Жанған оттай жайнайды.
Қазақ жатыр, ей, ханым,
Шабуға бізді қамданып,
Ашуланба, ей, ханым!
Ал, сонда, Қорын хан Әжікеден бұл хабарды естіген соң, бас 
уәзірі Серкені шақырып алып былай дейді:
—Мына  Әжіке  Іледегі  малдарды  аралап  барса,  қазақтан 
қалың  сарбаздарын  бастап  келіп,  Райымбек  деген  біреу  Іле 
өлкесіндегі малдарды жиып алды дейді. Бір мұнша адамдарды 
да өлтірген. Бұл рас болса, қазақты Құдай айдап, бізге құлдыққа 
келген екен. Сен қасыңа үш адам алып, барып біліп кел,—деді.
Серке үш адамды ертіп алып, жүрген бойдан Іле жағасында 
жатқан  қазақ  сарбаздарына  келді.  Сол  уақытта  Райымбек  ба-
тыр  ат  ойнатып,  қылышпен  тал  шауып,  ат  қарғытып  жатқан 
кезі екен.
Серке мұны көріп қайран қалады. Мынау қалай әдіс. Тіпті 
ат  та  сағым  сияқты  ғой  деседі.  Қалай  болса  да,  тіл  алады  деп, 
бір  адамын  жіберді.  Мұның  елші  екенін  білген  соң,  Райымбек 
батыр қасына Бақай батыр мен Аралбай батырды ертіп, Серкеге 
келді. Келіп жөн сұрағанда Серке былай деді:
—Мен Қорын ханның бас уәзірімін. Сіздерге келген себебім—
Қорын былай деп тапсырма берді: «Қазақтар бізбен шабысамыз 
деп әуре болмасын. Қолындағы малдарын қайырып және кел-
ген айыбын тартсын да, аманында қайтсын. Қайтпайтын болса, 
бірі де тірі қалмайды»,—дейді.
Сонда Райымбек батыр айтты:
—Сен Қорын ханға барғын. Арманда қалмай үш күн ішінде 
толық  дайындалсын.  Төртінші  күні  Қорын  ханның  ордасын 
бұзып, талауға түсіремін, тез қайт,—деді. Серке келіп айтты:
—Қазақ сарбаздарының келгені рас екен. Райымбек деген 
бір  жас  жігіт  былай  деді:  «Арманда  қалмай,  үш  күн  ішінде 
дайындалыңдар» деді. Бірақ та менің байқауымша, осы келісі 
220

100
ТАРИХИ  ЖыРлАР
100
101
өте  қауіпті.  Райымбек  деген  жас  жігіт,  біз  барсақ,  кәдімгі 
сиқыр сияқты ат ойнатып, қылышпен тал шауып жүр. Қылыш 
шабуы мен атының ойнауы сағым сияқты көрінеді. 
Сонда  Қорын  ашуланып:  «Сен  өлімге  келген  қазақты  сон-
ша  мақтап»,—деп,  Серкені  зынданға  жапты.  «Үш  күн  ішінде 
Түргеннің  аяғындағы  қара  далаға  құралдарымен  дайындал-
сын»  деп  қалмақтарға  бұйрық  берді.  Қалмақтар  үш  күн  бойы 
жиылып, қара құрттай болып келіп жатыр. Қазақ сарбаздары-
на таяп келіп қалды. Жақындап, таяу келгесін қазақ сарбазда-
рына Райымбек батыр былай деді:
—Сіздер  осы  жерде  дайындалып  тұрыңыздар.  Мен  сонау 
жиылып  жатқан  қалмақтың  ішіне  кіремін.  Қорын  қалай  деп 
бұйрық  беріп  жатыр  екен?  Сондықтан  қалмақша  киіндіріп, 
қалмақша  тіл  білетін  төрт  жігіт  аламын.  Өзім  сыртымнан 
қалмақтың  үлкен  қара  шапанын  киемін.  Мен  сол  жиылып 
тұрған  қалмақтың  өз  ішінен  бастаймын  соғысты.  Алла  қуат 
берсе, Қорынның басын алып, анау желбіреп тұрған туды жерге 
түсіргенде  сіздер  «Райымбек,  Райымбек!»  деп  кірісіңіздер,—
деп, жүріп кетті. Сол жүрген бойдан құжылдап жатқан қалың 
қалмақтың  ішіне  кірді.  Біреудің  біреу  кім  екенін  біліп  бол-
майды. Келсе, Қорын хан қалың қалмақтың ортасында, тудың 
түбінде тұрып, былай деп бұйрық беріп жатыр екен:
—Анау қаптаған қазақтарды ажал айдап, қырылғалы келе-
ді.  Көбін  қырып,  өлтіріп,  қалғанын  мал  бағатын  құл  етіңдер. 
Райымбек деген біреу бар дейді. Соны маған тірі ұстап беріңдер. 
Оны  мен  зынданда  шірітіп  өлтірейін.  Мақтаған  Райымбекті 
Серкенің қасына қосып зынданға жабайын. 
Райымбек тұрып: «Не айтып тұр?»,—деп қасындағылардан 
сұрады.  Қасындағылар  Қорынның  не  айтқанын  толық  айтып 
береді.  Сонда  Райымбек  батырды  ашу  кернеп,  үстіндегі  шапа-
нын лақтырып жіберіп, Қорынға қарай ұмтылды.
Сөйлеп тұрған Қорынға
Көк атты құстай ұшырды.
Жетіп келіп қасына
Тастаған шешіп шапанын.
Қылышын алып қолына 
Қорын ханның сол жерде
Алмадай басын ұшырды.

100
100
101
РАйыМБЕК  БАТыР
Тігіп қойған жалауын
Сындырып, жерге түсірді.
«Райымбек» деген шу шықты,
Қазақ та жетті аралас.
Екі жақ кеп айқасты,
Қара жер қанға тұншықты.
Кешке дейін шабысып,
Кей адамның қолдары
Көтере алмай қарысты.
Райымбек батыр түзеді,
Қалмаққа қылыш шабысты.
Қылышын шауып батырың,
Ай шетінен кіреді,
Күн шетінен шығады.
Қарсы келген қалмақты
Қылышпенен ұрып жығады.
Кез келгеннің басын ап,
Қара жерге тығады.
Өзінен-өзі кей қалмақ
Аттан ұшып құлады.
Көк аттың еті қызған соң,
Түзеді енді шабысты.
«Бағындық» деп кей қалмақ,
Шығарды оқыс дабысты.
Оған дағы қарамай,
Қанын судай шашады.
Шыдай алмай қалмақтар,
Тауға қарай қашады.
Қалмақ қашып жөнелді,
Тау бөктерлеп жабындап,
Қазақ шауып келеді,
Арт жағынан жабырлап.
Күн батқан соң қалмақтар,
Сай-салаға тығылды.
Жолда өліп қалмақтың,
Қаншасы аттан жығылды.
Тау таспен қашып жөнелді
Секер ханға бармаққа,
230
240
250
260

102
ТАРИХИ  ЖыРлАР
102
103
Қалың қалмақ жөнелді.
Келе жатқан қазақты
Көкпектен тосып алмаққа.
Райымбек батыр келеді,
Алатаудың бөктерін
Қалмақтардан тазалап.
Райымбек  батыр  хан  қазынасын  бір  жерге  жинатып,  тінту 
салып  жүріп,  зынданына  кездесіп,  есігін  бұзып  қараса,  баяғы 
елшілікке барған Серке екен. «Саған не болды?» деп сұрағанда, 
Серке айтты:
—Мен өзіңе елші болып барып, сенің айтқаныңды айттым. 
Екінші,  сенің  өнеріңді  айтып  мақтап  едім,  «сен  өлімге  келген 
қазақты  мақтадың»  деп,  осында  әкеліп  жапты.  «Райымбекті 
ұстап, екеуіңді бірге дарға тартып өлтіремін» деді.
—Бізді дарға тартатын Қорын ханның өзі де далада қалды,—
деді Райымбек. Сонда Серке тұрып айтты:
—Мен  сізбен  өмірлік  жолдас  болып,  мұсылман  дініне 
кіремін,—деп, Райымбекке еріп жолдас болды. Және қалмақтың 
байларының көмбесін тауып беретін болды. «Ханның ордасын 
қайта тінту керек» деді.
Серкені алып қасына,
Қайта кірді ордаға,
Көкойнағын ойнатып.
Орданы бұзды батырың,
Қатын менен баланың
Екі көзін жайнатып.
Тағы қойды сол жерге,
Қызы менен ұлының
Екі қолын байлатып.
Қазақтарға жіберді,
Құл етуге айдатып.
Өстіп алға жөнелді,
Қалмақты шауып қазақтар.
Райымбек батыр келеді,
Қалмақтарға шығарып
Неше түрлі өнерді.
270
280

102
102
103
РАйыМБЕК  БАТыР
Көкойнағы астында
Алғандай түлкі келеді.
Сай саланы қақтырып,
Тыққан мүлкін қалмақтың
Серкеге алды таптырып.
Қалмақтардың басына
Қара тұман орнатты.
Қылышы қолда жарқылдап,
Қарсы келген қалмақты
Шауып кетіп барады.
Астындағы көк аты
Аш бөрідей жарады.
Шелекті басып келеді
Малыбайды бет алып.
Тынбай қашты қалмақтар,
Тоқтамастан ер салып.
Райымбек батыр тоқтады,
Малыбайға жеткен соң,
Пірлері қолдады,
Қарасудан жол алып,
Дариядан өткен соң.
Зәбірлеп еді қазақты,
Қалмақ қашып қырылды.
Алладан тағдыр жеткен соң,
Қазақ келіп қаптады.
Сарбаздары қазақтың
Қалмақтың берді жазасын.
Қазақты шауып қалмақтар,
Жылатып еді баласын.
Райымбек  батыр  қазақ  сарбаздарын  Малыбайға  толық  жи-
нап алып былай деді:
—Біз Алатаудың бірсыпыра жерін қалмақтардан тазарт тық. 
Енді  Көкпектегі  қалмақтардың  бас  ханын  Секер  ханды  қол-
ға  алу  үшін  соғыс  ашамыз.  Мен  астыртын  кісі  жіберіп,  Секер 
ханнан хабар алдым. Ол Қарауылдағы Ағанас ханды шақырып 
алып,  «қазақты  Көкпектен  тосып,  ұстаймыз  деп  дайындалып 
жатыр»  дейді.  Қалмақтар  арманда  қалмай,  дайындала  берсін. 
Біздің сарбаздар бес күн дем алсын және аттары нашарлағандар 
290
300
310

104
ТАРИХИ  ЖыРлАР
104
105
ат  жаңалап  мінсін.  Сонан  кейін  екінші  соғысты  Секер  ханға 
ашамыз.
Қорын  ханның  қарауындағы  қалмақтардан  қашып  шық-
қандары  Секер  ханға  келіп,  «қазақ  сарбаздары  енді  сізге  бет 
алды» деп хабарлап, жылап айтқан екен:
—Айналайын, Секер-ау,
Айтпаймын сөзді бекер-ау.
Қазақ шауып малдарды,
Топ-тобымен айдады.
Қарсы келген қалмақты
Домалатып байлады.
Қорын ханды, ей, ханым,
Қылышпен ұрып жайпады.
Астында бар көк аты
Қалмақты қойдай айдады.
Тышқан алған мысықтай
Қалмақтарды жайлады.
Астындағы көк аты,
Бейне құстай ұшады,
Жетіп келіп қалмақты,
Тақымына қысады.
Ертерек қамдан, ей, ханым,
Қалмаққа келген нышаны
Қара дала қан болды,
Қалмақтың басы дал болды.
Райымбек келді де,
Қалмақтарды жүн қылды.
Солқылдаған Қорынның
Басын кесіп, ти қылды.
Қой жайып жүрген қазақты
Қалмақтарға би қылды.
Әжікенің айтқанын
Өтірік емес, шын қылды.
Малыбайға қазақ қаптады,
Енді жаса қимылды.
Ажыратар күн бола ма,
Қазақтардан ұл-қызды.
Сарбаздары қазақтың
320
330
340
350

104
104
105
РАйыМБЕК  БАТыР
Қалмақтарды қор қылды.
Қайтып кекті аламыз,
Қолында қалды қазақтың
Ардақтаған баламыз.
Қатын менен қыздарды
Айырып қалай аламыз.
Ішім күйіп барады,
Тым болмаса қалмады
Сойып жеуге танамыз.
Жан қалмақтан қалдырмай,
Кескілесіп өлелік,
Қайтып тірі қаламыз,
Жи қалмақты басқарып.
Райымбек келгенде
ұсталық біз де бас салып.
Жылайды балаң аш қалып,
Қазынаңда жүрмесін,
Қамданбасаң, тас қалып.
«Құлдыққа қазақ келді» деп,
Қорын өлді мастанып.
Айдарлының басынан
Тастады жұлып шашты алып.
Секер  хан  қашып  келе  жатқан  қалмақтардан  Қорын  хан 
өліп, қалмақты қазақ сарбаздары шауып келе жатқанын анық 
естіп, Ағанас хан мен Арыс ханды шақыртып алып, былай деп 
тапсырма берді: 
—Қазақ  сарбаздарын  Райымбек  деген  біреу  бастап  келіп, 
Қорынды өлтіріп, елін шауып, енді бізге бет алып келе жатыр,—
дейді.—Сондықтан  сен  екеуің  тез  қайтып,  жауға  жарайтын 
адамдарыңды  екі  күн  ішінде  жинап,  менің  қарауыма  жібер. 
Бұл соғысты өзім басқарамын,—деді. 
Секер хан «Барлық сарбаздар Көкпектің қара даласындағы 
Ойрантөбеге жиналсын. Сен екеуің сай-саладағы малдарды бір 
жерге шоғырландырып, қарауыл қойыңдар. Қолдан мал кетсе, 
елден күш кетеді. Қазақтың жырынды қулары келіп, малдан ай-
ырып жүрмесін»,—деп тапсырма берді. Секер хан Ойрантөбеге 
ту тігіп, Барақ деген батырын Ойрантөбені басқарып тұруға тап-
360
370

106
ТАРИХИ  ЖыРлАР
106
107
сырады. Қалмақтар дайындалып тұра берсін. Ендігі сөзді қазақ 
сарбаздарынан естіңіздер.
«Алла» деп қазақ жөнелді
Секер ханға баруға,
Барып ойран салуға,
Тізесі өткен қалмақтан
Сөйтіп кегін алмаққа,
Көкпекті өрлеп келеді.
Кез келсе қалмақ алдынан,
Алмадай басын алмаққа.
Райымбек батыр жөнеді
Мойнын созып жан-жаққа.
Шықса қалмақ алдынан,
ұшқан құстай бармаққа.
Сарбаздарын қазақтың
Райымбек бастап келеді,
Кейде аяңдап желеді.
«Секер ханға барған соң,
Шығарам» деп өнерді.
Жайлаған соң Қорынды,
Олжаға қазақ кенелді.
Көкпектің жиылды даласына,
Қалмақтың көзі жетпей қарасына.
Топтасыпты құрттай боп қалың қалмақ,
Жылқының таңдап мініп аласына.
Көкпектің жаңа шықты жазығына,
Алланың кім көнбейді жазуына.
Қазақты зәбірлеген Секер ханның,
Найзаны ұрам ба деп азуына.
Құдайым көмек берсе осы жерде,
Қалмақты сыйғызар ем 
Бір тарының қауызына.
Торайғырдың тауынан
Төгіліп қалмақ кеп жатыр,
Тіккен тудың жағдайын
Райымбек батыр сұрады:
—Секер ханың осы ма,
380
390
400

106
106
107
РАйыМБЕК  БАТыР
Пірлерім жар болса,
Заманақыр орнатам
Секер ханның басына.
Жиналды қалмақ төбеге,
Қаз-қатар боп тізіліп.
Қазақ та жақын кеп қалды,
Қалмақты көріп қызынып.
Райымбек батыр келеді,
ұшқан құстай сүзіліп.
—Айналайын, ағалар,
Жиылсын қалмақ асықпа!
Барып ойран салайық
Кірін жумас сасыққа.
Дайындалып тұрыңдар,
Арамыз енді қашық па?
Жиылды ма қалмақ толық кеп,
Көкойнағын баптады,
Түйіліп тұр батырың,
Қалмақты барып шапқалы.
Сарбаздары дайын тұр,
Қалмаққа қанат қаққалы.
Ал, сонда, қазақ сарбаздарының қарасын көрген соң, Секер 
хан Ойрантөбенің басына тіккен туының қасына шығып, айқай 
салып, қалай соғысу жөнінде кеңес беріп, «қазақтарды қырып, 
Райымбекті тірі ұста!» деп Барақ батырына бұйрық беріп тұрған 
кезде, Райымбек қалмақ тілін білетін және қалмақ киімін әдейі 
кигізген  адамдарымен  құжылдап  жатқан  қалмақтың  ішіне 
кіріп  кетіпті.  «Қазақты  қырып,  Райымбекті  тірі  ұста!»  деген 
бұйрығын естіген соң:
ыза кернеп батырын,
Садағын қолға алады,
Толғап тартып қалады.
Сөйлеп тұрған Секерді
Садақпен атып, құлатты.
Барақ деген батырын
Қылышпен шауып, сұлатты.
410
420
430

108
ТАРИХИ  ЖыРлАР
108
109
Тігіп қойған туларын
Сындырып, жерге жайратты.
Қазақ та жетіп аралап,
Қылыш сілтеп шайқасты.
Қара жерден шаң шығып,
Бірін-бірі байқасты.
Қалмақтарды сол жерде
Шулатып қойдай, жылатты.
«Райымбек» деген шу шықты,
Кескілесіп екі жақ,
Қара жер қанға тұншықты.
Сарбаздары қазақтың
Аянбай кіріп майданға,
Қара жерден шаң шықты.
Салысып жатыр екі жақ,
Қанша адамнан жан шықты.
Райымбек батыр сол жерде
Көк атпен кірді ойнатып,
Сілтеп қылыш қалмаққа,
Жығып салды майданда,
Екі көзін жайнатып.
О шетінен кіріп майданға 
Бұ шетінен бір шықты.
Қарсы келген қалмақты
Қылышпен ұрып жығады.
Айқайлап келген батырын
Қара жерге тығады.
Кешке жақын болғанда,
Қалмақ қашып жөнелді
Торайғырдың тауына.
Қуып жетіп қазақтар,
ұрды қылыш жауына.
Көк ат кетті қызған соң,
Атқан оқтай атылып.
Түсті қалмақ қолына,
Қазақтардың бас ұрып.
Қалмақты қойдай шулатып,
Шапқандай қасқыр ақырып.
Сарбаздары қазақтың
440
450
460
470

108
108
109
РАйыМБЕК  БАТыР
Келе жатыр жапырып.
Ағызды қалмақ қандарын,
Қара судай сапырып.
Жеткендерін ұрады,
Қылышпен шауып жапырып.
Тықты тауға қалмақты,
Жолбарыстай ақырып.
Шапты қылыш қазақтар,
Шапқандай шөп жапырып.
Қалмақ келіп тығылды
Торайғырдың тасына.
Ақырзаман орнады
Қалмақтардың басына.
Шыдап қалмақ келмеді
Қазақтардың қасына.
Қазақты талап жеп еді,
Сондағы қалмақ осы ма.
—Серке аға, енді тарт,
Секер ханның ордасына.
Қазақ  сарбаздары  Секер  ханның  ордасына  келіп,  толық 
жиылып  тұрды.  Райымбек  батыр  қазақ  сарбаздарын  үшке 
бөлді.  Бірінші,  Бақай  батыр  Алатаудың  оңтүстік  жағын  таза-
лап шығып, Шөладырдан табысуға уәде жасады. Екінші, Сатай 
батырды  Бұғыты  басып,  Іле  өлкесін  қалмақтардан  тазартып, 
Көктас асып, Шөладырдан табысуға өз қарауындағы сарбаздар-
мен жібереді. Атасы Ханкелді батырға айтты:
—Сіз  жер  жағдайын  білесіз,  бізді  бастап  Ағанас  хан  мен 
Арыс  ханға  апарыңыз.  Ақырында  барлығымыз  Шөладырдан 
бас қосалық,—деді. Аралбай батырға айтты:
—Сіз мына қалмақтан түскен малға ие болып, тиісті жеріне 
жайғап  қоярсыз.  Халайық,  қалмақтан  күш  кетті,  шеттеп-
шеттеп  сай-салаға  мал  тығып  жүргендері  болса,  малдан  айы-
рып, жер тазалауымыз керек,—деді.
Ағанас ханға Райымбек батыр бет алып жөнелді:
Райымбек батыр келеді,
Таң да қазір ағарды.
Көкпек қалды, Торайғыр
480
490

110
ТАРИХИ  ЖыРлАР
110
111
Қалмақтардан тазарды.
Енді батыр ұмтылды
Ағанасқа баруға.
Қалмақтардан бір жола,
Босатып жерді алуға.
Ағанас ханды өлтіріп,
Қалмақты шауып алуға.
Келсе жетіп ханына,
Қалмақ қашып кетіпті,
Үйі қапты жалаңаш.
Мұны көріп батырың,
Алға қарай ұмтылды
Қашқан қалмақ ізімен.
Ақтоғайдың суынан
Өте қашқан қалмақты
Райымбек батыр көреді.
Көре сала батырың,
Қамшы басты көк атқа,
Екпіндетіп жөнелді.
Екпіндетіп батырың,
Шыбышының тауына
Енді жетіп келеді.
Қаптап келген қазақты
Қашып жүрген қалмақтар
Артына қарап көреді.
«Қазақ қуып жетті» деп,
Малын тастап қалмақтар,
Алға қарай жөнеді.
Қалған малды қазақтар
Әрбір жерге топтады.
Ағанас хан мен Арысты
Шабуға қылыш саптады.
Жауынгері қазақтың
Шөладырдың тауына
Енді келіп тоқтады.
Жаңалай атты мінді де,
Суытып оны баптады.
Ашу кернеп кей адам,
500
510
520
530

110
110
111
РАйыМБЕК  БАТыР
Әгар қалмақ көрінсе,
Садақпен тура атқалы.
Құдайдан жетіп қалмаққа,
Қазаққа қалды тапқаны.
Таңдап мініп жақсы атын,
Басына салды ноқтаны.
Райымбек батырың
Алдын-артын жиюға,
Шөладырға тоқтады.
Райымбек батыр алды-артын жиюға жата берсін. Ендігі сөз-
ді Бақай батырдан естіңіздер.
Бақай батыр жөнелді,
Түргенді басып Асыға.
Сарбаздары қазақтың
Келе жатыр сабылып,
Алмас қылыш асына.
Тінту салып келеді
Сай-саланың тасына.
Қолдарында найзасы
Таққан үкі басына.
Қазақ қуып жөнелді
Қашқан қалмақ соңынан.
Малын жиып тағы алды
Далашықтың жолынан.
Қалмақ тынбай жөнелді,
Таушелекті сағалап.
Қашып келед тоқтамай,
Үш Меркені жағалап.
Сарбаздары қазақтың
Түсірді малын қамалап.
Өте шықты Бақай да,
Қарқараны сағалап.
Тоқтамай қалмақ қашыпты,
Шұбарталды бұл басып,
Шөладырдың тауында
Бақай да кеп қосылды
Райымбекке ұласып.
540
550
560

112
ТАРИХИ  ЖыРлАР
112
113
Амандасты қазақтар,
Бір-бірімен шуласып.
Енді Сатай батырдың сапарына келейік.
Сатай бастап бір топты,
«Қайда қалмақ қалды?» деп,
Бұғытыны бөктерлеп,
Қалмақтан жерді тазалап,
Сай-саланы тексермек.
Қорын мен Секер өлген соң,
Қалмақ қашып жөнелді,
Шарынға қарай бет алып.
Сартоғайға тоқтады,
Бір азырақ ес алып.
Қазақ қатты келеді,
Ізіне түсіп қалмақтың,
Қазақ та қуып жетеді.
Қалмақтың көріп қарасын,
Алға қарай кетеді.
Түсіріп қазақ тағы алды
Айдап қашқан малдарын,
Кемпір менен шалдарын.
Қарсы келіп қалмақтар,
Төкпей қашты қандарын.
Қалмақ қашып жөнелді,
Қалжатты басып Қытайға.
Тыныш жүрсе басында,
Қуғынға түсіп жұтай ма?!
Сарбаздары қазақтың
Қырғызсайды бет алып,
Өрге қарай басыпты.
Келсе жетіп Ақсуға,
Қойын тастап қалмақтар,
Ірі малмен қашыпты.
Қуалап жүріп айдады,
Кірін жумас сасықты.
Сарбаздары қазақтың
Іле жақтан тазартып,
570
580
590
600

112
112
113
РАйыМБЕК  БАТыР
Көктасқа қарай басыпты.
Көз жіберіп қараса,
Күнгейінде Көктастың
Қой жайып жүрген біреу жүр,
Енді оны көреді.
«Қалмақ тосып тұр ма?» деп,
Қазақ та көңіл бөледі.
Найзасын ұстап қолына,
Бұған жетіп келеді.
Қой шетінде бір шал жүр,
Анықтап мұны біледі.
Қазақ сарбаздары қой жайған шалдың қасына келіп жиыл-
ды.  Сонда  шал  алдынан  шығып,  бас  қойып,  жылап,  өз  жағ-
дайын айтты:
—Менің  атым  Мөңке,  өзім  кедей,  екі  қызым,  бір  кемпірім 
бар. Бір үйде төрт адам едік. Жылқы малдан—осы астымдағы 
жалғыз ат. Басқа малым жоқ. Секер хан мен Қорын ханды қазақ 
сарбаздары өлтіріп, «қалмақты қазақ шауып келе жатыр» деп 
Көктастағы қалмақтар бірі қалмай қашып кетті. Осы Көктасты 
асып  қашуға  атым  болмай,  жалғыз  үй  қалдым.  Осы  қашқан 
елдің тастап кеткен бір отар қойына ие болып бағып, осы қойды 
жеп жатырмын. Мен мұсылман дініне кіріп, қазақ болуға уәде 
берем, осында Көктастың сай-саласында көп мал қалды,—деді. 
Сонда Сатай батыр тұрып айтты:
—Бұл  шалдың  айтып  тұрғаны  рас.  Сондықтан  Көктастағы 
қалған  малды  жиып,  мына  шалды  көшіріп,  Темірлікке  ор-
наластыр,—деп бір мұнша адамды тастап, жарлық беріп, сар-
баздармен кетеді:
 
Көктастан шығып,
Сарбаздар Көміршіге басады.
Қашқан қалмақ жиылып,
Алдарынан тосады.
Тосқан қалмақ қазақпен
Енді ұмтылып шайқасты.
Бір азырақ қан төгіп,
Бірін-бірі байқасты.
Қалмақ қашып жөнелді
8-205*
610
620

114
ТАРИХИ  ЖыРлАР
114
115
Қошқарға қарай сағалап.
Қалмақты қолға түсірді,
Шибұтқа жетпей қамалап.
Биеке батыр келеді,
Жүрген жерін тазалап.
Тірі түскен қалмақтың
Екі қолын байлатып.
Тастап қашқан малдарын,
Жиғызып алды айдатып.
Райымбек те қосылды,
Қарсы келген қалмақты
Бір-бір бастан жайратып.
Қазақ сарбаздарына Райымбек батыр айтты: «Біздің адамдар 
өте сабылып кетті. Сондықтан бес күн дем алсын. Содан кейін 
Текеске  қашып  барып  отырған  Ағанас  пен  Арыс  хандарға  бет 
аламыз»,—деді. 
Қазақ сарбаздары дем алып жата тұрсын. Енді Ағанас хан-
нан  естіңіздер.  Қашқан  қалмақтар  Ағанас  ханға  келіп  жылап 
айтқаны екен:
—Айналайын ханым-ау,
Ойрантөбе ойылды,
Секер ханым жойылды.
Райымбек келді де,
Алмадай қақты мойынды.
Шауып алды малымды,
Шеттен қырып жеп жатыр
Айдап баққан қойымды.
Жалаңаш пен үш Мерке 
Тағы бізден бұл қалды,
Райымбек тұрғанда,
Енді бізге жоқ,—деді,—
Әзір барсаң ол жатыр,
Шөладырға тоқтады.
Астында бар көк аты,
Райымбек деген сиқыршы
Қылышын сізге саптады.
ұшқан құстай көк аты,
630
640
650

114
114
115
РАйыМБЕК  БАТыР
Оны әбден баптады.
Тезірек қамдан, ей, ханым,
Өтірік неге айтайын,
Сізге жала жапқандай.
ұл мен қызды шулатып,
Малға қосып ап қалды-ай!
Айырылады сізден де
Құшағыңдағы ақ маңдай.
Қалмақты көрсе қазақтар,
ұмтылады сақпандай.
Райымбек деген біреу бар,
Мініп алып көк атын,
ұшқан құстай атылат.
Қарсы шықсаң алдынан,
Қаныңды судай сапырат.
Қанша қалмақ жиылса,
Қасқыр тиген қойдай ғып,
Бір шетінен жапырад.
Еңбекпен жиған мал қалды,
Кемпір менен шал қалды.
Екі қызым, бір ұлым,
Боз торғайдай шырылдап,
Жау қолында бұл қалды.
Талай жігіт қырылып,
Талай қатын тұл қалды.
Ал  мына  хабарды  естіген  соң  Ағанас  хан  мен  Арыс  хан 
ақылдасып былай дейді:
—Қазақ  сарбаздары  Шөладырға  келіпті.  Енді  бізді  шаба-
ды.  Мұнымен  біздің  шабысуға  халіміз  жетпейді.  Сарбаздары-
мызды Секер ханның қарауына беріп едік, Секер ханның өзі де 
өлді. Біз бұрынғы Қытай жеріндегі ата-қонысымызға кетелік. 
Барлық  қалмақтарға  хабарлап,  қалған  еліміз  бен  малымызды 
айдап үш күн ішінде қашып Қытайға өтелі,—деп еліне хабар-
лап, көше бастады. Қалмақ шекарадан өтіп қашатынын естіген 
соң  қалмақтың  қолында  малын  бағып,  құлдықта  жүрген 
қазақтар  бір  түнде  баққан  малдарын  айдап  қайта  қашып,  Ра-
йымбек батырдың қарауына келді. Бұл босып келген адамдар-
660
670
680

116
ТАРИХИ  ЖыРлАР
116
117
дан қалмақтың шекарадан өтіп қашып жатқанын естіп, қазақ 
сарбаздарына Райымбек батыр былай дейді:
—Қалмақтар  шекарадан  өтіп  кетіп  жатыр  дейді.  Ағанас 
өтіп кетіпті. Енді тез атқа мініңдер. Алла бұйырса, бір мұнша-
сын түсіріп қалалық, - деп атқа мінді:
Райымбек батыр жол тартты
Текеске қарай бет алып,
Қашқан қалмақ соңынан.
Шапса қылыш өтпейтін,
Жасалған сауыт тонынан.
«Ағанас түссе қолыма,
Алсам,—деп,—шылбыр жонынан.
Сарбаздары қазақтың
Жұлдызы туып оңынан,
Олжаға батты қазақтар,
Кенеліп енді молынан.
Қылышы бар белінде
Найзасы түспей қолынан.
Тыныш жатқан қазақты
Талап еді қалмақтар,
Өз-өзінен қағынып
Құдайдан жетіп ақыры,
Қытайға қашты ағылып,
Қазақтарға шабылып.
Қолға түсті ақыры
Қазақтарға бағынып.
Ханкелді  батыр  тұрып  айтты:  «Мына  еңіске  қарай  ағып 
жатқан  су—Сүмбенің  суы.  Бұл  судың  ар  жағы—Қытай  жері. 
Бұдан өтуге болмайды». Райымбек батыр тұрып сұрады: «Сіздер 
айтыңыздар, Шалкөде өрлеп тау асып, қалмақ қашты дедіңіз-
дер. Ол тау қалай?»,—деді. Сонда Бақай батыр тұрып айтты:
—Осы  жатқан  Сүмбе  суын  өрлей  берсе,  нақ  сол  қалмақ 
қашып жатқан Құмбел деген асудың дәл өзіне айқасады. Мұны 
естіген соң, Райымбек батыр тұрып айтты: 
—Олай  болса,  біз  Аралбай  батырдың  тобын  алып  Құмбел-
ге  шығып,  Шалкөде  басып  қайталық.  Қалған  сарбаздар 
690
700

116
116
117
РАйыМБЕК  БАТыР
Бурадасынның  Көлтұзына  барып  жатсын.  Біз  қайта  оралып, 
Көлтұзда бас қосалық. 
Бәрі  мақұл  деп  уәделесіп,  екі  жағы  да  жүріп  кетті.  Ра-
йымбек  батыр  Сүмбе  өрлеп,  Құмбелге  шықса,  көшіп  жатқан 
қалмақтардың  үстінен  түседі.  Қазақ  сарбазда рын  көрген  соң, 
қалмақтар  малын  тастап  қаша  жөнеледі.  Қазақ тар  бұл  мал-
ды айдап, Шалкөденің басынан түсіп, Шалкөде суын жағалап 
Шекарамбалға келеді.
Ханкелді батыр айтты:
—Енді  соғыс  аяқталды,  Темірлік  пен  Жалаңаштан  ары 
қарай  жұртты  қоныстандырайық.  ұлы  жүздің  халқын  туған 
жеріне  жайғастырып,  сонан  кейін  жер  ыңғайына  қарай  қанат 
жаялық,—деді. 
Барлығы бұл сөзді мақұлдап, елге тартты. Сонда Райымбек 
батырдың елге қарай бет алғандағы сарбаздары ның айтқаны:
«Қазақ қайтты еліне,
Қалмақты қырып шаттанып.
Қазақты қалмақ қуып ед,
Алдық деп жерін мақтанып.
Секер хан мен Қорын хан
Өлді деді тапталып.
Түсті малы қалмақтың
Әрбір жерге топталып.
Райымбек батырдың
Қайраты мен айласы,
Қазаққа тиді пайдасы.
Белінде бар қылышы,
Қолында бар найзасы.
Қалмақты қуып Қытайға,
Қазақ енді жайнашы».
Олжаға батты қазақтар,
Омырауы алқылдап,
Алатауды бөктерлеп
Жұртына қайтты жарқылдап.
Шүйінші сұрап елінен,
Кейбіреуі кетті сартылдап:
«Айналайын, ағалар,
Өсіп-өнген жеріне
710
720

118
ТАРИХИ  ЖыРлАР
118
119
Көшірелік елді енді.
Қалмақтан босап Жетісу,
Жағдайымыз жөнделді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет