Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі2,27 Mb.
#5566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ағаштың түрі  
Тығыздығы, кг/м

 
Бальса  
110-120 
Бакаут (темір ағаш)  
1300 
Емен  
550 
Балқарағай  
350 
Қызыл ағаш  
540 
Кәдімгі қарағай  
400 
Тығын емені  
127 
Қара ағаш  
1160 
 
-
 
 
Кестеде  берілген  ағаштардың  (бір  ағаштың)  өсетін  жеріне  саяхат 
жоспарын жасаңдар.  
-
 
 
Таңдаған  ағаштың  пайдалану  салаларын  анықтаңдар.  Пайдалану 
бойынша өз жобаңды ұсын.  
Ақмола  облысы  Степногорск  қаласы  №  9  орта  мектебінің  география 
пәнінің  мұғалімі  Қайыпназарова  Гүлзат  Мадияровна  өзінің  сабақтарында 
келесідей шығармашылық жобаларды қолданады.  
Тапсырма. Қозғалыс маршрутын әзірлеу. Шығармашылық жоба.  
1.
 
Сендер  туристік  фирманың  қызметкерлерісіңдер.  Фирма  мүшелерінің 
мақсаты – өз елді мекендері бойынша жаяу экскурсия маршруттарын әзірлеу.  
Ең  алдымен  экскурсия  кезінде  саяхатшыларға  көрсететін  нысандарды 
анықтап  алу  қажет.  Экскурсияның  басталатын  және  аяқталатын  жерлерін, 
жолда  тоқталатын,  көрсететін  нысандарды  белгілеу.  Өз  таңдауыңды  негіздеу, 
яғни:  
* не себепті осы жерден басталуы тиіс;  
* аталған нысандардың көрсетілу себебі (тарихи-мәдени құндылығы т.б);  
*  не  себепті  осы  жерде  аяқталуы  тиіс.  Таңдап  алынған  нысандарды  өту 
тәртібін анықтап алу қажет.  
Елді  мекеннің  картасын/жоспарын  қолдану  арқылы,  маршрут 
нысандарының арасындағы қашықтықты және бағытты анықтау.  
Маршруттың  сызбанұсқасын/жоспарын/картасын  жасау.  Маршрут 
парағында  нысандардың  арасындағы  қашықтық  (масштабқа  сәйкес) 
метр/километр есебімен және бағытының көрсетілуі сақталуы тиіс. Экскурсия 
20 

нысандары  шартты  белгілермен  берілуі  тиіс.  Маршруттың  сипаттамасын 
әзірлеңдер.  
Фирманың  қызметкерлері  өз  маршрутын  әзірлеуі  және  қорғауы  тиіс. 
Жобаның  нәтижесін  әр  қызметкер  өз  бетінше  таңдайды  (презентация, 
буклет т.б.).  
2.
 
Әлемнің  бір  ірі  қаласына  автокөлікпен/поездбен/ұшақпен/кемемен 
саяхат жаса:  
-
 
атлас  карталарынан  қаланың  өз  елді  мекеніңнен  орналасу  бағытын 
анықта;  
-
 
таңдаған қалаға дейінгі арақашықты анықта;  
-
 
жолда қандай географиялық нысандарды аралайтыныңды белгіле;  
-
 
әр  географиялық  нысанға  сипаттама  бер  (тарихи,  географиялық, 
экономикалық, өз таңдауың бойынша);  
-
 
жүрген  жолыңның  графикалық  сызбасын  жаса  (масштабты,  азимутты 
қолданумен);  
-
 
саяхат нәтижесін көрсету (презентация).  
3.  Өз  облысыңның  топографиялық  картасын  пайдалану  арқылы  туристік 
сапар  шек.  Туристік  сапардың  нәтижесінде  елді  мекендерге,  жолдарға, 
өнеркәсіп  нысандарына,  тарихи  ескерткіштерге,  жер  бедеріне,  суына,  өсімдік 
жамылғысына  және  т.б.  сипаттама  берілуі  тиіс.  Елді  мекендердің 
арақашықтығы, бағыты анықталуы тиіс.  
Тапсырма. «Судың қасиеттері».  
Көлдің суы жылуды жұтып қана қоймайды, булану барысында оны ауаның 
неғұрлым  суық  қабаттарына  қайтадан  қайтарады.  Осылайша  жылдың  жылы 
мерзімінде  көл  суды  жылытатын  Күн  жылуын  жинайды,  ал  суық  мерзімде  – 
оны атмосфераға, оған жақын жатқан аумақтардың климатын жұмсарта отырып 
қайтадан береді. Мысалы, Жер шарының ең терең көлі Байкалдың жағалауында 
ауа  температурасы  жазда  төмендейді,  ал  қыста  көршілес  аудандардың 
температурасымен  салыстырғанда  10-15°С-ға  жоғары  болады,  осыған 
байланысты  сібірдің  шұғыл  континентті  климаты  бұл  жерде  жұмсағырақ 
болады. Жазда жылу терең қабаттарға өтпейді, судың 5 метрден 15 метр, кейде 
ғана  25  м.  тереңдік  қабаттарына  өтеді.  Осы  қабаттарда  судың  араласуының 
нәтижесінде біркелкі температура сақталып тұрады.  
Осы  аталған  процестердің  бәрін  сызбанұсқа  немесе  сурет  түрінде 
көрсетіңдер.  
Өз елді мекендеріңе таяу жердегі су қоймасына физикалық-географиялық 
сипаттама беріңдер.  
Өз  елді  мекендеріңе  таяу  жердегі  су  қоймасына  жасаған  сипаттама 
негізіндегі процестерді сызбанұсқа немесе сурет түрінде көрсетіңдер.  
Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «География» пәні 
мұғалімі  Байбуров  Нұржан  Әуелканович  келесідей  жобалық  тапсырмаларды 
ұсынады.  
Тапсырма.  Қазақстан  Алтайының  құрамына  Тарбағатай,  Азутау,  Күршім, 
Оңтүстік  Алтай  таулы  жоталары  кіреді.  Осы  айтылған  жоталардың  ішіндегі 
Күршім  жотасының  шыңдарының  бірі  Дара  тауының  биіктігі  белгісіз.  2014 
21 

жылдың  2  тамызында  ұйымдастырылған  экспедицияның  мәліметі  бойынша 
Дара  тауының  шыңында  атмосфералық  қысым  445  мм/с.б.  көрсетті.  Ал 
шыңның  етегіндегі  Қара-Қаба  ойпатының  1600  м  биіктігінде  атмосфера 
қысымы 615 мм/с.б. көрсетті (1-сурет).  
 
 
 
1-
сурет – Дара тауы  
 
Қара-Қаба ойпатының 1600 м биіктігінде атмосфералық қысым 615 мм/с.б. 
көрсетсе, 445мм.сб. көрсеткен Дара тауының биіктігі қанша ?  
-
 
 
Дара тауының биіктігін есептеңдер.  
-
 
 
Өскемен  қаласынан  Дара  тауына  саяхат  жасаңдар.  Саяхат  жасау 
барысында жолда кездескен табиғат нысандарына сипаттама беріндер.  
Тапсырма.  Күршім  ауданы  Ақжайлау  өзенінің  тұсындағы  Білезік  өзеніне 
СЭС және бетон зауытын салуға қаражат білінді. 2015 жылдың 20 шілдесінде 
болатын тендерге қатысу үшін өз жобаңды ұсын (2-сурет).  
Төмендегі  кестеге  СЭС  және  Бетон  зауытын  салу  барысында  ескерілетін 
жағдайларды жаз, келтірілген себептеріңді дәлелде (8-кесте).  
 
8-
кесте – СЭС және Бетон зауытын салу ережелері  
 
Бетон зауытын салуда ескеріледі  
СЭС салу барысында ескеріледі  

 
 

 
 

 
 

 
 
Әрбір оқушы өз мысалдарын дәлелдеп, қорғаулары тиіс  
22 

 
 
 
2-
сурет – Білезік өзені  
 
Жобаның қорытындысын шығару:  
1. 
Аталған нысандардың салынуының ауданға тиімділігі (1 мысал келтір).  
2. 
Қандай негізгі екі мәселені шешеді?  
3. Қоршаған ортаға әсері (пайдалы және зиянды) (дәлел келтір).  
Тапсырма.  Шығыс  Қазақстан  облысы  Күршім  ауданы  Урунхайка  ауылы 
Оңтүстік  Алтайдың  беткейлеріндегі  сұлу  табиғаттың  арасында  орналасақан 
ауылдың  бірі  болып  табылады.  Ауылдың  шығысында  Сорвенский  белок 
тауымен, ал батысы болса Марқакөл көлімен шектеседі.  
1)  Ауылдың  орналасқан  жеріне  физикалық-географиялық  сипаттама 
беріңдер.  
Аудан орталығынан 280 км қашықтықта орналасқан, ауылға дейін тас жол 
салынбаған.  Ауылдың  маңайында  егіншілік  және  мал  жаятын  шабындық 
жерлер мүлде кездеспейді.  
2) Себебін анықтаңдар, өз ойларыңды дәлелдеңдер.  
3)  Табиғи  мүмкіншілікті  ескере  отырып  шаруашылықтың  дамытуға 
болатын  түріне  мысал  келтіріңдер,  дәлелдеңдер.  Шаруашылықты 
орналастырудың сызбанұсқасын жасаңдар.  
4) Ұсынған шаруашылық түрінің Марқакөл мемлекеттік қорығына зиянды 
әсер етпеу жолдарын ұсыныңдар.  
Сонымен қатар Урынхайка ауылы бойынша келесідей тапсырмалар беруге 
болады:  
1) Урунхайка атауының пайда болу тарихы.  
2) Урунхайканың қызық жерлеріне саяхат (метеостанция, австрия жолы).  
3) Өскеменнен Урунхайкаға саяхат маршруты және т.б.  
Тапсырма. «Ғаламдық жылыну».  
23 

Гамбия  Африканың  батысындағы  тропиктік  белдеуде  орналасқан  шағын 
мемлекеттің бірі. Елдің астанасы Банжул қаласы болса, ал елдің шығысындағы 
Джовара  қаласы  тұрғындарының  көпшілігі  ауыл  шаруашылығымен 
айналысады (3-сурет).  
Джовара  қаласының  бұрынғы  тұрғыны  Елхаджи  күн  көру  үшін  елдің 
астанасы  Банжул  қаласына  келіп,  ақша  табу  жолында  көшеде  аяқ  киім 
тазалаумен айналысты.  
 
 
3-
сурет – Гамбияның картасы  
 
1) 
Джовара қаласы мен ғаламдық жылынудың арасында қандай байланыс 
бар? Байланыстың бар/жоғын дәлелдеу.  
2) 
Елхаджи  Банжул  қаласына  келіп  күн  көру  үшін  аяқ  киім  тазалаумен 
айналысты.  Оның  осы  қалаға  келіп  жұмыс  істеуі  мен  ғаламдық  жылыну 
үрдісінің арасында байланыс бар ма? Байланыстың бар/жоғын дәлелдеу.  
3) 
Берілген  картаны  қолдана  отырып  Банжул  қаласымен  Джовара 
қаласының ара қашықтығын есепте (4-сурет).  
 
 
 
4-
сурет – Банжул және Джовара қалаларының арақашықтығы  
 
4)  Әр  түрлі  ақпарат  көздерін  пайдаланып  Банжул  қаласынан  Джовара 
қаласына  ауызша  саяхат  жасау.  Саяхат  барысында  жолда  кездесетін  табиғат 
нысандарына сипаттама беру.  
Ақмола  облысы  Ерейментау  қаласы  №2  мектеп-лицейінің  «География» 
пәні  мұғалімі  Төленова  Алма  Боташевна  әдеби  сипаттама  негізінде 
шығарманың  картографиясын  жасау  (шығармашылық  жоба)  тапсырмасының 
24 

үлгісін  ұсынады.  Бұл  тапсырмада  жаратылыстану  циклы  пәндерінің  тығыз 
байланысы  көрсетілген,  сонымен  қатар  әдебиетпен,  тарихпен,  биологиямен, 
химиямен, технологиямен байланыстырған.  
Сыныпты  алты  топқа  бөлемін.  Әр  топқа  ертегіден  үзінді  және  ертегі 
бөліміне  байланысты  тапсырма,  сұрақтар  беремін.  Оқушылар  топта 
тапсырманы  талқылайды,  ұсынылған  әдебиеттерден  қажетті  материалдарды 
іздейді. Өз жобаларын жасайды және сыныптың алдында қорғайды.  
 
Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай ертегісі.  
 
1-
топқа  
Осы  арадан  бір-екі  күндік  жерде  тамырын  кессең  қан  шықпайтын,  кеудесін 
тессең, жан шықпайтын Шықбермес Шығайбай деген бір сараң бай тұрады деп 
естиді Алдар Көсе. Ол өзі, басқа, көлденең көк атты түгілі, кұдайы қонағының 
өзіне қара су татырмайды екен.  
Тапсырма.  Алдар  Көсенің  және  Шықбермес  Шығайбайдың  ауылдарына  өзіңе 
ұнаған  атау  бер.  Алдардың  ауылынан  байдың  ауылына  барар  жолдың 
жоспарын  құрастыр  (азимутты,  масштабты,  шартты  белгілерді  пайдаланып, 
жоспарды өз ойларыңнан құрастырыңнан).  
 
2-
топқа  
Татырмай көрсін ол маған! – дейді Алдар Көсе әйгілі сараң туралы әңгімеден 
кейін. – Татырмай көрсін!
 
Аты жоқ Алдар арып-ашып, азып-тозып, екі күндік 
жерді бір апта жүріп, Шықбермес Шығайбайдың аулына да жетеді.  
Тапсырма.  Алдардың  жүрген  жолында  кездескен  нысандарды  сипатта  (өз 
ойларыңнан құрастырған жоспар бойынша).  
 
3-
топқа  
Аты  жоқ  Алдар  арып-ашып,  азып-тозып,  екі  күндік  жерді  бір  апта  жүріп, 
Шықбермес  Шығайбайдың  аулына  да  жетеді.  Кім  келіп,  кім  кетіп  жатқанын 
мүлт  жібермей  бақылап  отыру  үшін  есігін  жолға  қаратып,  киіз  үйін  төбенің 
басына тіккен. Алдар Көсе үйдің сыртымен жағалап, көрінбей келеді. Сараң бай 
үйінің  сыртына  қамыс  төсеп  тастапты.  Аяқ  бассаң,  сықырлап,  хабар  береді. 
Алдар оның бәрін бір-бірлеп жинап, былайырақ шығарып тастады да киіз үйдің 
тесігінен сығалады.  
Тапсырма.  Шықбермес  Шығайбай  ауылының  маңайының  табиғатын  сипатта 
(өз ойларыңнан шығарыңдар жер бедері, өзен-көлдер, орман т.б.). 
 
4-
топқа  
Шығайбайдың өзі шұжық жасап, әйелі құстың жүнін жұлып, күңі үйіткен басты 
тазалап отыр екен.  
– 
Ассалаумағалайкуум! – деп Алдар оқыста кіріп келді. Сала құлаш шұжық та, 
жүні жұлынған жабайы қаз да, үйітілген қой басы да қас пен көздің арасында 
ғайып болды Алдар Көсе түк байқамағансып, төрге озды. Хош келдіңіз, Алдар-
25 

еке! Жоғарылаңыз! Бір ескертіп айтайын: бұл үйде тіске басар, өзек жалғар түк 
жоқ! Өзіміз де аш отырмыз!  
– 
Оқасы  жоқ!  Маған  сіздің  тамағыңыз  емес,  қабағыңыз  қымбат!  Соны 
түсінсеңіз болғаны!  
Тапсырма. Шұжық жасау жолдарын ұсыныңдар.  
Құстың жүнін жұлудың жеңіл, оңтайлы жолдарын әзірлеңдер.  
Құстың жүнін тұрмыста қолдану жолдарын ұсыныңдар (қандай заттар жасауға 
болады).  
 
5-
топқа  
Естігеннің бәрі рас бола бермейді. Көргеніңізді айтыңыз:  
– 
Көргенімді айтсам: келе жатып, жолда бір жыланға жолықтым. Мені көрді де, 
сіздің астыңыздағы шұжықтай шеңбер жасап, оратыла қалды. Мен оны сіздің 
ана күңіңіз басып отырған қой басындай үлкен қара таспен былш еткіздім. Ол 
сонда  сіздің  қызыңыз  етегімен  жауып  отырған  еттің  нанындай  жалпиып  сала 
берді. Егер өтірік айтсам, құдай мені сіздің бәйбішеңіздің бөксесіндегі жабайы 
қаздай жүнімді жұлып, жалаңаштап сойсын!  
Тапсырма. Жыланның түрлері, өмір сүру ортасы, пайдасы мен зияны. Малдың 
басын  қалай  үйітеді  және  малдың  басынан  қандай  тағамдар  дайындауға 
болады?  
 
6-
топқа  
Ашуы  бетіне  шауып,  шиқандай  боп  қызарған  Шықбермес  Шығайбай 
жанбасына  басып  отырған  сала  құлаш  шұжықты  қайнап  жатқан  қазанға 
лақтырып кеп жібереді. Бәйбішесі жүні жұлынған жабайы қазды, күңі қойдың 
үйітілген басын әлгі қазанға қоса лақтырады да бәрі бір ауыздан:  
– 
Қайна қазан бес ай! – деп дауыстайды. Алдар да етігін шешіп:  
– 
Отырайын он ай! – деп жайғаса бастайды.  
Тапсырма. Еттің пайдасы мен зиянын анықта.  
Ет пісіру жолдарын ұсын (ет қанша уақыт піседі).  
 
Әр топ өзінің жобасының нәтижесін плакатта рәсімдеу немесе презентация 
жасау арқылы қорғайды.  
Топтардың  бір-біріне  сұрақ  қоюын  бағалайтынымды  ескертемін.  Сұрақ 
нақты болуы тиіс.  
Зерттеу жұмыстары кез келген пәннен және сабақтың барлық кезеңдерінде 
жүргізілуі мүмкін. Жобалық тапсырма беру кезінде балалардың жас ерекшелігі 
міндетті  түрде  ескірілуі  тиіс,  зерттеу  тәсілі  бастауыш  сыныпта  қарапайым 
тапсырмалар орындау арқылы басталып негізгі орта білім деңгейінде неғұрлым 
тереңдетілуі 
тиіс. 
Жоғары 
сыныптарда 
жобалық 
тапсырмаларға 
шығармашылық тәуелсіздік беріліп нақты жұмыстармен айналысуға мүмкіндік 
беру қажет.  
«Биология»  пәнін  оқу  үдерісінде  зертханалық  және  практикалық 
жұмыстардың  келесі  түрлерін  жүргізу  барысында  жобалық  тапсырмалар 
26 

орындалады:  
– 
биологиялық нысандарды микроскоптың көмегімен зерттеу;  
– 
тірі табиғат денелерінің құрамын зерттеу;  
– 
ағза құрылысын зерттеу;  
– 
тірі нысандарға бақылау жүргізу;  
– 
ағзаның іс-әрекет процесін бақылау және т.б.  
Биология пәні бойынша төменде берілген зертханалық жұмыстарды жұпта 
ұйымдастыруға  болады.  Оқушылар  мұғалім  әзірлеген  нұсқаулықтар  бойынша 
жұмыс  істейді.  Нұсқаулықта  топ  мүшелерінің  (нұсқаулық  екі  қатарға  бөлінуі 
мүмкін,  бірінші  қатарда  сыналатын  оқушының,  екінші  қатарда  зерттеу 
жүргізетін  оқушының)  атқаратын  қызметі  көрсетіледі.  Жұмыстың  орындалу 
барысында олар кестенің өздеріне қатысты жағын толтырып отырады. Берілген 
сұрақтарға  жауап  беру  үшін  оқушылар  оқулық  материалын,  қосымша 
дереккөздерді  оқулары  тиіс  немесе  сабақ  барысында  зерделеулеріне  болады. 
Сабақтың соңында істелген жұмысқа қорытынды жасау қажет.  
Тапсырма. «Ұлпалар және ағзалар».  
Зертханалық жұмыс «Ұлпалардың микроскоптық құрылысын зерделеу».  
Нұсқаулық:  
1.
 
Сәулелі  микроскоптың  көмегімен  әртүрлі  ұлпалар  тобының 
жасушаларын (эпителиалды жасуша және бұлшықет жасушасы) қараңдар.  
2.
 
Жасушалар  құрылымының  ерекшеліктерін,  олардың  қосылуын  және 
жасуша аралық заттардың сипатын анықтаңдар.  
3.
 
Есеп беру формасы:  
А) Әртүрлі ұлпалар тобына жататын жасушалардың суретін салу.  
Б) Сәулелі микроскопта көрінетін органоидтарды белгілеу.  
В) Келесі жоспар бойынша адам организміндегі ұлпаларды сипаттау: ұлпа, 
жасушаларының құрылымы және қосылуының ерекшеліктері.  
Г)  Ұлпа  құрылымының  ерекшеліктері  орындайтын  қызметтерімен  қалай 
байланысатыны туралы қорытынды жасау.  
Тапсырма. «Мидың құрылымы және атқаратын қызметі».  
Зертханалық жұмыс «Мидың әртүрлі бөліктерінің туа біткен рефлекстерін, 
анықтау».  
Сабақтың  басында  проблемалық  сұрақ  қоюға  болады.  Мысалы,  адамның 
миы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ақылды болады деп айтуға бола ма? Бұл 
сұраққа жауап беру үшін, келесі танымдық тапсырмаларды беруге болады:  
– 
Орыс  жазушысы  И.С.Тургеневтің  миының  салмағы  –  2012  грамм, 
француз жазушысы әрі әдеби сыншысы Анатолий Францтың миының салмағы 
– 
1017  грамм,  ал  француз  микробиологы  және  химигі  Луи  Пастер  ауырып, 
қайтыс болғаннан кейін жасалған сараптама, оның алдыңғы миының жартысы 
мүлдем  істемегендігін  көрсеткен.  Өз  ойыңды  айт  және  дәлелде.  Мысалдарға 
ұқсас деректер жинаңдар.  
– 
Аңдардың ішінде пілдің миы ең үлкені, алайда ол ең «ақылды» жануар 
болып саналмайды. Себебі жалпы салмақ пен мидың салмағының арасындағы 
арақатынас  айырмашылығы  маңызды  көрсеткіш.  Пілдің  ақылдылық  деңгейі 
төмен,  дельфиннің  ақылдылығы  жоғары.  Мынадай  суретті  елестетіңдер:  адам 
27 

балық  ұстап  тұр,  дельфин балықты  алу  үшін  секіреді,  ал  адам балықты  алуға 
секірмейді.  Неліктен?  Өз  ойыңды  айт  және  дәлелде.  Оқушылар  жауап  адам 
миының  құрылымында  жатқандығы  туралы  қорытындыға  келулері  тиіс  және 
мидың әртүрлі бөліктерінің қызметін білулері қажет.  
Тапсырма. «Қан және оның құрамы. Қанның жасушалық элементтері».  
Зертханалық жұмыс «Қанның микроскоптық құрылымын зерделеу».  
Аталған  зертханалық  жұмысты  үш  нұсқада  орындауға  болады: 
иллюстративтік,  ішінара-іздеушілік  және  зерттеушілік.  Мұғалім  үш  түрлі 
нұсқаулық  текшекарталар  әзірлейді,  оқушылар  тапсырманы  өз  қалаулары 
бойынша таңдауларына болады.  
1)
 
Иллюстративтік (көрнекілік) зертхана жұмысының нұсқаулығы:  
-
 
адам  және  құрбақа  қанының  микропрепараттарын  қараңдар.  Адамның 
қаны  құрбақаның  қанына  қарағанда  уақыт  бірлігінде  оттегі  көлемін  көп 
өткізетіндігіне дәлел табыңдар;  
-
 
адам 
және 
құрбақа 
қанының 
құрамындағы 
эритроцидтерді 
салыстырыңдар. Қандай белгілер арқылы эритроцидтер бетінің ұлғаюы туралы 
айтуға  болады?  Қандай  белгілер  арқылы  эритроцидтердегі  гемоглобиннің 
салыстырмалы мөлшерінің ұлғаюы туралы айтуға болады?  
-
 
 
қорытынды жазыңдар.  
Адамның  қаны  құрбақаның  қанына  қарағанда  уақыт  бірлігінде  оттегі 
көлемін көп өткізеді, себебі:  
а) эритроцидтер бетінің ұлғаюы салдарынан ...  
б) гемоглобиннің салыстырмалы мөлшерінің ұлғаюы салдарынан ...  
2) Ішінара-іздеушілік зертханалық жұмыстың нұсқаулығы:  

адам және құрбақа қанының микропрепараттарын қараңдар;  

адамның  және  құрбақаның  эритроцидтерін  салыстырыңдар,  салыстыру 
барысында  эритроцидтердің  көлеміне,  өзегінің  (ядроның)  болуы  немесе 
болмауына көңіл аударыңдар;  
-
 
 
қорытынды жазыңдар: қайсысының қаны уақыт бірлігінде оттегі көлемін 
көп өткізеді және неліктен?  
3)
 
Зерттеушілік зертханалық жұмыстың нұсқаулығы:  
-
 
адам  және  құрбақа  қанының  микроскоптық  құрылымын  зерттеңдер, 
олардың эритроцидтерін салыстырыңдар;  
-
 
қайсысының  қаны  уақыт  бірлігінде  оттегі  көлемін  көп  өткізетінін 
дәлелдейтін деректерді табыңдар және қорытынды жасаңдар;  
-
 
қорытынды  жасаңдар:  «оттегін  өткізу  ...  байланысты»  деген  болжамға 
сүйенуге болады (себептерді табу қажет болады).  
Тапсырма. «Тыныстың реттелуі».  
Зертханалық жұмыс «Тыныстың жиілігін анықтау».  
Нұсқаулық текшекарта:  
1)
 
Өзіңнің көкірек қуысыңның қозғалыстарына бақылау жүргіз.  
2)
 
Орындықта  отырған  қалпыңда  және  10  рет  отыру-тұру  жасағаннан 
кейін 1 минут уақыт ішінде қанша тыныс алу қозғалысын жасайтыныңды сана.  
3)
 
Алынған деректердің айырмашылығын түсіндір және қорытынды жаз.  
4)
 
Келесі биологиялық есептерді шығар:  
28 

а) қалыпты тыныс алу жағдайында адам өкпесі арқылы қанша ауа өтеді: 1 
минутта,  1  сағатта,  бір  тәулікте  (демді  ішке  тарту  –  500  мл  ауа,  тыныс  алу 
жиілігі – минутына 18 рет);  
б)  ішке  жұтылатын  ауаның  құрамында  20%  оттегі  болатынын  білеміз. 
Қалыпты тыныс алу жағдайында бір тәулік ішінде адам өкпесі арқылы қанша 
оттегін өткізеді?  
Тапсырма. «Астың ауыз қуысында қорытылуы».  
Зертханалық жұмыс «Сілекейдің крахмалға әсері».  
Жұмыстың басында эксперименттің мақсатын анықтап алу қажет.  
Мақсаты:  сілекей  ферменттерінің  крахмалды  ыдыратындығын  дәлелдеу 
және болжам жасау.  
Жұмысқа  қажетті  құралдармен  танысу:  картоп  крахмалымен 
крахмалданған сулық (қолорамал, кішкентай сүлгі), сіреңке, мақта немесе мақта 
таяқшалар, йодталған су, химиялық стақандар немесе Петри табақшасы.  
Жұмысты  ұйымдастыру  барысында  экспериментті  «егер  болса,  онда  ...  » 
логикалық құрылымын қолдану арқылы жоспарлаймыз.  
«Егер  сілекейдің  ферменттері  крахмалды  ыдырататын  болса,  онда  біз 
сілекейдің әсерінен кейін йодталған су пайдаланылған реакция арқылы крахмал 
таба  алмаймыз.  Яғни  крахмалданған  орамалды  сілекеймен  өңдегеннен  кейін 
оны йод  ерітіндісіне  салатын болсақ,  орамал  көкшіл  түске  айналуы  тиіс.  Осы 
жерде крахмалды су емес, сілекейдің ыдырататынын қалай дәлелдеуге болады? 
Оқушылар сілекейдің орнына суды қолдану арқылы эксперимент өткізеді.  
Эксперимент:  крахмалданған  екі  орамалдың  біреуіне  сілекей  жағу, 
екіншісіне су тигізу. Егер біздің жорамалымыз дұрыс болса орамалда ақ түсті 
сурет пайда болады.  
Тапсырма. «Асқазанда астың қорытылуы».  
«Асқазан сөлінің ақуызға әсері» зертханалық жұмыс нұсқаулығы:  
1)
 
Шыны түтікке 3-4 мл асқазан сөлін (тұз қышқылын) құйыңдар.  
2)
 
Ақуыз үлпектерін қосыңдар.  
3)
 
38-39
о 
температурадағы сулы моншада жарты сағат ұстаңдар.  
4)
 
Қорытынды  жазыңдар:  негіз  ретінде  «егер  асқазанда  ақуыздардың 
аминқышқылына  дейін  ыдырауы  болатын  болса,  онда  асқазан  сөлі 
ферменттерінің әрекеті жағдайын анықтау қажет» болжамын алуға болады.  
Тапсырма. Кәдімгі қарағайды кәдеге жарату.  
Тапсырманың  мақсаты:  кәдімгі  қарағайды  іске  жаратудың  жолдарын 
анықтау  және  сол  тәсілдердің  қоршаған  әлеуметтік  ортаға  таралуына  жағдай 
жасау.  
Зерттеу  барысында  ғылыми-ізденушілік,  математикалық,  салыстырмалы 
талдау жасау, сауалнама жүргізу тәсілдерін қолдануға болады.  
Тапсырма түрлері:  
1)
 
Жаңа жыл мерекесін шыршамен қарсы алу дәстүрі қайда және қашан 
пайда болды?  
2)
 
Қылқан жапырақты ағаштарды кәдеге жарату тәжірибесі (Қазақстанда, 
Ресейде және басқа елдерде).  
3)
 
Кәдімгі қарағайдың биологиялық ерекшеліктері.  
29 

4)
 
Кәдімгі қарағайдың пайдасы (алынатын өнімдер, дәрумендер т.б.).  
5)
 
Кәдімгі қарағайдың медицинада қолданылуы.  
6)
 
Жаңа  жыл  мерекесіне  қолданылған  шыршаларды  кәдеге  жарату 
жолдары.  
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар көптеген әдебиеттерді, ақпарат 
дереккөздерін оқулары тиіс. Қорытынды нәтижеге презентация әзірлейді.  
Тапсырма. «Құстар».  
Құстардың дене пішіні сүйір болып келгендіктен, ұшу барысында олар ауа 
қозғалысының сәл ғана кедергісіне ұшырайды. Құстардың бас сүйегі де әдетте 
сүйір, тұмсықтары үшкір болып келеді. Мамықтар құс қанатының үсті жылтыр 
болуын қамтамасыз ететіндей болып орналасқан. Құйрығы қысқа, қарсылықты 
азайтады  және  ептілікті  ұлғайтады.  Ұшу  барысында  құстың  аяқтары  денесіне 
қысылып тұрады.  
Дене  пішіні  сүйірлілігін  адам  өзінің  қандай  тәжірибесі  саласында 
қолданады? Дене пішіні сүйірлілігін қолдану жобаларын ұсыныңдар.  
Тапсырма. «Семсер-балық».  
Семсер-балық теңіз жүзушілерінің арасында жылдамдығы жағынан рекорд 
қоюшы  болып  саналады.  Оның  жылдамдығы  сағатына  110-140  км-ге  дейін 
жетеді, ал оның семсері кеменің еменді қаптамасын тесіп өте алады. Ал семсер-
балықтың  өзі  бұл  соққыдан  ешқандай  да  зардап  шекпейді.  Өйткені  оның 
басында  семсері  басталатын  жерде  бал  арасының  ұясына  ұқсас  майға  толы 
үлкен  емес  қуыстар  –  гидравликалық  амортизатор  бар  екен.  Міне  солар 
соққыны жеңілдетіп отырады. Семсер-балықтың омыртқаларының арасындағы 
шеміршекті  төсемдер  қалың,  олар  поезд  вагондарының  буферлері  іспетті 
соққыны азайтып отырады.  
Семсер-балықтың  аталған  сапаларын  адамның  өмірлік  тәжірибесінде 
қолдану  жолдардарын  ұсыныңдар.  Дәлелдемелерді  сызбанұсқалар,  суреттер 
арқылы көрсетіңдер.  
Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу кенті №2 орта мектебі биология 
пәнінің мұғалімі Жұмадилова Бақтыгүл Маратқызы «Майонез» тақырыбындағы 
жобалық тапсырманы ұсынады.  
Тапсырма. Біз ұнататын – майонез.  
Қысқаша ақпарат: майонез – өсімдік майы, жұмыртқаның сары уызы, тұз, 
сірке  немесе  лимон  қышқылы,  қант,  қыша  және  т.б.  дәмдеуіштердің 
қоспасынан жасалатын тұздық (соус) түрі. 
 
Сынып  тақтасының  алдында  үстелде  әртүрлі  әдебиеттер,  журналдар 
(уақытты  үнемдеу  мақсатында,  майонез  туралы  ақпарат  бар беттер  стикермен 
белгіленген), майонездің бос қорапшалары.  
Сыныпты бірнеше топқа бөлемін. Әр топқа жеке-жеке тапсырма беремін. 
Оқушылар  жобалық  тапсырманы  орындамас  бұрын,  жұмыс  жоспарын 
құрастырулары  тиіс.  Жұмыстың  нәтижесін  ватман  қағазға  жазылған  нәтиже 
түрінде ұсынады. Әр топтан бір баяндамашы сөйлейді.  
1-
топ. Күнделікті өмірде майонезді қолдан жасауға бола ма? Қолдан жасау 
рецептісін  ұсыныңдар.  Зияны  мен  пайдасы,  сақталу  мерзімі  туралы 
ұмытпаңдар.  
30 

2-
топ. 
Жалпы  орта  білім  беру  мекемелерінің  асханаларында  майонезді 
қолдануға тыйым салынған. Неліктен?  
3-
топ. Майонез – майлылығы жоғары тағам.  
-
 
Майонездің  майлылығы  қандай  тағамдардың  майлылығынан  жоғары 
екенін анықтаңдар.  
-
 
Майлылығын  төмендету  жолдарын  ұсыныңдар  (мүмкін  болса  олардың 
пайдасы мен зияны туралы айта кетіңдер).  
Сонымен биология сабақтарындағы зерттеушілік жұмыстар оқушылардың 
зертханалық  және  практикалық  жұмыстарды  орындау  үдерісі  барысында 
жүзеге асырылуы мүмкін. Кей жұмыстарды балалар мұғалімнің басшылығымен 
сабақтан  тыс  уақытта  да  өткізе  алады,  нәтижесін  сабақта  айтып, 
көрсетуге болады.  
Әр адам туғанынан – зерттеуші, табиғаттан берілген бұл қасиетті дамыту 
және  қолдау  қажет.  сондықтан  да  химиялық  білімнің  практикалық  бағытын 
күнделікті  өмірде  қолдануға  болатын  қолданбалы  аспектісін  ескере  отырып 
жобалық  тапсармалары  бар  зерттеушілік  іс-әрекеттер  арқылы  жүзеге  асыруға 
болады.  Бұл  бағытта  ғылыми-жаратылыстану  пәндері  бойынша  білімдерін 
пайдалануға жағдай жасау қажет.  
Химия  –  жаратылыстану,  физика,  геометрия,  биология,  география, 
математика  пәндері  бойынша  білімді  кіріктіретін  эксперименттік  және 
зерттеушілік ғылым.  
Тапсырма. Қоршаған орта – бұл, ең алдымен заттар әлемі, олардың өзгеруі 
көптеген  табиғат  құбылыстарының  негізін  құрайды.  Оттегінің  ауадағы  масса 
және көлем бойынша пайыздық мөлшері қандай әдістермен анықталады? Жер 
планетасындағы оттегінің қоры қалай толықтырылып отырады?  
1.  Ауада  оттегінің  қалай  пайда  болатынын  зерттеңдер.  Оттегін  алу 
процесіне қандай заттар қатысады? Жаңбыр қалай пайда болады?  
2.  Зертханалық  жағдайда  оттегін  алу  процесін  жобалаңдар  «моделін 
жасаңдар).  
3. 
Өнеркәсіптік  аймақтарда  және  индустриалды  қалаларда  оттегі 
концентрациясын  қалай  көбейтуге  болатынын  зерттеңдер,  зерттеу 
қорытындысын  шығарыңдар  және  оттегі  концентрациясын  көбейту  жолдарын 
ұсыныңдар.  
4. Тұрмыстық қоқыстардан оттегін алу процесінің үлгісін жасаңдар.  
Тапсырма. Жалпы энергия туралы және заттың энергиялық әлеуеті туралы 
айтқанда қандай ойлар пайда болады? Адамдар, жануарлар, өсімдіктер немесе 
табиғат қандай энергия көздеріне ие. Тірі және өлі нысандарды және олардың 
энергиясын (энергетикасын) зерттеңдер.  
1.  Өзіңнің  күнделікті  ішетін  тамағыңның  құрамына  кіретін  азық-
түліктердің азықтық құндылығын және химиялық құрамын зерделе.  
2. Қорытынды шығар, дәлелде.  
Тапсырма.  Біз  әрқашан  асығып  жүреміз,  асығыс  барысында  аяғымыздың 
астына қарамаймыз, онда не бар екеніне назар аудармаймыз ... . Кейде аспанға 
қарап төбемізде қалықтап бара жатқан бұлттар «қандай керемет» дерміз, ал аяқ 
астындағы топырақ туралы: «қандай керемет» демейді екенбіз.  
31 

1. Топырақтың, құмның және балшықтың құрамында қандай заттар бар?  
2. 
Топырақтың құрамын анықтау жолдарын ұсын.  
3. 
Қандай  химиялық  жолдар  арқылы  құмнан  немесе  балшықтан 
компьютерлік чип алуға болады? Өз мысалдарыңды келтір және дәлелде.  
 
Тапсырма. Сірке қышқылы. Ол – түссіз, өзіне тән өткір иісті және қышқыл 
дәмді ғажайып сұйықтық.  
1.  Сірке  қышқылын  күнделікті  тұрмыста  қолдану.  Сипаттама  беру, 
тұрмыста  қайда  қолданылатыны  туралы  ақпарт  және  тұрмыста  қолдану 
бойынша өз ұсынысын жасау.  
2. 
Құрамындағы  судың  мөлшеріне  байланысты  өзгеруі.  Дайын  ақпарат 
жинақтау.  
3. Адамның денсаулығына әсері (пайдасы және зияны). Қорғану жолдарын 
және  сірке  қышқылымен  жұмыс  істегенде  қолдануға  арналған  қауіпсіздік 
ережелерін әзірлеу.  
4. Тұрмыста сірке қышқылы қайда кездеседі?  
Тапсырма. Сен алхимиксің бе, әлде химиксің бе? Бір нақты металды басқа 
металға айналдыра аласың ба? Немесе химиялық заттар қолданбай тиындарды 
бетіндегі ластан тазарта аласың ба?  
1. Тиынды тазалау жолдарын ұсын. Өз ұсынысыңды практикалық жолмен 
дәлелде.  
2. Тәжірибе жаса. Банкаға сіркесу құй, ас тұзын қос. Жақсылап араластыр. 
Әр  түрлі  тиындарды  банкаға  5-10  минутқа  сал.  Қандай  өзгеріс  болды? 
Қорытынды шығар.  
3.  Шегені  ас  содасымен  тазала.  Жақсылап  жу.  Таза  шегені  сіркесу,  тұз 
және  тиындар  бар  банкаға  сал.  15  минут  күте  тұр.  Қандай  өзгеріс  болды? 
Қорытынды шығар.  
4. Сіркесумен жұмыс істеуге арналған қауіпсіздік ережелерін жаз.  
Реферат жазуды да жобалық жұмыстың қатарына қосуға болады, бірақ ол 
үшін  онда  жұмыстың  практикалық  бөлімі  және  нәтижесі  сипатталуы  тиіс. 
Мысалы,  мектептің  жоғары  сыныптарында  реферат  жазуға  «Антропогендік 
факторлар және олардың биосфераға әсері» атты тақырып ұсынуға болады. бұл 
жұмысты орындауға арналған нұсқаулық текшекарталар:  
Тапсырма.  №1  текшекарта.  Тақырыбы  «Автокөліктердің  пайдаланған 
газдарымен ауаның ластануы».  
Мақсаты:  автокөліктердің  пайдаланған  газдарының  атмосфераға  түсетін 
көлемін анықтау.  
Мектепке немесе үйіңе жақын орналасқан автокөлік жолының белгілі бір 
бөлігін таңдап ал.  
1.
 
1 сағат уақыт ішінде автокөлік жолынан жанармаймен жүретін қанша 
жеңіл көлік, жүк машиналары, автобустар өткенін сана (жазып ал).  
2.
 
9-
кестенің  мәліметтерін  пайдалана  отырып,  жолдың  осы  бөлігінде  1 
сағат  уақыт  ішінде  автокөліктердің  пайдаланылған  газдарының  атмосфераға 
түсетін көлемін анықта.  
 
32 

9-
кесте  –  Бір  автокөліктің  тәулік  ішінде  (граммен  өлшегенде)  атмосфераға 
шығаратын зиянды заттарының көлемі  
 
Химиялық қосылыстар  
Жүк көліктері  
Жеңіл көліктер  
Автобустар  
СО 
502,2 
225,8 
227,9 
NO

70,4 
43,8 
17,7 
С 
19,3 

3,0 
SO

4,5 

0,7 
Рb 
0,2 
0,27 
0,08 
 
3.
 
Қорытынды жаса.  
Тапсырма.  №2  текшекарта.  Тақырыбы  «Саяжай  үлескісі  топырағының 
жағдайына сараптама».  
Мақсаты: топырақтың қышқылдылығын анықтауды үйрену.  
Қажетті құралдар: екі шыны түтікше, индикаторлы қағаз, калий хлориді.  
Тапсырма:  
1.  Өзіңнің  үйіңнің  жанындағы  бақшадан  немесе  саяжай  үлескісінен  2-3 
грамм топырақ ал. Топырақты шыны түтікшеге сал және 10 мл калий хлориді 
ерітіндісін  қосу  арқылы,  топырақ  сүзіндісін  әзірле.  Түтікше  ішіндегі  қоспа 
тұнғаннан кейін индикаторлы қағаздың жолағын алып, топырақ сүзіндісіне сал. 
2  секундтан  кейін  индикаторлы  қағазды  ал,  оның  түсін  рН  шкаласындағы 
эталонмен салыстыр (10-кесте). Топырақтың типін анықта.  
 
10-
кесте – Топырақтың қышқылдылығын анықтауға арналған шкала  
 
Жоғары 
қышқылдылық  
Орташа 
қышқылдылық  
Әлсіз 
қышқылдылық  
Бейтарап орта  
Сілтілі орта  
рН 1-2 
рН 3-4 
рН 5-6 
рН 7 
рН 8 
 
2. 
Өз  саяжайыңдағы  топыраққа  ізбестас  пен  күл  қосу  арқылы  топырақты 
ізбескелеудің қажеттігі туралы қорытынды шығар.  
3. 
Саяжайда  өсімдіктерді  өсіру  барысында  ата-анаң  тыңайтқыштар  мен 
улы  химикаттарды  қолдана  ма  екенін  анықта.  Химикаттарды  қолданудың 
қандай ережелерін білесің?  
Тапсырма.  №3  текшекарта.  Тақырыбы  «Көшеттік  (парниктік)  әсердің 
нәтижесін анықтау».  
Мақсаты: көшеттік (парниктік) әсерді көрсететін үлгі жасау.  
Қажетті  құралдар:  қақпағы  бар  мөлдір  ыдыс  (шыны  ыдыс),  термометр, 
пластмасс қасық, электр шамы, су, топырақ.  
Тапсырма:  
1.
 
 
Мөлдір ыдыс, пластмасс қорап немесе шыны ыдыс алыңдар және оның 
түбіне  қара  түсті,  2-3  см  қалыңдықта  топырақ  салыңдар.  Топырақты 
суландырыңдар.  Ыдыстың  ішіне  термометрді  тігінен  қойыңдар.  Ыдысты 
қақпақпен  немесе  шынымен  жабыңдар  және  20-30  см  биіктікте  шам 
орнатыңдар.  
2.
 
 
Шамды  жақпай  тұрып  ыдыстың  ішіндегі  температура  көрсеткішін 
33 

жазып  алыңдар.  Қақпақты  ыдыстың  үстінде  қалдырып,  шамды  қосыңдар.  20 
минут көлемінде, әр минут сайын температура көрсеткішін жазып отырыңдар. 
Неліктен  температура  жоғарылайды?  Бұл  үдерісті  Жердегі  парниктік  әсермен 
салыстырыңдар.  
3.
 
 
Біздің  планетамыздағы  орташа  температураның  жоғарылауы 
материктердің  сыртқы  бейнесіне  қалай  әсер  етуі  мүмкін?  «Парниктік  әсері» 
проблемасын шешудің мүмкін жолдарын ұсыныңдар.  
Пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыруға  арналған  кіріктірілген 
тапсырмалар.  
Тапсырма.  Күнбағыс,  мақта,  жүгері  және  зәйтүн  майларын  тұрмыста 
сұйық  май  деп  атайды.  Сұйық  майды  күнделікті  өмірде  ас  әзірлеуде  жиі 
қолданады. Сұйық майлар тазартылған және тазартылмаған болып бөлінеді [7].  
1) 
Тағам әзірлеуде қандай май қолданған дұрыс деп ойлайсың? Өз ойыңды 
дәлелде.  
2)  Сұйық  май  сақталған  ыдыстың  түбінде  сарықошқыл  тұнба  түзілетінін 
байқаған  боларсың.  Кейбіреулер  көбінесе  бұл  тұнбаны  майдан  айырып  алып, 
төгіп тастап жатады. Сенің ойыңша, бұл дұрыс па? Өз ойыңды дәлелде.  
3) 
Сұйық май ыдысының түбіне жиналған тұнбаның биологиялық маңызы 
қандай? Өз ойыңды дәлелде.  
4) 
Сұйық майдың құрамында судың барын қалай анықтауғаболады?  
Тапсырма. «Сары май».  
Сары  май  –  сиыр,  ешкі,  қой  сүтінен  қаймақ,  қаймақты  былғау  немесе 
күбіде пісу арқылы алынатын майлы, құнарлы тағам. Сары майдың тағам өнімі 
ретінде қаншалықты жоғары бағаланатынын жақсы білесіңдер [7].  
1)
 
Түрлі ақпарат көздерінен сары май әзірлеу туралы деректер жинаңдар. 
Сары май әзірлеу технологиясын ұсыныңдар.  
2)
 
Сары майды тағамдық, дәмдік қасиеттерін жоғалтпай ұзақ уақыт сақтау 
жолдарын ұсыныңдар. Өз ойларыңды тұжырымдаңдар.  
3)
 
Сары майдың құрамын анықтау үшін эксперименттер жасаңдар.  
4) 
Сары  майды  күнделікті  өмірде  нанға  жағып  бутерброд  әзірлеу  үшін 
қолданады, сонымен қатар кейбір тағамдардың дәмін келтіру немесе жеңілдету 
(жұмсарту)  үшін  де  қолданады.  Сары  майды  қандай  азық-түліктердің  дәмін 
жеңілдету  (жұмсарту)  үшін  қолданады?  Нақты  дәлел  келтіріңдер  және 
ойларыңды тұжырымдаңдар.  
5) 
Кейбір  ыстық  тағамдардың  дәмдік  қасиетін  жақсарту  үшін  де  сары 
майды  қолданады.  Сары  майды  қандай  ыстық  тағамдарға  қосуға  болады? 
Нақты мысалдар келтіріңдер және өз рецептеріңді ұсыныңдар.  
6) 
Сары  майдың  пайдалы  қасиеттері  мен  зияны  туралы  ақпарт  жинаңдар 
және қорытынды шығарыңдар.  
7)  11-
кестеде  майлардың  кейбір  түрлері  және  олардың  майлылығы  % 
есебімен  берілген.  Кестені  толықтырыңдар  (кестені  толықтыру  үшін  дүкенде 
сатылатын майлардың қаптамаларын да қолдануға болады).  
Холестерин көбейіп кетпеу үшін майдың қай түрін пайдаланған дұрыс деп 
ойлайсыңдар?  Кестеде  «ия»  жауабын  «+»,  «жоқ»  жауабын  «–»  белгісімен 
белгілеңдер. Кестені толықтырыңдар және өз жауаптарыңды дәлелдеңдер.  
34 

11-
кесте – Майдың түрлері  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет