Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата03.03.2017
өлшемі2,27 Mb.
#5566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№ 
Майдың атауы  
Майлылығы  
Ия  
Жоқ  

«Крестьяндық»  
72,5 % 
 
 

Вологод майы  
82 % 
 
 

 
 
 
 

 
 
 
 

 
 
 
 
 
8)  Сары  майдың  құрамындағы  дәрумендер  және  олардың  адам  ағзасына 
тигізетін пайдалы және зиянды әсері туралы ақпарат жинаңдар. Сары маймен 
емдеудің жолдарын ұсыныңдар.  
9) 
Үй жағдайында сары майды алу жолдары.  
Үй жағдайында сиыр сүтінен сары май алудың жолын ойластырыңдар.  
Мысалы:  
1.
 
Сиырдың желінін жақсылап жуу керек.  
2.
 
Сиырды сауу арқылы сүт аламыз.  
Сүтті сүзгіден өткіземіз. Әрі қарай жалғастырыңдар ...  
Тапсырма.  Күнделікті  тұрмыста  ас  содасы  ұннан  жасалатын  тағамдарды 
әзірлеуде, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ тазалағыш құрал ретінде қолданылады.  
Аспаз  кейбір  кезде  біраз  тұрып  қалған  сүтке  аздаған  ас  содасын  қосады. 
Аспаз не үшін бұлай істейді? Тәжірибе өткізіп, жауаптарыңды тұжырымдаңдар.  
Тапсырма.  Көп  тұрып  қалған  сүттің  (ашыған,  ұйыған  сүттің)  қоршаған 
ортаға қандай зияны бар? Тәжірибе өткізіп, жауаптарыңды тұжырымдаңдар.  
Тапсырма. Сірке қышқылын сұйылту жолдары? [7].  
1) Кулинарияда жеміс-жидектік және хош иісті сірке қышқылының түрлі 
сұрыптарын  қолдануға  кеңес  беріледі.  Кей  кезде  тағамдар  дайындауда  сірке 
эссенциясы  қолданылады.  Үй  жағдайында  сірке  қышқылын  сұйылту  туралы 
ақпарат жинаңдар.  
2)  Тәжірибе  (мұғалімнің  басшылығымен).  Сірке  қышқылын  сұйылтудың 
математикалық әдісі: 70%-дық
 
сірке қышқылы бар, ал бізге одан 6%-дық сірке 
қышқылын  алу  қажет.  Сірке  қышқылының  1  бөлігін  (мысалы,  1  шай  қасық) 
аламыз  және  оған  10,5  бөлік  (шай  қасық)  су  қосамыз.  Сөйтіп  6%-дық  сірке 
қышқылын аламыз.  
3) 
Бастапқы  концентрациясы  80%-дық  және  70%-дық  сірке  қышқылы 
эссенциясын  3%-дық,  5%-дық,  6%-дық  ерітіндіге  дейін  сұйылту  қажет. 
Шешімін есептеп, төмендегі 12-кестені толтырыңдар.  
 
12-
кесте – Сірке қышқылы эссенциясын сұйылту  
 
Қажетті 
концентрация  
Бастапқы концентрациясы 80  Бастапқы концентрациясы 70 
3% 
 
 
5% 
 
 
6% 
 
 
 
35 

Білім  берудің  заман  талабына  сай  нәтижелері:  ең  алдымен  оқу  және 
әлеуметтік  дербестік;  проблемаларды  шешудегі,  шешім  қабылдаудағы 
құзыреттілік;  жауапкершілік  және  т.б.  мектеп  оқушыларының  жобалық  іс-
әрекеттері  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Сондықтан  мұғалім  әр  сабақты 
қайталанбайтын біртума шығарма ретінде дайындауы тиіс.  
Физика әлемі шексіз. Бізді қоршаған ортада да, тіпті біздің ішімізде де әр 
түрлі  физикалық  үдерістер  жүріп  жатады.  Физика  –  материалдық  әлемнің 
заңдылықтарын  зерттеудің  қиын  жолымен  келе  жатқан  ғылым.  Зерттеу 
дегеніміз  –  ғылымға  немесе  тәжірибеге  белгісіз  нәрсені  іздеу.  Белгісізді  іздеу 
үшін проблема қою, оны шешудің жолдарын іздеу, жаңа білім іздеу. Кез келген 
ғылыми  проблеманың  негізінде  білу  және  білмеудің  арасындағы  қарама-
қайшылық  болады.  сол  себепті  оқушыларды  зерттеушілік  іс-әрекетіне 
біртіндеп, ғылыми іздену жолдарының әр қадамын ойластыра отырып игеруге 
дайындау қажет.  
Тапсырма.  Жылу  өткізгіштіктің  анықтамаларын  оқыңдар,  бұл 
анықтамалардың  қайсылары  көзге  көрінетінін  және  қайсылары  ойдан 
шығарылғанын  көрсетіңдер.  Бұл  анықтамалардың  бір-бірінен  айырмашылығы 
неде?  
Материалдардың жылу өткізу қабілетін – жылу өткізгіштік дегейміз.  
Жылу өткізу – материалдарды бір-бірінен бөліп тұратын беткі қабаттардың 
арасындағы температура ауытқуының салдарынан болатын үдеріс.  
Жылу  өткізгіштік  –  бұл  заттың  жылу  энергиясын  тасымалдау  қабілеті, 
сонымен қатар осы қабілеттің сандық бағасы.  
Жылу  өткізгіштік  –  бұл  молекулалардың  жылулық  қозғалысының 
нәтижесінде  материалдың  бір  бөлігінен  екінші  бөлігіне  жылу  беру  қабілеті. 
Материалдағы  жылу  беру  кондукция  (материал  бөлшектерінің  түйісуі 
нәтижесінде),  конвекция  (ауаның  немесе  материал  қуыстарындағы  басқа  да 
газдың қозғалысы) немесе сәуле шығару арқылы жүзеге асырылады.  
Тапсырма. Сапалық есептерді шығарыңдар.  
1.  Жазда  үйдегі  ауа  әр  түрлі  жолдармен  жылынады,  мысалы:  қабырға 
арқылы,  жылы  ауа  кіретін  ашық  тұрған  терезе  арқылы,  терезенің  шынысы 
арқылы. Әр мысал жағдайында жылу берудің қандай түрімен кездесіп тұрмыз?  
2.  Неліктен  жазды  күні  ағаштан  салынған  үйлерге  қарағанда  тастан 
салынған үйлерде суығырақ?  
3.  Неліктен  терезе  әйнегінің  төменгі  жағында  жоғары  жағына  қарағанда 
бұрын қата (қыраулана) бастайды?  
4. Үйлерді өңдеу барысында қабырғадағы тесіктерді борпылдақ құрылым 
жасап қататын көбікпен толтырудың себебі неде?  
Мысал.  Төмендегі  суретте  көрсетілгендей,  жолдың  ортасына  қысылған 
серіппемен жабдықталған, бір-біріне тіркелеген екі арба қойыңдар. Содан соң 
серіппе  босайтындай  етіп,  сызғыштың  көмегімен  қатты  соғыңдар.  Бұндай 
кенеттен берілген «жарылыс» соққының әсерінен арбалар ажырап кетеді [8].  
Белгілі  бір  уақыт  аралығында  олардың  өткен  жолын  өлшеу  арқылы, 
олардың 
t
s
1
1
=
υ
 
және 
.
2
2
t
s
=
υ
 
өзара  әрекеттесуі  процесінде  алған 
36 

жылдамдығын анықтаймыз. Бұдан соң эксперименттік қателік шегінде:  
денелердің «жарылысқа» дейінгі импульсын = 0 + т
2
 • 0 = 0;  
денелердің «жарылыстан» кейінгі импульсын = т
1
 (-
υ
1
) + 
т
2
 (
υ
2
);  
одан 
1
υ
1
 + 
т
2
υ

=0 
или т
1
υ
1
 = 
т
2
 
υ

.
табамыз.  
 
 
Тапсырма.  Берілген  мысалдан  алынған  білім  өмірлік  тәжірибеде  қайда 
қолданылады? Нақты мысалдар келтіріңдер және көрсетіңдер.  
Мысал.  Ең  алғашқы  дыбыстан  ұшқыр  жолаушы  ұшақтары  (ағылшын-
француз  «Конкорды»  және  кеңестік  ТУ-144)  ХХ  ғасырдың  70-жылдарында 
құрастырылған,  бірақ  көп  ұзамай  әр  түрлі  себептермен  оларды  қолданудан 
алып  тастаған  болатын.  Алайда  90-жылдардың  ортасында  олар  қайтадан 
эксперименттік  ұшулар  жасайтын  болды.  1995  жылы  жарнамалық  мақсатта 
«Конкорд»  Нью-Йорк  –  Нью-Йорк  маршрутында  жер  шарын  айналып  ұшып 
өтті.  Ұшу  барысында  жерге  алты  рет  қонды  және  40717  км  қашықтықты 
қамтыды. Бұл ұшудың уақыт ұзақтығы 31 сағат 27 минут 40 секундты құрады. 
«Конкорд»  Лондоннан  Нью-Йоркқа  дейінгі  аралықты  3  сағат  40  минутта 
ұшып өтті.  
Ресейде  2300—2500  км/сағ.  крейсерлік  жылдамдықпен  ұшатын  ТУ-244 
ұшағы құрастырылуда.  
Тапсырма.  Берілген  деректерге  сүйене  отырып  жобалық  тапсырма 
құрастырыңдар және оның шешімін табыңдар.  
Мысал. Поезд жылдамдығының әлемдік рекорды Францияның еншісінде. 
Мұнда  1955  жылы  поезд  жылдамдығы  сағатына  331  км,  1981  жылы  –  380 
км/сағ.,  80-ші  жылдардың  аяғында  515  км/сағ.  жетті.  Бұл  көрсеткіштер 
рекордтық болып саналады. Экспресс поездар жылдамдықты сағатына 200-300 
км-ге  дейін  өрбіте  алады.  Париж  –  Бордо  бағытында  жүретін  әлемдегі  ең 
жүрдек  поезд  ғана  жолаушыларды  сағатына  350  км.  жылдамдықпен 
тасымалдайды [8].  
Тапсырма.  Ендік  бойымен  трансеуразиялық  темір  жол  магистралін  салу 
мүмкін  бе?  Маршруттары  көрсетілген  магистральдың  бірнеше  нұсқасын 
жасаңдар. 
Олардың 
техникалық 
және 
экономикалық
 
деректерін 
салыстырыңдар. Өз негіздемелеріңді беріңдер.  
Тапсырма. «Бұлан – жүк тасушы».  
Бұлан  –  бұғылар  тұқымдасына  жататын  ең  ірі  сүтқоректі,  жұптұяқты 
жануар. Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста 
қара  қоңыр,  жазда  қоңырқай,  басы,  аяғы  ақшылдау.  Аталықтарында  үлкен 
күрек  тәрізді  мүйіздері  болады,  аналықтарында  мүйіз  болмайды.  Жазда 
37 

шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталармен қоректенеді.  
Бұланды  жүк  тасуға  қолдануға  болар  еді.  Себебі ол  өтуге  қиын  орманды 
және батпақты жерлерден жүре алады. Сонымен қатар бұландар 80-120 кг-ға, 
ал шанаға жеккен кезде 500 кг-ға дейінгі жүкті көтере және тарта алады.  

Бұланды шаруашылықта қолдану жолдарын ұсыныңдар.  

Егер  шананың  мұзбен  үйкеліс  күші  0,002-ге  тең  болатын  болса,  онда 
жегілген шанаға әсер етуші үйкеліс күшін анықтаңдар.  

Шана  бірқалыпты  қозғалыста  болған,  бірқалыпты  қозғалыс  1  м/с
2
 
үдеп 
отырған жағдайды қарастырыңдар. Қорытынды шығарыңдар.  

Үйкеліс күшін азайту бойынша ұсыныстар жасаңдар.  
Тапсырма.  Шалынып  қалған  және  сырғанап  кеткен  жағдайларда  адам 
қалай құлайды? Графикалық сызбанұсқалар әзірлеңдер. Қауіпсіздік мақсатында 
мектеп  оқушыларына  арналған  көктайғақ  кезінде  жолда  жүру  ережелерін 
әзірлеңдер.  
Мысал.  Көптеген  суда  жүзушілердің  әр  түрлі  бағыттарда  қозғалу 
барысында  қарсыласу  күші  өзгеруі  байқалады.  Осылайша,  үйректер  немесе 
қаздардың  аяқтарындағы  жүзу  торсылдақтары  ескек  есебінде  қолданылады. 
Аяқтарының  артқа  қарайғы  қозғалысы  барысында  үйрек  жүзу 
торсылдақтарымен  суды  еседі,  ал  алға  қарай  қозғалу  барысында  үйрек 
бақайларын  қозғалтады  –  қарсыласу  күші  азаяды,  осының  нәтижесінде  үйрек 
алға қарай қозғалады.  
Тапсырма.  Күнделікті  өмірде  қарсыласу  күшін  көбейту  және  керісінше 
азайту  қажет  жағдайлардан  мысал  келтіріңдер.  Оларды  графикалық 
сызбанұсқалармен көрсетіңдер. Өз ойларыңды дәлелдеңдер.  
Мысал.  Поляр  шеңбері  аймағының  құрылысшылары  құрылыс  материалы 
ретінде  кейде  мұзбетонды  қолданады.  Малта  тас  қосып  қатырылған  мұзды 
осылайша  атайды.  Мұзбетон  өте  мықты  болады,  онымен  жұмыс  істеу 
барысында тіпті экскаваторлардың болат тістері де сынады. Мұзбетонның тағы 
бір түрі – ағаш ұнтақтары қосылумен қатырылған мұз немесе мұзқыртыс. Бұл 
материал  50  кг/см

дейінгі  қысымды  көтере  алады  және  оны  Поляр  шеңбері 
өзендерінде  көпір  салу  барысында  цементті  ауыстырушы  ретінде  қолдануға 
болады. 
 
Тапсырма.  К
өлемі
 
2  см

болатын  м
ұзқыртысты  бұзу  үшін  қанша  күш 
жұмсау қажеттігін анықтаңдар.
 
Мұздан дайындалған осы материалдарды бұзу 
қаупі  бар  жағдайларды  анықтаңдар.  Ондай  қауіп  қай  кезде  болуы  мүмкін? 
Есептеулер жасаңдар және дәлелдер келтіріңдер.  
Мысал.  Қыс  мезгілінде  тайгада  жүру  өте  қиын,  бұл  мезгілде  қар 
жамылғысы  қалың  және  адам  салмағын  көтере  алмайды.  Қалың  қар  басып 
қалған жерлерді жалпақ табанға ұқсас жасалған сырғанап адымдауға ыңғайлы 
шаңғысыз өту мүмкін емес. Бұндай шаңғылардың ені 30 см-ден кем болмауы 
тиіс, ал ұзындығы 140-145 см. немесе одан да қысқа болуы мүмкін.  
Тапсырма. Осындай шаңғы киген, салмағы 70 кг адам қарға қандай қысым 
түсіреді? Есептеу жолдарын ұсын және дәлелде.  
Мысал.  Жедел  кино  түсіруден  көргендей,  орман  тоқылдағы  емші 
жәндіктер  іздегенде  немесе  ұяға  қуыс  дайындағанда,  оның  тұмсығы  7  м/с 
38 

жылдамдықпен соққылау арқылы ағашты тесе алады. Тұмсықпен соққылаудың 
толық циклі барлығы 0,001 секундке созылады. Бұл арада зор күш түседі, бірақ 
құстың  миы  ешқашан  да  зақымданбайды.  Мұның  құпиясы  тоқылдақтың  басы 
бір  жазықтықта,  ешқандай  бүйірге  ығысусыз  тек  алға  және  артқа  ғана 
қозғалуында.  
Мысал. Соққылаған кезде тоқылдақтың басына шамадан тыс түсетін күшті 
анықтаңдар.  Үдерісті  сызбанұсқа  түрінде  бейнелеңдер.  Бұл  ақпараттың  адам 
үшін  тәжірибелік  мәні  бар  ма?  Бар  болса  қандай,  мысал  келтіріңдер, 
дәлелдеңдер.  
Мысал. Африка түйеқұсының орташа жұмыртқасының ұзындығы 15-20 см, 
көлемі  бойынша  шамамен  тауықтың  жұмыртқасының  екі  дюжинасына  тең 
(дюжина  –  біртекті  заттарды  данамен  санау  түрі,  12  данаға  тең  келеді)  және 
салмағы  16-18  Н.  Мұндай  жұмыртқаны  пісіру  үшін  40  минут  қажет.  Бірақ  ең 
қиыны – оны аршу, себебі қабығының қалыңдығы 1,5 см. ол 127 кг салмаққа 
төзеді.  
Тапсырма.  Берілген  деректер  бойынша  түйеқұс  пен  тауықтың  бір 
жұмыртқасының  салмағын  анықтау  әдістемесін  жасаңдар.  Шыққан 
мәліметтерді  салыстырыңдар.  Адамның  тәжірибелік  іс-әрекетінің  қандай 
түрінде ұқсас есептеулер қажет болады.  
Мысал. Сысой қоңырауы әлемдегі ең үлкен қоңырау, ол Ярослав облысы 
Ұлы  Ростов  күмбезді  мұнарасында  орналасқан.  Қоңырауды  1688  жылы 
орыстың шебері Фрол Терентьев құйып жасаған. Оның салмағы 32 тоннаға тең. 
Немістің  Кёльн  қаласында  1923  жылы  құйылған,  салмағы  24  тонна  Петр 
қоңырауы бар.  
Тапсырма. Осы қоңырауларды күмбезді мұнараларға қалай көтерген? Бұл 
рәсімнің  мүмкін  болатын  жобасын  жасаңдар.  Сысой  қоңырауына  әсер  ететін 
ауырлық күшін анықтаңдар. Арқанға іліп қойылған осы алыптың салмағы неге 
тең?  
Мысал.  Біздің  Жеріміз  элипсоид  екені  белгілі.  Солтүстік  полюсте  жерге 
еркін түсу жеделдігі 983 см/с
2
 
тең, ал экваторда – 978 см/с
2
.  
 
1-
тапсырма. Осы деректер бойынша Жердің экватордағы және Солтүстік 
полюстегі радиусын анықтаңдар.  
2-
тапсырма.  Осы  ендіктердегі,  бірінші  жағдайда  Жердің  өз  осінен 
айналатындығын ескеріп, ал екіншісінде – бұл айналымды ескерусіз, адамның 
салмағын анықтаңдар.  
Мысал. Гизадағы әйгілі пирамидалар, әрқайсысының салмағы екі тоннадан 
артық үлкен тас блоктардан салынған. Бұл тас кесектерді шың құздардан шағып 
алып, құрылыс орнына жіберген. Тасты шағып алу үшін шың құзда тесік жасап, 
оларға ағаш қазықтар қағылған. Бұл қазықтарға ұзақ уақыт бойы су құйылған, 
олар ісініп құздарда жарықтар пайда болған, сонан соң оларды тас балталармен 
тас  кесек  шағылып  түскенше  ұлғайтқан.  Тас  кесекті  мұқият  тегістеуге  тура 
келген. Дайын түрлерін төселген төсеніштер көмегімен жоғарыға көтеріп тасты 
тастың  үстіне  қалаған.  Блоктарды  тіпті  араларынан  су  да  өте  алмайтындай, 
тығыз  қалаған.  Үстінен  басқан  үлкен  салмақ  (мысалы,  Хеопс  пирамидасы 
39 

биіктігі  шамамен  147  метр)  барлық  құрылымды  іс  жүзінде  мызғымас  берік 
қылды [8].  
Тапсырма.  Пирамиданы  салушылардың  әрекеттерінің  мүмкін  жобасын 
жасаңдар. Қадам бойынша сызбанұсқа жасаңдар. Салмағы 10 т, табаны 2x4 м
2
 
мөлшердегі формасы параллелипед тәрізді бір кесектің қысымын анықтаңдар. 
Сонымен  жобалық  тапсырмаларды  орындау  арқылы  оқушылар  өз  іс-
әрекеттерін  жоспарлауды,  проблема  қоюды,  проблеманы  шешу  жолдарын 
іздеуді, шешім қабылдауды, нәтижені анықтауды, өз беттерінше жұмыс істеуді 
және  т.б.  үйренеді.  Жұмыстың  нәтижесін  кесте,  бейне-ролик,  презентация, 
сурет,  шығарма,  реферат  түрінде  көрсетуге  машықтанады.  Жобалық 
тапсырмалармен жұмыс істеу оқушылардан ізденуді, шығармашылықты талап 
етеді.  
 
 
 
 
 
40 


Жобалық тапсырмалар қарастырылатын сабақтардың үлгілері  
 
Білім  берудің  мақсаттары  мен  мазмұны  өзгеруде,  оқытудың  жаңа 
құралдары  мен  технологиялары  пайда  болуда,  осыған  қарамастан  сабақ  оқу 
үрдісін ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қала береді.  
Сабақ  –  оқу  процесінің  шешуші  буыны,  сондықтан  оқушылардың  пән 
бойынша  алған  білімдерінің  сапасы  да  ең  алдымен  әр  сабақтың  ғылыми-
әдістемелік  дәрежесіне  және  жалпы  алғанда  сабақтардың  бүкіл  жүйесіне 
байланысты. Оқу бағдарламаларымен және тұрақты сабақ кестесімен оқытуды 
ұйымдастыру формасы болып табылатын сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық 
компоненттері  –  мақсаты,  мазмұны,  құралдары,  әдістері,  тәсілдері, 
ұйымдастыру  мен  басқару  қызметтері  және  оның  барлық  дидактикалық 
элементтері қарастырылады. Ал оқу қызметі – адамның оқу міндеттерін шешу 
үдерісінде  теориялық  білімдері  мен  тәжірибелік  білігін  игеруіне  бағытталған 
негізгі қызмет түрлерінің бірі [8].  
Қазіргі  заманғы  сабақ  –  ол,  ең  алдымен  мұғалім  оқушының  тұлғалық 
дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне, оның 
бойында  адамгершілік  негіздерін  қалыптастыруды  шебер  қолданылатын  оқу 
үрдісінің бір түрі. Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір мөлшердегі 
білімді  меңгеруімен  шектелмей,  тұлғаның  жалпы  дамуымен,  оның  танымдық 
және  жасампаздық  қабілеттерінің  қалыптасуымен  байланысты  болуы  тиіс. 
Қазіргі  сабақ  баланың  ересектік  өмірге  белсенді  кіруіне  жағдай  жасайтын, 
қоғамның  заманауи  талаптарына  сәйкес  қасиеттердің  дамуын  қамтамасыз 
ететіндей болуы қажет [8].  
Білім  берудің  жаңа  парадигмасы  бүгінгі  күннің  сабағына  өзінің  әсерін 
тигізуде,  инновациялық  педагогикалық  және  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану білім берудің жаңа мазмұнын енгізуді талап етуде.  
Қазіргі  сабақтың бірінші  моделі деп  сыныптағы  дәстүрлі сабақты айтуға 
болады,  ол  мектеп  тәжірибесінде  жылдар  бойы  тиімді  іске  асып  келеді.  Бұл 
модельде өзіне тән ұғымдық аппарат, мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының 
мәдениеті  қалыптасқан,  сондай-ақ  сабақтың үштұғырлы  мақсаты  мен жоспар-
конспектісі, оқытудың түрлері және әдістері мен тәсілдері, сабақ түрлері және 
басқа терминдер қолданылады. Сонымен қатар дәстүрлі сабақ әрқашан қазіргі 
заманауи  сабақты  өткізудің  және  ұйымдастырудың  негізін  қалаушысы 
болатынын  атап  кеткен  жөн.  Сабақ  өзгеріске  ұшырағанымен,  оның  негізінде 
классикалық педагогика мен әдістеме қалады.  
Қазіргі  сабақтың  екінші  моделі  білім  беруді  технологияландырылуымен 
байланысты.  Педагогикалық  технологиялар  білім  беру  саласына  өткен 
ғасырдың  90-шы  жылдарында  келе  бастады  және  оларға  тән  ұғымдарын 
(тақырыптық  және  күнделікті  сабақ  жоспарының  технологиялық  картасы, 
технологиялық  тәсілдер,  технологияның  кезеңдері,  кезеңдердің  міндеті) 
құрастыруға  мүмкіндік  берді.  Бұл  модельдің  пайда  болуының  нәтижесінде 
мектеп  оқушыларын  оқытудың  әдіс-тәсілдері  өзгерді,  олардың  белсенділігі 
және ең бастысы өзара байланысы артты.  
Қазіргі заман талабына сай білім беру саласын жетілдірудің өзекті мәселесі 
41 

ретінде  оқушының  құзыреттілігін  қалыптастыруға  негізделген  сабақты,  яғни 
сабақтың үшінші моделі туралы айту қажеттілігі туындады. Бұл дидактикалық 
модельдің  өзіне  тән  жобалау  мәдениеті  мен  ұғымдары  (негізгі  және  базалық 
құзыретіліктер,  баланың  тәжірибесі,  өмірлік  әртүрлі  жағдаяттарда  шешім 
қабылдай  білуі,  психологиялық-педагогикалық  жағдайлар  және  тағы 
басқалар) бар.  
Сонымен,  қазіргі  сабақ  –  бұл  тану,  ашу,  іс-әрекет,  қарама-қайшылықтар, 
даму,  өсу,  білімге  апаратын  саты,  өзін-өзі  тану,  жетілдіру,  қызығушылық, 
таңдау,  кәсіпкершілік,  алға  бастау,  сенімділік,  қажеттілік  сабағы  және  қазіргі 
сабаққа  тән  ерекшелік  –  оқушылардың  белсенді  (өздігінен)  оқу  қызметі. 
Оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  белсендендірудің  тәсілдерінің  бірі  – 
оларды  ойлаудың  түрлерін  (саралау,  жинақтау,  салыстыру,  маңыздысын 
белгілеу, қорытынды жасау) үйрету [9].  
Сабақтың ең кең таралған түрі – дәстүрлі сабақ. Дәстүрлі сабақты негізгі 
дидактикалық  талаптар  тұрғысынан,  сонымен  қатар  қазіргі  сабақты  өткізумен 
байланысты оның мәнінің өзгеруін қарастырайық (13-кесте):  
 
13-
кесте – Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақтың өзіндік ерекшеліктері  
 
Сабаққа 
қойылатын 
талаптар  
Дәстүрлі сабақ  
Қазіргі сабақ  



Мақсаты 
мен 
міндеттерді хабарлау 
Оқушылар  нені  үйрену  керек 
екенін мұғалім хабарлайды  
Білетіні 
және 
білмейтінін 
анықтау 
арқылы 
оқушылар 
өздері анықтайды 
Сабақтың 
тақырыбын хабарлау 
Мұғалім 
оқушыларға 
хабарлайды 
Оқушылар 
өздері 
қалыптастырады 
Жоспарлау 
Мақсатқа  жету  үшін  оқушылар 
қандай  жұмыс  істейтіндерін 
мұғалім хабарлайды 
Белгіленген  мақсатқа  жетудің 
жолдарын 
оқушылар 
жоспарлайды  
Оқушылардың 
практикалық 
әрекеттері 
Оқушылар 
практикалық 
жұмыстарды 
мұғалімнің 
басқаруымен 
орындайды 
(көбінесе 
іс-әрекетті 
ұйымдастырудың  фронталдық 
түрі қолданылады) 
Оқушылар  оқуды  белгіленген 
жоспар бойынша жүзеге асырады 
(жеке, 
топтық 
әдістер 
қолданылады)  
Бақылауды  жүзеге 
асыру 
Мұғалім 
оқушылардың 
практикалық 
жұмысты 
орындауларына 
бақылау 
жасайды 
Бақылауды  оқушылар  өздері 
жүзеге 
асырады 
(өзін-өзі 
бақылау, бірін-бірі бақылау) 
Түзетулерді  жүзеге 
асыру 
Мұғалім  жұмыстың  орындалу 
барысында  түзетулер  жасап 
отырады  
Оқушылар қиындықтарды өздері 
анықтайды және өздігінен жүзеге 
асырады 
Оқушыларды 
бағалау 
Оқушылардың 
орындаған 
жұмыстарын  мұғалім  сабақ 
барысында бағалайды 
Оқушылар 
жұмыстарын 
нәтижесіне  қарай  бағалайды 
(өзін-өзі 
бағалау, 
сыныптастарының 
жұмысын 
бағалау) 
42 

13-
кестенің жалғасы  



Сабақтың 
қорытындысы 
Мұғалім 
оқушылардың 
естерінде  нені  сақтағандарын 
анықтайды 
Рефлексия жүргізіледі 
Үй тапсырмасы 
Мұғалім  түсіндіріп  айтады 
(көбінесе  барлық  оқушыларға 
бір тапсырма беріледі) 
Жеке  мүмкіншіліктеріне  қарай 
мұғалім 
ұсынған 
тапсырмалардан 
оқушылар 
таңдап ала алады 
 
Сонымен  қатар,  мектептегі  пән  сабақтарында  әсіресе  ғылыми-
жаратылыстану  циклі  пәндері  бойынша  бастауыш,  негізгі  орта  және  жоғары 
сыныптарда  сабақ  барысында  жобалық  тапсырмаларды  қарастыру  кеңінен 
қолданылуда.  
Төменде  пән  мұғалімдерінің  жобалық  тапсырмалар  кіріктірілген  сабақ 
жоспарларының үлгері берілген.  
Ақмола  облысы  Степногорск  қаласы  №1  Бестөбе  орта  мектебінің 
бастауыш  сынып  мұғалімі  Канафина  Ақбота  Бахытқызы  3-сыныпта 
«Дүниетану» пәнінен жобалық тапсырмалар қолданумен өткізген сабақ үлгісін 
ұсынады.  
Сабақтың тақырыбы: «Сая болар саябақ».  
Сабақтың мақсаты: саябақ туралы түсінік беру. Саябақтың не үшін керек 
және  саябақта  нелер  болу  керек  екенін  түсіндіру.  Саябақты  күтуге,  гүлдерді 
жұлмауға, қоқыстар тастамауға тәрбиелеу.  
Сабақтың  көрнекіліктері:  сюжетті  суреттер,  слайдтар,  макеттер,  көркем 
сөздер.  
Сабақтың барысы:  
І. Қызығушылығын ояту.  
Оқушылардың  назарын  бейнефильмге  аудару.  Жалпы  саябақтар  туралы 
түсірілген бейнефильмді көрсетіп, проблемалық сұрақ туындату.  
Тыныштық сәті.  
Әдемі,  баяу  ырғақта  орындалатын  әуенді  алдын  ала  қойып  қою. 
Оқушылардың арман-қиялдарына ерік беріп, армандағы саябақтарын елестету.  
Шаттық шеңбері.  
Әдемі  әсерлерімен  бөлісу  мақсатында  оқушыларды  шаттық  шеңберге 
тұрғызу. Ойлаған, армандаған саябақтарының өсіп-өркендеуіне тілектер айтып, 
өз пікірлерін қалыптастыру.  
ІІ. Жаңа сабақ.  
Үш топқа бөлу: Кеше, Бүгін, Ертең. Ол үшін әр оқушы тақтада жабысып 
тұрған түрлі-түсті стикерлерді таңдап алады. Түсімен сәйкес келген стикерлері 
бар оқушылар бір топ болып құрылады.  
Саябақ туралы түсінік беру.  
Әр топқа тақырыптың мазмұнына байланысты жағдаяттар беру. Оқушылар 
жұппен,  топпен  талқылап  қағаз  бетіне  түсіреді.  Оны  топтағы  баяндамашы 
оқушылар қорғап шығады.  
І топ. «Кеше» саябақтың тарихы.  
43 

ІІ топ. «Бүгін» Бестөбе кентінің саябағы.  
ІІІ топ. «Ертең» саябаққа не қажет?  
І  топ  «Кеше»:  Саябақтардың  адам  өмірінде,  тіпті  адамзаттың  даму 
тарихында  да  алатын  орны  ерекше.  Адамның  өз  қолымен  жасалатын,  кейде 
мәдени,  кейде  рухани  орын  болып  саналатын  саябақтардың  сан  ғасырлық 
тарихы бар. Саябақ иелену – бұл да өнердің айрықша бір түрі. Бізде аса үрдіс 
болмаса  да,  батыс  және  шығыс  елдерінде  кеңінен  тараған  бұл  дәстүр  «бақ-
саябақ өнері» деп аталады.  
Бұл  өнердің  шығу  тарихы  туралы  батыс  елдері  деректерінің  бірінде 
алғашқы саябақтар адам алғаш өзінің үйін салған кезден бастау алады делінген. 
Аңыз  түрінде  баяндалатын  дерек  мынадай:  «Адам  жұмақтан  қайтарылғаннан 
кейін  алғаш  рет  үйін  салған.  Керемет  әдемі  көрініске  толы  жұмаққа  әбден 
үйреніп  қалған  ол  оған  қайта  барар  жол  жоғын  түсінгендіктен,  өз  үйінің 
қасынан сол жұмақтың бір бұрышын көріп отырғысы келеді. Сөйтіп, алғашқы 
саябақтар пайда бола бастаған екен».  
Тапсырма.  «Саябақ»  тірек-сызбасын  құрастыру.  Тірек  сызбада 
ауылымыздың  ортасындағы  саябақ  ертеде  қандай  болғанын  жобалау.  Қандай 
ағаштар, гүлдер отырғызылған?  
 
Саябақ  
 
 
 
 
 
ІІ топ «Бүгін»: Бестөбе кентіндегі Орталық саябақ мүшкіл халде. Кенттің 
дәл  ортасында  орналасқан,  ел  демалып,  таза  ауа  жұтып,  серуендейді  деген 
саябақта  ауру  ағаштар,  шіріген  ағаш  түбірлері  толып  кеткен.  Себебі  саябақ 
соңғы  отыз-қырық  жылда  мүлде  қараусыз  қалып  отыр.  Сонда  бұл  «саябақ» 
деген аты ғана ма? Демалуға кім келеді деген заңды сұрақтар туындайды.  
Тапсырма.  Туған  жеріміздегі  саябақтың  мұндай  күйге  түсу  себептерін 
анықтаңдар. Саябақты қалпына қалай келтіруге болады?  
ІІІ  топ  «Ертең»:  Бұл  демалыс  саябағы  болғандықтан  да  адамдар  отырып 
демалатын  орындықтарды  жаңартып  қоюымыз  қажет.  Ескілері  мүлдем 
жарамсыз.  Сәкілер  қажет.  Саябақтың  ішін  қоқыстан  тазартып,  абаттандыру 
керек.  Саябақ  ішінде  адамдар  тыныстап,  денсаулықтары  үшін  жаяу  жүретін 
жолдар  тозып  қопарылып  жатыр,  оларды  асфальттау  керек.  Саябақты 
жарықпен  қамтамасыз  ету  қажет.  Саябақтан  су  жүйелерін  жүргізіп,  су  бұрқақ 
жасау  керек.  Ол  ағаштардың  өсуіне  де  игі  әсер  етеді.  Сондықтан  кентіміздегі 
орталық  саябақтың  жөнделуі  адамдар  денсаулығы  үшін  аса  қажет.  Олардың 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруына  да,  бала-шағаларымен  таза  ауада, 
табиғат аясында серуендеуіне де саябақтың маңызы зор.  
Тапсырма.  Болашақтағы  саябақтың  суретін  немесе  сызбасын  ұсыныңдар. 
Сендердің ойларыңдағы саябақ қандай болуы тиіс.  
Тапсырмаларды 
орындау 
барысында 
«Ой-қозғау 
стратегиясы» 
44 

қолданылады.  
Әр топ әзірлеген жобаларын сынып алдында көрсетіп, қорғайды.  
Сабақтың соңында «Саябақ» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру.  
 
Саябақ  
Көрікті, әдемі  
Жайқалады, қуантады, қорғайды.  
Саябақ адамдар демалатын орын  
Демалыс орны.  
 
ІІІ.  Сабақты  қорытындылау.  Саябақты  қалай  күтуіміз  керек? 
(оқушылардың жауабын тыңдау).  
ІV.  Үйге  тапсырма.  Үйдегі  үлкендерден  кентіміздегі  саяыбақтың  пайда 
болу тарихы туралы сұрап, жазып алу.  
 
Солтүстік  Қазақстан  облысы  Петропавл  қаласы  қазақ  мектеп-
гимназиясының  жоғары  санатты,  І  іргелі  деңгейді  растаған  бастауыш  сынып 
мұғалімі  Сексенбаева  Жанаржан  Дулатқызының  3-сыныпта  «Дүниетану» 
пәнінен  жобалық  тапсырмаларды  қолданумен  өткізген  сабағының  үлгісі.  Бұл 
сабақты жобалық тапсырмалардың санына қарай екі сағатқа созуға болады.  
 
3 сынып  
Пәні Дүниетану  
Сабақ  
Сабақтың 
тақырыбы  
Тері және оның атқаратын қызметі  
Жалпы 
мақсаты  
Терінің  адам  денесін  қалай  қорғайтындығы  және  оның  басқа  да  қызметі 
туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу 
Сабақ түрі  
Жаңа сабақ 
Оқыту әдісі  
Жұппен жұмыс, әңгімелесу, дәптермен жұмыс, жобалық ойын сәттері 
Күтілетін 
нәтижелер  
Терінің  адам  денесін  қалай  қорғайтындығы  және  оның  басқа  да  қызметі 
туралы түсінігін қалыптастырады 
Орындалатын 
жұмыстар  
1. Оқушыларды топқа бөлу. 
2. 
Топпен топ ережесін шығару. 
3. 
Сабақтың мақсатын түсіндіру. 
4. 
Сабақтың тақырыбын ашу. 
5. 
Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату. 
6. 
Рефлексия  
Ресурстар  
Оқулық,  үлестірмелі  парақшалар,  демонстрациялық  материалдар, 
үлкейткіш әйнек 
Сабақ 
кезеңдері  
Мұғалім әрекеті 
Оқушы әрекеті 
Ұйымдастыру 
кезеңі  
1. 
Сабақтың мақсатын түсіндіру 
2. 
Психологиялық тренинг 
3. Бағалау критерийлерін жасау 
Сабақтың мақсатын хабарлау. 
1) Амандасу. 2) Топқа бөлу (сурет құрастыру) 
ІІ.  Тірек  білім,  білік  және  дағдыларын 
белсендіру. 
Өтілген  материалмен  жұмыс.  Бейімделу 
1. 
Сабаққа назар аудару. 
2. 
Сабаққа психологиялық 
жағынан 
дайындалады. 
Бір-біріне  деген  жақсы 
қарым-қатынас орнатады 
45 

туралы  ата-аналарыңнан  сұрап  немесе 
энциклопедияны 
оқып, 
қызықты 
ақпараттарымен бөлісу. 
Негізгі бөлім 
ІІІ. Жаңа сабақ. 

Мына  сұраққа  жауап  беру  арқылы  бүгінгі 
сабақтың  тақырыбын  білеміз.  Денеміздің 
сыртын не жауып тұр? 
Тері – сипап сезу мүшесі (бұл ұғымды қалай 
түсінесің). 
 
 
Теріні  таза  ұстау  –  денсаулық  кепілі  (теріні 
таза ұстау туралы ережелер дайындайды). 
 
Оқулықпен жұмыс. 
«Білемін, білгім келеді, білдім» деген кестені 
толтыру. 

Кестені  толтыру  арқылы  қандай  жаңа 
мағлұмат алдыңдар? 
Қосымша мәлімет: 
Терінің құрылысы. Tepi үш қабаттан: сыртқы, 
ішкі  жене  шел  қабатынан  тұрады  Терінің 
сыртқы 
қабаты 
эпителий 
ұлпасынан 
құралады.  Ycтiңгi  қабат  өлі  клеткалардан 
тұрады.  Олар  теріні  қатты  бөлшектердің, 
газдардың, 
сұйықтықтардың 
әсерінен 
сақтайды.  Ескірген,  өлі  клетка  орнына  жаңа 
клеткалар  ауысып  келіп  отырады.  Бұл  жаңа 
жас  клеткаларда  бояғыш  заттар  болады. 
Терінің  құрылысы: 1 -  жанасқы  денешік,  2  - 
жүйкенің бос ұшы, 3 - тақташалы денешік, 4 - 
тepi  түгі,  5  -  терінің  үстінгі  қабаты, 
эпидермис, 6 - нағыз тepi қабаты, 7 - май безі, 
8  - 
түк  ұясы,  9  -  терідегі  тамырлар,  10  - 
дәнекер  ұлпасы,  11  -  тер  безі,  12  -  шелдегі 
май ұлпасы 
«Теріні зерттеу» практикалық жұмыс: 
1-
топ:  Қолдарыңды  жауып  тұрған  теріге 
қараңдар.  Оны  ұстап,  созып  көріңдер.  Тері 
туралы  не  айта  аласыңдар?  (мықты,  жұқа 
жиырылғыш, жұмсақ). 
2-
топ:  Теріні  үлткейткіш  әйнектің  көмегімен 
қараңдар. Терінің беткі қабатында нені көріп 
тұрсыңдар? (саңылаулар мен түтіктерді) 
3-
топ: Саңылаулар не үшін қажет? 
4-
топ:  Майдың  қандай  пайдасы  бар?  Терінің 
ше? 
Шығармашылық тапсырма: 
Барлық топтарға ортақ тапсырма. 
«Тері  гигиенасын  сақтау!»  деген  тақырыпта 
эссе жазу. Бірін-бірі бағалау.  
 
 
Сұрақтарға жауап береді. 
 
 
Жұпта 
талқылап 
ойларымен 
бөліседі. 
Қорытынды шығарады 
 
Қосымша  әдебиеттерден 
мәліметтер жинақтайды.. 
 
 
Дәптерде 
жеке 
орындайды. 
 
 
 
Топта 
«Терінің 
құрылысы»  тақырыбында 
сызбанұсқа  құрастыру,  әр 
топ өз жобасын қорғайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сұраққа жауап береді. 
46 

 
Ақмола  облысы  Ақкөл  қаласы  №3  орта  мектебінің  І  санатты  бастауыш 
сынып  мұғалімі  Әубәкіров  Науан  Ақанұлы  3-сыныпта  «Дүниетану»  пәнінен 
өткізген сабағының үлгісін ұсынады.  
 
Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшық ет.  
Сабақтың  мақсаты:  Оқушыларды  «қаңқа»,  «бұлшық  ет»  түсініктерімен 
және олардың қызыметтерімен таныстыру.  
Құрал-жабдықтар: «Адам қаңқасы» тақырыбы бойынша демонстрациялық 
материал, проектор.  
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру, бағалау критерийлерін 
жасау, сыныпты топтарға бөлу.  
Үй  тапсырмасын  тексеру.  Тірек білім, білік  және дағдыларын  белсендіру 
мақсатында қойылатын сұрақтар:  
– 
Өткен сабақта біз не туралы айттық?  
– 
Тері қандай қызмет атқарады?  
– 
Тері үшін одан бөлінетін май мен тердің маңызы қандай?  
– 
Адам неліктен өз терісін күтуі керек?  
Жаңа сабақ. «Миға шабуыл» стратегиясын қолдану арқылы сұрақ қоямын 
«Қозғалыс  –  бұл  тіршілік»  дегенді  қалай  түсінесіңдер?  Оқушылар  топта 
талқылап, әр топ өз ойын айтады.  
Адам қаңқасына шолу жасау.  
Топтарға адам қаңқасының маңызы мен қызметі туралы сұрақтар беру.  
1-
топқа. Барлық сүйек нені құрайды? Адамның денесінде қандай сүйектер 
бар? Олардың маңызы мен қызметі туралы не білесіңдер?  
2-
топқа. Бас сүйектің маңызы қандай? Бас сүйегі қандай қызмет атқарады? 
Баста сүйек болмаса не болар еді деп ойлайсыңдар?  
3-
топқа.  Кеуде  сүйектерінің  атқаратын  қызметі  мен  маңызы  туралы 
айтыңдар.  
4-
топқа.  Аяқ-қол  сүйектерінің  атқаратын  қызметі  мен  маңызы  туралы 
айтыңдар.  
Әр  топ  өздеріне  берілген  сұрақтарды  топта  талқылап,  оқулықтан, 
ұсынылған әдебиеттерден қажетті материалдарды іріктейді. Өз ойларын сынып 
алдында қорғайды.  
Бекіту, қорыту  Тері қалай жұмыс істейді?  
Тері  адам  организміндегі  жылуды  қалай 
реттейді? Дәлелде.  
Дәлелдемелер айтады. 
Бағалау 

өзара бағалау 

спикер бағалау қағазын толтыруды аяқтайды; 

мұғалімнің бағалауы. 
 
Өткен сабақ бойынша барлық оқушылар рефлексия қағазын толтырады. 
Мен үйрендім: ... 
Мені таңғалдырды: ... 
Мен білгім/үйренгім келеді: ... 
Үйге тапсырма  Мәтінді түсініп оқу. Ойлан, ата-анаңмен талқыла. «Басыңнан күн өтпеу 
үшін не істеу керек?»  
47 

Жалпы сұрақ: «Қаңқа мен бұлшық ет өзара қалай байланысады?». Оқулық 
мәтінімен  және  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  істеу  барысында  қажетті 
мәліметтерді дәптерге жазып отыру.  
Жалпы  сұраққа  жауап  беру  барысында  оқушылар  бір-бірін  толықтырып 
отырады.  
Сабақтың өзекті сұрағы: Адам сүйексіз өмір сүре ала ма?  
– 
«Ия» деген жауап болса дәделдеңдер.  
– 
«Жоқ» деген жауап болса дәлелдеңдер.  
Сергіту сәтін өткізу.  
Шығармашылық тапсырма:  
Барлық топтарға ортақ тапсырма.  
1. Қаңқа ... денесінің тірегі және ішкі ағзаларды ... қорғайды.  
2. 
Бұлшық ет сүйектерге ... арқылы бекінген.  
3. Қаңқа мен бұлшық ет өзара бірлесіп ... жүйесін құрайды.  
4. Тірек-қимыл жүйесінің мақсаты- организмді ... қамтамасыз етеді.  
Сабақты қорытындылау. Қаңқа мен бұлшық ет өзара қалай бірлесіп жұмыс 
істейді? Талқылау.  
Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқу.  
 
Ақмола облысы Степногорск қаласы №9 орта мектебінің «Биология» пәні 
мұғалімі  Кожамжарова  Айсара  Бахытовна  «Асқорыту  мүшелерінің  аурулары 
және олардың алдын алу жолдары» тақырыбына 8-сыныпқа арналған деңгейлік 
жоба ұсынады.  
Сабақтың тақырыбы: Фаст фудтың зияндылығы.  
Сабақтың  мақсаты:  фаст  фуд  тағамдарының  адам  өміріне,  ағзасына 
тигізетін  зияны  туралы  көбірек  мәлімет  алу.  Фаст  фуд  тағамдарын  табиғи 
өнімдермен алмастыру жолдарын қарастыру.  
Сабақтың өзектілігі:  
Бүгінгі  күні  әрбір  адам  жедел  түрде  дайындалатын  тағамдарды  көбірек 
тұтынады. Бұл қазіргі уақыттағы ең негізгі проблема болып табылады.  
Қазіргі  кезде  шаурма,  сэндвичтер,  чебуректер,  пицца,  чипсы,  қуырылған 
картоп және түрлі газдалған сусындар көптеп кездеседі, осылардың құрамында 
не бар екен? деген сұрақ адам баласын мазалайды. Осы аталып кеткен барлық 
тағамдар  фаст-фуд  қатарына  кіреді.  Бұндай  тағамдарды  тұтынатын  адамдар 
бұны  тиімді,  ал  кейбіреулері  тамақ  пісіруге  уақыттарының  жетіспеуіне 
байланысты,  басқалары  өздерінің  қалаулары  бойынша  тамақтанады.  Бұндай 
тамақтардың  зиянды  екенін,  бірі  ойламайды,  ал  білгендердің  өзі  қуырылған 
картопты жеп, газды сусын кока-коламен шөлін басады. Фаст фуд тағамдарын 
біреулері  күнделікті  жеп-ішсе,  кейбіреулері  анда-санда  тамақтанады.  Бұл 
тағамдар қымбат емес, бірақ өте қауіпті.  
Әдісі: жобалық жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау.  
Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, маркерлер.  
Сабақ барысы:  
І. Ұйымдастыру (тренинг).  
Сыныпты  топқа  бөлу.  Тақтаға  үш  түрлі  стикер  жапсырып  қоямын, 
48 

оқушылар  кабинетке  кірген  кезде  ұнаған  түстерін  алып,  белгілі  орындарына 
отырады.  
Бір  оқушыға  бағалау  парағы  және  житон  беріледі.  Ол  өз  тобының 
оқушыларын бағалап отырады.  
II. 
Қызықтырушылықты ояту.  
Әр топқа тақырыптың мазмұнына байланысты жобалық тапсырмалар беру. 
Оқушылар  жұппен,  топпен  талқылап  қағаз  бетіне  түсіреді.  Оны  топтағы 
баяндамашы оқушы қорғап шығады.  
І топ. Фаст-фудтың пайда болу тарихы.  
ІІ топ. Тез әзірленетін тағамдардың адам ағзасына тигізетін зияны.  
ІІІ топ. Адам денсаулығына аса қауіпті энергетикалық сусындар.  
Әр топтың қосымша әдебиеттен жинақтаған ақпараты:  
І топ оқушыларының дайындаған баяндамасы.  
Фастфуд  –  өте  тез  әрі  кең  қолданылатын  тағамдардың  бірі.  «Фастфуд» 
дегеніміз – тағам дегенді білдіреді және бұл тағам тез дайындалады, бұл әрбір 
адамға  өте  қолайлы.  1920  жылдары  ең  бірінші  фастфуд  тағамы  Америкада 
қолданысқа  ие  болған.  1921  жылы  Канзаста  White  Castle  атты  компания 
ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургтер дайындаған еді. Бұл компания 
келушілерді  гамбургердің  бағасының  тұрақтылығымен  жаулап  алды,  бірақ 
тағамның  сапасымен  құндылығы  жөнінде  компания  басшысы  Билли  Инграма 
ойламады.  1940  жылдардың  соңында  White  Castle  компаниясының  мықты 
бәсекелесі  болып  McDonald's  компаниясы  бой  түзеді.  Сол  жылдан  бастап 
McDonald's  компаниясы  алпауыт  компаниялардың  бірі  болды.  Тоқсаныншы 
жылдары  гамбургер  кедейлерге  арналған  зиянды  тағам  болып  есептелінетін. 
Оны  қала  көшелерінде  ғана  үйсіз-күйсіз  адамдарға  сататын  болған.  Тек 
кейінірек  бұл  тағам  ресторандарға  жол  тартты.  Фаст-фуд  тағамдарының  кең 
етек  алуы  америкалықтардың  күрт  семіруіне  әкелді.  Америка  ауруларды 
бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық 
қайтыс болады екен.  
 
Ауру астан.  
Көне  заманғы  қағидада  бойынша:  «Ас  –  адамның  арқауы»  -  делінген. 
Өкінішке  қарай,  біздің  замандастарымыз  өзін  дені  сау  және  сымбатты  сезіну 
үшін  қалай  тамақтану  керектігін  біле  бермейді.  Тамақтанудың  да  өзіндік 
ережелері  бар  және  оларды  ескермеуге  болмайды,  өйткені  тамақтану  –  біздің 
денсаулығымыздың  құрамдас  бөлігі  екенін  есте  сақтауымыз  қажет.  Адамның 
денсаулығы үшін тиімді тамақтану өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – 
құрамында  түрлі  қоректік  заттардың  толық  мөлшері  бар  тамақпен  ағзаны 
дұрыс, уақытылы қамтамасыз ету. Американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, 
адам  денсаулығына  өте  зиянды  «акриламид»  деген  затты  тапты.  Шаурма, 
донер-кебабтарға  қоса  гамбургер,  хот-дог,  гриль,  поп-корн,  чипсы,  картоптан 
жасалған  фри,  қақталған  шұжық  секілді  тағамдар  өте  жоғары  температурада 
дайындалады.  Осы  тағамдарды  күнделікті  пайдалану  салдарынан  асқазан 
жарасы,  созылмалы  гастрит,  өттің  толуы,  ұйқы  безінің  қабынуы,  жүрек-қан 
тамыр  аурулары,  семіздік  пайда  болатыны,  әсіресе  ас  қорыту  жолдарына  өте 
49 

зиян  екені  анықталған.  «Ауру  –  астан  ...»  деген  сөзі  бекер  айтылмаған. 
Денсаулығымызды сақтай білейік замандастар!  
ІІ топ оқушыларының дайындаған баяндамасы.  
Қазіргі  кезде  тез  дайындалатын  тағамдар  өркендеу  үстінде.  Тез 
дайындалатын  тағам  қатарына  кіретіндер:  гамбургерлер,  картопты  фри, 
картопты  чипстер,  ход-дог  жатады.  Картопты  фри  –  бұның  құрамында  аса 
қауіпті заттар бар, көп көлемдегі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті 
зиянды зат, ол адамның психикалық жүйкесіне және геннің өзгеруіне ықпалын 
тигізеді.  Швед  биохимиктері  зерттеуінде  бір  мөлшер  картопты  фриде 
акриламид нормасынан 50 есе асып тұр, яғни бір порцияда 50 г акриламид бар.  
Тез дайындалатын тағамдардың қатарына аса танымал кеспелер де жатады. 
Тез 
дайындалатын 
кеспелердің 
құрамы: 
қант, 
глютаматнатрийі 
С
5
Н
8
NO
4
Na*H
2

(E621),  пальма  майы,  бояуыштар,  қайнатыңқыраған  тұз, 
лимон  қышқылы,  ароматизаторлар,  кептірілген  тауық  етті  немесе  сиыр  етті, 
кептірілген  көкөністер,  саңырауқұлақтар.  Бұл  өнімдерді  Қазақстанға  басқа 
елдерден  әкеледі,  Ресейден  әкелінген  тез  дайындалатын  кеспелерді  арнайы 
тексерістен  өткізгенде,  адам  ағзасына  зиян  ішек  таяқшалары  бар  екені 
анықталды.  Басқа  елді  мекендерден  тек  кеспелер  ғана  емес,  басқа  да  тағам 
өнімдері Қазақстан жеріне тасымалданып отыр.  
Жылдар  бойы  улы  заттар  жиналған  адамның  ағзасы  генетикалық 
өзгерістерге  ұшырайды.  Ал,  геннің  өзгеруі  адамның  азуына,  көңіл-күйінің 
құлдырауына  әкеліп  соғады.  Бауырдың,  тамақтың,  бүйректің  қатерлі  ісігіне 
шалдығуына  себепкер  осы  канцерогендер.  Егер  тамақтың  тауар  қорабына 
(қаптамасына) құрамында Е деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық 
қоспалар,  химиялық  дәмдегіштер,  жасанды  бояу  қосылды  деген  сөз.  Олар 
өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. сау адамды науқас қылатын да 
дәл осы реагенттер.  
ІІІ топ. Адам денсаулығына аса қауіпті энергетикалық сусындар.  
Еліміздің  нарығына  шөліңді  лезде  басып,  сергітетін  түрлі-түрлі 
энергетикалық  сусындардың  қарқынды  өріс  алып  келеді.  Көбінесе  ештеңеден 
бейхабар  жасөспірімдер,  жастар,  ата-аналардың  өздері  баласының 
денсаулығына  аса  қатерлі  улы  сусын  сатып  әперіп  жатқанын  біле  бермейді. 
Кока-кола,  Пепси-кола,  Спраит,  Макси  шай  т.б.  жастардың  сүйікті  сусынына 
айналды.  
«Энергетикалық»  сусынға  деген  күдік  аса  көп.  Адамның  орталық  жүйке 
жүйесін  белсеніске  әкеліп,  жұмыс  істеу  қабілетін  арттыруға  бағытталған  бұл 
сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі 
мөлшерден  көп  қолданса,  адамның  энергиясы  немесе  бұрын  байқалмаған 
қандай  да  бір  ауруы  қозады.  Қозудың  әсерінен  адам  әлсірейді.  Ол  бірден 
байқалмағанымен,  уақыт  өте  келе  тұрақты  тұтынушының  денсаулығы  күрт 
нашарлайды.  Бұл  сусын  адамға  қосымша  қуат  береді  деген  –  қате  пікір.  Аты 
«энергетик»  болғанымен,  заты  оған  сай  емес.  Керісінше,  бойдағы  бар 
энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады.  
Еліміздегі  дәрігерлер  адамға  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлайтын  осы 
сусындардың құрамындағы түрлі химиялық қоспалар орталық жүйке жүйесін, 
50 

жүрек-қан  тамырларын  ауруға  шалдықтыратынын  айтады.  Сонымен  бірге 
энергетикалық  сусындарды  үнемі  пайдалану  тахикардия,  қант  диабеті, 
психомоторлық  қозу,  жоғары  дәрежедегі  невроз,  күйзеліс  сияқты  ауыр 
дерттерге душар ететіндігі ғылыми тұрғыда анықталған.  
III. 
Мағынаны танып білу:  
Әр  топ  оқушылары  жобалық  тапсырманың  баяндамасынан  соң,  екінші 
тәжірибелік жұмыс орындады.  
І топ. Кока-кола және чупа чупс.  
Пепси-кола,  кока-кола  айтулы  сусынының  ішіне  балалар  жақсы  көретін 
«Чупа  чупс»  домалақ  тәттісін  салып  жіберсеңіз,  ол  кәдімгідей  қайнап, 
бөтелкеден сыртқа төгіледі. Міне, кәмпит жегеннен кейін сондай сусындардың 
бірін  ішкен  кісінің  де  асқазанында  дәл  сондай  химиялық  реакция  өтеді.  Бұл 
асқазанда  да  ұнамсыз  өзгерістердің  болуына  әсер  жасап  қана  қоймай,  оның 
тікелей қызметін бұзуға да ықпал жасайтындығын көрсетті.  
ІІ топ. Кока-кола және сүт.  
Біз кока-колаға газдалған сусынның жарты бөтелкесін алып, үстіне кәдімгі 
сүт құйдық. Содан кейін 6-7 сағатқа дейін қалдырдық. 6-7 сағат өткеннен кейін 
алып  қарасақ,  сүттің  іріп  кеткенін  байқадық.  Осы  практика  жұмысының 
нәтижесінде біз кока-коланың химиялық құрамында сірке қышқылы бар екенін 
дәлелдедік.  Себебі  химиялық  реттеуіш  орто  фосфор  қышқылы  кока-кола 
құрамындағы  қантпен  қоректеніп,  сүт  қышқылын  түзеді.  Коланың 
құрамындағы  органикалық  қосылыстар  адам  ағзасындағы  асқорыту 
жолдарының кілегейлі қабықшасын тітіркендіреді.  
ІІІ топ. Сауалнама.  
Оқушылар  арасында  сауалнама  жүргізіп  фаст  фуд  тағамдарын 
қаншалықты мөлшерде тұтынатындары жөнінде ақпарат алынып қорытындысы 
шығарылды.  
1.
 
Фаст фуд тағамын тұтынасың ба?  
Иә - 78%. Жоқ - 22%.  
2.
 
Фаст фуд тағамдарының зияны бар екенін білесің бе?  
Иә - 30%. Жоқ - 70%.  
3.
 
Фастфуд тағамдарын қанша мөлшерде тұтынасың?  
Кейде - 46%. Жиі - 20%. Әрқашан - 24%. Ешқашан - 10%.  
4.
 
Фаст фуд тағамын көшеден аласың ба?  
Иә - 45%. Жоқ - 55%.  
5.Тез дайындалатын тағамдарға қандай тағамдар жататынын білесің бе?  
Иә - 57%. Жоқ - 43%.  
6. 
Фаст фуд тағамдарының қандай түрін ең көп тұтынасың?  
Хот-дог - 24%. Пицца - 26%. Гамбургер - 7%.  
Кока-кола - 34%. Донер, шаурма - 9%.  
7. 
Фаст фуд тағамдарының зияны туралы қай жерден білесің?  
Интернеттен  -  29%.  Газет-журналдан  -  12%.  Ата-анамнан  -  37%. 
Достарымнан - 22%.  
ІV. Ой толғау.  
1.
 
 
«Ас  адамның  арқауы»,  «Ішің  ауырса  аузыңды  тый»  деген  сөздердің 
51 

мағынасын қалай түсіндіресіңдер?  
2.
 
 
Тақырыпқа  байланысты  қазақ  халқының  қандай  мақал-мәтелдерін 
білесіңдер?  
V. Қорытынды (слайд). Слайдтар бойынша сабақты қорытындылау.  
VІ. Бағалау. Әр топтын бағалаушыларына сөз беремін, өзім де бағалаймын.  
Рефлексия.  
Сабақтан алған әсерлерін, өз ойларын стикерлерге жазып тақтаға іледі.  
 
«
Биология» пәні бойынша 6-сыныптағы асқабақ тұқымдастарына жататын 
қияр өсімдігіне және «Химия» пәні бойынша 9-сыныпта кальций және магний 
оның  қосылыстары,  сілтілік  металлдар  тақырыптарына  арналған  жобалық 
тапсырмалары бар кіріктірілген сабақ үлгісі.  
Құрастырушылар:  Ақмола  облысы  Степногорск  қаласы  №9  орта 
мектебінің  «Химия»  пәні  мұғалімі  –  Оспанова  Гүлмира  Нұрғазыевна  және 
«Биология» пәні мұғалімі – Нұрмұратова Бақтыгүл Жолдасовна.  
Сабақтың тақырыбы: «Қиярдың құпиялары».  
Жұмыстың мақсаты: қиярдың пайдалы қасиеттерін зерделеу.  
Өзектілігі:  аталған  тақырып  қашанда  қызықты  болады,  себебі  қиярды 
ересектер  де,  балалар  да  жақсы  көреді.  Сонымен  қатар  біздің  өлкемізде  өз 
үйіміздің бақшасында немесе саяжайда қиярды химиялық қоспаларсыз өсіруге 
қажетті құнарлы топырақ, ауа райы жағдайлары бар.  
Жұмыстың міндеттері:  
1.
 
Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысу.  
2.
 
Қиярдың пайдалы қасиеттерін анықтау.  
3.
 
Қиярдың  құрамындағы  пайдалы  және  зиянды  қоспаларды  тексеру 
(эксперимент жүргізу).  
Көрнекілігі: қияр соттары, сынауық, тыңайтқыш түрлері, мыс гидроксиді, 
слайд, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.  
Ұйымдастыру.  Сыныпты  4  топқа  бөліп,  әр  топқа  жеке-жеке  тапсырма 
беремін. Тапсырмалар:  
1-
топ. Қиярдың пайда болу тарихы.  
2-
топ. Қиярдың биологиялық сипаттамасы.  
3-
топ. Қиярды өсіру жолдары.  
4-
топ. Қиярдың пайдалы қасиеттері.  
Оқушылар  сыныпта  жинақталған  қосымша  әдебиеттерден  қажетті 
деректерді іздестіреді, жазып алады, топта талқылайды, қорытынды жасайды.  
1-
топ  «Қиярдың  пайда  болу  тарихы»  туралы  келесідей  деректер 
жинақтады:  
Қияр  –  адам  өмірінде  осыдан  алты  мың  жыл  бұрын  пайда  болған.  Оның 
отаны – Индия, сонымен қатар қияр гректер мен римдіктерге де белгілі болған.  
1528 жылы неміс елшісі Мәскеуге барған саяхатында қияр туралы алғаш 
рет  айтты.  Бұған  Петр  І  қызығушылықпен  қарап  Измайлов  патша  бағының 
жылыжайына қияр, қауын өсіруді бұйырды.  
Қияр  мәдениетке  6000  жыл  бұрын  енген.  Оның  Отаны  –  Үндістанның 
тропикалық  аймағы  және  Қытай.  Бүгінгі  күнге  дейін  осы  аймақтарда  қияр 
52 

табиғи жағдайда өсіріледі.  
2-
топ «Қиярдың биологиялық сипаттамасы» туралы баяндама жасады.  
Қияр – (лат. Cucumis sativus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық 
көкөніс  дақылы.  Жарық,  ылғалды  және  жылы  жерлерде  жақсы  өседі.  Суыққа 
төзімсіз.  Сабағы  жатаған  не  өрмелегіш,  бес  қырлы,  ұзындығы  1,5  м-дей. 
Жапырағы  кезектесіп  орналасқан,  ұзын  сағақты,  түкті.  Гүлі  сары,  дара 
жынысты. Жемісі – қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де 
жеуге болады. Құрамында 95-96% су, 4-5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2-
25% 
қант, 1%  ақуыз,  0,1%  май, 0,7%  жасунық,  С,  В  тобындағы 
дәрумендер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар [10].  
3-
топ. «Қиярды өсіру жолдары».  
Қиярды  екпестен  бұрын  жергілікті  жердің  ауа  райына  байланысты 
қиярдың  төзімді  сорттарын  таңдап  алу  қажет.  Асқабақ  тұқымдастарын  еккен 
кезде өте тереңге емес, тұқымның тұмсығын жоғары 45° бұрыштап салады.  
Тұқымды  еккен  бойдан  оны  суару  керек,  себебі  оған  үнемі  ылғалдылық 
қажет. Суды өте көп құйған жағдайда тұқым оттексіз ауада шіри бастайды.  
Қиярдың тұқымы 25 градус температурада өніп шығады.  
Қиярды өсіру барысында органикалық және минералды тыңайтқыштарды 
пайдаланамыз.  Қиярға  органикалық  тынайтқыш  ретінде  қи  салуға  болады,  ол 
денсаулыққа зиянды емес. Одан басқа 1 м
2
  5-
10 г несеп қышқылы және калий 
хлориді мен тыңайтылады.  
Гүлдеу және жеміс беретін кезінде тынайтқыштарды 1,5 есе көбейту керек. 
Тыңайтқыштарды  суда  еріген  күйінде  пайдалану  керек.  Қиярды  жылы  сумен 
суару  керек,  суық  су  оның  тамырын  зақымдап,  өсімдіктің  өлуіне  әкеп 
соқтырады. Бұлтты күндері кез келген уақытта суаруға болады, ыстық күндері 
тек кешкі уақытта ғана суару керек.  
Қиярдың  дұрыс  күтімі  топырағын  қопсыту,  арамшөптерін  жұлу,  жаңа 
өскен  сабақтарын  қыстыру  және  дұрыс  суаруда.  Ең  алғаш  топырақ  қопсыту 
жұмыстарын  топырақ  бетінен  сабақтары  шыққан  соң  істей  беруге  болады. 
Кейіннен  мұны  әр  10  күн  сайын  қайталап  тұрады.  Қопсыту  жұмыстарымен 
бірге  арамшөптерін  жұлған  абзал.  Бірақ  тамыр  сабағына  абай  болу  керек. 
Қиярды  бірқалыпты,  мол  суарады.  Судың  жетіспеушілігі  қиярдың  тез  өсуіне 
кедергі  болады.  Қиярды  кешке  қарай,  күні  бойы  күн  астында  тұрған  сумен 
суарған  жөн.  Бұл  қиярдың  тамырларының  суып  кетуіне  жол  бермейді.  Жеміс 
піскен  кезде  әрбір  екі  апта  сайын  минералды  тыңайтқыштармен 
тыңайту керек [11].  
4-
топ. «Қиярдың пайдалы қасиеттері» туралы айтып тәжірибелік жұмыстар 
көрсетеді.  
Қияр өте пайдалы көкөніс.  
1) Қияр құрамында татран қышқылы бар. Бұл ағзаға түскен көмірсуларды 
және  майларды  ыдыратады.  Диетолог  мамандардың  айтуы  бойынша  егер  сіз 
артық салмақтан арылғыңыз келсе күнделікті тамақ рационына қиярды қосуды 
ұсынады.  
2)  Қияр  ішкі  ағзаны  және  ішектерді  тазалауда  өте  пайдалы  көкөніс. 
Қиярдың құрамында 95% таза табиғи су бар.  
53 

3)  Қияр  –  калий,  магний,  кальций  элементтеріне  өте  бай.  Бұл  көкөністе 
ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, 
B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, темір, фосфор мен мырыш [12].  
Бұл заттар ағзадағы мүше және мүшелер жүйесінің жұмысын жақсартады. 
4)  Қияр  тамаша  косметикалық  зат,  себебі  бет  терісін  ағартады, 
ылғалдандырады,  жасартады  және  әжімдерді  жазады.  Қиярдың  бір  тілімімен 
теріңізді  сүртуді  әдетке  айналдырсаңыз,  келешекте  бұл  сіз  үшін  қиын  мәселе 
болмайды.  Қияр  құрамындағы  фитохимиялық  заттар  теріні  берік  қылып, 
целлюлит пен әжімдерден сақтап қалады.  
5)  Қиярды  үккіштен  өткізіп,  сығып  сөлін  аламыз,  оны  сүзіп  сынауыққа 
бірдей мөлшерде мыс гидроксидінің (көк тұнба) ерітіндісін құйып сынауықты 
шайқаймыз.  
Нәтижесі: тұнба жай еріп, көк ерітінді алынды.  
Қорытынды: қиярдың құрамында тәтті дәм беретін көмірсу (глюкоза) бар 
екендігін білдік. 
 
Төрт  топтың  әкелген  мәліметтерін  тыңдай  келе  мұғалім  қияр  туралы  өз 
кеңестерін ұсынады.  
1) Қияр сөліне балды қосып араластырып оны сүзек ауруымен ауырғанда 
дене  қызуын  түсіруге  көмектеседі.  Қияр  сөлі  пародонтоз  ауруының  емі.  Қияр 
сөлімен  шаштың  түбін  сүртсек  шаштың  түсуі  азаяды.  Есте  сақтау  қабілетін, 
жүрек, бұлшық ет жұмысын жақсартады.  
2) Қиярдың сілтілік қасиеті күшті. Егер сенің ағзаң жарақаттанып, іріңдеп 
кетсе, қиярды көбірек пайдалансаң, ағзаны қалыпына келтіреді.  
3) 
Ауыр  жұмыс  күнінен  шаршап,  үйге  әрең  жеттіңіз  бе?  Кофены  қоя 
тұрыңыз.  Тоңазытқыштан  бір  балғын  қиярды  тазалап,  жеп  көріңіз. 
Құрамындағы В дәрумендер топтамасы мен көмірсутектер сізді бірнеше сағатқа 
энергиямен қамтамасыз етеді.  
4) 
Түскі  астан  кейін  қол  астыңызда  сағыз  табылмады  ма?  Қиярдың  бір 
тілімін  тіліңізбен  таңдайыңызға  жабыстырып,  осылайша  30  секунд  тұра 
тұрыңыз.  Осылайша  ауыздағы  жағымсыз  иісті  қоздыратын  бактерияларды 
өлтіресіз.  
Үйге тапсырма: сорттары бірдей көлемі әр түрлі болатын қиярды алып оны 
кесіп, сөлінің мөлшерін, дәмін, тұқымының мөлшерін анықтау. Қиярдан бетке 
маска жасап көру және оның бет терісіне әсерін бақылау.  
 
Оқу пәні: Биология.  
Сынып: 11-сынып.  
Пән  мұғалімі:  Джаксибаева  Баян  Джұмамұратовна  –  жоғары  санатты 
биология пәннің мұғалімі.  
Өтетін орны: Астана қаласы, №64 мектеп-лицей.  
Сабақтың  тақырыбы:  «Тіршіліктің  даму  тарихы  туралы  ілім»  тарауы 
бойынша қорытынды сабақ.  
Мақсаты:  

 
оқушылардың  тарау  бойынша  алған  білімдерін  тәжірибе  жүзінде 
қолдануын іске асыру, дүниетанымын кеңейту;  
54 


 
оқушылардың  зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту,  ақпаратпен  жұмыс 
жасау біліктерін қалыптастыру;  

 
топпен жұмыс жасау, бірлік пен ұйымшылдыққа, өз бетімен білім алуға 
тәрбиелеу.  
Керекті  құралдар  мен  көрнекіліктер:  слайдтар,  кестелер,  суреттер, 
оқушылардың шығармашылық жұмыстары.  
Сабақтың түрі: жоба.  
Сабақтың барысы:  
І.  Ұйымдастыру.  Сыныпты  4  топқа  бөліп  отырғызу.  Оқушыларға 
сәлемдесіп,  сабаққа  қатысын  есепке  алу.  Оқу  құралдарының  дайындығын 
тексеріп назарын сабаққа аудару.  
ІІ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бөлімдерімен таныстыру.  
Слайд:  Бүгінгі  сабақтың  тақырыбы:  «Тіршіліктің  даму  тарихы  туралы 
ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ.  
Мақсаты:  Тірі  табиғаттың  дамуы  жөніндегі  алған  білімді  жүйелеп, 
қорытындылау, іс жүзінде қолдану.  
1 бөлім – Жобалар презентациясы.  
2 бөлім – Топтық тапсырмаларды орындау.  
3 бөлім – Қорытындылау. Топтық бағалау.  
Слайд:  Сұрақ  «Тіршіліктің  даму  тарихы  туралы  ілім»  тарауынан  нені 
меңгердік?  
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар К.Линней мен Ж.Ламарктың 
эволюциялық  идеялары.  Ч.Дарвиннің  эволюциялық  ілімі.  Эволюцияның 
қозғаушы күштері. Жер тарихының даму шежіресі. Эволюциялық процестердің 
негізгі кезеңдері. Эволюцияның басты бағыттары мен негізгі заңдылықтары.  
Тарау  бойынша  оқушылардың  білімдеріңді  тереңдетіп,  кеңейту 
мақсатында 4 түрлі проблемалық тақырып берілген болатын. Топтарға берілген 
жоба тақырыптары:  
1-
топ.  «Түрлер  өзгермейді,  жер  бетінде  қанша  түр  жаратылса,  сонша  түр 
бар» деген көзқарас дұрыс па?  
2-
топ. Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?  
3-
топ. Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы рөлі.  
4-
топ. Эволюциялық ілімнің адамның практикалық іс-әрекеті үшін маңызы 
қандай?  Әр  топтың  алдында  бағалау  бетшесі  бар.  Сабақ  соңында 
қорытындыланады.  
ІІІ. Жобаларды қорғау презентация түрінде өтеді.  
І  топ.  Презентацияны  қорғайды.  Сұрақ:  ХХ  ғасырдың  басында 
эволюцияның  синтетикалық  теориясы  пайда  болды.  Бұл  теория  жөнінде  не 
білесіңдер?  
Жауап:  Бұл  қазіргі  генетика,  экология  және  классикалық  дарвинизм 
негізінде  қалыптасқан  теория.  Бұл  теорияның  негізін  қалаушылар: 
С. Четвериков,  И.  Шмальгаузен,  Н.  Вавилов,  Дж.  Холдейн  және  т.б.  Бұл 
теорияның  11  қағидасы  бар.  Бұл  теория  эволюциялық  процесс  механизмін 
терең ашып көрсетті, көптеген фактілер мен дәлелдемелермен толықтырылды. 
Бірақ  негізі  сол  Ч.  Дарвиннің  идеялары  негізінде  қалыптасқан,  неодарвинизм 
55 

деп аталады.  
ІІ топ: Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?  
Сұрақ:  тіршіліктің  өздігінен  пайда  болмайтыны  тәжірибе  жүзінде  қалай 
дәлелденді?  
Жауап:  
ІІІ топтан. Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы рөлі.  
Сұрақ:  Австралияға  әкелінген  қояндар  жаулары  болмағандықтан,  тез 
көбейе бастайды. Сөйтіп олардың саны арта түседі. Бұл ненің мысалы?  
Жауап: биологиялық прогресс.  
ІҮ  топтан.  Эволюциялық  ілімнің  адамның  практикалық  іс-әрекеті  үшін 
маңызы қандай?  
Сұрақ: Өсімдіктер селекциясында қандай әдістер қолданылады?  
Жауап: Сұрыптау, будандастыру, жасанды мутагенез.  
Сұрақ: Қазақстанда жануарлардың мысалы қойдың қандай қол тұқымдары 
алынды?  
Арқар-меринос. Еділбай қойы. Қазақтың биязы жүнді қойы.  
Сабақтың келесі кезеңінде топтық тапсырмалар орындалады.  
№1 топ. Ч.Дарвинөзінің «Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу» 
еңбегінде  «Өмір  –  бұл  күрес»  идеясын  ұсынды.  Бұл  идея  дарвинизмнің  ең 
басты қателігі еді. Бұл қандай қателік?  
№2 топ. Кестені толтырыңыз:  
Эволюциялық процестің кезеңдері.  
Қандай топтарда жүреді? Неге әкеледі? Қозғаушы күштері.  
Макроэволюция.  
№3  топ.  Суреттер  бойынша  гомологиялық  және  аналогиялық  мүшелерді 
анықтаңдар.  
№4  топ.  Жануарлардағы  бейімделушіліктің  мына  мысалдары 
бейімделушіліктің қай түріне жатады?  
Зебраның жолақтарының ені, бұзаубастың үстіңгі қанаты, жұлдызқұрттың 
жасыл  реңі,  аққояндардың  қыстағы  реңі,  құлақты  кесіртке,  улы  жыландар, 
теңізатбасының пішіні.  
Аяқталмаған сөйлемді аяқтау (барлық топқа).  
1. 
Эволюцияның қозғаушы күштерінің тұрақты әрекетінің нәтижесінде ... 
(
жаңа түрлер түзіледі).  
2. 
Көртышқанның  топырақта  тіршілік  етуге  бейімделуі  ...  (эволюцияның 
нәтижесі).  
3. 
Бір  су  қоймада  әр  түрлі  тереңдікте тіршілік  ететін  алабұғаның  әртүрлі 
түрлерінің пайда болу тәсілі ... (экологиялық түр түзілу).  
4. 
Жорғалаушылар мен құстардың белгілеріне ие археоптерикс - ... (өтпелі 
форма).  
5.  Ертедегі  аң  тісті  кесірткелерден  сүтқоректілердің  пайда  болуымен 
сипатталатын тарихи даму ... (макроэволюция).  
6. ... 
әсерінен  жаңа  мутациялары  бар  даралар  сақталады  (қозғаушы 
сұрыптаудың).  
7.  Бунақденелілер  класының  пайда  болуына  әкеліп  соқтырған  эволюция 
56 

бағыты – (ароморфоз).  
8. 
Ж.Ламарк бойынша эволюцияда негізгі роль атқаратын – (сыртқы орта 
әсерінен болатын өзгергіштік).  
9. 
Бір алқаптағы бидай арасындағы жарық, ылғал үшін күрес тіршілік үшін 
(
түрішілік күрес).  
10. 
Палеонтология  –  ...  (ертедегі  өліп  біткен  организмдердің  қазба 
қалдықтарын зерттейтін ғылым).  
Қорытынды.  Биологиялық  эволюция  –  тірі  табиғаттың  қайтымсыз  және 
белгілі  бір  дәрежеде  бағытталған  тарихи  дамуы.  Эволюцияның  тарихи  дамуы 
жөніндегі  ілім  –  Дарвинизм  теориясы.  Эволюцияның  нәтижесі  –  табиғаттағы 
түрлердің  көптүрлілігі  мен  организмдердің  қоршаған  орта  жағдайларына 
бейімделгіштігі.  
Бағалау бетшесі бойынша топтардың бір-біріне бағасын тыңдайық.  
 
Р/с 
Бағалау өлшемдері  
1-
5 ұпай 

Тақырыптың ашылуы 
 

Презентацияның мазмұны, безендірілуі 
 

Топтың баяндау шеберлігі 
 

Қорғауы (сұраққажауап) 
 

Тапсырманың орындалуы 
 

Шығармашылық жұмыс материалдары (реферат, буклет т.б.) 
 
 
Барлығы 
 
 
Ақмола облысы Стeпнoгoрск қaлaсы №2 Aқсу oртa мeктeбiнiң тaрих жәнe 
гeoгрaфия пәндeрiнiң мұғaлiмi Кaбaр Aльмурaт. Пән: География. 6-сынып.  
Сабақтың  тақырыбы:  Жердің  Күн  жүйесіндегі  орны.  Жердің  пішіні  мен 
мөлшері.  
Сабақтың мақсаты: жер туралы мәліметтер беру.  
Сабақтың  нәтижесінде  оқушылар:  Жердің  Күн  жүйесіндегі  орны,  пішіні 
мен мөлшері туралы біледі. Жердің пішіні туралы, оның Күн жүйесіндегі орны 
туралы  түсінеді.  Жердің  тәуліктік  қозғалысы,  Жер  бетіне  Күн  сәулесінің 
таралуы  табиғат  үшін  маңызын  қолдана  біледі.  Жер  мен  Күннің  айналу 
белгілеріне  қарап  сағаттық  белдеулерді  ажыратып,  ерекшеліктерін  талдай 
біледі.  
Құрал-жабдықтар: оқулық, карта, суреттер.  
Сабақ барысы:  
Ұйымдастыру.  
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру, сергіту сәті.  
2.  Сабақтың  тақырыбына  байланысты  географиялық  ұғымдар  бойынша 
топтарға бөлу.  
Үй жұмысын тексеру.  

Табиғат құбылыстары дегеніміз – ...  

Адам мен табиғи құбылыстар арасындағы байланыстар ...  

Табиғатқа қол сұғу дегеніміз – ... . тақырыптарында орындаған эсселерін 
қорғау.  
2. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.  
57 

3.  Ортақ  жұптық  жұмыс.  Тақырып  айқындағаннан  кейін  осы  тақырып 
туралы не білетінін жұппен анықтайды:  
1. Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері қозғалыстары.  
2.  Глоссарий:  бүгінгі  сабақта  кездескен  жаңа  ұғымдар  мен  терминдерді 
анықтау, мағынасын түсіндіру.  
3. Картадан экватордың, поляр шеңберінің ұзындықтарын анықтау.  
Әр  топ  өздеріне  берілген  тақырып  бойынша  мағлұматтар  жинайды, 
әзірлеген жобаларын сынып алдында қорғайды.  
Сабақты қорытындылау.  
1. Оқушылармен біріге отырып сабақты қорытындылау.  
Үйге тапсырма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.  
1) А деңгейі: § 3 оқу.  
2)  В  деңгейі:  8  планетаны  жаттау.  Қазақстан  аумағы  қандай  жылу 
белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау.  
3) С деңгей: Шеңбер арқылы радиустарды анықтау.  
Бағалау. 1. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.  
2. Оқушылар кері байланыс жасайды.  
Не ұнады:  
Не қиын болды:  
Тілегім:  
 
Пән: Биология.  
C
ынып: 10.  
Тақырыбы: Адам генетикасы. Зерттеу әдістері [13].  
Мақсаты:  1.  Генетикада  адамның  тұқым  қуалаушылығын  зерттеуге 
мүмкіндік беретін әдістерді білу.  
2.  Әр  түрлі  білім  көздерін  қолдана  білу  (мәтін,  сурет,  кесте  слайд) 
дағдыларын жетілдіру.  
3. Топта ынтымақтастықта жұмыс істеп тыңдай білуге; өзінің, өзгенің іс-
әрекетіне талдау жасай білуге үйрету.  
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.  
Сабақтың типі: жаңа білім меңгеру.  
Сабақтың әдісі: СТО:  
-
 
ой қозғау.  
-
 
жеке және топтық жұмыс.  
-
 
өздік жұмыс.  
-
 
 
түртіп алу жүйесі.  
-
 
сұрақ қою.  
-
 
Әңгімелесу.  
Көрнекіліктер: слайдтар, шежірелік карталары, видео көрініс.  
Сабақтың құрылысы.  
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың назарын сабаққа аудару).  
ІІ. Терминдермен жұмыс.  
1. Генетика.  
2. Ген.  
58 

3. Өзгергіштік.  
4. Тұқым қуалаушылық.  
5. Мутация.  
6. Мутагенез.  
7. Мутант.  
8. Генотип.  
9. Фенотип.  
ІІІ. Негізгі бөлім.  
Қызығушылықты ояту.  
Ой қозғау:  
Адамның тұқым қуалайтын ауруларының 4 мыңға жуық түрі анықталды. 
Олардың көпшілігі психикалық ауытқулармен сипатталады. Бұл аурулар адам 
генетикасындағы  хромосомалардың  санының,  құрамының  өзгеруіне  және 
мутацияға байланысты.  
Қазір жаңа туған балалардың 5%-ы тұқым қуалайтын аурулармен ауырады 
немесе соған бейімделіп туады.  
Видео көрініс (табиғи кемістікпен туған балалар).  
Адам  генетикасын  зерттеу  жұмыстары  генеологиялық,  цитогенетикалық, 
егіздік, биохимиялық әдістерді қолдану барысында үлкен табыстарға жетті.  
Мағынаны тану:  
Топпен жұмыс. «ЖИГСО» стратегиясы.  
І топ. Цитогенетикалық әдіс.  
Оқушылар осы әдістің мағынасын толық ашып беруі тиіс.  
Мысалы:  
 
 
ХРОМОСОМА 23 ЖҰП  
 
22 ЖҰП АУТОСОМ 1 ЖҰП ЖЫНЫС ХРОМОСОМАСЫ  
 
ҚАЛЫПТЫ КАРИОТИП  
 
 
Қалыпты кариотиптің бұзылуының себебі неде?  
Сол сияқты ұғымдарды ашып айту.  
 
ІІ топ. Генеологиялық әдіс.  
«Жақсыдан жаман туса да,  
Жаманнан жақсы туса да,  
Тартпай қоймас негізге»  
Құнанбайдың дарындылық қасиетін көрсететін шежірелік карта.  
 
59 

 
 
 

Дарындылық қасиеттің берілу белгісі.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет