«етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата21.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#125053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
негіз етісті
(основ
-
ной или исходный залог) етіс категориясының 
құрамына қосып жүр. Осыған байланысты қазақ 
тіл білімінде негізгі етісті тануға байланысты екі 
түрлі бағыт қалыптасқан: 
1) негізгі етісті етістің бір түрі деп көрсеткен
еңбектердің қатарына: «Қазақ тілінің граммати
-
касы» (етіс категориясын жазған – А. Хасенова); 
А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология»; 
Ш. Бектұров, М. Серғалиев «Қазақ тілі» т.б. 
еңбектерді жатқызуға болады.
2) Негізгі етісті етіс қатарына қосуға болмай
-
ды деп санайтын ғалымдардың қатарында Ы. 
Маманов, С. Исаев т.с.с. атауға болады. 
Негізгі етістің басқа етістер сияқты өзіндік 
көрсеткіші де, етіс категориясына тән мағынасы 
да жоқ, ол субъектілік-объектілік қатынасты 
білдірмейді. Осыған байланысты С. Исаев: 
«Негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік 
түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, 
мейлі туынды түбір, мейлі күрделі түбір бол
-
сын, не семантикалық жағынан, не формалық 
жағынан, не синтаксистік қызметі, басқа 
сөздермен қарым-қатынасы жағынан ешбір 
айырмашылығы жоқ екен. Бұл – бір. Екіншіден, 
грамматикалық я лексика-грамматикалық ка
-
тегория түрлеріне негіз болатын тұлға‚ яғни 
негізгі етіс деп аталған, дұрысында‚ етістік 
түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола 
алмайды, категория шеңберіне енбейді, сол ка
-
тегория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан 
негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жоқ, 
етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын 
негізгі, туынды, күрделі етістік түбір деген ғана 
ұғым бар»‚ – дейді [6, 178]. Ендеше, етіс кате
-
гориясына қойылатын талаптың, анықтаманың 
шеңберіне мағыналық жағынан да, тұлғалық 
жағынан да мүлде келмейтін форманы етіс деп 
тану – әлі де талас тудыратын мәселе. Олай бол
-
са, түркітануда неше жылдар бойы талас туды
-
рып жүрген негізгі етістің орнына салт, сабақты 
етістерді етіс қатарында тануға әбден болады. 
Етіс категориясына байланысты ғалымдар 
арасында үлкен талас тудырып жүрген мәселенің 
бірі – етістің табиғатына байланысты. Бірқатар 
ғалымдар (А. Хасенова) етісті сөзжасамдық 
қосымша ретінде таныса, енді бірқатары (Қ. 
Кемеңгерұлы, Ы. Маманов, С. Исаев) оны 
форма тудырушы қосымша ретінде таниды. 


Хабаршы. Филология сериясы. №3 (167). 2017
112
«Етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект 
Қ.Кемеңгерұлы етіс жұрнақтарының салт етісті 
сабақты етіске айналдыра алатынын айтып, 
«Қазақша-орысша тілмашта» етістерді жеке ре
-
естр ретінде бергенмен, етіс қосымшаларын сөз 
тудырушы жұрнақтар қатарында танымайды. 
Ы. Маманов етістіктің морфологиялық жігін: 1) 
лексикалық бүтін және 2) грамматикалық бүтін 
деп екіге ажыратып, лексикалық бүтінге түбір, 
туынды түбір, кіріккен түбір, қос түбір, тіркесті 
түбір (тіркесті сөздер) түріндегі сөздерді, 
ал грамматикалық бүтінге етіс, күшейтпелі 
етістіктерді (
барыңқыра, айтыңқыра
), күрделі 
етістіктерді (
қайнап кетті, жазып отыр
); 
есімше, көсемше, тұйық етістіктерді жатқызады 
[6, 8]. Яғни етісті грамматикалық категория ая
-
сында қарастырады. Н.К. Дмитриев «Грамматика 
башкирского языка»‚ «Грамматика кумыкского 
языка»‚ И.А. Батманов «Грамматика киргизско
-
го языка»‚ М. Насилов «Учебник уйгурского 
языка»‚ Н.П. Дыренкова «Грамматика шорско
-
го языка»‚ Н. Сауранбаев «Қазақ тілі, «Қазіргі 
қазақ тілі»‚ А. Хасенова‚ Н. Оралбаева‚ Ғ. Мади
-
на, А. Әбілқаев «Қазақ тілі» етіс жұрнақтарының 
сөз тудырушылық қызмет атқаратынын 
айтса, Ы. Маманов оларды форма тудыру
-
шы жұрнақтар қатарында таниды‚ яғни етіс 
жұрнақтарының жалғанған сөзінің лексикалық 
мәнін өзгертпей, солармен коррелятивті түрде 
өмір сүретінін айтады: «Форма тудырушы 
жұрнақтар өзінің жалғанған сөзінің лексикалық 
мағынасын өзгертпейді, тек сол жалғанған өзіне 
грамматикалық мағына үстейді. Форма тудыру
-
шы жұрнақ бір сөз табын екінші сөз табына ау
-
дармайды, бастапқы сөз қай сөз табы болса, фор
-
ма тудырушы жұрнақ арқылы жасалған тұлға да 
сол сөз табына тән грамматикалық форма болып 
саналады. Мұндай грамматикалық тұлғалар өзі 
жасалған бастапқы тұлғамен кореллятивті түрде 
қатар өмір сүреді. Мысалы, етістік түбіріне 
-
ыңқыра/-іңкіре
жұрнағы жалғану арқылы 
жасалған күшейтпелі етістіктер: 
ал – алыңқыра, 
жүр – жүріңкіре, же – жеңкіре, іш – ішіңкіре, 
көтер – көтеріңкіре.
Бұлардың лексикалық 
мағынасы бір, ал грамматикалық мағыналары 
басқа, жарыспалы түрде, қатар өмір сүреді [6, 
23].
Етіс тұлғаларының мәндері оқулықтар мен 
оқу құралдарында толық көрсетіле бермеген
-
мен, тілімізде сақталып қалуы грамматикалық 
тұлғалардың этномәдени тұтастықты сақтап 
қалудағы қызметін көрсете алады. Бұл орай
-
да академик Р.Сыздық тіл мәдениеті үшін 
күрестің тілдің бірнеше деңгейлеріндегі норма
-
ларды сақтауға негізделетінін айтады: «Бүгінгі 
күрес мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл 
дәрежесіне сай әлеуметтік қызмет өрісін кеңейту 
арқылы оның ұлттық тіл ретінде тарих көшінен 
қалып қоймауын көздеу. Тіпті дәлірек айтсақ, 
бүгінгі күрес – тілін сақтау арқылы қазақ де
-
ген халықтың, қазақ деген ұлттың жойылып 
кетпеуіне жол бермеу үшін күрес, жан беріп, 
жан алысып жатқан айқас. Өйткені тіл сол 
халықтың даралық сипатын көрсететін ұлттық 
рухани-мәдени коды. Тіл – тек қатынас құралы 
ғана емес, адамды сол халықтың туабіткен 
толыққанды мүшесі ететін күш, әр адамды 
сол тілді пайдаланушы халықтың тұлғасы етіп 
шығаратын құдіретті күш, тіл – ұлттық сананы 
түзетін құрал. Ол үшін тілді бүгінгі қазақша 
сөйлей алмайтындарға үйретіп жатқанымыздағы 
мақсат – күнделікті тіршілігімізде көше сұрай 
алатындай, магазиндегі не базардағы тауардың 
бағасын сұрай алатындай, қазақша амандасып, 
қайыр-қош айта алатындай дәрежеде білгізу 
емес, қазақшаны еркін сөйлей, оқи, жаза алатын 
дәрежеде, білгізуіміз керек. Сол күнде бүгінгі ана 
тіліміз үшін күресіміз барлық майданда жеңері 
хақ. Міне, осы айқаста дәл бүгінгі біздің барша 
мақсат-мұратымыз қазақ тілін келесі ұрпақтарға 
әйтеуір «аман-есен» жеткізу ғана емес, ғасырлар 
бойы жинақталған сөздік байлығын, дыбыстық 
гармониясын, 
грамматикалық 
жүйелілігін 
бұзбай, оларды қырнай түсіп, жетілдіре түсіп 
жеткізу екенін жақсы түсінсек» [10, 10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет