«етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата21.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#125053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
быжылдатып 
келеді (Ж. Аймауытұлы, Шығ.). Сәуірдің алаша
-
быр бұлты арылмай-ақ Баянауыл, Қызылтаудағы 
қалың сүйіндік
 атандарын алқынтып, 
бұйдасын 
көш құлаш созып, Бөкембай, Арқалық, Жамана
-
дыр, Желдіадырдан асып, Шідертіге қарай ағыл-
тегіл құлай бастайды (Ж. Аймауытұлы, Шығ.).
Бұл мән жалпылық сипат алып, субъектінің 
бастауыш қызметінде, объектінің толықтауыш 
қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Ол семан-
тикалық, синтаксистік және мәнмәтін фак-
тор лары сияқты қосымша лингвистикалық 
факторлардың көмегімен нақтылана түседі. 
Тура толықтауышты ғана қажет ететін, 
салт етістерге -т, -тыр, -қыз, -р
 
жұрнақтары 
жалғану арқылы жасалған етіс түрі – 
сабақты 
етіс
те, сабақты етіске (негізгі, туынды) 
аталған қосымшалар үстеліп, сөйлемде тура 
толықтауышпен қатар барыс септікті жанама 
толықтауыштың да болуын қажет ететін етіс 
түрі 
өзгелік етіс
болуы керек. Бұл орайда 
«Қазақ грамматикасында» С. Исаев етістіктің 
салттылық және сабақтылық сипаты оның 
жалпы грамматикалық семантикасына, яғни тура 
объективтіні қажет ету-етпеуіне байланысты 
екенін айта келіп: «Салттылық-сабақтылық мәнді 
көрсетерлік етістіктің 
арнайы грамматикалық 
(парадигмалық) формалары жоқ
 
(ерекшелеген 
– біз, О.Ж.). Етіс жұрнақтарының көпшілігі
салттылық-сабақтылық мәнмен, яғни өзгелік 
етіс сабақтылықпен, өздік етіс пен ырықсыз етіс 
салт етістікпен байланысты, бірақ бұл қасиет 
оның бірден-бір грамматикалық көрсеткіші 
емес. Салттылық-сабақтылық мән етістіктің 
грамматикалық мағынасы арқылы түсініліп, 
сөйлеу процесінде тура толықтауышты (тура 
объектіні) меңгеру-меңгермеу сипаты негізінде 
көрінеді. Сөйтіп, бұл құбылыс етістіктің 
таза грамматикалық сипаты емес, әрі тікелей 
семантикалық, әрі синтаксистік-қатынастық 
қасиеттерінің көрінісі болып табылады. 
Сондықтан салттылық-сабақтылық сипатты 
(грамматикалық ерекшелікті) етістіктің лексика-
грамматикалық категориясы деп таныған 
жөн», – дейді [5, 499]. Бұл орайда бір нәрсені 
ескеру қажет: қазақ тілінде салт етістің арнайы 
көрсеткіштері болмағанмен, сабақты етістің 
көрсеткіштері бар: 
-т, -тыр, -қыз, -р.
Алайда 
бұл көрсеткіштер өзгелік етіс қосымшаларымен 
ұқсас, омонимдес жұрнақтар болып табылады. 
Осындай тұлғалық ұқсастығына байланысты 
А.Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанұлы 
еңбектерінде етіс категориясы ретінде танылған 
салт, сабақты етістер 30-жылдардың аяғынан 
бастап оқулықтар мен грамматикаларда етіс 
қатарынан ығыстырыла бастайды. І. Кеңесбаев 
1939 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» атты 
оқулығында Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбановтардың 
үлгісімен етістің 6 түрін көрсетіп, салт, сабақты 
етістіктерді етіс ретінде танығанмен, кейінгі 
еңбектерінде етістің 4 түрін ғана атайды. 
30-жылдардың аяғынан бастап, көрсеткіштері 
бірдей болғандықтан, сабақты етіс пен беделді 
(өзгелік) етіс біріктіріліп, салт, сабақты етістер 
етіске тән мағынасы мен қызметіне қарамастан, 
етіс аясынан алшақтатыла бастады. Бұл 
үрдіс 1957 жылы Уфада өткен етіс мәселесін 
қарастырған координациялық кеңесте де өріс 
алды. Бұл арада, сабақты етіс пен беделді 
(өзгелік) етістің басын біріктіру керек дегенде, 


Хабаршы. Филология сериясы. №3 (167). 2017
108
«Етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект 
аталған етістердің өзіндік ерекшеліктері 
ескерілмей қалып отыр. 
Біріншіден,
сабақты 
етісте тура толықтауыш қана қатысады, ал 
өзгелік етісте тура толықтауышпен қатар барыс 
септігіндегі жанама толықтауыш та болуы шарт; 
екіншіден,
сабақты етіс салт етістікке 
-т, -қыз, 
-тыр, -р 
сияқты қосымшалардың жалғануы 
арқылы жасалса, беделді (өзгелік) етіс осындай 
туынды сабақты етістіктерге немесе негізгі 
сабақты етістіктерге аталған жұрнақтардың 
үстелуінің нәтижесінде ғана жасалады. Осындай 
ерекшеліктеріне байланысты Ы. Маманов, 
С. Исаев еңбектерінде сабақты етістік пен 
өзгелік етісті біріктіру қисынсыз болатыны 
туралы айтылады. Ы. Маманов 
өткізу, түсіру, 
көбейту, көңілдендіру, пісіру
– сабақты етістік, 
көріну, созылу, үзілу, жырылу, салыну, сүйіну 
етістіктерін салт етістіктерге жатқызып: 
«Салт және сабақты етістіктердің арнайы 
морфема арқылы жасалған тұлғасы олардың 
ауыспалы түрі болып табылады. Себебі арнайы 
морфемалар арқылы салт етістіктердің бір-біріне 
ауысуы етіс формаларымен ұштасып жатады. 
Яғни өздік және етістіктердің жұрнақтары 
сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын 
морфема қызметін атқарса, өзгелік етіс жұрнағы 
салт етістікті сабақты етістікке айналдыратын 
морфема болып табылады... Салт етістіктер екі 
түрде жұмсалады. Біріншісі, тура салт етістік 
бұған түбір етістік (негізгі түбір, туынды 
түбір, қос түбір, тіркесті түбір) күйінде түрып 
табыс септігін меңгермейтін етістіктер жатады. 
Олардың салт етістік мағынасын білдіретін 
арнайы грамматикалық көрсеткіші болмайды. 
Салттық мағына бұлардың өз бойында, яғни 
лексикалық мағынасында сақталады... Салт 
етістіктің екінші түрі – ауыспалы салт етістік. 
Бұл сабақты етістіктерге өздік және ырықсыз 
етіс жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. 
Мысалы: 
көріну, басылу, көтерілу, зарлану
т.б.», 
– деп жазады [6, 37]. Сабақты етіс етіске тән 
өзіндік мағынасы мен арнаулы көрсеткіштері 
болуына байланысты 
(-т, -тыр, -қыз, -р) 
етіс 
категориясынан өз орнын алуы керек. Ал сабақты 
етіс етіс ретінде танылатын болса, онымен 
оппозиция құрайтын, яғни тура толықтауышты 
(объектіні) керек етпейтін салт етіс те осы 
категория шеңберінде қарастырылуы қажет. 
Ы. Маманов орыс топтарына қазақ тілін 
үйретуге арналған оқу құралында етіс түрлерін 
салт-сабақты етістіктерге қатысына қарай 
сипаттайды: «
Сабақты етістік
в казахском 
языке бывают лексические и каузативные. 
Лексические переходные глаголы – это основы 
глагола, а каузативные переходные глаголы 
образуются путем присоединение к основе 
непереходного глагола суффиксов: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет