«етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата21.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#125053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сындыр, отырғыз 
сияқты сабақты 
етістер мен 
сындырт, жүргіздір, қаздыр, сұрат
секілді беделді етістерді салыстыра отырып, 
көрсеткіштері бір болғанмен, олар түрлі етіске 
жататынын айтады. Сонда, Қ. Кемеңгерұлының 
түсіндіруінше, тура толықтауышты ғана қажет 
ететін, салт етістерге 
-
т, -тыр, -қыз, -р 
жұрнақ-
тары жалғану арқылы жасалған етіс түрі – 
сабақты етіс те, сабақты етіске (негізгі, туынды) 
аталған қосымшалар үстеліп, сөйлемде тура 
толықтауышпен (прямое дополнение – Қ.К.) 
қатар барыс септікті жанама толықтауыштың 
(косвенное дополнение – Қ.К.) да болуын қажет 
ететін етіс түрі беделді етіс болуы керек [6]. 
Ғалым тұжырымдары кейін Ы. Маманов 
еңбектерінде сабақтастық тапқан. Зерттеуші өзге-
лік етісті субъектінің қимылы объектіге тікелей 
емес, екінші біреу арқылы бағытталатынын 
білдіретін сабақты етістіктің грамматикалық 
формасы ретінде сипаттай келіп, қимыл иесі бір 
істі тікелей өзі істемей, екінші біреуге істетіндігін 
көрсететінін айтады. Ы. Маманов өзгелік етіске 
былайша анықтама береді: «Өзгелік етістің 
анықтамасы: қимылдың түп иесі атау септігінде, 
бастауыш қызметінде жұмсалады да, қимылды 
тікелей орындаушы барыс септігінде жанама 
толықтауыш қызметін атқарады... Сөйтіп, 
өзгелік етістік болу үшін, ол сөйлемде барыс 
септігіндегі жанама толықтауыш қызметіндегі 
агенсті керек етеді. Агенс сөйлемде айтылуы 
да, айтылмауы да мүмкін. Салт етістіктен 
өзгелік етіс жұрнағы арқылы жасалған сабақты 
етістіктер агенсті керек етпейді. Салт етістіктен 
сабақты етістікке айналған етістік тұлғасын 
өзгелік етіске айналдыру үшін оның үстіне тағы 
да өзгелік етс жұрнақтарының біреуі жалғануы 
шарт» [7, 42]. Өзгелік етістің сабақты етістен ғана 
жасалатыны туралы С.Исаев та атап көрсеткен 
болатын: «Өзгелік етіс қосымшасы салт етістікке 
жалғанғанда, салт етістіктен бірден өзгелік 
етіс тудырмайды, тек салт етістікті сабақты 
етіскке айналдырады, енді осы сабақты етістікке 
екінші рет етіс қосымшасы жалғанғанда барып 
өзгелік етіс жасалады [8, 181]. Ғалым өзгелік 
етістің өзіндік ерекшелігін толық түсініп, оны 
былайша сипаттайды: «Өзгелік етіс
 
қимыл, іс-
әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, 
екінші субъекті (ол екінші субъекті, қимылды, 
іс-әрекетті тікелей орындап, іске асырушы 
субъекті агенс деп аталады) арқылы істелетінін, 
іске асатынын білдіріп, сабақты етістіктен (кез 
келген етістіктен емес) белгілі қосымшалар 
арқылы жасалатын етіс категориясының түрі 
болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, 
әрекетті іске асырушы субъекті бір емес, екеу 
болады: бірі – іс-әрекетті, қимылды орындатушы 
иесі, сөйлемде ол грамматикалық бастауыш 
қазметінде болады, яғни бұл логикалық субъекті 
әрі грамматикалық субъекті болады, екіншісі, 
іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы 
субъекті (агенс) ол сөйлемде берілмеуі де 
мүмкін, берілсе, барыс септік тұлғасында 
тұрып, ол сөз сөйлемде жанама толықтауыш 
қызметін атқарады. Бұл – бір. Екіншіден, өзгелік 
етіс тек сабақты етістіктен жасалады, сабақты 
етістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, 
ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-
әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс 
септіктегі екінші субъект (агенс) ғана пайда 
болады, баяндауыш сабақты етістікті сөйлемде 
іс-әрекетті орындатушы субъекті мен объекті 
өзгелік етіс қосымшасы қосылмай тұрғанның 
өзінде бар болатын» [8, 181]. 
З.К. Дербишева қырғыз тілінің материал-
дарын негізге ала отырып, түркі тілдеріндегі 
өзгелік етіс мәнінің қалыптасуы туралы былай 
дейді: «Для грамматической системы тюркских 
языков особо значимой является категория 
каузативности. Иначе она называется категори-
Иначе она называется категори
-
ей понудительности, которая пронизывает всю 
глагольную систему тюркских языков. Семан
-
тика этой категории состоит в том, что с помо
-
щью специальных грамматических аффиксов 
выражается значение принуждения осуществить 
то или иное действие: 
жаздыр, тургуз, иштет, 
ичир, ойнот, байлат, уктат
и т.д. Эта катего
-


Хабаршы. Филология сериясы. №3 (167). 2017
110
«Етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект 
рия представляет специфику грамматического 
строя тюркских языков. Нам представляется, 
что и здесь напрашивается экстралингвистиче
-
ская мотивация, связанная, с одной стороны, с 
политической системой, существовавшей у мно
-
гих тюркских народов, живших несколько тыся
-
челетий в условиях военных государственных 
образований, с жесткой системой принуждения, 
и с другой стороны, многовековая традиция 
возрастной иерархии, связанная с почитанием 
старших, выражающимся в беспрекословном им 
подчинении. В этой иерархии взаимоотношений 
воля старшего по чину или по возрасту переда
-
ется через посредника третьему лицу. Укоренив
-
шись в менталитете тюркского человека, такой 
стиль отношений не мог не найти отражения в 
языковой системе. Так, в кыргызском языке поч
-
ти каждый глагол уточняется с точки зрения ка
-
узативности» [9]. Бұл ерекшелік қазақ тіліне де 
тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет