«етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата21.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#125053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Эксперимент
Етіс тұлғаларының мағынасы мен қызметінің 
тілдік санадағы көрінісін айқындау мақсатында 
арнайы дайындалған кестені толтырту арқылы 
оқушылар, 
студенттер, 
аудармашылар, 
оқытушылар және маман емес адамдар арасында 
эксперимент жүргізілді. 
Информанттардың жалпы саны ─ 60, олар-
дың 54-і қазақ тілін еркін меңгерген, ана тілім 
деп есептейді. Ал алтауы қазақ тілін үйреніп 
жүр. 
Информанттардың жас мөлшері – 13 жас пен 
56 жас аралығы. 
Эксперимент жүргізілген уақыт: 2009-2010 
жылдар аралығы. 
Эксперимент материалдары ─ қазақ тіліндегі 
етіс тұлғалары. 
Эксперимент мақсаты – етіс тұлғаларының 
қызметі мен мағынасын ажырату арқылы осы 
тұлғаларды информанттардың тілдік сана-
сын дағы қызметін анықтау. Сол арқылы 
сөйлерменнің тілдік санасына көңіл бөлу, қазақ 
тілін ана тілім деп есептейтін, еркін меңгерген 
сөйлермендер мен қазақ тілін жаңадан үйреніп 
жүрген сөйлеушілердің тілдік санасындағы, 
сондай-ақ қазақ тілін үйретіп, қазақ тілі бой
-
ынша дәріс беріп жүрген мұғалімдер мен орыс 
тілінен қазақ тіліне аударма жасап жүрген 
аудармашылардың тілдік санасындағы етіс 
тұлғаларының қызметін айқындау. 
Эксперимент тапсырмалары бірнеше бағытта 
жүргізілді: 
1) етіс тұлғаларын ажырату үшін формала
-
рын беріп, информанттарға ол тұлғалардың қай 
етіске тиесілі екенін ажырату, сонан соң мысал 
келтіру; 
2) етіс тұлғаларын қатыстырып, сөйлем 
құрату, сонан соң оның қай етіс тұлғасы екенін 
анықтау; 
3) етіс тұлғаларын қатыстырып, сөйлем 
құрату, ол сөйлемдерді орыс тіліне аударту, со
-
нан соң етіс тұлғасының қай етіске тиесілі екенін 
анықтау;
4) етіс тұлғаларының қай етіске тиесілі 
екенін көрсетіп, сонан соң мысал келтіру. 
Информанттарға тапсырмалардың бір түрі 
ғана берілді. Яғни информанттарға 4 түрлі 
тапсырма берілді. Тапсырма беруде қазақ тілі 
пәнінің мұғалімдеріне, аудармашылар мен қазақ 
тілін жаңадан үйреніп жүрген сөйлеушілерге 
ерекше мән беріліп, тапсырма соған сәйкес 
берілді. Мұнда тұлғадан мағынаға қарай және 
мағынадан тұлғаға қарай бағытталған зерт
-
теу ұстанымдарына сәйкес информанттар бір 
тапсырмаларда алдымен етіс тұлғасының қай 
етіске тиесілі екенін көрсетіп, кейін мысал
-
дар келтіру тапсырылса, енді бірқатар тапсыр
-
маларда, керісінше, алдымен етіс тұлғаларын 
қатыстыра отырып, мысалдар келтіріп, кейін 
соның негізінде етіс түрін анықтау тапсырыл
-
ды. Информанттар шақ тұлғаларының қай етіске 
тиесілі екенін +/- таңбалары арқылы белгілеу 
тапсырылды. Мұнда арнайы дайындалған кесте
-
ге бүгінгі таңда қазақ тілі оқулықтары мен грам
-
матикаларында көрсетіліп жүрген етістермен 
қатар (өздік, ортақ, ырықсыз, өзгелік) «басқа 
етіс» және «жауап беруге қиналамын» түрінде 
арнайы екі орын (графа) қалдырылды. 
Эксперимент қорытындысы бойынша, ортақ 
етіс пен өздік етіс қосымшаларының мағынасы 
мен қызметі 100% дұрыс көрсетілді. Ырықсыз 
етіс тұлғаларының мағынасы мен қызметін 
анықтауда информанттардың 10% жауап бе
-
руге қиналыпты. Бұл орайда эксперимент
-
ке мамандарды ғана тартуды мақсат етпедік. 
Сол себепті қарапайым сөйлерменнің тілдік 
санасындағы көрінісін айқындау мақсатымен 
тілді меңгергенмен, мүлде басқа салада жұмыс 
істеп жүрген информанттар қамтылды. Ин
-
форманттар арасында едәуір қиыншылық 
тудырған етіс тұлғалары – өзгелік етіске 
қатысты болды. Мұнда мектеп оқушылары 
мен мұғалімдер бірауыздан 
-т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р
 
жұрнақтарын өзгелік етіс көрсеткіші ретінде 
таныған. Бір қызығы – алдымен тұлғаның қай 
етіске тән екенін анықтап, кейін мысал келтіру 


ISSN 1563-0223
Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №3 (167). 2017
111
Жұбаева О.С.
тапсырылған информанттардың барлығы да 
аталған жұрнақтарды 
(-т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р) 
өзгелік етіс қосымшасы ретінде көрсеткен. Ал 
алдымен мысалын келтіріп, кейін тұлғаның қай 
етіске қатысты екенін анықтау тапсырылған 
информанттар, аудармашылар мысалды дұрыс 
келтіргенмен, бұл жұрнақтардың қай етіске 
қатысты екенін анықтауда жауап бермеген. 
2 аудармашы аталған қосымшаларды «басқа 
етіске» жатқызған. Сол сияқты орыс тілді, қазақ 
тілін еркін меңгермеген 3 информант та мысалды 
дұрыс келтіргенмен, жұрнақтардың қай етіске 
қатысты екенін көрсете алмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет